Главная страница
Контакты

    Басты бет


Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»

жүктеу 1.09 Mb.



жүктеу 1.09 Mb.
бет3/8
Дата05.04.2017
өлшемі1.09 Mb.

Бағдарламасы «Органикалық және мұнайхимиясы өндірісінің технологиясы»


1   2   3   4   5   6   7   8

Power Point форматында презентация жасау

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Слайдтар саны 10 кем емес және 20 артық болмау тиіс.
    Формат (фр. format - формаға келтіру) полиграфияда дайын басылымның мөлшері (мысалы 170 • 260 мм) немесе баспа қағазының мөлшері (60x90 см); полиграфияда теру форматы терілген жолдың ұзындығы мен биіктігі; басу қағазының форматы - қағаз рулонының ені немесе парақ қағаздың ені мен ұзындығы.


  2. Презентация 3 компоненттен құралуы керек: 1) Кіріспе - бұл динамикалық және тиімді бастау; Презентацияның бұл бөлімінің міндеті – назар аударту, берілетін ақпаратқа позитивті, оң көзқарас және эмоционалды қабылдауды қалыптастыру; 2) Презентацияның ақпаратты бөлімінде тапсырманың негізгі сұрақтарының мәнін ашатын сызбалар, суреттер, қысқаша мәтіндік бөлім болуы керек; 3) Қорытындыда дәлелді қорытындылар және ұсыныстар болуы тиісті.

  3. Презентацияның мақсаты және міндеттері нақты, анық болуы керек.

  4. Қарастырылған сұрақ бойынша әдебиеттерге жасалған талдау болуы керек.

  5. Презентацияда көрнекілік және мәтін артық мөлшерде болмауы тиіс; Көрнекілік негізделген болуы керек.

  6. Презентацияға видеофайлдарды интеграциялау, біріктіру.

  7. Түс үйлесілімдігінің болуы керек – ашық түсті мәтін қара түсті фонда немесе керісінше қара түсті мәтін ашық түсті фонда.

  8. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

  9. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.


Ситуациялық есептер

Клиникалық пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Сәйкес ауру тарихы бойынша ситуациялық есептің сауатты құралуы.(шағым, анамнез, мүшелер және жүйелер бойынша объективті зерттеулер және т.б.)

  2. Дұрыс медициналық терминологияны қолдану қажет.
    Медицина (лат. medicina: medicus - дәрігерлік, емдік) - адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі.


  3. Студент ситуациялық есептің соңында диагнозды нақты, анық құрастыруы тиіс.

  4. Студент қажет препаратты белгілеу, тағайыдау арқылы емдеу жоспарын ұсынуы керек.

  5. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

  6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

  7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Ситуациялық есептер
Жалпы білім беретін және іргелі пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Берілген тақырып бойынша есептер саны – 5-тен кем болмауы қажет.

  2. Конкретное изложение этапов решения задач

  3. Алынған нәтижелер негізіндегі қорытындылар болуы керек.

  4. Презентация соңында әдебиеттер тізімі болуы қажет.

  5. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

  6. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Тесттер
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Көлемі - 15-20 тесттік тапсырмалар болуы керек.

  2. Студент тақырып материалын оқуы қажет.

  3. Бір дұрыс жауабымен көптік таңдау тесттік тапсырмалар (MCQ), бірнеше дұрыс жауаптарымен тесттік тапсырмалар (MAQ), көп жауаптарымен кеңейтілген тесттік тапсырмалар жасауы (EMAQ) керек.

  4. Тапсырма нақты, анық құрастырлуы тиіс.

  5. Қате ақынтама жоқ, дәлілді және нақты дұрыс жауапты (кемінде 2-3 тесттік тапсырмалар), және түсіну деңгейіне (9-11 тесттік тапсырмалар), қолдануға (2-3 тесттік тапсырмалар).

  6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

  7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Аннотация
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Айтып жеткізу нақты және қарапайым болуы тиіс.

  2. Көлемі – 10-15 жол болуы керек..

  3. Аннотацияда келесі бөлімдер болуы керек:

    • аннотоцияланатын құжаттың типі және атуы (монография, диссертация, жинақ, мақала және т.б.);

    • құжатты аннотациялайтын студент алдына қойған міндеттер;

    • автор қолданған әдіс (эксперимент, салыстырмалы сараптау, басқа әдебиеттер компиляциясы және т.б.);

    • аннотацияланатын құжат құрылымы;

    • шығарманың пәні және тақырыбы, автордың негізгі ережелері және қорытындылары;

    • библиография және сілтемелер бірге қосымша көрнекілік құжаттардың, қосымшалардың, анықтамалық аппараттардың сипаттамасы.

  1. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

  2. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

Глоссарий
Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

  1. Глоссарий көлемі - 20-25 термин болуы тиіс.

  2. Әрбір терминнің мағынасын нақты түсіндіру керек.
    Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.


  3. Таңдалған тақырып бойынша сөздерді түсіндіру мағыздылыңын көрсету керек.

  4. Терминдерді жазғанда қатаң алфавиттік тәртіпті сақтау қажет.

  5. Терминдердің барлық маңыналарын жазу керек.

  6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

  7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе СӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.


3. Білімалушылар білімін бақылауды ұйымдастыру

Кредиттік жүйе кезінде білімалушылардың білімін бақылау мен бағалау баллдық-рейтингілік (БРЖ) жүйе жолымен жүзеге асырылады БРЖ-де ағымдағы, аралық бақылау, өздік жұмыстың орындалуын бақылау және аралық аттестациялық бақылау жүргізіледі.

Аталмыш жұмыс түрін жүргізу мөлшерін жоо өзі белгілейді. Бұл жағдайда ағымдағы және аралық бақылауға 60% және қорытынды бақылауға жалпы бақылаудың 40% қалдырылады.

Білімалушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін бақылау мен аттестациялаудың әр түрі қолданылады. Бақылаудың барлық жиыны мен білімалушы білімін бағалауда ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестация жүргізіледі.



Білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 4 баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін баллдық – рейтингілік таңбалық жүйесі


Пайыздық мөлшері


Баллдардың сандық эквиваленті


Таңбалық жүйе бойынша баға


Дәстүрлі жүйе бойынша баға


95-100


4.0


A


өте жақсы


90-94


3.67


A-


85-89


3.33


B



Жақсы


80-84


3.0


B


75-79


2.67


B-


70-74


2.33


C


Қанағаттанарлық


65-69


2.0


C


60-64


1.67


C-


55-59


1.33


D


50-54


1.0


D


0-49


0


F


Қанағаттанарлықсыз

Ағымдағы бақылау — тьютор өткізетін ағымдағы сабақта білімалушылардың білімін жүйелі тексеру пәнді оқыту кезінде білімалушылардың ағымдағы білімін бақылаудың әр түрін қарастыруға болады.

1) ауызша сұрау – пән бойынша бір немесе бірнеше бөлімнің материалын өткеннен кейін сұрақтарға жауап және тақырыпты талқылау:

2) жазбаша сұрау — қойылған сұрақтарға, есептерді шешуге, жағдаятты талдауға жазбаша жауап, сондай-ақ курстың кейбір бөлімдері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау;

3) аралас сұрау — бір немесе бірнеше тақырып бойынша білімді бағалауды ауызша және жазбаша бақылау;

4) үй тапсырмасын қорғау мен тұсау кесер — үй тапсырмасы дұрыс орындалғанын тексеру мақсатында жеке және топтарға бөлініп, үй тапсырмасын, өткен материалды тексеру, өткен тақырыпты қорытындылауға үйрету, курс тақырыптарын байланыстыра білуге үйрету;

5) дискуссия, тренингтер, дөнгелек үстелдер, кейс-стадтар және т.б. — мәселелік сипаттағы сұрақтарды көпшілік (топ) болып талқылау, өз ойы мен дағдыларын көрсету, дұрыс шешім қабылдауға дағдылау;

6) тесттілер — пән бөлімдері бойынша қойылған сұрақтарға жазбаша түрі;

7) тәжірибелік дағдылар (ОҚПЕ, ОҚКЕ).

Ағымдағы бақылауды тьютор тәжірибелік және зертханалық сабақтар шегінде және білімалушының өздік жұмысын бақылау арқылы оқытушының басшылығымен жүзеге асырылады (Office Hours).

Аралық (рейтингілік) бақылау тьютор белгілеген кесте бойынша фармация факультетінде 8-ші (АрБ1) және 15(АрБ2) аптада өткізіледі. Ағымдағы және аралық бақылауды ұйымдастыруды деканат, оқу бөлімі жүзеге асырады.

Тьютордың ұсынысымен жүргізілетін аралық бақылау түрлеріне жазбаша бақылау жұмысы мен зертханалық жұмыс, тестілеу немесе ауысша тыңдау – коллоквиум, конференцияға қатысу және т.б. жатады.

Аралық бақылаудың нәтижелері «оқытушы жұмысын есептеу журналына» және «Рейтинг ведомосы» журналына жазылып, ол емтихан сессиясы басталар алдында Тіркеуші Офисіне тапсырылады.

Рейтингтік бақылаудан кейінгі бір-үш күн ішінде оқушы апелляцияға беруге құқылы. Апелляцияға өтініш деканның атына беріліп және кафедраның пәндік апелляциялық комиссиясы қарайды.

Алғашқы және екінші аралық бақылаудың қорытындылары бойынша


АрБ = (АрБ1 АрБ2)/2 50% кем болса, сондай- ақ оған себептері бойынша қатыспаған оқушы емтихан сессиясы басталғанға дейін оқу жұмысы бойынша проректордың рұқсатымен жеке кесте бойынша аралық бақылауды тапсыруға құқылы.

Университеттік күнтізбеге сәйкес күндізгі бөлімнің студенті бір оқу жылында 2 емтихан сессиясын тапсырады (қысқы және жазғы). Күндізгі оқу түрінің қорытынды бақылауын өткізуге екі апта беріледі. Емтихандар кестесін тіркеуші офисі жасайды.

Комплекстік емтихандарға дайындалу үшін кемінде үш күн беріледі.

Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау — емтихан, диф.сынақ өткізіледі. Емтихан өткізу түрлері: компьютермен немесе тест бланкісімен жазбаша немесе ауызша болады.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Білімалушыға емтиханды қай тілде тапсыру таңдауы беріледі.

Емтихан кешенді түрде өтуі мүмкін, бір мезгілде өзара байланысты 2-3 пәннен.

Жазбаша, ауызша, емтихандар, тест қорытындысы бойынша апелляцияға өтініш емтихан қорытындысы шығарылғаннан кейінгі үш күн ішінде тіркеушінің атына жазылады. Апелляцияға өтініш тіркеліп, онда талас тудырған сұрақтар ашып көрсетіледі. Апелляцияны кафедраның апелляциялық комиссиясы ауызша түрде қабылдайды.

"Апелляцияны есепке алмағанда емтихандық-рейтингілік ведомосы" және "Апелляцияны есептеп алғанда емтихандық-рейтингілік ведомосы" комиссия құрамындағы оқытушылар, тіркеу офисінің өкілі қолдарын қойып тіркеуші офисіне өткізеді.

Аралық аттестацияны өткізу кезіне пән бойынша емтиханда алған балл (қорытынды бақылауды) және бірінші, екінші рейтингтің нәтижелері бойынша ағымдағы семестрдегі орташа балл есептеледі.

Пән бойынша аралық және қорытынды бақылау бағаларының қорытындысы жөніндегі үлес салмағы белгіленген: 40% - емтиханда алған баға; 60% - ағымдағы үлгерімді бағасы. Егер оқушы емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алса, онда оның қорытынды бағасы есептелмейді, ведомосқа F деген баға қойылады.

Барлық бақылау қорытындысы бойынша оқу үлгерімін бағалау:

Ағымдағы бақылау үлгерімі, аралық аттестациялау (емтихандар) және мемлекеттік қорытынды аттестациялау баллдық-рейтингтік жүйе бойынша жүргізіледі (ҚР білім беру мемлекеттік стандарты 5.03.006-2006).



Білімалушылардың білімін бағалау белгісі

Білімалушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін және терең білімін бағалау баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша жүргізіледі, сонымен қатар пропорционалды сәйкес болып табылады.



«Өте жақсы» деген баға А әріптік, 4,0 сандық және 95-100% пайыздық бағаға тең, ал А-, 3,67 сандық және 90-94% пайыздық бағаға тең.

Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды толық меңгерген және қате немесе дәл еместік болмаса, бақылау, зертхана жұмыстарын дер кезінде және дұрыс есептеп, өз ойларын жеткізе біліп, коллоквиумдарды уақытында, қатесіз, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысып, берілген пән бойынша өздігінен қосымша ғылыми әдебиеттер қолданса, бағдарламалық материалды бір жүйеге келтірген жағдайда қойылады.



«Жақсы» деген баға В әріптік, 3,33 сандық және 85-89 % пайыздық бағаға тең, ал В, 3,0 сандық 80-84% пайыздық және В- 2,67 сандық 75-79% пайыздық бағаға тең.

Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды 75 % меңгерген және қате немесе дәл еместік болмаса, бақылау, зертхана жұмыстарын дер кезінде және дұрыс есептеп, өз ойларын жеткізе біліп, коллоквиумдарды уақытында, қатесіз, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысып, берілген пән бойынша өздігінен қосымша ғылыми әдебиеттер қолданса, бағдарламалық материалды бір жүйеге келтірген және негізгі қателіктерін студент өзі түзеткен жағдайда қойылады.



«Қанағаттанарлық» деген баға С әріптік, 2,33 сандық және 70-74 % пайыздық бағаға тең, ал С, 2,0 сандық 65-69% пайыздық және С- 1,67 сандық 60-64% пайыздық бағаға тең, Д әріптік, 1,33 сандық және 55-59 % пайыздық бағаға тең, ал Д, 2,0 сандық және 50-54 % пайыздық бағаға тең.

Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды 50 % меңгерген және қате немесе дәл еместік болса, бақылау, зертхана жұмыстарын орындау кезінде оқытушының көмегіне жүгінсе және коллоквиумдарды орындау кезінде қателер жіберсе, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысқанда сылбырлылық танытса, берілген пән бойынша тек қана оқулықтарды қолданса, оқытушы берген бағдарламалық материалды бір жүйеге келтіргенде қиындықтар болса қойылады.



«Қанағаттандырарлықсыз» деген баға Ғ әріптік, 0 сандық және 0-49 % пайыздық бағаға тең. Бұл баға білімалушы бағдарламалық негізгі материалды меңгермеген, пәндік бағдарламаның жартысын да меңгермесе, жауаптарында, аралық және қорытынды бақылаудардың кейбір тапсырмаларынан кателер жіберілсе, оқу бағдарламасына сай негізгі әдебиеттерден берілген материалды меңгермеген жағдайда қойылады.

Білімалушы қорытынды бақылаудың бағасымен келіспеген жағдайда аппеляцияға беруге болады.




Апелляция өткізу тәртібі

Апелляция емтиханнан кейін, ертеңгі күні сағат 13.00 – ге дейін студенттердің өз еркімен мына жағдайларда беріледі:

  • тесттік тапсырмалар мен билеттер тұжырымдары түсініксіз;

  • тесттік тапсырмалардың дұрыс жауабы жоқ;

  • тесттік тапсырмалардың дұрыс жауабы бірнеше;

  • тесттік тапсырмалар мен билеттер пәннің жұмыс бағдарламасында

Апелляцияны ұйымдастыру келесі тәртіппен жүргізіледі:

  • пәннің қорытындысы және сұрақтың номері жарияланып, комиссиялық анықтауды қажет еткен жағдайда студент апелляция туралы өтініш береді;

  • Офис Регистратор (ОР) өтінішті анықтайды және апелляцияны берудің қажеттіллігі туралы шешім қабылдайды;

  • Оқу бөлімі және Офис Регистратор апелляциялық комиссияның құрамын жариялайды, онда факультет деканы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі және әрбір пәннен емтихан алатын оқытушы;

  • ОР апелляцияға жіберілген студенттердің құрамы туралы жариялайды;

  • ОР дайындаған апелляция қорытындысы емтихандық –рейтинглік ведомосқа енгізіледі;

  • емтиханнан бұрынғы рейтингілерге өзгертулер енгізуге апелляция кезінде болмайды;

  • апелляция қорытындылары сынақ кітапшасына енгізіледі.

Апелляция комиссиясының шешімі жағымсыз және сессия қорытындысында
қанағаттандырарлықсыз бағалар алса, студент оқудан шығарылмайды.
Академиялық қарыздар жазғы семестр кезінде өткізіледі.
4. Жазғы семестрді ұйымдастыру туралы ереже

Студенттер үшін жазғы семестр академиялық өтеулерін жою және қосымша оқу үшін ұйымдастырылады.

Студент келесі курсқа академиялық өтеулерсіз көшуі керек.

Жазғы семестрдің ұзақтығы 4 аптадан кем болмауға тиіс. Жазғы семестрге үш пәннен артық, 7 – 8 жалпы кредит санымен /360с/ болмауға тиіс. Жазғы семестрдің академиялық күнтізбесі білімалушалардың құрамына байланысты жыл сайын тұрақталады. Жазғы семестрдің басы туралы ақпаратты Тіркеуші Офисынан 10 мамырдан кейін білуге болады.

Келесі студенттер жазғы (ақылы) семестрді өтуге құқықтары бар:
-қосымша білім алам деушілер;

-рейтинг қорытындылары бойынша сессияға кіруге рұқсат алмағандар;


-сессия қорытындылары бойынша себептерге байланысты академиялық өтеулері барлар (ауырған, жүктілік, босану, туыстарының өлімі, табиғи апаттар);
Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары (Стихийное бедствие) - алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа.

Студенттің жазғы семестрге қатысуы келесі білім алу қызметтері түрін жүзеге асыруды қарастырады:

-академиялық өтеулерді жою мақсатымен студенттің кеңес алуы;

-мамандығы бойынша оқу жоспарымен қарастырылған оқу пәндерін студенттің меңгеруі.

-жазғы семестрдің ұйымдастырылу тәртібі Регламентпен сәйкес келеді:
-жазғы семестрдің алдында студент қатысу үшін өтініш тапсырады;
-офис тіркеушілер және деканаттар студенттердің өтініштерін қарастырады;
-офис тіркеушілер және деканаттар топтарды қалыптастырады;
- ОӘТЖ проректорымен бекітілетін жазғы семестрдің кестесін оқу бөлімі құрастырады;
-кесте жазғы семестрде қызмет көрсететін тьюторлардың уақытына байланысты құрастырылады;

-кафедра меңгерушілері өз пәні бойынша өтуіне жауапкершілік танытады;

Жауапкершілік - адам бойындағы белгілі бір істі , өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруынан байқалатын адамгершілік қасиет; тұлғаның қоғамда немесе ұжымда қабылданған әлеуметтік, өнегелі және кұқықтық нормалар мен ережелеріне, борыш сезіміне сәйкес өз қызметін бақылау қабілеттілігі.

-студент жазғы семестрді университеттің кассасына ақысын төлегеннен және деканаттың рұқсатнамасын алғаннан кейін жазғы семестрге жіберіледі;

-жазғы семестрдің ұйымдастырылуы баллдық-рейтингтік жүйесіне (БРЖ) сәйкес өткізіледі;

-студенттердің өз уақытында жазғы семестрдің ақысын төлеуіне деканаттар жауапкершілік танытады.

Білімалушылардың білімін бағалау тәртібі

Білімалушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бақылаудьң барлық түрлері бойынша: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық аттестациялау (емтихандар) мен қорытынды мемлекеттік аттестациялау (мем. емтихан) балдық-рейтингілік таңбалық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Білімалушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтінгілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады:

Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 ҚББ х 0,4, мұнда:

ҚБ - қорытынды баға

РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 60% құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы ( ҚББ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 40% құрайды.

Рұқсат алу рейтингілік бағасы РРБ = ( АғББ АрББ) / 2, мұнда:

- АғББ ағымды бақылаудың бағасы:

АрББаралық бақылаудың бағасы, әдетте 2 аралық бақылау: (АрББ1 АрББ2)/2.

Ағымдағы бақылау бағасы: АғҮБ =ағымдағы орташа баға ( оның ішінде соңғы бақылау) СӨЖ үшін орташа баға тәжірибелік дағдылар үшін орташа баға ауру сырқатнамасы үшін баға ( клиникалық кафедраларда ) хаттамалар жазу үшін немесе альбомдар бейнелеу үшін баға ( теориялық кафедраларда) (ҒЗЖ) кәсіптік тәжірибе үшін баға (ҚР МЖБС. 5.03.006-2006, 7 бет)/n;



n - үлгерімді бақылаудың барлық түрі кіреді

АрББ аралық бақылау бағасы әдетте ол 2 аралық бақылаудан тұрады (АрББ1 АрББ2)/2.
1   2   3   4   5   6   7   8

  • Ситуациялық есептер Клиникалық пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар
  • Ситуациялық есептер Жалпы білім беретін және іргелі пәндер үшін тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар
  • Тесттер Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар
  • Аннотация Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар
  • Глоссарий Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар
  • Білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 4 баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін баллдық – рейтингілік таңбалық жүйесі
  • Пайыздық мөлшері Баллдардың сандық эквиваленті Таңбалық жүйе бойынша баға
  • Жақсы 80-84 3.0 B
  • Барлық бақылау қорытындысы бойынша оқу үлгерімін бағалау
  • Білімалушылардың білімін бағалау белгісі
  • Апелляция өткізу тәртібі
  • 4. Жазғы семестрді ұйымдастыру туралы ереже
  • Білімалушылардың білімін бағалау тәртібі
  • Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 ҚББ х 0,4, мұнда : ҚБ
  • Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ)

  • жүктеу 1.09 Mb.