Главная страница
Контакты

    Басты бет


Дәріс сабақтарының конспектісі 1-ші тарау. Оператор мен есептеу жүйесінің арасындағы қарым қатынас инерфейсінің инженерлік-психологиялық жобасы

жүктеу 0.66 Mb.



жүктеу 0.66 Mb.
бет2/3
Дата05.04.2017
өлшемі0.66 Mb.

Дәріс сабақтарының конспектісі 1-ші тарау. Оператор мен есептеу жүйесінің арасындағы қарым қатынас инерфейсінің инженерлік-психологиялық жобасы


1   2   3


мұндағы, J – сигналдың (тітіркендіргіштің) бастапқы шамасы, dJ – дифференциалдық табалдырықтың шамасы, k – тұрақты шамасы, көру талдағыштар үшін 0,01-ге тең, ал есту және сезу талдағыштары үшін сәйкесінше 0,10 және 0,30-ге тең. Сигнал шамасы және оның тигізетін әсерінің шамасы арасындағы тәуелділік:

S=k*lnJ C,

мұнда, S-сезіну шамасы, k және C – тұрақтылар.

Тәуелділік (Зависимость; dependence) функция мен оның аргументгері арасындағы қатынас; мәліметгер базасындағы мәліметтер ассоциациясы. Мәліметтер тәуелділігі (Зависимость данных (по данным); data dependence) - мәліметтер мен программаның өзара өсер етуі.

Бұл тәуелділік негізгі психофизикалық заңы немесе Вебер-Фехнер заңы деп аталады.

Психофизика (психо... және гр. physike/pysis - табиғат) - жалпы психологияның психикалық және физикалық процестер мен құбылыстардың байланысын зерттейтін саласы. Психофизиканың негізін неміс психологі Г.Т.
Бұл заңға байланысты, сезінудің интенсивтілігі тітіркендіргіш күштің логарифміне тура пропорционал. Бұл заң талдағыштың сезімталдық диапозонының тек орта бөлігіне қолданылады. Талдағыштың негізгі сипаттамасының бірі оның сезімталдылығы болып табылады. Сезімталдықтың жоғарғы және төменгі абсолюттік табалдырығы болып бөлінеді. Абсолюттік сезімталдықтың табалдырығы мына формуламен анықталады:

G=1/J,

мұнда, J-тітіркендіргіштің интенсивтілігінің шамасы, ол төменгі абсолюттік сезімтал табалдырығына сәйкес келеді.



Абсолюттік сезімтал табалдырығынан басқа талдағыштың дифференциалдық сезімтал табалдырығы да бар. Ол тітіркендіргіштің интенсивтіліктерінің арасындағы минималды өзгеріспен анықталады, бірақ олар сезілгенде әртүрлі болуы керек.

Дифференциалдық сезімтал табалдырығының шамасы талдағыштың шектік мүмкіндігін сипаттайды, сондықтан ол сигналдар әліпбиінің мүмкін ұзындығын таңдауға негіз бола алмайды. Ол үшін минималды өлшемді сипаттайтын шаманы емес, сигналдардың оптималды өзгерісін сипаттайтын шаманы қолдану керек. Мұндай өлшем ретінде инженерлік психологияда өзгерістің жеделділік табалдырығы қолданылады. Ол сигналдар арасындағы өте аз өзгерістің өлшемімен анықталады, бірақ мұнда жылдамдық пен дәлдік өзгерістер максимумға дейін жетеді. Әдетте, жеделділік табалдырық өзгерісі дифференциалдыққа қарағанда 10-15 рет жоғары.

Босаға - үй есігінің екі жақтауы. Киіз үйдің де, басқа үйлердің де босағалары бұрын ағаштан жасалып, қолдан құрастырылған. Қазіргі кезде Босаға есікпен бірге зауытта ағаштан, металдан, темір-бетоннан әзірленеді.

Көрудің талдағыш сипаттамаларына жарық диапазоны, контраст, көру өткірлілігі жатады. Контраст шамасы екі айқын жарық деңгейінің қатынасына тең - әдетте, бұл фон айқындығы және суреттің айқындылығы. Контраст табалдырығы және талдағыштың контраст сезімталдылығы ажыратылады. Көру өткірлілігінің шамасы екі нүктенің аз аралығымен анықталады.

Талдағыштың уақыттық сипаттамаларына мыналар жатады:



  • реакцияның латентті периоды жатады. Ол сигналдың пайда болуынан бастап сезімнің пайда болуына дейінгі уақыт аралығымен анықталады.

  • сезінудің инерция уақыты. Ол сигналдың өшуінен бастап сезінудің тоқтауына дейінгі уақыт аралығымен анықталады.

  • дағдарыстық жанып-сөнудің жиілігі - сигналдың пайда болуының минималды жиілігі, осы кезде ол үзіліссіз болып қабылданады.

  • биімделу уақыты – бұл талдағыштың сезіну шарттарының өзгерісі кезінде өзін-өзі реттеуге кеткен уақыт.

Қарастырылған сипаттамалар және талдағыштың құрылымы сигнал-тітіркендіргіштердің операторға бағытталған келесі ортақ талаптарын қарастыруға мүмкіндік береді:

  • сигналдардың интенсивтілігі талдағыштың сезімтал диапазонына орташа мәніне сәйкес келуі керек.
    Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
    Ол ақпаратты қабылдаудың және өңдеудің оптималды жағдайларын қамтамасыз етеді.

  • оператордың сигнал өзгерістерін бақылап отыруы үшін, яғни оларды интенсивтілігі, ұзақтығы, кеңістікте орналасуы бойынша салыстыру, бақылау үшін сигналдар арасындағы өзгерістерді қамтамасыз ету керек. Ол өзгерістің жеделділік табалдырығынан артық болуы тиіс.

  • сигналдар арасындағы ауытқулар оперативтік табалдырықтағы мәннен аспау керек.

  • маңызды және жауапты сигналдарды сенсорлық сезімталдылығы жоғары рецепторлық беттің аймағына орналастыру керек.

  • индикаторлық құрылғыларды құрған кезде сигналдың дұрыс ыңғайлы түрін, сәйкесінше, талдағыштың модальдылығын да (көру, есту, сезіну және т.б.) таңдау қажет

Оператордың психифизикалық сипаттамасының сандық бағалау әдістерін қарастырайық.

Адам-операторға деген сенімділік оның белгілі бір жағдайларда жұмысын толық көлемде орындау қабілеттілігімен анықталады.

Сезімтал жүйке ұштары (рецепторы); (receptores, лат. receptos - қабылдағыш) - сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш ұштары.
Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.
Адам-операторға деген сенімділік оның қателеспеу, дайындығы, қалпына келу және жұмыстың уақытында орындалуымен сипатталады. Қатесіздік адам-оператордың қатесіз жұмысымен сиипатталады. Қатесіз жұмыстың ықтималдылығы статистикалық мәліметтердің негізінде анықталады.

Дайындық коэффициенті адам-оператордың кез келген уақытта жұмысқа кірісу ықтималдылығымен сипатталынады:

Кд=1-Топж

мұнда, Топ-адамның жеткен ақпаратты қабылдай алмайтын уақыты, Тж- адам-оператордың жалпы жұмыс істеу уақыты.

Опертордың қалпына келтірілуі, жасаған қателерін түзету ықтималдылығымен бағаланады:

Рқалкел= Рб * Ранық * Ртүз

мұнда, Рб - бақылау сұлбасының сигналды беру ықтималдылығы;

Сұлба (Схема; грек, schema - сыртқы түрі, пішін) - машинада немесе механизмде негізгі немесе қосалқы функцияларды орындайтын элементтер мен байланыстардың жиынтыгын көрсететін масштабсыз Сұлба, сонымен қатар түзілімнің, аспаптың, құрылғының, қондырғының, құрылыстың және т.б.

Ранық - оператормен сигналды анықтау ықтималдылығы;

Ртүз - алгоримтді қайталау кезінде қате әрекеттерді түзету ықтималдылығы;

Бұл көрсеткіштер оператордың өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін бағалауға, яғни қателерін түзетуге мүмкіндік береді.

Оператордың уақытысында әрекет жасауы жұмысты берілген уақытта орындау ықтималдылығымен бағаланады:

Руақытс=Р{T<=Тшек}

мұнда, Тшек– уақыт шегі, оның асырылуы қате ретінде қарастырылады.

Техникалық жабдықтарда оператор жылдамдығы, оның тұйықталған контур арқылы өтетін ақпараттың келесі қосылған техникалық жабдықтарына өту уақытымен анықталынады. Сонымен қатар адам-оператормен реттеу циклінің ұзақтығымен бағаланады:

Тц = Топ Ті

мұндағы, Топ - оператордың есепті шығару уақыты; яғни келген сигналдың ең бірінші пайда болғаннан кейінгі оның орындалып бітуіне дейінгі уақыт;

Ті - ақпараттың техникалық жабдықтардағы кідіру уақыты.

Топ уақыты нақты жүйе бар болғанда тәжірбиелік жолмен анықталынады немесе жобаланатын жүйе үшін есептеу (аналитикалық) жолмен анықталынады.

Оператордың жылдамдығы, егер оператор алдын-ала жасалған алгоритм бойынша әрекет істесе, оның ақпарат алуға және орындалуға кеткен уақыт жиынтығы ретінде алуға болады:

То = Тқ Тшеш Тбо Тм,

мұнда: Тқ - сигналды қабылдау уақыты;

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)

Тшеш - шешім қабылдау уақыт;

Тбо - қажетті басқару органын анықтау уақыты;

Тм - басқару органына моторлы іс-әрекет орындауға кеткен уақыт.

Уақыт реакциясының келтірілген құрастырушылары (Тм басқа ) ақпараттың өңделу санына сызықты тәуелді:

Т = Т' Q / V

мұндағы, Т' - реакцияның жасырын уақыты (Т'= 0,1-0,6 сек.);

Q - өңделетін ақпарат көлемі;

V - ақпаратты өңдеу жылдамдығы.

Оператормен өзара қатынастағы техникалық жабдықтардың жылдамдығы, ақпараттың жаңару уақытымен немесе сұранысқа жүйенің реакциясының уақытымен сипатталынады.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Ақпараттың жаңару уақыты деп ақпаратты енгізуден бастап оның кескінделуіне дейінгі аралықты айтады. Бұл уақыт ақпаратты енгізу және өндеу уақытымен, ақпаратты қалыптастыру және экранға шығару уақытымен анықталынады. Ол жүйенің шығаратын есебінің кезегіне тәуелді болады.

Оператормен жұмыс істеуінде оның дәлдігі операторлық жүйе параметрлеріне берілген өлшемдердің берілген, номиналды, нақты мәнін орындауда оператордың түзетуі, қоюы, өлшеуімен белгілінеді:

S = Pt - Pf ,

мұнда: Pt - параметрдің ақиқат немесе номиналды мәні;

Pf – осы параметрдің оператормен өлшенетін немесе реттелетін мәндері;
Әдебиет: 4 нег. [44-64], 5 нег. [111-123], 7 нег.[23-53], 1 қос.[5-14], 7 қос.[88-99].

Бақылау сұрақтары:


  1. Адам-оператор талдағыштарының сезу табалдырығының сандық бағалары қалай анықталады?

  2. Адам-оператор талдағыштарының уақыттық сипаттамалары қандай?

  3. Адам-оператордың жылдамдығы қалай анықталады?

  4. Оператордың қалпына келуі қалай анықталады?

  5. Оператордың дайындығының коэффициенті қалай сипатталады?


3-ші бөлім. Пайдаланушы интерфейсінің құрылымы

8 –ші дәріс. Пайдаланушылар санаттары.

Интерактивті жүйелерді пайдаланушылар классификациясы. Оператордың қызмет түрлері. Адам-оператордың қызмет кезеңдері. Адам-оператордың әрекет түрлері. Оператордың қолданатын моделдер түрлері.

Осы сұраққа арналған оқулықтарда интерактивті жүйелерді пайдаланушылардың классификацияларының бірнеше нұсқалары келтірілген. Бірақ берілген әдістерде ерекшеліктер бар болғанмен, олардың классификация принциптері бірдей болады.

Пайдаланушының интерактивтік жүйеге қатынасы негізінде, онымен жұмыс істеу тәсілдеріне әсер ететін факторлар жатыр.

- адам қажеттілігі, яғни сұхбат жүргізетін серіктеспен түсіністікте болу;

- пайдаланушының қабілетілігі, оның шапшандылығымен (ең біріншіден пернетақта мен тышқанды қолдануында), лингвистикалық қабілеттілігі, есеп шығару қабілеттілігінен тұрады;

Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua - тіл) - предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.

- өзіндік қасиет, яғни үйренуге қабілеттілігі, шыдамдылығы, қатеге төзімділігі, шығармашылық қабілеттілігі.

- компьютерлік білім деңгейі. Бұл жерде көбінесе программалаушы немесе программалаушы емес пайдаланушылар , соңғыларын үш санатқа бөлуге болады:

- дайындалған пайдаланушылар, шығармашылық есеп шығарушылар, аналитиктер және зерттеушілер (яғни, жұмыс іскерлігі толықтырылғандар)


  • дайындалған пайдаланушылар, операцияларды орындаушылар (яғни, жұмыскерлігі тұйықталған)

  • жай пайдаланушылар, компьютерлік білімі аз.

Пайдаланушының қолданбалы облысқа дайындығы оның тілді (мамандалған терминология) қолдануына және есеп шығару тәсілдеріне әсер етеді.

Жүйені қолданудың себебі келесілер болуы мүмкін:

- міндетті - жұмыстың керекті бөлігі;

- міндетті емес – кәсіби қызметтің қосымша құрамдасы ретінде;

- міндетті - жеке қажеттілік тұрғыдан (мысалы, белгілі ақпаратты тек компьютер арқылы ғана алуға болатын жағдайда)

- міндетті емес – жеке бас өмірінде (мысалы: ойын сауық ретінде)

Жүйеге деген қатынасын және жұмысқа талабын, оның компьютерлік білім деңгейімен және оны қолдану себебімен анықталады; ол келесідей болуы мүмкін:

- нейтралды - пайдаланушы компьютерді тек жұмыс құралы ретінде қарағанда;

- жағымды, пайдаланушы компьютерді ынтамен , яғни одан көбірек пайда алу мақсатында (немесе рахат алуда);

- жағымсыз, пайдаланушы компьютермен қолдануды шектеу ретінде қарастырса (техникаға деген сенімсіздікпен қарағанда).



Пайдаланушының мақсаты келесідей болуы мүмкін:

- компьютердің көмегімен есеп шығару (оның ішінде ойын сауық сипатында да болуы мүмкін );

- жүйемен жұмыс істеуді үйренуде;

Жүйенің сипаттамасына байланыссыз уақыт шектеулері (оның ішінде оның жылдамдығы) болады. Бұл жағдайда пайдаланушы уақыт тығыздығына бейімделенуіне себеп болады, бұл әсіресе есеп шығаруда және контекстік жұмыстарда кездеседі.

Адам оператор жұмыс істейтін басқару иерархиясының деңгейіне және басқару жүйесінің түріне (немесе ақпаратты өңдеуге) байланысты оператор қызметінің келесідей түрлерін атауға болады:

Оператор-технолог, технологиялық процесске толығымен кірісетін және де басқарудың стандартты процедураларын орындайды.

Оператор –манипулятор, механикалық әсерлерден тұратын басқару процедураларын іске асырады.

Оператор – бақылаушы, процесстің жағдайын және нақты уақыттағы жүйе ішіндегі ауытқуларды бақылайды.

Оператор – зерттеуші, қарым-қатынасы бар процедуралармен регламенттелмеген және ойлау қабілетке негізделген (программист) ;

Оператор – жетекші, ұйымдастырушы және директивтік сипаттағы қызметтерді орындайды.

Оператор – жобалаушы, АЖЖ құрамына кіретін, машинамен жобалауға қосылған.

Әр түрлі санаттағы операторлармен техникалық (немесе есептеу) жүйелер арасындағы өзара қатынасының ерекшелігі бар. Бірақ оператордың көпшілігіне тән төменде қарастырылатын бірнеше жағдайлар бар (мысалы, ойлау қабілетінің моделі ортақ және адамның шешім қабылдағаны, оның психофизикалық мінездемесі және т.б.).



Адам-оператордың қызметі:

Тапсырманы орындау барысында барлық деңгейдегі операторларға тән 5 кезең бөлінеді:



  • анықтау – есептің шешілуін реттейтін белгілер тобын оператордың қабылдауы.

  • классификация – жағдайды тану және бақылану процесінің және техникалық жүйенің жағдайын анықтау.

- жоспарлау – тапсырманың орындалуына әкелетін іс-шаралардың тізбегін құру және шешім қабылдау.

- орындау – бар ресурстарды пайдалана отырып, жоспарды орындау.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

- тексеру – іс-әрекеттің орындалуын және оның тиімділігін тексеру.

Операторлармен шешілетін тапсырмалар 3 деңгейге бөлінеді:

- процессті реттеу, ол кішігірім динамикалық теңестіруді қарастырады және процесстің жеке параметрлеріне түзетулер енгізуді қарастырады.

- режимді өзгерту, ол процесстің түбегейлі өзгеруіне алып келеді және ауыспалы процесстерді қарастырады, операцияның көп бөлігін және оператордың іс-әрекетінің күрделі алгоритмдерін қарастырады.

Адам-оператордың өзін-өзі ұстау типтері.

Оператор есептің күрелігі және қойылымына байланысты 3 деңгейге бөлінеді.

- дағдыға сай ұстаным – ол болатын процесстерді алдын ала қарастыруы тиіс.

- ережеге сай ұстаным – оператордың қызметі басқару ережелерін пайдаланумен байланысты, жүйелерді эксплуатациялау инструкциясында көрсетілгендей.

- білімге сай ұстаным-болып жатқан процесстерге және ақпараттарды өңдеуге түніспеушілікпен қарауды талап етеді.

Оператордың қолданатын модельдің түрлері.

Оператор тапсырманы шешкенде 5 типті молдельді қолданады:

- физикалық, жүйедегі процесстердің математикалық баяндалуынан тұрады;

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.

- функционалдық, негізгі ішкіжүйелерді, оның қызметін және өзара байланыстарын сипаттайды.


  • экономикалық, негізгі басқару операциялардың құн шамаларын байланыстырады;

  • процедуралық,қондырғыны басқару ережелерін баяндайды;

  • когнитивтік, оператормен қалыптасатын, процесстің интуитивтік моделін сипаттайды.


Әдебиет: 3 нег.[15-29], 4нег. [30-63], 1қос.[5-14].

Бақылау сұрақтары:

  1. Пайдаланушының интерактивті жүйелермен қатынасына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Оператор қызметінің түрлері қандай?

  3. Адам –оператор қызметінің кезеңдері қандай?

  4. Адам –оператор жүрісінің түрлері қандай?

  5. Операторлар өзінің қызметінде қандай моделдерді қолданады?


9,10 –шы дәріс. Сұхбаттың құрылымдары және түрлері.
Қолданбалы жүйенің сұхбаттық компоненті. Программалық қосымшасы бар сұхбат алгоритмінің сұлбасы. Сұхбаттың түрлері. Қарым-қатынас сценариі. Сұхбаттың құрылымдары.

Қолданбалы сұхбаттық жүйеде екі функционалдық компонетті көрсетуге болады:

- өзіндік қолданбалы жүйе, пайдаланушы сонымен жұмыс жасайды.

- сұхбаттық компонент, пайдаланушы мен қолданбалы жүйенің арасындағы сұхбатты басқарады.

Қолданбалы жүйеге мысалына, өзінің кәсіби қызығушылығымен ЭЕМ пайдаланушылары жұмыс істейтін барлық жүйелер жатады. Олар: әр түрлі басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жобалар жүйелері, қолданбалы программалар пакеттері және т.б. Бұл жүйелер сұхбат нақты пәндік облысының терминінде жүретіндігімен сипатталады және пайдаланушы шығыста соңғы қорытынды алады. Ол программаның қосымшасымен тіл табысудағы мақсаты. Кейбір жүйелер тек сұхбаттық емес, сонымен қатар пакеттік режимде де жұмыс істей алады. Бұл жағдайда соңғы қорытындының семантикасы қолданған жұмыс режиміне байланысты емес. Сұхбаттық компонент қолданбалы жүйенің қондырмасы болып табылады және пайдаланушы қиын жұмыстардың түп нұсқасын білуге көмектеседі, ол үшін оған сәйкес лингвистикалық формалар жиынтығын пайдалануға мүмкіндік береді.

Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Сұхбат бұл жағдайда терминдік сұхбаттық жүйеде жүреді және метасұхбат деп аталады. Қолданған терминология қиындық облысына бағынбайды. Дамыған метасұхбат - қолданбалы жүйеде, тек қиын облыспен таныс пайдаланушыға, сұхбатты жүйемен алдын ала таныспай-ақ керекті қорытынды алуға мүмкіндік береді. Сондықтан, қолданбалы жүйенің кең таралуы, оның сұхбаттық қондырмасының сапасына байланысты болады.

Сұхбаттық жүйеде, екі компонентті программаның қосымшасы бар, сұхбат алгоритмнің жалпыланған сұлбасы 3-ші суретте көрсетілген.

Сонымен қатар алгоритм сұлбасының бұтақтарының бірінен бір рет жүріп өтуі «Басы»-блогынан «Соңы»-на дейін немесе алгоритм сұлбасының басына қайтіп келуін сұхбаттың қадамы немесе транзакция деп аталады.

БҰТАҚ - ағаш діңінің, өсімдік сабағының және тамырының тармағы.
Сұхбаттың қадамы адамның ЭЕМ-мен белсенді жұмыс істеуімен сипатталынады. Жүйенің кіріс хабарламаны қабылдауы 2 кезеңнен тұрады:

синтаксистік сараптау – ақпарат енгізілген формалардың сәйкестігін тексеру.

Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.

семантикалық талдау – кіріс ақпаратының мағынасын, жүйенің жақын арадағы тапсырмасын анықтау және оның процедуралық бөлімнің қазіргі жағдайдағы орындалу мүмкіндіктерін сараптау.

Қаралған тізбек жүйенің шығыс ақпаратын шығуынан басталады. Қарым-қатынасты ұйымдастырушы жүйенің өзі болып табылады. Берілген тізбектен басқа, сұхбатта инициативаны үлестірудің 2 формасы белгілі: пайдаланушыға тиесілі инициатива (пайдаланушы командалар мен сұраныстар арқылы жүйенің жұмысын өзі басқарады) және аралас инициатива (басқару сигналдары көмегімен инициативаны қайтадан үлестіруді қарастырады, оның көмегімен пайдаланушы программаның процедуралық, сонымен қатар сұхбаттық бөлімдердің орындалуын үзуге және ЭЕМ-ді өзінің командасын күту жағдайына аудара алады).

Ақпарат сипаттамасы бойынша кіріс және шығыс хабарламасының құрамын екі типке бөлуге болады;

- басқарушы, транзакция нәтижесінде жүйенің қызметі және жұмысымен басқару орындалады (осы мақсатқа, сонымен қатар, басқарушы сигналдар қолданылады );

Басқарушы сигналдар (Управляющие сигналы; managing signals) - екі құрылғының, мысалы, CD, DTR, RTS, арасында ақпарат алмасуды басқаруға пайдаланылатын сигналдар.

- ақпараттық, міндетті тапсырманы шешу үшін,оның барысында жүйеге мәліметтер енгізіледі.

Пайдаланушының санынан байланысты, сұхбаттық жүйе жекепайдаланушылық (бір ғана пайдаланушыға арналған) және көппайдаланушылық (жүйе ресурстарына ұжымдық қатынас жасау) болуы мүмкін..

Сұхбаттың транзакциясын жүзеге асыру үшін келесі формалар қолданылады:

- синтаксикалық шектеу (мәзір, шаблон бойынша жауаптары бар тапсырыс, ия\жоқ жауабы бар сұраныс);

- директивалық (командалар);

- фразалық (шектелген қарапайым тілде әрекеттесу);

- обьектно – бағытталған.

Сұхбаттық жүйені тез игеру үшін пайдаланушыға сұхбаттың негізгі кезеңдері мен жүзеге асыру формасын білу қажет. Адами–машиналық ортада сұхбаттың келесі түрі көп қолданылады:



  • мәзір; - сұрақтар, ия\жоқ жауабын сұрайды; - шаблон;

  • қарапайым сұраныс; - команда; - қарапайым тілде әрекет ету.


3-ші сурет.


Өзара қатынас сценарийі

ЭЕМ–мен адам-оператордың өзара қатынасы, әдетте сұхбаттың белгілі бір сценарийіне бағынады. Сұхбат сценарийі программалық жүйемен оператордың өзара қатынасы алгоритмін көрсетеді. БжАӨЖА алдында тұрған тапсырмалардан шыға келе, басқару процес кезінде адамның мінездемесі мен функциясын, ақпараттық құралдарының бейнесін алуда техникалық мүмкіндіктерді жобалайды. Сұхбат сценарийі сұхбаттық әрекеттесудің бөлшектік сипатамасын білдіреді, ол сұхбат құрылымы түрінде, сонымен қатар, ақпараттық және операциондық модель беріледі. Формальдық түрде сценарий келесі түрде анықталады:

D=,

Мұндағы S- жағдайдың жиыны; А- операция жиыны; C=Q U F – шарттар жиыны (Q- кіріс шарттарының жиыны, F- программалық шарттардың жиыны); R – шығыс хабарламалардың жиыны; G: SxC S - сұхбат графы; I:{SR; SxCR} – сұхбаттың ақпараттық моделі; Q: {SA; SxCA} –сұхбаттың операциялық моделі.

Сұхбат кіріспесі сценарий келісімімен сұхбат интерпретациясы деп аталады. Сценарийдің графикалық бейнесі алгоритмдеу тіліндегі блок-схеманы еске түсіреді. Ол бұтақталу элементтерінен, хабарлама қарапайым конструкциясы сценарий түйіні деп аталады.

Жобалау кезінде сұхбат сценариі программалық жүйемен пайдаланушының өзара қатынасы кілттік түсінік деп аталады. Ол сұхбаттық өзара қатынас құру процесін формальдауға және пайдаланушының жүйемен қатынас процедураларына талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Қатынас құру, қатынау (Доступ; access) - 1) сұраныс бойынша мәліметтерді алу мүмкіндігі; мәліметтерді таңдау тәсілдерінің сипаттамасы; 2) сақтау құрылғысымен және онда орналасқан файлдармен мәліметтерді жазу немесе оқу үшін байланыс орнату процедурасы.
Сценарийдің негізгі құрамды бөлімін қарастырайық – сұхбаттың құрылымы. Ол өзара қатынас процессін толығымен көрсетеді. Сұхбат құрылымы – пайдаланушының сұхбаттық жүйемен қатынас процесс кезінде қол жеткізілген сұхбат жағдайының байланысқан жиынтығы. Сұхбат жағдайы үш компонентпен сипатталады: сұхбат формасы; пайдаланушыға ұсынылған жүйе функциясының жиынтығы; сұхбаттың тарихы. Сұхбат құрылымының негізгі графикалық ұсынылуы- жағдайдың диаграммасы- бағытталған және салмақталған граф. Әрбір графтың төбесі белгілі сұхбат жағдайына сәйкес келеді, ал оның доғасы жағдайдың ауысуын анықтайды.
Доға- атты арба не шанаға жеккенде, екі жақ шеті терте мен қамыттың құлақбауын ұстап, бекітіп тұратын ағаш сайман. Доғаны қайың, тал, үйеңкі, емен сияқты мықты ағаштардан иіп жасайды. Ол үшін жұмыр ағаштың иілуге тиісті жерін шауып жұқартып алып, морға салып жұмсартады да, тез арқылы екі жақ басын иіп, қалыпқа салып кептіреді.
Төбе мен доғаның салмағы сұхбат мазмұнын сипаттайды: программалық операциялар мен шарттарды орындайтын кіріс пен шығыс хабарламалар.Сұхбат графының бір төбеден екіншісіне өту сұхбаттың бір транзакциясына сәйкес келеді. Өтпелердің еркінше тізбегі пайдаланушы мен жүйенің арасындағы қатынас сеансын орнатады. Егер де қателік бойынша өтпелер мен шалулар ескерілмесе, онда сұхбаттың үш құрылымынын белгілеуге болады: сызықтық, тораптық және ағаш тәрізді. (4-сурет).



Сызықтық құрылым Ағаш тәрізді құрылым Тораптық құрылым

4-ші сурет.

Сұхбатты мәзір түрінде қарастырайық.

Мәзір – көп таралғанған сұхбат үрі. Шақыру алдында жүйе сұхбатты инициалдайды. Сондықтан сұхбат қадамы жүйенің кіріс хабарламаны берілуімен басталады. Шығыс хабарламаның пайдаланушымен берілуінен кейін және оның жүйемен өнделген соң сұхбат қадамы аяқталынады.

Аталмыш сұхбат түрінің машиналық орындалуының бірнеше түрі болуы мүмкін. Барлық жағдайда кіріс хабарламасы ретінде экран дисплейінде жүйе функциясының ішкі жиындары жарықтанады (әдетте, нөмірленген), олардың орындалуы сұхбаттың ағымдық жағдайында болуы мүмкін. Бұндай кіріс хабарламаны мәзір деп атайтын боламыз.

Пайдаланушы талап етілетін функцияны келесі негізгі әдістердің бірінен таңдай алады:


  1. талап етілген директива жинағымен немесе қысқартылғн атаулармен;
    Директива (лат. dirigere - бағыт беру) - ұрыс қимылдарын дайындау мен жүргізу, жабдықтау, үйрету штаттык ұйымдастыру т.б. әскердің (күштің) іс әрекеті мен өмірі мәселелерін камтитын жазбаша түрдегі жауынгерлік әкімдік немесе қызметтік құжат.


  2. таңдалған директиваның нөмер жинағымен;

  3. талап етілетін директиваның экран жолына курсорды орналастыру;

  4. экрандағы жолға сәйкес келетін фотоселекторды басумен;

Графикалық сұхбатты граф түрінде көрсетуге болады. Граф түйіндері жүйе функциясының ішкі жиынына сәйкес келеді, ал төмен қарай бағытталған оның доғалары пайдаланушының альтернативіне тең болуы мүмкін. Бұл жағдайда доғалар саны ұсынылып отырған жүйе функциясының санына тең. Доға шығатын төбесімен бірге, сұхбат қадамына тең болады. Ағаштың жоғарғы түйіні (түбір) жүйенің бастапқы хабарламасына тең. 5-ші суретте мәзір сұхбат графы ағаш түрінде келтірілген. Ағаштың түбірі және одан шығатын доғалар сұхбат қадамына тең. Сұхбат қадамының кейбір орындалуынан кейін жүйе тікбұрыштармен көрсетілген мәзір жарықтанады. Мәзір ағаш графымен қолданбалы жүйе бағытымен төмен қозғалу, “тиеу” деп аталады. Функцияның орындалуы үшін, граф ағашының көршілес бұтақтарына сәйкес, қолданбалы жүйемен жұмыс кезінде “жүзіп шығу” механизмі қолданылады. Оны екі тәсілмен орындауға болады:

    • Тізбектелген қозғалыспен графтың доғасымен жоғары қарай түйінге дейін, яғни берілген функцияның құрамындағы немесе оның түйіндеріндегі, “”тиеу” механизмін қолдана отырып одан өтуге;

    • Сұхбат граф ағашының түбіріне келесі тиеумен өтумен;

5-сурет


Графикалық екінші әдіс граф доғасының ағаш биіктігіне бағытталған әрбір түйіндегі нақтылыққа сәйкес келеді. Доғалалдың бірі 3-ші суретте қарайтылған сызықпен көрсетілген.

Ия\жоқ жауабын талап ететін сұрақтар формасындағы сұхбат типі сұхбаттың “мәзір” жиі жағдайы болып табылады, сұхбат қадамында қашан; пайдаланушы альтернативі ретінде екі жауап болады: Ия және Жоқ.

Қарастырылып отырылған сұхбат типінің графикалық интерпретациясы 6-шы суретте бейнеленген.

6-шы сурет.
Бұл бинарлық ағаш графы, әрбір түйінінен екі бұтақтан төмен шығады (қолданбалы жүйеге). “Тиеу” және “Жүзіп шығу” сұхбаттың бұл түрінде мәзірге ұқсас болып келеді. Берілген сұхбат түрінде қолданбалы жүйемен жұмыс үшін әдетте “мәзір” түріндегіден көп қадам жасау керек. Берілген сұхбат түрінің негізгі артықшылығы - сұхбаттың әрбір жеке қадамының орындалуының қарапайымдылығы болып табылады.

Шаблон – бұл сұхбат жүйесімен инициалданған, оның әрбір қадамында жүйе пайдаланушының сәйкес берілген форматтағы тек синтактикалық шектелген кіріс хабарламаны ғана қабылдайды. Мәзірдегі секілді сұхбатты жүйе бастайды. Сұхбаттың берілген түрін параметрлік жүйе деп аталады. Пайдаланушының жауап беруі дисплейдегі оған ұсынылған форматтарымен шектелген болуы мүмкін. Сондықтан жүйенің мұндай түрдегі сұхбатпен қолдану салыстырмалы түрде сондай жоғары емес, алайда оның операциялық күрделілігі жеткілікті төмен.

Мұндай түрдегі сұхбаттың орындалуының мүмкін болатын нұсқаларының екеуін атаймыз:


  • пайдаланушымен енгізілген хабарлама форматы экран дисплейінде жүйемен көрсетілуі;

  • экран дисплейінде орналасқан жүйе хабарламасының текстінде пайдаланушы хабарламасының орынының резервтелуі (мысалы, ерекше жарықтану өрісінің көмегімен).

“Шаблон” түріндегі графикалық сұхбатты 7- суретте келтірілген граф көмегімен түсіндіріп беруге болды.


7-ші сурет.


Графтың әрбір төбесінен екіден доғалар шығады. Келесі түйінге бағытталған доға, пайдаланушының семантикалық дұрыс хабарламасына сәйкес келеді, ал бір түйінде тұйықталған доға пайдаланушының семантикалық дұрыс емес хабарламасына сәйкес келеді.
Семантикалану ( орыс. семантизация, гр. ,σημαντικός - танбалаушы) - тіл бірлігі (единица) мағынасының айқындалуы, тіл бірлігінің мазмұны жайында қажетті мәліметтер беретін процесс пен нәтиже. Мысалы, лексикалық Семантикалану - мәтіндегі тіл брліктерінің мағынасын ашу арқылы анықталады.
Хабарлама дұрыс болмағанда, жүйе қате туралы ескерту береді және ағымдағы сұхбат қадамының басында қалады.

Шаблон әдетте, мәліметтер енгізу үшін қолданылады, мағыналары «мөлдір» немесе (мысалы ағымдағы мерзім) мамандық термині болып табылады және сондықтан олар пайдаланушыға белгілі. Алайда, осы мәліметтердің беріліс түрі олардың мағыналарымен анықталмайды. Қарапайым сұраныс шаблонның дербес жағдайы болып табылады. Әдетте, мәліметтерді жинау кезінде, әр түрлі автоматтталған жүйелерде қолданылады.

Қарапайым сұраныс – бұл сұхбат түрі, жүйемен инициалданушы және бір ғана қадамнан тұрады. Мұнда пайдаланушыға алдын ала жүйемен анықталған бірлік форматта бірден артық хабарлама енгізуге мүмкіндік беріледі. Графигі 8-ші суретте көрсетілген.

Команда – пайдаланушымен инициалданған сұхбаттың түрі, пайдаланушының сұхбат қадамында берілген бір директивасы (команда) орындалады. Жіберілетін командалар жинағы әдетте экранда болмайды. Алайда арнайы директивалар көмегімен оны танысу үшін экранға шығаруға болады. Жіберілмейтін тапсырма кезінде директиваларда қате туралы ескертуші хабарлама шығады, және жүйе ағымдағы қадамның басында қалады.




8-сурет


Сұраныстың аталмыш түрі графикалық түрде бағытталған граф көммегімен ұсынылуы мүмкін (9- сурет). Гграфтың әрбір түйінінде тұйықталатын доғалар бар болады. Мұндай доғалар берілген сұхбат қадамының жіберілмейтін директиваларына сәйкес болады.



9-сурет


Қарапайым тілде өзара қатынас пайдаланушының өзіне байланысты пайда болады. Сұхбаттың бұл түрі пайдаланушы жағынан қатынас жүргізуіне аз мөлшерде шектеу қояды, яғни оған қарапайым тілді қолдана отырып, тапсырманың қойылымын еркінше таңдауға мүмкіндік алады. Қарапайым тілдің біржақты болмауына байланысты, жүйе жағынан пайдаланушының тапсырма қойылымын анықтайтын және қарастырылып отырған жағдайдың заттық аймағына байланысты сұрақтар туындауы мүмкін. Пайдаланушы жақтан қатынас қарапайым тілде жүргізілсе және пайдаланушымен инициалданған, қойылған тапсырма шешіміне әкелетін сұхбат түрін қарапайым тілдегі өзара қатынас деп атаймыз.

Жүйе құрудың ғылыми және техникалық қиындықтары қарапайым тілдегі пайдаланушының өзара қатынасын квазиқарапайым (қарапайымға ұқсас) және проблемаға-бағытталған (бір тар проблемалы аумақта сұхбаттасу үшін) тілдің орындалуына әкеледі.

Квазиқарапайым және қарапайым тілдегі өзара қатынастың графикалық интерпретациясы 10 а,б-шы суретте көрсетілген.


- графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interfase - GUI);

- пайдаланушы Web-интерфейсі (WEB-User Interfase WUI);

- қалта құрылғыларын пайдаланушы интерфейсі (Hand-User Interfase-HUI);

- графикалық емес командалық жолдың пайдаланушы интерфейсі (Command Line Interfase CLI).



Графикалық пайдаланушы интерфейс (GUI).

Графикалық пайдаланушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.

GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол манипуляция жасау мүмкіндігі, тышқан немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдалануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы. GUI – компоненттерін тереңірек қарастырайық. Терезе – ол бейнелеу құрылғысының облысы, объектілермен, объектілер туралы ақпаратпен өзара қатынасы үшін қолданылады немесе объектілерге қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Терезеде тақырыптар жолы болады, ауыспалы операциялар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және объектілер туралы ақпарат көрсететін арнайы облысы болады. Әдетте терезе тікбұрышты болып келеді.Онда терезені қолданатын қосымша, GUI–бағытталған қосымша болып келеді. Терезе ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын жарым-жартылай қолдану, бірмезетте бірнеше объектілермен немесе сұхбатты басқарушылармен өзара қатынаста болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.

Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда терезеге ұқсас болып келеді, бірақ формальды анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысының облысы, объектіні көрнекті қылу үшін қолданылады. Пиктограмманың типтік қасиеттері объектіні, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады сонымен қатар операцияларды манипуляциялайды. Пиктограммада орындалатын, объектіні сипаттайтын – бұл Open (ашу) операциясы, ол объект туралы ақпараты бар терезені сипаттайды.

GUI– интерфейсінде қолданылатын, формальді түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиыны бар. Объектілердің атрибуттерін, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдар ақырғы пайдаланушылармен пиктограмма сияқты қабылдануы мүмкін. Бірақ GUI–интерфейсі және стандарттарды құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларда графикалық символдардың қолдануына мына терминдер “пиктограмма” және “графика” арқылы өзара алмастырылады.

Мәзір. Мәзір баламалардың қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. Әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы –объектілермен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (Файл) мәзірі- мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан - Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керісінше мәзірде дисплей толығымен қолдану қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.



Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте тышқанның немесе жұмыр манипулятор түріндегі координаттық - сілтеуіш құрылғылардан тұрады.
Манипулятор (французша manіpulateur; латынша manіpulus - уыс, manus - қол) - 1) кеңістіктегі нысанды (бұйым, дайындама, зат) өңдеуде, орнын өзгертуде, т.б. адам қолының қимылына ұқсас қозғалыс функцияларын атқаратын жұмыс органымен жабдықталған механизм.
Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) - жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар. Ғылымға, ең әуелі, аспан сферасындағы не Жер шары бетіндегі нүктенің орнын (ендік пен бойлық) анықтайтын астрономиялыһ және географиялық кординаттар енді (қараңыз ).

Координаттық - сілтеуіш құрылғы деп пайдаланушы енгізуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асыра алатын экрандағы орынды түсінеміз. Көрсеткіш - ол графикалық символ. Координаттық - сілтеуіш құрылғыға жүйеге кірудің орынын визуальды көрсетеді. GUI интерфейсте қолданылатындар көрсеткіштер, бағыт түріндегі жүйелік көрсеткіштен, графикалық қайта түйісу және І- бейнелі немесе бөренелік көрсеткіштен тұрады.

Тікелей манипуляциялау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті - тікелей манипуляциялауда болып табылады. Ол пайдаланушыға көрсеткіштің көмегімен объектілермен өзара қатынаста болуға мүмкіндік береді. . Мысалы , тышқанның көмегімен терезенің экрандағы орнын ауыстыруға болады. Терезе тақырыбы жолына көрсеткішті орналастырып , тышқанның батырмасын басып ұстап, тышқанды да жылжытып отырамыз. Мәзір немесе баламаларды таңдаудың көмегімен орындалатын әрекеттерді, тікелей манипуляциялауды қолдана отырып орындауға болады. Мысалы , көптеген жүйелерде құжат пиктограммаларын жұмыс үстеліндегі принтер пиктограммасына тасу нәтижесі - құжатты баспаға шығару болып табылады. Тікелей манипуляция арқылы орындалатын әрекеттерге Move (орын ауыстыру) ,Copy (көшіру), Delete (өшіру), Link (байланыстыру) операциялары жатады.

Басқада қасиеттер. GUI - интерфейске тән басқада жұмыс әдісіне - айырбастау буфері , пернелердің қиыстырулары , мәзірде және сұхбатта үдейтін пернелер, сонымен қатар тышқан - пернелердің өзара қатынасының қосымша мүмкіншіліктері жатады. Бұл механизмдер пайдалы болғанына қарамастан, GUI- интерфейстің маңызды қасиеттері ретінде қарастырылмайды.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

GUI-интерфейсі қолданбалықтың жоғары дәрежесіне кепілдік бермейді. Бірақ дұрыс деңгейде жобаланған GUI-бағытталған программалық қосымша, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан, оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.



Пайдаланушылық - интерфейс (WUI).

Негіздік WUI - стиль (Web User Interfase) иерархиялық құрылым мәзіріне ұқсас. Оны пайдаланушылар гиперсілтемелерді қолданудан басқаларын, графикалық емес интерфейс ортасында жұмыс істеу тәжірибесінен біледі. Қажетті навигация мәтіндік немесе визуалды гиперсілтемелерді пайдалану арқылы, бір немесе бірнеше қосымшалардың шеңберінде орындалады.

Навигация (лат. navіgatіon, navіgo - кемеде жүземін) - 1) теңізде жүзу, кеме қатынасы; 2) мұхит, теңіз, көл, бөген және өзендегі табиғат жағдайына байланысты кеме қатынасы болатын уақыт кезеңі.

1   2   3

  • 3-ші бөлім. Пайдаланушы интерфейсінің құрылымы 8 –ші дәріс. Пайдаланушылар санаттары.
  • 9,10 –шы дәріс. Сұхбаттың құрылымдары және түрлері.

  • жүктеу 0.66 Mb.