Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 1.59 Mb.



жүктеу 1.59 Mb.
бет11/22
Дата14.04.2017
өлшемі1.59 Mb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

№9 Практикалық жұмыс. Мәтін және контурлармен жұмыс


Бағдарлама мәтіндік процессор мүмкіндіктеріне ие.

Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) - мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.

Дегенмен, мәтіндік редакторлардың барлығы бірдей CorelDRAW сияқты, мәтінге әр түрлі фильтр мен эффектілерді қолдана алмайды.

Бағдарламада мәтіннің екі түрі пайдаланылады: көркемдік және жай.

Көркемдік мәтін тақырыптарды безендіру үшін немесе мәтінге арнайы эффектілерді қолдану қажет болғанда пайдаланылады, себебі мұндай мәтінді жеке векторлық объект ретінде өңдеуге болады. Сондай-ақ, мәтіндік ақпараттың көлемі үлкен болған кезде мұндай мәтінмен жұмыс жасау қиын болады. Ол үшін мәтіннің басқа типі – жай мәтіннің блоктары пайдаланылады. Құжатқа мәтінді енгізу

CorelDRAW құжатына мәтінді енгізу үшін Text (Мәтін) құралы пайдаланылады (140-сурет). Оның көмегімен жай мәтінді жекелеген рамада, көркемдік мәтінді енгізуге болады.


140-сурет


Жай мәтінді жекелеген рамкада қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Қолайлы масштабта құжат бетінің қажетті орнын таңдап алыңыз.

Саймандар панеліндегі Text Tool (Мәтін) белгісін таңдаңыз немесе F8 пернесін басыңыз. Тышқанның көрсеткіші төменгі оң бұрышында А әрпі бар крест түріне айналады.

Тіктөртбұрышпен қоршалған рамка (141-сурет) жасаңыз. Ол үшін мәтіндік блоктың басы орналасатын нүктеде тышқанды шертіңіз де, тышқан батырмасын жіберместен курсорды диагональ бойынша жылжытыңыз. Тышқан батырмасын жіберсеңіз рамканың айналасында ерекшелену маркерлері пайда болады, ал ішінде мәтінді енгізу курсоры пайда болады.

Пайда болған рамкаға пернелер тақтасынан мәтін енгізіңіз.

Text → Edit Text (Мәтін → Мәтінді редактрлеу) командаларының көмегімен немесе қасиеттер панелінің (142-сурет) оң бұрышында орналасқан Edit Text батырмасын шерту кезінде ашылатын, Edit Text (Мәтінді редактрлеу) диалогтық терезесінде мәтіннің үлкен блоктарын енгізу қолайлы болып табылады. Сондай-ақ Ctrl Shift T пернелерінің комбинацияларын пайдалануға болады.

Мәтінді енгізуді аяқтағаннан кейін Pick сайманын таңдап алыңыз немесе пробел пернесін басыңыз.

141-сурет



142-сурет
Жекелеген қатарға көркемдік мәтінді қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Қолайлы масштабта құжат бетінің қажетті орнын таңдап алыңыз.

Саймандар панеліндегі Text Tool (Мәтін) белгісін таңдаңыз немесе F8 пернесін басыңыз. Тышқанның көрсеткіші төменгі оң бұрышында А әрпі бар крест түріне айналады.

Тышқанды шертіңіз. Таңдап алынған жерде мәтінді енгізу тігінен жыпылықтаған курсор пайда болады.

Шақыру процедурасы жоғарыда келтірілген Edit Text диалогтық терезесінің көмегімен немесе пернелер тақтасынан мәтінді енгізіңіз.

Көркемдік мәтінді енгізіп болғаннан кейін Pick сайманын немесе пробел пернесін басыңыз. Мәтін қатарының айналасында ерекшелену маркерлері пайда болады.

Text → Convert to Paragraph Text (Мәтін → Жай мәтінге түрлендіру) командаларын орындау кезінде мәтіннің типі ауыстырылады. Сондай-ақ Ctrl F8 пернелерінің комбинациясын немесе мәтінде тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы ашылатын жанама менюден сәйкес команданы пайдалануға болады.







Қаріпті өзгерту


Мәтіндік объектінің қаріпін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Pick (Көрсеткіш) сайманының көмегімен мәтіндік объектіні таңдаңыз немесе мәтін бөлігін ерекшелеу үшін Text (Мәтін) сайманын таңдап алыңыз. Жекелеген сөзді жылдам ерекшелеу үшін тышқанды екі рет шертіңіз. Мәтіндік блоктың бәрін белгілеу үшін тышқан батырмасын үш рет шертіңіз.

Келтірілген әдістердің бірін пайдаланыңыз:

қасиеттер панеліндегі ашылатын Font List (Қаріптер тізімі) тізімінен қажет қаріпті таңдаңыз (143-сурет).



143-сурет

Text → Format Text (Мәтін → Мәтінді форматтау) меню командаларын орындаңыз немесе Ctrl T пернелерінің комбинациясын басыңыз. Экранда Format Text диалогтық терезесі пайда болады. Character (Символ) бетшесінің ашылатын Font (Қаріп) тізімінен қажет қаріпті таңдап (144-сурет), Ok батырмасын шертіңіз. Таңдап алынған мәтіндік объектінің қаріпі өзгереді.



144-сурет

Қаріп көлемін өзгерту


Мәтіндік объектінің қаріп (шрифт) көлемін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Pick (Көрсеткіш) сайманының көмегімен мәтіндік объектіні таңдаңыз немесе мәтін бөлігін ерекшелеу үшін Text (Мәтін) сайманын таңдап алыңыз. Жекелеген сөзді жылдам ерекшелеу үшін тышқанды екі рет шертіңіз. Мәтіндік блоктың бәрін белгілеу үшін тышқан батырмасын үш рет шертіңіз.

Келтірілген әдістердің бірін пайдаланыңыз:

Қасиеттер панеліндегі ашылатын Font List (шрифтер тізімі) тізімінен қажетті кегльді таңдап алыңыз немесе енгізіңіз;

Text → Format Text (Мәтін → Мәтінді форматтау) меню командаларын орындаңыз немесе Ctrl T пернелерінің комбинациясын пайдаланыңыз. Экранда Format Text диалогтық терезесі пайда болады. Character (Символ) бетшесінің Size (Өлшем) ашылатын тізімінен қажет кегльді бергеннен кейін, Ok батырмасын шертіңіз. Таңдап алынған мәтіннің кеглі өзгереді.

Ерекшелеудің тік және жатық маркерлерін жылжыта отырып, шрифтінің көлемін өзгертуге кеңес берілмейді (145-сурет). Бұл мақсат үшін тек бұрыштық маркерлерді пайдаланыңыз. Себебі, мұндай түрде шрифт мөлшерін өзгертіп, мәтіндік символдардың түпнұсқалық кескіні бұрмалануы – мәтіндік объектілердің сыртқы түрі баспаға шығару кезінде шрифтінің аз ғана айырмашылықтарының әсерінен келісімді болып шықпайды.


145-сурет



Интерлиньяж. Қатар аралық интервал немесе интерлиньяж, кернинг сияқты мақсатта қолданылады, яғни бос кеңістіктің үлкен көлемін қысқаша мәтінмен толтыру (146-сурет).

Аралық (лат. intervallum) - Cаптағы, ұрыс алдындағы, ұрыстық және жорықтық реттегі әскери қызметшілердің, қарулардың, машиналардың, ұшу апараттарының, кемелердің, сондай-ақ бөлімшелер мен бөлімдердің арасындағы майданшеп бойынша қашықтық; Көршілес қарулар снарядтарының көрші түсу нүктелері арасындағы майданшеп бойынша кашықтық; Зениттік басқарылатын ракеталарды жіберу, сондай-ақ торпедалар жіберу кезіндегі аралық үзіліс; Бірінен кейін бірі ұшқан ұшақтардың (тікұшақтардың) бір шектен не бір нүктеден кезектесе ұшып өтуге тиіс кауіпсіз уақыт аралығы.



146-сурет
Кернинг сияқты, интерлиньяжды бірнеше әдіспен орнатуға болады.

Интерлиньяжды жылдам өзгерту үшін, Shape (Форма) сайманымен шерту арқылы, қажет мәтіндік объектіні ерекшелеп алыңыз. Объектіні төменгі бұрышында екі тілсызық пайда болады (147-сурет). Сол жақ бұрышта орналасқан тілсызықты шертіп, қатар аралық қашықтықты ұлғайту немесе кішірейту үшін, оны тігінен жылжытыңыз.


147-сурет


Format Text диалогтық терезесінде интерлиньяжды өзгерту үшін:

Pick сайманымен қажетті мәтіндік объектіні немесе мәтін бөлігін таңдап алыңыз.

Text → Format Text меню командаларын орындаңыз немесе Ctrl T пернелерінің комбинацияларын басыңыз.

Пайда болған Format Text диалогтық терезеде Paragraph (Абзац) бетшесінде шертіңіз. Line (Қатар) мәтіндік ауданына, символ биіктігіне пайыздық қатынас түріндегі немесе пункт мәндері ретінде қатар аралық қашықтықты енгізіңіз. Интерлиньяжды баптау жұмысын аяқтау үшін Ok батырмасын басыңыз.


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

  • Қаріпті өзгерту
  • Қаріп көлемін өзгерту

  • жүктеу 1.59 Mb.