Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»

жүктеу 1.09 Mb.



жүктеу 1.09 Mb.
бет7/8
Дата05.04.2017
өлшемі1.09 Mb.

Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»


1   2   3   4   5   6   7   8

Әдістің тиімді жақтары:

  1. Ауа - арзан шикі зат.

  2. Процесс аппараттары қарапайым.

Кемшіліктері:

Энергия көп мөлшерде кетті. Энергия шығымы жоғары 1 т азот байланыстыру үшін 70 мың кВт энергия/1 сағатта керек, сәйкес 64 т отын жағу керек.

Қазіргі уақытта HNO3 шығару өндірісі синтетикалық аммиакты контакталық тотығу-тотықсыздану әдісіне негізделген:


  1. NO алу: NH3 O2 →NO H2O

  2. Азот тотығы азоттың жоғары тотығына айналады:

NO O2→NO2

NO2 H2O→HNO3 NO

Реакция экзотермиялық: 421,2 кДж

Зерттеу бойынша NH3 тотығуы алынатын катализаторға және реакция жүру жағдайына тәуелді.

Катализатор: Pt. Pt катализаторы радий және паладий металлдарымен қосылады, себебі эксплуатация барысында катализатор босап қалады және өзінің активтілігін жоғалтады, мөлшерін азайтады.

Температура: 700-800 0С

Су өндіріс барысында негізгі хладогент болады.
Өздік бақылау сұрақтары:

1.Азот қышқылы. Өндірістің маңызы және мемлекеттің химия өндірісінің даму деңгейіндегі орны.

2.Өндіріс көлемі, әртүрлі салада пайдалану.

3.Шикізат, технология стадиялары, есептері мен схемалары.



Әдебиет:

1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. – 194 с.

2. Самсонов О.А., Солон В.Я. Технология азотной кислоты. Расчеты на ЭВМ. Учебное пособие. Иваново, 1991.- 144 с.
10 Дәріс.

Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Фосфор қышқылы.

Мазмұны:

1. Фосфор қышқылы, өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны.

2. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану.

3. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен көлемі.


P2O5*H2O – Фосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. 5

HPO3 – метафосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. 5

H3PO4 – ортофосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. 5

H4P2O7 – пирофосфор қышқылы, фосфордың тотығу дәр. 5

Ортофосфор қышқылы қыздырғанда суды буландырады және ол концентрлі болады: температура 3000С

2H3PO4 ↔ H4P2O7 H2O

Пирофосфор қышқылы гигроскопиялық шыны тәрізді масса.

Булану (Испарение) - заттың сұйық немесе қатты агрегаттық күйден газ тәрізді (бу) күйге (бірінші текті фазалық ауысу) ауысу процесі.

Метафосфор қышқылын фосфор (V) оксидінен алады: (сулы)

P2O5 H2O→ HPO3

Одан температураның катысында ортофосфор қышқылын алады:

HPO3 H2O→ H3PO4
Осы қышқылдардың ең маңыздысы ортофосфор қышқылы және оның қосылыстары – фосфориттер.

Фосфориттер - апатит және мартинит сияқты минералдар тобынан тұратын аморфты немесе микрокристалды кальций фосфаттарын өз құрамына молынан кіріктіретін таужыныстардың жалпылама атауы. Фосфориттер құрамындағы фосфаттың ең төменгі мөлшері 18%-дан кем болмауы шарт.

H3PO4 – орта күшті қышқылдарға жатады және күкірт қышқылы сияқты органикалық заттарды күйдіреді.


Ортофосфор қышқылы мен оның тұздарының маңызы:

Фосфор өте маңызды биогенді зат. Фосфор өсімдіктердің жемістері мен дәндерінің өсуін жақсартады. Фосфор қышқылының туындылары жануарлар мен адамдарға қажет. Олар: тіс, тырнақ, инелер және т.б. құрамында болады.

Органикалық қосылыстармен бірге тіршілікте жүретін зат алмасу процестеріне белсене қатысады. Олар: сүйек, мый, қан, қаңқа сүйектерінде болады. Әсіресе, фосфор қышқылы көп мөлшерде нерв жасушаларының құрамында кездеседі. Сондықтан биогеохимик Ферсман «Фосфор ой элементі» деп атаған. Фосфор қосылыстардың тапшылығынан қанның аз болуы рахит аурулары пайда болады.

Тапшылық-Дефицит (латын. deficit - жетімсіздік, жетіспеушілік)- микроэкономикада әлдебір ресурстың (оның ішінде тұтыну ресурсының) жетіспеушілігі, тапшылығы; макроэкономикада шығыстың кірістен асып түсуі, оның ішінде валютаның, қаржының, тауар мен ақшаның теңдестірілмегендігі; сұранымның ұсынымнан асып түсуі.

Фосфор қышқылының мемлекет өндіріс салаларындағы орны:

Біріншіден 90% фосфор қышқылы тыңайтқыштар алуға пайдалынады

(фосфор және комбинирленген тыңайтқыштар алады). Осы мақсатта әлемде 100 млн т фосфор рудалары шығарылады.

Оның себебі: ауыл шаруашылық мәдениеттердін өнімін жақсартады, суыққа және түрлі қолайсыз климат жағдайларына тұрақтылық береді, вегетациялық уақыты қысқа аудандарда өнімнің жылдам өсуін, бұдан басқа топырақ құрылысын жақсартады, топырақтағы басқа заттардың ерігіштігін жақсартады, зиянды органикалық заттардың пайда болуына кедергі жасайды.



Тамақ өндірісі: сұйылтылған фосфор қышқылы мармелад, лимонад және шырындардың құрамына қосылады. Себебі: оларға дәм береді. Кальций гидрофосфаты нан пісіруге, тоқаш пісіруге қолданады. Ұнтақ ретінде дәмін жақсартады.

Ағаш шығару және өндеу: фосфор қышқылы және оның тұздары ағашқа сіңіп, одан жанбайтын құрылыс материалдарын алады (ол жанбайтын Р ағаш плиталар, жанбайтын Р пенопласы және т.б.)

Химиялық өндіріс – Р және оның туындылары катализаттор түрінде болады: алкиллеу, полимеризация және т.б. реакцияларында.

Құрылыс,техника салаларында, тұрмыста. Радиациядан қорғану. Судың кермектігін жою, әр түрлі жуғыш заттарды шығаруда, тоназытқыштарда және т.б. қолданады.
Фосфор қышқылын алу және ашылу тарихы.

Фосфор қышқылын Бойль ашқан. Оны каталитикалық процесс арқылы алған:

Р О2→ P2O5 H2O → HPO3(H3PO4)

ақ түсті, газ тәрізді

Фосфор қышқылы деген атты Бойль берген.

Техникалық жағдайда фосфор қышқылын осыдан 100 жыл бұрын алған.

Са3(PO4)2 Н2SO4→ СаSO4 H3PO4

Фосфориттер Fe, Al мен ластанған болған. Алынған Н2SO4 конц 5-10 %, нәтижесінде H3PO4 40 % алынған.

Жоғары сапалы фосфор жыныстары, 30-40 % Н2SO4 алынса онда гипстің ине тәрізді кристалдары пайда болады. Ол сұйық H3PO4 фазасын ластайды және нашар шайылады. Сондықтан P2O5 жоғалуы жоғары.

H3PO4 - физикалық қасиеті: қ.ж. түссіз, ромб тәрізді зат. Балқу температурасы 42,30С, қатты түрінде сирек қолданады, көбіне гидраттар пайдаланады. Таза H3PO4 май тәрізді сұйық, электр өткізгіштігі төмен.

Химиялық қасиеті: N және S қышқылдарымен салыстырғанда әлсіз қышқыл, 3 негізді, 3 түрлі тұздар түзеді.

H3PO4 басқа фосфор қышқылдарынан ажырату үшін келесі сапалық реакция пайдаланады: сары тұңба түзіледі:

3AgNO3 H3PO4 →Ag3PO4↓ 3HNO3

3Ag PO43- → Ag3 PO4

Ал басқа қышқылдары ақ тұңба түзеді.

Фосфор қышқылын алудын технологиясы: 2 түрі бар.

1.Экстракциялық – экономикалық тиімді

2. Термиялық



Экстракциялық жолы:

Са3(PO4)2 Н2SO4→ Са SO4 H3PO4

Бұндай әдіспен фосфорит шығаратын орындар: Хибинск аппатит концентраттары және Қаратау фосфорит алады.

Термиялық жолмен H3PO4 аса тазасын алады:

Р О2→Р4О10 H2O → H3PO4

Алынатын қышқыл конденсацияға жатады.

Конденсацияның 3 түрдегі тәсілі: буландыру, жылу алмасу, циркуляциялық-өндірісте таралған.


Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Фосфор қышқылы, оны шығару өндірісінің маңызды және мемлекеттің химиялық өндірісінің дамуындағы орны.

  2. Өндіріс көлемдері, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану.

  3. Шикі зат алу технологиясының кезеңдері, есептері мен схемалары.

Әдебиет:

1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. – 194 с.

2. Ким С. Мировое рынок фосфорной кислоты. Потребление удобрений в мире неуклонно растет//The Chemical Journal (Агрохимия). – 2011. – С. 20-24.
11 Дәріс.

Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Сілтілерді шығару.

Мазмұны:

1. Сілтілерді шығару, өндіріс маңызы және мемлекеттің химиялық өндірісінің жалпы даму деңгейінде орны.

2. Өндіріс көлемі, өндірістің әр түрлі салаларында пайдалану.

3. Шикі зат, алу технологиясының стадиялары, өндіріс есептері мен көлемі.


Сілтілер дегеніміз суда жақсы еритін химиялық қосылыстар.
Химиялық қосылыстар, химиялық заттар - бір немесе бірнеше элемент атомдарының химиялық байланысу нәтижесінде құралған заттар.
Су ерітіндісінде гидроксид ионының жоғарғы концентрациясы пайда болады. Сілтілік өнімдердің қатарына: аммиак, аммоний гидроксиді, гидроксидтер жатады. Олар ауылшаруашылықтың барлық салаларында пайдаланылады.

Сілтілерге ағаш күлін сілтісіздендіру жолымен алынатын өнімдер жатады (K2CO3,Na2CO3, NaOH)



Қолданылуы: сабын және шыны шығару, тұрмыс және өндіріс мақсатында.

Алу жолы:Na2CO3 KOH-пен өндіріліп каустиқалық содаға айналады.

Кальцинерленген сода – Na2CO3.

Ашылу тарихы: Na2CO3 көне уақыттан белгілі. Қазіргі уақытта кальцинерленген сода табиғатта негізінен тұзды минералдардың құрамында кездеседі. Na2CO3 x NaHCO3 x 2H2O

Қолданылуы: Шыны шығаруда және жуғыш заттар ретінде. XVIII ғ. Аяғында соданың жоғары қажеттілігінен оның табиғи көздері тапшылық көрсетті, 1775 жылы француз фармацевт Леблан соданы Na2SO4, ұнтақталған бор және С қоссынан келесі реакция арқылы алуды ұсынды:

Na2SO4 CaCO3 CNa2CO3 CaS CO2(газ)

Алынған балқыдан соданы сумен сілтісіздендіреді, буландырады нәтижесінде Na2CO3 қатты күйде бөлінеді. CaS қалдық ретінде қалады.

Лебланның әдісі химиялық өндірістің дамуында өте маңызды әсерін көрсетті.

Кемшілігі: Қалдықтың көп шығуы болғандықтан кең масштабқа енгізілмеген, тиімсіз болды.

Масштаб (нем. Mastab. Ma - өлшеуіш, мөлшер және Stab - таяқ) - сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады.

1838 жылы ағылшын ғалымы Гаррисон мен Хемминг соданы аммиак алуға потент бекітті.



Кемшілігі: аппаратураның көп болуы.
Аппаратура (ағылш. Hardware, equipment) - компьютердің техникалық құралдары мен физикалық жабдықтары; (механикалық, электрлік және электрондык құрылғылар) яғни компьютердің құрамындағы құрылғылар: мысалы, пернетақта, монитор және т.б.

1861 жылы инженер Сольве соданың өндірісіне аммиак жолын практикаға енгізді.

1872 жылы аммиак содасының тәсілінің аппаратуралық көрсетілуі үзіліссіз өндіріс процесске енгізілді.

XX ғ. I төрт бөлігінде содалық өндіріс минералды өнімдердің химиядық өндірістің ортасында болды.

Ресейде соданы шығару бірінші зауыты Лебланның тәсілі бойынша 1864 жылы салынды.

Аммиак әдісі Лихачевпен 1869 жылы енгізілді, бірақ зауыттың қымбат болуына байланысты, ол тек 4 жыл жұмыс істеді.NH3 тәсілімен 1883 жылы Березник қаласында, 1892 жылыДанецк қаласында соданың зауыттары салынды. Соданың қолданылуы: химиялық өндірісте, металлургияда (қара және түсті), целлюлоза, мұнай- химия, машина құрылыс, медицина, жеңіл өнеркәсіп, тері, аяқ киім шығару.

Целлюлоза (лат. cellula - клетка), полиглюкопираноза, (C6H10O5)n - негізгі құрам бөліктері өсімдіктер жасушаларының қабығын түзетін үлкен молекулалы көмірсу (полисахарид). Целлюлоза өсімдік тіндеріне мех.



Поташ – K2CO3. Ауыл шаруашылықта поташ дегеніміз минералды тыңайтқыштар шығаруда калийдің барлық тұздары.

Алу жолы:

1.Электролиз

2.KCl, MgCO3 химиялық әрекеттесуі, реакция нәтижесінде KHCO3, MgCO3олар қыздыруда K2CO3 береді.

Қолданылуы: шыны, бояу, К тұздарын алуда.

NaOH-каустикалық сода. Әр түрлі биологиялық орталарды ыдыратушы заттар.

Алу жолдары:

1.NaCl ерітіндісін электролизі – қазіргі технология.

2.Кальцинерленген содамен Са(ОН)2

Na2CO3 Ca(OH)2= NaOH CaCO3

3.Электролиз әдісі:

Өндіріс жағдайында диафрагма бар камераларда жүргізіледі. Екі установка қолданылады:

1.Бос диафрагма

2.Сөндірілген диафрагма

Сөндірілген диафрагма толық электрондардың ішінде тұрады, анодтық және катодтық бөлімдері шектелген.

Бос диафрагма мен каустикалық соданың ерітіндісі түзілу бағдарламасында шығарып отырады, стандарт бойынша 5 түрлі маркалары шығарылады: ҚС, ҚД, ЕС, ЕХ, ЕД.

Ерітінділер- кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін. Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер.


Қолдану салалары:химиялық өндіріс, мұнай өндірісі, жасанды талшықтар шығару, целлюлоза-қағаз, Al шығару, жуғыш заттар, маталарды өңдеу, резинка регенерациясында.

КОН-каустикалық поташ. Ол натрий қосылыстары жетпи жатқан жағдайда қолданылады. Бұл зат кең таралған, бірақ қымбат.

Алынуы:

1.Калий электролизі

2.K2CO3 Ca(OH)2

Пайдалануы: сабын, сұйық сабын, фармацевтикалық препараттар, калий тұздарын, бояғыш заттар және органикалық қосылыстар.

Өнімнің шығару формасы:

40-50 % ерітінділердің құрамында, қатты грануралармен, бөлшектер түрінде.


Өздік бақылау сұрақтары:

  1. Сілтілер түсінігі, номенклатурасы.

  2. Сілтілік өнім түрлері: алу, қолдану,өндіріс технологиясы.

Әдебиет:

1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. – 194 с.


12Дәріс.

Химиялық өндірістің шикі заты.

Мазмұны:

  1. Технологиялық процесте түсінігі және ролі.

  2. Шикі зат классификациясы.

  3. Пайдалы қазбалардың қоры.

  4. Шикі затты кешендік пайдалану.

  5. Химиялық өндірісте суды пайдалану.

І. Шикізат дегеніміз өндіріс өнімдерін шығаруда пайдаланатын табиғи материал. Шикізат техникалық процестін негізгі элементі, ол процестің экономикалық тиімділігін, өндірістің техникасын және өнімнің сапасын анықтайды. Химиялық өндіріс үшін шикізаттың жоғары материалды сыйымдылығы және жоғары шығымы сипатты. Шикізат алуда болашақ өнімнің бағасы 60-70% тәуелді. Көптеген жағдайда бір өнеркәсіптен шығатын өнім басқа жаңа заттар алуда шикізат болады. Мысалы, әр түрлі минералды қышқылдар тұздарға айналады, олар әр түрлі халық шаруашылығына қажетті. Кең шығару техникасының дамуы, шикізатты даярлау, байыту, шикізаттың жаңа түрлері, пайдалы қазбаларды пайдалануға жаңа жол ашады. Сондықтан химиялық өндірістің шикізат қоры үзіліссіз өседі.

Пайдалы қазбалар - техниканың қазіргі жағдайында халық шаруашылығына табиғи күйінде немесе байытқаннан кейін пайдаланғанда жеткілікті экономикалық нәтиже бере алатын жер қойнында кездесетін табиғи минералдық заттар.
Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.
Көптеген өндірістерде бастапқы материал ретінде өңдеуден өтілген өнім жартылай фабрикат алынады. Кейбір химиялық өндірістер шикізат ретінде бастапқы өндірістің қалдықтарын немесе қосалқы материалдарын пайдаланады.

ІІ. Шикізаттың жіктелуі:


  1. Шығатын көзі бойынша: а) минералды шикізаттар

б) өсімдіктер шикізаттары

в) жануарлар шикізаттары



  1. Агрегаттық күйі бойынша: қатты, сұйық, газ

  2. Құрамы бойынша: бейорганикалық және органикалық.

Минералды шикізат бөлінеді: рудалық, рудалыө емес, жанғыш немесе органикалық.

Рудалық минералды шикізат дегеніміз – металдар болатын тау жыныстары немесе минералды агрегаттар. Олардан техникалық таза түрде экономикалық тиімді жолмен металдарды алуға болады (темір, мыс, мырыш, алюминий).

Рудалық емес минералды шикізат – химиялық құрылыс немесе басқа да металл емес материалдарын шығаратын, өндірісте қолданылатын минералды шикізаттардың барлық түрлері.

Жанғыш немесе органикалық минералды шикізат – жанғыш пайдалы қазбалар ( мұнай, көмір, тақтатас, табиғи газ).

ІІІ. Пайдалы қазбалар қоры бойынша: балансты – өндіріс талаптарына жауап беретін және экономикалық тиімді түрлері.

2) баланстан тыс – құрамында пайдалы компоненттің мөлшері төмен процентті, қоры аз немесе жеткіліксіз, эксплуатациясы күрделі жағдайға жататын және өндіріс тұрғыдан пайдалану мүмкіндігі аз зерттелген.

IV. Минералды шикізаттар ресурстарды кешенді пайдалану дегеніміз пайдалы қазбалардан бірнеше пайдалы элементтерді шығарып алу. Мыс, сульфидті рудалар – мыс, мырыш, қорғасын кіргізеді (12% болады), басқасы темір сульфиді (88%). Руданы байытуда темір сульфиді қалдыққа айналады, оны шикізат ретінде күкірт қышқылын алуда пайдаланады. Өз кезегінде күкірт қышқылы өндіріс қалдығы ретінде металдардың оксидтерін шығады. Сондықтан шикізатты кешенді пайдалану үшін өнеркәсіп орындары комбинерленуі керек (түсті және қара металлургия, органикалық және бейорганикалық синтез, химиялық өндіріс пен құрылыс).

V. Химиялық өндірісте суды пайдалану

Химиялық өндірісте су – негізгі материал. Шығымы:



  1. Өнімдер мен аппараттарды қыздыру мен суыту

  2. Вакум және өндіріс буын жасау

  3. Еріткіштерді даярлау

  4. Реакциялық ортаны жасау

  5. Экстрагент, абсоргент ретінде пайдалану

  6. Қозғағыш әдіс ретінде

  7. Өнімді жуу

  8. Заттарды айдау

  9. Шикізат және реагент ретінде пайдалану

Көптеген технологиялық процеске жоғарғы температурада және жоғарғы қысым минерализациядан өтілген жоғары сапалы су қажет. Судың шығымы өндірістің құндылығын анықтайды. Шығатын өнімнің түріне, технологияның жетілуіне, технологиялық персоналдың квалификациясына және шикізатқа тәуелді. Табиғи сулар 3 түрлі болады:

  1. Атмосфералық

  2. Жер үсті

  3. Жер асты

Жер үсті суларының өзен, көл, теңіз, мұхит сулары жатады. Жер асты суларына құдықтағы, артезиан скважинадан алынатын сулар жатады. Тұщы судың негізгі қоры жер астында орналасады. Өндірістің типіне байланысты пайдаланылатын суға әр түрлі талаптар қойылады, судың сапасы келесі көрсеткіштермен анықталады: pH көрсеткіші, кермектілігі, жалпы тұздардың мөлшері. Суды даярлау операциялары: коагуляция (тұндыру) процесі, кермектілігін жою, фильтрлеу, тұздығын жою және дегазация.
Өздік бақылау сұрақтары:

1. Шикізат түсінігі және техникалық процестегі рөлі.

2.Шикізаттың жіктелуі.

3.Пайдалы қазбалардың қоры.

4. Шикізатты кешенді пайдалану.

5.Химиялық өндірісінде суды пайдалану.



Әдебиет:

1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В. Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. – 194 б.


13 Дәріс.

Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері. Әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы.

Мазмұны:

1. Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері.

2. Әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы.

Химиялық өнімдерді шығару – жоғары шартты энергия қажеттілігімен сипатталады. 1 тонна дайын өнім алу үшін 10 – 15 тонна отын қажет.

Энергия шығымы:


  1. Эндотермиялық негізгі химиялық реакция өткізу үшін;

  2. Қосымша операциялар орындау (қыздыру, газдарды қысу, қатты заттарды ұнтақтау және бөлу, материалдарды тасымалдау).

Өнімнің бағасына энергия шығымы 10 % қосады. Элетроэнергияның негізгі көздері жылу электростанциялары. Энергетикалық отынның көздері: тас және құба көмір, мазут, табиғи газ.

Химиялық өндірісте қолданылатын энергия түрлері: электрэнергия, жылу энергия, химиялық энергиялар, жарық, ішкі ядролық. Әртүрлі тасымалдаушы машиналар, конвеирлар, компрессорлар, сорғыш, араластырғыштар электрэнергияны қажет етеді. Электрэнергия жоғары температура алуға қажетті. Мысалы, P, Ca карбидін алу өндірісінде, ерітінді электролизін өткізу үшін. Мысалы, Cl2, H2, сілтілік металдар алуда және балқымалар электролизі.

Компрессор– ауаны, газдарды, буды тиісті қысымға дейін сығатын машина. Бұл гидравликалық машина сорғы қозғалтқыштан алған механикалык энергияны сығылған газдың потенциалдық энергиясына және жылуға түрлендіреді; ең көп тараған түрі - поршеньді Компрессор цилиндрлерінің орналасуына қарай тік, көлденең және V тәрізді компрессорлар болып келеді.
Сілтілік металдар ІА топшада орналаскан: литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr. Франций - радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns1 (n = 2-7).
Мысалы, Al, Mg, Na, K, Ca сияқты металдар алуда және электрофильтрлер жұмысында. Мысалы, газдарды шаң мен тозаңдардан тазарту.

Өнеркәсіптің энергия сыйымдылығы дегеніміз –өнімнің бірлік мөлшерін алу үшін энергия шығымы. Ең жоғарғы энергия жоғары қысым мен температура жүретін өндірістерге сипатты. (1 кесте)




Өнім

Электрэнергия шығымы, кВт*сағ/т

1

Al

18000 - 20000

2

P

13000 - 18000

3

CaC2

2700 - 3200

4

Жасанды NH3

1400 - 2500

5

Cl2

2300 - 3500

6

H2SO4

60 - 100

7

Аммиак селитрасы

7 - 15

8

Суперфосфат

2 - 10

9

Na2CO3 кальцинерленген сода

60

Энергия шығымы өнімнің бағасын анықтайды, сондықтан қазіргі заманда химиялық технологияның негізгі міндеті энергия шығымын төмендету мақсатымен өндірістерді жетілдіру.


1   2   3   4   5   6   7   8

  • 10 Дәріс. Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Фосфор қышқылы.
  • Ортофосфор қышқылы мен оның тұздарының маңызы
  • Фосфор қышқылының мемлекет өндіріс салаларындағы орны
  • Фосфор қышқылын алу және ашылу тарихы
  • 11 Дәріс. Негізгі бейорганикалық синтездің өнім түрлері. Сілтілерді шығару.
  • 12Дәріс. Химиялық өндірістің шикі заты.
  • 13 Дәріс. Химиялық өндірісте қолданатын энергия түрлері және көздері. Әр түрлі өнеркәсіптердің энергосыйымдылығы.

  • жүктеу 1.09 Mb.