Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 1.59 Mb.



жүктеу 1.59 Mb.
бет12/22
Дата14.04.2017
өлшемі1.59 Mb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

Қисық бойлай мәтін


Қисық бойлай мәтін эффектісін тек қана жолдық мәтінмен орналастыруға болады. Қисық бойлай мәтін қою үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Кез келген сызбаны құралын пайдалана отырып, сызыңыз. 2. құралын таңдаңыз

Тышқан курсорын сызбаның қасына жақындатсаңыз курсорыңыз

мынадай күйге айналады. Сол жағдайда курсорыңызды басып қалыңыз.

Енді тиісті мәтініңізді теріңіз.


Ал егер де қисық бойлай мәтінді кез келген фигураның, эллипстің не тікбұрыштың ішкі бетіне жазғыңыз келсе, ол үшін пішімдеу тақтасын қосып, сол тақтаның ішінен керекті командаларды орындап, өзгерістерді енгізуіңізге болады.

Мәтінді шеңбер бойына айналдыра жазу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Тышқанды тұйық объектінің немесе ашық пішіннің ішіне орналастырыңыз, көрсеткіш үлкен қара тілсызық түріне айналады.

Екі объектінің арасында байланыс жасау үшін, тышқанды шертіңіз.




Практикалық тапсырма №4. Әйнектің сынығын жасау


Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, кез-келген суретті импорттаймыз: Файл → Импорт командасы арқылы (148-сурет).

Импортталған суреттің үстіне Bezier (Кривая Безье) инструментінің көмегімен үшбұрыш сызамыз (149-сурет).


148-сурет 149-сурет Сызылған үшбұрыштан әйнектің сынығын жасаймыз.

Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен үшбұрышты белгілеп: Effect → Extrude → Edit (Эффекты → Экструзия → Изменить) командасының көмегімен келесі параметрлерді беріңдер (150-сурет).

Экструзия - тұтқыр лавалы жанартауларға тән әрекет түрі; тұтқыр лавалардың жанартау көмейінен сығымдала көтерілуі нәтижесінде әдетте сол жанартау ернеулері өңірінде лава күмбездері пайда болады.

Жоғарыдағы параметрлер берілсе, онда Apply батырмасын басыңыз.

Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен үшбұрышты белгілеп: Arrange → Break Extrude Group Apart (Расположение → Разделить группу экструзии). Нәтижесінде үшбұрыш өзінің көлемінен бөлектенеді, бірақ бұл әрекет байқалмайды.

FillTool (Заливка) құрал-сайманының көмегімен көлемді үшбұрышты бояңыз. Outline Tool (Обводка) құрал-сайманының ішінен No Outline (Удалить обводку) құрал-сайманын таңдап алыңыз, сонда көлемді үшбұрыштың жиегі алынады (151-сурет).



150-сурет 151-сурет
Pick (Выбор) құрал-сайманының көмегімен үшбұрышты белгілеп: Effects → Lens (Эффекты → Линза) командасын орындағанда Линза сұқбат терезесі ашылады.

Линза(нем. Lіnse, лат. lens – оптикалық шыны, әйнек) –- таужыныстар мен пайдалы қазбалар жатысының жасымық тәрізді нысаны; қалындығы шетіне қарай жұқара түсетін домалақ не овал дене.

Оның ішінен Линзаның Magnify (Увеличение) түрін таңдап алып келесі параметрлерді беріңіз (152-сурет).

Параметрлерін беріп болсаңыз, Apply басыңыз.

Нәтижесінде төмендегідей әйнектің сынығы пайда болады (153-сурет).

152-сурет 153-сурет (нәтиже)

№10 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған фитиль салу


Corel Draw графикалық редакторын іске қосып, Ellipse (Эллипс) құрал- сайманын алып, бомбаның суретін саламыз.

Бомба - артиллериялық снарядтың ескіше аты. Іші бос, қуыс, шойын түрықты, дөрімен толтырылған снарядтарды осылай атаған. Мұндай бомбадан жерге түскен соң, орталық түтікке толтырылған түтінді дэрінің шаппадан от алуы арқылы жарылады.

Бомбаның бір жағы шығыңқы болғандықтан, Rectangle (Прямоугольник) құрал-сайманын пайдаланамыз (154- сурет).

154-сурет


Салынған Ellipse (Эллипс) және Rectangle (Прямоугольник) объектілерін белгілеп, келесі команданы орындаймыз: Arrange → Shaping → Weld (Расположение → Изменение формы → Объединить). Нәтижесінде екі объект тұтас бір объектіге өзгереді (155-сурет).


155-сурет Пайда болған бомбаны қара түске бояймыз.

Бомбаның шығыңқы бөлігіне аса көңіл бөлу керек: Shape (Форма) құрал- сайманын пайдаланып, бұрыштарын дөңгелектейміз.

Бомбаның көлемін көрсету үшін, Ellipse (Эллипс) құрал-сайманының көмегімен овал салып, оны сұр түске бояймыз (156-сурет).

Овал мен бомбаны біріктіреміз.

Basic Shape (Простые формы) құрал-сайманын пайдаланып, жұлдызша саламыз (157-сурет). Жұлдызшаның түрін жоғарғы панельден аламыз:



156-сурет 157-сурет
Pick (Указатель) құрал-сайманын пайдаланып, жұлдыздың ұштарын ұзартамыз. Жұлдызды ақ түске бояп, сыртқы контурын алып тастаймыз (158-сурет).

Interactive Transparency (Интерактивная прозрачность) құрал-сайманын пайдаланып, жұлдызшаға мөлдірлік (прозрачность) эффектісін береміз (159- сурет).


158-сурет 159-сурет


Осымен бомбаны салу аяқталды, енді оның фитилін салуға көшейік:

Ол үшін Rectangle (Прямоугольник) құрал-сайманын пайдаланып, тіктөртбұрыш салып, Ellipse (Эллипс) құрал-сайманының көмегімен екі бірдей овал саламыз да суретте көрсетілгендей орналастырамыз (160-сурет).

Arrange → Shaping → Weld (Расположение → Изменение формы → Объединить) командасының көмегімен осы үш фигураны біріктіріңдер.

Пайда болған фигураны екі рет шертіп белгілейміз де шамамен 250 бұрышқа бұрамыз.

Шама - мәні математиканың дамуына байланысты жалпыланып отырылған негізгі математикалық ұғымдардың бірі. Ұзындық, аудан, салмақ сияқты тағы басқа нақты ұғымдардың жалпылануы нәтижесінде алғашқы шама (скаляр оң шама) ұғымы пайда болды.


160-сурет


Pick (Указатель) құрал-сайманының көмегімен фигураны белгілеп алып, Fill (Заливка) құрал-сайманының ішінен Fountain Fill (Градиентная заливка) түрін таңдап алып, ашылған сұхбат терезеде төмендегі параметрлерді енгіземіз: Type (Тип заливки) – Radial (Радиальный) деп алып, негізгі түс ретінде сұр түсті беріңіз (161-сурет).

161-сурет


Боялған фигураның көшірмесін жасау керек. Ол үшін: фигураны белгілеп, тышқанның сол жағымен орнын ауыстырып, қоятын кезде тышқанның оң жағын басу қажет.

Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып (162-суретте көрсетілгендей) фигураның жиілік санын көбейтеміз.

Енді дайын болған фитиль мен бомбаны біріктіреміз, Interactive Envelope (Интерактивная оболочка) құрал-сайманының көмегімен біраз майыстырамыз (163-сурет).

Бомбамыз жанып тұрған болғандықтан, оттың суретін салу керек. Ол үшін бізге таныс Star Shapes (Звезды) құрал-сайманын пайдаланамыз. Осындай жұлдыздың екеуін салу қажет.

Салынған жұлдыздың біреуі - үлкен және түсі - сары болу керек, ал екіншісі - кішірек, түсі - қызыл болу қажет және екі жұлдыздың да сыртқы контурын алып тастау қажет.

162-сурет 163-сурет
Қызыл жұлдыз сары жұлдыздың үстіңгі жағында орналасуы керек (164- сурет).

Interactive Blend (Интерактивное перетекание) құрал-сайманын пайдаланып екі фигураның арасына ағым (перетекание) жүргіземіз (165-сурет).


164-сурет 165-сурет

Соңғы кезең барлық объектілерді біріктіру керек. Ол үшін барлығын белгілеп: Компоновать → Группа командасын орындау қажет. (165-сурет)

165-сурет (нәтиже).

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

  • Практикалық тапсырма №4. Әйнектің сынығын жасау
  • №10 Практикалық жұмыс. Жанып тұрған фитиль салу

  • жүктеу 1.59 Mb.