Главная страница
Контакты

    Басты бет


Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар

жүктеу 1.97 Mb.



жүктеу 1.97 Mb.
бет8/12
Дата19.03.2017
өлшемі1.97 Mb.

Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3.4-кесте – Қалалар бойынша банктердің жұмысын талдау



Қала

Москва













Банк коды

Мәліметтер

Қорытынды

121

Таза пайда

26876

Меншікті капитал

955606

Қарыз капитал

95560,6

Ағымдағы берешек

2070295,4

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,124090995

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,173816315

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,028124562

3.4-кестенің соңы



137

Таза пайда

135005

Меншікті капитал

846563

Қарыз капитал

84656,3

Ағымдағы берешек

464999,7

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,207308983

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,871928182

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,159474251

156

Таза пайда

45455

Меншікті капитал

678000

Қарыз капитал

67800

Ағымдағы берешек

1197797

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,093147973

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,080362573

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,067042773

159

Таза пайда

110369

Меншікті капитал

589355

Қарыз капитал

58935,5

Ағымдағы берешек

2106999,5

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,185193761

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,509641581

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,18727083

Қорытынды Таза пайда

317705

Қорытынды Меншікті капитал

3069524

Қорытынды Қарыз капитал

306952,4

Қорытынды Ағымдағы берешек

5840091,6

Қорытынды Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,162778639

Қорытынды Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,291033524

Қорытынды Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,103503019

Негізгі қорлардың пайдалылығы таза пайданы негізгі қорлардың орташа құнына бөлу арқылы табамыз. Меншікті капиталдың пайдалылығы таза пайданы меншікті капиталға бөлгенге тең.



3-тапсырма. Алғашқы ведомосінің 3.5-кестесі негізінде құрама кестенің мастері көмегімен 3.6-кестені құру.

«Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы» және «Құнындағы үлес салмағы» атты өрістер есептелетін болып табылады. Қосымша есептеулер ретінде баған бойынша соманың бөлігін қойыңыз.


3.5-кесте – Өткізілген тауарлардың тізімдемесі

п/п

Тауар топтарының коды

Тауар аты

Сатылған тауарлар саны

Бірлік бағасы

1

Ет

2005

250

7980,00

1

Колбаса өнімдері

1258

360

8152,00

1

Сүт

4587

50

5133,00

1

Сыр

569

450

6551,00

2

Ұн

14789

45

3461,00

2

Тары

1258

26

1472,00

2

Рис

456

70

4216,00

2

Манка

789

50

3825,00

2

Гречка

123

85

4917,00

3

Сәбіз

478

15

1266,00

3

Қызылша

589

25

1977,00

3

Картоп

233

20

2511,00

3.6-кесте – Өткізілген тауарлар анализінің тізімдемесі



Тауар аты

Деректер

Қорытынды

Колбаса өнімдері

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

8152

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

29,31%

Өткізілген сомасы

452880

Құнындағы үлес салмағы

4,85%

Сүт

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

5133

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

18,45%

Өткізілген сомасы

229350




Құнындағы үлес салмағы

2,45%

Ет

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

7980

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

28,69%

Өткізілген сомасы

501250

Құнындағы үлес салмағы

5,36%

Сыр

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

6551

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

23,55%

Өткізілген сомасы

256050

Құнындағы үлес салмағы

2,74%

3.6-кестенің соңы



Қорытынды Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

27816

Қорытынды Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

100,00%

Қорытынды Өткізілген сомасы

9345090

Қорытынды Құнындағы үлес салмағы

100,00%


Бақылау сұрақтары

1) Құрама кестелердің жұмыс қажеттілігін және механизмін түсіндіріңіз.

2) Эмитенттер бойынша ұсыныс құрылымы, Эмитенттердің ҚҚ-на сұраныс құрылым және Эмитент ұсыныстарының құрылымы өрістері арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіз.

3) Пайдалылық пен тиімділіктің түсініктері



5-тәжірибелік жұмыс. Несие төлемдерін есептеуде қаржылық функцияларды пайдалану

Еxcel кестелік процессорында ПЛТ, ПРПЛТ, ОСПЛТ қаржылық функцияларын қолдану арқылы, кезеңдегі несие төлемдерін, негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге болады.

Кезеңдегі жалпы төлемдерді есептеу үшін ПЛТ функциясы қолданылады. Оның аргументтері:

Ставка – кезеңдегі проценттік ставка.

КПЕР – төлемдерді төлеу мерзімінің жалпы саны.

ПС – ағымдық мерзімдегі несиенің жалпы сомасы.

БС – соңғы төлемнен кейінгі болашақта болуы мүмкін құн немесе қолма-қол баланс. Егер БС аргументі жоқ болса, оны 0 деп есептейді.

ТИП – 0 немесе 1 сандары төлемінің сәйкес мерзімінің басында немесе соңында төленетінін көрсетеді. Егер 0 болса, онда төлем кезеңнің соңында, ал 1 болса, кезеңнің басында төленеді.

Әр кезеңдегі негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді есептеу үшін ОСПЛТ және ПРПЛТ функцияларын қолданамыз. Бұл функциялардың да, тек төлем кезеңін көрсететін «Период» аргументінен басқа барлық аргуметтері ПЛТ функциясының аргументтерімен бірдей.

Бұл функцияларды қолдану барысында мыналарды есте ұстау қажет:

- Егер төлем ай сайын төленетін болса, онда жылдық процент ставкасын 12-ге бөлу керек;

- ПЛТ функциясымен есептелетін төлемдер негізгі төлемдер мен процент бойынша төлемдерді қамтиды, бірақ кейде қарызбен байланысты болатын салықтарды, резервтік төлемдерді немесе комиссияларды қоспайды.

1-есеп. 10000 доллар көлемінде 5 жылға, жылдық 17%-тік ставкамен алынған қарыз бойынша жылдық төлем шамасын есептеу.

3.8-суреттегі В3:В5 ұяшықтары аралығына алғашқы мәліметтерді енгіземіз. В6 ұяшығына жылдық төлем шамасын есептеу үшін ПЛТ функциясын қолданамыз, аргументтерін келесі түрде енгіземіз: =ПЛТ($B$3;$B$4;-$B$5)

Жалпы төлем сомасы: =B6*B4

Әр кезеңде төленетін процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдерді анықтау үшін келесі формулаларды енгіземіз:



3.8-сурет – Есептің шешуі
D10 ұяшығына =ПРПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз.

Е10 ұяшығына =ОСПЛТ($B$3;C10;$B$4;-$B$5) енгізіп, курсорды төменгі оң жақ бұрышқа орналастырып, соңғы кезеңге дейін тышқанның сол жақ батырмасын басулы ұстап тартамыз. Нәтижесінде әр кезеңдегі процент бойынша төлемдер мен негізгі төлемдердің шамасы анықталады. Қарыз қалдығын өз бетіңізбен орындаңыздар.

2-есеп. 3 жылға жылдық 15%-пен алынған құны 700000 теңге болатын тұтыну несиесі бойынша айлық төлем шамаларын (негізгі төлем шамасын, проценттік төлем шамасын және жалпы айлық төлем шамасын) және қарыз қалдығын есептеңіздер.

3-есеп. 20 жылға 11 % жылдық ставкамен 52000 тенге ақша салынғанда шотта қанша ақша болатынын есептеу керек. Процент ай сайын есептеледі.

Шешімі:

Болашақ құнды есептеу үшін күрделі процентті есептейтін БС функциясы қолданылады:



БС(ставка; кпер; плт; пс; тип)

Біздің есебімізде функция төмендегідей жазылады:

БС(11 %/12;20*12;;-52000)

Есептеу терезесі 3.9-суреттегідей болады:



3.9-сурет – Салымның болашақ құнын есептеу
Болашақ құнның шамасын есептеу үшін В8 ұяшығына мына формуланы жазамыз:

= БС(B4/B5;B6*B5;;-52000)

4-есеп. Проектіні іске асыру барысында жыл сайын түсетін пайда 54 000 000 болады деген болжам бар. Проектінің өзін-өзі ақтау мерзімін анықтау керек. Алғашқы инвестиция мөлшері 140 000 000, дисконттау нормасы 7,67 %

Шешімі:


Төлемдер мерзімін анықтау үшін КПЕР(ставка; плт; пс; бс; тип) функциясы қолданылады. Біздің есебіміз бойынша КПЕР(7,67 %; 54000000; -140000000) = 3

5-есеп. Облигация 200 000 номиналмен 7 жылға шығарылған. Процентті есептеу мынандай тəртіппен жүргізіледі: бірінші жылы – 11 %, келесі үш жылда – 16 проценттен, қалған үш жылда – 20 проценттен. Күрделі проценттік ставкамен облигацияның болашақ құнын есептеу керек.

Шешімі:
Күрделі проценттік ставкамен болашақ құнды төмендегі функцияның көмегімен есептейміз:

БЗРАСПИС(первичное; план)

Біздің есебіміз үшін ол 3.10-суреттегідей түрде болады:

3.10-сурет – Күрделі проценттік ставкамен өсетін құнды есептеу
Мұндағы В15 ұяшыққа = БЗРАСПИС(B3;B7:B13) формуласын енгіземіз

6-есеп. Проект бойынша шығындар 600 млн. Келесі 5 жыл ішінде түсетін пайда: 50, 100, 300, 200, 300 млн. Пайда нормасы 15 % болғанда инвестиция айналымының жылдамдығына байланысты проектінің тиімділігін бағалау керек.

Шешімі:

Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу үшін ВСД(значения; предположения) функциясы қолданылады. Біздің есебімізде Значения аргументі ғана қолданылады. Олардың біреуі міндетті түрде теріс сан болады. Егер инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы пайда нормасынан жоғары болса, онда проект тиімді деп саналады. Ондай болмаған жағдайда проект іске асырылмау керек.



Есептеу терезесі 3.11-суретте көрсетілген :

Мұнда В13 ұяшығына мына формуланы енгіземіз:

= ВСД(B4:B9)

В15 ұяшығына енгізілетін формула:

= ЕСЛИ(B13>B11;"Проект тиімді";"Проект тиімсіз")

3.11-сурет – Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығын есептеу
Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп. 7 % жылдық ставкамен берілген 10 000 000т. 7 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 10 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

2-есеп. 6 % жылдық ставкамен берілген 15 000 000т. 3 жылдық ипотекалық ссуданың ай сайынғы жəне жыл сайынғы төлемдерін есептеу керек. Бастапқы салым 14 %. ПЛТ функциясын қолданыңыз.

3-есеп. Шотқа 1000000т. 8 % жылдық ставкамен салғанда 10 жылда қанша болатынын есептеу керек. Процент квартал сайын есептеледі. БС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. 4 жыл бұрын 200000 ссуда 20 % жылдық ставкамен берілген. Процент ай сайын есептеледі. Қанша сома төленетінін анықтаңыз. БС функциясын қолданыңыз.

5-есеп. 14,5 % проценттік ставкамен салынған 1000000 сомаға əр жылдың аяғындағы төлем 10,897 болу үшін неше жыл өту керек? КПЕР функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Процентті есептеу ай сайын жүргізілетін болса жəне проценттік жылдық ставка 35,18 % болса неше жылдан кейін 500000 мөлшердегі салым 1000000-ға жетеді. КПЕР функциясын қолданыңыз.

7-есеп. 7 жылға шығарылған номиналы 200000 болатын облигацияның болашақ құны қанша болады? Процент мынандай тəртіппен есептеледі: алғашқы үш жылға – 18 %, қалған төрт жылға – 21 %. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

8-есеп. 12 жылдан кейін кəсіпорынға 5 млн ақша қажет болады. Кəсіпорын осы соманы алу үшін қазіргі уақытта депозитке ақша салмақ ойы бар. Ол үшін 12 % проценттік ставкамен қанша мөлшерде депозитке ақша салу керек? ПС функциясын қолданыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1) Кезеңдегі несие төлемдерін қандай функция анықтайды?

2) Негізгі төлемдер мен проценттік төлемдерді есептеуге арналған функцияларды ата.

3) ПЛТ функциясының аргументтері қандай?

4. ПРПЛТ функциясының аргументтері қандай?

5) ОСПЛТ функциясының аргументтері қандай?



6-тәжірибелік жұмыс. Параметрді келтіру құралын пайдалануы

MS Excel-дің Подбор параметра құралы тəуелді ұяшықта қажетті нəтижені алу үшін осы ұяшыққа кіретін тəуелсіз ұяшықта қандай мəн болу керектігін анықтауға жол береді.

1-есеп. 5 жылдың ішінде проект бойынша алынатын пайда: 120 000 000, 200 000000, 300 000 000, 250 000 000, 320 000 000 болады деген болжау бар.А.йналым жылдамдығы 12 % болғанда проектіге кететін алғашқы шығын қандай болу керек?

Шешім:


Инвестиция айналымының ішкі жылдамдығы ВСД (значения;предположения) функциясының көмегімен табылады. Берілгендерді енгізу төмендегідей 3.12-суретте көрсетілген терезеде жүргізіледі:

3.12-сурет – Проект бойынша бастапқы шығындарды анықтау терезесі
Алғашында проектіні іске асыру үшін кететін шығын мөлшеріне ойдан кез-келген мəн бере саламыз (тіпті бұл ұяшықты бос қалдырса да болады).

В13ұяшығына =ВСД(B4:B9) формуласын енгіземіз.

Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.13 суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:

3.13-сурет – Подбор параметра құралының терезесі
Нəтижесінде біздің шарттарды қанағаттандыратын проектіге қажетті

шығындар мөлшері 3.14-суретте көрсетілгендей есептеліп шығады:



3.14-сурет – Бастапқы шығындарды есептеудің нəтижелік терезесі
2-есеп. Сізден танысыңыз 15000 қарыз сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтарып бермекші: бір жылдан кейін – 3000, екі жылдан кейін – 5000, үш жылдан кейін – 9000. Танысыңыз қарызды қандай проценттік ставкамен алмақшы?

Шешімі:


Бұл есепті шешу үшін ЧПС(ставка; значение1; значение2; ...) функциясын жəне Подбор параметра құралын пайдаланамыз.

Берілгендерді енгізу терезесі 3.15- суретте көрсетілген.



3.15-сурет – Бірыңғай емес капитал салымын табуға арналған жұмыс беті
Алғашында есептеу үшін жылдық проценттік ставкаға кез-келген мəн жазамыз (немесе бұл ұяшықты бос қалдыруға да болады).

В9 ұяшығына =ЧПС(B8;B4:B6) формуласын енгіземіз.

Одан кейін Сервис – Подбор параметра командасын орындап, шыққан 3.16-суретте көрсетілген терезеге параметрлерді енгіземіз:

3.16-сурет – Подбор параметра құралының терезесі
Нəтижесінде 3.17-суреттегідей біздің беретін қарызымыз қандай проценттік ставкамен беріліп тұрғандығын анықтаймыз.

3.17-сурет – Бірыңғай емес капитал салымы табылған нəтижелік бет
Тақырып бойынша тапсырмалар

1-есеп.Сізден танысыңыз 250000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80000, екі жылдан кейін – 90000, үш жылдан кейін – 100000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.

2-есеп. Сізден танысыңыз 320000т. ақша сұрап, оны төмендегідей тəртіппен қайтармақшы: бір жылдан кейін – 80000, келесі үш жылда – 100000-нан, 5-ші жылы – 110000. Қарызды қандай жылдық проценттік ставкамен алмақшы? ЧПС функциясын қолданыңыз.

3-есеп. 6 жылға шығарылған облигацияда процентті есептеу тəртібі мынандай: бірінші жылы – 10 %, келесі екі жылда – 15%, қалған үш жылда –17 %. Оның болашақ құны 1546,88 болатынын білсек, облигацияның номиналы қаншаға тең? БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

4-есеп. Мөлшері 1500 инвестицияның болашақ құны 4 жылдан кейін 3000 болады. Оның табысы мынандай: бірінші жылы – 15 %, екінші жылы – 17 %, төртінші жылы – 23 %. Үшінші жылғы инвестиция табысын табу керек. БЗРАСПИС функциясын қолданыңыз.

5-есеп. Проект бойынша табыс 4 жыл ішінде мынандай: 50000, 100000, 300000, 200000. айналым жылдамдығы 10 % болу үшін бастапқы шығын қанша болу керек? ВСД функциясын қолданыңыз.

6-есеп. Табыс нормасы 9 % болу үшін төмендегі табыстардың бастапқы шығыны қанша болу керек: 2, 5, 6, 8, 10 млн. ВСД функциясын қолданыңыз.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

  • Банк коды Мәліметтер Қорытынды
  • Тауар аты Деректер Қорытынды
  • Бақылау сұрақтары
  • Эмитент ұсыныстарының құрылымы
  • ОСПЛТ және ПРПЛТ
  • Тақырып бойынша тапсырмалар
  • 6-тәжірибелік жұмыс. Параметрді келтіру құралын пайдалануы

  • жүктеу 1.97 Mb.