Главная страница
Контакты

    Басты бет


Дәріс сабақтарының конспектісі 1-ші тарау. Оператор мен есептеу жүйесінің арасындағы қарым қатынас инерфейсінің инженерлік-психологиялық жобасы

жүктеу 0.66 Mb.



жүктеу 0.66 Mb.
бет3/3
Дата05.04.2017
өлшемі0.66 Mb.

Дәріс сабақтарының конспектісі 1-ші тарау. Оператор мен есептеу жүйесінің арасындағы қарым қатынас инерфейсінің инженерлік-психологиялық жобасы


1   2   3

12,13-шы дәріс. Пайдаланушылық интерфейстердің классификациясы.
Графикалық және графикалы емес пайдаланушылық интерфейстердің ерекшеліктері.
Программалық құрылғылар индустриясында қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің бірқатар классификациясы бар.

Қазіргі уақытта қолданылатын жалпы классификацияны қарастырайық . Жалпы жағдайда пайдаланушылық интерфейстерді екі үлкен топқа бөлуге болады:


- WIMP-интерфейсі, оның компоненттер: window-терезе, icon-пиктограмма, menu-мәзір, pointer-көрсеткіш болып табылады.
- SILK-интерфейсі, speech-сөз, icon-пиктограмма, language-тіл, knowledge-білім.
Қазіргі уақытта WIMP-интерфейс тобы кеңінен таралған. Арнайы облыстарда қолданылатын SILK-интерфейстер тобы сирек қолданылады.Төменде программалық өнімдерді жобалаушыларда кеңінен таралған WIMP-интерфейс туралы толығырақ қарастырамыз.
Қазіргі кезде қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің классификациясын қарастырайық, олар төрт топқа бөлінеді: :
- графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interfase - GUI);

- пайдаланушы Web-интерфейсі (WEB-User Interfase WUI);

- қалта құрылғыларын пайдаланушы интерфейсі (Hand-User Interfase-HUI);

- графикалық емес командалық жолдың пайдаланушы интерфейсі (Command Line Interfase CLI).



Графикалық пайдаланушы интерфейс (GUI).

Графикалық пайдаланушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.

GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол манипуляция жасау мүмкіндігі, тышқан немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдалануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы. GUI – компоненттерін тереңірек қарастырайық. Терезе – ол бейнелеу құрылғысының облысы, объектілермен, объектілер туралы ақпаратпен өзара қатынасы үшін қолданылады немесе объектілерге қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Терезеде тақырыптар жолы болады, ауыспалы операциялар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және объектілер туралы ақпарат көрсететін арнайы облысы болады. Әдетте терезе тікбұрышты болып келеді.Онда терезені қолданатын қосымша, GUI–бағытталған қосымша болып келеді. Терезе ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын жарым-жартылай қолдану, бірмезетте бірнеше объектілермен немесе сұхбатты басқарушылармен өзара қатынаста болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.

Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда терезеге ұқсас болып келеді, бірақ формальды анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысының облысы, объектіні көрнекті қылу үшін қолданылады. Пиктограмманың типтік қасиеттері объектіні, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады сонымен қатар операцияларды манипуляциялайды. Пиктограммада орындалатын, объектіні сипаттайтын – бұл Open (ашу) операциясы, ол объект туралы ақпараты бар терезені сипаттайды.

GUI– интерфейсінде қолданылатын, формальді түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиыны бар. Объектілердің атрибуттерін, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдар ақырғы пайдаланушылармен пиктограмма сияқты қабылдануы мүмкін. Бірақ GUI–интерфейсі және стандарттарды құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларда графикалық символдардың қолдануына мына терминдер “пиктограмма” және “графика” арқылы өзара алмастырылады.

Мәзір. Мәзір баламалардың қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. Әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы –объектілермен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (Файл) мәзірі- мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан - Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керісінше мәзірде дисплей толығымен қолдану қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.



Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте тышқанның немесе жұмыр манипулятор түріндегі координаттық - сілтеуіш құрылғылардан тұрады.

Координаттық - сілтеуіш құрылғы деп пайдаланушы енгізуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асыра алатын экрандағы орынды түсінеміз. Көрсеткіш - ол графикалық символ. Координаттық - сілтеуіш құрылғыға жүйеге кірудің орынын визуальды көрсетеді. GUI интерфейсте қолданылатындар көрсеткіштер, бағыт түріндегі жүйелік көрсеткіштен, графикалық қайта түйісу және І- бейнелі немесе бөренелік көрсеткіштен тұрады.

Тікелей манипуляциялау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті - тікелей манипуляциялауда болып табылады. Ол пайдаланушыға көрсеткіштің көмегімен объектілермен өзара қатынаста болуға мүмкіндік береді. . Мысалы , тышқанның көмегімен терезенің экрандағы орнын ауыстыруға болады. Терезе тақырыбы жолына көрсеткішті орналастырып , тышқанның батырмасын басып ұстап, тышқанды да жылжытып отырамыз. Мәзір немесе баламаларды таңдаудың көмегімен орындалатын әрекеттерді, тікелей манипуляциялауды қолдана отырып орындауға болады. Мысалы , көптеген жүйелерде құжат пиктограммаларын жұмыс үстеліндегі принтер пиктограммасына тасу нәтижесі - құжатты баспаға шығару болып табылады. Тікелей манипуляция арқылы орындалатын әрекеттерге Move (орын ауыстыру) ,Copy (көшіру), Delete (өшіру), Link (байланыстыру) операциялары жатады.

Басқада қасиеттер. GUI - интерфейске тән басқада жұмыс әдісіне - айырбастау буфері , пернелердің қиыстырулары , мәзірде және сұхбатта үдейтін пернелер, сонымен қатар тышқан - пернелердің өзара қатынасының қосымша мүмкіншіліктері жатады. Бұл механизмдер пайдалы болғанына қарамастан, GUI- интерфейстің маңызды қасиеттері ретінде қарастырылмайды.

GUI-интерфейсі қолданбалықтың жоғары дәрежесіне кепілдік бермейді. Бірақ дұрыс деңгейде жобаланған GUI-бағытталған программалық қосымша, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан, оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.



Пайдаланушылық - интерфейс (WUI).

Негіздік WUI - стиль (Web User Interfase) иерархиялық құрылым мәзіріне ұқсас. Оны пайдаланушылар гиперсілтемелерді қолданудан басқаларын, графикалық емес интерфейс ортасында жұмыс істеу тәжірибесінен біледі. Қажетті навигация мәтіндік немесе визуалды гиперсілтемелерді пайдалану арқылы, бір немесе бірнеше қосымшалардың шеңберінде орындалады. қолданумен выполняется рамкаларда тердің немесе көзбен шолулардың гиперссылок . Гиперсілтемелердің құрылымына байланысты WUI интерфейсі шеңберінде, навигация қосымшасы, Web–парақтарды қосымша иерархиясында бір терезенің ішінде бір рет көрсетеді. тәуелділіктер құрылымдар гиперссылок қосымша навигация шектерде - ертіп әкеледі елестетуге иерархиялар қосымшалар біреудің үшін бір ішінде бірдің терезелер . WUI - стилі қолданатын қосымшаның негізгі ерекшеліктері төменде келтірілген:

- хабар әдетте, бір терезеде беріледі. Ол броузер деп аталынады, бірақ мәліметтерді қосымшада көрсету үшін бірнеше броузер терезесін қолдануға болады;

- броузер Web - қосымшаны мәзірмен қамтамасыз етеді ;

- әрекеттердің таңдауы шектелген, себебі функцияға қатынасты қамтамасыз ететін мәзірдің, қосымшамен өзара қатынасы күрделі;

- Web–парақ арнайы, кездейсоқ шығып қалатын мәзірді ашу үшін, клиенттік облысқа ішкі бақылау жүргізе алады.

- арнайы мәзірді жасау, қосымша программалау жұмыстарын талап етеді ;

- клиенттік облыстың дәстүрлі пиктограммалары жоқ ;

- көптегендер қосымшалар графикті және анимацияны эстетикалық немесе навигациялық мақсаттарда қолданады.

- броузер және оның қосымшалары WEB-парақтардағы графиктердің өшу мүмкіндіктерін қанағаттандырады, сондықтан бізге тек мәтіні көрінеді.

- көрсеткіштің сүйеуі негізінен тышқан батырмасын шерту арқылы немесе навигациялық сілтеулерді таңдау арқылы іске асырылады. “Drag and drop” технологиясы, белгілі ортадағы арнайы программалаудан басқа жерлерде, қолданылмайды. 2 батырмасының және тышқанның істейтін функциялары шектеулі.

Навигация. Гиперсілтеулерді немесе WUI-интерфейсінің функциялары арқылы орындалатын іздеу механизмін қолдану арқылы бір парақтан келесі параққа көшу. Пайдаланушы кездесетін парақтар сол немесе басқа WEB-түйіндер арқылы пайда болады.

WEB-броузер WEB-түйіндерде орын ауыстыру және WEB-түйіндер шегіндегі Back(Артқа) және Forward(Алға) батырмаларының базалық мүмкіндіктерін іске асырады. Сол және басқа WEB-түйіндердегі бір парақтан келесі параққа көшу навигациясы гиперсілтеулерді, WEB-түйіндердің сұлбаларын, батырмаларды және навигациялық панельді қолдану арқылы орындалады. WEB-парақтың негізгі мәні WEB-түйіндерге навигациялық құрылымды қолдану арқылы қажетті мәліметтерді қамтамасыз ету болып табылады. WEB-парақтар бір немесе бірнеше шексіз өрнектер мен түрлі-түсті графикалық элементтердің үйлесімді конструкциясы арқылы құралады. WUI-қосмшалары GUI-қосмшаларына қарағанда пайдаланушы арқылы шақырылмайтын шексіз элементтерден тұрады.

WUI-интерфейсінің компоненттері. WUI-интерфейсінің кең таралған компоненттеріне баннерлер, навигациялық панельдер және әртүрлі әдістермен реттелген визуалдық немесе мәтіндік гиперсілтеулер жатады. Және де анимацияларға, графикаларға және түстерге қолданылатын әрекеттер орындалады:

- баннер – WEB-парақтардың жоғарғы бөлігінде көрінетін визуалдық тақырып;

- навигациялық панель – мәліметерге рұқсат етуді қамтамасыз ететін гиперсілтеулерді таңдаудың нұсқалары;

- гиперсілтеулер – келесі парақтың мәліметін көрсететін немесе суреттің фокусын басқа облысқа ауыстыратын таңдау нұсқалары;

- броузер – типтік броузер тақырыптан, экран шеңберінде көрінетін навигациялық панель облысынан тұрады;

- каталог – нәтиже табылғанша қосымша іздеу нұсқалары арқылы навигация үшін қолданылатын гиперсілтеулерді таңдау нұсқаларының тізімі;

- іздеу және іздеу нәтижесі – пайдаланушы мәтінді іздеудің критерийлерін енгізетін және таңдайтын бір немесе бірнеше басқару элементтері. Іздеу нәтижелері сол немесе басқа WEB-броузер терезелерінде көрсетіледі;

- құжат – WEB-құжат қосымша көздерге сілтеулері бар мәтіндік ақпарат немесе ақпаратты ашық түрде көрсету;

Мәтіндік ақпарат (текстовая информация; text information) - алфавиттік, цифрлық және басқа арнайы символдар жиыны. Мәлімет сақтайтын физикалық құрылғыларда ақпарат осы символдар тізбегімен беріледі.

- жазбалар кітапшасы – кейбір WEB-түйіндер мәліметтерді ұйымдастыру үшін қолданылатын метафора түріндегі визуалдық кітапша. Навигациялық панельден айырмашылығы таңдау нұсқалары аз мөлшерде болу ғана.

Қалталық құрылғылардың пайдаланушылық интерфейсі (HUI).

Қазіргі кезде компьютерлердің екі PDA (Personal Digital Assistant-жеке цифрлық ассистент – кейбір арнайы функцияларды орындауға арналған қалталық компьютер) класы белгілі – біріншісінде кәдімгі GUI-стиль, екіншісінде GUI-интерфейсінің ішкі жиыны қолданылады. Пайдаланушының мәліметтерін енгізу үшін қалам және сенсорлық экраннан тұратын жестикуляциялық стиль қолданылады.

Әдетте, мұндай құрылғылардың экрандары өте кішкентій болады. PDA дисплейінің әрбір ауданы үстелдік және ықшам жүйелер үшін қолданылатын GUI-қосымшаларының терезелерінен кіші. PDA үшін негізінен столдық немесе ықшам компьютерлерге арналған GUI-бағытталған программалар қолданылады.

HUI-интерфейсі GUI-интерфейсінің кейбір мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, атап айтсақ пиктограмма, мәзір және көрсеткіштің қалпы. HUI-интерфейсі үшін жалпы стильді SIMP-стиль деп атауға болады (Screen – экран, Icon – пиктограмма, Menu – мәзір және Pointer – көрсеткіш). Осы арқылы GUI-интерфейсінің көптеген қасиеттері қамтамасыз етіледі, олардың кейбірі төменде көрсетілген.



  1. Пиктограммалар көптеген PDA-ларда қолданылады. Олардың мүмкіндіктері көрсету құрылғысының түріне сәйкес өзгереді. Пиктограммалар GUI-интерфейсіндегі секілді объектілерді, атрибуттарды және әрекеттерді ұсыну үшін қолданылады.

б) Мәзір қатарлары және де мәзірдің өзі талап ету арқылы көрінеді, және осындай компоненттерге сай қасиеттерге ие болады.

в) Қалам бір шерту секілді көрсеткіш ретінде жұмыс істейді. Сұхбаттар шақырылып жатқан объекттерді жауып тұратын терезелерде көрсетіледі. Мұндай терезелер GUI-терезелердің стандартты безендірулерін қабылдай алмайды. Олардың орнын ауыстыруға немесе өлшемдерін өзгертуге болмайды.

Кейбір PDA-ларға пернетақтаны қосуға болады, бірақ пайдаланушы қалам мен көрсеткіштердің бірге жұмыс істеуін үйрінуі қажет. Кейбір командаларды GUI-интерфейсінің командаларды тез таңдау пернелеріне эквивалентті «жестикуляциялық» пернелер комбинациялары арқылы орындауға болады.

HUI-бағытталған қосымшалардың негізгі мәселелері төменде келтірілген.



  1. Пайдаланушының мәлімет енгізулеріндегі талап етуді оңайлату.

  2. Дисплейдің шектелген ауданын қолдану.

Командалық қатардың графикалық емес пайдаланушылық интерфейс(Command Line Interface – CLI).

Бұл интерфейс қосымшалармен жиі жұмыс істейтін дайындалған пайдаланушыларға арналған. Пайдаланушы қатаң белгіленген ішкі құрылымы бар командалар арқылы қосымшалармен жұмыс істейді. Командалар коды осы командалар арқылы орындалатын қосымшалардың функциясын теңестіреді. Командалар коды функцияның аталуын көрсетеді және түсінікті тілдегі сөздер арқылы немесе қысқартылған түрде жазылады. Командалар пайдаланушыға жүйенің сауалдарына жауап беріп отырудың орнына, лезде керекті функцияны өзгешеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.


Әдебиет:1нег.[20-26],2 нег.[80-98], 7қос.[100-117]

Бақылау сұрақтары:

  1. Пайдаланушы интерфейстері қандай кластарға бөлінеді?

  2. GUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

  3. WUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

  4. HUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?


14–ші дәріс. Компьютерлік иерархиялық жүйенің ақпараттық өзара қатынас интерфейсі.

Ақпараттық өзара қатынас деңгейінің жүйесі. Ақпараттық өзара қатынас деңгейінің интерфейстері мен хаттамаларының өзара қатынасы.

Ақпараттық өзара қатынас интерфейстерін WEB-қосымша мысалында қарастырайық. Бұдан бұрын қарастырылған пайдаланушылық WUI, қосымша деңгейінің программалық интерфейсімен тікелей байланысты екенін атап өту керек. Интернет торабындағы түрлі обектілердің өзара қатынасы ISO 7498 (ISO – International Organization for Standardization) жалпы халықаралық стандарттық ережелері мен талаптарына сай құрылады.

Бұл стандарт үш тақырыптан тұрады “Ақпаратты есептеу жүйесі – Ашық жүйелер өзара қатынасы – Эталонды модель”. Әдетте оны қысқаша – “Ашық жүйелердің өзара қатынасының эталонды моделі” деп атайды. 1983 жылғы осы стандарттың жарияланғаны көптеген белгілі телебайланыстағы компаниялардың және стандарттаушы ұйымдардың көп жылдық жұмысының қорытындысы болды. Осы құжаттың негізі болып табылатын негізгі мақсаты, жүйе аралық ақпараттық өзара қатынас процесін, нақты анықталған қызметімен деңгейлерге бөлу.

Өзара қатынас моделі ретінде OSI (Open System Interconnection) Америка ұлттық стандарт институты ұсынған құрылым болды ANSI (American National Standards Institute) ISO 7498 телебайланыс саласындағы стандарт болып табылады.

Әр салалы ұйымдық өзара қатынастың артықшылығы ол деңгейлік стандарттың дербес жоспарымен қамтамасыз етеді және ақпараттық есептеу жүйесінің программалық қамтамасыз етуі және құрылғының модульді болуы, осы саладағы техникалық дамудың деңгейіне ықпал етеді.

Көп деңгейлік модельді қолданғанда, торап түйіндерінің арасында ақпараттың орнын ауыстыру үшін, ең кіші бөлшектерге бөледі, демек мәселелерді жеңіл шешуге ықпал етеді. Көп деңгейлік модель ақпарат қалай бір қолданбалы программадан, мысалы кестені өңдеуден, басқа компьютерлік торапта тұрған, сол кестені өңдейтін екінші қолданбалы программаға өту жолын сипаттайды.

Мысалы 15-ші суретте көрсетілген А жүйеде Б жүйесіне жіберетін ақпарат бар. А жүйесінің қолданбалы программасы ,А жүйесінің 4-ші деңгейімен (жоғарғы деңгей) байланыса бастайды да, өз кезегінде, А жүйесінің 3-ші жүйесімен байланыса бастайды. Сөйтіп А жүйесінің 1-ші деңгейіне жетеді. 1-ші деңгейдің міндеті ақпаратты тораптың физикалық ортадан алып, беру. Осыдан соң ақпарат тораптың физикалық ортадан өткеннен кейін, Вжүйесіне келіп түседі де, В жүйенің әр деңгейінде өңделіп отырады. Бұл құбылыс кері ретпен 1-ші деңгейде сосын 2-ші деңгейде жүреді және т.с.с. В жүйесінің қолданбалы программасына жеткенше орындалады.

Көп деңгейлік модель өзара қатынастағы жүйенің деңгейімен тікелей байланыстыру бағытын ұстамайды демек, А жүйесінің әрбір деңгейі оған берілген. В жүйесінің сәйкес деңгейімен байланыс орнату үшін, А жүйесінің аралас деңгейінің көмегіне сүйенуі керек. Мысалы үшін А жүйесінің 4-ші деңгейі В жүйесінің 4-ші деңгейімен байланысқа түсуі керек дейік. Ол үшін А жүйесінің 4-ші деңгейі А жүйесінің 3-ші деңгейінң көмегіне сүйену керек. Сонда 4-ші деңгей “көмек алушы” болып есептелінеді, ал 3-ші деңгей “көмек беруші” болып есептелінеді.

15-ші сурет.

Көрсетілетін қызмет туралы ақпарат деңгейлер арқылы, арнайы ақпараттық блоктар арқылы беріледі. Бұл тақырып деп аталынады. Тақырып әдетте берілген қолданбалы ақпараттың алдында болады.


16-шы сурет. Әртүрлі деңгейдегі деректердің инкапсуляция блоктары.


Мысалы, А жүйесі В жүйесіне бір мәтінді жібергісі келеді дейік. Мәтін “деректер” немесе “ақпарат” деп аталынады. Бұл мәтін А жүйесінің қолданбалы программасынан, осы жүйенің жоғары деңгейіне беріледі. А жүйесінің қолданбалы деңгейі, В деңгейінің қолданбалы деңгейіне белгілі бір ақпаратты жіберуі керек, сондықтан ол өз деңгейінің басқарушы ақпаратты тақырып түрінде, берілетін тиісті нақты мәтіннің алдына орналастырады. Осындай жолмен құрылған ақпараттық блок, өз өзіне меншікті басқарушы ақпаратпен оны ескерте алатын А жүйесінің 3-ші деңгейіне беріледі.

Хабарлама мөлшері, төмен деңгейлер арқылы торапқа жеткенге дейін өседі. Мұнда мәтіннің түпнұсқасы және онымен түгелдей байланысқан басқарушы ақпарат, В жүйесіне көшеді және В жүйесінің 1 деңгейімен жұтылады. В жүйесінің 1 деңгейі түскен ақпараттан тақырыбын бөліп алады және өңдейді, содан кейін ол келіп түскен ақпараттық блокты қалай өңдейтінін анықтайды. Мөлшерлері азайтылған ақпараттық блок 2-ші деңгейге беріледі. Ол берілетін деңгейдің тақырыбын бөледі және оның орындайтын әрекетін білу үшін сараптайды. Қашан ақпараттық блок В жүйесінің қолданбалы бағдарламаларына жеткенде, ол тек түпнұсқалы мәтінге ие болу керек.

Тақырып және мәліметтер құрылымы салыстырмалы түрде, сол сәтте ақпараттық блокты сараптайтын деңгейге тәуелді болады. Мысалы, 2 деңгейдегі ақпараттық блок, осы деңгейдің және оның ізінен тізілетін тақырыптан құралады. Бірақ 2 деңгейдің мәліметтері 3 және 4 деңгейлердің тақырыбынан да тұруы мүмкін. Сонымен қатар, 2 деңгейдің тақырыбы 1 деңгейге қарапайым мәлімет болып келеді. Тақырып түріндегі әрбір жүйенің деңгейіндегі ақпараттық блок тексерілген қосындымен сәйкес келетін КонтСум арқылы аяқталады. Бұл концепция 16-шы суретте бейнеленеді.

Берілген модель бір-біріне салынған матрешканы еске түсіреді. Олардың ішіндегі ең кішкентайы – пайдаланушының мәліметтері, ал барлық қалғандары тағайындау нүктесіне мәліметтерді жеткізу үшін қызмет етеді .

Басқаша айтқанда, бұл жұмыстың механизмі нәтижесінде жоғары деңгейдегі әрбір пакет төмен деңгей протоколының “ конвертіне “ салынады.

ISO 7498 стандартына сәйкес ақпараттық өзара қатынастың жеті деңгейі (қабаттары) белгіленеді:

1. Физикалық деңгейі (Physical Layer)

2. Каналдық деңгейі (DataLink Layer).

3. Тораптық деңгей (Network Layer).

4. Транспорттық деңгей ( Transport Layer).

5. Сессиялық деңгей ( Session Layer).

6. Ұсыну деңгейі ( Presentation Layer).

7. Қосымша деңгейі ( Application Layer).

Екі не одан да көп жүйенің ақпараттық өзара қатынасы, ішкі деңгейілік жүйелердің ақпараттық өзара қатынасының жиынтығын береді. Сайып келгенде, локальді ақпараттық жүйелердің әрбір қабаты, сәйкесінше алыстатылған жүйенің қабатымен өзара қатынаста болады.



Анықтама.

Протокол – аттас деңгейлердің объектілерінің өзара қатынас алгоритмдерінің (ережелері ) жиынтығы.

Ақпараттық жүйелердің қабаттары (деңгейлері) бір-бірімен өзара қатынаста болады. Онда тікелей өзара қатынасқа тек көршілес деңгейлер қатысады. Әдетте, орта деңгей төменгі деңгей ұсынатын қызметтерді пайдаланады, ал өзі, өз кезегінде жоғарғы деңгейге қызмет етеді.



Анықтама .

Интерфейс – берілген деңгейдің объектісімен өзара қатынасы сәйкес жүзеге асатын ережелердің жиынтығы.

Тораптық өзара қатынастың иерархиялық ұйымдасуы, мәліметтердің тасымалдау технологияларында орны басылған өнделген құрылымдарды және олардың өзгерістерге тез бейімделуін қамтамасыз етеді. Мысалы, физикалық тасымалдауыш арқылы мәліметтерді тасымалдаудың жаңа әдісіне көшкенде, тек қана төменгі деңгейде өзгеріс орын алады. Егер протоколдар жүйесі ISO 7498 талаптарына сәйкес ұйымдасса, жоғарғы деңгей өзгеріссіз қалады. Тәжірибе жүзінде берілген стандарттың талаптары протокол стектері түрінде жүзеге асады.



Анықтама

Стек – өзара қатынас протоколдарының иерархиялық ұйымдасқан тобы.

Стекке жататын протоколдар арнайы интерфейс иемденеді. Олар тек сол стектің сәйкес деңгейлерінің протоколдарымен өзара қатынасы үшін арналған. Мұндай стектердің мысалы ретінде ТСР/ IP стегін келтіруге болады.

Әдетте, 7-5 деңгейлер жоғарғы болып есептеледі және нақты тораптың ерекшіліктерін көрсетпейді . Пайдаланушының (хабарлама) мәліметтер блогы осы деңгейлермен біртұтас ретінде қарастырылады. Өзгерістерді тек мәліметтердің өздері өткеруі мүмкін.

Кейде 1-3 және 4 деңгейлер OSI төменгі деңгейлері болып саналады. Бұл деңгейлердің әрбірінде мәліметтерді ұсыну форматы анықталады. Стектің 4-деңгейінен біріншіге өту барысында пайдаланушының хабарламасы тізбектей фрагментеледі және сәйкес деңгейдің мәліметтер блогінің тізбегіне түрленеді.



Анықтама .

Инкапсуляция – фрагментелген мәліметтер блогының бір деңгейден басқа деңгейдегі мәліметтер блогына орын ауыстыру процесі.

Әдетте, жоғары деңгей протоколдар деректері – төмен деңгейдегі протоколдар деректерінің блогына инкапсуляцияланады (тораптық-каналдық). Сонымен қатар, аттас деңгейдегі протоколдар үшін де инкапсуляция орындалуы мүмкін.


Әдебиет: 1нег.[20-26], 2нег. [80-98], 7қос.[100-117], 9қос.[211-234].

Бақылау сұрақтары:

1. Компьютер жүйелерінің әртүрлі деңгейлерінің ақпараттық өзара қатынасы қалай ұйымдастырылады ?

2. Компьютер жүйелерінің деңгейлерінің өзара қатынас протоколы термині қандай мағына береді, мысал келтіріңіздер?

3. Компьютер жүйелерінің деңгейлерінің өзара қатынас интерфейсі термині қандай мағына береді, мысал келтіріңіздер?

4. Компьютер жүйелердегі инкапсуляция және протоколдар стегі терминдері қандай мағына береді?

Тарау 5. Компьютерлік жүйелердің ақпараттық өзара қатынас интерфейстерін құру.

15-ші дәріс. Программалы-аппаратты интерфейстер.
Қосымша деңгейінің өзара қатынас интерфейстері. WEB - қосымшалардың өзара қатынас интерфейсін орындау.

Екі қосымшаның, WEB – броузер және WEB –сервердің ( әдетте бұл екі қосымша әртүрлі машиналарда және соған сәйкес түрлі программалы-аппараттық платформаларда орналасқандықтан, программалы-аппараттық интерфейс терминін қолданамыз) өзара қатынас интерфейсін қарастырамыз.

WEB- қосымшаның өзара қатынас интерфейсін орындағанда ( Hypertext Transfer Protocol – гипертекст тасымал протоколы) қолданылады, WWW- World Wide Web торабында орналасқан, қолданбалы деңгейдегі протокол және әртүрлі ақпаратқа кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуші.

Платформа (фр. plate – жайпақ, forme - форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы.
HTTP (ағылш. HyperText Transfer Protocol - еренмәтін апарғызу хаттамасы) - Интернетте HTML беттерін алмасу үшін арналған хаттама.
НТТР протоколы - берілген мәліметтердін түріне байланысыз, ақпаратты көбейтідің жоғарғы өндіргіштік механизмін иемденеді. Протокол объекті – бағытталған технологиялар бойынша құрылған және түрлі тапсырмаларды шешу үшін қолданылады, мысалы таратылған ақпараттық жүйелерді басқару үшін.

Берілген әртүрлі форматтарды сақтау және ұсыну қабілеті НТТР-ді қолдана отырып, WWW жүйесін ерекше енгізу құралы етеді.

Қазіргі кезде HTTP протоколы WWW жүйесінде негізгі протокол ретінде қолданылады. Осыған қарай HTTP протоколында жұмыс істеу әдісін толығырақ қарастырайық. HTTP протоколы WWW серверлерінде ақпараттық ресурстар мен сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. WWW торабының көпфункционалды ресурстарына қатынасты унификациялау үшін, серверлер интерфейстер кешенін қолдайды.

(лат. unus - бір және facio - жасаймын) - бірыңғай мақсатқа пайдаланылатын объектілер санын тиімді түрде азайту. Унификация стандарттаудың тиімді және кең тараған әдісі. Оның негізгі мақсаты еңбек өнімділігін арттыру, өнімді өндіруге және пайдалануға жұмсалатын шығынды азайту, сапасын жоғарылату, бұйымдардың бір-бірін алмастыратындай болуын қамтамасыздандыру.
Ол тораптық ресурстарға қол жеткізу әдістеріне және деңгейлерді құрылымдауға мүмкіндік береді. Әр интерфейс құрылымы мен әдісі бар торап объектісінен тұрады. WWW торабында орналасқан ақпаратты іздеу үшін Web-броузер деп аталынатын арнайы қосымша қолданылады. Объектілердің (клиенттік және серверлік) келісілген өзара қатынасы программалық интерфейс түсінігін қалыптастырады.

Қосымша деңгейінің протоколы негізінде құрастырылған программа – аппараттық интерфейстерді қарастырайық. URI (Uniform Resource Identifier, ресурс идентификаторы), URL (Uniform Resource Locator, ресурстың орны), URN (Uniform Resource Locator, ресурстың аты) - бір сервистің әртүрлі идентификациялық аспектісі. Ол ресурс орналасқан, интернет жүйесі арқылы кіруге болатын тораптың түйінінің түрін, қатынас әдісін және орнын анықтайды. Бұл сервис үш бөлімнен тұрады.



  1. Сұлба. Сервистің түрін идентификациялайды. Ол арқылы сервиске қатынас жасауға болады. Мысалы WWW сервер.

  2. Мекен жай. Ресурстың мекен жайын (хост) идентификациялайды. Мысалы, www.ripn.net.

  3. Кіру мүмкіндігінің аты және жолы. Таңдалынған хоста, ресурсқа толық жол идентификацияланады. Біз оны ресурсқа кіру мүмкіндігіне пайдаланатын боламыз. Мысалы /home/images/image l.gif. Мысалы, Microsoft (WWW-серверде) сайтында орналасқан, readme.
    Microsoft Corporation (/maɪkrəˌsɒft/) - дүниежүзіндегі ең ірі компаниялардың бірі. Бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құруы мен қызметін көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания.
    txt файлы келесідей идентификаторы бар ресурсқа ие: http://www.microsoft.com/readme.txt. Ол дегеніміз, ресурсқа қатынас үшін HTTP протоколын пайдалану керек, (кіру сұлбасы қос нүктемен бөлінген “:” және пайдаланған протоколдың атын көрсетеді) келесі екі слэш www.microsoft.com серверінің мекен-жайын көрсетеді және файлдың аты /readme.txt қолданылады.

Әдетте, ресурс орналасқан компьютер туралы айтылса, оны URL немесе URN мәндері пайдаланылады, ол егерде ресурс толық белгіленсе (түрі, хост, жолы көрсетілсе) онда URI қолданылады. Әрине таңбаларды орын ауыстыруға болады, бірақ тексте оны не білдіретінін түсіндіру керек.

URI идентификаторы ресурс атын көрсетеді және оның параметрін де анықтайды. Параметрлер жолынан ресурс аты мына таңбамен “?” бөлінеді. Параметрлер жолы тұрақты құырылымдық символ тобынан тұрады, мынадай символмен“&” белгіленеді, мұндай лексама оның параметрінің атынан және оның “=” символымен бөлінген мәнінен тұрады. Бос орын символы “ “, “ ” таңбасына ауыстырылады. ASCII символдар жиынтығына кірмейтін лексем символы “%” таңбасына және осы символдың он алтылық мәніне ауыстырылады. Берілген ресурсқа барлық жол параметрлері, бір жол параметрі болып табылады, сондықтан да жолдың жеке параметрлерінің атауының немесе оның реті, түрінің соншалықты маңызды емес. Мысалы: http://www.exe.com/bm/scrshell.run?in=10&go=ok and ok&event=l&event=2

Бұл URI идентификатор төрт параметрден тұрады, үшеуі оны сандық, ал екеуі бір атауға ие. URI идентификаторға кейбір параметрдің мәндеріне талдау жатады. Аталмыш мысалда scrshell.run ресурсы.

HyperText Markup Language (HTML) – WWW торабында сақталатын ақпаратты баяндау тілі. HTML файлы графикалық, бейне, аудио ақпараттың қосылғанын білдіретін арнайы кодтан немесе ақпараттың (Web-броузер Java Script, Java) ортасын көрсететін орындау кодынан тұрады. Web-броузер қосымшасы Java және JavaScript тілдері үшін, олар орындалатын операциялық жүйе немесе орта, ал Web-парақ жұмыс істеу үшін бөлінген ресурс болып келеді.

JavaScript (/ˈdʒɑːvɑːˌskrɪpt/) - объектіге бағытталған скрипттік (немесе сценарийлер) бағдарламалау тілі. ECMAScript тілінің диалекті болып табылады. ECMA-262 спецификациясының Conformance бөліміне сәйкес ECMAScript спецификациясының жүзеге асқан өнімі.
Бұл тілдер пайдаланушының деректері бойынша Web парақты құрмайды, оны өзінің жұмысы үшін және пайдаланушы үшін негіз ретінде пайдаланады. Web броузер бұл файлға қол жеткізгенде кодталған HTML файлдағы ақпаратты интерпретациядан өткізіп пайдаланушыға ыңғайлы түрде жеткізеді.

“HT” әріптері HTML протоколы атауында “Hyper Text”- WWW торабында ақпаратты орналастырудың негізгі концепциясын білдіреді. Hyper Text құжаты гиперсілтеме (hyperlinks) деп аталынатын арнайы байланысы бар және ол құжат мәтінінде орналасады. Гиперсілтеме қолданушыға құжаттың бір бөлімнен екінші бөлімге көшуге ғана емес, сонымен қатар WWW торабындағы құжаттармен байланысуға мүмкіндік береді.

Common Gateway Interface (CGI) – бұл WWW жүйесін кеңейту стандарты. WWW серверларға аргументтерді пайдаланушы анықтай алатын программа құруға мүмкіндік береді. CGI интерфейсі пайдаланушының мүмкіндігін арттырады және аталмыш Web парақпен байланысты программа орындауға мүмкіндік береді. Ол дегеніміз WWW- серверінен ақпарат алу мүмкіндігі болады. Мысалы WWW серверді қолданғандар ең соңғы ауа райы болжамы туралы ақпарат ала алады. Ол үшін дерекқордан қазіргі уақыт мезетіне ауа райына сұраныс жасайтын программаны орындау қажет. CGI интерфейсі WWW сервер мен сыртта орындалатын программалардың байланыс құралы болып табылады. Ол пайдаланушының сұранысын қабылдайды да, оны сыртқы программаға береді, одан кейін нәтижесін пайдаланушыға құрастырылған Web парақ арқылы қайтарады. Web парақтар бір – бірінен айрықша болуы мүмкін. Себебі олар пайдаланушы анықтаған параметрлерге байланысты қалыптасады.

CGI механизмі әмбебап болғандықтан ол кез келген WWW серверлер арасында деректерді алмастыра алады. CGI интерфейсі орындалатын файлдардан құралған соң, оған онда орындалатын программа түрлеріне шектеулер болмайды. Программа орындалатын модулдерді құралатын кез келген программа тілінде жазылуы мүмкін. CGI-программа Perl және Shell сияқты операциялық жүйелердің командалық тілдерін пайдалана отырып жазылуы мүмкін.



Қазіргі уақытта техналогияда көбінесе активтік серверлік парақтар ASP (Active Server Pages) технологиясы кеңінен қолдануда. Бұл технология CGI стандартын пайдалануын қарастырады. Бірақ, Web парақ құру мақсатында, объекті-бағытталған деңгейде ғана пайдаланады.
Әдебиет: 1нег.[20-26],2нег.[80-98],7қос.[100-117],9қос.[211-234].

Бақылау сұрақтары:

  1. Қосымшаның өзара қатынас интерфейстері қалай орынлдалады?

  2. Web-қосымша мысалында, өзара қатынас интерфейсінің негізгі құрамдастарын атаңыз?

  3. CGI интерфейсі қандай қызмет атқарады?
1   2   3

  • 14–ші дәріс. Компьютерлік иерархиялық жүйенің ақпараттық өзара қатынас интерфейсі.
  • Тарау 5. Компьютерлік жүйелердің ақпараттық өзара қатынас интерфейстерін құру. 15-ші дәріс. Программалы-аппаратты интерфейстер
  • Hypertext Transfer Protocol
  • Common Gateway Interface (CGI)

  • жүктеу 0.66 Mb.