Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»

жүктеу 1.09 Mb.



жүктеу 1.09 Mb.
бет4/8
Дата05.04.2017
өлшемі1.09 Mb.

Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»


1   2   3   4   5   6   7   8

Егер білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бойынша жақсы бағалары болса ғана қорытынды баға есептеледі. (ҚР МЖБС 5.03.006 – 2006).

  • Қорытынды бақылаудың жақсы бағасын (көтермелеу мақсатында), бағаны қайта тапсыруда, сонымен қатар жаман бағаны түзетуге рұқсат етілмейді.

  • Білімалушыларды курстан курсқа көшіру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестация) бойынша жазғы семестр және алған ауыстыру баллдарын ескере отырып жүргізіледі.

  • Курстан курсқа көшіру үшін ауыстыру баллдарын жоо өзі белгілейді, ол университеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі және оқу жылында 1 ақ рет өзгертіледі.

Жазғы емтихан сессиясы келесі курсқа көшіруші емтихан болып саналады. Көшіруші орташа балды жоғары оқу орны өздері шешеді.

Егер студент қажетті өтуші баллды алмаса, онда курсты қайта өтеді немесе оқудан өз қалауымен шығады.

Пәндерден академиялық қарызы бар студент келесі курсқа өту үшін осы пәндерді белгілі мерзімде, ақылы түрде қайтадан оқуы керек.

Қайтадан оқуы үшін студент ректордың атына өтініш жазуы керек.

Өтінішке факультет деканы пәннің МЖБС сәйкес сағат көлемін, дәріс сағаттары мен тәжірибелік, СӨЖ көрсетеді. Ректордың шешімінен кейін, өтініш кафедраға беріледі, кафедра меңгерушісі жауапты оқытушының ТАЖ көрсеткеннен кейін құжат қаржы-жоспарлау бөліміне түседі. Осыдан кейін студентпен ақылы пәнді қайта оқу туралы келісім шарт 2 – данада құрастырылады.

Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ) белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алды және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды. Қайта оқыту курсын бітіргеннен кейін, қорытынды бақылауға бағасымен жіберіледі.

Студенттер- мемлекеттік білім беру грантының иегері, курстан курсқа өту баллын алмаған және қайта оқу курсына қалтырылған болса, өзінің білімін ақылы негізде жалғастырады.

GPA (ҮОБ) (Grade Point Average):екіншісінен 2,0 кем емес; үшіншіге – 2,25 -2,5 тен кем емес; төртіншіге -2,5-3,0 кем емес болып белгіленеді.

Білімалушының оқу кезеңіндегі GPA (ҮОБ) тіркеуші офисінде білімалушының орташа жоғары деңгейі бойынша келесі формула түрінде анықталады:

http://kk.convdocs.org/pars_docs/refs/76/75491/75491_html_383d1983.png

онда; Қ1, Қ2, Қ3 — пән бойынша қорытынды сандық баға;

К1, К2, К3 — кредиттегі оқылған пәндер көлемі;

п – оқудың өткен кезеңіндегі оқылған пәндердің саны.



Тіркеуші Офисі – білімалушыны келесі курсқа көшіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік қорытынды аттестация оқушының білім бағдарламасының аяқтаушы кезеңі болып табылады және олардың кәсіби жағдайын анықтау мақсатында өткізіледі. Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ) белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алады және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды.

Бітіруші курста өткізілетін мемлекеттік қорытынды аттестацияға белгіленген кредиттер санын алған GPA (ҮОБ) және мамандық бойынша оқу жоспары толық көлемде орындағандар жіберіледі.

Мемлекеттік қорытынды аттестация мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сай мемлекеттік емтихан түрінде тапсырылады.

Мемлекеттік қорытынды аттестацияны өткізген бітірушіге мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) шешімімен бакалаврлық академиялық дәреже беріледі.



Университеттік дәреже беру үшін бітірушінің орташа балы (GPA) 3,75 кем болмауы қажет және мемлекеттік қорытынды аттестацияны А; А- бағаға тапсыруы керек.

Ақпараттық – есептеу зертханасында емтихандарды ұйымдастыру және өткізу

  • Емтихандар компьютерлік тестілеу формасында ақпараттық – есептеу зертханасында (АЕЗ) бекітілген кесте бойынша өткізіледі.

  • Әрбір студентке тестілік емтиханды орындау үшін 90 минут беріледі.

  • Студенттерді емтиханға кіргізу кезінде кезекші оқытушы әрбір студентті жеке сәйкестендіреді, зачет кітапшасындағы деканаттың емтиханға жіберілгені туралы мәліметті тексереді.

  • Емтихан алдында кезекші оқытушы студенттерді емтихан процедурасының өтуі туралы ережесімен ақпараттандырады.

  • Студенттерге емтихан кезінде ұялы телефон қолдануға тиым салынады.
    Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.


  • Тек қана компьютерге жалғанған калькулятор қолдануға рұқсат етіледі.

  • Егер студент осы талаптарды орындамаған жағдайда, шпаргалка қолданса, компьютермен рұқсат етілмеген жұмыстар жасаса, тәртіптік ережелерді бұзған жағдайда кезекші оқытушы оны аудиториядан шығарып жіберуге құқылы. Бұл жағдайда акт жасалады, емтихан қорытындысы жоққа шығарылады, рейтингісіне қарамай қорытынды «F» бағасы (қанағаттанарлықсыз) қойылады.

  • Емтихан барысында қойылған сұрақтың дұрыстығы туралы студент ауызша өтініш жасауға құқылы. Бұл жағдайда кезекші оқытушы осы сұрақ берілген студенттің тегін, сұрақтың нөмірін көрсетіп акт жасауға міндетті. Акт Оқу-әдістемелік орталыққа жіберіледі, олар студент өтінішінің негізділігін тексеруді ұйымдастырады.

  • Осы сұрақта қандай да бір техникалық, әдістемелік және мазмұндық сипаттағы қателер табылған жағдайда осы сұрақтың жауабы дұрыс жауап ретінде саналады. Тестік базаларды құрастырушыларға оған өзгертулер енгізу тапсырылады.

  • Емтихандардың компьютерлік тестілеу формасының техникалық дайындығымен, осы компьютер классына бекітілген оператор айналысады. Ол емтихан өткізу кезінде аудиторияда болуға құқығы бар.

  • Емтихан өткізу кезінде компьютер залында бөгде адамдардың болуына тиым салынады.

Тақырыбтың негізгі түсініктері: білім алудың кредиттік технологиясы, білім алудың кредиттік технологиясының негізгі түсініктері мен анықтамалары, СӨЖ және ОСӨЖ ұйымдастыру, жазғы семестр, студенттердің оқу жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесі, түлектердің білім алуды жалғастыру мүмкіндіктері.

Өздік бақылау сұрақтары:

    1. Білім беру кредиттік технология бойынша негізгі түсініктер мен анықтамалар бойынша глоссарий құру.

    2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау формалары.

    3. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау балл-рейтинг жүйесі.

Қолданылған әдебиет:

  1. Касымова Ж.С. ВВЕДЕНИЕ В СПЕЦИАЛЬНОСТЬ для студентов специальности 5В072000 – Химическая технология неорганических веществ / учебное пособие – Семей, 2013. – 239 с.

3 Дәріс



5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

мамандығы бойынша білім беру бағдарламалары

Мазмұны:

    1. Мамандықтың білім беру бағдарламасының мақсаттары мен есептері.

    2. Білім беру үрдісін ұйымдастыру және өткізу формалары, әдістері және тәсілдері.

    3. Оқу жылдарында нәтижелері.

4 Дәріс.



Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы.

Мазмұны:

1. Қолөнер өндiрiсiнің салалары.

2. Грегі натурфилософия.

3. Алхимия: араб әлемінде, Батыс Еуропада, алхимия жетістіктері.

Алхимия (лат. alchemіa) - химия ғылыми және мәдени дәстүр; оның негізі табиғатта кездеспейтін "философиялық тас" жай металдарды алтынға айналдырады деген сенімнен туған. Алхимия ежелгі дәуірде (б.з.б. II-VI ғасыр) александриялық мәдени дәстүр кезінде пайда болды.
Арабтар (әл-араб) - Солтүстік Африка мен Батыс Азиядағы араб елдері халықтарының үлкен тобы. Бахрейнде, Иорданияда, Иракта, Йемен Республикасында, Катарда, Кувейтте, Ливанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Оманда, Сауд Арабиясында, Солтүстік Сахарада (маврлар), Египетте, Ливияда, Мавританияда, Мароккода, Суданда, Тунисте, Израильде, Палестинада, Түркияда, Иранда, Ауғанстанда, Индонезияда т.б.
Еуропаның батысында орналасқан аймақ. Аумағы - 3,7 млн км². Халқы - шамамен 390 млн адам.

4. Қазіргі химияның пайда болуы: ятрохимия, механикалық философия, техникалық химия.

Ятрохимия, ескіше иатрохимия (көне грекше: ἰατρός - дәрігер) - химияны медицаға қызмет етуге бағыттаған химия ғылымының XVI және XVII ғасырлардағы бағыты. Негізгі мақсаты - дәрі-дәрмек дайындау.
Пәлсапа немесе философия - адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық.

1. Химияда фактілік материалдың көздері мен негіздері қолөнер өндірісінің 3 саласы болды:

1. жоғары температуралық процестер - керамика, шыны жасау және ерекше металлургия;

2. фармация, парфюмерия және косметика;

3. бояу алу және бояу техникасы.

Практикалық және қолөнер химияның осы маңызды салалары қоғамның құлдық құрылысы дәуірінде барлық көне цивилизациясы жоғары мемлекеттік түзілімдерде өзінің бастапқы дамуын табады.

Косметика (грек тілінде «косметика» - әдемілеу, әрлеу өнері) - адамның сыртқы келбетін жақсарту және теріні күту тәсілдері мен құралдары. Косметика сонау көне дәуірлерде-ақ кең тараған. Египеттіктер, римдіктер, арабтар бетін, кірпігін, қабағын бояп, шашын бұйралап, әтірлердің орнына хош иісті майлары пайдаланған.
Парфюмерия (франц. Parfumerie, parfum - хош иіс) денеге, шашқа, киімге хош иіс беру және гигиеналық сергіту мақсатында пайдаланылатын заттар. Ерте кезде хош иіс беру үшін табиғи заттар: эфир майы, бальзамдар пайдаланылып келсе, бертін келе органикалық химияның дамуына сәйкес парфюмерлік бұйымдар жасанды хош иісті заттардан өндірілетін болды.
Бояу - түс бергіш пигменттерден және байланыстырғыш ерітіндіден тұратын қоспа. Бояу - пигменттелген лакты бояулы материалдардың жаппы атауы. Бұлардан басқа Бояудың құрамында органикалық еріткіштер, толтырғыштар, пластификаторлар, желімдер, тұрақтандырғыштар, т.б.
Дәуір - халықаралық дәрежеде келісілген бірегей жержылнамалық шкаланың иерархиялық бағыныштылық тұрғысынан төртінші дәрежелі бірлігі немесе бөлімшесі.

Заттар және олардың айналымдары туралы ғылым Египетте – көне әлемнің техникалық ең озған мемлекетінде пайда болады. Химия Египетте «діни» ғылым болып есептеледі, ол ғылым жолын құған адамдардың қолында болған және қараңғы адамдардан анық жасырылған. Египеттен басқа ғылыми қортындылардың мүмкіншіліктері көне әлемнің басқа техникалық дамыған елдерінде де орын алады: Месопотамияда, Үндістанда, Қытайда және т.б.

Көне әлемнің мемлекеттерінде қолөнер химиясы көп ұқсас болады, себебі:

1. мәдени және сауда байланыстары болды;

2. соғыс шайқастары;

3. өндіріс күштері мен техникалық мүмкіндіктері бір деңгейде дамыған.

Металлургия. Құлдық құрылысы қоғамында металдардың қасиеттері, оларды рудалардан балқыту тәсілдері, балқымаларды алу туралы мәліметтер жылдам тарады және техникалық маңызы жоғары болды. Месопотамия көне қалаларының қалдықтарында, біздің замаңға дейін үшінші мыңжылдықта рудалардан темір, мыс, күміс және қорғасын алу тәсілдері белгілі болды. Металдар теңіз жолымен басқа елдерге тасымалданды. Балқу пештерінің және балшық ыдыстарының қалдықтары сол уақыттағы металургияның 1000-12000С температурасын алу жағдайын көрсетеді.

Ыдыс , тара – тауарларды сақтауға‚ буып-түюге, орауға, тоғанақтауға және тасымалдауға арналған сыйымдылық. Оның құны тауардың құнына кіреді. Алайда көп айналымды (қайтарылма) ыдыс дейтін де болады. Құжаттарды және ыдыс айналымының телімін дұрыс ресімдеу кезінде мәміле жасасқанда төленген қосылған құн салығының бір бөлігін қайтаруға болады.

Көне қолөнер металлургтарының жетістіктері орта ғасыр металлургиялық техникасының негізі болады.

Ғасыр - 100 жылға тең уақыт бірлігі. Грегориан күнтізбесіне сәйкес алғашқы ғасыр 1 жылдың қаңтардың 1 басталып желтосанның 31де аяқталған.
Жаңа уақытта металдарды балқыту ескі әдістерінің арасында ерекше темір алу техникасы жетілді.



Шыны мен керамика. Көне әлемде шыны өте ерте белгілі болды. Шыны кездейсоқ финикия-теңізшілерімен ашылған. Олар апаттан кейін бір аралда от жағып соданың бөлшетерін шетіне салады. Сода балқып, құммен шыны түзеді. Осы оқиғаға сәйкес Көне Египетте шыныдан жасалған заттар – әшекейлер біздің замаңға дейінгі 2500 жылы табылған. Сол уақыттаға техникаға сәйкес шыныдан ірі заттар жасауға мүмкіндік болмады. Археологатармен біздің замаңға дейінгі 2800 жылы құмнан,ас тұздан және қорғасын тотығынан нашар балқытылған фаза табылған. Сапалық элементтік құрамы бойынша көне шыны қазіргі шыныдан кремнеземның төмен салыстырмалы мөлшерімен ажыратылды. Шынының нақты өндірісі Көне Египетте біздің замаңға дейінгі екінші мыңжылдықтың ортасында дамиды. Мақсаты әдемі және көрме материал алуда, даярлаушылар боялған шыны алуды мақсаттады. Кремнезем мен кальцийдың төмен мөлшері және натрийдың жоғары мөлшері шыны бақытуды және шыны алуды жеңілдетті, себебі балқу температурасы азайды, бірақ материалдың беріктігі төмендеді.
Балқу температурасы - кристалдық күйден сұйык күйге фазалық өту болатын температура.

Шыны түсі қоспаларға байланысты. Аметист түсі біздің замаңға дейінгі 15 ғ. марганец қосылыстармен боялды. Қара түсті бір жағдайда мыс пен марганец, басқа жағдайда – темірдің жоғары мөлшерімен алды. Көк шыны мыспен бояу арқылы алынды.

Керамика даярлау көне қолөнер өндірісінің ең ескі түріне жатады. Бұйымдар Азия, Африка және Еуропа көне мәдени тұрғын жерлерінде табылды. Көне жылтырақтар балшық пен ұнтақталған ас тұзынан алынды. Кейін жетілдіру жолында металдардың тотықтары қосылды.

Керамикалық заттардың басқа да өндірістері кең таралған. Мысалы, месопотамиялық қалалардың құрылыстары сыртқы кірпіш болған бейнеленген плиткамен әшекейленді.

Қала, шаһар - тұрғындары өнеркәсіп, сауда, қызмет көрсету орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде жұмыс жасайтын, халқы тығыз орналасқан ірі елді мекен. Әдетте қала Тұрғындар районы, Өнеркәсіп районы, Сауда районы, кейбірінде Әкімшілік басқару районы секілді негізгі райондарға бөлінеді.
Плиткалар келесі жолымен жасалды: кірпіштің үстіне жеңіл күйгеннен кейін сурет жіңішке қара жіппен салынды, жіптің арасы құрғақ жылтырмен толтырылды және кірпіш екінші рет күйеді. Глазурь шыныға айналады және кірпіштің бетімен тығыз байланысады. Осындай түсті глазурь эмальдың бір түрі болады және көп уақыт сақталады. Осындай жылтырақ түсті керамиканың үлгісі Берлин қ. ''Пергамон'' музейінде сақталған және арыстан, айдаһар, өгіз, жауынгер суретімен безендірілген. Суреттер көк, сары, жасыл түстермен орындалған. Бұл әдіс металдық бұйымдарды түсті эмальмен жабу әдісінің негізіне жатқызылған.

Түсті жылтыр керамикалық заттардың өндірісі көне Қытай мен Орта Азия архитектурасында белгілі болды.

Орта Азия - Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «.. .
Қытайдың суреттеу керамикасының және онымен байланысты фарфор және фаянс өндірісінің ең аз дегенде 4 мыңдық тарихы бар. Шамамен II мың жыл біздің дәуірге дейін Междуречье, және де Египет елдерінде алғаш фаянс бұйымдары пайда болды. Көне египеттік фаянстың құрамы қазіргі фаянстан ерекше балшық пен кварцтық құмнан жасалған. Фаянс қоспалар даярлау мен пішіндеуде көне шеберлер күйетін органикалық затты қолданған. Фаянс бұйымдарын жылтырату үшін алғашынан сода мен металл оксидтерінің (малахит ұны) қоспасы қолданған. Кейін құрғақ жылтырды сода, құм құрамында міндетті кальций тұздары болатын, және бояу қоспалары қосындысын балқыту арқылы жасады.

Көне әлемде құрылыс материал ретінде кәдімгідей гипс қолданылған. Үндістанда осындай гипстық цемент біздің ғасырға дейін 2000 ж. құрылыстарда анықталған. Ізбес құрылыс материалдары қөне уақытта көптей белгісіз болған. Себебі ізбесті күйдіру өте жоғары температурада - шамамен 1100oС жүргізіледі.

Құрылыс салуда, Ассирия мен Вавилонияда сияқты, гипстық цементтың орнына асфальт және битум қолданылды.

Фармация және парфюмерия. Ежелден сақталып келе жаткан Ежелгі Мысырдын қолжазбалары,былайша айтканда “Эберс Папирусы” (б.з.д XVI ғ.), фармациялық заттардың жасалу жолдарын сақтайды. Бұл рецепттерді таза химиялық деп атауға келмейді,себебі олар өсімдіктерден дәрі-дәрмектер және майлар алуға негізделген, бірақ олар қайнату,тұндыру,сығу,ашыту тәсілдерімен таныстырады. Мұның бәрі ежелгі ғалымдардың әртүрлі операциялармен жақсы таныс болғанының дәлелі, нәтижесінде олар химиялық лабораторияда қолданылатын әдістер қатарына енді.

Ғалым (араб.: عالِم‎ - а́лим) - сөзі арабтың а́лим: (дінді) оқыған, оқымысты адамдарына арнап қолданылатын сөзі.
Және де сабынды жасау, қолдану әдістері туралы жазбалар табылған.

Ежелгі Мысырда өлі адамның мәйітін мумификациялау кең таралған. Ұзақ уақыт бойы жоғарғы деңгейге жеткен “консервілеу” операциясын қайта қалпына келтіру қиынға соқты.Мумияларды толық зерттеудің нәтижесінде белгілі болғандай алдымен мәйітті бірнеше аптаға құрғақ табиғат тұзына көмген – Мысырда жиі кездесетін (тұзды көлдердің қалуынан пайда болады) “натрон” немесе “нитрон”. Ыстықтың әсерінен мәйіт толық сусызданған. Содан кейін мәйіттің іш-құрылысы мен миын алған, бас сүйегін шәйірмен, ал ішін емдік шөптермен толтырған. Кей жағдайларда мәйіттің іш-құрылысын алмаған. Одан кейін мәйітті мәәрлі сияқты матаға ораған, кейде матаның ұзындығы бірнеше жүз метрге жеткен. Мәйіттің бетін қорғасын жылтырын, мыстың тотқысын және де өсімдік бояуларын қолданып әрлеген. Аяғында мәйітті саркофагқа салған.



Бояулар және Бояу техникасы. Ежелде минералды бояуларды жартаспен қабырғаны сырлау үшін көп пайдаланған. Матаны бояу үшін және косметикалық мақсатпен өсімдікпен жануарлар бояулары қолданылған.

Жартаспен қабырғаны сырлауға Ежелгі Мысырда топырақ бояуы және де жасанды жолмен алынған бояулы тотықтар мен металлдың басқа да қоспалары қолданылған.

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.
Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.
Ежелгі Мысыр (көне грекше: Αἴγυπτος, лат. Aegyptus), Та-кемет, Та-мери, Та-уи т.б. ) - әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі.
Көп қолданылған ол жоса, күйе, ысылған мыстың жылтыры, мыспен темірдің тотықтары және т.б.

Бұрынғы заманда минералды бояулармен қатар Орта Азия мен Мысыр елі ерітілген табиғи бояуларды қолданған. Бояу алу үшін мынадай өсімдіктер қолданылған:алканна, вайда, куркула, марена, сафлор және де кейбір жануарлардың организмі.

Вайда-ISATIS іне жататын өсімдік. Оның құрамында ферментациядан кейін және ауаның әсер етуінен көк түсті бояу түзетін ерекше заттар қоры бар. XIX ғ. аяғында анықталғандай үндінің ең күшті “индиго” бояуының құрамында тек қана көк түс беретін-индиготин емес, қызыл түс беретін-индигорубин де кіреді екен. ISATIS түрінің әр өкілдерінің құрамындағы индигорубин мөлшері әртүрлі және оның мөлшеррі аз немесе мүлдем жоқ өсімдіктерден ашық көк түсті бояу бөлінеді. Осы себептен ашық бояйтын индиядан шыққан индиго қымбатқа бағланған, бірақ оның жеткізілуі оңай шаруа болмаған. Геродоттың айтуынша б.з.д VII ғ. Палестина территориясында вайданың плантациялары болған, бірақ бояу одан ертерек танылған болатын.

Плантация (лат. plantatio - өсімдік отырғызу) - қайсыбір өсімдік немесе жануар түрі өсірілетін аумақ не акватория, мысалы, шай плантациясы не балдырлар плантациясы; әдетте, тропиктік не субтропиктік аудандардағы ірі егіншілік шаруашылығы.
Онымен Тутанхамонның киімі безендірілген.

Пурпур-ежелгінің әйгілі бояуы, б.з.д II мыңжылдықта Месопотамияда әйгілі болған. Бояуды мурекс түріне жататын мидияға ұқсайтын, жармалы ұлудан алған.

Матаға жағып кептіргенде жарықта зат өзінің түсін өзгерте бастаған,жасыл болып, қызыл және ең аяғында қарақызыл түске айналған. 12000 ұлудан 1.5 г құрғақ бояу алуға болған.



Грекия натурфилософиясы.

Грециялық философтарды затты алу және олардың практикалық қолданылуы қызықтырмаған, бастысы оларға процесстер әлемінде болып жатқан жайлар қызықтырған. Осылай ежелгі грекиялық философ Анаксимен әлемнің негізі ауа: ол отқада, суға да, топыраққа да және тасқа айналады деп айтқан. Ал Гераклит Эфесский табиғат көріністерін, бірінші элементтті от деп алу арқылы түсіндірмекші болған.

Эмпедоклге сенсек, барлық материалдық объектілер мәнгілік стихиялардың: от, су, ауа, жер қосылуы арқылы жасалады. Эмпедоклдың элементтер теориясын қабылдап дамытқан Плутон одан кейін Аристотель еді.

Анаксимен - (гиа. Б.д.д. 610- 546) - көне грек философы материалист, Анаксимандрдің шәкірті. Оның ілімі бойынша барлык тіршіліктің түп негізі- ауа. Ауа шексіз, козғалмалы, қоюлана келе бұлтты кұрайды, содан кейін суды, соңынан жерді және тастарды, ал сұйықтала келе - отқа айналады.
Аристотель (көне грекше:Ἀριστοτέλης; б.з.б. 384 ж., Стагира (Орталық Македония), Халкидики түбегі - б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халкида, Эвбея аралы) - ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Александр) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.

Аристотельдің айтуы бойынша бұл төрт элемент әрбір қасиетке жауап береді: жылу, суықү құрғақ және ылғалдылық.



3. Алхимия – металдың алтынға айналдыруы мен оны жетілдіру өнері, адам өмірінің эликсир арқылы жаралғанының жетілдіруі. Олар мақсатты табысқа жету үшін - таусылмайтын байлықты жарату, алхимиктар көптеген практикалық мақсаттарды рұқсат етті, жаңа үдерістің көпшілігін ашты, түрлі реакцияларды бақылады, жаңа ғылым - химияның пайда болуына жол ашты.

Араб еліндегі алхимия. Арабтар 7 ғасырда Мысырды жаулап алып, александр кезінен сақталған шығыс - гректердің мәдениетін меңгерді.
Ылғалдылық - қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері. Абсолюттік ылғалдылық - материалдардың құрғақ бөлегі массасының өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері. Салыстырмалы ылғалдық материал массасының бір өлшем бірлігіне сәйкес келетін ылғал мөлшері.
Гректер (гр. Έλληνες - эллиндер, эллинес деп оқылады) - Үндіеуропа тілдер әулетінің грек тобына жататын ежелгі халық. Грекия мен Кипрдың негізгі халқы.
Ескі билеушілерге еліктей, халифтар ғылымға үлес қоса бастады. 8 – 12 ғасырлардың арлығы араб елдерінде химия ғылымының өрлеу дәуірі болды. Қабақ бол – химияның (қарамастан және ғылымдар сірә) таң кезімен тап арабтың елінде. Арабтар ғылымның алғашқы атауын «химияны» «алхимия» деп ауыстырды (арабтарға тән "ал" сөзін қосылуы арқылы).

Ең дарынды және атақты арабтың алхимикы Джабир ибн Хайян, кейіннен Европада Гебер атымен танымал болды.

Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” - “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.
Джабирдің жоруы бойынша, бір- біріне қарама қарсы күкірт пен сынап жеті басқа металдардың түзілуінің бастамасы; барлығынан қиыны алтынның түзілуі: ол үшін ерекше зат керек. Оны гректер xerion - "құрғақ", ал арабтар al – iksir деп атады (осылай "эликсир" деген сөз пайда болды). Эликсир бұдан басқа да ерекше қасиеттерді иелену керек: барлық аурудан емдеп, ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етеді. Арабтың басқа алхимигі ар – Рази де (Еуропада Разес атымен белгілі) медицинамен айналысқан. Сонымен қатар, ол гипсты жасау әдістемесін және сынық жерлерді тану әдістерін суреттеді. Алайда ең атақты дәрігер бухаршы Ибн Сина болды. Ол Авиценна атымен белгілі. Оның шығармаларын көп ғасырлар бойы дәрігерлер қызметтерінде қолданып келе жатыр.


1   2   3   4   5   6   7   8

  • Ақпараттық – есептеу зертханасында емтихандарды ұйымдастыру және өткізу
  • Тақырыбтың негізгі түсініктері
  • 3 Дәріс 5В072000- Б ейоргани к ал ық заттардың хими я л ық технологиясы маманд
  • 4 Дәріс . Химиялық білім мен химиялық техниканың даму тарихы.
  • Алхимия : араб
  • Фармация және парфюмерия
  • Бояулар және Бояу техникасы.
  • Ежелгі Мысырда топырақ
  • Грекия натурфилософиясы.
  • Араб еліндегі алхимия

  • жүктеу 1.09 Mb.