Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»

жүктеу 1.09 Mb.



жүктеу 1.09 Mb.
бет5/8
Дата05.04.2017
өлшемі1.09 Mb.

Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»


1   2   3   4   5   6   7   8

Батыс Европадағы Алхимия. Арабтардың ғылыми көзқарасы 12 ғ. ортасында Солтүстік Африка, Сицилия, Испания арқылы Еуропаға енді. Арабтардың алхимиктарының еңбектері латын тіліне аударылып, кейіннен басқа да еуропа тілдеріне аударылды. Басында алхимия Еуропадағы Джабир сияқты кемеңгерлердің еңбектеріне сүйенді. Бірақ үш жүзжылдық өткеннен кейін Аристотель іліміне деген қызығушылық пайда болды. Әсіресе неміс философы және теологадоминикандық, Париж университетінің профессоры Ұлы Альберт және оның оқушысы Фома Аквинскийдің еңбегіне деген қызығушылық артты. Ұлы Альберт грек және араб ғылымының христиан доктринасымен үйлесімділігін, олардың кіріспесінің схоластикалық курстарына тәжірбие жүргізді. 1250 жылы Аристотель философиясы Париж университетінде оқыту курсына кіргізілді. Ағылшын философы және жаратылыс сынаушысы, монах франциялық Роджер Бэкон алхимияның мәселелерімен қызықты;
Томас Аквинат лат. Thomas Aquinas, итал. Tommaso d'Aquino;( 1225, Аквино - 1274, Рим) - италияндық діни ойшыл. Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикалық діни ұйымға кіреді.
Роджер Бэкон (ағылш. Roger Bacon; 1214 ж.ш., Илчестер, ағылш. Ilchester, Сомерсет графтігі, Англия - 1292 ж.ш., Оксфорд, Англия; Ғажап доктор (лат. Doctor Mirabilis атымен белгілі) - орта ғасырлардағы ағылшын ойшылы, жаңа заман тәжірибелік ғылымының ізашары, қала қолөнершілері топтарының идеологы.
ол селитра және басқа да заттардың қасиеттерімен танысты және де қара оқдәрінің жасалу жолын тапты. Басқа еуропа алхимиктарының арасынан Арнальдо да Вилланова (1235 – 1313), Раймонда Луллия (1235 – 1313), Валентин Василийін (15 – 16 ғасырдағы неміс монахы) атауымыз тиіс.

Алхимия жетістіктері. 12 - 13 ғасырда Батыс Еуропа қалаларында қаракеттің және сауданың дамуынан ғылым және өнеркәсіп дами бастады. Алхимиктердің рецепттері металды өңдеу сияқты технологиялық үрдістерде пайдаланылды. Осы жылдары систематикалық ізденістер және жаңа заттың бірдейлестіру әдіс-айласы басталады. Спирт өндірісінің рецепттері және оның жетілдіру үдерісі пайда болады. Ең маңызды табыс - күкірт, азот сияқты күшті қышқылдардың ашылуы болды. Енді еуропа химиктері көптеген жаңа реакцияларды ашып және азот қышқылы тұздарын, купоросты, ашудастарды, күкірт және тұз қышқылын жасай алды.
Азот қышқылы, HNO3 - тұншықтырғыш, иісі бар, түссіз, сұйық зат. Таза күйінде тығыздық 1,51 г/см3. Ол - 42oС-та мөлдір кристалға айналып қатады. Ауада су буымен майда тамшылар түзеп “түтіндейді”. Азот қышқылы жарық әсерінен біртіндеп ыдырайды: 4HNO3=4NO2+O2+2H2O.
Сондай ақ, алхимиктар әдеттегі металдың алтынға айналу трансмутациясының құпиясын иеленді. 14 ғасырдың аяғында бір заттың басқа затқа айналуы алхимиктардың қызығушылығын мыстың, жездің, сірке суының, зәйтүн майының және түрлі дәрілердің өндірісіне аударды.
Сірке суы - құрғақ жүзім шараптарын табиғи түрде немесе көмірсулар мен спирттерді жасанды жолмен ашытып алынатын өнім. Аспаздықта кеңінен қолданады. Саудаға сірке суы 80%-дық эссенция түрінде немесе 3% және 9% ерітінді күйінде түседі.
15 - 16 ғасырда алхимиктардың тәжірибесі көбінесе тау ісінің және медицинада пайдаланылды.

4. Қазіргі химияның пайда болуы. Орта ғасырдың аяғы оккультизмнен алыстау, алхимияға деген қызығушылықтың құлдырауы және механистикалық көз қарастың табиғатқа таратуымен белгілі.

Ятрохимия (гр. тілінен Jatros-дәрігер). Алхимияның мақсаттарына деген көзқарасты Парацельс (1493-1541) ұстанды. Өздерінің таңдаған атымен (аса басым түсетін Цельса) тарихқа швед дәрігері Филипп фон Гогенгейм енді. Парацельстың да ойы Авиценна сияқты, алхимияның негізгі мақсаты – алтынның алыну жолдарын іздеу ғана емес, дәрілік заттарды дайындау жолдарын іздестіру. Ол алхимиялық оқудың дәстүрін материаның негізгі бөлімнің болуымен байланыстырды. Олар катты, жаңғыш, ұшпа қасиеттері тән - тұз, күкірт, сынап.Осы үш элемент макрокосманың (Әлемге) негізі және рух, жан, дене микрокосмоның (адаммен) байланысы. Аурудың пайда болу себебіне қарай Парацельс ағзада күкірттің артық болуынан безгек және оба аурулары, ал сынаптың артық болуынан сал ауруына шалдығады деп бекітті. Ятрохимиктардың принципі бойынша, медицина химияның бір саласы, барлық дәрігерлердің таза емес субстанциядан тазаны ажырату қабілетіне байланысты. Ағзаның барлық атқаратын қызметтері химиялық үдерістерге байланысты. Және алхимиктардың мақсаты медициналық қажеттіліктерге химиялық заттардың дайындалу жолын табумен қорытындылайды.

Ятрохимиялық бағыттың негізгі өкілдері Ян Гельмонт (1577-1644) болды, ол кәсібі бойынша дәрігер; Франциск Сильвий (1614-1672) медик ретінде ятрохимиялық ілімі "рухани" бастау дегенді қолдады; Андреас Либавий (шамамен 1550-1616) Ротенбург дәрігері. Оның зерттеулері химияның құралымын дербес ғылым ретінде тәжірибеден өткізді.



Механистикалық философия. Ятрохимияға деген ықпалдың кемуімен натурфилософтар табиғат туралы ескі оқу-жаттығуларға қайта оралды. Бірінші жоспарда 17 ғасырда атомистикалық (корпускулярлық) көзқарас болды. Ең көрікті ғалым - корпускулярлық теорияның авторы - философ және математик Рене Декарт болды.
Математик - ғалым, өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын негізінен математикаға: сандар теориясына, топологияға, абстрактті алгебраға, функционалдық талдауға және т.б. арнайды. Математиктер сирек жағдайда экономиканың, химияның және информатиканың проблемалаларымен айналысады.
Рене Декарт(фр. René Descartes [ʁəˈne deˈkaʁt], лат. Renatus Cartesius; (1596-1650жж.) - француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заман математикасының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды.
Ол өзінің көзқарасын 1637 жылы «Әдістер туралы пайым» атты шығармасында баяндады. Декарттың жоруы бойынша, бүкіл дене «ашық аралар қалмайтындай, бір бірімен сәл дәлдікте тұтасатын, түрлі пішіндегі және өлшемдегі көптеген ұсақ бөліктерден тұрады». Декарт өзінің "кіші бөлшектерін" бөлінбейтін атомдар деп есептемеді; ол заттардың шексіз бөлінгіштігідеген көзқараста болды және қуыстың тіршілігі бар дегенді жоққа шығарды. Декарттың ең көрнекті қарсыластарының бірі франциялық физик және философ Пьер Гассенди болды. Гассендидің атомистикасы Эпикурдің ілімінің мазмұны болды. Алайда, соңғысынан өзгешелігі, Гассенди атомның Құдай арқылы пайда болатынын мойындады; бүкіл денеде болатын құрамдас және айтпас атомдардың белгілі бір санын Құдай жаратты; атомдардің арасында абсолютті қуыс болу керек. 17 ғасырдағы химияның дамуында ирландық зиялы Роберт Бойль айрықша рөл атқарды. Бойль бұрынғы философтардың элементтер аспан әлемі, оларды ақылмен тағайындауға болады деген пікірлерін қабылдамады; бұл оның Химик – скептик атты кітабының шығуына алып келді. Химиялық элементтің анықтамасына эксперименталды тіл табудың (ақыр соңында қабылданған), ол шынайы элементтің тіршілігін білмеді,олардың бірі – фосфор – бірақ оны да өзі ашпады.
Химиялық элементтер - ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі.
Бойль кіріспе еңбегін химия термині "анализбен" қосымша жазады. Өзінің тәжірибелерінде ол сапалы анализға түрлі индикаторларды қолданды және химиялық туысқандықтың ұғымын кіргізді. Бойль онымен сконструировалық әуе сорапты және ауаның майысқақтығын анықтау тәжірбиесін U-тәрізді түтік арқылы суреттеді. Осы тәжірибелердің нәтижесі бойынша қарама-қарсы пропорционалдық көлем және ауаның қысымы туралы заң белгілі болды. 1668 жылы Бойль жаңа ғана ұйымдасқан Лондондық хан қоғамның алғыр мүшесі болды, ал 1680 жылы оның президенті болды.
Индикатор (ағылш. Indicator) - құрылғының қалып-күйінің немесе есептеуіш жүйенің жұмыс процесі кезіндегі мәліметтердің өзгерісін немесе жеке программаның орындалуын қамтып көрсететін мәліметтер элементі; ақпаратты көзбен көруге қайта жаңғыртатын құрылғы; программалауда - мәні процестің нәтижелеріне немесе белгілі шарттардың орындалуына тәуелді телінетін айнымалы.
Лондон (ағылш. London [ˈlʌndən]) - Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының қаласы және астанасы. Британ аралдарындағы ең үлкен қала. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Аумағы 1706,8 кm².


Техникалық химия. Ғылыми табыс және ашылымдар техникалық химияға әсер етпепей қоймады, 15-17 ғасырларда элементтерді табуға болған. 15 ғасырдың ортасында воздуходувных горнов технологиясы болды. Әскери өнеркәсіптің қажеттіліктері оқдәрі өндірісінің технологиясының жұмысын жетілдірді. 16 ғасырда алтын өндірісі екі есе және күміс өндірісі тоғыз есеге көтерілді. Металдар және құрылыста қолданылатын әр түрлi материалдардың өндiрiсiне, кездемелердiң бояуын, шынының жасалуына, азық-түлiк өнiмдерiнiң сақталуына, терiлердiң өңдеп шығаруына iргелi еңбектер кетеді. Спирттік сусындарды тұтынудан айырудың әдiстерi кеңеюде. Ол үшін тұтынудан айыратын жаңа аппараттар құрастырады. Ең алдымен, көптеген өндiрiстiк лабораториялар пайда болады. Оның ішінде металлургиялық лабораториялар. Сол уақытқа дейiнгі химик - технологтардың арасынан – 1540 жылы пиротехника туралы классикалық еңбегi Венецияда жарық көрген Ванноччо Бирингуччоны (1480-1539 ) айтуға болады.
Сусындар - ертеден сусындарды екі топқа бөлген: (алкогольсіз) салқындатқыш, сусынды қандырғыш немесе алкогольді. Ғылыми және аспаздық-тағамдық түрде құндылығы бірдей емес. Ең құндысы бауыр, ми, тіл, бүйрек, жүрек, сиыр желіні, сиыр етінің сүйекті құйрығы болып саналады.
Венеция (итал. Venezia) - Италиядағы қала, Венето әкімшілік аймағына қарасты Венеция провинциясында орналасқан.
Пиротехника туралы классикалық еңбегi 10 кiтаптан тұрып, кітапта бұлақтар, минералдарды сынау, металдарды даярлау, металдарды айыруға, әскери көркемөнер және нұршашулар туралы сөз болды. Басқа белгiлi трактат, Георгий Агрикола (1494-1555 ) Тау iсі және металлургия туралы жазды. Голландиялық химик Иоганн Глаубер (1604-1670 ) глаубер тұзын жасаушы екенін де ұмытпауымыз керек.
Өздік бақылау сұрақтары:

1. Қолөнер өндiрiсiнің салалары.

2. Грегі натурфилософия.

3. Алхимия ерекшеліктері, алхимия жетістіктері.

4. Қазіргі химияның пайда болуы негіздері.

Әдебиет:

1. Касымова Ж.С. ВВЕДЕНИЕ В СПЕЦИАЛЬНОСТЬ для студентов специальности 5В072000 – Химическая технология неорганических веществ / учебное пособие – Семей, 2013. – Б.30-40.

2. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского политехнического университета, 2011. – 194 с.

2. Интернет ресурстар.


Химиялық_технология_ғылым_ретінде_және_оның_есептері'>5 Дәріс.

Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері

Мазмұны:

1. Түсінігі, түрлері, салалары, есептері.

2. Химиялық технологияның негізгі түсініктері мен терминдері. Инженер-технолог кәсібінің ролі және мәні.

3. Бейорганикалық заттар химиялық технологиясы саласында қазіргі мәселелер және олардың шешілу жолдары.


1. Химиялық технология-(грек тілінен аударғанда «қолөнер туралы ғылым»), ол қандай болсада бастапқы материалдарды тұтыну заттарына немесе өндіріс тәсілдеріне айналу жолдары мен әдістерін зерттейді.

Технологиялар

Механикалық-заттың пішіні Физикалық- химиялық-заттар-

Мен мөлшері өзгереді, моле- дың химиялық құрамы, қасиет-

кулалық құрлымы өзгермей- тері өзгереді. Мысалы: айдау,еру,

ді. Мысалы: араластыру, езу, ұн- тотығу,жану.

тақтау.

Бейорганикалық заттың технологиясы:


  1. Негізгі химиялық өндірістің технологиясы (қышқылдарды, негіздерді, тұздарды, минералды тыңайтқыштарды алу)

  2. Силикаттарды алу (шыны, керамика)

  3. Қара металлургияны алу (шойын, болат)

  4. Түсті металлургияларды алу ( мырыш)

Химиялық технологияның негізгі мақсаттары:

  1. Өндірістің тәсілдерін және технологиялық схемасын таңдау, нәтижесінде өнімнің керекті мөлшерін, мақсатталған сапасын ,анық шикізат түрінен минималды шығынмен алу.

  2. Өндіріс тәсілдерінің физикалық-химиялық негіздерін жасау.(процесс пен реакцияларды зерттеу, температураның, қысымның әсерін зерттеу, реакцияға түсетін заттардың құрамын анықтау,катализатор мен жылдамдық факторларын зерттеу.
    Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.
    )

  3. Процестің оптималды жағдайларын анықтау.(шикізаттың , энергияның, еңбектің минималды мөлшерін анықтау)

  4. Құралдарды таңдау және есебін жүргізу(құралдардың шығымын, қызмет мерзімін және бағасын еске алу керек)

  5. Процесс жүргізудің оптималды жағдайларын табу.(жоғары жылдамдығы шикізатты толық пайдалану, өнімнің төмен бағасы)

  6. Қоршаған ортаны ластанудан қорғау және тәсілдері(қауіпсіз жағдайларды жасау, газ тәрізді қалдықтардың, шайынды қалдықтар мөлшерін төмендету)

2. Операция- құрамын өзгертпей материалға әсер ету. Мысалы: ұсақталу, тасымалдау және өлшеу. Ереже бойынша операциялар машинамен орындалады.

Үдеріс-жаңа қассиеттерге әкелетін жүйедегі біртіндеп және заңды өзгерістер. Үдерістерге химиялық әрекеттесудін мына құбылыстары жатады: сұйықтықағы қатты немесе газ заттарының еруі, ерітінділерден немесе балқыламалардан қатты заттардың кристаллизациясы және тағы сол сияқтылар жатады.

Үдерістер периодты және үздіксізге жіктеледі.



Периодты үдерістер деп – негізгі кезеңдер жүктеу, жылыту, химиялық әрекеттесулер, суу және түсіру дәйекті түрде бір аппаратта орындалады. Периодты түрде жұмыс істейтін аппараттардың жұмыс қарқыны уақытты түрде қатты өзгереді: жүктеулер мен жүк түсіру кезінде ол нөлге тең, ал реакция кезінде ол максимумға барады.

Үздіксіз процесстер деп негізгі кезеңде бір уақытта және үздіксіз іске асатын процесстерді айтады.

Аппараттын жұмысының қарқыны, осы жағдайда іс жүзінде тұрақты сақталады. Үсдіксіз жұмыс істейтін аппараттар өнімдірек, оларды механикаландырып, автоматтандыру жеңілдірек.



Параметр – бұл зат немесе аппараттын жұмыс жағдайының күйін сипаттайтын қандайда болмасын шама. Өте маңызды параметр температура, қысым, концентрация болып табылады.

Технологиялық тәртіп –параметрлердің жиынтығы, берілген аппараттың немесе аппараттардың жүйесінің жұмыс жағдайларын анықтайды.

Аппараттар мен қоюлардың жұмысы мұндай көрсеткіштермен: өнімнің шығуы, өнімділігі, қуат және қарқын бейнеленеді.



Өнімнің шығуы (Х)- нақты алынған өнім саның (Gфакт),теориялық өнім санының қатынасына тең (Gтеор):

X=Gфакт/Gтеор *100%

Толымсыз реакция мен түрлі шығымнан практикалық шығыс кіші теориялықтан.

Аппарат, қою әлде (Р ) цехтың өнiмдiлiгi - бұл уақыт бiрлiк алынатын өнiмдер саны(г): P=Gфакт/τ[келә/сек; м3/ч.; ч тоннасы/; сут тоннасы/]

Қуат - бұл ұтымды шартты түрде жетiлетiн өнiмдiлiк. Тәртiптiң әр түрлi бұзушылықтары немесе жоспар емес тоқтаулар үшін қуат өнiмдiлiк әдетте төменде.

(I) аппараттың қарқыны - аппарат сипаттайтын шамаға (бет немесе көлем бойынша) қандай болмасынға (Р) өнiмдiлiктiң бұл реттесi: I=P/F [кг/ч*м2]; немесе I=P/V [кг/ч*м3]

F - аппараттың жұмыс бетi,м2; V - аппараттың толық көлемi, м3.



Заттық ағын - қатты, сұйық немесе уақыт бiрлiгiне осы аппаратта (иливыходящих ) түсетiн газ бейнелi заттардың саны; (кг/сек; т/сутки; м3/ч)

Шығын коэффициентi - өнiм бiрлiгiне шикiзаттың осы түрiн шығын, қосалқы заттар әлде энергия ма (φ т/т, м3/т, кВт*ч/т). Шығын коэффициенттерi шикiзат, өндiру тәсiлiнiң сапасы, жабдықтың күйi және технологиялық тәртiптiң нормаларды сақтауынан, олар әрдайым жоғары теориялық тәуелдi болады.

Технологиялық нобай - айтылмыш шикі заттан берілген өнімді алу үшін энергетикалық байланыстар мен материалдық операция тізбектілігінің сипаттамасы немесе графикалық суреттемесі.
Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Инженер еңбегі ең әуелі материалдық өндірісте пайда болды, өнеркәсіпте, транспорт пен байланыс, құрылыс саласында қолданыс тауып, қанат жайды. Бүгінгі заманда ғылым мен техниканың шарықтап дамуы барысында инденерлік еңбек экономиканың барлық саласынан бастап, ақпараттық әлем, білім, мәдениет, өнер, тұрмыс, т.б. қысқасы, өмірдің бүкіл өңірін тұтас қамтыды деуге болады. Яғни, бүгінгі қоғамды инженерлік еңбектен тысқары қарастыруы мүмкін емес. Инженер еңбегі дүниедег барлық елді, ұлттар мен ұлыстарды қамтып, өмірдің барлық саласына етене қабысып араласып кеткен бүкіл - әлемдік, бұқаралық, әмбебеп құрылысқа айналды.
 Инженерлік еңбек дегеніміз – техникалық, технологиялық және әлеуметтік ақпараттық жүйелерді жобалау, жасау, жетілдіру және іске қосу, басқару процесстерін қамтамасыз ете отырып, қоғамның талап – сұранымдарына орай өнім өндіруді мақсат ететін ғылым мен тәжірибеге негізделген шығармашылық сипаттағы ерекше ақыл – ой еңбегі.
Ұлыс - мекен, аймақ, әкімшілік мағынасын беретін көне түркі сөзі.
Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

 Инженер еңбегінің ерекшеліктері



 Инженер еңбегінің басты ерекшеліктері қандай? Біріншіден, инженер еңбегі - өндіруші, өнім шығарушы еңбек, ол материалдық және рухани құндылық жасайды. Болашақ өнімді жобалайды, өнімдерді ұйымдастырады. Екіншіден, инженерлік іс - әрекеттің әмбебептық сипатына байланысты, еңбектің көптеген түрлері оны ерекшеліндіреді, олар жүздеген инженерлік кәсіпте, мамандықтар мен мамандыруда іске асырылуда. Үшішіден, инженерлік еңбек үлкен шығармашылық мән – мағынаға және сипатқа ие. Шығармашылық сипат еңбектің көптеген түрлеріне тән. Күрделі техникалық операциялар жасайтын маман қызметкердің еңбегін шығармашылық элементтер сипаттайды. Шығармашылық белгілер экономика мен мәдениеттің әртүрлі салаларындағы ақыл – ой еңбегінен, жмысшылар, интелегенттер, мамандар еңбегінен байқалады. Инженерлік еңбектің шығармашылық потенциалы негізінен материалды өндіріс сферасында қолдауымен байланысты.
Потенциал (потенциалдық функция) - физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын (электрлік, гравитациялық, т.б.) және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін (сұйықтық жылдамдығының өрісі, т.б.)
Инженерлік ізденісті, жаңашылдықты, рационалды - өнертапқыштық әрекетін ретке келтіру ғылыми прогрессте анық көрініс табады. Инженер еңбегі негізінен алғанда мынадай бөліктерге жәктеледі: 1) болашақ шығаратын өнімге қатысты ізденіс, зерттеу жұмыстарын жүргізу; 2) өнімнің конструкциясын жетілдіру, жаңарту; 3) өқндірісті техникалық тұрғыдан дайындау; 4) өндірістік процесст ұйымдастыру; 5) еңбек ұжымын басқару. Әрине, бұл еңбек элементтерін бастан – аяқ бір инженер атқармайды, ол мүмкін де емес. Бірақ, осы аталған операциялардың кез-келген инженер басқа жай-жапсарларды да жақсы білуі тиіс. Мұның бәрі жалпы дайындықты, мәдени деңгейді, ғылыми-техникалық терең білім мен іскерлік дағдыны, қабілетті талап етеді. Инженерлік еңбекте өндіруші еңбектің шығармашылық және интеллектуалдық қабілет мүмкіндіктері барынша шоғырландырылған. Ол үздіксіз жаңа ізденістеге ұмтылып, cтандартталмаған еңбек опреацияларын енгізуге, маңызды ақпаратты сыннан өткізуге тиіс. Шешім қабылдауда жоғары жауапкершілікке талап ие болуы қажет. Академик Н.В.Мельников (тау-кен инженері болған) былай деп жазған болатын: «Жалпы инжеерлік іс – бұл шығармашылық. Инженерлік өнер туралы айтсақ – жаңа машина аппарат, прибор шығармашылық еңбектің жемісі».
  Инженерлік еңбек мазмұны тек қана таза шығармашылықта құралмайды. Тпті ақыл-ойдың мен сезім толқындарына толыққан әбден іс-әркет формалары да (айталық ғалым немесе суретші) «таза» шығармашылықтан тұрмайды. Бұл инженер еңбегіне өте қатысты. Инженерлік еңбек қоғамдық өндірісте оның жеке қатысушылары арасында әртүрлі категориялары, кәсіптері, лауазымдары, мамандығы т.б.
Лауазым - мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаруды жүктейтін өкілеттілік.
бойынша бөлінеді, олар шығармашылық мүмкіндіктерді бірдей дәрежеде көрсете алмайды, бұл инженерлердің жеке қасиеттері мен жұмыс сипатына байланысты. Тіпті инженерлік жеке бөліну ішінде өзінің шығармашылық маңызының құны бірдей болмайды. Инженерлік шығармашылық үшін қажетт алғы шарттар алуан түрлі жағдайларға байланысты бөгеттерге тап болатыны да рас, сөйтіп инженерлердің инженерлік еңбекпен шынайы айналусуына мүмкіндік бола бермейді. Олардың белгілі бір бөлігінің субъективті сипаты бар, және жалпы кәсіпорындағы сияқты инженерлік еңбекті ұйымдастырудың кемшіліктеріне байланысты. Бірақ мұндай жағдайға әкелетін кейбір объективті себептер де жоқ емес. Олардың бірі – инженерлердің еңбек функциясының барға сайын мамандаушылық сипатының өсе түсуі. ҒТР нәтижесінде инженерлік мамандық пен мамандану саны мыңнан асты. Кез-келген мамандану белгілі-бір жиынтықты еңбек қызметін ғана қамтитын болғандықтан, оның техникалық бастамасы шектеліп, белгілі-бір мөлшерде шығармашылық мүмкіншілік азаяды. Төртіншіден, инженерлік еңбектің маңызды белгісі өндірісті басқарудағы ерекше ролі болып табылады. Еңбекті басқару ісімен кәсіпорындағы көптеген инженерлер, қызмет жетекшілері, сонымен бірге т.б. мамандар айналысады. Н.Л.Литовтың мәліметтері бойынша инженерлердің 60 пайызға жуығының қол астында адамдар жұмыс істейді. Бұл жөнінен кейінірек қарастырамыз.

Инженерлік еңбектің тағы бір ерекшелігі – ҒТР жағдайында оның қоғам алдындағы жауапкершілігінің барынша арта түсуі, экономикалық нәтижелерінің аумағы мен мәні жағында маңызының күшеюі. Мәселен, бүгінгі таңда біз нарық жағдайында отандық тауарымыздық шетелдік тауарлармен бәсекеде шеттеліп қалмай, өтімді болуына күш салудамыз. Әйтпесе, біздің ілгері болуымыз мүмкін емес. Ол үшін шығарған өндірістік өнімдеріміз әрі сапалы, әрі шыдамды, әрі ыңғайлы болуы керек. Ендеше, инженерлік жобаларымыз, конституцияларымыз, олардың дизайны, бағасы, сапасы – бәрі - әлемдік стандарттарға жауап беруі тиіс. Инрженерлік еңбектің жауапкершілігі осыдан туындайды. Инженерлік есепте, шешім қабыладуда кеткен қателік орын толмас зиян шектіруі әбден мүмкін. Міне, мәселе қайда жатыр. Шығарған бұйымдарынан ақау шыққанына байланысты үлкен экономикалық зардап шеккен шет елдік заводтар мен компаниялардың жағдайы туралы баспасөзден әр кезде алуан түрлі материалдар оқуға болады.


 Инженерлік еңбектің күрделі құрылымы әртүрлі кәсіпте, мамандықта, лауазымда, білгірлік дәрежесіне сәйкес инженер санаттарының қалыптасуының объективті алғышарттары болып табылады.

 ІІ. Инженерлік кәсіп

Инженерлік кәсіп – негізінен алғанда материалдық өндіріс саласындағы техникалық-технологиялық және ұйымдастырушылық басқару мәселелерін шшешуде пайдаланылатын арнайы білім мен білгірліктің, дағды мен қабілеттің жиынтығына сүйенетін еңбек әрекетінің түрі. Кәсіпкер инженерлік мәселелерді шешудің тәсілдері мен амалдарына қарай бөлінеді. Өндірістің салалық ерекшеліктеріне байланысты бір тектес кәсіптердің өзі әр алуын білім мен дағдыны қажет етуі мүмкін. Ең бастысы – инженерлердің өз кәсібін терең игеруінде. Инженерлік мамандық – кәсіптік білгірлікті инженерлік қызметтің нақты сапасында пайдалануды білдіреді. Инженерлік еңбекті мамандыру негізгі үш бағытта жүзеге асырылады:

Салалық мамандандыру (инженер – металлург, тау-кен инженері, мұнай, машина жасау өндірісінде және т.б. инженерлер). Бұл да кәсіп ішіндегі еңбек бөлінісіне жатады. Мысалы: технолог кәсібі мамандық бойынша жіктеледі – машина жасау технологиясы, мұнай мен газ технологиясы, т.б.

Еңбек операциясының мазмұны бойынша мамандандыру. Бұл ақпараттық операциялар (ғыылми техникалық ақпараттарды іздеу, жинау, өңдеу), логикалық ойлау операциялары (өндіріс процесснің жоспарын талдау, есептеу), ұйымдастырушылық операциялары (өндірісті ұйымдастыру, үйлестіру жүйесі, бақылау, т.б.). Инженердің еңбегінде қайсы еңбек операциялары басым түсіп, ерекше орын алатынына байланысты инженер-зерттеуші, инженер-жобалаушы, инженер-конструктор, т.б. болып бөлінеді.
 Функционалдық мамандану (инженер-энергетик, химик, электроншы, т.б.).

Бұл - өнеркәсіптің әртүрлі салаларында өндірістің жалпы техникалық негіздерінің дамуымен байланысты (энергетика, электротехника, электроника, т.б.) ортақ негізді арқау еткен инженерлік мамандықтар пайда бола бастады. Бұған алуан түрлі өндірістерде пайдалануға болатын тектес механизмдерді,құралдарды, бөлшектерді пайдалануға жағдай тудыратын өндірісті автоматтандыру процессі себепкер болып отыр.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.
Бұл процесстер мамандықтарды біріктіруді, инженерлердің дайындаудың процесссін ұлғайту қажеттігін туғызады. Екінші жағынан, ҒТП-де кері ағым қалыптасты, оған өнеркәсіп пен техникада жаңа салалардың пайда болуы мүмкіндік туғызды.


 Инженерлердң кәсіби құрылымының динамикасы объективті факторларға байланысты, олардың ішінде өте маңзды өнеркәсіптің даму деңгейі, оның салаларының саны мен сипаты, олардағы техникалық процесстердің жетістігі, ҒТР әсерімен инженерлік кадрларды қайтадан бөлу мәселесі. Өнеркәсіптің әлеуметтік «тапсырысы» техникалық жоғары оқу орындарына қабылданатын студенттердің санын, мамандану бағыттарын анықтайды. Мәселен, соңғы жылдары энергетика мамандығын алуға ұмтушылар саны өткен ғасырдың 70-80 жылдарымен салыстырғанда 1,6 есе өссе, электрондық техника мен автоматика саласында 3 есе өскені белгілі болып отыр.
 Бір мамандық иесі болып табылатын инженерлер күрделілігі әртүрлі еңбекпен, яғни әртүрлі квалификациядағы қызмет атқару мүмкін. Мәселен, конструктордың ішінде әртүрлі категориядағы инженерлер болады. Квалификация деген ұғымның өзі алған білімі мен нақты жұмыс орындарының талаптарына сәйкес қызметкердің еңбек функциясын орындауға дайындық деңгейін көрсетеді. Квалиифкациялық айырмашылық тек инженерлік мамандықтың ішінде ғана емес, солардың арасында да болады. Мысалы: инженер зерттеуші, инженер – констркутор квалиифкациясы бойынша инженер – технолог немесе инженер – пайдаланушыдан жоғары тұрады. Квалификациялық белгілерге баға беру – инженерлердің іс әрекеттің белгілі бір түрін игеру деңгейімен сипатталады, көбіесе мамандардың білім дәрежесімен анықталады. Инженерлік квалификация- бұл инженердің аса маңызды «жылжымалы» сипаттамасы, жүйелі түрде жетілдіріп, дамып, көркейіп тыруға тиіс.

2.1 Инженер - техник

Инженер – техник қызметкердің тиімді білгірлік құрылымын қалыптастырудың маңызды факторларының бірі - әртүрлі білгірлік дәрежедегі қызметкерлердің ұтымды ара қатынасын қалыптастыру болып табылады. Бірінші кезекте дипломды инженерлер мен техниктердің оңтайлы ара қатынасы орнауы керек. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары олардың ара қатынасы шамамен 2:1 дәрежесінде болған, сонымен бірге халықаралық қолданыста 1:4 ара қатынасы қолайлы деп саналады.

Кәсіпорындардағңы жиі қолданылатын лауазымды қызмет түрлері: 1) кәсіпорын жетекшілері, олардың орынбасарлары, менеджерлер, бас мамандар; 2) тип, бөлімдрдің, лабораториялардың басшылары; 3)ауысым бастығы, топ жетекшісі, жетекші инженерлер; 4)аға инженерлер; 5) инженерлер; 6)шеберлер; 7) техниктер. Бұлар қызмет барысында жылжуы, лауазымды өсуі әбден мүмкін. Мұндай құбылысты кәсіби жылжымалылық деп атайды.

2.2 Инженер - конструктор

Коструктор еңбегінде арнайы және анықтамалық әдебиеттерімсен танысу, техникалық құжаттарды зерттеу, нақты техникалық есептемелер жүргізу, болашақ өнімнің техникалық сипаттамаларын анқытау сияқты элементтерді бөліп айтуға болады. Конструктор технологиялық процесстерді бақылауға алады. Оның басты назары болашақ техникалық жүйені құрастыратын матеиалдарға қойылатын талаптарды орынайды.

Конструтор әдетте конструторлық бюрода жұмыс істейді, олар кәсіпорын, ғылыми орталық немесе ғылыми зерттеу академиялық институттардың құрамына кіреді. Конструторлық бюро арнайы және жалпы болып бөлінеді.

Конструкторлық ұжымда әркім өз міндетін атқарады, бірақ бұл күнделікті кәсіби қарым – қатынаспен және техникалық идеялар алмасу мен өзара кеңеспен қатар жүріп отырады, сонымен олар бірігіп шешім қабылдайды.

Конструктор – біздің техникалық ғасырымыздың шешуші тұлғасы, осы заманғы техникалық прогрессті анықтайтын машиналардың жаңа түрлерін жасау оның қолында.

2.3 Инженер - технолог

Инженер – технолог өнеркәсіптік өнімдерді өндіруді ұйымдастырып, басшылық жасап тікелей іске асырады. Ол техникалық құжаттарды дайындайды, чертеждерді мұқият зерттеп, техникалық есептер жасайды, технолгиялық карталарды тексеріп, түзетулер енгізеі және техникалық ұйымдастырушылық мәселелермен шұғылданады.

Инженер технолог өндіріс процессі барысында техника мен дамдардың өзара әрекетін дұрыс ұйымдастыруды техниканы пайдалану тиімділігінің өсуін қамтамасыз етеді. Сондықтан да, көбнесе кәсіпорындардың экономикалық көрсткіштері олардың іс әрекетне байланысты. Сонымен қатар, ол өндірістің қалыптылылығы мен шығарылған өніс сапасына, технологиялық тәртіптің қатаң сақталуына, ҒТП нәтижесінде шығатын технологиялық процесстердің өзгеруіне мүмкіндік туғызуына және жұмысшының ұтымды ұсыныстрын өндіріске енгізуге жауап береді. Технологиялық тәртәпті тек қана технологтар ғана емес, сонымен бірге инженерлердің бәрі де сақтауы тиіс.

Инженер – технолог қызметінің келесі бір ерекшелігі – жобалаушылар мен конструктор еңбегін өндіріс процесіне ткелей қатысушылармен, бірінші кезекте жұмысшылар еңбегімен, тікелей байланыстырушы екендігіне. Ол қызмет операцияларын жұмысшылар қандай әдіспен, қандай түрде, қалай жүзеге асыратынын алдын ала ескеріп отыруға тиіс. Бұдан оның технологиялық процесстерде қолданылатын кәсіби қасиеттері мен берілген жұмысты орындау үшін адамдарды дайындау деңгейінің сәйкестігінен қамтамасыз ету міндеті туады.

Технолог еңбегі жүйелі сипатта болып келеді, ол аумағы жағынан өте кең, осы мамандықты иелеген инженер білім мен дағдының әр саласын терең білуі қажет. Ол жобалаушы, өндірісші, технолог мен пайдаланушы инженерлердің қызметтерінен хабардар бола отырып, байланыстырушылық қызмет атқарады.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

Технолог пен конструкторларға қойылатын талаптардың алғашқысы – бұл экономикалыққ талдаудың практикасы мен әдісін білу және технологиялық процесстерде машина мен приборларды тиімді құрастыруды техникалық – экономикалық негіздеу болып табылады.

2.4 Инженер - пайдаланушы

Инженер – пайдаланушы міндетіне техникалық объектілерді – машина, агрегат, құралдар, т.б. жөндеуі мен қызмет етуін қадағалау, қамтамасыз ету жатады. Ол техниканы дұрыс пайдалануды бақылайды, ұйымдастырады. Ол техниканы терең меңгерген болуға тиіс, сондай – ақ, жұмысшыларды техниканың мінсіз қызмет атқаруын қамтамасыз етуге жұмылдыра алуы керек. Бұл қызмет бір жағынан шебер қызметіне жақын, ал екінші жғынан – технологқа. Сондықтан, техникалық білім және практикалық тәжірибемен қатар, ол әлеуметтік – экономиалық білімді де игеруі керек.

2.5 Инженер – экономист

Инженер – экономистің негізгі қызметі өндірістік – шарушылық с әрекетті талдау, нормативті нұсқауларды жасау, экономикалық есеп жүргізу болып табылады. Инженер – экономистердің жұмыс кезеңінің маңызды бөлігі ұйымдастыру мәселелерін шешуге, өндірісшімен кеңесуге, жоспарлауға, техникалық құжаттарды жөндеуге арналады. Шын мәнісінде, инженер – экономист инженерлік мәселелерді шешпейді, бірақ өзінің жұмысы орындалуы үшін, ол техникалық мәселелер мен ҒТП нәтижелерін біоуі тиіс. Бұл мамандық мәні бойынша техникалық және гуманитарлық мамандық арасындағы «қосылыс» болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде экономистерге сұраныс арта түеді, басқа салалардағы экономистер сияты олардың да маңызы зор.

Кейбір авторлар инженер қызметкерлер қатарына жоспарлаушы -экономистерді, еңбек және еңбек ақы бойынша экономистерді жатқызады, ал біздің көзқарасымыз бойынша бұл инженер атағының дәлелсіз таралуы.Өндірістік кәсіпорындарда қызмет ететін экономистер «Еңбеккерлер жиынтығының» белгілі бір бөлігі болып табылады, бұдан олар техникалық маман болмайды.

Қорытынды

Инженерлер мен ғылымдардың ынтымақтаса жұмыс жүргізуінің жолы - өндірістегі инженерлер мен жоғары техникалық оқу орындарындағы ғалымдардың бірлесе ғылыми – техникалық зерттеулер жүргізуі болып табылады. Оқу сапасы өндіріс пен ғылым ұштасқанда ғана жоғары болатыны белгілі. Техникалық оқу орындарының ғалымдары өндіріс тапсырысы бойынша зерттеулер жүргізеді. Оған өндірістегі инженерлерді, өздері оқытып жүрген студенттерді тартады. Қазақ ұлттық техникалық университетінің, басқа техникалық оқу орындарының тәжірибесі мұндай бірлесудің өміршеңдігін әбден дәлелдеп отыр. Инженерлер мен ғалымдарың бірлесе отырып зерттеулер жүргізуі – ғылыми – техникалық басты көздерінің біріне айналуда.

Өнім өндіретін де, ілгері ұлттық ғылымның негізін қалайтындар да осы инженерлер. Жаңа техника, технологиялар заманында елімізді өркениетті елдердің қатарына қосатын да солар. Сондықтан да жерінің асты да, үсті де бай Қазақстан сияқты алып елге білімді инженерлер керек екені даусыз.
Өздік бақылау сұрақтары:

1. Химиялық технологияның негізгі түсініктері, түрлері, салалары, есептері мен терминдері. Инженер-технолог кәсібінің ролі және мәні.

3. Бейорганикалық заттар химиялық технологиясы саласында қазіргі мәселелер және олардың шешілу жолдары.

Әдебиет:

1. Эрдман С.В., Фролова И.В., Коробочкин В.В.Химическая технология неорганических веществ: учебное пособие. - Томск: Изд-во Томского поли-

технического университета, 2011. – 194 с.

2. Интернет ресурстар.


6 Дәріс.
1   2   3   4   5   6   7   8

  • 4. Қазіргі химияның пайда болуы.
  • Механистикалық философия.
  • 5 Дәріс. Химиялық технология ғылым ретінде және оның есептері
  • Бейорганикалық заттың технологиясы
  • Химиялы қ технологияның негізгі мақсаттары

  • жүктеу 1.09 Mb.