Главная страница
Контакты

    Басты бет


Э. А. Байшығашова Болашақ информатика мұғалімі мамандықтарына «Информатика тарихы» курсын оқытудың қажеттілігі

жүктеу 92.63 Kb.



жүктеу 92.63 Kb.
бет2/2
Дата30.03.2017
өлшемі92.63 Kb.

Э. А. Байшығашова Болашақ информатика мұғалімі мамандықтарына «Информатика тарихы» курсын оқытудың қажеттілігі


1   2

Курстың негізгі мақсаты – информатика және ақпараттық технология саласындағы ғылыми прогрестің даму жолдарын түсіндіру, информатиканың ғылым ретінде қалыптасуындағы көзқарастармен болашақ мамандарды таныстыру, оның қалыптасуын информатиканың іргелі және қолданбалы аспектілерін дамытуға үлес қосқан көрнекі ғалымдардың шығармашылық қызметі арқылы таныстыру болып табылады.
Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.


Курсты оқу нәтижесінде студенттер:

  • информатиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдерін;

  • информатиканың негізгі категорияларының (ақпарат, алгоритм, автомат, жасанды интеллект) хронологиялық даму тарихын түсіну;
    Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)
    Жасанды интеллект (ЖИ, ағылш. Artificial intelligence, AI) - интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.


  • байланыс және коммуникация дамуын тарихын, есептеуіш техниканың, программалық қамтамасыз етулердің дамуын;

  • информатиканың қалыптасып, дамуына үлес қосқан көрнекі ғалымдардың өмірбаянын білуі тиіс.

Курстың мазмұны модульдік принципті сақтай отырып құрылған – материал салыстырмалы түрде бір–біріне тәуелсіз алты модульге бөлінген. Ол материалдың мазмұнын оңай игеруге мүмкіндік жасап, өткен мазмұнына тез қайтып оралатындай, курстың мазмұнын жедел толықтырып және жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

1. Ғылымның тарихы. Информатиканың қазіргі әлемдегі алатын ролі.

Антикалық дәуірдегі ғылым. Орта ғасыр дәуіріндегі ғылым. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым. Информатиканың ғылым ретінде қалыптасуы. Интернет тарихы.

Дәуір - халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Гипермәтінен гипермиға дейін.



2. Есептеуіш машина туралы ойдың пайда болуы мен дамуы.

Есептеуіш машинаның және соған байланысты идеялардың пайда болуы. Абактан компьютерге дейінгі тарихи ойларға шолу. Ақпаратттық технологиялар индустриясының дамуы.

3. Информатика туралы бастапқы ойлар. Ақпарат және кибернетика.

Ойлау процесін математикалық моделдеу туралы ойлар. Жасанды интеллект. Алгоритмді формальдау мәселелері. Абстрактылы есептеуіш машинасы ұғымы. Автоматтар. Соңғы автоматтар тарихы.



4. Алгоритмдік тілдердің пайда болуы. Программалаудағы қазіргі идеялар. Программалық қамтамасыз етудің даму тарихы.

Алгоритмдік тілдер. Программалау тілдерінің тарихы. Мәліметтер құрылымы ұғымының пайда болуы.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Машинада мәліметтерді сипаттау мәселелері. Программалаудың қазіргі парадигмалары. Қазіргі программалық қамтамасыз ету.



5. Есептеуіш техниканың дамуы. Есептеуіш техниканың тарихы. ЭЕМ буындары. Есептеуіш техниканың дамуындағы жеке тұлғаның ролі. Есептеуіш техниканың Қазақстанда дамуы.

6. Жалпы білім беретін мекемелерде информатика курсының

Қалыптасу тарихы. A.П.Ершов - мектеп информатикасының негізін салушы. Мектептегі информатика курсы. ЖОО-дағы информатика. Білім беруді ақпараттандырудың дамуы. Қазақстандағы информатиканың дамуы.

Семинар сабақтарында төмендегі мәселелерді зерттеп, талдау ұсынылады:

  1. Информатиканың дамуына байланысты антикалық дәуірдегі, орта ғасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі ғалымдардың еңбектері.
    Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
    "Еңбек" - өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам әрекетінің негізгі формасы.


  2. Интернеттің пайда болуының себептері. Желілік технологиялардың болашағы.

  3. Программалау тілдерінің дамуына түрткі болған және әсер етуші себептер мен жағдайлар.

4. Есептеуіш техниканың дамуына түрткі болған және әсер етуші себептер мен жағдайлар.

5.  Ақпараттық қоғамның қалыптасуы, ашық білім беру.

6. Информатиканың қалыптасуындағы жеке тұлғаның ролі.

Жобалау әдісі курстың басты әдістемелік бағыты болып табылады. Информатика тарихын зерттеу студенттердің ғылыми зерттеу және іздеу жұмыстарының негізінде өтеді. Ал, оқытушы осы мәселені қоюшы және түрлендірушінің ролін атқарады. Курсты сүйемелдеу үшін және ұсынылып отырған жабалау әдісін жүзеге асыру үшін «Информатиканың виртуалдық музейі» мұражайы құрылады.

Виртуалды мұражай дегеніміз, негізінен шынайы мұражайда болатын құрылымдық элементтерді құрайды. Қазіргі уақытта құрылып жатқан виртуалдық мұражайдағы мәліметтер қоры төмендегідей ақпараттарды өңдеп, сақтауды талап етеді: информатика мен есептеуіш техникаға байланысты жарияланымдар мен архив құжаттары, ғылыми жобалар, информатик және әдіскер ғалымдар, оның ішінде қазақстандық әдіскер ғалымдардың еңбектері туралы, қазіргі уақытта ашылып жатқан әртүрлі ғылыми жаңалықтар, өтіп жатқан ғылыми конференциялар, Қазақстан Республикасында информатика пәні бойынша өтетін олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары туралы мағлұматтар.

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.
Осы жоғарыда аталған барлық объектілер виртуалды мұражайдың экспонаттары болып табылады. Барлық экспонаттар туралы мағлұматтар мәліметтер қорында сақталады. Сөйтіп, виртуалды мұражайды құру барысында электрондық формаға сәйкес бірқатар түзетулер енгізе отырып, шынайы мұражайды моделдейміз.

Виртуалды мұражайда пайдаланушыларды тіркеу қарастырылады. Тіркелмеген пайдаланушылар мұражай қорын көруіне шектеу қойылған. Тіркелген пайдаланушылар мұражайды қарап ақпарат алуға рұқсат алады, сонымен қатар олар өз ақпаратын енгізуіне болады.

Курстық бақылау сынақ түрінде жүреді. Студенттерге сынақ тапсырмалары ретінде төмендегідей тапсырмалар ұсынуға болады:


  1. «Информатика тарихы» деп аталатын өздерінің сайтын құру.

Оған қойылатын талап: информатика курсының негізгі мазмұндық желілерінің тарихын сипаттау (ақпарат және ақпараттық процестер, алгоритмдер және программалау тілдері, есептеуіш техника, ақпараттық технология, компьютерлік желілер және Интернет, ақпараттық моделдеу), сондай ақ, информатиканың дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы ақпараттар келтіру. Бөлімдерді ақпаратпен толықтыру ықшамды, әрі қызықты болуы тиіс. Мүмкіндігінше сайтты көркем суреттермен безендіру, анимация және дыбыспен сүйемелденгені дұрыс. Бұл сайт мектептегі информатика курсын оқыту барысында «информатика тарихы» туралы мағлұматтар беретін құрал ретінде пайдаланылуы тиіс.

2. «Информатика тарихы» виртуалдық мұражайына мультимедиялық экспонат құру. Оған қойылатын талап: экспонат тақырыбы бар мәліметтерді қайталамауы тиіс (бірақ олардың толықтырылуы, кеңейтілуі, тереңдетілуі болуына рұқсат етіледі). Бұл эссе, очерк, бұрынғы ертедегі құрылғылардың смпаттамасы, ғалымдардың өмірбаяны болуы мүмкін.

Мұндай курс болашақ информатика мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлауға айтарлықтай үлесін тигізеді деп есептейміз. Курсты оқыту нәтижесінде:



  • Студенттерде информатика мен есептеуіш техниканың дамуындағы маңызды оқиғалар мен негізгі кезеңдері туралы болжам қалыптастыру; қазіргі ақпараттық–коммуникациялық технологиялар мен олардың қазіргі даму бағыттары туралы түсінік; АКТ–ның қоғам өміріне, оның ішінде білім беру саласына әсері туралы ақпарат;

  • Оқытудың белсенді әдістері мен қазіргі техникалық құралдарды пайдалана отырып, информатиканы оқуға деген танымдық қызығушылықтарын арттыру;

  • Студенттердің өз бетінділік оқу іс–әрекетін, ізденіс іс–әрекетін ұйымдастыру;

  • Студенттерде ақпарат іздеу және өзіне қажеттісін сұрыптай білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру; қарастырылып отырған материалдағы маңыздысын, ең бастысын іріктей білу, хабарлама құрастыра білу, болжам айта білу, оны түсіндіріп, негіздей білу, мәселені тауып, оны көтере білу, соған байланысты міндеттер қоя білу іскерлігін қалыптастыру;
    Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.


  • Өмірде белсенді көзқарасқа тәрбиелеу.

Курсты оқу нәтижесінде алынған білім болашақтағы кәсіби қызметінде, білімін жалғастыруда, кәсіби шеберлігін шыңдауда, кейінгі шыққан ақпараттық–коммуникациялық технология құралдарын меңгеруге көмектеседі. Бұл ұсынылып отырған арнайы курс қазіргі заман талабына сай болашақ информатика мұғалімдерін даярлауда, білімін толықтырып шыңдауда, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға өз үлесін қосады деп есептейміз.

Қорыта келгенде, кәсіби мамандар даярлау сапасы жоғарылаған жағдайда ғана еңбек нарығында бәсеге қабілетті мамандар көбейіп, еліміздің экономикасы, әл–ауқаты мен мәдениеті дамып, көтеріледі деп сенеміз.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.


Әдебиеттер
1. Абдуразаков М.М., Ниматулаев М.М., Сурхаев М.А. Развитие методической системы подготовки учителя информатики к использованию средств информационных и коммуникационных технологий. //Информатика и образование, №12,2008.

2. ҚР ЖМББС 3.08.261-2006. 050111-Информатика мамандығы, Астана-2006.



3. Пак Н.И., Виденин С.А. Курс «Инстория информатики» в педвузе. //Информатика и образование, №7,2007.
1   2

  • Курсты оқу нәтижесінде студенттер: информатиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдерін; информатиканың негізгі категорияларының (ақпарат, алгоритм
  • Курстың мазмұны
  • 2. Есептеуіш машина туралы ойдың пайда болуы мен дамуы. Есептеуіш машинаның және соған байланысты идеялардың пайда болуы.
  • Мәліметтер құрылымы
  • 5. Есептеуіш техниканың дамуы
  • 6. Жалпы білім беретін мекемелерде информатика курсының Қалыптасу тарихы.
  • Семинар сабақтарында

  • жүктеу 92.63 Kb.