Главная страница
Контакты

    Басты бет


Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар

жүктеу 1.97 Mb.



жүктеу 1.97 Mb.
бет10/12
Дата19.03.2017
өлшемі1.97 Mb.

Экономикалық АҚпараттық ЖҮйелердегі жаңа технологиялар


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3-тапсырма. Кəсіпорын төрт түрлі өнім шығарады: Ө1, Ө2, Ө3, Ө4. Оны өндіруде үш ресурс қолданылады: еңбек, шикізат жəне құрал-жабдық. Əр ресур бойынша шығын төмендегі 3.10-кестеде берілген.

Өнімді сатқаннан түсетін пайда:

Ө1 – 60, Ө2 – 70, Ө3 – 120, Ө4 – 130.

Кəсіпорынның пайдасын максималдау үшін əр өнім бойынша өндірудің тиімді жоспарын құрыңыз.

3.10-кесте – Өнімді шығаруға жұмсалатын ресурстар нормасы


Ресурс

Өнім түрі

Ресурс көлемі

Ө1

Ө2

Ө3

Ө4

Еңбек

1

1

1

1

16

Шикізат

6

5

4

3

110

Құрал-жабдықтар

4

6

10

13

100


8-тәжірибелік жұмыс. Сценарий диспетчерлерімен жұмыс: капитал салымдарының тиімділігін талдау.

Жұмыстың мақсаты: EXCEL-де сценарийлер диспетчерімен жұмыс жасауға дағдылану. “Не-егер” үлгісі үшін бірнеше сценарийлер тұрғызуға практикалық дағдылану. Барлық өзгеретін және нәтижелі ұяшықтар туралы тиянақты деректері бар есеп берулер алу.

1-тапсырма. Қарызданушы 10000 доллар мөлшерінде қарыз сұрап, 6 жыл бойы 2000 доллардан қайтарып тұруға уәде береді. Бұл келісім қарыз берушіге жылдық 7% -к ставкамен тиімді бола ма?

3.35-суреттегідей кестенің В5 ұяшығына: =ПЗ(В4; В2; -В3) еңгіземіз.

В6 ұяшығына: =ЕСЛИ(В1<В5; «Ақшаны қарызға берген тиімді»; ЕСЛИ(В5=В1; «Варианттар тепе-тең»; «Ақшаны процентке салған тиімдірек»))

3.35-сурет –Есептің шешуі
Жағдайға параметрлердің бірнеше мүмкін варианттары бойынша талдау жасаған ыңғайлы. Сервис – Сценарии командасы осы мүмкіндікті жүзеге асырады және автоматты түрде есепті шығарып береді.

Осы команданы келесідей үш жағдай бойынша нәтижелерді алу үшін қолданайық, мерзімі және қайтарылатын жылдық сома сәйкесінше: 1) 6 жыл, 2000 доллар; 2) 12 жыл, 1500 доллар; 3) 7 жыл, 1500 доллар.



- Сервис – Сценарии командасын шақырамыз;

- Диспетчер сценариев сұхбат терезесінде бірінші сценариді құру үшін Добавить батырмасын басамыз;

- Добавление сценария сұхбат терезесінде Название сценария өрісінде ПЗ1 атын, Изменяемые ячейки өрісінде $В$2:В$3$ ұяшықтарына сілтеме жасаймыз.

- Ок батырмасын басқаннан кейін, Значения ячеек сценария сұхбат терезесі пайда болады. Онда параметрлердің мәнін енгіземіз, яғни В2 өрісіне 6, В3 - 2000

- Добавить батырмасын кезекпен басу арқылы сценарилардің қажет санын құрамыз. Осыдан кейін Диспетчер сценарив деп аталатын сұхбат терезе пайда болады. Вывести батырмасы көмегімен таңдап алынған сценаридің нәтижесін шығаруға болады.

- Отчет батырмасын басу Отчет по сценарию деп аталатын сұхбат терезені ашады. Бұл терезеде Структура немесе Сводная таблица жағдайын таңдап, Ячейки результата өрісінде нәтиже мәндерінің ұяшықтарына сілтеме жасалады, бізді мысалда =$В$5:В$6$. Ок батырмасын басқаннан кейін есеп құрылады. 3.36-суретте Структура типіндегі есеп көрсетілген.

3.36-сурет – Структура типіндегі есеп.
2-тапсырма. 15000 доллар мөлшеріндегі сома, жылдық 10%-к ставкамен қарызға берілген жағдайда төмендегі вариантардың қайсысында келісім тиімді болатындығын анықтау:

1) айына 150 доллардан 10 жыл бойы;



2) айына 170 доллардан 9 жыл бойы;

3) айына 200 доллардан 8 жыл бойы;

9-тәжірибелік жұмыс. Амортизациялық салымдарды есептеу

Жұмыс мақсаты: студенттерде амортизациялық салымдарды есептеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, амортизацияның түрлі әдістерімен таныстыру, тәжірибелік есептерді шешу үшін ЕХСЕL программасының АПЛ, АСЧ, ФУО, ДДОБ қаржылық функцияларын пайдалануға үйрету.

Сабақ жоспары:

-Амортизациялық салымдарды есептеу әдістері?

-Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функциялар.

Кәсіпорында амортизациялық салымдарды есептеу бірнеше мақсаттар үшін қажет:

- Салық салынатын пайданы есептеу үшін – амортизациялық салымдар өнімнің өзіндік құнына енеді, сондықтан салық сомасын азайтады;

- Қарапайым акциялар бойынша дивиденд төлеу үшін қолданылатын акционерлік компания пайдасын есептеуге;

- Өндірісті жаңартуға және кеңейтуге инвестиция үшін жеке қаражаттар жинақтауға;

- Мүліктің баланстық құнын анықтауға.

Біркелкі амортизация анағұрлым қарапайым болып табылады: егер кәсіпорын осы жылы құрал-жабдық сатып алса, онда ол оның құнын нормативтік кезең бойына тең сомаға бөледі. Инфляция жағдайында біркелкі амортизация уақыт өте өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әкеледі, себебі құрал-жабдықты сатып алудың номинальды сомасы оны индексациялаусыз есептелінеді, ал бұл кәсіпорынның салық сомасының өсуіне әкеледі. Сондықтан инфляция жағдайында кәсіпорынға жедел амортизация тиімді, себебі амортизациялық салымдар алғашқы жылы жоғары, уақыт өте төмен болады. Жедел амортизация құрал-жабдықтардың тез жаңартылуына мүмкіндік береді, ал бұл тағы да өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, яғни нарықта бәсеке қабілеттікке ие болуына мүмкіндік береді.

Мүліктің баланстық құнының, яғни амортизацияның төмендеу процесін қарастырайық. Машиналар, құрал- жабдықтар, ғимараттар және басқа да мүліктердің қызмет ету мерзімі бар. Бұл мүліктердің есептік құжаттарда бекітілген құны қызмет етуі барысында нольге дейін немесе қандай-да бір қалдық құнға дейін төмендейді. Мүлік құнының азайтылған сомасы амортизациялық салымдар деп аталады.

Амортизациялық салымдарды есептеудің бірнеше тәсілдерін қарастырайық.

Біркелкі амортизация

Анағұрлым қарапайым болып біркелкі амортизация немесе құнның сызықтық кемуі, яғни оны жыл сайын бастапқы құнның қандай да бір бірдей пайызына, сәйкесінше бірдей сомаға азайту табылады.

Егер мүліктің қызмет ету мерзімі n, бастапқы құны S, қалдық құны А болса, онда жыл сайын мүлік құны (S-А)/n шамасына(амортизациялық салым мөлшері) кемиді.

1-есеп. Кәсіпорын 58000 теңгеге станок сатып алды. Бұл станоктың қызмет ету мерзімі 8 жыл. 8 жылдан кейінгі қалдық құны 4000 теңге. Амортизациялық салымдардың кестесін 3.11-кестені құру қажет.

Шешімі:

Жыл бойынша амортизациялық салымдардың және қалдық құнның кестесін құрамыз.


3.11-кесте – Амортизациялық салымдардың кестесі

Қызмет жылы

Амортизациялық салымдар

Жыл соңындағы құны

0

0,00 тенге

58000,00 тенге

1

6750,00 тенге

51250,00 тенге

2

6750,00 тенге

44500,00 тенге

3

6750,00 тенге

37750,00 тенге

4

6750,00 тенге

31000,00 тенге

5

6750,00 тенге

24250,00 тенге

6

6750,00 тенге

17500,00 тенге

7

6750,00 тенге

10750,00 тенге

8

6750,00 тенге

4000,00 тенге

Жедел амортизация(жылдар қосындысы ережесі)

Кез келген мүлік иесі баланстық құнының шапшаң кемуіне және оның өнімнің өзіндік құнына аударылуына мүдделі, себебі салықты есептеу үшін қор азаяды, және сәйкесінше салық сомасы кемиді. Құрал-жабдықтың шынайы физикалық тозуы қызмет ету мерзімінің соңына қарағанда басында жылдам жүреді. Мысалы, автомобиль эксплуатацияның соңғы уақытына қарағанда алғашқы жылдары тез тозады. Сондықтан жедел амортизация тәсілі құрылған.

Амортизациялық салымдарды есептеудің жылдар қорсындысы ережесі келесідей: егер амортизация мерзімі n жыл болса, онда арифметикалық прогрессия қосындысы формуласы бойынша жылдар номерінің қосындысын



і-ші жылдағы амортизациялық салым шамасы келесі формула бойынша есептелінеді:



2-есеп.

Арифметикалық прогрессия , 1-реттік арифметикалық қатар - әрбір келесі саны (2-саннан бастап) алдыңғысына бір тұрақты d санын қосқанда шығатын сандар тізбегі.

Фирма станок құнының кему прцесін жеделдетуді қалайды(1-мысалды қараңыз). Жылдар қосындысы ережесін қолданып амортизациялық салымдар кестесін құру қажет.

Шешімі: Жылдар қосындысын есептейміз:

Енді жылдар номерін кері тәртіппен жазамыз: 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.

Жылдар қосындысы ережесі бойынша бірінші жыл соңында бастапқы құнның 8/36, екінші жылдың соңында бастапқы құнның 7/36 бөлігі аударылады және осылай әрі қарай. Сегізінші жылжың соңында бастапқы құнның 1/36 бөлігі аударылады.

Жыл бойынша амортизациялық салымдардың және қалдық құнның кестесін 3.12-кестедегідей құрамыз.
3.12-кесте – Амортизациялық салымдар және қалдық құнны


Қызмет жылы

Бастапқы құнның

аударылатын үлесі



Амортизациялық салымдар

Жыл соңындағы құны

0

0

0,00 тенге

58000,00 тенге

1

8/36

12000,00 тенге

46000,00 тенге

2

7/36

10500,00 тенге

35500,00 тенге

3

6/36

9000,00 тенге

26500,00 тенге

4

5/36

7500,00 тенге

19000,00 тенге

5

4/36

6000,00 тенге

13000,00 тенге

6

3/36

4500,00 тенге

8500,00 тенге

7

2/36

3000,00 тенге

5500,00 тенге

8

1/36

1500,00 тенге

4000,00 тенге

АПЛ, АСЧ, ФУО, ДДОБ қаржылық функциялары

ЕХСЕL-де түрлі әдістермен амортизациялық салымдарды есептейтін бірнеше функциялар бар.

Ехсеl 2000-де АСЧ қаржылық функциясы көрсетілген кезеңге жылдық амортизацияны есептейді:

АСЧ(стоимость;остаточная_стоимость;время_эксплуатации; период)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период кезең(толық амортизация уақытының бірлігімен өлшенуі қажет).

3-есеп. Егер эксплуатация мерзімі 10 жыл және қалдық құны 7500 теңге болатын, 30000 теңгеге телевизор сатып алсаңыз, бірінші жылға жылдық амортизация:

АСЧ(30000;7500;10;1) - 4090,91 теңгеге тең.

Оныншы жылға жылдық амортизация: АСЧ(30000;7500;10;10) - 409,09 теңгеге тең.

АПЛ қаржылық функциясы бір кезеңге мүліктің тікелей амортизация шамасын есептейді:

АПЛ(нач_стоимость;ост_стоимость; время_эксплуатации)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация соңындағы қалдық құн(кейде жойылу құны деп аталады).

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

4-есеп. Егер эксплуатация мерзімі 10 жыл және қалдық құны 7500 теңге болатын, 30000 теңгеге телевизор сатып алсаңыз, Әр эксплуатациялық жыл үшін құнның төмендеуі елесіні құрайды:

АПЛ(30000;7500;10) - 2250 теңгеге тең.

ФУО қаржылық функциясы амортизацияны тұрақты есепке алу әдісін қолданып, көрсетілген кезеңге мүлік амортизациясын есептейді:

ФУО(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации;период;месяц)

Нач_стоимость мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период амортизация есептелінуі қажет кезең.

Месяцбірінші жылдағы ай саны. Егер месяц аргументі қалдырылып қойылса, онда 12-ге тең етіп алынады.

Амортизацияны тұрақты есепке алу әдісі амортизацияны бекітілген пайыз ставкасын қолданып есептейді. Ерекше жағдай болып бірінші және соңғы кезеңдердегі амортизация табылады.

4-есеп. Кәсіпорын құны 1 000 000 тенге құрал-жабдық сатып алсын, қызмет мерзімі 6 жыл. Қалдық құны 100 000 теңге. Келесі мысалдар құрал-жабдықтың эксплуатациясы уақытындағы амортизация шамасын көрсетеді. Нәтижелер жуықтап алынған.

1)ФУО(1000000;100000;6;1;7) - 186 083 теңге.

2) ФУО (1000000;100000;6;2;7) - 259 639 теңге.

3) ФУО (1000000;100000;6;3;7) - 176814 теңге.

4) ФУО (1000000;100000;6;4;7) - 120 411 теңге.

5) ФУО (1000000;100000;6;5;7) - 82000 теңге.

6) ФУО (1000000;100000;6;6;7) - 55842 теңге.

7) ФУО (1000000;100000;6;7;7) - 15845 теңге.



ДДОБ қаржылық функциясы амортизацияны екі қайтара есепке алу әдісін немесе басқа нақты көрсетілген әдісті қолданып, көрсетілген кезеңге мүлік амортизациясын есептейді:

ДДОБ(нач_стоимость;ост_стоимость;время_эксплуатации;период;коэффициент)

Нач_стоимость – мүліктің бастапқы құны.

Ост_стоимость амортизация кезеңінің соңындағы қалдық құн.

Время_эксплуатации меншік амортизацияланатын кезеңдер саны(кейде амортизация кезеңі деп те аталады).

Период амортизация есептелінуі қажет кезең.

Коэффициент баланстық құнның төмендеу нормасы. Егер коэффициент жазылмаса, онда 2-ге тең етеп алынады(амортизацияны екі қайтара есепке алу әдісі)

Ескерту: Амортизацияны екі қайтара есепке алу әдісі жедел амортизация болып табылады. Бұл жағдайда бірінші кезеңде амортизация максимальды, соңғы кезеңдерде төмен.

5-есеп. Кәсіпорын құны 2400 тенге болатын құрал-жабдық сатып алсын, қызмет мерзімі 10 жыл. Қалдық құны 300 теңге. Келесі мысалдарда амортизация әр кезеңдерге есептелінген. Нәтижелер жуықтап алынған.

ДДОБ(2400;300;3650;1) 1,32 теңгеге тең, бұл бірінші күн үшін амортизация. Ехсеl автоматты түрде коэффициентті 2-ге тең етіп алады.

ДДОБ(2400;300;120;1;2) 40,00 теңгеге тең, бұл бірінші ай үшін амортизация.

ДДОБ(2400;300;10;1;2) 480,00 теңгеге тең, бұл бірінші жыл үшін амортизация.

ДДОБ(2400;300;10;2;1,5) 306,00 теңге тең, амортизацияның екі қайтара есепке алу әдісі орнына коэффициент 1,5-ті қолданған жағдайдағы екінші жыл үшін амортизация.

ДДОБ(2400;300;10;10) 22,12 теңге тең, 10-шы жыл үшін амортизация. Ехсеl автоматты түрде коэффициентті 2-ге теңетіп алады.



1-тапсырма. Кәсіпорын құны 200 000 тенге болатын құрал-жабдық сатып алсын, қызмет мерзімі 8 жыл. Қалдық құны 25 000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, эксплуатацияның бірінші және бесінші жылдарына жылдық амортизацияны есептеу керек.

2-тапсырма. Фирма құны 120 000 теңге болатын компьютер сатып алсын, қызмет мерзімі 6 жыл, қалдық құны 15 000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, эксплуатацияның әр жылдарына компьютер құнының төмендеуін есептеу керек.

3-тапсырма. Ұйым құны 60 000 теңге болатын лазерлік принтер пайдаланады. Қызмет мерзімі 5 жыл, қалдық құны 6000 теңге. Амортизацияның түрлі әдістерін қолданып, принтер эксплуатациясы кезеңіне жылдық амортизация шамасын есептеу керек.

Бақылау сұрақтары:

1) Амортизациялық салымдарды есептеу әдістері?

2) Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функцияларды ата.

3) Амортизациялық салымдарды есептеуге арналған функциялардың аргументтеріне сипаттама бер.



10-тәжірибелік жұмыс. Транспорттық есеп.

Транспорттық есептің математикалық моделі

Жалпы түрде транспорттық есепті былай түсіндіруге болады: m пунктте: A1, …, Am біртекті жүк бар. Жүктің көлемі сəйкесінше a1, …, am. Бұл жүкті тұтынушыларға (B1, …, Bn) жеткізу керек. Олардың сұранысы – b1, …, bn. Тасымалдау құны i-ші (i=1,m) пункттен j-ші (j=1,n) пунктке дейін cij. Тұтынушылардың сұраныстарын толық қанағаттандыратын жəне транспорттық шығындар минималды болатын жоспар құрыңыз.

Есепті математикалық жазу түрінде былай беруге болады:
(1)
(2)


(3)
Сонымен, берілгені: сызықтық функция (1), шарттар (3), шектеулер жүйесі (2). Шешімдер жиынынан (2) сызықтық функцияның (1) минимумы болатын теріс емес шешімін тау керек.

Егер жүк жеткізушідегі жүктің жиынтық көлемі тұтынушыға керек жүктің жиынтық көлеміне тең болса, онда транспорттық есеп жабық (балансталған) деп аталады: яғни, төмендегі теңдік орындалса:



Егер төмендегі шарттардың бірі орындалса, онда транспорттық есеп ашық (балансталмаған) деп аталады:

Транспорттық есептің шешімі болу үшін ашық модельді жабық модельге айналдыру керек.

Егер шарты орындалса, онда фиктивті (n 1)-ші пунктті

Bn 1 кіргіземіз, яғни есепке қосымша баған кіргізіледі. Бұл тұтынушының сұранысы мынаған тең болады:



Тасымалданатын жүктің құны нөлге тең болады, яғни, .

Егер шарты орындалса, онда фиктивті (m 1)-ші жеткізушіні Am 1 кіргіземіз, яғни, есепке қосымша жол кіргізіледі. Бұл жеткізушідегі жүк мынаған тең деп алынады:


Тасымалданатын жүктің құны нөлге тең болады, яғни, .

Ашық модельді жабық модельге айналдырғанда мақсаттық функция өзгермейді, өйткені қосымша жүк тасымалына сəйкес келетін қосылғыштар нөлге тең.

1-тапсырма. Транспорттық есеп

Шешім іздеу құралы қолданылатын тағы бір мысалды қарастырайық. Төрт фабрика және оның өнімдерін өткізу бес орталықтарға ие фирма бар деп шамалайық. Күніне 200, 150, 225 және 175 өндіріс мүмкіншіліктерге ие фирма фабрикалары Денвер, Бостон, Новый Орлеан және Даллас қалаларында орналасқан. Күніне 100, 200, 50, 250 және 150 қажеттіліктерге ие фирма өнімдерін өткізу орталықтары сәйкесінше Лос-Анджелес, Даллас, Сент-Луис, Вашингтон және Атланта сында орналасқан. Өткізу орталығына жіберілмеген фабрикада өнім бірліктерді сақтау күніне 0,75 доллар қымбатқа түседі, ал тұтынушының өткізу орталығында тапсырыс берілген, бірақ мерзімі өткен өнім бірлігі үшін күніне 2,5 доллар қымбатқа түседі. Фабрикадан өткізу орталықтарға шейін өнім бірлігін тасымалдау құны 3.13-кестеде көрсетілген.


3.13-кесте– Транспорттық шығындар

Қалалар

Лос-Анджелес

Даллас

Сент-Луис

Вашингтон

Атланта

Денвер

1,5

2

1,75

2,25

2,25

Бостон

2,5

2

1,75

1

1,5

Новый Орлеан

2

1,5

1,5

1,75

1,75

Даллас

2

0,5

1,75

1,75

1,75

Көліктік шығындарды минималдандыру үшін тасымалдауларды дұрыс жоспарлау қажет.

Бұл модель балансталғандықтан (өдірілген өнім көлемінің сомасы оның ішіндегі қажеттіліктер көлемінің сомасына тең бөлінген), өнім жеткізбеушілік және қоймалауға байланысты шығындарды санамауға болады. Басқа жағдайда келесі мәліметтерді енгізу керек:
- артық өндіру жағдайында – жалған өткізу орталығын, қоймалау құны кіретін өнім бірлігінің бірдей тасымалдау құнын, ал тасымалдау көлеміне – өнім артықтарының қоймалау көлемдерін;

- тапшылық жағдайында – жалған фабриканы , өнімді жеткізбеу айып пұлдары кіретін өнім бірлігінің бірдей тасымалдау құнын, ал тасымалдау көлеміне – өткізу орталықтарына жеткізілмеген өнім көлемін.

Бұл есепті шығару үшін оның математикалық моделін құрастырайық. Осындағы белгісіздер тасымалдау көлемі болып табылады. – i-нші фабрикадан j-нші өткізу орталыққа тасымалдау көлемі. Мақсатты функция – көліктік шығындардың сомасы, яғни:
,
мұндағы – i-нші фабрикадан j-нші өткізу орталыққа өнім бірлігінің тасымалдау құны.

Белгісіздер келесі шектеулерді қанағаттандыру керек:

- тасымалдау көлемі теріс бола алмайды.

- модель балансталғандықтан, бүкіл өнім фабрикадан шығарылу керек, ал бүкіл өткізу орталықтардың қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылу керек.

Нәтижесінде келесі модель пайда болады: минималдандыру келесі шектеулерде:

,
,
,
мұндағы – i-нші фабриканың өндіріс көлемі; – j-нші өткізу орталығының сұранысы.

3.37-суретте көрсетілгендей бұл есепті шешу үшін шешім іздеу құралы көмегімен бастапқы мәліметтерді енгізейік.

А1:Е4 ұяшықтарына тасымалдау құнын енгіземіз. А6:Е9 ұяшықтары белгісіздер (тасымалдау көлемі) үшін бөлінген. G6:G9 ұяшықтарына фабрикадағы өндіріс көлемі енгізілген, ал А11:Е11 ұяшықтарына өткізу орталықтарының қажеттіліктері енгізілген.

F10 ұяшығына мақсатты функция енгізілген.

=СУММПРОИЗВ(А1:Е4;А6;Е9)

3.37-сурет– Транспорттық есептің бастапқы мәліметтері
А10:Е10 ұяшықтарына өткізу орталықтарына әкелінетін өнім көлемін анықтайтын келесі формулалар енгізілген

=СУММ(А6:А9),

=СУММ(В6:В9),

=СУММ(С6:С9),

=СУММ(D6:D9),

=СУММ(Е6:Е9),

F6:F9 ұяшықтарына фабрикадан шығарылатын өнім көлемін анықтайтын формулалар енгізілген.

=СУММ(А6:Е6),

=СУММ(А7:Е7),

=СУММ(А8:Е8),

=СУММ(А9:Е9),

3.38-суретте көрсетілгендей Сервис, Шешім іздеу командасын таңдап, ашылған Шешім іздеу терезесін толтырамыз.



3.38-сурет – Транспорттық есеп үшін Шешім іздеу сұхбат терезесі
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

  • 8-тәжірибелік жұмыс. Сценарий диспетчерлерімен жұмыс: капитал салымдарының тиімділігін талдау. Жұмыстың мақсаты
  • - Сервис – Сценарии
  • - Добавление сценария
  • Значения ячеек сценария
  • Диспетчер сценарив
  • Отчет по сценарию
  • Сабақ жоспары
  • АСЧ(30000;7500;10;10) - 409,09 теңгеге тең. АПЛ
  • 10-тәжірибелік жұмыс. Транспорттық есеп. Транспорттық есептің математикалық моделі
  • 1-тапсырма. Транспорттық есеп
  • Сервис, Шешім іздеу

  • жүктеу 1.97 Mb.