Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бала өміріндегі компьютер маңыздылығы

жүктеу 79.88 Kb.



жүктеу 79.88 Kb.
Дата15.09.2018
өлшемі79.88 Kb.

Бала өміріндегі компьютер маңыздылығы


Бала өміріндегі компьютер маңыздылығы Балаларымыз компьютерге қанша жастан отырғаны жөн Компьютердің оларға қандай пайдасы мен зияндары бар Компьютер жыл сайын біздің өміріміздемаңызды орын алуда.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

 Оның көмегімен фильм көре, музыка тыңдай аламыз, басқа континентте тұратын адамдармен араласамыз, мәтін тере, қиын математикалықесепті шығара аламыз және т.б. Алайда көп ата-аналарды мазалайтын сұрақтар бар: балаға компьютерді қолдануға рұқсат берген дұрыс па Компьютер оған ненәрсені үйрете алады  Балаға сиқырлы машинаның алдында отыруға қай жастан кейін рұқсат еткен жөн Дәрігерлердің айтуы бойынша, баланы үш жастан бастап отырғызуғаболады, бірақ күніне жарты сағат қана.  6 жастан бастан 12 жасқа дейін - бір сағат. Ал 12 жастан бастап күніне екі сағат рұқсат етуге болады. Компьютер көзге зиян,сондықтан әр бір он бес минут сайын үзіліс жасап отыру керектігін есте сақтау керек. Егер балаға көзге арналған жаттығуларды үйретіп қойсаңыздар, одан бетержақсы болар еді: көзді вертикальды және көлденең айналдыру немесе жиі жыпылықтау. Кейін тәуелділік пайда болмау үшін компьютер алдында отыратын уақытнақты белгілену керек. Балаға компьютердің алдында көп отыру, оның көздеріне үлкен зиян тигізетінін жайлап түсіндіре білу қажет.  Монитордың қарама-қарсы түстерін және ашықтылығын реттеңіз, баланың көзіне қатты әсерін тигізбесін. Жұмыс үстеліне біркелкі түстегі суреттерді қойыңыз.Үстел және орындық баланың бойына сәйкес келуін қадағалаңыз. Оның түзу отыруын бақылаңыз, әйтпесе ол  сколиоздың дамуына алып келеді. Монитор түзу тұрукерек, бала оған бұрылып қарамайтындай болсын. Компьютерлік орынға жарық түсуі керек, алайда жарық дәл мониторға түспеген дұрыс. Сонымен компьютердің адам ағзасына залалын тигізетін факторлары мынандай: Көздің көру қабілетін төмендетеді; Омыртқалардың қисаюына әкеледі; Жүйкеге салмақ түсіреді; Шаршағыштық, әлсіздік басады. Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып байланады.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

Бала - әке-шешенің перзенті, ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз, жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі Бала ұғымына сияды.

Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды.

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім жабық әлем қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады... Сонымен бірге: Компьютерге арналған арнайы үстел болуын және оның балаға жайлы болуына мүмкіндік жасау; Монитор экранынан ылғал шүберекпен жиі тазалап тұру, ондағы шаңның өзі көзге кері әсерін тигізеді Монитор мен орындықтың ара қашықтығын сақтау, яғни бала өзін 50-60 см экраннан алыс ұстауы керек Үй ішінде интернетті пайдалануға және атыс-шабысқа толы ойындарды ойнауға тиым салу Компьютердің пайдасы «1.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Байланысқа кіру. Интернет басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді.

Теледидар - телехабар бағдарламаларындағы бейне мен дыбыстық сүйемелдеудің радио сигналдарын күшейту мен түрлендіруге арналған теле, радиоқабылдағыш теледидар түрлі түсті, ақаласықара кескінді, стационарлы және тасымалды болып ажыратылады.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

Интернет өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады. 2. Кеңінен жайылу. Интернет қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Интернетті пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер. 3. Қатысу. Интернет адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал интернет болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады. 4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз. 5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі. Интернет арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, «есіне» жаттайды».

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.

    2-ден 6 жасқа дейін балақайлар компьютерді меңгере бастайды. Сандарды, әріптерді, әр түрлі белгілерді үйретуден бастауға болады. Ол үшін сізге мәтіндік редактор керек. Уақыт өте келе бала толық сөздерді жазады, кейін сөйлемдерді. Сонымен бірге ол  қатесін көріп, оны өзі түзей алады. Тінтуірді басқару арқылы балақайдың әрекетін жетілдіруге болады. Белгілі болғандай бала ойын арқылы үйренеді. Бүгінгі таңда ой-өрісті жетілдіретін неше түрлі ойындар бар. Солардың көмегімен көптеген ғылымның ежелерін тануға болады:  геометрия, шет тілі, арифметика, грамматика. Paint редакторын қолдану арқылы сурет салуды үйренуге болады. Өйткені жаққышқа қарағанда тінтуірмен сурет салу қиындау. Бұл өз кезегінде қолдың моторикасын жетілдіреді.  Паззлдар қағидасы бойынша суреттерді жинау, логикалық ойлауды дамытады.

Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).

Тышқан (ағылш. mouse - тышқан) - бейнебетте көрсетілген белгілі бір тілдесу элементтерін меңзеп, оларды бөлектеу үшін пайдаланушы қолданатын құрылғы.

Геометрия (көне грекше: γεωμετρία; көне грекше: γῆ - жер и көне грекше: μετρέω - «өлшеу») - математиканың кеңістіктік пішіндер (формалар) мен қатынастарды, сондай-ақ, оларға ұқсас басқа да пішіндер мен қатынастарды зерттейтін саласы.

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

 Белгілі бір бейнелерді реттеу немесе керек жердің бояғын аяқтау, қиялды дамытады.  Ал музыкалық ойындар музыкаға деген махаббатты оятып, ноталарды жаттауға ықпал етеді.

Махаббат - адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, риясыз, ынтық, нәзік сезімі.

6-дан 9 жасқа дейінгі балаларға ақпаратпен жұмыс істеуді үйретуге болады. Басында ойын түрінде үйреткен жөн. Балаға өз бетінше папка мен файлдарды ашуды үйретіңіз.

Файл (ағылш. File) - дерек сақтаудың негізгі бірлігі болып табылады.

Компьютер арқылы ойын ойнау ғана емес, көптеген қызық ақпаратты білуге де болатынын түсіндіріңіз. Қазір бала ойнап, қосымша әлемдік торды меңгеретін балаларға арналған сайттар көп. Біртіндеп іздеу жүйелерін қолдануды үйреніңіздер. Сол арқылы бала өзіне керек ақпаратты алады емес пе! Сонымен қатар логикалық ойлауды да дамытады. Өйткені іздегіш сұраққа жауап бермейді, ол тек жалпылама сөздерді іздейді.  Осы жаста оның өзін жалғыз компьютердің алдында қалдыруға болмайды, ол әлі көп нәрсе білмейді. Вирусқа толы бағдарламаны жүктеп  алуы мүмкін. Екеулеріңізге бірге отыру қызық болады, ал балаңыз түсінбегенін әр кез сізден сұрай алады.  Шамамен, 9-дан 12 жасқа дейінгі балалар әлемдік торда жүзе алады. Ол онда жүзбей тұрып, бірнеше нәрсені ұмыттырмаңыз. Біріншіден, вирустар жайлы айтыңыз. Екіншіден, интернетте тек қана жақсы ниеттілер отырмайтынын айтыңыздар. Поштаға әдейі зиянкес тасушы хабарламалар (спам) жіберетіндер барын да түсіндіріңіз. Егер бала таныс емес кісіден хабарлама алса, үлкендерді көмекке шақырсын.

Хабарлама (Донесение) - жоғары тұрған командирге (бастыққа, штабқа) белгілі бір мәліметтерді хабарлау мақсатына арналған жауынгерлік немесе қызметтік есеп-ақпарат құжаты. Соғыс жағдайында төмендегідей хабарламалар даярланады: жауынгерлік, барлау, байланыс бойынша, инженерлік және химиялық қамтамасыз ету, тыл бойынша және басқа.

Егер абайсызда бір түймені басып қойып, бір нәрсе бүлдірсе, балаға ұрыспаңыз, тек келесіде абай болуын сұраңыз.  Кейбір балалар табиғатынан ұяң келеді. Айналадағы адамдармен сирек байланысқа түседі, қатарластарымен тіл табыса алмайды. Әр түрлі чаттар арқылы араласу, оларды аша түседі. Олармен неше түрлі бағдарламалар арқылы араласу (мысалы, Skype), компьютерлік бағдарламаларды танып білуге ықпал етіп, кейінгі өмірлеріне керек болады. Егер сіздер осы бастан балаға компьютер алдында жұмсайтын уақытты қадағалауды үйретсеңіз - бұл керемет болар еді. Алайда кез - келген бала өз-өзін қадағалай алмайды. Осындай жағдайда балаға компьютерді сөндіру керектігін еске салып отыратын бағдарламаларды қолданған жөн. 13 жастан бастап, балаға компьютерді өз еркімен қолдануға рұқсат беруге болады. Ол бірнеше сағаттап өзіне қызық бағдарламаларды зерттеп отыруы мүмкін. Бұл қасірет емес. Мүмкін, ол өзінің болашағын ақпараттық технологиямен байланыстырғысы келетін шығар, сол кезде компьютер оның нағыз досына айналады. Оны ұрсудың қажеті жоқ, оның таңдауына сыйластықпен қарайтыныңызды білдіріңіз. Бірақ таң атқаннан, кеш батқанға дейін компьютердің алдында отыру денсаулыққа зиян екендігін түсіндіре біліңіз.          Ақпараттық ресурстардың тұрақты өсуі қазіргі қоғам дамуының заңды процесі болып отыр, бірақ бұл жеке тұлғаның қалыптасуына кедергі де болып отыр. Ақпараттық технологиялар жасөспірімдердің психикасына, денсаулығына кері әсер етіп отыр деуге болады.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Психика (гр. psychikos - ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Өзіңіз компьютерде көп отырған баланы байқап көріңіз, олар ашуланшақ, әрі бірдеңені тез түсіне алмайтын болып қалыптасып келе жатыр. @mail.ru агентіне кіру арқылы бала әр секунд сайын түрлі ақпараттың әсеріне тап болады. – Баланың қабылдап жатқан ақпараты көбіне бұзақылық сипатта болып келеді де, баланың қоғамдық өміріндегі жағымды бағытына кері әсер етеді, – дейді психолог Н.

Бұзақылық - әлеуметтік ортаға нұқсан келтіретін өрескел қылық. Ол азаматтарға зорлық көрсету, қорқытып-үркіту, сол сияқты өзгенің мүлкін жойып жіберу не бүлдіру, не аса қатыгездікпен бейбастақ әрекеттер жасау арқылы әлеумттік ортаны сыйламаушылықтың көрінісі болып саналады.

Белик. – Психологиялық аспектіні ескерсек, «агент» арқылы алынып жатқан әр ақпарат, әр белгі баланың санасына әсер ететін мағыналық жүктемені көбейтеді, сөйтіп баланың әдетіне, машығына кері ықпал етеді. Сөйтіп баланың басын айналдырып, тұлғалық қабілетін жойып, психикасына кері әсер етеді. Компьютерде көп отыратын балаларды бақылаған кезде жасөспірімдердің даму деңгейінің төмендейтіні, сөздік-қисындық ойлауының нашарлайтыны, назар аудару қабілеті мен сараптамалық қабілетінің әлсірейтіні белгілі болған.

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Көптеген балалар естіген нәрсесін үлкен қиындықпен түсінетін болған. Ондай балалар жаңа ғана айтқан нәрсені есінен тез шығарып, тіпті сөйлем құрауға қиналады екен. Осылайша қазіргі шақта ақпараттандырудың жақсы жағы ғана емес,  осынау прогрестің жағымсыз тенденциялары да байқалып отыр. Сондықтан баланы компьютерден шама келгенше алыс ұстаған абзал. Сөз соңында айтарымыз қоғамның қарқынды дамуы көбіне оның біліммен және мәдениетімен анықталады. Біз жастар ақпараттық мәдениетті сауатты адам болуға ұмытылуымыз керек. Сондықтан ХХІ ғасырда біз ұстанатын қағида «Білім бүкіл өмір бойыңа» болуы шарт.  

  • Психологиялық

  • жүктеу 79.88 Kb.