Главная страница
Контакты

    Басты бет


Әлемдегі инновациялар №10

жүктеу 483.44 Kb.



жүктеу 483.44 Kb.
бет6/10
Дата21.03.2017
өлшемі483.44 Kb.

Әлемдегі инновациялар №10


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Audi электромобильдердің жаңа желісін жасау бағытында жұмыс істейтін болады





http://hi-news.ru/wp-content/uploads/2016/10/s.aolcdn.com_-3-650x365.jpg

Volkswagen Group концернінің құрамына енетін, Audi неміс автокөлік құрылыс компаниясы E-Tron маркасымен шығарылатын электромобильдердің жаңа желісін жасап шығаруға кірісті.

Атауы бұған дейін қолданылған болатын — таяуда ғана сатылудан алынып тасталған бірнеше гибридтік авто және R8 е-tron электрлі суперкарлар бұрын да осылай аталған болатын.
Гибрид, будан (лат. hіbrіda - будан, қоспа) - генотипінде айырмашылығы бар екі организмді будандастырудан (шағылыстырудан) алынған жаңа организм. Оны өсімдіктерде екі бөлек түрден, екі бөлек туыстан немесе бір түрге жататын формалар арасынан, ал жануарларда екі бөлек түрге, екі бөлек туысқа жататын организмдерден алуға болады.
Машина өте жақсы болатын, бірақ 1 миллион евро тұратын бағасы, осындайды сатып алуға мүмкіндігі бар спорттық автоларды сүйетіндердің өзін де үркітіп жіберді. Өндіруші осындай зор үнді атауынан бас тартпайды және өте таяу арада серияларымен шығаруды жоспарлап отырған, электрлі платформадағы машиналарды осылай деп атайтындығын хабарлайды.

Өндіруші басқа да еуропалық автоалпауыттарға бәсекелестік туғызуға барынша қабілеттілікті жасау үшін өзінің жеке электроавтокөліктерін шығаруға дайындалып жатыр, бұл таяу арада ғана қабылданған ЕО заңдары аясында барынша логикалық жол болып көрінеді.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Қазір BMW, Mercedes және басқа да көптеген автокөліктік концерндер таяу арада қандай да бір түрде сатылымда пайда болатын өздерінің жеке концепттері мен электрлі машиналардың түптұлғаларын ұсынатын болады.

Көптеген елдердің үкіметтері қазір электромобильдерді өндіруді, енгізуді және пайдалануды реттейтін заңнамаларға түзетулер енгізе отырып, оны жетілдіру бағытында жұмыс істеп жатыр. Электрлік тартпалы машиналарды зарядтауға арналған электр станцияларының желісінің де құрылысы дайындалу үстінде.

Audi-дің баспасөз қызметі электрлік автокөліктер жаңа лейблмен выйдут с конвейерден уже в конце 2020 жылдың аяғында-ақ екі нұсқада — хетчбэк және седан түрінде шығады деп хабарлайды. Автоның жоғары өткізгіштігі бар нұсқасы да шығарылатын болады, оның жаппай өндіріске қашан қосылатындығы әзірше белгісіз.


Дереккөз:http://hi-news.ru/technology/audi-rabotaet-nad-novoj-linejkoj-elektromobilej.html

Бейнені қозғалып келе жатқан нысанның сыртқы бетіне проекциялауды мүмкін ететін технология жасалып шығарылды


разработана технология, позволяющая проецировать изображение на поверхность движущегося объекта

Проектор бейнені ешбір бұрмалаусыз шығару үшін, ол осы бейнені тегіс және жалпақ бетке проекциялауы тиіс екендігі ешкімге де құпия емес, олай болмағанда сурет созылып, пішіні бұзыла бастайды және тіпті қарауға жарамсыз болып та қалады. Бірақ

Токия университетінің Ишикава Ватанабе зертханасының ғалымдар тобы бейненің пішінінің өзгеруін толықтай қалпына келтіре алатын технологияны құра алды.

Жаңа технологияның негізінде, секундына 1000 кадрға жуық жылдамдықпен бейнені шығаруға қабілетті проекциялық камера жатыр. «Кенеп» ретінде пайдаланылатын кез-келген нысанның сыртқы бетіне арнайы сиямен ерекше тор салынады. Бұл тор адамның көзіне көрінбейді, есесіне оны камера өте жақсы ұстап ала алады. Камераның торының геометриялық пішінінің өзгертілуіне сәйкес, камера бейнені динамикалық түрде өзгертеді және деректерді проекторға бере отырып, оның масштабын өзгертеді.

Проекция (лат. projectio - алға лақтыру) - бұйымның бетке, көбінесе жазықтыққа белгілі бір әдіспен тұрғызылған кескіні.
Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.
Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Бірнеше аралық түйіндері болатындықтан, олардың арасында дабылды бөгеудің пайда болуы әбден мүмкін, бірақ технологияны жетілдіру барысында авторларға барлығы 3 миллисекундтың ішінде бөгеуге қол жеткізу мүмкін болды, бұл іс жүзінде адамның көзіне байқалмайды.

Жаңа технология, олардың жұмыс істеуі үшін арнайы жабдықтар қажет болмайтын қарапайым тұрмыстық проекторлардан бастап, олардың мобильдік "туысқандарына" дейінгі жаппай қолдануды табуы мүмкін.

Автор (лат. auctor - жасаушы, шығарушы) - көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.)
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Бұдан өзге, технология жарнамалық индустрияда да кең көлемде қолданыс табуы мүмкін.
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Ал кейбірі тіпті оған Star Trek фильміндегі Holodeck технологиясының да тағдырын таңып отыр, ол жерде Holodeck ғимараттың сырттай бейнесін өзгерту үшін пайдаланылған.


Дереккөз:http://hi-news.ru/technology/razrabotana-texnologiya-pozvolyayushhaya-proecirovat-izobrazhenie-na-poverxnost-dvizhushhegosya-obekta.html

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Бейнені қозғалып келе жатқан нысанның сыртқы бетіне проекциялауды мүмкін ететін технология жасалып шығарылды

  • жүктеу 483.44 Kb.