Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 1.59 Mb.



жүктеу 1.59 Mb.
бет10/22
Дата14.04.2017
өлшемі1.59 Mb.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

Түзу сызықты қисыққа тікелей және кері түрлендіру


Түзу сызықта бақылау нүктелері болмайды (127-сурет). Мұндай сызыққа бақылау нүктелерін қосу үшін, түзу сызықты қисыққа түрлендіру қажет. Ол үшін түзуді ерекшелеңіз немесе объектіні Shape (Форма) сайманымен ерекшелеңіз, сонан соң қасиеттер панеліндегі (128-сурет) Convert Line to Curve (Түзуді қисыққа түрлендіру) батырмасын шертіңіз. Түрленгеннен кейін түзудің бөлігінде екі жаққа бақылау нүктелері пайда болады (129- сурет).

126-сурет 127-сурет





128-сурет 129-сурет
Егер бізге кері операция қажет болса, яғни қисықты түзу сызыққа түрлендіру үшін Convert Curve to Line (Қисықты түзуге түрлендіру) (130-сурет) пиктограммасын пайдаланыңыз. Бақылау нүктелері жоғалып, қисық сызық түзуге айналады (131-сурет).


130-сурет 131-сурет

Түйіндерді қосу және жою


Кейде объектінің формасын өзгерту үшін, бірнеше түйінді қосу немесе жою қажет.

Жаңа түйінді жасау үшін (132-сурет) объектіні Shape (Форма) сайманымен ерекшелеп, көрсеткішпен пішіннің қажетті нүктесінде шертіңіз – пішін сегментінде уақытша дөңгелек түйін пайда болады. Әрі қарай ұсынылатын әрекеттердің бірін орындаңыз: уақытша түйінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама менюден (133-сурет) Add (Қосу) командасын таңдаңыз немесе қосымша цифрлық пернетақтадан пернесін басыңыз немесе қасиеттер панеліндегі Add Node (Түйінді қосу) батырмасын шертіңіз.

Түйіндіні бірнеше тәсілмен жоюға болады:

оны Shape сайманымен ерекшелеп, пернелер тақтасынан Del пернесін басу;

оны ерекшелеп, сонан соң қасиеттер панеліндегі Delete Node (Түйінді жою) белгісін шерту;

берілген түйінде тышқанды екі рет шертуді орындау.

Түйіндерді жою жанама менюдегі Delete командасының көмегімен орындалады (134-сурет)

Пішінді үзу және тұйықтау


Тұйық пішін ашық және керісіншеге түрлендіруге болады. Тұйық пішінді үзу үшін қисықтағы нүктені ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі Reserve Curve (Қисықты бөлу) (135-сурет) батырмасын шертіңіз.


132-сурет 133-сурет 134-сурет

Берілген операция тышқанның оң батырмасын шерту арқылы ашылатын жанама меню арқылы да орындалады. Пішінді үзуді аяқтау үшін, оны ерекшелеп, жаңа түйінді жылжыту арқылы қисықты үземіз (136-сурет).


135-сурет 136-сурет 137-сурет


Пішінді тұйықтау үшін екі түйінді біріктіру қажет. Берілген операцияны бірнеше тәсілмен орындауға болады. Бірінші тәсіл: екі ақырғы түйіндерді ерекшелеп, қасиеттер панеліндегі (138-сурет) Join Two Nodes (Екі түйінді біріктіру) батырмасын шертіңіз. Нәтижесінде екі түйін бірігіп біреуге айналады (139-сурет).


138-сурет 139-сурет
Бейнелерді құрып болғаннан кейін, әрбір бөлек енгізілген бейнені топтастырып бір бейнеге келтіруге болады. Ол үшін әуелі батырмасы арқылы барлық құрастырылған бейнелерді ерекшелеп аласыз да, атрибуттар тақтасында орналасқан Топтау (Группировать) батырмасын басасыз. Ал егер де тағы да өзгерістер енгізгіңіз келсе топтаудан алып тастай аласыз. Ол үшін Топтауды алып тастау (Разгруппировать) батырмаларын қолданасыз.
« М е д а л ь о н » с у р е т і н с а л у

Эллипс құралын пайдаланып шеңбер сызыңыз.



Еркін форма (F5-"свободная рука") құралын пайдаланып, «Лавр» жапырағы формасын салыңыз.

Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) - жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.

Оны белгілеп алып, градиент(F11- градиентная заливка) батырмасын басып, жапырақты «gold» түсімен бояңыз.



Лавр жапырағы алтын түске боялған соң, оны белгілеп алып, Правка Копировать және Правка Вставить командасын орындап, жапырақ көшірмесін алыңыз. Оны белгілі бағытқа бұру үшін суретке барып тышқанды екі рет шертіңіз. Қалауыңызша жапырақты бұрыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет орындаңыз.

Пайда болған гүл шоғын толық белгілеп алып, Изменение Группировать командасын орындаймыз.

Екінші дәл осындай гүл шоғын алу үшін, белгілеп көшірмесін алыңыз

Оны қарама-қарсы бағытта бұру үшін Қасиеттер панеліндегі бұру батырмасын басыңыз

Шеңбердің ішкі бөлігіне заливка жасаймыз. Заливка түсі алтын түспен болуы қажет.

Құралдар қатарындағы мәтін енгізу батырмасын таңдап, қаріп өлшемін 120 пт қойып, Қалың қою түрін таңдап «KZ kazakstan» сөзін жазыңыз.

Оны Шеңбер ішіне орналастырыңыз.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

  • Түйіндерді қосу және жою
  • Пішінді үзу және тұйықтау

  • жүктеу 1.59 Mb.