Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бозтай З. Б. аға оқытушы

жүктеу 120.56 Kb.



жүктеу 120.56 Kb.
бет2/2
Дата20.03.2017
өлшемі120.56 Kb.

Бозтай З. Б. аға оқытушы


1   2

Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.

Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.

Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
Бағытталған кесінді A B → }} деп A - “бас нүктесінен” бастап екінші B - “соңғы”нүктесіне дейінгі түзу бойындағы нүктелер жиыны.
Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.


Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады.
Пиксель (Pixel) - дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік.
Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет. Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады. Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады.
Компьютерлік жад Компьютерлік жады (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) - белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі.
Растрлық кескін (Растровое изображение; raster display) -айқындылығы мен түсі әр түрлі пиксельдер жиымы түрінде қалыптасатын кескін.
Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады. Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады. Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады). Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады. Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады.
Полиграфия (поли… және …графия)- мәтіндік және графикалық материалдарды басып шығаруға арналған техникалық құралдар жиынтығы; техника саласы. Полиграфияның негізі 1440 ж. неміс өнер тапқышы И.Гутенбергтің (1406 - 1468) кітап басуды ойлап табуынан бастап қаланды.
Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда. Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
(грек. photo - жарық және metre ‘о - өлшеймін) - жарық күшін, жарық энергиясын, жарықталғандықты, сәулелікті, сәулелендіруді, жарықтың экспозициясын, сонымен қатар материал дардың жарықтық сипаттамаларын - шағылыстыру, өткізу жоне жарқылдау коэффициенттердің және т.б.
Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.
Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.

Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады [4].

Қорытындылай келгенде маман даярлау бағытында компьютерлік графика негізгі құрал ретінде қарастырамыз. Оны бейнелеу өнері мен сызу мамандарының кәсіби сапасының бір қыры ретінде танимыз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Жоғары міндетті білім беру стандарты. - ҚР Білім және ғылым министрлігі (ҚР МЖМБС 3.03).

Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі - Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы органы.
«050107 - бейнелеу өнері және сызу» мамандығы. - Астана, 2006 жыл.

2. Суретшілер табиғатпен сырласуды қойды. //Алаш айнасы: Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет. – 2009. - 21 сәуір.

3. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері. –Алматы: Ғылым, 2003. – 168 б.

4. Азербаев К.Ж. Компьютерлік графика //http: аzerbaev.kz.



Компьютерная графика как средство профессиональной подготовки специалиста

Бозтай З.Б., старший преподаватель.

Резюме

В статье рассматриваются требования политики общества по подготовке будущего специалиста по изобразительному искусству и черчению, а также их связь с информационными технологиями.

Авторами описываются виды компьютерной графики и их применение на практике.

The computer diagram as a means of specialist professional training

Boztay Z.B., lecturer, Khaldzbetova A.I., tutor.

.

In the article the requirements of the society policy on the preparation of the specialist and their connection with information technologies are considered. The authors describe kinds of computer diagram and their use in practice.

Ізденуші З.Б. Бозтай мен А. Халдыбетованың «Компьютерлік графика кәсіби маман даярлау құралы ретінде» деп аталатын ғылыми мақаласына

ПІКІР
Қазіргі қоғамдағы тәрбие мен білім беруге қойылатын талап халықаралық деңгейдегі қарастырылатын даму тенденциялар есебінен жан-жақты өзгеріске ұшырап, ауқымын кеңейтіп отыр. Осы өзгерістерден туындаған талаптар бейнелеу өнеріне де, сұраныс пен қоршаған әлемнің қыр- сырын бейнелеудің біртұтас жүйесінің форматына жаңаша технологиялық аспектіде қарауды қажет етеді.

Осы мәселенің оң шешімі ретінде компьютерлік графика маман даярлау сапасын арттыруда.

Компьютер мүмкіндіктерін кәсіптік қызметте қолдану деңгейі «бейнелеу өнері мен сызу» мамандарын кәсіби даярлаудың тиімділігін арттырып, бейнелеу әрекетіне тән педагогикалық қызмет тиімділігін көтеруге септігін тигізуде.

Автор мақалада бейнелеу өнері және сызу мамандарын кәсіби даярлау сапасын арттырудың тиімді құралы ретінде – компьютерлік графика мәселесін де сауатты талдаған.

Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер қарқынды даму үстінде. Оқыту бағдарламасында компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жағынан жеке адамды дамытады. Авторлар осы мәселе ауқымында өзіндік ауқымды ғылыми тұжырымға келген.
Педагогика ғылымдарының

докторы, доцент: П.Б. Сейітқазы


Ізденуші З.Б. Бозтай мен А. Халдыбетованың «Компьютерлік графика кәсіби маман даярлау құралы ретінде» деп аталатын ғылыми мақаласына

ПІКІР
Мақалада қазіргі қоғамның даму тенденциясын айқын көрсетумен қатар, «бейнелеу өнері мен сызу» мамандығына қойылатын жаңа талапты бала қабылдауының өзгерістерімен салыстыра көрсеткен.

Компьютердің бүгінгі қоғамның кез-келген саласының тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылатынын бейнелеу өнері саласының мүмкіндіктерімен салыстыра сипаттаған. Бұл талаптар бейнелеу өнері мамандарының кәсіби мәдениетінің бір компоненті ретінде маманның қызмет ету аумағын кеңейтіп отырғанын ашып көрсете білген.

Баспаға ұсынуға лайық деп санаймын. Қоғамның бүгінгі саяси-әлеуметтік, экономикалық даму деңгейі адамның барлық кәсіби іс-әрекеттері саласында жаңа ғылыми технологияны пайдалануды талап ететінін ашып көрсетумен қатар, технологияны пайдаланудың бағдарламалық құралдардың пайда болуына байланысты мәселені көтерген.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Бұның бүгінгі таңда ақпараттық технологияның динамикалық тұрғыда дамып келе жатқан саласының бірі — компьютерлік графиканың мазмұны мен түрлерін практикада пайдалану аспектісінен талдаған. Мақала мазмұны актуалды.



Педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент: Ижанов Б.И.
1   2

  • Мультимедиа
  • Компьютерлік графика
  • Растрлық графикада
  • Компьютерная графика как средство профессиональной подготовки специалиста Бозтай З.Б., старший преподаватель. Резюме
  • The computer diagram as a means of specialist professional training Boztay Z.B., lecturer, Khaldzbetova A.I., tutor.
  • «Компьютерлік графика кәсіби маман даярлау құралы ретінде»

  • жүктеу 120.56 Kb.