Главная страница
Контакты

    Басты бет


Әлемдегі инновациялар №10

жүктеу 483.44 Kb.



жүктеу 483.44 Kb.
бет3/10
Дата21.03.2017
өлшемі483.44 Kb.

Әлемдегі инновациялар №10


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Қытай әлемдегі ең үлкен космопланды салғысы келеді





cosmo2

Қытай компаниясы бортына бірден жиырмаға жуық ғарыштық туристерге дейін алып ұшуға бейім космопланның құрылысын салуды жүргізіп жатыр. Үкімет қаржыландырып отырған Қытайдың ғарыштық ұшыру технологияларын дайындау жөніндегі Қытай академиясы (China Academy of Launch Vehicle Technology) болашақ ғарыш аппараты дизайнының екі нұсқасын құрастырды. Екі нұсқа да зымыран - тасымалдағышты пайдаланбай ұшуды жүзеге асыруға және жердің айналасындағы орбитаға шығуға бейім үлкен шаттлдар тәрізді болып көрінеді.

Дайындалған жоба өткен аптада астрономдардың Мексикада өткен Халықаралық жиынына ұсынылған болатын. Қытайдың зымыран құрылысын салушысы Лю Хао Кан өткізген таныстырылымда, қазірде дайын болған ғарыштық аппараттың бір жолы барынша көп ғарыштық туристерді тасымалдау мүмкіндігі болатындығын жариялады.
Астрономия (көне грекше: ἄστρον «жұлдыз» + νόμος (номос), «заң» ) - ғарыштық денелердің құрылысы, дамуы, олар құрайтын ғарыштық жүйелер және тұтас Ғалам туралы ғылым. Астрономия ғарыш кеңістігіндегі жекелеген денелерді немесе денелер жүйелерін, олардың құрылысын, пайда болуын және динамикасын, сондай-ақ, оларда болып жатқан құбылыстарды зерттейді.
Ғарыштық ұшу аппараттары - жартылай болсада, ғарыш кеңістігінде, яғни тығыз атмосфераның сыртымен ұшатын ұшу аппараттары (100 километрден жоғары). Ғарыштық ұшу аппараттарының ұшуы белсенді (қозғалтқыштарымен жұмыс жасайтын) және енжар (тарткышсыз) болып бөлінеді.
Осы әзірлеменің басшысы Хань Пэн Синь New Scientist-ге берген сұхбатында жерүстілік сынақтардың іс жүзінде аяқталғандығы туралы айтты. Сынақтан өткізу ұшуларына қатысты айтар болсақ, «олар таяудағы екі жылдың ішінде аяқталатын болады» деді. Ханянның пікірінше, егер барлық сынақтар сәтті өтетін болса, онда аппарат 2020 жылға қарай нақты коммерциялық ұшуларға дайын болады. Сонымен қатар осындай аппаратпен ғарышқа бір рет ұшу сапарының құны орташа алғанда 200 000 және 250 000 доллардың арасындағы соманы құрайтын болады.

Басқа жеке ғарыштық компаниялар да ғарыштық туризм қызметін ұсынбақшы болып жатыр. Virgin Galactic компаниясының SpaceShipTwo ғарыштық аппараты алты адамға дейін тасымалдай алады. Blue Origin компаниясының New Shepard капсуласыда осыған ұқсас мүмкіндіктерге ие болатын болады. Қытай жобасы өз кезегінде жолаушыларды барынша көп мөлшерде тасымалдау мүмкіндігін ұсынады, және атмосферадан тыс жерге корабльді шығаруға арналған қосымша ұшу аппараты талап етілетін SpaceShipTwo-ға қарағанда, тігінен ұшуды (зымыран сияқты) және автоматты (жерден басқарусыз немесе электрониканың күшімен бортта басқарусыз) ұшақ сияқты қонуды өз бетінше жүзеге асыра алады.

Академия космопланның екі нұсқасын әзірледі. Он тонналық нұсқасы 100 шақырым биіктікке 5 адамды көтере алады. Аппараттың салмағы 100 тонна болатын нұсқасы 130 шақырымға дейінгі биіктікке 20-ға дейін жолаушыны тасымалдауға қауқарлы болады. Аппараттың екі нұсқасы да көп рет пайдалануға жарамды. Бұдан басқа, үлкен нұсқасы одан бөлек жер серігінің жердің айналасындағы орбитасына да шыға алады.

Ғарыштық индустрияның кейбір сарапшылары осы жобаны өткен аптада Мексикада өткен таныстырылым кезінде маңызды техникалық тетіктерімен көзге түсе қоятындай ештеңесі болған жоқ дегендерімен де, қазірдің өзінде-ақ "қызықты бастама" деп атап қойды.

«Иллюстрацияны салып шығу және оның болашақтағы мүмкіндіктері туралы айтып беру, ғарыштық аппаратты құрастыру және ұшыруға қарағанда әрқашан да жеңіл болады», — деп атап өтті, әуеде жүзу және астронавтика Ұлттық мұражайынан қатысқан Роджер Лауниус.
Дереккөз:http://adv.i10.ru/www/delivery/lg.php?bannerid=581&campaignid=218&zoneid=75&loc=http://hi-news.ru/technology/kitaj-xochet-postroit-samyj-bolshoj-v-mire-kosmoplan.html&referer=http://hi-news.ru/page/12&cb=a8dcf667d9http://hi-news.ru/technology/kitaj-xochet-postroit-samyj-bolshoj-v-mire-kosmoplan.html


NASA-да ғарыштық экскаватор әзірленіп жатыр





rassor

NASA аэроғарыштық агенттігі астероидтарда немесе басқа да планеталарда пайдалы ресурстарды өндіру жөніндегі әртүрлі ғарыштық миссияларда пайдалануға болуы мүмкін жаңа RASSOR (Regolith Advanced Surface Systems Operations Robot) роботталған роверді әзірлдеу үстінде.

Жинақталған жұмыс концепті қазіргі сәтте Кеннеди атындағы Ғарыштық орталықта сынақтан өткізіліп жатыр. Теориялық жағынан алғанда осындай роботтың планетаның үстіңгі бетіндегі тау-кен жұмыстары үшін және су, оттегі және зымыран отыны тәрізді пайдалы заттар өндірісі үшін пайдаланылуы да мүмкін.
Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs - кезбе жұлдыздар) - өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.

«Бұл жан-жағына NASA-ның өте күрделі және сонымен қатар өте нәзік аспаптардан тағылған, соншалықты типті болып табылмайтын ровері», — дейді, Кеннеди атындағы Ғарыш орталығындағы Surface Systems жобасының жобалау бөлімінің аға технологы Роб Мюллер.

«Ол қаза алады, өрмелеп шыға алады, аударылып, төңкеріле алады. Егер ол аяқтары жоғары қарап аунап қалса, онда өз бетінше қайтадан аударыла алады».

RASSOR роботталған ровері нақты жұмысқа қашан кірісетіндігі туралы ақпарат әзірше жоқ, дегенмен инженердің айтуынша, машина өзіне жүктелген міндеттерді сол «Кьюриоситиге» қарағанда бес есе жылдам жүзеге асыра алады және ол 16 сағаттық кестеге шыдамды.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Сонымен бірге әрбір қадамында ол 20 килограмға жуық кенді тасымалдай алады.


Дереккөз:http://hi-news.ru/technology/v-nasa-razrabatyvayut-kosmicheskij-ekskavator.html


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • NASA-да ғарыштық экскаватор әзірленіп жатыр

  • жүктеу 483.44 Kb.