Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар
- Екі айнымалысы бар қою кестесін қолдану
- Тақырып бойынша тапсырмалар
- 7-тәжірибелік жұмыс. Шешімді іздеу (поиск решения) баптамасының көмегімен тиімділеу есептерін шығару
- Поиск решения(Шешімін табу)
- Установить целевую ячейку(Мақсатты ұяшықты орнату)
- Равной(Тең болатын)
- Минимальному значению
- Изменяя ячейки(өзгеретін ұяшықтар)
- - Ограничения(Шектеулер)
- - Добавить
- Ссылка на ячейкус(Ұяшыққа сілтеме)
- Добавление ограничения
- Параметры
- Параметры поиска решения
- - Предельное число итераций
- - Показывать результаты итераций
- - Оценка
- Результаты поиска решения
- Сервис, Шешім іздеу (Поиск решения)
- Сервис , Надстройки , Шешім іздеу
- Сервис, Шешім іздеу
- Орындау
- 2-тапсырма. Қорытпалардың құрамын анықтау
7-тәжірибелік жұмыс. Қою кестесі (таблица подстановки). Бір айнымалысы бар қою кестесін қолдану Займ бойынша ай сайын төленетін төлемдерді есептеу мысалын қарастырайық. Есептеуде ПЛТ функциясы қолданылады. Шешуі: а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендері жазылған есептеу бетін 3.18-суреттегідей құрамыз: Мұнда В5 ұяшығындағы мəндер төмендегі формуламен есептелінеді: =ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2) Бұл формулада абсолютті адрестеуді қолданған дұрыс. ə) Түрлі проценттік ставкада ай сайынғы төлемдер қалай өзгеретінін анықтау үшін сол мəндер орналасатын диапазондарды 3.19-суреттегідей дайындаймыз; ![]() 3.18-сурет – Берілгендер кестесі б) Берілген мəндер мен шығатын нəтижелер орналасатын диапазондарды ерекшелеп, Данные – Таблица подстановки командасын орындаймыз, нәтіжесі 3.20-суретте көрсетілген; в) Шыққан Таблица подстановки 3.21-суретте көрсетілген терезесіне дайындаған мəндердің формулада қай ұяшық орнына қойылатыны көрсетеміз. Біздің мысалымызда ол В4; г) Нəтижесінде ай сайынғы төлемдер түрлі проценттік ставкаға сəйкес 3.22-суреттегідей есептелініп шығады.
3.20-сурет – Қою кестесін ерекшелеу ![]() 3.21-сурет – Таблица подстановки терезесі ![]() 3.22-сурет – Бір өлшемді нəтижелік қою кестесі Екі айнымалысы бар қою кестесін қолдану Борышты өтеудің түрлі мерзімдері жəне түрлі проценттік ставкаға байланысты займ бойынша ай сайынғы төлемдерді есептеуді қарастырайық. Шешімі: а) Қолданушыға түсінікті болатындай берілгендер жазылған жұмыс бетін 3.23-суреттегідей дайындаймыз: ![]() 3.23-сурет – Берілгендер кестесі Мұнда В5 ұяшығына =ПЛТ($B$4/12;$B$3*12;$B$2) формуласын жазамыз. ə) Түрлі проценттік ставка жəне мерзімдер үшін ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін мəндер кестесін 3.24-суреттегідей дайындаймыз: ![]() 3.24-сурет – Мəндер кестесі б) Екі айнымалының мəндерін қолданып есептеулер жүргізілетін диапазонды ерекшелеп, Данные – Таблица подстановки командасын орындаймыз. Шыққан 3.25-суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз: ![]() 3.25-сурет – Таблица подстановки терезесі в) Нəтижесінде ай сайынғы төлемдер түрлі проценттік ставкаға жəне мерзімге сəйкес 3.26-суреттегідей есептелініп шығады: ![]() 3.26-сурет – Екі өлшемді нəтижелік қою кестесі Тақырып бойынша тапсырмалар 1-есеп. Əр түрлі мерзімдер мен проценттік ставкалар үшін мөлшері 400 млн займ төлемдеріне қою кестесін құрыңыз. ПЛТ функциясын қолданыңыз; 2-есеп. Жылдың аяғында проект бойынша капитал салымдары 150 млн., ал 4 жылдың ішінде түсетін пайда 45, 48, 56, 60 млн деп болжанады. Проектінің таза ағымдық құнын түрлі дисконттау нормалары мен капитал салымдарының мəндеріне байланысты қою кестелерінде есептеу керек. ЧПС функциясын қолданыңыз. 3-есеп. Облигациялар 89 курспен, 9.09.2001 сатып алынған жəне купондық пайда (ставка) 10%, төлем периоды жырты жылда бір рет. Облигация борышы өтелетін күн 15.09.2005, курсы – 100 деп болжанады. Қою кестесінде облигация бағасы мен купонның жылдық ставкаға тигізетін əсерін көрсету керек. Уақытша есептеу базисы – 1. ДОХОД функциясын қолданыңыз. 4-есеп. Номиналы 1000 облигация, купондық ставкасы 8 %, төлем периоды – жылына 4 рет, шығарылған күні - 1.09.2003, сатып алынған күні – 5.10.2003, купонның бірінші рет төленген күні – 12.12.2003, есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен жиілік пен купондық ставканың жинақталған табыстың мөлшеріне əсерін көрсетіңіз. НАКОПДОХОД функциясын қолданыңыз. 5-есеп. 200000 бағаға купонсыз облигация (инвестиция) 06.09.2002 сатып алынған. Борыш өтелетін күн – 12.09.2005, бағасы – 250000. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен қосымша пайданың жылдық ставкасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен борышты өтеу бағасына қалай байланысты екенін көрсетіңіз. ИНОРМА функциясын қолданыңыз. 6-есеп. Вексельдің берілген күні – 6.09.2002, сомасы (инвестиция) – 250000, 8 % ставкамен төленген күні – 12.09.2004 , Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен вексель бойынша алынатын соманың шамасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен жеңілдікке байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ПОЛУЧЕНО функциясын қолданыңыз. 7-есеп. Облигация алынған күні – 11.08.2001, борышты өтеу күні – 25.11.2003, купондық пайда – 10 %, проценттер төлемі жарты жылда бір рет, пайданың жылдық ставкасы – 12 %. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен құнды қағаздың ұзақтығының өзгерісі пайданың жəне купонның мөлшеріне байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ДЛИТ функциясын қолданыңыз. 8-есеп. 350000 бағаға купонсыз облигация (инвестиция) 12.09.2004 сатып алынған. Борыш өтелетін күн – 12.09.2008, бағасы – 450000. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен қосымша пайданың жылдық ставкасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен борышты өтеу бағасына қалай байланысты екенін көрсетіңіз. ИНОРМА функциясын қолданыңыз. 9-есеп. Вексельдің берілген күні – 14.02.2005, сомасы (инвестиция) – 150000, 8 % ставкамен төленген күні – 12.03.2007 , Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен вексель бойынша алынатын соманың шамасының өзгеруі инвестиция мөлшері мен жеңілдікке байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ПОЛУЧЕНО функциясын қолданыңыз. 10-есеп. Облигация алынған күні – 18.06.2000, борышты өтеу күні – 25.11.2007, купондық пайда – 10 %, проценттер төлемі жарты жылда бір рет, пайданың жылдық ставкасы – 12 %. Уақытша есептеу базисы – 1. Қою кестесінің көмегімен құнды қағаздың ұзақтығының өзгерісі пайданың жəне купонның мөлшеріне байланысты қалай жүретінін көрсетіңіз. ДЛИТ функциясын қолданыңыз.
Күнделікті өмірде оптимизациялау есептерін шешу қажеттілігімен жие кездесеміз. Қарапайым мысал, сауда дүкеніне кіргенде әрдайым мына бір сұрақ туындайды: амиянымыздың мүмкіндігіне қарай қажеттілігімізді барынша қалай қанағаттандыруға болады? Ал, менеджерлер, экономистер үнемі жұмыстары барысында қызметкерлер штатын жоспарлау, еңбек ақы қорын жоспарлау, өндірістің тиімді жоспарын құру, тауарды нарыққа жылжыту бойынша жарнама кампанияларын жоспарлау секілді мәселелермен кездеседі. Өмірде және экономикада жие кездесетін осындай есептердің көптүрлілігіне қарамастан, Excel оларды шешудің тиімді әдісі – Поиск решения құралын ұсынады. ДК пайдаланушысынан талап етілетіні Excel үшін есептің дұрыс қойылуын қалыптастыру, ал есептің тиімді шешімін дәл және тез арада Поиск решения құралы тауып береді.
Поиск решения 3.27-суреттегі сұхбат терезесінің элементтерін қарастырайық. Установить целевую ячейку(Мақсатты ұяшықты орнату) өрісіне максимумы, минимумы немесе берілген мән табылатын функция ұяшығына сілтеме жасалады. Шешім мен мақсатты ұяшық арасындағы өзара байланыстың типі Равной(Тең болатын) тобындағы ауыстырғыштарға белгі қою арқылы орнатылады. Мысалы, мақсатты функцияның максимумын немесе минимумын табу үшін ауыстырғыш Максимальному значению немесе Минимальному значению жағдайына сәйкесінше қойылады. Мақсатты функцияның берілген мәнін табу үшін Равной тобындағы Значению жағдайы таңдалады. Изменяя ячейки(өзгеретін ұяшықтар) өрісіне есептің шешімін табу барысында өзгеруі қажет ұяшықтар адресі, яғни айнымалыларға бөлінген ұяшықтар көрсетіледі. Есептің айнымалыларына қойылатын шарттар - Ограничения(Шектеулер) өрісінде бейнеленеді. Шешімін табу құралы теңдік, теңсіздік, сонымен қатар айнымалылардың бүтін сан болу шарты түріндегі шектеулерді енгізуге мүмкіндік береді. Шектеулер біртіндеп енгізіледі. Шектеулерді енгізу үшін Поиск решения сұхбат терезесіндегі - Добавить батырмасына басу қажет және ашылған Добавление ограничения (Шектеулерді енгізу) 3.28-суретте көрсетілген сұхбат терезесінің өрістерін толтыру керек. ![]() 3.27-сурет – Поиск решения терезесі Ссылка на ячейкус(Ұяшыққа сілтеме) өрісіне шектеудің (шарттың) сол жағы, Ограничение(Шектеулер) өрісіне оң жағы енгізіледі. Ашылатын мына ![]() ![]() 3.28-сурет – Шектеулерді енгізу терезесі Поиск решения сұхбат терезесінің Параметры батырмасы шешімді табу үшін қандай параметрлер берілгендігін текеру мақсатына қолданылады. Параметры поиска решения сұхбат терезесінде зерттелетін мәселенің шешімін табудың варианттары мен шарттарын өзгертуге, сондай-ақ тиімді модельді жүктеуге және сақтауға болады. Үнсіз келісім бойынша қолданылатын басқару элементтерінің жағдайлары мен мәндері көптеген есептердің шешімі үшін жарайды. Параметры поиска решения сұхбат терезесінің элементтерін арастырайық: - Максимальное время өрісі есептің шешімін табуға кететін уақытты шектеу үшін арналған. - Предельное число итераций өрісі аралық есептеулер санын шектеу үшін қажет. - Относительная погрешность және Допустимое отклонение өрістері шешімнің қандай дәлдікпен табылатындығын анықтау үшін арналған. Үнсіз келісім бойынша берілген параметрлер арқылы табылған шешімді үлкен дәлдікпен және аз ауытқумен қайта тауып, сосын бастапқы шешіммен салыстырған орынды. Мұндай тексеруді айнымалыларына бүтін сандық шарты қойылған есептерге жүргізу ұсынылады. - Линейная модель жалаушасы сызықтық оптимизациялау есептерінің шешімін табу немесе сызықтық емес септердің сызықтық аппроксимациясы үшін қызмет етеді. Сызықтық емес есептер жағдайында бұл жалауша алынып тасталуы, ал сызықтық есеп жағдайында салынуы қажет, себебі кері жағдайда бұрыс шешім алынуы мүмкін. - Показывать результаты итераций жалаушасы шешім табуды тоқтата тұруға және жекелеген итерациялардың нәтижелерін қарау үшін арналған. - Автоматическое масштабирование жалаушасы өлшемі бойынша сапалық тұрғыда ерекшеленетін кіріс және шығыс мәндерді автоматты түрде нормализациялау үшін арналған, мысалы миллион теңгемен есептелетін салымдарға қатысты пайда пайызын максимизациялау жағдайында. - Оценка тобы экстрополяция әдісін таңдау үшін қызмет етеді. - Производные тобы сандық дифференциациялау әдісін таңдау үшін арналған. - Метод тобы оптимизациялау алгоритмін таңдау үшін арналған. Есептің шешімінің нәтижелері туралы есеп беруді дайындау үшін Результаты поиска решения сұхбат терезесінде қажетті есеп беру типін таңдау қажет: Результаты, Устойчивость, Пределы. 1-тапсырма. Бояу өндірісін жоспарлау Келесі өндірісті жоспарлау есебін қарастырайық. Кіші фабрика 2 түрлі: ішкі (І) және сыртқы (Е) жұмыстар үшін бояу шығарысымен айналысады. Екі түрлі өнім көтерме саудаға түседі. Бояларды өндіру үшін екі бастапқы өнімдер А және В пайдаланылады. Тәуліктік максималды қоры 6 және 8 тонна құрайды. А және В өнімдерінің сәйкесінше бояулардың бір тоннаға шығындары 3.7-кестеге келтірілген. Өткізу нарығын зерттеуі І бояуының тәуліктік сұранысы Е бояуынан ешқашан 1 тоннаға артық болмағанын көрсетті. Осыған қоса, І бояуына деген сұраныс күніне 2 тоннадан артық емес екенін көрсетті. Бояулардың көтерме сауда бағалары: Е бояуы үшін 3000 тенге және І бояуы үшін 2000 тенге. Өнімді ақшаға айналдырудың табысы максималды болуы үшін фабрика әр бояудың қандай мөлшерін өндіру керек? 3.7-кесте– Бояу өндірісін жоспарлау есебінің бастапқы мәндері
Осы есепті шығару үшін математикалық моделін құру керек. Моделді құру процессін бастау үшін келесі үш сұраққа жауап беру керек: - модел қандай шамаларды анықтауға құрылады (яғни айнымалы моделдер); - мүмкін болатын айнымалы шамалардың көбінен тиімдіні таңдау мақсаты неден құрылады; - белгісіздер қандай шектерден аспауы керек. Біздің жағдайымызда табысты барынша көп алу үшін фабрика дұрыс өндіріс көлемін жоспарлау керек. Осыған сәйкес айнымалылар: хІ І бояуының тәуліктік өндіріс көлемі және хЕ Е бояуының тәуліктік өдіріс көлемі. Тәуліктік табыс жиынтығы z І бояуының өндірістік хІ және Е бояуының х2 z=3000х1 2000хЕ тең болады. Мүмкін болатын хЕ және хІ шамалардың ішінен фабрика мақсаты табыс жиынтығын максималданатын, яғни мақсатты z функциясын анықтау. Енді х1 және хЕ қойылатын шектерге көшейік. Бояларды өндіру көлемі теріс бола алмайды, яғни х1, хЕ >= 0 Бояулардың екі түрін өндіруге қажетті бастапқы өнім шығыны мүмкін болатын бұл бастапқы өнім қорынан артық бола алмайды. Яғни,
Осылай, бұл есептің математикалық моделі келесі түрге ие: Төменгі шек арқылы z=3000х1 2000хЕ максималдау:
Бұл есепті Сервис,_Шешім_іздеу_(Поиск_решения)'>Сервис, Шешім іздеу (Поиск решения) командасы арқылы шешейік. Шешім іздеу құралы Excel қондырғысының біреуі болып табылады. Егер Сервис менюінде Шешім іздеу командасы жоқ болса, онда оны құру үшін Сервис, Надстройки, Шешім іздеу командасын орындау қажет. 3.29-суретте көрсетілгендей A3 және ВЗ ұяшықтарын =3000*АЗ 2000*ВЗ. А7:А10 ұяшықтарына сол жақ шектерді енгізейік =АЗ 2*ВЗ; =2*АЗ ВЗ; =ВЗ-АЗ;
=ВЗ, В7:В10 ұяшықтарыдна – шектеулердің оң бөліктері. Содан кейін Сервис, Шешім іздеу командасын таңдап, 3.30-суретте көрсетілген ашылған Шешім іздеу терезесін толтырамыз.
Есепті қарап шығайық: А және В қорытпалар алу үшін І, ІІ, ІІІ және ІV металлдар қолданылады. Олардың А және В қорытпалардың құрамында болу талаптары 3.8-кестеде келтірілген. І, ІІ, ІІІ және ІV металлдарын өндіруге қажетті кендер қорлары мен олардың мінездемелері 3.9-кестеде көрсетілген.
3.9-кесте– Қорытпа құрамын анықтау есебіндегі кендер мінездемесі мен қоры
А қорытпасының 1 т бағасы 200 долларов болсын, ал В қорытпасының 1 т – 210 доллар. А және В қорытпаларын сатқаннан келген пайданы максималдау қажет.. А және В қорытпаларын алуға қажетті І, ІІ, ІІІ және ІV металлдарының санын сәйкесінше Осылай, бұл есептің математикалық моделі келесі түрге ие: максималдау ![]() Қорытпа құрамына шек бойынша ( екі кесте мәліметтері негізінде): ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Кен құрамы мен мінездеме бойынша (үш кесте мәліметтері негізінде): ![]() ![]() ![]() ![]() Сонымен қатар, айнымалыларды пайдалану диапазоны бойынша: ![]() ![]() ![]() ![]() 3.33-суретте көрсетілгендей, C3:D6 ұяшықтар диапазонын ![]() ![]() ![]() 3.33-сурет – Қорытпа құрамын анықтау есебінің бастапқы мәліметтер. G9 ұяшығына мақсатты функциян енгізейік =200*СУММ(СЗ:С6) 210*СУММ(D3:D6)-30*F3-40*F4-50*F5 С8:С17 ұяшықтар диапазонына сол жақ шектерді енгізейік және оларды барлық айнымалылар сол жақта болатындай, ал тең емес белгілері – кем немесе тең болатындай түрге келтірейік: =СЗ-0,8*СУММ(СЗ:С6), =С4-0,3*СУММ(СЗ:С6), =D4-0,6*СУММ(D3:D6), =0,4*СУММ(D3:D6)-D4, =0,3*СУММ(D3:D6)-D5, =D6-0,7*СУММ(D3:D6), =СУММ(СЗ:D3)-0,2*$F$3-0,1*$F$4-0,05*$F$5, =СУММ(С4:D4)-0,1*$F$3-0,2*$F$4-0,05*$F$5, =СУММ(С5:D5)-0,3*$F$3-0,3*$F$4-0,7*$F$5, =СУММ(С6:D6)-0,3*$F$3-0,3*$F$4-0,2*$F$5. НЗ:Н5 ұяшықтар диапазонына қорды бар кен санын енгізейік. 3.34-суретте көрсетілгендей Сервис, Шешім іздеу командаларын таңдап, Шешім іздеу терезесін толтырайық. Қажетті ұяшықтарды және шектерді толтырғаннан кейін Орындау батырмасын басыңыз. ![]() 3.34-сурет – Қорытпа құрамын анықтау есебіндегі Шешім іздеу терезесі |