Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Электр Желілерін Басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы» АҚ

жүктеу 1.63 Mb.



жүктеу 1.63 Mb.
бет11/11
Дата29.03.2017
өлшемі1.63 Mb.

«Электр Желілерін Басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы» АҚ


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

26. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ


Топтың негiзгi қаржылық міндеттемелері қарыздарды да, саудалық және басқа да кредиторлық берешекті де қамтиды. Топтың операцияларын қаржыландыру осы қаржылық міндеттемелердің мақсаты болып табылады.. Топта оның операциялық қызметі барысында тікелей туындайтын сауда-саттық және басқа да дебиторлық берешек, ақшалай қаражат, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді депозиттер болады. Топ сату үшін қолда бар инвестицияларға ие болады.
Топ пайыздық мөлшерлемелердің тәуекеліне, валюталық тәуекелге, кредиттік тәуекелге және өтімділік тәуекелге ұшырайды.
Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі
Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелі – бұл қаржы құралы бойынша болашақ ақшалай ағындардың әділ құны нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің өзеруіне байланысты құбылып тұратын тәуекел. Топтың нарықтық пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі тәуекеліне ұшырауы ең алдымен Топтың құбылмалы пайыздық мөлшерлемесімен бірге ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді борыштық міндеттемелерге жатқызылады. (15-ескертпе). Топ өзінің пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелін қарыздар көрсетілген валютадағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруіне жасалған мониторинг арқылы шектейді.
Барлық басқа шамалар өзгеріссіз болған жағдайда, пайыздық мөлшерлемесі құбылып тұратын қарыздар Топтың салық салуға дейінгі табысына мынадай әсерін тигізеді:



Мың теңгемен

Базистік пункттерде артуы/кемуі*

Салық салғанға дейінгі пайдаға әсер










2015 жылғы 31 наурызда аяқталған үш ай ішіндегі







Либор

2 / (2)

(13.427) / 13.427

Еуробор

7 / (7)

(24.100) / 24.100









2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған үш айда







Либор

3 / (3)

(21.184) / 21.184

Еуробор

12 / (12)

(52.038) / 52.038

* 1 базистік пункт = 0,01%.


Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімталдыққа жүргізілген талдау шеңберінде базалық пункттердегі өзгерістер туралы ұйғарымдар өткен жылдармен салыстырғанда қазіргі кезде айтарлықтай көп құбылмалы болуымен сипатталатын нарықтық жағдайға негізделеді.

Валюталық тәуекел

Валюталық тәуекел – қаржы құралы бойынша болашақ ақша ағынының әділ құны валюталық бағамдарға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде құбылатын болады деген тәуекел. Топтың шетел валюталарының айналым бағамының өзгеру тәуекеліне ұшауға бейім болуы бұл қаржы құралы бойынша болашақ ақша ағындарының әділ құны валюталық бағамдағы өзгерістердің нәтижесінде ауытқу тәуекелі. Сонымен қатар, Топтың айырбастау бағамдарының өзгеру тәуекеліне бейімділігі операциялық қызметпен байланысты (табыстар мен шығыстар Топтың жұмыс істеп түұрған валютасынан ерекшеленетін валютада берілген уақытта).



Мына кестелерде барлық басқа да параметрлер өзгермейтін жағдайда АҚШ доллары мен Еуроның айырбастау бағамында болуы мүмкін өзгерістерге сезімталдық талдауы берілген.
Мұнай мен газ қорларын көлемдік есептеу параметрлері. Мұнай кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ - мұнайлы алаптың ауданы, M2; һ - қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м; j - тиімді кеуектілік; m - мұнаймен қанығу; b - қайтарым коэффиценті; a - мұнайдың меншікті салмағы; һ - қойнауқаттық мұнайдың есептеу коэффиценті.
Топтың басқа да валюталардағы бағамдардың өзгеру тәуекеліне бейімдігі маңызды емес болып табылады.

26. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ


(жалғасы)

Валюталық тәуекел (жалғасы)

Мың теңгемен

Айырбастау бағамының артуы/(азаюы)

Салық салғанға дейінгі пайдаға әсер










2015 жылғы 31 наурызғ







АҚШ доллары

17,37% / (17,37%)

(3.064.397) / 3.064.397

Еуро

18,36% / (18,36%)

(6.230.797) / 6.230.797









2014 жылғы 31 желтоқсанға







АҚШ доллары

30% / (10%)

(6.630.026) / 2.210.009

Еуро

30% / (10%)

(12.316.251) / 4.105.417

Кредиттік тәуекел


Кредиттік тәуекел - бұл Топты қаржылық залалға алып келетін тәуекел, себебі контрагенттер қаржылық құрал немесе клиенттік шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамайды. Топ банктердегі депозиттерді қоса алғанда (10, 11, және 13-ескертпелер), несие тәуекелiне ең алдымен сауда-саттық дебиторлық қарыз бен қаржылық қызметке қатысты (9-ескертпе) өз операциялық қызметіне байланысты тәуекелге ұшырайды. Топтың тәуекелге ұшырауы мен оның контрагенттерінің кредиттік қабілеті ұдайы бақыланады. Кредиттік тәукелге барынша ұшырау әрбір қаржылық активтің баланстық құнымен шектелген (9, 10, 11 және 13-ескертпе).

Топтың шоғырландырылған қаржылық есептемесінде танылған қаржылық активтердің баланстық құны құнсыздануға арналған резервті шегергенде Топтың кредиттік тәуекелінің ең жоғарғы деңгейін білдіреді.

Клиенттермен байланысты кредиттік тәуекелдерді басқару кредиттік тәуекелдерді басқарумен байланысты Топтың саясатына, рәсімдері мен бақылауларына сәйкес жүзеге асырылады. Клиенттерден түсетін өтелмеген дебиторлық балансты Топтың басшылығы тұрақты бақылайды. 2015 жылғы 31 наурыздағы жай-күй бойынша Топта ӨзбекЭнерго МАК деген бір клиент болды, оның берешегі 10.048.687 мың теңге мөлшерін құрайды, бұл дебиторлық берешектің жалпы сомасының 66%-ын құрайды (2014 жылғы 31 желтоқсанда: 10.048.687 мың теңге, бұл 68%-ды құрайды).

Құнсыздануға жасалатын талдауды Топтың басшылығы мерзімі өткен күн саны негізінде дербес түрде әр есептік күнге жүргізеді. Есеп айырысулар бұрын нақты көтерілген залалдар туралы ақпаратқа негізделеді. Есептік күнге кредиттік тәуекелге аса бейімділік 9-ескертпеде қарастырылған қаржылық активтердің әр сыныбының баланстық құнымен берілген. Топта өзіне кепілдіккке берілген мүлік жоқ.

Ақша қаражаттары мен депозиттер бойынша кредиттік тәуекел шектелген, себебі Топтың контрагенттері халықаралық рейтиингтік агенттіктер берген кредиттік рейтингтері жоғары банктер болып табылады.

Өтімділік тәуекелі

Топ басшылығы өтiмдiлік және қысқа мерзiмдi, орта мерзімді және ұзақ мерзiмдi қаржыландыруды басқарудың талаптарына сай өтiмділік тәуекелдiлігін басқарудың қажеттi жүйесін құрды. Топ бiрдей резервтер, банктiк қарыздар және қолжетімді кредит жүйелерін қолдау жолымен, болжамдалған және нақты ақша қозғалысына мониторинг жүргізу жолымен қаржы активтері мен міндеттемелерін өтеу мерзімдерін салыстыру жолымен өтімділік тәуекелін басқарады.

Топ борышты қайта қаржыландыруға қатысты тәуекелдердің шоғырлануын бағалады және бұл өте төмен болады деген пікірге келді. Топ жеткілікті түрде сан алуан қаржы көздеріне қол жеткізе алады және 12 ай ішінде өтелетін берешектер тиісті кредиторлармен жүргізілуі мүмкін.

Мына кестелерде шартты дисконтталмаған ақша ағындары негізінде Топтың қаржылық міндеттемелері бойынша Топтың келісім-шарттық мерзімдері көрсетілген.


26. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ


(жалғасы)

Өтімділік тәуекел (жалғасы)

Мың теңгемен

Қажеттілігіне дейін

1 айдан 3 айға дейін

3 айдан 1 жылға дейін

1 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан көп

Барлығы

2015 жылғы 31 наур.








































Қарыздар



3.440.722

10.807.442

54.168.367

47.291.144

115.707.675

Кредиторлық берешек



6.426.567







6.426.567







9.867.289

10.807.442

54.168.367

47.291.144

122.134.242






















2014 жылғы 31 желтоқсанға



















Қарыздар



4.076.231

10.895.062

56.652.174

51.083.760

122.707.227

Кредиторлық берешек



11.994.310







11.994.310







16.070.541

10.895.062

56.652.174

51.083.760

134.701.537

Капиталды басқару


Топ капиталын басқарудың басты мақсаты Топтың берешек пен капитал қатынасын оңтайландыру арқылы акционер үшін табыстарды барынша көбейте отырып, тіңқызмет үздіксіздігі қағидатын ұсмойындауды жалғастыра алады.
Топ өз капиталын экономикалық шарттардағы өзгерістерді ескере отырып басқарады. Өз капиталын басқару немесе өзгерту үшін Топ акционерлерге дивидендтер төлеуді ауыстыра, капиталды акционерлерге қайтара немесе жаңа акцияларды шығара алады.
2015 жылғы 31 наурызда аяқталған жыл ішінде мақсаттарда, саясаты бойынша немесе капиталды басқару процестерінде қайсыбір өзгерістер болған жоқ.
Топ капиталға борыш коэфициентін қолдана отырып, капиталды басқарады, бұл барлық капиталға бөлінген борыш болып табылады. Топтың міндеті коэфициентті 0,5 деңгейінен жоғары емес деңгейде ұстап тұруда болып табылады. Борыш барлық қарыздарды қамтиды. Капитал барлық міндеттемелер мен барлық акционерлік капитал сомасына тең.


2015 жылғы 31 наурыз
2014 жылғы 31 желтоқсан


Борыш / Капитал

0,18

0,20



Мың теңгемен

2015 жылғы 31 наурыз

2014 жылғы 31 желтоқсан










Қарыздардың ұзақ мерзімді бөлігі

89.187.084

94.714.528

Қарыздардың қысқа мерзімді бөлігі

12.152.515

12.881.885

Борыш

101.339.599

107.596.413










Барлығы міндеттемелер

179.773.049

190.150.575

Капитал

369.136.510

359.777.466

Барлығы капитал мен міндеттемелер

548.909.559

549.928.041

Топ капиталының құрылымы 14-ескертпеде ашып көрсетілгендей акционерлік капиталды, резервтер мен жинақталған залалдарды қамтиды.

26. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ


(жалғасы)

Әділ құнның иерархиясы


Топ қаржы құралдарының әділ құнын анықтау және ол туралы ақпаратты баға модельдерінде ашу үшін мынадай иерархиясы қолданады:

  • 1-деңгей: бірдей активтер немесе міндеттемелер бойынша белсенді нарықтардағы бағалар (ешбір түзетусіз);

  • 2-деңгей:барлық шығыс деректері көрсетілетін әділ құнына айтарлықтай әсер ететін басқа да әдістер нарықта тікелей немесе жанама байқалады;

  • 3-деңгей: бақыланатын нарықтық ақпаратқа негізделмейтін көрсетілетін әділ құнына айтарлықтай әсер ететін шығыс деректер қолданылатын әдістер.

Төмендегі кестеде Топтың әділ құны бойынша міндеттемелері мен активтерін бағалау көздерінің иерархиясы берілген:

Әділ құны бойынша есепке активтер




Мың теңгемен

2015 жылғы 31 наурыз

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей

Қаржылық активтер













Сату үшін қолда бар қаржылық активтер (10-ескертпе)

868.269





868.269

Қаржылық емес активтер













ҰЭТ үймереттері (6-ескертпе)

433.248.981





433.248.981

Әділ құны бойынша ашылатын міндеттемелер

Мың теңгемен

2015 жылғы 31 наурыз

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей















Қаржылық міндеттемелер













Қарыздар (15-ескертпе)

101.339.599



101.339.599



Әділ құны бойынша ескерілетін активтер

Мың теңгемен

2015 жылғы 31 желтоқсан

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей















Қаржылық активтер













Сату үшін қолда бар қаржылық активтер (10-ескертпе)

868.269





868.269

Қаржылық емес активтер













ҚЭТ ғимараттары (10-ескертпе)

437.895.611





437.895.611

Әділ құны бойынша ашылатын міндеттемелер

Мың теңгемен

2015 жылғы 31 желтоқсан

1-деңгей

2-деңгей

3-деңгей















Қаржылық міндеттемелер













Қарыздар (15-ескертпе)

107.596.413



107.596.413



2015 жылғы 31 наурыздағы және 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша осы облигациялардың әділ құны болашақ ақшалай міндеттемелердің ағымдық құны бойынша есепке алынды.

Дисконттау мөлшерлемесінің 0,5%-ға ұлғаюы немесе кемуі есебінде сату үшін 83.224 мың теңгелік немесе тиісінше 58.739 мың теңгелік қаржылық активтер құнының ұлғаюына яки кемуіне әкеп соғады.


26. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ


(жалғасы)



Қаржы құралдарының әділ құны


2014 жылғы 31 наурызда және 2014 жылғы 31 желтоқсанда басшылық Топтың сауда-саттық дебиторлық және кредиторлық берешек, ақшалай қаражат және оның баламасы, қолданылуы шектеулі ақша қаражаттары сияқты қаржы құралдарының әділ құны ең бастысы аталған құралдарды өтеу мерзімдерінің ұзаққа созылмауы себепті шамамен алғанда олардың баланстық құнына тең екенін анықтады. Қарыздар шамамен олардың әділ құнына тең амортизациялық құны бойынша көрсетілген.

Бағалау әдістері мен ҰЭТ ғимараттарының әділ құнын бағалаудың негізгі қолданылған ұйғарымдары 4-ескертпеде баяндалған.



27. ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР




Қызметті жүргізу шарты


Қазақстанда экономикалық реформалар және нарықтық экономика талаптарына сай келетін құқықтық, салықтық және әкімшілік инфрақұрылымдарды дамыту жалғасуда.
Реформа(лат. reformate - қайта құру, жаңғырту) – өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымды сақтап, кейбір институттарды қайта құру, өзгерту.
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе бұл реформалардың барысына, сонымен қатар Үкімет қабылдайтын экономика, қаржы және ақшалай-кредиттік саясат саласындағы шаралардың тиімділігіне байланысты болады.
2014 жылы қазақстандық экономикаға шикізат мұнай бағасының айтарлықтай төмендеу және ресей рубілінің айтарлықтай девальвациясы теріс әсер етті. Аталған факторлардың жиынтығы капиталдың қол жетімдіглігінің төмендеуіне, инфляцияның артуына және экономикалық өркендеуге қатысты екіұштылыққа әкелді.
Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») - бұл бағаның өсуінен, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Бұл алдағы уақытта қаржылық жағдайға, операциялардың нәтижелеріне және Компанияның экономикалық перспективаларына теріс әсер етуі мүмкін. Компания басшылығы ағымдағы жағдайда Компанияның экономикалық орнықтылығын қолдау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды деп санайды.

Салық салу

Қазақстандық салық заңнамасы мен норматвтік-құқықтық актілер ұдайы өзгерістер мен әртүрлі түсініктемелердің мәні болып табылады. Жергілікті, өңірлік және республикалық салық органдары арасындағы пікірлерде болған алшақтық жағдайлары аз кездеспейді. Қазақстанда қолданылатын заңдар негізінде анықталған құқық бұзушылықтар үшін қазіргі уақытта қолданылатын айыппұлдар мен өсімпұлдар жүйесі өте қатал. Айыппұл шаралары әдетте қосымша есептелген салықтар сомасынан 50 % мөлшеріндегі айыппұлдарды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша есептеліп 2,5-ке көбейтілген өсімпұлды қамтиды. Нәтижесінде айыппұл шараларының сомасы толық есептелуі тиіс салықтар сомасынан бірнеше есе артуы мүмкін. Қаржылық кезеңдер тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы бес күнтізбелік жыл ішінде салық органдары тексеру үшін ашық қалдырылады. Белгілі бір жағдайлар кезінде салықтық тексерулер ұзағырақ мезгілдерді қамти алады. Жоғарыда баяндалғандарға орай, салықтардың, айыппұл шаралары мен өсімпұлдардың, егер мұндайлар болса, ақырғы сомасы осы уақытқа және 2015 жылдың 31 наурызына есептелген шығыстарға жатқызылған сомадан артуы мүмкін.

2015 жылғы 31 наурыздағы жай-күй бойынша Топ басшылығы қолданылатын заңнама түсіндірмесі дұрыс және Топтың салықтар бойынша ұстанымы аталған шоғырландырылған қаржылық есептемеде қарастырылған немесе ашып көрсетілген жағдайларды қоспағанда расталады деп санайды.

Кредиттік келісімдердің шарттары

1999 жылдан 2011 жылға дейін Топ ЕҚДБ және ХҚДБ-мен (бұдан әрі – кредиторлар) 558 миллион АҚШ доллары және 233 миллион еуро жалпы сомасына кредиттік келісім жасады (15-ескертпе). Топ және кредиторлар арасындағы кредиттік келісімдерге сай Топ мынадай кредиттік келісім шарттарын сақтауға міндеттенеді:



  • Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерге арақатынасы кем дегенде 1:1;

  • Жиынтық берешектің жалпы капиталдандыруға ара қатынасы көп дегенде 50%;

  • Қаржылық шығыстарды, пайда салығын, тозу мен амортизацияны («EBITDA») шегергенге дейінгі табыстардың қаржылық шығыстарға ара қатынасы кем дегенде 3:1;

  • Таза борыштың EBITDA арақатысы көп дегенде 4:1;

  • Өзін өзі қаржыландыру коэффициенті кем дегенде 20%;

  • Борышқа қызмет көрсету коэффициенті кем дегенде 1,2.

Басшылық 2015 жылғы 31 наурыздағы және 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша Топ ЕҚДБ және ХҚДБ-мен жасалған кредиттік келісімдердің барлық шарттарын орындады деп санайды. EBITDA есептеген кезде Топ бағамдық айырмашылықтан болған залалды болдырмайды, себебі бағамдық айырмашылықтан болған залал сенімсіз құнсыздану анықтамасына сәйкес келеді және EBITDA есебінен алынып тасталуы тиіс деп санайды. 2015 жылғы 31 наурызда EBITDA есептеген кезде Топ 2015 жылғы 31 наурызда аяқталған бір жылдағы бағамдық айырмашылықтан болатын 3.681.529 мың теңге сомасындағы залалды болдырмады.
Сақтандыру
2015 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша Топ теңгерімдік құны 153.385.690 мың теңге сомасына өндiрiстiк активтерiн сақтандырды. Сақтандыратын жағдай келгенде сақтандыру төлемі активтердің баланстық құны шегінде жүргізіледі. Топ қалған өндiрiстiк активтердi сақтандырмады. Сақтандырудың жоқтығы активтер құнының азаюын немесе мiндеттемелердiң туындауын білдірмейтіні себепті осы шоғырландырылған қаржылық есептемеде осындай активтердің бүлінуге немесе жоғалуына байланысты күтпеген шығыстарға ешқандай резерв құрылған жоқ.
Келісім-шарттық міндеттемелер
Ұлттық электр торабы жабдығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Топ капиталды инвестициялар жоспарын әзірледі. Осы жоспар шеңберiнде Топ жасаған ашық келісім-шарттар бойынша мiндеттемелер сомасы 2015 жылғы 31 наурыздағы жай-күй бойынша 104.70.448 мың теңгенi құрады (2014 жылғы 31 желтоқсан: 103.344.164 теңге)

Жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алуға арналған тарифтер

Жаңартылмалы энергия көздері туралы заңның қолданысқа енуіне дейін пайдалануға енгізілген жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатып алуға арналған тарифтер Үкіметтің 2014 жылғы 29 сәуірдегі №419 қаулысында анықталған және осы объектілер құрылысының техникалық-экономикалық жобаларында қарастырылған тарифтерге тең болады.

Жаңартылмалы энергия көздері туралы заңның қолданысқа енуінен кейін пайдалануға енгізілген жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер үшін Үкіметтің 2014 жылғы 12 маусымдағыі №645 қаулысымен мақұлданған кесімді тарифтер қолданылады.

27. ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР


(жалғасы)
Келісім-шарттық міндеттемелер (жалғасы)

Жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатуға арналған тарифтер

Жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатуға арналған тарифті шартты тұтынушы Үкіметтің 2014 жылғы 1 сәуірдегі №290 қаулысымен бекітіліген «Жаңартылмалы энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына» сәйкес есептейді. Электр энергиясын сатуға арналған тариф сатып алынатын электр энергиясының құнын, операциялық шығыстарды, электр энергиясын өндіру және тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі құнын және пайданы қамтиды әрі реттілі негізде «Жаңартылмалы энергия көздерін қолдау жөніндегі есептеу-қаржылық орталығы» ЖШС есептейді.

Басшылық жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын сатуға және сатып алуға арналған тарифтерді есептеу мен қолдану лайықты түрде және қолданылатын нормалар мен заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырылады деп санайды. 

28. ЕСЕПТІК КҮННЕН СОҢҒЫ ОҚИҒАЛАР

2015 жылдың 30 сәуірінде Акционерлердің жалпы жиналысы 2014 жыл үшін дивидендтерді Компания таза табысының 99,97% мөлшерінде төлеу туралы шешім қабылдаған болатын, бұл 8.613.800 мың теңгені немесе бір акцияға 33,13 теңгені құрайды.






1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

  • * 1 базистік пункт = 0,01%.
  • 26. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ
  • Кредиттік тәуекел
  • Капиталды басқару
  • 26. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ ( жалғасы ) Әділ құнның иерархиясы
  • 26. ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ МАҚСАТЫ МЕН САЯСАТЫ ( жалғасы ) Қаржы құралдарының әділ құны
  • 27. ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
  • 27. ШАРТТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР

  • жүктеу 1.63 Mb.