Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бозтай З. Б. аға оқытушы

жүктеу 120.56 Kb.



жүктеу 120.56 Kb.
бет1/2
Дата20.03.2017
өлшемі120.56 Kb.

Бозтай З. Б. аға оқытушы


  1   2

Бозтай З.Б. аға оқытушы

Халдыбетова А.И. оқытушы


Компьютерлік графика кәсіби маман даярлау құралы ретінде

(Л.Н.

Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана қаласы)


Бүгінгі қоғам ақпараттық-технологиялық және құрылымдық артта қалушылықты жою, елдік ғылыми-технологиялық әлеуетті сақтау және дамыту, ұлттық құндылықтарды сақтай отырып дамыту - стратегиялық мақсаттың бірі болып табылады. Бұл мақсаттардың айқын көрінісі ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (ҚР МЖМБС 3.03) 050107 - «бейнелеу өнері және сызу» мамандығына қойылатын талаптар тізімінен де байқауға болады.
Құндылықтар - бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады.
Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Онда бұл мамандық иелерінің өндірісте көркем, интерьер, экстерьерді көркемдеу, өнеркәсіп орындарында, фирмада суретшілік, баспа орындарында кітап көркемдеуші қызметтер, сондай-ақ, жобалау-дизайнерлік жобаларды жасау, кәделі және кәсіптік графика (орауыш, этикет, марка, белгілі логотип, жарнама, буклеттер, пошта жиынтығы, т.б.
Жиынтық - геологияда: жарылымдармен шектеле отырып, бірқалыпты қатпарланған қат-қабаттар тобының немесе қатпарлардың бір бағытта ғана еңістенген осьтік жазықтықтарының бірлестігі.
Буклет(бүктеме) (Booklet, folder, leaflet) - параллель беттестіру арқылы бірнеше бетке қатталған бір параққа басылган құжат.
Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.
Жарнама, реклама (франц. reclame, лат. reclamo - жар саламын) - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
) саласында жұмыс істеуге бағытталатыны көрсетілген. Сонымен қатар, кәсіптік даярлығына қойылатын талаптар тізімінде: «оқушыларды көркем-шығармашылық, оқу, еңбек және қоғам жұмыстарын басқарудың алдыңғы қатарлы әдісін, оқушылардың көркем-шығармашылық қабілетін, эстетикалық көзқарасын, пайымдау және баға беруін дамыту әдістемесін жете білу керектігі қажет етіледі [1]. Бұдан байқайтынымыз маман даярлау саясатындағы талаптардың ауқымын жоғарыда аталған стратегиялық мақсатты жүзеге асыруға негізделген талаптар кеңейте түсетінін көреміз.

Компьютерлік графика мен визуалды білім мүмкіндіктерімен байланысты еңбектер қарқынды даму үстінде. Оқыту бағдарламасында компьютерлік графиканы қолдану шығармашылық жағынан жеке адамды дамытады.

Ауқым (Диапазон; ағылш. band) - берілген шектерде жатқан спектрдің бір болігі. L-, S, С-, Кu және Кa әріптерімен "band" терминінің үйлесімділігі жер үстілік және ғарыштық телекоммуниканиялық қызметтерді атқаратын, қысқа жиілік жолағын корсету мақсатында қолданылады.
Оқушы - белгілі бір іспен айналысатын адам. Бұл іс сабақ немесе адам қызығатын іс болуы мүмкін. Оқушы бір істі игерумен айналысады. Ол бұл істі жоғарғы деңгейге игергенге дейін оқушы деген атқа ие болады.
Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
Компьютерлік графика - 2011 жылы Алматы қаласы «Дәуір» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Б. Н. Нұрмаханов, Д. Д. Әбілдабекова, У. Т. Қарымсақов. Беттер саны - 200.
Себебі, физиологиялық тұрғыдан адам миының оң жарты шарымен ойлаудың синтетикалық, бейнелі, интуитивті жағдай бойынша қамтамасыз ететіні белгілі. Кез-келген жүйенің осал тұсы мен қайшылығы да кездеседі. Алайда, компьютерлік графиканың бейнелеу өнеріне енуі көптеген мамандарды да толғантпай отырған жоқ. Ғалым, қайраткер Тоққожа Мұқажанұлының «Компьютерлік техника суретшінің ішкі сезімін бере алмайды. Қазіргі кезде компьютерді бейнелеу өнерінде пайдалану өнерге сәл салқынын тигізіп отыр. Өйткені техника суретшінің ішкі сезімін бере алмайды. Суретшілеріміз табиғатпен сырласуды қойды, пейзажды табиғатпен тілдеспей, компьютердегі бер жағы әсем картиналардан көшіру көбейді. Суретшілер қауымы өз қиялына қарағанда, біреудің талабының шеңберінен аса алмайтын дәрежеде қалды» деп айтуының орны бар [2]. Бірақ компьютердің бүгінгі қоғамның кез-келген саласының тек көркемдеу мен безендірумен ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Сурет, бөлмедегі сурет. Сурет әртүрлі бояулармен: акварельмен (қағазға немесе картон), майлы бояумен (холстқа, картонға, ағашқа), пастельмен (ерекше түрлі-түсті қарындаштармен қағазға немесе картонға) салынады.
Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Бұл талаптар бейнелеу өнері мамандарының кәсіби мәдениетінің бір компоненті ретінде маманның қызмет ету аумағын кеңейтіп келеді.

Қазақстандық ғалымдар Т.С. Садықов, А.Е. Әбілқасымованың «Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері» еңбектерінде белсенді, шығармашыл және дербес тұлғаны тәрбиелеу және дамытуға қойылатын қазіргі талаптар мен қоғамның әлеуметтік тапсырысы бұл мәселелерді шешуге бағытталған педагогикалық зерттеулердің аса маңыздылығын атап өткен [3].

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Педагогика (гр. 'παῖς', paіda - бала, гр. 'ἄγω', gogos - жетектеуші) - жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.
Әлеуметтану Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Мұнда жоғары білімді мамандарға қойылатын жаңа біліктілік талаптарын жобалаудың тиімділігі айтылады. Ал жоғары мектеп даярлаған маман қоғамның сұранысын қанағаттандырып, жұмыс берушінің маманға қоятын талаптарын орындай алуымен өлшенеді. Бүгінгі ақпарат кеңістігінің артуы компьютерлік графиканың практика жүзінде кез-келген бейнелерде қолданыла бастағанынан белгілі.
Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Компьютерлік бағдарламалардың суретшінің ойын іс-жүзінде жүзеге асыра алатындай көптеген түрлері бар. Белгілі бір бағдарламалармен қамтамасыз етілген компьютер ХХ ғасырдың соңында суретшінің палитрасына айналып отыр. Қазіргі кезде бейнелеу өнері мамандарына сурет сала білу, суреттің, түс шығарудың, композицияның, модельдеудің теориялық негізін ғана білу жеткіліксіз болып отыр. Сонымен қатар, қазіргі күнгі технологияларды аса талғаммен, сауатты қолдана білу, графикалық редакторларды білікті пайдалана білу де қажеттілігі артуда.

Компьютерлік графика – есептеу техникасының құралдарының көмегімен графикалық бейнелерді құру және өңдеу технологиясы болып саналады. Adobe Photoshop графикалық редакторы өте кең қолданылатын растрлық редакторлардың бірі болып табылады. Adobe Photoshop инструменттерімен жұмыс жасауға үйрену, бейнелерді көркемдік редакциялау аумағында практикалық машық қалыптастыру – байқампаздық, көру арқылы есте сақтау, пішінді, сызықты, түсті сезіну сияқты қасиеттермен байланысты өте қызықты, әрі маңызды және күрделі процесс.

Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.
Бұл редактордың көмегімен зақым келтірілген бейнелерді қалпына келтіруге, коллаж техникасындағы күрделі шығармашылық композицияларды орындауға, көркемөнер туындыларын түзудің әр түрлі техникаларын имитациялау (майлы бояу, акварель, сурет, тушь, қарындаш және басқалары), визиттік карталарды, буклеттерді, күнтізбелер мен плакаттарды және т.б. жасауға болады.

Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындады. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады. Ол уақыт талабы.

Жоғары мектептегі «бейнелеу өнері және сызу» мамандары даярлаудағы білім мазмұнын дамыту стратегиясы кәсіби дайындық саласында біріншіден, тек теориялық біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық талаптарын да қанағаттандыруы тиіс. Нәтижесінде бітіруші мамандардың жұмысқа орналасу мүмкіншіліктерін арттыруды көздейді. Екіншіден, кәсіби бағыт беру қатарындағы пәндердің қатарын ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін пайдаланып, болашақ маманның технологиялық жетістіктерін арттыруға мүмкіндік беретін арнаулы курстарды енгізу; үшіншіден дипломдық жобаларының келешек еңбек нарқында пайлалану мүмкіндігімен сабақтастыруды қолға алуға бағдар береді. Бұл бағдарлар бейнелеу өнерінің ауқымының аса кеңейіп отырғанын көрсетеді. Ол тек бір жақты компьютерлік графика шеңберінде қалып қояды деген пікір емес, керісінше, ол баланың ақыл-ойы жетіліп, жағымды мінез-құлықтары мен адамгершілік қасиеттері қалыптасып, әсемдік пен сұлулықты қабылдау қасиеттерін арттыруға да даяр болады, әрі қоғамның кез-келген жағдайдағы нарықтық талаптарын да қанағаттандыра алады деген сөз.

Әсемдік - адамды эстетикалық ұғым, материалдық және рухани дүниенің ләззатқа бөлейтін сипаты. Әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетик.
Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.
Қоршаған ортаға, табиғатқа деген эстетикалық сезімін шыңдай түсуге де мүмкіндіктер бар. Алайда қоғамның талабы өнер саласына қатар қойылады. Компьютерлік жүйемен жұмыс оқушылардың әлеуметтік қоғамның мүшесі болу қажеттілігін арттыра түседі. Қазіргі компьютерлік графиканың қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:



Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын.
Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.
Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды. Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.

Конструкторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың (систем автоматизации проектирования - жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.

Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді. Суреттеу графикасында қолданылатын қарапайым программалық жабдықтарды графикалық редакторлар деп атайды.

Жарнамалық графикателедидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.
Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.
Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.
Оларды жасау үшін қолданылатын графикалық пакеттер осы мақсатта қолданылатын компьютерлердің жады мен жұмыс істеу жылдамдығына үлкен талап қояды. Осы графикалық пакеттердің басты ерекшелігі ретінде олардың шыншыл кескіндер мен «қозғалатын суреттерді» жасау мүмкіндігін айтуға болады. Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, алыстату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді. Мысалға, объектінің жарықтылық деңгейін сол объектіге түсіп тұрған жарық көзін, оны қоршаған заттардың, олардың көлеңкелерін есепке ала отырып бейнелеу үшін оптиканың заңдарын есепке алатын күрделі есептеулерді жүргізу қажет.
Деформациялау (Деформирование) - дайындаманың массасы өзгермей өлшемі және түрін өзгертетін процесс.
Жарықтылық (L) - беттен шығатын жарық ағынының беттік-кеңістіктік тығыздығы. Ол жарық ағынының (d) геометриялық факторға (ddAcos) қатынасына тең: L=d/ddAcos, мұндағы d - сәулемен толған денелік бұрыш, dA - сәуле шығатын немесе сәулені қабылдайтын учаскенің ауданы,  - осы учаскеге перпендикуляр мен сәуле бағыты арасындағы бұрыш.
Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

  1   2

  • Мемлекеттік
  • Тоққожа Мұқажанұлының «Компьютерлік техника суретшінің ішкі сезімін бере алмайды .

  • жүктеу 120.56 Kb.