Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 1.59 Mb.



жүктеу 1.59 Mb.
бет4/22
Дата14.04.2017
өлшемі1.59 Mb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Дәріс–13. Macromedia Flash бағдарламасы құралдарымен Web-кескіндерді өңдеу


Дәрістің мақсаты: Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсін қарастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

1. Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері

2. Macromedia Flash бағдарламасының саймандар панелі.

Дәрістің тезисі:

FLASH бағдарламасы мүмкіндіктері:

Біріншіден, ол бізге кескінді жеңіл салуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ол сызықтардың түзу сызылуын бақылайды және де пайдаланушының қозғалыстарын түзейді. (бұл өте актуалды, егер суретті графикалық планшетпен емес, тышқанмен салса). Көпқабатты кескіндерді де жеңіл жасауға болады.

FLASH бағдарламасын пайдалана отырып, мәтіндік информацияны құрастыруға болады, және бұл бағдарлама пайдаланушы кейбір мәліметтерді енгізе алатындай формалар жасай алады.

Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

Бұл пайдаланушылық формалар HTML құралдары жасайтын формаларды еске түсіреді және солар сияқты іс - әрекет жасай алады. Мәтіндік өрістер қарқынды өзгере алады.

Қарқындылық (орыс. интенсивность (лат. intensio - қарқын)) - дыбысты, әсіресе дауысты дыбысты, айтуда өкпеден шығатын фонациялық ауаның күшеюі мен солғындау дәрежесі.

Одан басқа да әртүрлі қосымша мүмкіндіктері бар (мысалы, кернинг және тренинг үшін инструмент өте ыңғайлы).

FLASH бағдарламасы арқылы әр түрлі анимациялар құруға болады. Осында траекториямен обьектілерді жылжыту үшін, морфинг үшін (морфинг дегеніміз бір обьектінің формасын басқаға айналдыру), бір обьектінің бөліктерінің тәуелсіз анимациясы үшін қолайлы инструменттер бар. Анимацияның басқа түрлері үшін де инструменттер бар. Бірнеше қабатты қолданудың арқасында тек қана қозғалыстағы немесе формаларын өзгертетін обьектілерді анимациялау ыңғайлы; бұл жағдайда компьютер статикалық обьектілерді қайта салуға өзінің ресурстарын кетірмейді. Одан басқа басқару элементтерінің көмегімен (мысалы, батырма, меню және тағы басқа) қолданушымен жеңіл қарым – қатынас ұйымдастыруға болады. Бұл элементтер арқылы анимацияны басқаруға және, мысалы, интернеттен қажетті ресурстарды жүктеу кезінде сервермен қарым – қатынас жасауға да болады.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

FLASH бағдарламасы арқылы жасалынған анимация дыбыспен де сүйемелдене алады. Және бастапқы фонограмма үзіліссіз болса да керекті кадрларды белгілі бір дыбыстық эффектілермен жеңіл синхронизациялауға болады. Сондай – ақ кез келген қолданушының оқиғасына дыбыс қосуға болады (мысалы, тышқанның батырмасын немесе компьютердің пернетақтасының пернесін басқан кезде).

FLASH бағдарламасы арқылы автоматты түрде FLASH роликтері қолданылатын веб – беттері үшін HTML кодын генерациялауға болады және бұл жұмыстың нәтижесін басқа таралған форматтарға да экспорттауға болады. Мысалы, анимацияланған GIF – файлын алуға немесе бағдарлама сияқты жүктелетін бөлек орындалатын роликтің файлын құруға болады. Бұндай іске асыру тәсілінде FLASH роликтерінен бағдарламаларды жіберуге болады. Бірақ бірде – бір бағдарлама не нәрсені де сидыра алмайды. FLASH жүйесінде ыңғайлы интерфейс болғанымен, онда графикалық редакторлардың мамандандырылған кейбір әдеттегідей мүмкіндіктері жоқ. Мысалы, FLASH бағдарламасында AdobePhotoShop бағдарламасы сияқты көлеңке түсіру және фильтрлерді қолдана алмаймыз. Сондай – ақ үш өлшемді обьектілерді құру инструментариийі жоқ (мысалы, 3D StudioMax бағдарламасында сияқты) және дыбысты редактрлеу мүмкіндіктері тым нашар.

Егер сіз өзіңіздің ролигіңіз үш өлшемді сценалар немесе редактрленген дыбысты қолданғыңыз келсе, онда болашақ роликтің фрагменттерін мамандандырылған бағдарламалар арқылы алдын – ала өңдеп алу дұрыс болады. Дегенмен FLASH бағдарламасы (әсіресе графика – анимациялық бөлімінде) кәсіби бағдарламалық пакеттерге өте жақын мүмкіндіктер ұсынады. Ал кейбір жағдайларда әуелі олардың көзқарасы жағынан қолдану ыңғайлылығы бұл көп жақты бағдарламаны құрастырушылардың негізгі мақсаты болады.

FLASH бағдарламасының ескі нұсқаларында сценарийлардің командалары бірден кез келген програмист емес адамға өте оңай және ыңғайлы болған.

Бір қызығы, басқа көп бағдарламалардан гөрі кейбір қарапайым операцияларды FLASH бағдарламасында орындау әлдеқайда ыңғайлы. Бұл қоланушы интерфейсінің алдын – ала ойластырылғанның арқасында.

FLASH бағдарламасының құралдар панелі

FLASH бағдарламасының негізгі терезесінде құралдар панелін, роликпен жұмыс істейтін жұмыс үстелін және қосымша панелдерді көруге болады.

Енді құралдар панелімен таныссақ. Суретте көрсетілгендей ол төрт бөлімнен тұрады. Жоғалғы бөлігінде обьектіні салу және трансформациялау үшін Tools (құралдар) деген құралдар орналасқан. Сонан соң кескінді басқаратын құралдар орналасқан, яғни View (вид) Оларға: “руки” (Hand tool) және “лупа” (Zoom tool) арқылы оның масштабын үлкейтуге немесе кішрейтуге болады (кішрейту үшін жұмыс үстеліне тышқанды Alt пернесін баса отырып шерту керек) Бұл екі құрал роликтің кескінін ғана басқарады, ал оның мазмұнына әсер етпейді.

Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.

Ары қарайда құралдар панеліне түс таңдайтын Colors (түстер) құралдары орналасқан. Бұл арқылы контурдың және бояудың түсін оңай таңдауға болады. Ең ақырғы ол Options (параметрлер) құрылады.

Өзін-өзі тексеруге тапсырмалар:

Flash редакторының мүмкіндіктерін атап беру

Flash редакторының құралдар сайманы панеліндегі саймандарды атап беру


8 тақырып. Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті. AutoCad жүйесі.

14,15 - дәріс. AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері және артықшылықтары

Дәрістің мақсаты: Сызба графикасының ерекшеліктерін студенттерге таныстыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:

AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері

AutoCad графикалық жүйесінің артықшылықтары
Дәрістің тезисі: Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті AutoCad сызу жұмыстарына арналған қуатты құрал болып табылады. Ол сіздің нұсқауыңыз бойынша сізге қажетті сызбаның тез және дәл, нақты генерациясын алуды қамтамасыз етеді. Бұл программа сонымен қатар сізге сызу барысында жіберілетін қателерді оңай жөндеуге және үлкен дәлдеп түзетулерді бүкіл сызба жұмысын қайтадан құрмай-ақ орындауға мүмкіндік береді. Ол программа сызудың таза, нақты және соңғы вариантын генерациялайды. AutoCad жүйесі сіз үшін жұмыс істейді. Сызбаңызға «өзінен» ешнәрсе қоймайды. AutoCad жүйесінің көмегімен дайындалған сызба сіздің асықпай анық қолмен дайындаған сызбаңызбен ойша бірдей болып келеді. («Ойша» дейміз себебі AutoCad жүйесі өзінің мүмкіндіктеріне байланысты оның нақтылығын арттырады). Сіздің сызбаңыз нұсқауыңыз бойынша дәл болады, және әрбір элемент қалаған орныңызда дәл орналасады.

AutoCad программалар пакеті сіздің микрокомпьютеріңізге арналған қосымша сызба жұмыстарының жүйесін ұсынады. Сызба жұмысын автоматизациялаудың қосымша жүйелері өте қуатты құрал болып табылады. Есептеу жүйесінің пайдалануымен дайындалған сызбаны дайындау және модификациялаудағы жылдамдық пен жеңілдігі қолмен сызудан қарағанда көп уақыт үнемдеуін қамтамасыз етеді. AutoCad жүйесі микрокомпьютер қолданушыға бұрын тек үлкен және қымбат есептеуіш жүйелерінде ғана мүмкін болған үлкен мүмкіндіктерді береді.

Микрокомпьютер (microcomputer) - микропроцессор базасында жасалған мөлшері шағын компьютер (микропроцессорлық компьютер). Микрокомпьютерлер құрамдас, дербес, шағын (столға қоятын), ықшам (портативтік), кәсіптік және түрмыстық деп бөлінеді.

Негізінен алғанда AutoCad жүйесін пайдаланғанда сызба жұмыстарына шектеу жоқ. Егер сызба қолмен дайындалған болса, ол компьютермен де генерацияланған болу керек.

Төменде жүйенің кейбір мүмкіндіктері көрсетілген:

барлық архитектуралық сызбалар

интерьерді жобалау және орналастыруды жоспарлау

технологиялық сызбалар және ұйымдастырылған диаграмалар

кез келегн қисықтар

электронды, химиялық, құрылыстық және машина жасаудағы қосымшаларға арналған сызбалар.

Графиктер, математикалық және т.б. ғылыми функцияның көрінісі.

Суреттер салу.

Қазіргі кезде Автокад жобалық-сызба жұмыстарының автоматизациясының стандартталынған жүйесіне дейін өсті. Компьютерлік техникалық ақпараттық құралдарының жақсы дамуы Автокадты ойлап шығарушылардың оны екі өлшемді жазық сызбалар жасауға, сонымен қатар күрделі көлемді концтрукцияларды модельдеуге, әр түрлі сандық және символдық массивтермен байланысты құрылымдық жүйелер құруға мүмкіндік туғызды. Жүйенің аты ағылшын тіліндегі қысқартылған “Automated computer Aided Drafting and Design” сөз тіркесінен алынған, аударғанда «ЭВМ көмегімен автоматизацияланған сызба салу және жобалау» және бұны былайда түсінуге болады: автоматизацияланған жобалауды программалау жүйесі.

Ағылшындар (ағылш. English) - германды халық ұлты, Ұлыбританияның негізгі халқы. Саны 48,5 млн. Ұлыбританияда - 44,7 млн., Австралияда - 940 мың, ОАР-да 230 мың, Канадада - 100 мың, АҚШ-та - 650 мың, Үндістанда - 200 мың адам т.б.

Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.

Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.

Автоматизацияланған жобалау есептегіш техника қолданылатын бірден-бір маңызды облыс.

Есептегіш, электр есептегіш - тұтынылған электр энергиясын есептеуге арналған өлшеуіш құрал. Тұрмыста жиілігі I 50 Гц, бір фазалы 220 В немесе 127 В айнымалы кернеуге арналған есептегіш пайдаланылады. Электр энергиясы киловатт-сағатпен өлшенеді.

Компьютер технологтар мен құрастырушыларға САПР толық мүмкіндігін береді, оларды қолмен жұмыс жасаудан босатады, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін САПР таратылуы баяу жүрген, оған 1-шіден себеп құрастырушы есептердің алгоритмдерінің қиындығы, 2-шіден құрастырушыға онша жақындатылмаған диолог пен компьютерлік жүйелер. Автокадпен жұмыс жасауды әр бір адам мыналарды білу керек: жүйеге қалай кіру керек, бұрын жасалған суретті қалай жүктеу керек, жаңадан қалай құру керек, оны қалай сақтау керек, түстермен, қабаттармен қалай жұмыс істеу керек т.б.

Auto CAD сызбалы - графикалық жұмыстарды автоматизациялау жүйесін басқарады. Auto CAD графикалық пакетінде сызба құруға қажетті барлық конструкторлар бар. Автоматизацияланған ортада қолмен сызу құралдары графикалық примитивтермен (нүкте, кесінді, шеңбер және т.

Кесінді - Түзудің екі нүктесі аралығында жатқан және әлгі екі нүктені де қамтитын бөлігі. Екі нүктенің арасын қосатын қысқа түзу. Кесінді тұйық аралық болып есептеледі. a ≤ x ≤ b теңсіздігінТеңсіздігін қанағаттандыратын x нақты сан сандар жиыны, [ a , b ] болып белгіленген. a және b сандары кесіндінің ұштары деп аталады. Кесіндінің ұштары кесіндіге тиісті болады.

б) оларды реттейтін командалар (өшіру, орын ауыстыру, көшіру және т.б), команданы құру примитивтері (ендік тапсырма, графикалық обьектілердің типімен түрі) сәйкес келеді. Керекті форматтағы беттерді және сызбаның масштабын таңдау үшін сызбаны баптауға сәйкес келетін командалар бар. Өлшемін алу үшін конструктор сызбаның өлшемін береді, өлшем, сызылған сызық және тіл (стрелка) және жазулар автоматты түрде орындалады.



(1 - сурет) Суретте AutoCAD – тың жұмыс экраны көрсетілген.

Бұл экранда төрт функционалдық зонаны ерекшелеуге болады:

Жұмыстық графикалық зона – бұл экранның ортасындағы үлкен зона, осы зонада сызба орындалады. Сол жақ төменгі бұрыштан қолданушының координаттық жүйесінің пиктограммасын табуға болады. Тіл бағыты осьтің үйлесімді бағытымен сәйкес келеді.

Жүйелік мәзір және құралдар тақтасы.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

Координаттар (лат. co – бірге және ordіnatus – тәртіптелген, анықталған) - жазықтықтағы, кез келген беттегі не кеңістіктегі нүктенің орнын анықтайтын сандар. Ғылымға, ең әуелі, аспан сферасындағы не Жер шары бетіндегі нүктенің орнын (ендік пен бойлық) анықтайтын астрономиялыһ және географиялық кординаттар енді (қараңыз ).

Құралдар тақтасы - бағдарламаның сызбалық тілдесуіндегі бейнебеттік түймешіктердің немесе белгішелердің қатары, бағаны немесе блогы.

Ең жоғарыдан тақырып жолын табуға болады, ал соның астында Auto CAD жүйелік мәзірі орналасқан. Одан төменде құралдар таұтасымен жабдықталған үш жол бар. Жұмыс зонасының сол жағында құралдар тақтасының «қозғалмалы» («плавающие») құралдар тақтасы орналасқан. Оларды экранның кез – келген жеріне орналастыруға болады. Auto CAD – та қажетті жағдайда қолданылатын басқа да көптеген құралдар тақтасы бар.

Командалық жол. Бұл экранның төменгі жағында жолдың алдына қарай орналасқан және командалық қорытынды шығару үшін қызмет етеді. Жүйелік диолог құруда осы команданың қозғаласын нақтылайды. Командалық жолда пернетақтаның көмегімен оның атын тере отырып жүйеге команда беруге болады.Егерде команда құралдар тақтасына немесе мәзір бөлігіне пиктограмма арқылы жіберілсе де командалық жолдағы реакция сәйкес командалық жүйеде де бейнеленеді. Қай команда болмасын алдыңғы команда аяқталғаннан кейін ғана орындалады. Бұл үшін командалық жолдан «Команда» командасын шақырамыз. Егер сіз басқа бір команданы шақырып қойсаңыз немесе осы командада қателессеңізосы команданы аяқтамай пернетақтадан ESC пернесін баса салуға болады.

Қалып күй қатары. Қалып – күй жолында перекрести координаталары бейнеленген. Олар тышқанның көмегімен перекересттің араласуы арқылы өзгертіледі. Келесіде жүйенің түрлі мәзірлерін , диологтық терезе олардың құралдарын толық қарастырамыз. Бірақ ең болмағанда графикалық примитив (мысалы, кесінді) сызып алмайынша бұл негізгі түсініктің мағынасын беру қиын болады. Сондықтан берілген нұсқауға көңіл бере отырып кесіндінің сызбасын тура сызу керек, содан соң оны өшіріп, қайтадан қалпына келтіру керек, соңында осы сызбаны сақтау керек.

Қалып құрылыс алаңында тұрғызылатын монолит бетонды немесе темір-бетонды құралымдар мен ғимараттар пішіндерін жасауға арналған бөлшектер мен элементтер жиынтығы. Ағаштан, металдан, фанерадан, темір-бетоннан, пластмассадан, т.б.

Нұсқау (Инструкция; лат. instructio - құру, ереже) - әскердің (күштің) қандай да бір жағын реттейтін немесе ұрыс құралдарын қолдану мен пайдалану мәселелері бойынша толық нұсқаулары бар құжат. Нұсқау мемлекеттің қолданыстағы заңдары, үкіметтің қаулылары, бұйрықтар мен директивалар, жарғылар мен басшылыққа алынатын құжаттардың негізінде шығарылады, Нұсқауды шығару құқығы қорғаныс министріне, оның орынбасарларына, қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшысына, әскер түрлерінің (арнайы әскер түрлерінің) қолбасшыларына (бастықтарына) берілген. Нұсқауда әдетте жойғыш құралдарды қолдану және ұрыс қимылдарын қамтамасыз ету (бомба тастау бойынша нұсқау), жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету (жаттығу және ұрыс атыстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша нұсқау) мәселелері көрсетіледі. Мұнда, сонымен қатар, қандай да бір қызметгі реттейтін ережелер мен нормалар айтылуы мүмкін (әскери тасымал құжаттарын есепке алу тәртібі, оларды ресімдеу мен пайдалану және әскери тасымалдардың төлемақысы туралы нұсқау). Қорғаныс министрлігінің орталық аппараттарындағы органдары шығаратын әскерлердегі (флот күштеріндегі) нұсқаулардан басқа, әскер қызметіне катысты, мысалы, полк кезекшісінің нұсқауы, қарауыл бастығының нұсқауы сияқты нұсқаулар дайындалады. Бұл нұсқаулардың мазмұны әскери жарғы талаптары мен әскерді (флот күштерін) орналастыру ерекшеліктерін есепке алуға негізделеді. Нұсқау ережелері міндетті түрде орындалуы тиіс.

Сызбаны бастамас бұрын көз алдымызда сызылатын обьектінің барлық жобасы сиатындай зона болу керек.

Жоба - жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы.

Программаны жіберу үшін немесе жаңа сызба сызу үшін көрінген зона және оның кеңістігі жобалаушыға қажетті мөлшерден аз болуы мүмкін. Көзбен шолып кіруге болатын үлкен зона AutoCAD экранының операциясы арқылы қамтамасыз етіледі де, қолданушының баптауына жатады және сызбаның шектелімі (лимит) деп аталады. Берілген шектелім жобаланған обьектінің суммарлы габариттық өлшемінен бірнеше есе басымырық болады. Сызбаның мөлшерін беру үшін жүйелік мәзірдегі Файл бөлімін таңдап, оның ішінен Параметры страницы және диологтық терезеден (2-сурет) беттің мөлшерін, өлшем бірлігін және т.б құру керек.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері

AutoCad графикалық жүйесінің артықшылықтары
8 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

 1 тақырып. Растрлық графиканың негізгі ұғымдары. Растрлық графикамен жұмыс істеу программалары. Adobe Photoshop бағдарламасының ерекшеліктері.

1 Практикалық жұмыс. Көлемді батырмалар құру

1-әдіс. Жаңа файл құрыңыз (фонның түсі - ақ). Шеңбер салыңыз. Фон түсі - қызыл, ал алдыңғы түс – қара қылып алдын-ала таңдап алып, бөліп алынған шеңберге градиентті құюды қолданыңыз.
Мәзірден Выделение → Модифицировать → Сжать командасын таңдаңыз. Қарама-қарсы бағытта жаңа шеңберге градиентті құюды қолданыңыз. Батырмаға әріп, сан немесе сөз енгізіңіз.

Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.

Көлеңкемен толықтырыңыз (1-сурет).

1-сурет (нәтиже)


2-әдіс. Ең бірінші, дайындаманы салып алу керек.

Дайындама- өндіріс барысында әлі өңделетін, толық дайын емес өнім немесе оның бір бөлігі (шала өнім). Дайындама - бұл пішінін, өлшемін, беткі жағын немесе материалдың физика-химиялық қасиетін өзгертіп, тетік жасалатын еңбек заты.

Ол үшін Rounded Rectangle (Бұрыштары дөңгелектелген тіктөртбұрыш, Скругленный прямоугольник) құралын немесе ерекшелеу құралдарының бірігуін пайдалануға болады. Біз екіншісін таңдайық, себебі, оны Photoshop-тың ескі версияларын пайдаланушылар да қолдана алады.

Rectangle Marquee (Тіктөртбұрышты ерекшелеу, Прямоугольное выделение) құралын алып өлшемі батырмаға сәйкес келетіндей аймақты ерекшелеп алыңыз. Содан кейін Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение) құралын алыңыз және мәндер панеліндегі Add to Selection (Ерекшеленгенге қосу, Добавить к выделению) батырмасын шертіп, 2-суреттегіге сәйкес ерекшелеуді құрыңыз.

Ерекшеленген аймақты ақ түске бояп, оның көшірмесін алыңыз (Ctrl C) және оны қойып (Ctrl V), Free Transform (Еркін тасымалдау, Свободное трансформирование) құралының көмегімен оны айналдырыңыз. Нәтижесінде батырманың дайындамасын аламыз (3-сурет). Сосын батырма бөліктері орналасқан қабаттарды біріктіріңіз.

Сосын Paint Bucket (Құю, Заливка) құралының көмегімен батырманы басқа түске бояйық. Мысалы көк түс (R 85, G 140, B 187). Алайда ақ пен қарадан басқа кез келген түсті таңдай аласыз.


Дайындамаға қабаттың Bevel and Emboss (Скос және рельеф) стилін қолданайық: Layer → Layer Style → Bevel and Emboss (Қабат → Қабат стилі → Скос және рельеф).

Рельеф (фр. relief - көтеремін) - жер бетінің горизонтальды және вертикальды тілімделген формаларының, яғни дөңестер мен ойпаңдардың, таулар мен ойпаттардын жиынтығы. Ол эндогендік және экзогендік процестердің әрекеттерімен түзіліп, езгеріп отырады.

Оның баптаулары 4-суретте көрсетілген. Осы әрекеттің нәтижесі 5-суретте көрсетілген.

Осыдан кейін Layer Style (Қабат стилі) терезесін жаппай тұрып, құрылған стильге 6-суреттегі баптауларды бере отырып Gradient Overlay (Градиентті орнату, Наложение градиента) әсерін қосыңыз. Егер барлығы дұрыс орындалса, онда нәтижесі 7-суреттегіге сәйкес келуі керек.



Алдыңғы екі әсерге Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін қосыңыз (8-сурет). Inner Shadow (Ішкі көлеңке, Внутренняя тень) әсерін қосқаннан кейінгі нәтиже 9-суретте көрсетілген.




Жаңа қабат құрыңыз (Shift Ctrl N). Жаңадан ерекшелеу енгізіңіз және оны басқа түске бояңыз (мысалы, R 111, G 176, B 225). Жаңа элементтің өлшемі мен формасын 10-суреттен көре аласыз.

Оны Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю) сүзгісінің көмегімен шайыңыз: Filter → Blur → Gaussian Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс бойынша шаю, Фильтр → Размытие → Размытие по Гауссу) (11-сурет).

Қайтадан жаңа қабат құрыңыз. Бірақ осы жолы ерекшелеуді батырманың жоғарғы бөлігіне орнатыңыз (13-сурет). Gradient (Градиент) құралын алып, ерекшеленгенді қарадан ақ түске өтетін стандартты сызықтық градиентпен бояңыз (14-сурет).



Layers (Қабаттар) палитрасын ашып градиенті бар қабат үшін Blending Options (Орналастыру мәндері, Параметры наложения) мәнін - Screen (Экран), ал Opacity (Мөлдір еместік, Непрозрачность) мәнін – 75% деп алыңыз. Нәтижесі 14-суретте көрсетілген.

Кез келген мәтін жазып, қабаттың Drop Shadow (Сыртқы көлеңке, Внешняя тень) стилінің көмегімен оған аздап көлеңке қосыңыз. Layers палитрасындағы мәтіні бар қабатты градиенті бар қабаттан төмен орналастырыңыз. Соңғы нәтиже 15-суретте көрсетілген.

2 Практикалық жұмыс. От түрінде жанып тұрған мәтін
Photoshop-та кез-келген жұмысты бастамас бұрын қолданыста болған бейнені ашу керек немесе жаңа бейне құру керек. Біздің жағдайымызда біз жаңа бейнемен жұмыс істейміз. Кез-келген өлшем беріп, Crayscale (Жарты тондық) режимінде бейне құрыңыз. Фон түсі ақ болуы керек. Horizontal Type (Көлденең орналасқан мәтін) құралын пайдаланып сөзді қара әріптермен жазыңыз. Біз жұмыс істейтін сөз 16-суретте көрсетілген. Мәтіннің өлшемі мен формасын оны жазып болғаннан кейін де өзгертуге болады. Сызықтық өлшемдерін өзгерту қажет болған жағдайда көбінесе Edit → Free Transform (Өңдеу → Еркін тасымалдау) командасы қолданылады (немесе Ctrl T). Ал егер мәтінді майыстырып жазу (мысалы, шеңбер бойымен) керек болса, онда параметрлер тақтасындағы Create Warped Text (Мәтінді деформациялау) тетігін немесе мәтінді контур бойымен жазу мүмкіндігін пайдаланған дұрыс.

Жазу - адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. Оның алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған.

Деформациялау (Деформирование) - дайындаманың массасы өзгермей өлшемі және түрін өзгертетін процесс.



Енді мәтін орналасқан қабат пен фон қабатын біріктіру қажет. Бұл әрекетті Layer → Merge Down (Қабат → Алдыңғысымен біріктіру) командасын қолданып немесе Ctrl E қос пернелер комбинациясын басу арқылы орындай аламыз.

Келесі сатыда алынған мәтінді кристалдаңыз. Кристалдау сүзгісі Filter → Pixelate → Crystallize (Сүзгі → Безендіру → Кристалдау) мәзір командасы арқылы орындалады. Crystallize (Кристалдау) диалогтық терезесінде кристалдаудың ұяшық өлшемін 3–5 пиксел аралығында беріңіз (17-сурет).

Ал енді бейнені шайыңыз. Ол үшін Caussion Blur сүзгісін қолданыңыз, яғни

Filter → Blur → Caussion Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс әдісі бойынша шаю).

Шаюдың радиусы (Radius) бейненің өлшемі мен таңдалынған шрифтқа байланысты болады, яғни неғұрлым әріптер үлкен болса, соғұрлым радиусы да үлкен болуы ерек (18-сурет).

(латын тілінде radіus - дөңгелек шабағы, сәуле) - шеңбердің не сфераның кез келген нүктесін центрімен қосатын кесінді. Сондай-ақ осы кесіндінің ұзындығын да радиус деп атайды.

Image → Adjustments → Inverse (Бейне → Баптаулар → Инвертирлеу)

командасы арқылы немесе Ctrl I қос пернелер комбинациясын басу арқылы сурет түсін инвертирлеңіз. Бұл команда барлық түстерді қарама–қарсы түстерге ауыстырады. Сіз Crayscale режимінде жұмыс істеп отырғандықтан қара түстер ашық түстерге, ал ашық түстер қара түстерге ауысады. Егер барлығы дұрыс орындалса, сіздің бейнеңіз 19–суреттегідей болады.


19-сурет. Кристалдағаннан және шайғаннан кейінгі мәтін


Бейнені сағат тілінің бағытына қарсы 900–қа бұрыңыз: Image → Rotate Canvas → 90 CCW (Бейне → Бұру → Сағат тілінің бағытына қарсы 900–қа) (20-сурет). Бұл амал келесі сатыда тек көлденең бағытта орындалатын Wind (Жел) сүзгісін пайдалану үшін қажет.

От жалынын әзірше ақ–қара түсті нұсқада жасайық, ол үшін Filter → Stylize → Wind (Сүзгі → Стилдеу → Жел) (21-сурет). Мұнда From the left (Сол жақтан соққан жел) ауыстырғышын таңдаңыз. Егер сізге жалын ұзындығы жеткіліксіз болса, онда Ctrl F қос пернелер комбинациясын пайдаланып осы әрекетті тағы да қайталауға болады. Біздің мысалда ол екі рет қолданылған.




Шындыққа сай келу үшін от жалынына толқындар қосыңыз.

Толқын - ай мен күннің тартылыс күштерінен, желдің әсерінен, атмосфералық қысымның ауытқуларынан, су асты жер сілкіністері мен жанартау атқылауларынан немесе кеме қозғалыстарынан пайда болатын теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелмелі қозғалысы.

Оны Filter → Distort → Ripple (Сүзгі → Деформациялау → Бұлдыр) командасы арқылы орындай аласыз. Біздің мысалда параметрлерге мынандай мәндер берілген: Amount (Әсер) – 50%, Size (Өлшемі) – орташа (Medium) (22-сурет).



Енді суретіңізді бастапқы қалпына бұрыңыз: Image → Rotate Canvas → 90 CW (Бейне → Бұру → Сағат тілінің бағытымен 900–қа), нәтижесі 24-суретте көрсетілген.


24-сурет. Көлденеңінен қойылған бейне
Filter → Distort → Ripple (Сүзгі → Деформациялау → Бұлдыр) командасын тағы бір рет қолданайық. Бірақ енді Amount – 30%, ал Size – High (Жоғары) болсын.

Енді от жалынын бояу ғана қалды. Ол үшін ең бірінші бейнені индекстелген түстер режиміне ауыстыру керек: Image → Mode → Indexed Color (Бейне → Режим → Индекстелген түстер). Осыдан кейін жартытондық бейнеге лайық түстік модельді таңдау керек. От жалыны үшін ең лайық команда: Image → Mode → Color table (Бейне → Режим → Түстік таблица) Осы кезде түстік таблицаның баптаулары бар диалогтық терезе пайда болады.

ДИАЛОГТЫҚ ТЕРЕЗЕ(Диалоговое окно, диалоговый бокс; dialog box, win¬dow) - Windows ортасында - әрекет жасау үшін ақпарат енгізу немесе параметрлерді көрсету қажет болған жағдайда дисплей бетінде пайда болатын терезе; программа керекті мәліметгі сұрарда экранға шығатын тіктөртбүрышты шағын терезе.

Ашылатын тізімнен Black Body кестесін таңдаңыз (25-сурет).

Жұмыстың соңғы нәтижесі 26–суретте көрсетілген.


25-сурет. Түстік кесте 26-сурет (нәтиже).


3 Практикалық жұмыс. Алтын әріптер
RGB түстік режимінде жаңа бейне құрыңыз (Ctrl N).

Алтын (лат. Aurum, Au) - элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967, балқу температурасы 1063ْ°С, қайнау температурасы 2947°С.

Кез келген сурет салу немесе ерекшелеу құралын пайдаланып алтын кесегінің дайындамасын салыңыз (54-сурет).

54-сурет


Содан кейін Gradient (Градиент) құралын алып, Gradient Editor (Градиенттер редакторын) ашыңыз да, 55-суреттегіге сәйкес үлгі құрыңыз. Осының көмегімен біз кесекке алтынға ұқсас түс береміз.

55-сурет
Құрылған градиентті пайдаланып кесекті бояңыз (56-сурет). Алтын кесегінің ортаңғы бөлігіне градиенттің радиалды типін пайдаланған жөн. Алтын кесегі дайын болғаннан кейін Type (Мәтін) құралының көмегімен сөзді (57-сурет) сұр түспен жазыңыз. Массивті қаріпті (жартылай қарайтылған) таңдаған жөн, алайда қаріп өлшемін өте үлкен етіп алмаңыз.

Массив (латынның massa сөзінен туындаған француздың massif сөзі - "жақпартас") - Тектоникада: өзіне іргелес яки көршілес жатқан тектоникалық құрылымдармен салыстырғанда көнелеу, көп уақыттар бойы жоғары көтерілуі нәтижесінде ашылып қалған, қазіргі кезеңде тектоникалық тұрғыдан салғырт тектоникалық құрылым.



56-сурет 57-сурет

Мәтінді өңдеуді ары қарай жалғастыру үшін оны растрға ауыстыру керек. Мәтін орналасқан қабатта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған мәзірден Rasterise Layer (Қабатты растрлеу, Растрировать слой) командасын таңдаңыз.

Енді мәтінді ерекшелеңіз. Ең жеңіл әдіс - Layers (Қабаттар) палитрасындағы осы қабатта тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту. Ерекшеленгенді маска ретінде жеке каналға сақтаңыз. Ол үшін Channels (Каналдар) палитрасының төменгі жағында орналасқан, штрихталған сызықтармен шектелген, ақ дөңгелекке шертсе немесе Select → Save Selection (Ерекшелеу → Ерекшеленгенді сақтау, Выделение → Сохранить выделение) командасын орындау жеткілікті.

Жаңа ғана құрылған каналды екпінді күйге келтіріңіз (каналдар палитрасында оған шерту арқылы) және оны Blur (Шаю, Размытие) бөліміндегі радиусы 2-3 пиксель болатын Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісінің көмегімен шайыңыз (58-сурет).

RGB каналына қайтып келіп, Layers (Қабаттар) палитрасын ашыңыз. Мәтін орналасқан қабат екпінді екеніне көз жеткізгеннен кейін, Filter → Render → Lighting Effects (Сүзгі → Жарықтандыру → Жарық әсерлері, Фильтр → Освещение → Эффекты света) командасын орындаңыз.

Пиксель (Pixel) - дисплей бетінде көрсетілетін ең кіші бейнесызбалық бірлік.

Жарықтандыру - бір жарықтандыру беті арқылы өтетін, люкспен өлшенетін сәуле ағыны. Бұрын фотон (1 фотон - Ю4 лк) бірлігі колданылған.

Texture Channel (Каналдың текстурасы, Текстура канала) бөлімінде шайылған мәтін орналасқан каналды таңдаңыз. Қалған баптаулар мынадай (111-сурет): Light type (Қайнар көзі, Источник) - Spotlight (Прожектор), Intensity (Ашықтығы, Яркость) – 35,

Focus (Фокус) – 69, Gloss (Фактура) – 0, Material (Материал) – 69, Exposure

(Ұстап тұру, Выдержка) – 0, Ambience (Орта, Среда) – 8, баптаулардағы екі түс те – ақ.




58-сурет 59-сурет


Нәтижесі 60-суретте көрсетілген.

60-сурет


Әріптерге металды түр беру үшін түстік қисықтарды пайдалану керек: Image → Adjustments → Curves (Бейне → Баптаулар → Қисықтар, Изображение → Настройки → Кривые). 61-суреттегідей қисықты салыңыз.

Осы қисықты пайдаланғаннан кейінгі нәтиже 62-суретте көрсетілген.



Енді жазуды жарқыраған алтынға ұқсатып бояймыз. Ол үшін Image → Adjustments → Hue/Saturation (Бейне → Баптаулар → Түс/Қанықтылық, Изображение → Настройки → Тон/Насыщенность) командасын немесе Ctrl U пернелерін пайдалану керек. Colorize (Түстендіру, Тонирование)-ке белгіше қойыңыз да, сырғымаларды жылжыту арқылы қажетті мәндерді беріңіз. Ал біздің жағдайда 63-суретте көрсетілген мәндер қолданылған.

Жазуға аз ғана көлеңке қосу арқылы нәтижені жақсартуға болады. Ол үшін қабаттың Drop Shadow (Сыртқы көлеңке, Внешняя тень) стилін қолданыңыз: Layer → Layer Style → Drop Shadow (Қабат → Қабат стилі → Сыртқы көлеңке, Слой → Стиль слоя → Внешняя тень). Оның баптаулары 64-суретте көрсетілген.


63-сурет 64-сурет


Егер сіздің бейнеңіз жеткілікті мөлшерде ашық болмаса, онда оны алдыңғы мәзірдегі Brightness/Contrast (Ашықтық/Контраст) командасы-ның көмегімен жөндеуге болады.
Соңғы нәтиже 65-суретте көрсетілген.

65-сурет (нәтиже)


4 Практикалық тапсырма. Фотомонтаж жасау
Кез келген өлшемдегі жаңа бейне құрыңыз.

ФОТОМОНТАЖ (фото... және монтаж) - фотография бейне жасау мақсатымен фотосуреттердің белгілі бір ортақ тақырыпқа топтастырылып берілуі. Фотомонтаж плакаттар, жарнамалар, фотоәзілдер дайындауда кеңінен қолданылады.

Белгілі бумадан, алдын-ала сақталған, өзіңізге ұнайтын портретті ашыңыз. Біздің жұмыста 97-суретте көрсетілген портрет таңдалынып алынды.

Портрет (фр. portraіt, portraіtе - бейнелеу) - бейнелеу өнерінің жанры.


97-сурет. Ашылған портрет


Осы портретті бейнеге орналастырыңыз. Ол үшін суреттің үстіне апарып тышқанның сол жақ тетігін басып тұрып бейне үстіне апарыңыз.

Өз фотосуретіңізді сканерден өткізіп, оны файлда сақтаңыз. Осы фотосуретті

Photoshop-та ашыңыз (98-сурет).

Layers (Қабаттар, Слои) палитрасын ашып жаңа қабат құрыңыз. Ол үшін палитраның төменгі жағында орналасқан ақ қағаздың суреті бар батырманы шертіңіз немесе келесі команданы таңдаңыз: Layer → New → Layer (Қабат → Құру → Қабат). Лассо құралының көмегімен өз фотосуретіңіздегі керек аймақты бөліп алып, құрылған қабатқа орналастырыңыз.

Барлық қабаттарды біріктіріңіз (Shift Ctrl E). Ең соңғы нәтиже 99-суретте көрсетілген.

98-сурет 99-сурет. (соңғы нәтиже)

5 Практикалық жұмыс . Кемпірқосақ суретін салу
Ең алдымен керек фотосуретті таңдап алыңыз. Ондағы аспан анық көрінуі керек және бұлттары жоқ болса тіптен жақсы. Бірақ бұлттар үлкен қиындық туғыза қоймас, себебі бұлтты аспанды ашық аспанға түрлендіру өте жеңіл.

Бұлт - атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 - 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады.

Ол үшін ерекшелеу немесе бүркемелеу (маскировать) құралдарының көмегімен аспан бөлігін ерекшелеп алып және оны көк түсті градиентпен бояу жеткілікті.

Төменде таңдалынған сурет көрсетілген (100-сурет).



100-сурет


Бізге жаңа қабат керек (Shift Ctrl N). Gradient (Градиент) құралының көмегімен жаңа үлгі құрыңыз. Оның баптаулары 101-суретте көрсетілген. Біз радиалды (Radial) градиентті қолданамыз. Себебі, градиентті орналастыру радиусы үлкен, ал кемпірқосақтың түстік құраушылары онда айтарлықтай жіңішке жолақты алып тұратындықтан, оны қолданудың нәтижесінде шындыққа сай кемпірқосақ саламыз.

Осының нәтижесінде градиенті бар қабат 102-суреттегідей болуы керек.





101-сурет

102-сурет










Енді кемпірқосақты артық қызыл және күлгін түсті (фиолетовый) аймақтарынан бөліп алу керек. Ол үшін кез келген ерекшелеу құралын пайдалануға болады, мысалы, Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу, Эллиптическое выделение). Алдымен кемпірқосақтың сыртқы контурын ерекшелеп алу керек (ыңғайлы болу үшін Shift пернесін басуға болады). Сосын алдын-ала Alt пернесін басып, күлгін түсті аймақты ерекшелеуден алып тастаңыз. Нәтижесі 103-суреттегідей болуы керек.

Shift Ctrl I пернелерін басу арқылы ерекшеленген аймақты инвертирлейміз. Сосын артығын өшіріңіз (Delete). Бейне 104-суреттегідей болады. Сосын ерекшелеуді алып тастауға болады (Ctrl D).



103-сурет 104-сурет


Енді Gaussian Blur (Гаусс бойынша шаю, Размытие по Гауссу) сүзгісін қолданыңыз: Filter → Blur → Gaussian Blur (Сүзгі → Шаю → Гаусс бойынша шаю, Фильтр → Размытие → Размытие по Гауссу). Оның баптаулары 105-суретте көрсетілген.

Free Transform (Еркін тасымалдау) құралының көмегімен қабатты жылжытыңыз (106-сурет) . Бұл нұсқа көмегімен тек қабаттың орнын ауыстырып қана қоймай, кемпірқосақтың өлшемін өзгертуге және оны кішкене бұруға болады.


105-сурет 106-сурет


Қазір біз аспанда орналаспаған градиентті алып тастауымыз керек. Оны өшіргішпен (ластик) өшіру өте қиын. Сондықтан пейзаж орналасқан қабатқа өтіңіз және Magnetic Lasso (Магнитті лассо) құралын таңдаңыз.

Пейзаж (фр. paysage – мекен, өлке) – белгілі бір жердің, мекеннің, табиғаттың көрінісі. Тақырыпты толығырақ ашу үшін Пейзаж кескіндеме жанрының басқа түрлерінде де (портрет, баталия жанры, т.б.) қолданылады.

107-суретте көрсетілгендей етіп бедердің кедір-бұдырларының бойымен жүріп өтіңіз (қалған бөлікті қалағанынша ерекшелеуге болады, ең бастысы, оған жойылуы керек кемпірқосақтың бөлігі кірсе жеткілікті).

Бедер- көрінісі, мөлшері, пайда болуы, жасы және даму тарихы жағынан әр түрлі жер беті пішіндерінің жиынтығы. Қыраттарды түзетін оң пішіндерді және ойпандардан тұратын теріс пішіндерді құрайды. Масштабына карай мынадай топтарға бөледі: планеталық (материктер мен мұхит шарасы), мегапішіндер (таулы жүйелер, жазық өңірлер), макропішіндер (тау жоталары, тауаралық ойпаңдар), мезопішіндер (төбелер, өзен аңғарлары, сайлар), микропішіндер (эрозиялық жырмалар, карст шұңқырлары), нанопішіндер (шалғындық томарлар, кеміргіштердің індері, жел иірімдері). Жер бетінде эндогендік және экзогендік процестер бірге әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Эндогендік процестердің (тектоникалық, жанартаулық және тағы да басқалары) жетекші рөлінің басым болуына сәйкес көбінесе ірі бедер пішіндері - заңғар тау жоталары, тауаралық жазықтар, мұхит қазаншұңқырлары (морфоқұрылымдар) қалыптасады. Олардың қалыптасуы сыртқы ғарыштық күштермен, яғни Жердің айналуымен, Күннің және Айдың тарту күштерімен және тағы да басқалары байланысты болады. Күн сәулесінің энергиясына байланысты экзогендік процестер (ағын сулар, теңіздік соқпа толқындар, жел және мұздықтар әрекеті) жер бетінде кішірек пішіндерді (морфомүсіндерді) құрады. Қандай да бір экзогендік факторлардың басым болуына байланысты флювийлік, мұздықтық, тоңдық, эолдык, карстык және тағы да басқалары түрлерін ажыратады. Бедердің мынадай түрлері бар: альпілік, жанартаулық, биіктаулы, қазынды, денудациялық, карстық, мореналық, аласа таулы, көмілген, су асты, мүсіндік, төрткіл, құрылымдық, сатылы, контрастық.

Градиенті бар қабатқа қайта өтіп, артық бөлікті өшіру үшін Delete пернесін басыңыз. Сосын Layers (Қабаттар, Слой) палитрасында Opacity (Мөлдір

еместік, Непрозрачность) баптауының мәнін 30-50%-ға өзгертіңіз. Соңғы нәтиже 108-суретте көрсетілген.

107-сурет 108-сурет (нәтиже)



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

  • Tools (құралдар)
  • Colors (түстер)
  • 8 тақырып. Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті. AutoCad жүйесі. 14,15 - дәріс. AutoCad графикалық жүйесінің ерекшеліктері және артықшылықтары
  • «ЭВМ көмегімен автоматизацияланған сызба салу және жобалау»
  • Қалып – күй қатары. Қалып
  • 8 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
  • 1 Практикалық жұмыс. Көлемді батырмалар құру 1-әдіс
  • 2-әдіс
  • 2 Практикалық жұмыс. От түрінде жанып тұрған мәтін
  • 4 Практикалық тапсырма. Фотомонтаж жасау
  • 5 Практикалық жұмыс . Кемпірқосақ суретін салу Ең алдымен керек фотосуретті таңдап алыңыз. Ондағы аспан анық көрінуі керек және бұлттары жоқ болса тіптен жақсы. Бірақ бұлттар

  • жүктеу 1.59 Mb.