Главная страница
Контакты

    Басты бет


Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар

жүктеу 1.97 Mb.



жүктеу 1.97 Mb.
бет5/12
Дата19.03.2017
өлшемі1.97 Mb.

Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Әлемдік желі - бұл жалпы байланыс хаттамасы, қосылу әдістері және мәліметтермен алмасу хаттамалары бар, локальды ақпараттық желілерді біріктіретін телекоммуникациялық құрылым.

Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.

Ірі әлемдік ақпараттық желі Internet болып табылады. Бұл желіде мәліметтерді беру Internet хаттамасы - IP негізінде ұйымдастырылған.

ТСР/ІР желілік хаттамаларының архитектурасы арнайы біріктірілген желілер үшін арналған. Желі әртүрлі бір бірімен шлюздар арқылы қосылған ішкі желілерден тұра алады. Ішкі желілер ретінде жергілікті, аймақтық, ұлттық және арнайы, т.б. желілер қатынаса алады. Бір ішкі желіге қосылған екі машина пакеттермен тікелей алмаса алады, ал егер басқа ішкі желінің машинасына хабарды беру қажеттілігі туындаса, онда желіаралық келісім күшіне енеді, ол үшін ішкі желілер желіаралық тіл - ІР хаттамаларды қолданады.

Әлемдік желіге ену түрлерін атап өтейік:

- тікелей ену;

- Internet каналдары деңгейлерінің хаттамалары арқылы ену- SLIP және PPP;

- «Шақыру бойынша» ену (Dial-up Access);

- UNIX, UUCP арқылы стандартты телефон байланыстары бойынша ену;

- әлемдік желіге енетін басқа желілер арқылы ену.

Электрондық пошта есептеу желілерінің танымал қызметі болып табылады. Электрондық пошта жергілікті желілерде құжаттарды беруді қамтамасыз етеді, мекеме жұмыстарын автоматтандыруда табысты қолданылады. Мәліметтерді берудің әлемдік желісінің электрондық поштасы мыналарды қамтамасыз етеді:

- пошталық түйінде тұрақты болу талап етілмейтін жағдайларда, офлайнды режимде жұмыс жасауға.

- телеконференцияларға енуге;

- файлдық телеконференцияларға енуге.

Файлдық телеконференциялардың айырмашылығы қарапайым телеконференциялардан - хабар ретінде хат емес, файл болады. Түрлі жүйелердегі электрондық пошталардың көптүрлілігіне қарамастан, олардың функциялары бірдей: жаңа пошта түскендігін хабарлау, келген поштаны оқу, жіберілетін пошта құру, хабарды адресациялау, абоненттер тізімінен тұратын адрестік кітапты қолдану, хабарды жіберу және оны сақтау.

2.5-тақырып. Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ)

Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ) - бұл жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану негізінде банкті ұйымдық басқару формасы.

Жаңа нарықтық жағдайда банктік технологияларды автоматтандыру коммерциялық банктер пайда бола бастаған 1990 жылдардан басталды. Банктер жұмысы бүтіндей ел экономикасының жағдайынан едәуір тәуелді. Ел экономикасының біршама тұрақтануы 2003 жылдан бастап қазақстандық банктердің дамуын, банктер арасындағы бәсекелестіктің күшеуін қамтамасыз етті. Қазіргі банктік қызмет нарығына тән ерекшелік: банктер универсализациясы және клиенттер үшін күрес. Қызмет тиімділігін арттыру мақсатында банктер IT-технологияларға қомақты қаржы салуға мәжбүр.

«Диасофт» компаниясының(банктер үшін программалық өнімдер шығаратын ресейлік өндірушілер арсындағы лидер) мәліметтері бойынша орта есеппен әрбір банк бес жылда бір рет не БАЖ ауыстырады, не жаңа версияға көшеді. Бұл жағдай біріншіден, технологияны жетілдіруге және жаңа бизнес түрлеріне ынталандыграды, екіншіден стратегияны таңдаудағы өндірушілердің кешіліктерін табуға ықпал етеді.

Жалпы, соңғы үш жылда қаржылық программалық өнімдерді сату нарығы автоматизация облысындағы өз міндеттерін үнемі күшейтіп келе жатқан ірі, белсенді дамушы банктер есебінен екі есе өсті.

Бүгінде нарықта отандық және шетелдік өндірушілердің программалық өнімдері ұсынылған, олар бір бірінен құны және функциялары бойынша айрықшаланады.

БАЖ нарығында әртүрлі программалық өнімдер өндіретін 20 шақты БАЖ өндіруші-фирмалар бар. Өндірушіні таңдау кезінде банктік қызметті автоматтандыру сферасындағы компанияның жұмыс тәжірибесіне сүйену қажет. Өндіруші компанияның программалық өнімдерінің нарықтағы қажеттілік (сұраным) көрсеткіші ретінде осы өнімдерді сатып алған банктер санын айтуға болады.

Қазіргі БАЖ-ғе банктер - пайдаланушылар тарапынан ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік және бақылауоргандары тарапынан да өте қатаң талаптар қойылады. БАЖ өндірушілері өз өнімдерін үнемі өзгеріп отыратын банктік бизнесті жүргізуге қойылатын нормативтік және есептік талаптарға бағыттап отырулары тиіс.

БАЖ банкті басқару құралы болып табылады. Қазіргі БАЖ-ғе қойылатын негізгі талаптарды үшке бөлуге болады:

- БАЖ программалық өнім ретіндегі талаптар - жүйелік-техникалық талаптар;

- Банктік қызметтің спецификасын, банктік операцияларды және оларды орындау технологиясын бейнелейтін арнайы талаптар;

- БАЖ жасау процесін сипаттайтын сапа көрсеткіштері.

БАЖ программалық өнім ретінде қарастырылатын талапты гана қарастырамыз.

Функциональдық толыцтылыц - БАЖ-ң ең басты сипаттамаларының бірі. Күрделі БАЖ ондаған мың түрлі автоматтандырылған функциялар мен банктік операциялардан тұруы мүмкін. Функциональдық толықтылық талабы программалық өнімге берілген функцияны орындауға қажетті барлық программалық компоненттердің кіруі көзқарасы тұрғысынан сипаттайды және жүйенің барлық банктік қызмет түрлерін қамти отырып, банктің ақпараттық қажеттіліктеріне анағұрлым толық сай келу мүмкіндігін білдіреді.

Сатып алынып (жасалып) жатқан БАЖ автоматтандыруы қажетті функциялар тізімін қалыптастыру кезінде тек бүгінгі күннің талаптарын ғана емес, сонымен қатар банктің даму стратегиясы шеңберіндегі мәселелерді де ескеру қажет, яғни қолда бар БАЖ-ға стратегияны бейімдеп өзгерту жағдайына қалмау қажет.



Кешенді тәсіл. Банк қызметінің түрлі сфераларын интеграциялайтын, тек кешенді ақпараттық банктік жүйе ғана қаржылық мекеменің бизнес-процестерін тұтас біріктіруге және толықтай автоматтандыруға қабілетті. Клиенттермен жұмыс, биржалық саудаға қатысу және т.с.с.

Биржа (лат. bursa - әмиян) - сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде тауарларды, құнды қағаздарды, сондай-ақ, жұмыс күшін көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру түрі; қаржы-сауда мәмілелерін жасау үшін сатып алушылар мен сатушылардың жиналатын орны.

банктің ішкі шаруашылық қызметімен, бухгалтериямен байланыста болуы қажет.

Жүйе ауцымдылыгы(масштабируемость) - бұл жүйенің қойылатын талаптарды кеңейтуге және шешетін міндеттер көлемін арттыруға қабілеттілігі: қызмет көрсететін автоматтандырылған жұмыс орындарының саны, өңдейтін құжаттар саны, сондай-ақ есептеу ресурстарын ұлғайтқан кезде оның жауап беру шапшаңдығы, жалпы өнімділігі.

Жүйе икемділігіастраиваемость) - бұл оның мобильділігі, өзгермелілігі, шапшаңдық қасиеті. Бұл талап қандай да бір маңызды параметрлердің қатаң берілмеуін, яғни банктің қажеттіліктері мен жағдайларына бейімделу мүмкіндігін көрсетеді.

Жүйені орталықтан басқару. Барлық негізгі келтірулерді(бейімдеу) банктің білікті технологы жүзеге асырады, ал банк қызметкерлері бірден программамен жұмыс жасауға кірісе алады. Мұндай архитектураға ие БАЖ-ды эксплуатацияға барынша тез және сапалы дайындауға болады. Сонымен қатар, біз кез келген операцияны орындау жағдайын дереу өзгерту мүмкіндігін аламыз, ал бұл жаңа банктік өнімдерді құру кезіндегі аса жағымды тұс болып табылады.

Біртұтас мәліметтер базасы көп пайдаланушылық жұмысты қамтамасыз етеді. Өнеркәсіптік МҚБЖ (MS SQL Server, Oracle, Informix, DB2)негізіндегі таратылған мәліметтер жүйесін қолдану орынды болып саналады. Таратылған мәліметтер қорын пайдалану ақпараттардың қауіпсіздігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етуге, банк программисттеріне қосымшаның мазмұндық бөлігін оптимизациялауға көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

Нақты уақыт режимінде жұмыс жасау. Нақты уақыт режимінде жүйенің басқару әрекеттеріне реакциясы жүйе басқарып отырған процестің жүру жылдамдығына сәйкес келуі тиіс.

Жұмыс қауіпсіздігі және сенімділігі. Программалық жабдықтың жұмыс жасамауы немесе территориальды-таратылған банктік ақпараттық жүйеге рұқсатсыз ену сандық (шығын көлемі) және сапалық (имидждің түсуі, келісімдердің үзілуі) тұрғыдан өте ауыр салдармен сипатталуы мүмкін.

Банктерді автоматтандыруға бірдей әдіс болуы мүмкін емес. Шағын, орта және ірі банктердің міндеттері әртүрлі және автоматтандыруға деген олардың көзқарастары да әралуан. Шағын банктер үшін (100 адамға дейін) автоматтанд^ірудың басты міндеті үзіліссіз қызмет етуді және кешенді БАЖ-ң сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Мақсаты қазіргі қаманғы компьютерлік технологиялар деңгейінде жұмыс жасауға талпыну.

Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.

Орта банктер үшін (100-1000 адам) автоматизацияның басты міндеті «өскен» шаруашылықты ретке келтіру -мұнда олар банктің барлық қызмет сферасын жабатын және жұмыстың біртұтас технологиясын қамтамасыз ететін интеграцияланған БАЖ ендіруге бел буады.

Ірі банктер үшін (1000 адамнан жоғары) автоматизацияның басты міндеті көптеген филиалдардың, бөлімшелердің және туынды құрылымдардың мәліметтерін біріктіретін біртұтас корпоративтік орта құру болып табылады.

Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.

Автоматтандырылған банктік жүйелерді функциональдық тағайындалуына байланысты үш ішкі жүйелерге бөлуге болады:

Front-office (жоғары деңгей) - банктің сыртқы ортамен өзара әрекетін қамтамасыз ететін ішкі жүйе. Ішкі жүйеде алғашқы ақпараттарды енгізу, банктің клиенттермен, басқа банктермен, биржалармен, қор нарығымен өзара әрекеті жүзеге асырылады.

Back-office (орта деңгей) - жалпы банктік және жалпы шаруашылық қызметтерді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Accounting (төменгі деңгей) - бухгалтерлік есеп шеңберінде банк қызметін уақытылы және дұрыс бейнелеуді қамтамасыз ететін ішкі жүйе.

Өзіндік жеке топқа - Analysis - банктің ағымдық жағдайын талдау, жоспарлау және ішкі аудит операцияларын орындау жүктелген.

Кез келген уақытта және кез келген жерден ақпаратқа енуді қамтамасыз ету концепциясы тұтынушыға компания қызметтерін пайдаланудың түрлі тәсілдерінің мүмкін болатынын таңдауға жағдай жасау деген сөз. Концепция қаржылық қызметтер мен бөлшек сауда секілді салаларда жұмыс жасайтын фирмаларда кеңінен қолданылып келеді. Бұл концепцияны іске асыру үшін клиенттерге байланыс каналдары арқылы (электрондық пошта, компания сайттары), абоненттік қызметтер арқылы, дәстүрлі пошта қызметі, телефон, факс арқылы банк қызметкерлеріне де, банктің мәліметтер қорына да ену мүмкіндігін ашу қажет.

Front-office ішкі жүйесіне банк пен клиенттер (банкте есеп шоты бар ұйымдар) арасында электрондық құжат алмасуды ұйымдаст^іруға арналған "Клиент-Банк" автоматтандырылған жүйесін(БАЖ) жатқызуға болады. Жүйе екі бөліктен тұрады - клиенттік және банктік.

"Клиент-Банк" БАЖ-ң клиенттік модулі валюталық құжаттарды (төлемдік міндеттемелер, валютаны сатуға және сатып алуға міндеттемелер, қаражаттар мен басқа да құжаттарды аударуға арыздар) дайындауға және модемдік байланыс арқылы жіберуге, сондай-ақ банктен клиенттің есептік шоты туралы есеп(көшірмелер) қабылдауға арналған.

Валюта(итал. voluta - құн, баға) - тауарлар құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланылатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылады: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша), мысалы, Қазақстанның ұлттық ақшасы - теңге, Ресейдікі - рубль; 2) шет мемлекеттердің ақшасы; 3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы. 19 ғ-ға дейін күміс валюта мен биметаллизм кең тарады. 19 ғ-дың басында Ұлыбританияда, 19 ғ-дың 2-жартысынан басқа елдерде алтын валюта енгізілді. Валютаның жалпы дағдарысы кезеңінде (1-дүниежүзілік соғыс кезінде) қағаз валюта кеңінен қолданыла бастады. Алтын мен күміске айырбасталмайтын банкноттар қағаз ақша түрінде болды. Ел экономикасында ауық-ауық инфляция болғанда, қағаз валюта құнсызданып отырды. Мұндай жағдайда кейбір елдер өз валютасының номиналды алтындық баламын тұрақтандыруға тырысады. Көптеген елдерде валюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдаланылу тәртібіне қарай айырбасталымды (конверсияланатын), ішінара толық айырбасталымды және айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.

Клиент автоматты түрде жаңа валюталар анықтамасын, банктер БИК-ын, валюталар курсын және елдер кодын алады.

Интернет-банкинг - Интернет арқылы банктік шоттарды басқару қаржылық интернет-шешімдердің анағұрлым өсіңкі және өкілді бағыттарының бірі болып табылады. Ұйғарымдарды беру үшін клиенттер телефон және интернетте қолданады. Банкпен қарым-қатынас банк сайты арқылы интерактивті режимде өтеді. Қашықтағы тұлғаның түп-нұсқасын куәләндыру үшін цифрлық қол пайдаланылады.

Мұндай жүйелер есептеулер жүргізуге және барлық қаржылық қатынасқа қатысушылар тарапынан оларды бақылауға мүмкіндік береді. АҚШ-та мұндай жүйелерді бүгінде 50 миллиондай адам қолданады екен.

Интернет-банкинг жүйесінің классикалық варианты қолма-қол ақша операцияларынан басқа, клиенттерге -банк офисінде жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік қызметтердің толық жиынын қамтиды.

Интернет-банкинг жүйесін пайдаланудың келесідей артықшылықтары бар:

- банкке барудың қажеті жоқтығына байланысты уақыт үнемделеді;

- клиент тәулігіне 24 сағат бойы жеке есеп-шотын бақылау мүмкіндігіне ие, және қаржы нарығында орын алған жағдайға байланысты дереу осы өзгеріске сай әрекет ете алады (мысалы, банктегі салымдарын жабу, валютаны сату немесе сатып алу және т.с.с.);

- интернет-банкинг жүйесін пластикалық карталармен операцияларды қадағалауда да ештеңе алмастыра алмайды - карточкалық шоттан кезкелген қаржыны алу жүйе дайындайтын шоттар бойынша көшірмеде лезде көрініс табады, бұл да клиент тарапынан өз операцияларын бақылауды күшейтеді.

WАР-банкинг - сымсыз мәліметтерді беру хаттамасы негізіндегі арнайы программалық жабдықпен қамтамасыз етілген ұялы телефон арқылы шоттарды қашықтан басқару.

Салым, Салым ақша - депозит-заңи және жеке тұлғалардың несие-қаржы мекемелерінде сақталатын және олардың уақытша билігінде болатын‚ бірақ иесіне қайтарылуға тиіс немесе оның нұсқауы бойынша басқа бір тұлғаға берілуге тиіс ақшалай қаражат.

Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

Дегенмен әзірге банктер WАP-банкингті жеке қызмет түріне жатқызбайды. Тек ұялы телефон арқылы ғана банктік операцияларды жүргізуді қалайтын клиентке интернет-банкинг жүйесіне қосылуына тура келеді. Қазірде ұялы байланыс жүйесінің компаниялары Интернетке шығу мүмкіндігі бар GSM стандартындағы телефондарды клиенттерге ұсынғанымен, берілетін және қабылданатын мәліметтердің қауіпсіздігін Интернетте ұйымдаст^ірылғандай, қажет деңгейде әрқашан қамтамасыз етеді деп айту қиын.

Ұялы байланыс - ☀мобильді радиобайланыстың ұялы желіге негізделген бір түрі☂.

Сондықтан, банктер клиент төлемдерінің конфиденциальдығына жауапкершілік ала алмайды, және әзірге оларға ұялы телфон арқылы тек шоттағы қалдықтар мен соңғы жасалған операциялар тізімі туралы қарауды ұсынып отыр.

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

Бірақ WАP-банкинг қызметінің қауіпсіздігін жоғарылатуға қабілетті программалық жабдықтар жасалуда. Әзірге төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кейбір банктер клиенттермен операциялар тізімін келісіп және олардың әрқайсысына сәйкес код меншіктеуде.

Банктердің ұялы телефон иелеріне ұсынатын тағы бір қызметі - SMS-банкинг. Кезкелген ұялы байланыс операторында бар қысқа хабарлар қызметі көмегімен клиент есеп айырысу шоттарының жағдайы туралы барлық ақпараттарды ала алады, сондай-ақ талап етілген кезеңге шот бойынша көшірмелер алуға болады. Мамандардың пікірлері бойынша, бұл қызметтің WАP-банкингке қарағанда болашағы зор. Біріншіден, бұл қызмет арзан, ал екіншіден, мәліметтерді беру жылдамдығы жоғары - он есе жылдамырақ, үшіншіден операциялардың қауіпсіздігі анағұрлым жоғары. SMS-сервис клиенттер арасында өте әйгілі.



Барлық бар жүйелерді үш категорияга бөлуге болады:

- мүмкіндіктері клиенттерге өз шоттары туралы ақпараттар берумен шектелетін жүйелер.

- шоттарды ара-қашықтықтан басқаруға мүмкіндік беретін жүйелер – ішкі - және банкаралық аударымдар, коммунальдық қызмет төлемдері, қолма-қол емес валюталарды сатып алу/сату және т.б.

- үшінші категорияға одан да ілгері жүйелер жатады, онлайн режимінде клиентке банктік қызметтердің барлық кешенін алуға, оның ішінде несиелеу, бағалы қағаздармен операциялар және жеке қаржыларды басқаруға мүмкіндік беретін жүйелер.



Бірінші типтегі жүйелердің уақыты өтті деуге болады, ал үшінші типтегі жүйелер әлі көп таралган жоқ, сондықтан біз екінші категориядагы жүйелер туралы батыл айта аламыз.

Интернет-трейдинг Интернет арқылы осы мақсаттар үшін құрылған арнайы программалық жабдықтар көмегімен саудаға қашықтан ену мүмкіндігі. Интернет-трейдинг пайдаланушыға түрлі қаржылық құралдармен (валютамен, акциялармен, облигациялармен және т.б.) жұмыс жасауда үлкен мүмкіндіктер береді:

- өз мониторында таңдалған құлардардың ағымдық бағамын көру мүмкіндік береді;

- нақты уақыт режимінде өтініштер(арыздар) қалыптастырып және олардың тікелей сауда жүйелерінде орындалуын көруге мүмкіндік береді;

- түрлі биржалық құралдардың техникалық талдауын жүргізуге мүмкіндік береді;

Биржалардан экспортталған мәліметтерді архивтерде сақтауға, олардан графиктер тұрғызуға, MetaStock-та және басқа да техникалық талдау программаларында талдауға болады.

Интернет-трейдинг үш бөліктен тұрады: сауда жүйесі, Интернет-трейдинг пайдаланушылары және программалық жабдықтар.

Сауда жүйесі - бағалы қағаздармен сауда ең төмен тәуекелмен жүзеге асырылуы үшін құрылған биржалар (бейкоммерциялық ұйымдар). Мысалы, биржа бағалы қағаздардың жеткізілімін және мәміленің төлемі уақытылы жасалуын бақылауды жүзеге асырады.

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап).

Өз қызметінің спецификасына байланысты бағалы қағаздармен сауда жасайтын ұйымдар, қайсыбір соманы биржаға кейбір тәуекелді алғаны үшін төлеуге келіседі. Ондай ұйымдар кәсіби қатысушы статусына ие болуы шарт.



2.6-тақырып. Салықтық ЭАЖ

АЖ қызметтері және басты ерекшеліктері

Қазіргі уақытта дамыған елдердің салық саясаты экономикаларды жаһандандыру және салықтық бәсекені күшейту жағдайларында капиталдан алынатын кіріске салық салуды төмендету үрдісімен және салық салу ауыртпалығын ұтқырлығы неғұрлым аз объектілерге: тұтыну мен материалдық меншікке ауыстырумен сипатталады.

Салық саясаты - мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады.

Осыған байланысты салық саясатын одан әрі дамыту оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның жаһандық процестердің қыр көрсетулеріне тиімділігіне бағытталуға тиіс.

Алдағы кезеңде шаруашылық жүргізуші объектілердің іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыруға, экономикаға салықтық жүктемені оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және арттыруға бағытталған салық саясатында жаңа, қазіргі заманғы ұстанымды бастау жоспарланып отыр.

ҚР салықты жоспарлау бюджетпен және бюджетті жоспарлау жүйесінен тұрады, салық саясатының құрылымы микро және макро деңгейден тұрады.

Салықты жоспарлаудың мақсаты мен мемлекетке және шаруашылық субъектіге салық сомасының экономикалық дәлдігі күнделікті кезең мерзіміне анықталады. ҚР бюджеттік жүйесі қазіргі кезге сай іс-әрекет етеді. Жеке меншікті үрдістің мақсатын жүзеге асыру мемлекеттік масштабта мыналарды жатқызуға болады: бюджетке әр түрлі деңгейден түскен максималды салықтан табыстылығы, жалпы бәсекелесті құрылымының көлемін бақылау, салық төлеушіні мүлтіксіз жүйесі, салық салу механизмін өзгерту.

Әр ұйым алдында белгілі бір тапсырма тұрады, салықтың көлемін анықтау, тиімді құрылымын және салық заңдылығында белгіленген салық төлемінің құрылымы.

Субъект деңгейінен шыққан және олардың басқару функциясы, салық жоспарлауының жүзеге асыру, салықты жоспарлауын болжау мына екі бағытпен көрсетуге болады:

1) Мемлекеттік – мемлекеттік бюджетке жоспар бойынша салық табысы кіреді;

Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі.

2) Шаруашылық субъектілерге арналған салық жоспарлауы.

ҚР бюджеттік жүйе әр түрлі деңгей бойынша салық жоспарлауынан ең маңызды бұл салық жүйесінің табыстылығы және бюджеттік құрылымы.

Бюджетке әр түрлі деңгей бойынша салық жоспарлауының маңызды элементтері салыстырмалы түрде әр түрлі салық табысының жүйесі, салық құрылымы және олардың тәртіп есептілігі және шегерілуі, толық бақылау ұйымы және қазіргі заманда салық төлеушіге салықты есептеп беру, бюджетке сай және жалпылама салық саясат, мемлекеттік салық аясына бағыттайды.

Шаруашылық субъектіге салық жоспарлауын екі түрге бөлуге болады:

1) Салық жоспарлаудың макро деңгейі;

2) Салық жоспарлаудың шаруашылық субъектіге және кәсіпорын деңгейін;

Салық төлеушінің міндетті қағидасы. Салық төлеуші - салық міндеттілігін салық заңдылығына сәйкес толық көлемде және белгіленген уақытта өтеуі міндетті.

Салық төлеушіні анықтамалық қағидасы. – ҚР бюджетіне салық және басқа да міндетті төлем анықталуы тиіс.

Салық жүйесінің бірегей қағидасы. ҚР салық төлеушігі салық жүйесі барлық аймаққа бірдей.

Салық заңдылығының жариялық қағидасы. Нормативті құқықтың актілер, салық төлеуші сұрақтарын бақылау.

Салық жоспарлау әдісіне мыналарды жатқызуға болады:



  • кәсіпорынның салық саясатының құрылымы;

  • шаруашылық қызметтің құқықтық налимі;

  • шаруашылық қатынаста айырбас әдісі;

  • қатынасты айыру әдісі;

  • салық төлемінің кешіріктілуі;

  • өзінің жоспарлау перспективасына салық жоспарлау оперативті, қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді бөліп бөлінеді.

Оперативті салық жоспарлауын ҚР Қаржы министірлігі салық түскенде нақты бағалау жүргізеді жақын уақытта қаржылық негізгі элементті экономикалық дамуына бағытталғанын анықтау, әлеуметтік аясын, мемлекеттік бағдарламаларды, қысқа мерзімді салық жоспарлауы бұл республикалық және жергілікті бюджеттен тұратын проект белгілі бір жылға белгіленеді.

Осы қысқа мерзімді көрсеткіш мемлекеттің әлеуметтік экономикалық болжамы алдағы жылға. ҚР Қаржы министрлігі бақыланатын экономикалық бюджеттік және де ағымдағы жылға салықтан түскен табыс анализі.

Оперативтік және қысқа мерзімді жоспарлау – ағымдығы жоспарлау процесі болып табылады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

  • Электрондық пошта
  • 2.5-тақырып. Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ) Банктік ақпараттық жүйелер (БАЖ)
  • Функциональдық толыцтылыц
  • Кешенді тәсіл.
  • Жүйе ауцымдылыгы(масштабируемость)
  • Жүйе
  • Жүйені орталықтан басқару.
  • Біртұтас мәліметтер базасы
  • Нақты уақыт режимінде жұмыс жасау.
  • Жұмыс қауіпсіздігі және сенімділігі.
  • Back-office
  • "Клиент-Банк"
  • 2.6-тақырып. Салықтық ЭАЖ АЖ қызметтері және басты ерекшеліктері

  • жүктеу 1.97 Mb.