Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Электр Желілерін Басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы» АҚ

жүктеу 1.63 Mb.



жүктеу 1.63 Mb.
бет4/11
Дата29.03.2017
өлшемі1.63 Mb.

«Электр Желілерін Басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы» АҚ


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ақшалай қаражат және қысқа мерзімді депозиттер

Қаржылық ахуал туралы есептегі ақшалай қаражат және қысқа мерзімді депозиттерге банктер мен кассадағы ақшалай қаражатты және бастапқы үш айлық не одан кем мерзіммен бірге қысқа мерзімді депозиттер кіреді.


Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы шоғырландырылған есептеме мақсаттары үшін ақшалай қаражат пен оның баламалары жабылмаған банктік овердрафттары шегеріле отырып, жоғарыдағы айқындамаға сай ақшалай қаражат пен қысқа мерзімді депозиттерден тұрады.

Қолданылуы шектеулі ақшалай қаражат
Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен («ХҚДБ»), Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен («ЕҚДБ») қол қойылған жобаларды қаржыландыру жөніндегі кредиттік келісімге сәйкес Топ борышқа қызмет көрсету үшін қажетті банк шоттарын ашты.
Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” - “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.
Бұл банк шоттарында көрсетілген ақшалай қаражаттар пайыздар мен негізгі борыш бойынша жоспарлы төлем жүргізу үшін ғана қолданыла алады. Егер ақшалай қаражат есептік кезеңнен бастағанда он екі айға дейінгі мерзімде қайсыбір түрде қолданылуы шектелген болса, мұндай ақшалай қаражаттар қысқа мерзімдік активтер ретінде жіктеледі және тиісінше шоғырландырылған қаржылық есептемеге берілген ескертпелерде ашып көрсетіледі. Егер ақшалай қаражаттың есептік кезеңнен бастап он екі айдан көп мерзімде қолданылуы шектелген болса, мұндай ақшалай қаражаттар ұзақ мерзімді активтер құрамында көрсетіледі.
3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы)
Резервтер
Резервтер, егер де Топтың бұрынғы оқиға нәтижесінде туындаған ағымдағы міндеттемесі (заңдық немесе іс-тәжірибеден шығатын) болса, осы міндеттемені жабу үшін талап етілетін экономикалық пайдалардың ығысуы ықтимал болып табылады және осындай міндеттеме сомасының сенімді бағалануын алуы мүмкін. Егер Топ резервтердің кейбір бөлігін немесе барлығын қайтарып алуды жорамалдаса, сақтандыру шарты бойынша қайтарым жекелеген актив ретінде, бірақ та қайтарымды алу күдікке жатпайтындай жағдайда ғана мойындалады.
Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Резервке жатқызылатын шығыс қайтарымды шегере отырып, жиынтық кіріс туралы есепте көрсетіледі.
Түсімді мойындау
Түсім мәмілеге байланысты экономикалық пайданы алу ықтимал болған және егер түсім төлемді жүзеге асыру уақытына қарамастан сенімді бағалануы мүмкін кезінде мойындалады. Түсім шартта айқындалған төлем талаптары ескеріле және салықтар немесе баж салықтары шегерілгенде алынған немесе алынуға жататын сыйақының әділ бағасы бойынша бағаланады. Топ принципиал немесе агент ретінде шығуды айқындау мақсатында белгілі бір өлшемдерге сәйкес түсімді алуды қарастыратындай өзі жасайтын шарттарды талдайды. Топ барлық осындай шарттар бойынша принципиал ретінде әрекет ететіні туралы тұжырымға келді. Түсімді мойындау үшін мынадай өлшемдер орындалуы тиіс:
Қызметтерді ұсыну
Көрсетілген қызметтен түскен кірістер қызмет көрсетілуі бойынша мойындалады
Топ өндiрушiлерден бастап көтерме сауда және iрi тұтынушыларға дейін электр энергиясын жеткізу жөнінде, электр энергиясын торапқа босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру жөнінде, электр энергиясын тұтыну/өндіру теңгерімін ұйымдастыру жөнінде, сондай-ақ шектес мемлекеттердің энергия жүйелерімен электр энергиясы ағындарының шартты көлемдерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті және басқа қызметтерді көрсетуден кіріс алады.
Электр энергиясын жеткізу, техникалық диспетчерлендіру және электр энергиясын тұтыну/өндіру теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі қызметтер бойынша кірісті есептеу үшін тарифтерді Комитет бекітеді.
Шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерімен электр энергиясы ағындарының шарттық көлемін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер бойынша табыстар «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатарлас жұмысын қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісім негізінде жасалған шарттардың талаптарына сәйкес мойындалады.
Пайыздық табыс
Өтелімдік құн және сату үшін қолда бар ретінде сыныпталған пайыздық қаржылық активтер бойынша бағаланатын барлық қаржылық құралдар бойынша пайыздық табыс немесе шығыс тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып мойындалады, ол қаржылық құралды пайдаланудың жорамалданған мезгілінің барлық уақытында немесе егер осы орынды болса, қаржылық активтің немесе міндеттеменің таза баланстық құнына дейінгі ұзақ мезгілден кем уақытта алдағы күтілген төлемақыларды немесе ақшалай қаражат түсімдерін дәл дисконттайды. Пайыздық табыс жиынтық табыс туралы есептемеге енгізіледі.
Клиенттерден алынған жабдық
Топ кейбір негізгі құралдарды өз клиенттерінен алады. Топ бағалайды, активке анықтауға әрбір берілген элемент сәйкес келеме және егер сәйкес келсе онда берілген актив негізгі құралдар ретінде мойындалады. Бастапқы мойындау кезінде оның құны әділ құны немесе құрылыстың, берілген жабдықтың құны бойынша өлшенеді және тиісті сома басқа кіріс ретінде көрсетіледі, өйткені Топтың болашақта міндеттемелерді орындау міндеттемесі жоқ. Егер болашақтағы міндеттемелері бар болса, ондайды орындаудағы табысы міндеттемелерді орындау кезеңі ішінде немесе жабдық қызметінің мерзімінде олардың қайсысының бұрынырақ орындалуына байланысты мойындалады.
3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы)
Займдар бойынша шығындар
Топтың көздеулеріне сәйкес оны пайдалануға немесе сатуға дайындық үшін міндетті түрде ұзақ уақытты талап ететін активті сатып алуға, салуға немесе өндіруге тікелей байланысты займдер бойынша шығындар осындай активтің бастапқы құнының бөлігі ретінде капиталдандырылады. Қарыздар бойынша барлық басқа шығындар олар көтерген сол есептік мезгіл ішіндегі шығыстарға жатқызылады. Қарыздар бойынша шығындарға пайыздарды төлеу мен заемдық қаражатқа байланысты компания көтеретін басқа да шығындар кіреді.
Жалдау
Мәміле жалдау болып табыла ма әлде ол жалдау белгілерін мазмұндай ма, шарттың қолданысы басталу күніне мәміле мазмұнын талдауға негізделген.
Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Осындай талдау шеңберінде шарттың орындалуы нақты активтің немесе активтерді пайдаланудан шарттың орындалуы тәуелді бола ма және осы мәміле нәтижесінде акивті немесе активтерді пайдалану құқына көшетінін анықтау талап етіледі.
Жалгер ретіндегі топ
Сол бойынша Топқа жалға алынған активтерді иеленуге байланысты іс жүзінде барлық тәуекелдер мен пайдалар көшетін қаржылық жалдау жалға алынған мүліктің әділ құны бойынша немесе егер осы сома кем болса – ең төменгі жалгерлік төлемдердің дисконтталған құны бойынша жалдау мерзімінің басталу күніне капиталдандырылады, Жалгерлік төлемдер міндеттеменің жабылмаған сомасына тұрақты пайыз мөлшерлемесі болатындай жалдау бойынша қаржыландыру және негізгі міндеттеме сомасының кемітілуі жөніндегі шығындара арасына таратылады.
Тұрақты - Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы ауыл, Ақбастау ауылдық округі құрамында.
Жалгер (Арендатор) - жылжымайтын мүлікті жалдайтын адам. Мемлекеттік, кооперативтік және басқа қоғамдық шаруашылықтар, соның ішінде азаматтар мен азаматтар тобы Жалгер бола алады. Жалгерлер мекемесі болып өз еркімен құрылады және заңды тұлға рөлін атқарады.
Қаржыландыру жөніндегі шығындар тікелей пайдалар және залалдар туралы есепте тікелей көрсетіледі.
Жалға алынған актив активті пайдалы жұмсау мезгілі ішінде өтелімденеді. Алайда, егер де Топқа активке арналған меншік құқығы жалдау мерзімінің аяғында өтетін негізделген сенімділік жоқ болса, активті пайдалы жұмсаудың есептесу мерзімі мен жалдау мерзімі секілді қысқа мезгілдердің ішінде өтелімденеді.
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
Меншік Құқығы - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі.

Операциялық жалдау бойынша төлемдер барлық жалдау мерзімінде теңдей пайдалар және залалдар туралы есепте шығыс ретінде мойындалады.
Зейнетақы мiндеттемелерi
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Топ жинақталған зейнетақы қорына аударым ретінде қызметкерлердің жалақыларының 10%, бірақ айына 149,745 теңгеден көп емес мөлшерде төлем жүргізеді (2013 жыл: 139,950 теңге). Зейнетақы қорларға төлемдер қызметкерлердің жалақыларынан ұсталып қалады және пайда болған сәтте жиынтық табыс туралы шоғырландырылған есепте еңбекақыға байланысты басқа да аударымдармен бірге еңбекақы бойынша жалпы шығыстарға енгізіледі.
Еңбекақы - жұмыс берушiнің қызметкерге атқарылған жұмыс үшін заттай немесе ақшалай берілетін төлем немесе сыйақы. Төлемнің мөлшері күндік, сағаттық ақыға байланысты немесе орындалған әр тапсырманың белгіленген ақысына байланысты есептелінуі мүмкін.
Топтың зейнетақы төлемдері бойынша қандай да болмасын басқа міндеттемелері жоқ.
Ағымдағы табыс салығы
Ағымдағы мезгіл мен мұның алдындағы мезгілдер үшін ағымдағы табыс салығы бойынша салық активтері мен міндеттемелері салық органдарынан өтелуге немесе салық органдарына төлеуге жорамалданған сома бойынша бағаланады. Осы соманы есептеу үшін қолданылатын салықтық мөлшерлемелер мен Салық заңнамасы – бұл Топ өз қызметін жүзеге асыратын және салық салынатын кіріс алатын елдерде қабылданған немесе есептік күнге нақты қабылданған мөлшерлемелер мен заңнама.
Салық заңнамасы - салық салу және жинауға қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жиынтық атауы. Салық заңнамасы нақты салық түрлерін төлеу, есептеу, бақылау тәртібін, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеу міндетін және салық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын, т.б.

Тікелей капиталда мойындалған баптарға жатқызылатын ағымдағы табыс салығы жиынтық кіріс туралы есепте емес, капитал құрамында мойындалады. Топ басшысы соған қатысты тиісті салық заңнамасы әрқалай түсіндірілуі мүмкін салық мағлұмдамаларында көрсетілген айқындамаларға бағалауды дүркін-дүркін жүзеге асырады және қажеттілік бойынша резервтер құрайды.

Кейінге қалдырылған салық
Кейінге қалдырылған салық есептік күнге қаржылық есептеме мақсаттары үшін активтер мен міндеттемелердің салықтық базасы және олардың баланстық құны арасындағы уақытша айырмашылықтарды анықтау жолымен міндеттемелер әдісі бойынша есептелінеді.
База (Base) - 1) негізгі, тіректі мәліметтер немесе элементтер; 2) санау жүйесінің негізі; 3) база регистріне жүктелетін әрі салыстырмалы адрестердің (ығысулардың) саналу басы ретінде пайдаланылатын жад адресі.

3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы)

Кейінге қалдырылған салық (жалғасы)
Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер барлық салық салынатын уақытша айырмашылықтар бойынша мына жағдайлардан басқада мойындалады:
• кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер гудвилді, активті немесе бизнесті біріктіру болып табылмайтын мәмілелер барысында және бухгалтерлік пайдаға да, салық салынатын пайдаға немесе залалға әсерін тигізбейтін операция жасалған сәтте бастапқы мойындау нәтижесінде мойындайды.
• еншілес компаниялардағы, қауымдасқан компаниялардағы инвестицияларға, сондай-ақ бірлескен қызметке қатысу үлесіндегі салық салынатын уақытша айырмаларға қатысты, егер уақытша айырманы уақыт бойынша таратуды бақылау жасау мүмкін болса және уақытша айырманың болашақта кемітілмейтін айтарлықтай ықтималдылығы болса.
Кейінге қалдырылған салық активтері барлық шегерілетін уақытша айырмалар, пайдаланылмаған салықтық жеңілдіктер мен пайдаланылмаған салықтық залалдар бойынша салық салынатын пайда болатындай елеулі ықтималдық болатын, оған қарсы шегерілетін уақытша айырмалар, пайдаланылмаған салықтық жеңілдіктер мен пайдаланылмаған салықтық залалдар есепке алуынуы мүмкін дәрежеде мына жағдайлардан басқада мойындалады:
• шегерілетін уақытша айырмаға жатқызылатын кейінге қалдырылған салық активі бизнестің біріктірілуі салдарынан туындамаған және операция жасау тұсына бухгалтерлік пайдаға да, салық салынатын пайдаға да немесе залалға әсер етпейтін активті немесе міндеттемені бастапқы мойындау нәтижесінде туындайды.

еншілес компанияларға, қауымдасқан компанияларға инвестициялармен, сондай-ақ бірлескен қызметтегі қатысу үлестерімен байланысты салық салынатын уақытша айырмаларға қатысты кейінге қалдырылған салық активтері уақытша айырмалар болашақта пайдаланылатын және оған қарсы шегерілетін уақытша айырмалардың пайдаланылуы мүмкін айтарлықтай ықтималдық бар дәрежеде ғана мойындалады.


Кейінге қалдырылған салық активтерінің баланстық құны әрбір есепті күнге қайта қаралады және жеткілікті салық салынатын пайдаға қол жеткізу ықтималдылығы шамалы деп бағаланатын кейінге қалдырылған салық активтерінің барлығын немесе бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беретін дәрежеде кемітіледі. Мойындалмаған кейінге қалдырылған салық активтері әрбір есепті күнге қайта қаралады және болашақтағы салық салынатын пайданың кейінге қалдырылған салық активтерін пайдалануға мүмкіндік беруінен пайда болатын ықтималдылығы жоғары дәрежеде мойындалады.
Кейінге қалдырылған салық активтері мен міндеттемелері салық мөлшерлемесі бойынша бағаланады, олар актив сатылатын, ал міндеттеме салық мөлшерлемелері негізінде өтелетін есептік жылы қолданылады (есептік күніндегі жағдай бойынша салықтық заңнамалар қабылданды немесе нақты қабылданды).
Пайда немесе залал құрамында емес мойындалған баптарға қатысты кейінге қалдырылған салық сондай-ақ пайда немесе залал құрамында мойындалмайды. Кейінге қалдырылған салық баптары олардың негізіне жататын операцияларға сәйкес немесе басқа жиынтық кіріс немесе тікелей капитал құрамында мойындалады.
Егер ағымдағы салық активтері мен міндеттемелерінің есепке алынуының заңдық бекітілген құқығы болса, кейінге қалдырылған салық активтері мен кейінге қалдырылған салық міндеттемелері бір біріне қарама-қарсы есепке алынады және кейінге қалдырылған салықтар бір және сол салық салатын компанияға және салық органына жатады.
Дивидендтер
Дивидендтер міндеттемелер ретінде мойындалады және егер олар есептік күнге дейін қоса алғанда, жаряланса ғана есептік күнге арналған капитал сомасынан шегеріледі. Дивидендтер, егер олар есептік күнге дейін ұсынылса, сондай-ақ есептік күннен соң, бірақ шоғырландырылған қаржы есептемесі шығарылатын күнге дейін ұсынылып немесе жарияланса есептемеде ашылады.


  1. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ


Шартты міндеттемелер мен шартты активтер
Шартты міндеттемелер үйлесімді қаржылық есептемеде танылмайды, бұл ретте олар туралы ақпарат ресурстардың шығарылуы олардың өтелуіне байланысты ықтималдығы аз болатын жағдайларды қоспағанда шоғарландырылған қаржылық есептемеде ашылады.
Шартты активтер шоғырландырылған қаржылық есептемеде танылмайды, бұл ретте олар туралы ақпарат солармен байланысты экономикалық пайдалар алынуы мүмкін жағдайларда шоғырландырылған қаржылық есептемеде ашылады.
4. МАҢЫЗДЫ ЕСЕПТІК ПІКІРЛЕР, БАҒАЛАУ МӘНДЕРІ МЕН ҰЙҒАРЫМДАР
Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесін даярлау оның басшылығынан есептік кезеңнің аяғына қарай пікірлер және бағалау мәндері мен ұйғарымдар анықтамаларын шығаруды талап етеді, олар есептемеде көрсетілетін табыстар, шығыстар, активтер мен міндеттемлер сомаларына, сондай-ақ шартты міндеттемелер туралы ақпарат ашуға әсер етеді. Алайда осы бағалау мәндері мен ұйғарымдарға қатысты екіұштылық болашақта мұндай мәндер мен жорамалдар қабылданатын активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнына айтарлықтай түзетулер енгізуді талап ететін нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Бағалау мәндері мен ұйғарымдар
Келесі қаржылық жыл ішінде активтер мен міндеттемелердің баланстық құнына айтарлықтай түзету енгізуге себеп болатын болашақ туралы негізгі ұйғарымдар және басқа да есептік күнгі бағалаулардағы негізгі екіұштылық көздері төменде қаралады. Топтың бағалау мәндері мен ұйғарымдары шоғырландырылған қаржылық есептеме даярлау кезінде қолда бар шығыс деректерге негізделген. Алайда, болашаққа қатысты ағымдағы міндеттемелер мен ұйғарымдар нарықтық өзгерістерге немесе Топтың бақылауында емес жағдайлар себепті өзгертілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер ұйғарымдарда болу шамасына қарай көрсетіледі.

Негізгі құралдарды қайта бағалау

ҰЭТ-тың қайта бағаланған ғимараттары актив табиғатына, сипаттамасына және тәуекелдеріне сүйене отырып, ҚЕХС 13 сай активтердің бір сыныбын білдіреді. ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын анықтауға арналған шығыс деректері әділ құны иерархиясының 3-деңгейіне жатады (бақыланбайтын шығыс деректер).

Топ 2014 жылғы 1 маусымдағы жай-күй бойынша ҰЭТ ғимараттарына қайта бағалау жүргізді. Тарифтердің көтерілуі 138.887.289 мың теңге сомасында басқа да жиынтық табыс құнына енгізілген, кейбір активтерді қайта бағалаудан болған құнның және 27.777.458 мың теңге сомасындағы кейінге қалдырылған тиісті салықтық міндеттеменің өсуіне, сонымен қатар 14.250.162 мың теңге сомасында пайда мен залалға енгізілген бұрын қайта бағаланған кейбір активтер құнының өсіуне әкелді.

ҰЭТ ғимараттарының әділ құны шығын әдісімен айқындалды. Шығын әдісімен анықталған құн активтің өндірістік қуатын алмастыру үшін қажетті соманы көрсетеді (алмастыру құны). Шығын әдісі активтердің белгілі бір салада мамандандырылуы және тарихи деректер бойынша активтер ешқашан сатылмауы себепті қолданылды.

Тарих (көне грек. ἱστορία -сұрастыру, зерттеу) - адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым.


Алмастырудың есептелген ағымдағы құны бұдан кейін ақша ағындарын дисконтау моделі негізінде айқындалған өтелетін құнымен салыстырылуы мүмкін. Ақша ағындарыи бюджеттен бұдан кейінгі бес жылға алынады және қайта құрылымдау жөніндегі қызметті қамтиды, бұл қызметті жүргізгеннен Топта міндеттемелері немесе ПГДД құнсыздануы нысанына тексерілетін активтердің нәтижелерін жақсартатын маңызды инвенстициялар болмайды.


  1. МАҢЫЗДЫ ЕСЕПТІК ПІКІРЛЕР, БАҒАЛАУ МӘНДЕРІ МЕН ҰЙҒАРЫМДАР (ЖАЛҒАСЫ)

Негізгі құралдарды қайта бағалау (жалғасы)

Бағалау нәтижесінде 415.708.160 мың теңге мөлшеріндегі сома 2014 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша әділ құны ретінде мойындалды.

Пайдаланудан болған құнды есептеген кезде мынадай негізгі ұйғанымдар қолданылды:


Дисконттау мөлшерлемесі (WACC)

11,61%

Ұзақ мерзімді өсу қарқыны

2,88%

Негізгі активтің қалған қызмет ету мерзімі

40 жыл

Дисконттау мөлшерлемесінің 0,5%-ға артуы немесе ұзақ мерзімді өсу қарқынының 0,5%-ға азаюы Топтың негізгі құралдарының әділ құнының сәйкесінше 9.089.485 мың теңгеге немесе 9.602.177 мың теңгеге азаюына әкеледі.
Топ басшылығы ҰЭТ ғимараттарының әділ құны олардың 2015 жылғы 31 наурыздағы баланстық құнына жуықтайды деп есептейді.
Дебиторлық берешек
Топ күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервтерді құрады. Күмәнді борыштарды анықтау кезінде маңызды есептік пікірлер қолданылады. Күмәнді борыштарды анықтаған кезде клинеттердің тарихи және күтілетін әрекеті қарастырылады. Топ сенімсіз мерзімі өткен берешеекті былайша бағалайды: 31-90 күн – 5 %, 91-180 күн – 20%, 181-360 күн - 50% және 361 күннен көп - 100%. Экономикадағы өзгерістер немесе клиенттердің жеке шарттары аталған шоғырландырылған қаржылық есептемеде күмәнді берешек бойынша резервті түзетуді талап етуі мүмкін. Контрагенттердің біреуіне, ӨзбекЭнерго МАК қатысты 2014 жылы Топ болып жатқан тәжірибеге байланысты бір жылға күтілетін өтеу мерзімін арттырды. Осылайша, ӨзбекЭнерго МАК дебиторлық берешегі 9,5% мөлшерлемені қолдана отырып, 1 жылға дисконтталды, бұл басшылықтың пікірі бойынша нарықтық мөлшерлеме болып табылады. Толық ақпаратты 9-ескертпеден қарауға болады.
Салықтар

Күрделі салық заңнамасын түсіндіруге, сондай-ақ болашақ салық салынатын табысты алу мерзімі мен сомасына қатысты екіұштылық бар. Топтың халықаралық операцияларының айтарлықтай әралуандығын, сондай-ақ қолда бар шартты қарым-қатынастардың ұзақ мерзімді сипаты мен күрделілігін ескере отырып, нақты нәтижелер мен қабылданған ұйғарымдар арасында туындаған айырмашылық немесе осындай ұйғарымдардың болашақ өзгерістері пайда салығы бойынша шығыстар немесе табыстар сомалары есептемесінде көрсетілген болашақ түзетулерге әкелуі мүмкін. Негізделген ұйғарымдарды негізге ала отырып, Топ салық аудитінің ықтимал салдары үшін резервтер құрады. Мұндай резервтердің көлемі әртүрлі факторларға, алдағы аудиттердің нәтижелеріне және компания, салық төлеуші және тиісті салық органы салық заңнамасын әртүрлі түсінуіне байланысты. Түсіндірудегі мұндай айырмашылықтар Топтың тиісті компаниясы тіркелген елде бой алған шарттарға байланысты мәселелер көлемінің көптігі бойынша туындауы мүмкін.

Топ салық заңнамасына байланысты сотта істі қарау жағдайының туындауын және ақша қаражаттарының бұдан кейінгі ағынын ықтималдығы аз деп бағалауы себепті шартты міндеттеме танылмады.
Кейінге қалдырылған салықтық активтер барлық пайдаланбаған салық залалдары бойынша соған қарсы салықтық залалдар есепке алынуы мүмкін салық салынатын пайданы алу ықтимал болып табылатын шамада танылады. Шоғырландырылған қаржылық есептемеде мойындауға болатын кейінге калдырылған салықтық активтер сомасын анықтау үшін болашақ салық салынатын пайданы алудың ықтимал мерзімдері мен көлемі, сондай-ақ салықты жоспарлау стратегиясы негізінде басшылықтың айтарлықтай пікірі қажет.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Қаржы құралдарының әділ құны
Қаржылық жағдай туралы шоғырландырылған есепте танылған қаржы құралдары мен қаржылық міндеттердің әділ құны белсенді нарықтардың деректері негізінде айқындалуы мүмкін болмаса, ол дисконтталған ақша ағындарының моделін қоса алғанда бағалау әдістерін қолдана отырып, анықталады. Осы моделдер үшін шығыс деректері ретінде мүмкіндігінше бақыланатын нарықтардан алынған ақпарат қолданылады, алайда бұл тіпті іске асырылмайтын жағдайда әділ құнын белгілеу үшін белгілі бір пікір үлесі талап етіледі. Пікірлер өтімділік тәуекелі, кредит тәуекелі және құбылмалылық сияқты шығыс деректерін есепке алуды қамтиды. Аталған факторларға қатысты ұйғарымдардағы өзгерістершоғырландырылған қаржылық есептемеде көрсетілген қаржы құралдарының әділ құнына әсер етеді.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

  • Қолданылуы шектеулі ақшалай қаражат Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен («ХҚДБ»), Еуропалық
  • 3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы) Резервтер
  • 3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы) Займдар бойынша шығындар
  • Жалдау Мәміле жалдау болып табыла ма әлде ол жалдау белгілерін мазмұндай ма, шарттың қолданысы басталу күніне мәміле мазмұнын
  • Зейнетақы мiндеттемелерi
  • Кейінге қалдырылған салық Кейінге қалдырылған салық есептік күнге қаржылық есептеме мақсаттары үшін активтер мен міндеттемелердің салықтық базасы
  • 3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ (жалғасы) Кейінге қалдырылған салық (жалғасы)
  • ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ Шартты міндеттемелер мен шартты активтер
  • 4. МАҢЫЗДЫ ЕСЕПТІК ПІКІРЛЕР, БАҒАЛАУ МӘНДЕРІ МЕН ҰЙҒАРЫМДАР
  • Бағалау мәндері мен ұйғарымдар
  • Негізгі құралдарды қайта бағалау
  • МАҢЫЗДЫ ЕСЕПТІК ПІКІРЛЕР, БАҒАЛАУ МӘНДЕРІ МЕН ҰЙҒАРЫМДАР (ЖАЛҒАСЫ) Негізгі құралдарды қайта бағалау (жалғасы)
  • Қаржы құралдарының әділ құны

  • жүктеу 1.63 Mb.