Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 1.59 Mb.



жүктеу 1.59 Mb.
бет13/22
Дата14.04.2017
өлшемі1.59 Mb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

№11 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған майшамды жасау


CorelDraw графикалық редакторын іске қосып, Basic Shapes (Базовые фигуры) құрал-сайманының ішінен, тамшыға ұқсайтын фигураны таңдап алып, бұл фигураның екі көшірмесін жасау қажет. Бірі-үлкен және түсі - сары, ал екіншісі - кіші, түсі - қызыл болу қажет. Қызыл түсті тамшыны сары түсті тамшының үстіңгі бетіне орналастырамыз (166-сурет). Пайда болған фигуралардың сыртқы контурын алып тастаймыз (167-сурет).

166-сурет 167-сурет


Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып, екі объектінің арасына ағым (перетекание) жүргіземіз (168-сурет).

Оттың суретін салып болдық, енді майшамның фитилін салу қажет. Ол үшін төртбұрыш құрал-сайманын пайдаланып, оны градиенттік бояумен (Gradient Fill) бояу қажет.



168-сурет
Салынған от пен фитильді біріктіру қажет: Компоновать → Группа командасының көмегімен.

Енді майшамның өзін салу қажет. Ол үшін параллель екі овал саламыз да, Fountain Fill (Градиентная заливка) құрал-сайманын таңдап алып, 169-суретте көрсетілген параметрлерді енгіземіз: (а - төменгі овалдың параметрі, б - үстіңгі овалдың параметрі).


169-сурет


Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып төменгі овалдан жоғарғы овалға ағым (перетекание) жүргіземіз (170-сурет). Ағым қадамын 120 деп беріңіз.

Соңғы кезең барлық объектілерді біріктіру керек. Ол үшін барлығын белгілеп: Компоновать → Группа командасын орындау қажет (171-сурет).


170-сурет 171-сурет (нәтиже).



№12 Практикалық жұмыс. Ұлғайтқыш лупа жасау


Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, Basic Shapes (Базовые фигуры) құрал-сайманының көмегімен лупаның корпусын жасаймыз.

Лупа ( фр. loupe ,орыс. измерительная лупа ) - көзге нашар көрінетін ұсақ нысандарды (объектілерді) бақылауға арналған оптикалық аспап. Бақыланатын нәрсе ОО1 (1-сурет) Лупаның f фокустық қашықтығынан (FF -фокаль жазықтығы) аз ғана кішірек қашықтыққа орналастырылады.

Ол үшін ең алдымен, Basic Shapes (Базовые фигуры) құрал-сайманының ішінен, трапецияға ұқсайтын фигураны таңдап алып, лупаның тұтқасын және лупаның басқы бөлігін жасау керек (172-сурет)

Pick (Указатель) құрал-сайманының көмегімен екі объектіні де белгілеп алып, келесі команданы орындаңыз: Arrange → Shaping → Weld (Расположение

→ Изменение формы → Объединить). Нәтижесінде осы екі фигура бірігеді (173-сурет).

172-сурет 173-сурет


Пайда болған объектіні бояу керек. Ол үшін: Pattern Fill Dialog (Диалоговое окно узорной заливки) құрал-сайманын алып, келесі параметрлерді беру керек (173-сурет).

173-сурет
Пайда болған объектіге көлем беру керек. Ол үшін: Window → Dockers → Extrude (Окно → Докеры → Выдавливания), суретте көрсетілгендей параметрлерді береміз (174-сурет).

Параметрлер беріліп болса Applay (Применить) батырмасын басу қажет.

Енді лупаның әйнегінің ұлғаюын келтіру қажет. Ол үшін Ellipse (Эллипс) құрал-сайманын алып екі дөңгелек сызамыз.


174-сурет
Сызылған дөңгелектің бірін белгілеп алып, Window → Dockers → Lens → Manify (Окно → Пристыковываемые окна → Линза → Увелечение) командасын орындап, келесі параметрлерді береміз (175-сурет). Сызылған дөңгелектің екіншісін белгілеп алып, Window → Dockers → Lens → Fish eye (Окно → Пристыковываемые окна → Линза → Рыбый глаз) командасын орындап, келесі параметрлерді береміз (176-сурет).

175-сурет 176-сурет
Бірінші дөңгелектің үстінгі жағына екіншісін орналастырып, екі объектіні біріктіріңіз (группировка). Дайын болған әйнекті лупаға орналастырып, бүкіл объектіні біріктіріңіз (177-сурет.

177-сурет (нәтиже)



№13 Практикалық тапсырма. Шынжыр жасау


CorelDraw графикалық редакторын іске қосып, Rectangle (Прямоугольник) құрал-сайманын алып, төртбұрыш салыңыз. Оның бұрыштарын Shape (Форма) құрал-сайманымен дөңгелектеңіз (178-сурет)

178-сурет

Пайда болған фигураның көшірмесін жасаңыз.

Бірінші фигураны белгілеп, Outline (Обводка) құрал-сайманын алып, жиегінің қалыңдығын 24 Point Outline (24 пункт) деп беріңіз.

Енді фигураның түсін алып тастаңыз. Ол үшін Fill (Заливка) құрал-сайманынан No Fill (Удалить обводку) таңдап алыңыз (179-сурет).

Шынжыр “алтын” болғандықтан, фигураны белгілеп, Outline (Обводка) құрал- сайманынан Outline Color Dialog (Диалоговое окно цвета обводки) таңдап алыңыз. Ашылған сұхбат терезеде келесі параметрлерді беріңіз: С 5; М 2; У 63; К 8 (180-сурет).

Енді екінші фигураны алып, оны бірінші фигураның үстіне орналастырыңыз да, Порядок → На передний план.


179-сурет 180-сурет


Екінші фигураны белгілеп, ақ түс беріп, жиегінің мөлшерін 1-пункт-қа өзгертіңіз (181-сурет).

Екі объектіні де белгілеп, Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал- сайманын пайдаланып объектіге көлем беріңіз (182-сурет). Объектілерді біріктіріңіз (группировать).



181-сурет 182-сурет


Енді Bezier (Кривая безье) құрал-сайманын пайдаланып, сызық сызыңыз. Ғ12 клавишасын басып, Outline Pen (Форма обводки) сұхбат терезесін шақырып, келесі параметрлерді беріңіз: Color (Цвет) - сары, Width (Ширина) - 8,467 мм

кіші (максималды) мәнін беріңіз. Line Caps (Оформление конечных точек линий) деген жерде ұштары дөңгелектенген типті таңдаңыз (183-сурет).

Бірінші жағдайдағыдай көшірмені құрылған фигураның үстіңгі жағына орналастырып, ақ түске бояп, Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланыңыз (184-сурет). Пайда болған объектілерді біріктіріңіз.

183-сурет
Енді шынжыр салуға көшеміз. Ол үшін ең алдымен Freehand (Кривая)

құрал-сайманын пайдаланып қисық сызу керек. Салынған қисықтың көшірмесін алу керек.

Қисықтың басы мен соңына дайын болған шынжырдың бөліктерін орналастыру қажет (185-сурет).

184-сурет 185-сурет


Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманының көмегімен басы мен соңын біріктіріңіз.

Құрал-сайманының қасиетін өзгерту қатарында Path (Траектоия) батырмасынан

New Path (Создать траекторию), Micellaneous Blend Option (Дополнительные параметры перетекания) деген жерден – Rotate Points Object (Поворачивать все объекты) және Blend Along Fill Path (Вдоль всей траектории) командаларын белгілеңіз.

Жанынан көрінетін бөлігіне де осы операцияны қолданыңыз және де шынжырдың бөліктерінің қайталануын 2 есеге азайтыңыз (186-сурет).

Шынжырдың бөліктерін біріктіріңіз (187-сурет).

186-сурет 187-сурет (нәтиже)



1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

  • №12 Практикалық жұмыс. Ұлғайтқыш лупа жасау
  • №13 Практикалық тапсырма. Шынжыр жасау

  • жүктеу 1.59 Mb.