Главная страница
Контакты

    Басты бет


Әлемдегі инновациялар №10

жүктеу 483.44 Kb.



жүктеу 483.44 Kb.
бет2/10
Дата21.03.2017
өлшемі483.44 Kb.

Әлемдегі инновациялар №10


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дубай полициясы роботтарды пайдалануды бастайды





1479443888

Дубайдың полиция басқармасының баспасөз қызметі роботтарды полицияға қызметке тарту ниеттері бар екендігі туралы хабарлады. Қала полициясы ірі GITEX технологиялық көрмесіне қатысып, оның барысында өздерінің стендерінің бірінде алғашқы робот-полицейді ұсынды.

Дубайдың полициясы роботтарды таяу уақыттарда пайдаланып бастауды жоспарлап отыр — "ақылды" машиналардың механикалық қолдары міндетті түрде қажетке жарайтын болады.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Бастапқыда роботтарды құжаттарға мөрлер басу үшін пайдалануды жоспарлап отыр, машиналар басқа бірдеңелерге көңілдері ауып кеткен ұмытшақ қызметкер-адамдарға жұмыстарды және жұмыстың маңызды сәттерін естеріне салып отыратын болады, ол сондай-ақ әртүрлі құқық бұзушылықтарды тіркеп отыруда да роботтардың пайдасы тиеді.
Робот (чех. robot, robota - еріксіз еңбек, rob - құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап шығарған сөз, ол алғашқы ұғымында “жұмысқа шебер адам” мағынасында қолданылды) - антропоморфтық (адам тәрізді) әрекеттер, қимылдар жасайтын машина; адам жүрісі мен қимылын еліктететін автоматтандырылған кұрылғы.

Дубайдың шекарашылары да қалыспайды. Дәл осы көрмеде олар декларациядан өтпей қалған заттарды анықтап беруге септігін тигізетін ақылды машиналармен әуежайларды жабдықтамақшы болып отырғандықтары туралы айтып берді. Жаңа технологияларды жүктерді қарап шығу үшін де пайдаланатын болады.

Роботтандырылған қондырғыларды әскерилер баяғыдан бері пайдаланып келеді, сондықтан әртүрлі елдердің басқа да қарулы ведомстволары жаңа технологияларды өздерінің жұмыс орындарына енгізе отырып, артта қалып қойғылары келмеуі түсінікті. Ресейде де осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. РОСТЕХ-тің құрамына енетін кәсіпорындар күнделікті тапсырмаларды, күзет жұмыстарын және бақылауды жүзеге асыру үшін жарамды болуы мүмкін автоматтандырылған құралдарды әзірлеумен айналысып жатыр.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Келешекте осы құрылғыларды (ұшқышсыз дрондарды, робот-аватарларды және басқа да арнайы мамандандырылған техниканы) тек армия ғана емес, сондай-ақ полиция және ТЖМ де алады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/policiya-dubaya-nachnyot-ispolzovat-robotov.html

Ресей армиясы жаңа қорғаныс компьютерлік желісін жасады





http://hi-news.ru/wp-content/uploads/2016/10/2762058.jpg

Ресейдің қарулы күштері жаңа әзірлемені - "Деректер берудің жабық сегментін" (ДБЖБ) меңгеріп жатыр. Желі интернетке жалғанбаған, өзі жеке жұмыс істейді және тек қана сертификатталған қондырғылармен ғана өзара байланысуға мүмкіндік береді. Бұл желі байланыс үшін және құпия құжаттарды беру үшін пайдаланылады.

Желі серверді әрбір әскери бөлімшеде орналастырылған шектеулі қолжетімділігі бар серверлермен жалғай отырып, Қорғаныс Министрлігінің жеке қуаттылығымен қатар, «Ростелекомның» да қуаттарын пайдаланатын болады. Осы серверлердің тізбегі бойынша деректер пакеттерін беру де жүзеге асырылатын болады.
Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.
Өзінің желі ішінде хаттар алмасуға мүмкіндік беретін электрондық поштасы да бар.

Қазіргі сәтте ДБЖБ желісін құру аяқталды, — деп «Известияның» өз дереккөзінің дәйектерін келтіреді. — Соңғы жұмыстар осы жылғы жаздың аяғында аяқталған болатын, бұдан соң желі толық көлемде қызметін атқарып тұр. Қазіргі уақытта біз әскери бөлімшелерде және мекемелерде қосымша терминалдар орнатып, оны кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Негізгі ресурстың мекен-жайы — mil.zs, ол жерде көптеген үшінші деңгейлі домендар бар, оларға қолжетімділік тек компьютерлер арқылы ғана, Ресейдің қарулы күштерінің мобильдік операциялық жүйесінің (РҚКМЖ) басқаруымен жұмыс істейтін сертификатталған қызмет арқылы жүзеге асырылады.
Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/rossijskoj-armii-sdelali-novuyu-zashhishhyonnuyu-kompyuternuyu-set.html


Германия 2030 жылға қарай ІЖҚ бар автокөліктерді шығаруға тыйым салмақшы





mercedes

Неміс үкіметі өз азаматтарын экологиялық таза автокөлікті пайдалануға көшуге барынша итермелеуде. Неміс бундестагы қазірдің өзінде резолюцияға қол қойды, оған сәйкес 2030 жылға қарай ішкі жану қозғалтқышы бар жаңа автокөліктерді шығаруға тыйым салынатын болады.

Осы заң жобасына қол қойыла салысымен-ақ, осы елдің тұрғындарына сыртқа шығарылатын ластау көрсеткіштері нөлге тең автокөліктерді ғана пайдалануға рұқсат ететін болады. Автокөлік сутекті отын көздерімен жұмыс істей ме, немесе электрмен жұмыс істей ме, ол жағы маңызды емес, ең бастысы енді ІЖҚ бар машиналарды шығаруға болмайды.

Неміс үкіметі осы заңды тек өз елінде ғана емес, сондай-ақ барлық Еуропалық Одақ елдерінде қабылдауға ұсынбақшы.

Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.
Осындай бастамамен Европалық комиссияға, ол осындай мүмкіндікті бүкіл Еуропада алға жылжытуды қарастыру туралы жүгінді.

Бұл бастаманы алға жылжыту үшін осы ел өзінің сатып алушыларына біршама "бонустармен", ластаудың нөлдік деңгейі бар автокөліктерді ұсынуы әбден мүмкін. Атап айтқанда, қандай «бонустар» болары әзірге белгісіз. Көп нұсқалардың бірі, мысалы мөлшерлемелерді төмендету немесе тіпті жол салықтарын алып тастау да болуы мүмкін.

Германия аса қуатты автокөлік өндірісіне ие. Бұл жерде әлемдегі ең үздік автокөліктердің түрлері құрастырылады. Volkswagen, Mercedes-Benz және BMW сияқты автокөлік алыптары қазірдің өзінде-ақ электрлі автокөліктерді құрастыру бағытында жұмыс істеп жатыр, және таяу болашақта автокөлік құрылысында және заңдарда түбегейлі өзгерістердің орын алуына толықтай дайын болуы да ықтимал.

Volkswagen (аталуы: Фольксваген) - германиялық көлік шығарушы компания. Бұл көлік түрінен 2007 жылы 15 миллион 20 мыңдай қаржы тапты. Орналасуы Вольфсбургте.


Дереккөз: http://hi-news.ru/technology/germaniya-sobiraetsya-zapretit-proizvodstvo-avtomobilej-s-dvs-k-2030-godu.html
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • Ресей армиясы жаңа қорғаныс компьютерлік желісін жасады
  • Германия 2030 жылға қарай ІЖҚ бар автокөліктерді шығаруға тыйым салмақшы

  • жүктеу 483.44 Kb.