Главная страница
Контакты

    Басты бет


Әлемдегі инновациялар №10

жүктеу 483.44 Kb.



жүктеу 483.44 Kb.
бет10/10
Дата21.03.2017
өлшемі483.44 Kb.

Әлемдегі инновациялар №10


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ғалымдар адамның миынана «Плацебо орталығын» тапты





tab

Болжамды «Плацебо орталығын» зерттеумен айналысатын Америкалық Чикаго Солтүстік- батыс университетінің мамандарының болжамынша, олардың технологиясы медиктерге емделушінің миының ауру пайда болған кезде белсендірілетін бөлігін көру мүмкіндігін береді. Бұдан соң мидың осы бөлігіне бақылау жүргізуге, дәрілердің белгілі бір типтерін пайдалану тиімділігін бағалауға болады.

Зерттеушілер бұл орталықты одан әрі зерттеу ауруды одан әрі анықтауға, одан соң әдеттегі қатты әсер ететін ауруды басатын дәрілердің көмегінен бас тартуға ықпал етеді деп санайды. Ғалымдар өздерінің зерттеулерін PLoS Biology журналында барынша жан-жақты сипаттаған. Ваня Апкарян және олар ашқан басқа да әдістемелерді зерттеумен айналысатын басқа да ғалымдар, буынның созылмалы аурулары байқалатын елуден астам сынақтан өтушілердің миының жұмысын бақылап отырды.
Созылмалы - бұл бірден жазылып кете коймайтын, емдік шараларды қолданып үнемі сақталып жүруді қажет ететін ауруларға қолданылатын термин.
Оларға жаңа ауруды басатын дәрі-дәрмектерді сынақтан өткізуді ұсынды, сонымен қатар сынақтан өтушілердің жартысына дәріні емес, "бос нәрсені" берді, бұдан соң үш апта бойы екі топтың адамдарының көрсеткіштерін салыстыра отырып, томографтың көмегімен олардың миларының белсенділігін зерттеді.

Нәтижесінде адам миында плацебо тиімділігін алдын-ала болжап отыру үшін пайдалануға болатын шын мәнінде белгілі бір аймақтың бар екендігі туралы, ал сонымен бірге осы дәрі-дәрмектердің өзіне жүктелген міндеттерді қаншалықты жақсы орындап шыққандығы туралы тұжырымға келді.

Жағдаяттар әртүрлі болды: кейбір емделушілерде плацебо тиімділігі күшейе түсті, ал басқаларында керісінше, анальгетиктермен қақалып, ауруды одан да күшейтті. Зерттеу, авторларының пікірінше, бұл неліктен созылмалы аурулары бар көптеген адамдар күшті ауруды басатын дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін де аурудан айыға алмайтындығын түсіндіреді.
Дереккөз:http://hi-news.ru/research-development/uchyonye-otkryli-centr-placebo-v-mozge-cheloveka.html


ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛАР

Amazon компаниясы кіп-кішкентай дрон-ассистентті патенттеп алды





компания amazon запатентовала крошечного дрона-ассистента

Американың сауда алпауыты Amazon соңғы жылдары өздері үшін жаңа нарықты белсенді игере бастады. Мысалы, таяуда ғана компания ойын бөлімшесін құрды, соның аясында өздерінің әртүрлі платформаларға арналған жеке меншік бейне ойындарын әзірлеп, шығарады. Онлайн-дүкеннің тағы бір әдеттен тыс бастамасы болып, тауарларды

квадрокоптерлердің көмегімен жеткізіп берулері болып саналады. Дегенмен, интернет-алпауыт осымен тоқтап қалған жоқ. Таяуда ғана белгілі болғандай, Amazon кіп-кішкентай дрон-көмекшілерді патенттеп алыпты.

Өзіңіз көз алдыңызға елестетіп көріңізші, сіз өз автокөлігіңізді қай жердегі тұраққа қойғаныңызды есіңізге түсіре алмай тұрсыз. Жай ғана "Автокөлікті тауып беру" деген команданы берсеңіз болды, сіздің иығыңызда орнатылған кіп-кішкентай дрон тура ұшу алаңынан шарықтап бірден аспанға көтеріледі. Ол автоны тауып алады және сізді сол жерге алып барады. Amazon өзінің иесінің дауыстық командасына бағынатын дрон - көмекшіні патенттеп алды және кең көлемді тапсырмалар спектрін орындай алатын болады. Мысалы, оның көмегімен сіз сауда орталығында жоғалтып алған балаңызды тауып ала аласыз, немесе, арнайы қызметтер туралы айтар болсақ, өртті биіктен көруге болады.

Хобби (әуесқойлық) ретінде пайдаланылатын дрондарды фото және бейне түсірілімдерді жасау үшін пайдаланады, бүгінде ол өзінің мөлшері жағынан барынша ыңғайлы болып табылады. Дегенмен, сіз бүгінде осындай квадрокоптерді өзіңіздің иығыңызда тасып жүрмейтін шығарсыз. Әрине дыбыстық командаларға және дрон-көмекшіні басқаратын есептеу модуліне арналған микрофон, оның корпусынан тыс жерге шығарылатын болады. Дұрысында, бұл жерде смартфон немесе қандай да бір арнайы басқарушы құрылғы қажет болуы мүмкін. Жоғалған автокөлікті немесе баланы іздеуді жылдамдату үшін Amazon оған орнатылған RFID-белгілерді (бала болған жағдайда осы белгіні оның киіміне тігіп қоюға болады) пайдалануды ұсынады.

Басқалардың арасында Amazon дрондарды гараждың есігін жапқан-жаппағаныңызды анықтау үшін, немесе сіздің автокөлігіңіздің алдында қаншалықты ұзын тығын пайда болғанын анықтау үшін пайдалануды ұсынады. Арнайы қызметтерге қайтып келер болсақ, мұндай дрондар полицейлерге жап-жақсы көмекшілер болар еді. Күдіктілердің фотосуреттерін сол жерде лезде жасауға, тұтқынға алудың бейнесін жазу және тағы басқа көптеген жағдайларда пайдалануға болады. Әрине, патент идеяның міндетті түрде жүзеге асырылатындығына кепілдік болып табылмайды. Дегенмен, кез-келген жағдайда Amazon идеялары барынша қызықты болып көрінеді.


Дереккөз:http://hi-news.ru/technology/kompaniya-amazon-zapatentovala-kroshechnogo-drona-assistenta.html

ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР




Tesla және Solarcity күн батареяларынан жасалған шатырларды көрсетті.





http://hi-news.ru/wp-content/uploads/2016/10/1028_tesla-2-650x303.jpg

Лос-Анджелесте таныстырылым өтті, сол жерде Элон Маск Tesla мен SolarCity-дің бірлесіп жүргізетін өңдеулерін паш етті. Қыркүйекте компанияның мамандары әдеттегі қалыптасқан барлық жабындардың және ескірген төбе темірлерінің орнына, төбені жабу үшін күн панельдерін құрастырумен айналысып жатқандықтары туралы хабарлаған болатын.

Сахна орналасқан үйдің төбесін жабу шараларын қолға алғанға дейін, осы таныстырылым үшін арнайы жасаған жаңа күн панельдерімен жабдықтады. Бірақ барлығы да әзірге сахнаға Масктің шығуын күтті, және ешкім де осы шатырға көңіл бөле қойған жоқ — сырттай қарағанда әдеттегідей және төбе жабынынан еш айырмашылығы жоқ көрінген… Панельдермен шатырдың барлық үстіңгі бетін жауып шыққан жоқ, тек оларды үйдің иелеріне керекті электр энергиясының мөлшерімен қамтамасыз етуге қабілетті, қажетті мөлшерде ғана орнатып шықты.

Элон Маск шатырға арналған панель дегеніміз, жекелеген элементтерден құралған мозаика емес, тұтастай конструкцияны құрайтындығы туралы сахнадан жариялады. Қазіргі кезде жабындардың төрт түрінің біреуін таңдауға болады: беріктелген шыны, шифер, жабын және шыны плитка. Бұл жаңа жүйе электрмен жабдықтау жүйесінен, шатырдың өзінен және энергия жинақтағыштан тұрады, ал бағасы — қондырғысы бар әдеттегі жамылғы материалдың бағасымен салыстырғанда, оған толықтай сай келеді деп атап өтті Маск. Күн батареялы-шатырларды жеткізіп беруді Tesla-да құрылыс материалдарын сатумен айналысатын сауда желілері арқылы емес, тапсырыс берушілерге тікелей жеткізіп беруді жоспарлап отыр. Tesla Motors басшысы күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын жетілдірілген Powerwall 2 жүйесін ұсынды.

Tesla Motors - электр көлік құралдарын өндіруге бағытталған Силикон аңғарындағы американдық автокөлік компаниясы. Әлемге әйгілі инженер-электрик және физик Никола Тесла құрметіне аталған.

Іс-шара Tesla үшін маңызды орын алды, өйткені SolarCity энергетикалық стартапы бар Маска автокөлік құрылысы компаниясымен бірлесудің барлық маңыздылғын көрсетуі тиіс болды. Маск түсіндіріп өткендей, егер бірігуге болмайтын болса, панельдерді шығару қиын болады. Соған қарамастан, оң динамика және Tesla Motors-тың 2016 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша пайдаға шығуы, инвесторларға бірігуге қатысты өздерінің көзқарастарын барынша жеңілдетуді болжауға мүмкіндік береді.
Дереккөз:http://hi-news.ru/technology/tesla-i-solarcity-pokazali-kryshi-iz-solnechnyx-batarej.html


Ғалымдар табиғи қоспалардан дайындалған экологиялық таза сабынды ойлап тапты





учёные разработали новое экологически чистое мыло из натуральных ингредиентов

Миннесот Университетінің ғалымдары барынша жаңа молекулалы "болашақтың сабынын" жасады. Оның негізгі артықшылығы мұндай сабын бүгінде қолданылып отырған, тұрмыстық химияны шығарумен айналысатын ірі корпорациялардың шығарған өнімдеріне қарағанда қоршаған орта үшін анағұрлым пайдалытіпті олардан асып түсетіндігінде.

Сабын табиғи өсімдік қоспаларынан дайындалуы мүмкін, сонымен бірге ол негізгі параметрлері жағынан ірі өндірушілердің шығарған бәсекелес өнімдерінен ешқандай артта қалып қойып отырған жоқ, ал кейбір жағынан — тіпті олардан асып түседі.

«Біздің зерттеу командамыз қайта қалпына келтірілген ресурстардан жасап шығаруға және біздің өміріміздің кез-келген саласында пайдалануға болатын, сабынның мүлдем жаңаша формуласын ойлап тапты», — деп атап өтті Миннесота Университетінің химиялық инженрия және материалдарды зерттеу профессоры Пол Дауэнхауэр.

"Қайта қалпына келтірілген ресурстар" туралы айта отырып, профессор соя бұршақтары, кокос және жүгері сияқты табиғи өнімдерді меңзеп отыр. Егер олардың құрамдарын, жасау кезінде әртүрлі химиялық элементтер, хош иістендіргіштер, бояғыштар және басқалары қосылатын қазіргі замандағы сабындардың құрамымен салыстыратын болса, онда жаңа экологиялық таза сабын шындығында да олардың қасында барынша тиімді болып көрінеді.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.
Миннесота университеті - Миннесотаның Миннеаполис және Сент-Поль ірі қалаларында орналасқан зерттеу университеті. Бұл университет - ескі және Миннесота университеттерінің (ағылш. University of Minnesota system, Миннесота Штатының университеттер мен колледждерінің жүйесімен шатастыруға болмайды, ағылш. Minnesota State Colleges and Universities System)
Химиялық элементтер - ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі.
P&G сияқты ірі химиялық корпорациялар қазірдің өзінде-ақ осы мәселенің төңірегінде мазасыздана бастайды.

Бүгінде шығарылып отырған сабын өнімдерінің басым бөлігі ақыр соңында қоршаған ортаны ластайды және оған зиян келтіре отырып, өзендерде, көлдерде және жылғаларда болатын, мұнай өңдеу өнімдерінен алынатын заттардан алынған белсенді синтетикалық сыртқы-белсенді заттарға негізделеді. Салыстыру үшін айтар болсақ: Миннесотаның ғалымдары жасаған сабынның молекуласы суық суда да және ыстық суда да, ірі корпорацияларда дайындалған оған ұқсастарға қарағанда жақсы көпіреді. Өз өнімдері жақсы көпіруі үшін, өндірушілер әдетте барынша зиянды химикаттарды пайдаланады. Жаңа сабынның құрамында олар жоқ.

Жаңа сабын құрамында металл көп болып келетін кермек суда да өте жақсы көпіршиді, бұл шынында да өте сирек кездеседі. Осылайша, құрылған молекуланы, бұрынғыға қарағанда зиянды құрамдастарының тізімі барынша аз сабын және сабын өнімдерін жасау кезінде пайдалануға болады. Бұл жоба АҚШ-тың энергетика Департаментінің қолдауымен дайындалған, ал оны жасаудың негізгі мақсаты болып, қайта қалпына келтірілген ресурстардан экологиялық жылы шырайлы өнімді жасап шығу саналады. Жаңа формула бойынша өндірілген алғашқы өнімдер қашан сатылымға шығарылатыны әзір белгісіз, бірақ осындай сабын болашақта әлемді бірден екі бағытта таза ете түсетіндігіне үміттенуіге болады.
Дереккөз:http://hi-news.ru/technology/uchyonye-razrabotali-novoe-ekologicheski-chistoe-mylo-iz-naturalnyx-ingredientov.html

ПРОЦЕССТІК ИННОВАЦИЯЛАР



Google роботтарды басқа роботтарды оқытуға үйретеді





google обучает роботов обучать других роботов

Google компаниясы соңғы кезде «бұлтты робототехника» деп алатаны салада жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл құбылыс, қандай да бір әрекеттерді өз бетімен орындауға үйретілген роботтар, ақпаратты кез-келген қолжетімді байланыс әдісі арқылы жай ғана жібере отырып, өзінің "тәжірибесімен" басқа роботтармен бөлісе алады. Үйретудің осындай қағидасы қайта бағдарламалау сәтін болдырмауға, немесе, былайша айтқанда, техникаға жаңа тапсырмалар қою кезінде "қайта оқытуды" болдырмауға мүмкіндік береді.

«Бұлттық робототехниканың» мәні мына келесілерден тұрады: оның негізінде орындалатын әрекеттердің кезектілігін анықтайтын және сақтайтын, автоматизм процестеріне және ақпаратты беруге жауап беретін нейрожелілер жатыр. Жалпы алғанда, осының барлығын біз тәжірибе деп атаймыз. Роботтарға нейрондық желілер базасында кез-келген міндетті қоюға болады, және жасанды ми оларды шешу жолдарын өзі тауып алады. Бұдан әрі осы әрекеттерді бірнеше рет орындау кезінде, робот басқа машиналарға бере алатын, және олар оны әрбір жолы қайтадан нөлден бастамай-ақ пайдаланатын, және жетілдіре алатын тиімді алгоритм қалыптастырады.
Жүйке жасушалары (нервные клетки, нейроны, нейроциты); (гр. neuronum, neurocytus; neuron - жүйке, kytos - жасуша) - жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.
Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)

Google Research компаниясының ғалымдары өз алгоритмдерін әртүрлі тапсырмаларды орындаушы роботтардың үш түрінде сынақтан өткізіп көрді: есіктерді ашу, және робот өз бетімен үйреніп алған жоқ, алынған машықтарды кейіннен жетілдіру тапсырмасымен адам басқарған болса, тасымалдағыштағы заттарды тексеру және бастапқы тәжірибенің түрін өзгерту.

Бірінші жағдайда машинаның есікті ашу үшін тұтқадан ұстауы керек екендігін, оның бір жағына қарай бұрып және есікке қарай итеру қажет екендігін түсінгенше барынша көп уақыт кетті. Есесіне роботтар барлық келесі жұмыстарда үйрету сәтін өткізе отырып, осы алгоритмді пайдаланды.

Бір затты әкеліп беруді тәжірибеден өткзіу кезінде машиналардың өздеріне беру ұсынылды және бірнеше сағаттың ішінде заттардың арасындағы себептік - тергеу байланысы зерттелді (мысалы: шәйнек — шыны — қант: олармен не істеу керек екендігі бізге ғана аян, ал роботтарға оны "үйренуге" тура келді).

Оператор роботты үйреткеннен кейінгі нөмірі үшінші сынақ, манипуляторлардың әртүрлі бастапқы жағдайларынан өзгеше, манипуляцияны туындатуды жылдамдатушы болып келетін шешімдердің тиімді нұсқалары бірлескен түрде тез шешімін тапқан, "ұжымдық санаға" берілді.

Роботтардың бірін басқа типті тұтқа орнатылған есікті ашуға мәжбүрлеген сәт, ең қызықты сәт болды. Машина тапсырманы өте тамаша орындап шықты.

Машиналарды қалпына келтіру туралы теориялардың құрылысынан басқа, осының барлығы не үшін қажет? Барлығы қарапайым ғана: оқыту үрдісін осылайша жылдамдату, өнеркәсіптік роботтарға күрделі тапсырмаларды әдеттегі жүріске қарағанда барынша тезірек орындауға кірісуіне мүмкіндік беру болып табылады.
Дереккөз:http://hi-news.ru/research-development/google-obuchaet-robotov-obuchat-drugix-robotov.html


МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР




Xiaomi алғашқы жиектемесіз Mi Mix смартфонын анонстады





xiaomi представила безрамочный смартфон mi mix

Xiaomi 6,4-дюймдік дисплейі бар, жиектемесіз Mi Mix планшетофонын ұсынды. Кейбір БАҚ осы жаңашылдықты концепт деп те атап жатыр, дегенмен желіде гаджетті жүзеге асырудың аса қашықта емес екендігін куәландыратын смартфонның нақты фотосуреттері қазірдің өзінде-ақ бар.

Аппараттың осындай конструкциясы жағдайында, мамандарға динамикпен, көрсеткіш тетікпен жақындатумен және әдетте экранның астыңғы жағында орналасқан жазықтықтық камерамен байланысты мәселелерді шешуге тура келді. Дауыс зорайтқышты ауыстыру, пьезоэлектрлік керамикалық технология базасында шешім жасауға мүмкіндік берді.
Пьезоэлектрлік (гр. piezo -кысу) - бірқатар табиғи кристалдардың (пьезокварц, пьезокерамика,корунд және т.б.) пішімін өзгерткенде (қысқанда, созғанда) электр зарядының пайда болу құбылысы. Үнтабаққа жазылған дыбыстарды қайта жаңғыртуда осы құбылыс пайдаланылады.
Дәстүрлі инфрақызыл жақындатқыш сенсорды ультрадыбыстық көрсеткіш тетігімен алмастырды.

Жазықтықтық камераға қатысты айтар болсақ, оны дисплейдің астына орналастырды, ал пайдаланушы суретке түсіру кезінде смартфонды өзіне қалай ыңғайлы болса, солай бұрып ала алады. Xiaomi-де осы қондырғыны дайындау барысында екі жылдай жұмыс істегендері туралы айтты.

Mi Mix-тің артқы панелінде керамикалық жабыны бар. «Қытайдың Apple» моделін таныстыру кезінде, қондырғының сыртқы түрін француз дизайнері Филипп Старк ойлап тапқандығын жариялады.

Mi Mix-тің негізінде, деректерді сақтауға арналған оперативтік жады 6 ГБ-тан 256 ГБ дейін болатын Snapdragon 821 процессоры жатыр. Негізгі камераның 16 мегапиксель ажыратымдылығы болса, жазықтықтық камераның – 5-мегапиксель ажыратымдылығы бар. Аккумулятордың сыйымдылығы 4 400мАч-ті құрайды.

Мегапиксель (мегапиксел, Мп, ағылш. megapixel) - суретті қалыптастыратын бір миллион (1 000 000) пиксель. Мегапиксельде ажыратымдылықт, матрицаның маңызды сипаттамаларының бірі өлшенеді. Сондай-ақ, атақты суреттің өлшемі оның мөлшерімен салыстыру үшін кескінді құрылған немесе сканерленген мегапиксель мөлшері өлшенеді.
Сыйымдылық (Емкость; capacity) - 1) компьютер жадына, сақтау құрылғыларына жазуға болатын мәліметтердің ең көп мөлшері (өлшем бірліктері: бит, байт, сөз немесе таңба). Биттермен, байттармен (Кб, Мб, Гб), символдармен немесе сөздермен өлшенеді; 2) байланыс арнасында - мәліметтер жеткізу (өткізу) мүмкіндігі (бір секундта өткізілетін мәліметтер көлемі); 3) машиналық сөздің немесе регистрдің ұзыңдығы.



4 ГБ оперативтік және 128 ГБ кіріктірілген жады бар нұсқадағы смартфон 515 доллар тұрады және 6 ГБ ОЗУ және 256 ГБ кіріктірілген жады бар модель 590 доллар тұрады. Mi Mix саудаға қарашада түсетін болады.
Дереккөз:http://techno.bigmir.net/technology/1593912-Xiaomi-anonsirovala-pervyj-bezramochnyj-smartfon-Mi-Mix


ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР

Инженерлер шағын-роботтардың тобын құрды





http://hi-news.ru/wp-content/uploads/2016/10/15655.jpg

Бұл шағын-роботтар өте ақылды, команда бойынша кез-келген тәртіпте сапқа тұра алады, әріптер қатарымен тұра қалып пайдаланушымен сөйлесе алады, тіпті бір затты әкеліп те бере алады. Және алып та кете алады!

Роботтар Zooids деп аталады, олардың әрқайсының доңғалақтары, гироскоптары және команда бойынша жұмыстарды орындау кезінде бір-бірімен соқтығысып қалмайтындай, көрсеткіш тетіктері бар. Әрбір роботтың салмағы бар-жоғы 12 граммның мөлшерінде. Олар бірлесіп жұмыс істейді, ал жеке-жеке олар ешқандай жұмысты атқара алмайды. Роботтардың қозғалысы арнайы проектормен бақыланып отырады, нұсқауларды олар компьютердің командалық нүктелерінен алады.

Тапсырманы алғаннан кейін, топ бірден оны орындауға кіріседі. Кіп-кішкентай дроидтардың әрқайсысы өз бетінше керек бағытқа бұрылып алады, оператор көрсеткен жылдамдыққа дейін екпін алады, барлық жұптар мақсатқа жету үшін жүгіреді, жақындап келген соң тежегішке басады, тоқтайды және жұмысты бастайды.

Бұл балалар сіз кетіп қалған соң жұмыс үстелінің үстін ретке келтіріп, жинау жұмыстарына көмектеседі, олардан қаламды беріп жіберу, смартфонды жақындатып жіберу немесе мысықпен ойнауды өтінуге болады.

Топты құрастырушыларды алғашқы табыстары жігерлендіріп, идеяларын дамыту жолындағы жұмыстарды жалғастыруда және басқаларды да сынақтарға қатысуға, сондай-ақ моральдық және материалдық тұрғыда көмек жасауға шақырады.


Дереккөз:http://hi-news.ru/gadgets/inzhenery-sozdali-roj-mini-robotov.html


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

  • ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ КОРПОРАЦИЯЛАР Amazon компаниясы кіп-кішкентай дрон-ассистентті патенттеп алды
  • ӨНІМДІК ИННОВАЦИЯЛАР
  • Ғалымдар табиғи қоспалардан дайындалған экологиялық таза сабынды ойлап тапты
  • ПРОЦЕССТІК ИННОВАЦИЯЛАР Google роботтарды басқа роботтарды оқытуға үйретеді
  • МАРКЕТИНГТІК ИННОВАЦИЯЛАР Xiaomi алғашқы жиектемесіз Mi Mix смартфонын анонстады
  • ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАР Инженерлер шағын-роботтардың тобын құрды

  • жүктеу 483.44 Kb.