Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 1.59 Mb.



жүктеу 1.59 Mb.
бет5/22
Дата14.04.2017
өлшемі1.59 Mb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

№6 Практикалық жұмыс. Ғарышты салайық


Бұл мысалда бірден үш табиғат құбылыстарын салу әдістері қарастырылады. Жаңа бейне құрыңыз. Бұл мысалдың басқа мысалдардан тағы бір айырмашылығы мұнда жұмысты «таза беттен» бастаймыз.

Ең бірінші жер шарын салудан бастайық. Elliptical Marqule (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение) құралын пайдаланып дөңгелек ауданды ерекшелеп алыңыз. Оны бейнеде төрттен бір бөлігі ғана қалатындай етіп орналастырыңыз.

D пернесін басу арқылы негізгі түстерді орнатыңыз (алдыңғы – қара; фонның түсі - ақ). Ерекшеленген аймаққа Render (Жарық түсіру, Освещение) бөліміндегі Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісін қолданыңыз. Содан кейін сол бөлімдегі Difference Clouds (Бұлттар қондыру, Облака с наложением) сүзгісін, ақ және қара түстердің бір–біріне өту мөлшері сізді қанағаттандырғанша, пайдаланыңыз (87-сурет).

Жер шарының қыртысы тегіс емес екендігін көрсетуіміз керек. Ол үшін келесі әдісті ұсынамыз: Filter → Texture → Craquelure (Сүзгі (Фильтр) → Текстура → Кракелюралар). Осы сүзгінің диалогтық терезесіндегі баптауларының мәнін өзгерте отырып, эксперимент жүргізіп көріңіз. Ал біздің мысалда қолданылған параметрлер мәндері 88-суретте көрсетілген.


Егер қаласаңыз осы сүзгіні, параметрлер мәнін азайтып беріп, тағы бір рет қолдануыңызға болады.

Жерді шар тәріздес етіп қалай көрсетеміз? Ол үшін: Spherize (Сфералау, Сферизация) сүзгісін пайдаланамыз: Filter → Distort → Spherize (Сүзгі → Деформациялау → Сфералау, Фильтр → Деформация → Сферизация) (89- сурет). Amount (Әсер, Эффект) параметрі ең жоғарғы мән қабылдау керек, ал Mode (Қондыру режимі, Режим наложения) параметрінің мәні сіздің қалауыңызша таңдалады. Осы операцияны бірнеше рет орындауыңызға да болады.

Жерді бояуды әр түрлі тәсілмен орындауға болады, бірақ келесі команданы пайдаланған тиімдірек: Image → Adjustments → Color Balance (Бейне → Баптаулар → Түстік баланс, Изображение → Настройки → Цветавой баланс).

Баланс (ағылшын balance - таразы), теңгерім - тепе-теңдік, теңдестіру; үздіксіз өзгерісте болып тұратын белгілі бір құбылыстың жағдайын сипаттайтын, заттар мен құбылыстарды салыстыруға мүмкіндік беретін ақшалай-заттай көрсеткіштер жиынтығы; кәсіпорындар мен мекемелердің қаржы жағдайын, шаруашылықтың кірісі мен шығысын (актив, пассив), т.б.

Жерді қандай түске боясаңыз да қазір оның маңызы жоқ, себебі жұмыс соңында ол өзгеріп кетеді. Бірақ ыңғайлы болу үшін оны негізгі түске бояйық, яғни қоңыр немесе жасыл түске. Қолданылған баптаулары бар диалогтық терезе 90- суретте көрсетілген.

Түстік қисықтардың терезесін ашыңыз: Image → Adjustments → Curves (Бейне → Баптаулар → Қисықтар, Изображение → Настройки → Кривые). Түрлі түсті бейнелермен жұмыс істегенде қисықтардың көмегімен оның тек жарықтығын ғана емес, түсін де өзгерте аламыз. Жер шары бір түсті болмас үшін каналдардың әрқайсысын (түстік құраушыларды) жеке–жеке өңдеуіміз керек. Келтірілген мысалда 91-суретте көрсетілген қисықтар қолданылған.





Өзіңіздің суретіңізге байланысты, көлдер, таулар мен ормандар пайда болатындай етіп, түстерді өзгертіңіз. Керек болған жағдайда ортақ қисықты да өңдеуге болады.

Әсер ету радиусын үлкен емес етіп алып, Gaussion Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісін пайдаланыңыз. Бұл тек салынған сурет қиып алынған суретке ұқсамас үшін оның шеткі жақтарын жұмсартады.

Ғарыштан түсірілген жер шарының суретінен планетаның айналасы атмосфераның көгілдір жиегімен қоршалып тұратындығы бізге мәлім.

Орман - жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Құрамы мен өсуіне қарай мәңгі жасыл, қылқанды, ақшыл қылқанды, күңгірт қылқанды, жапырақты, ұсақ жапырақты, жалпақ жапырақты, тропиктік, муссондық, мангрлық және т.б.

Ғаламшар немесе Планета (көне лат. planeta, грек. aster planetеs - кезбе жұлдыздар) - өз орбитасы бойынша Күнді не басқа жұлдызды айнала қозғалатын, гравитациялық өріс жасауға өз салмағы жеткілікті, соның нәтижесінде шар тәріздес орбитаға ие аспан денесі.

Олай болса, оны көрсету үшін Gradient (Градиент) құралын пайдаланайық.

Layers (Қабаттар, Слои) палитрасын ашып жаңа қабат құрыңыз. Ол үшін палитраның төменгі жағында орналасқан ақ қағаздың суреті бар батырманы шертіңіз немесе келесі команданы таңдаңыз: Layer → New → Layer (Қабат) → Құру → Қабат, Слой → Создать → Слой).

Градиент параметрі орналасқан палитраға ауысыңыз. Қара және көк түстерден тұратын градиент құрыңыз немесе таңдаңыз. Қара түстің бір бөлігі мөлдір болатындай етіп тұнықтығын өзгертіңіз.

Құралдың баптауларында Radial (Радиалды, Радиальный) типін орнатып, көк түстің орналасу радиусы планета радиусынан үлкенірек болатындай етіп градиентті суретке орналастырыңыз. Градиенттің орналасуындағы кемшіліктерді түзету үшін еркін тасымалдау (CTRL T) пайдалануға болады. Осы амалдың нәтижесі 92-суретте көрсетілген.

Егер градиент өте ашық түсті болып қалса, онда ол орналасқан қабаттың тұнықтылығын азайтамыз.

Енді ғарыштық кеңістікті құруымыз керек.

Ғарыш (араб.-кеңістік, космос) - Ғаламның астрономиялық анықтамасының синонимі. Кейде ғарыш ұғымына Жер және оның атмосферасы енбей қалады .Ғарыш жер төңірегіндегі кеңістікті қамтитын (ондағы нысандарды қоса) жақын Ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар, т.б.

Ол өте қараңғы екені бәрімізге белгілі, бірақ біркелкі қара түспен боясақ ол шындыққа жанаспайды және әдемі болмайды. Бұл жағдайда осындай түрлі табиғат құбылыстарын беруге арналған ең жақсы құрал – Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісі пайдаланылады.

Алдыңғы екі қабаттың ортасына тағы бір қабат қосыңыз. Атмосферасы бар қабатқа қайтып келіп, Magic Wand (Сиқырлы таяқша, Волшебная палочка) құралының көмегімен планета мен көгілдір жиектің сыртында орналасқан аймақтың барлығын ерекшелеңіз. Соңында құрылатын фонға өту процесі баяу жүру үшін шегін мүмкіндігінше үлкен етіп алыңыз.

Жаңа құрылған қабатқа қайтып келіп Clouds (Бұлттар, Облака) сүзгісін қолданыңыз: Filter → Render → Clouds (Сүзгі → Жарық түсіру → Бұлттар, Фильтр → Освещение → Облака). Мұндағы негізгі түстер қара және қою көк болуы керек. Қажет болған жағдайда, Image → Adjustments (Бейне → Баптаулар, Изображение → Настройки) мәзіріндегі Brightness/Contrast (Ашықтығы/Контраст, Яркость/Контраст) командасы-ның көмегімен түстердің ашықтығын баптауға және қабаттың тұнықтылығын өзгертуге болады.

Енді суретімізге жұлдыздар қосайық. Ол үшін Brush (Қалам, Кисть) құралын немесе Airbrush Capabilities (Аэрограф мүмкіндіктері, Возможности аэрографа) параметрін орнатып, оны аэрограф ретінде пайдалануға болады. Керекті қылқаламдар жүйесін орнатып, оның ішінен жұлдызға ұқсасын таңдап алып, оны бейненің бірнеше жеріне орналастырыңыз.

Қылқалам- кескіндемеде, графикада, каллиграфияда негізге (кенеп, қағаз, т.б.) сырлы бояу қабатын жағу үшін қолданылатын құрал. Қылқаламды жануарлардың жүні немесе қылынан қаламсапқа бекітіп жасайды. Сырлы бояулы кескіндемеде Қылқаламның жаққышы (дөңгелек және жалпақ пішінді) қатты қылдан, желімді кескіндеме мен фрескада ұзынша қылдан жасалады.

Осыдан кейін суретіңіз 93- суреттегідей болу керек.

Ең соңғы қадам - кометаны салу. Оны жаңа бейнеге салған жөн. Кез келген өлшемдегі жаңа файл құрыңыз, бірақ ондағы сурет кейін ғарыш суреті бар бейнеге көшірілетінін ескеріп, оның өлшемін кішірек етіп алғаныңыз жөн. Бейне фоны қара болсын, ал алдыңғы жоспар ретінде ақ түсті таңдаңыз. Негізгі түске боялған дөңгелек құрыңыз. Ол үшін сіз фигураларды пайдалана аласыз.

Кометаға бұрыс пішін беру үшін Class (Шыны, Стекло) сүзгісін пайдаланыңыз: Filter → Distort → Class (Сүзгі → Деформациялау → Шыны, Фильтр → Деформация → Стекло). Баптауларға кез келген мән беруге болады, ең бастысы сурет біраз бұрмалануы керек. Сүзгінің диалогтық терезесі мен қолданылған баптаулар 94-суретте көрсетілген.




Комета құйрығын салу үшін Stylize (Стильдеу, Стилизация) бөліміндегі Wind (Жел, Ветер) сүзгісін пайдаланыңыз. Желдің қай бағытта болатыны маңызды емес, себебі керек болса бұл кометаны төңкеріп қоюға да болады.

Жел - ауаның жер бетіне қатысты көбінесе горизонталь бағытта қозғалуы; метеорологияның негізгі ұғымдарының бірі.

Бұл сүзгіні комета құйрығы жеткілікті мөлшерге ұзарғанша пайдаланыңыз (Бұл амалды қайталау үшін CTRL F пернелер комбинациясын басуға болады). Комета құйрығын да бұрыс пішінге келтіру үшін Class (Шыны, Стекло) сүзгісін пайдаланып, комета формасын тағы да бұрмалаңыз.

Түс беру үшін түстік кестені пайдаланған тиімдірек, бірақ та бұдан бұрын келесі командалар тізбегін орындауыңыз керек: Image → Mode → Grayscale (Бейне → Режим → Сұр түс, Изображение → Режим → Оттенки серого), Image

→ Mode → Index Color (Бейне → Режим → Индекстелген түстер, Изображение

→ Режим → Индексированные цвета) және Image → Mode → Color Table (Бейне → Режим → Түстік кестелер, Изображение → Режим → Цветовая таблица).

Ашылған кестелер тізімінен Black Body деп аталатын кестені таңдап алыңыз. Осының арқасында бейне түгелімен қара–қызыл–сары түске боялып, нәтижесі 95-суреттегідей болады.






  1. -сурет. Түстік кестені пайдаланғаннан кейінгі нәтиже

Magic Wand (Сиқырлы таяқша, Волшебная палочка) құралының көмегімен кометаны ерекшелеп алыңыз. Жұмысты жеңілдету үшін фонды ерекшелеп, сосын ерекшеленгенді жасырып қоюға да болады (Shift CTRL I немесе Select

→ Inverse (Ерекшелеу → Инвертирлеу, Выделение → Инвертировать) . Алмастыру буферіне ерекшеленген аймақтың көшірмесін алып (CTRL C), ғарыштың суреті бар бейнеге өтіңіз де кометаны сонда орналастырыңыз (CTRL V).

Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.

Кометаны қоюға ыңғайлы жерді белгілеу үшін және оның қисаюын беру үшін және де қажет болған жағдайда оны төңкеру үшін (оның құйрығының ұшы жерден бағытталуы керек) еркін тасымалдауды (CTRL T) қолданыңыз.

Белгілеу (Наметка) - келесі өндеулерді оңайлататын, үзындығы бойынша болімдерге болетін дайындама бетіне таңбалы ойықтар қалдыратын комекші операция; тесігі бар согылмаларды алу үшін қолданатын операция; бет пішіннің, өзара орналасудың және басқа да ауытқулардың шақтамаларын график түріндегі сызбаларда корсету; механикалық өндеу операцияларының алдында жасалатын технологиялық операция қүрамына кіреді. Дайындаманың бетіне тетіктің қарамын, тесіктердің бетін не өңделуге тиісті орындарды белгілейтін нүктелер, сызықтар, сызықіздер салу.Белгілеу механикалық өндеу сапасын арттыру үшін жасалады; бүйымдардың параметрлерін сызбаларда белгілеу.

Барлығын орындап болғаннан кейін бейне 96-суретке ұқсас болуы керек.

75-сурет. оңғы нәтиже)


2-тақырып. Векторлық графиканың негізгі ұғымдары. Векторлық графикамен жұмыс істеу программалары. Corel Draw бағдарламасы жайлы түсінік.

7 Практикалық жұмыс. CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс

Объектіге: сызықтар, фигуралар, графика, мәтін жатады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

  • 7 Практикалық жұмыс. CorelDRAW векторлық редакторында объектілермен жұмыс

  • жүктеу 1.59 Mb.