Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.61 Mb.



жүктеу 0.61 Mb.
бет3/3
Дата24.03.2017
өлшемі0.61 Mb.

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


1   2   3

Әннің сөзін дұрыс айта білуге баулу. Ән айтуға баулу жолында мынадай жағдайлар кейде ескеріле бермейді: сөзді дұрыс айтқанмен оның аныќ жетуіне назар аударылмайды, немесе сөз аның айтылғаныменен дұрыс қолданылмай жатады.

Жеке сабақ № 13.

Әлем халықтарының әндері.

Орфоэпия. Орфэпиялық дыбыстармен жұмыс.

Жоспары:

  1. Ұяң, қатаң дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру.

  2. Вокалдық – техникалық жаттығулар арқылы дыбыстарды таза айту.

  3. Әнді ансамбльмен айтуға дағдылану (дуэт, трио, т.б.)

Студенттерді ән айтуға оқыту вокалды - техникалық дағдылардың белгілі бір жинағын үйретумен байланысты. Ән айтуда резонаторларды айрықша ұйымдастыру талап етіледі. Әрине, жылжымалы резонаторлармен басқару да сабаќ барысында өзінің көмегін тигізеді. Оқытушының вокалдық есту ќабілеті өте жоғары болуы керек. Тәжірибелі оқьпушы дыбысталу сапасын баланың дауыс аппараты дұрыс немесе дұрыс емес жұмыс жасағанын анықтап, онда болып жатќан кішкентай да өзгешеліктерін бірден байқайды. Жаттығудың «қ» дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын активтендіріп, бірден айќын, таза дыбыс шығаруға жетелейді. Қатаң «к» дыбысынан кейінгі орналасқан «а» дауысты дыбысынын кұлаққа жағымды, майда болып шығуына, сөз тексінің мазмұнына лайықты сезімталдыќпен орындауды талап ету әсерін тигізеді. «Гүл» деген сөзді айтќанда «ү» дыбысының созыла айтылуын қадағалан жөн. Әдетте практикада созылу ұзақтығы мүмкін бола тұрса да, дауысты дыбыстың орнына дауыссыз дыбысты созып тұрып алатын жағдайларда кездесіп қалады («ү»-нің орнына «л»). Жаттығуды бір мезгілде бастап, бірдей аяқтауда, онын характерін жеткізе білуде мұғалімнің дирижерлік қол қимылын окушылардың дұрыс түсіне білуінін мәні зор. Әуен өз дәрежесінде орындалған соң, берілген тональдыќтан бастап жарты тоннан жоғарылатып айтќызуға болады. Алғашќы жаттығу балалардың орындауына (звук) дыбыстардан басталып, бірінші октаваның сиb,-си ноталарынан аспауы қажет. Бірте-бірте сыныптың әнді орындау қабілетінің ќалыптасуына орай, орындау диапазоны кеңейтіле береді13-сабақ-Бұл жаттығуды орындағанда орфоэпия заңдылыќтарына сүйенуге тура келеді. Әдетте балалар әрбір сөзді жазылуы бойынша айтады, сондықтан дыбыс легі үзіліп - үзіліп естіледі. Мұғалім жаттығуєа қойылатьгн талапта мынадай құбылыстарға көңіл аударуы тиіс: «әлі-ақ ұйықтап қаласын» деген сөйлемдегі «әлі-ақ» деген сөзде «а» дыбысыныѕ ыкпалынан «і» дыбысы түсіп қалады, ал «қ» қатаң дыбысы келесі «ұйықтап» сөзінің бірінші дыбысы «ү» -нің әсерінен «ғ»-ға айналады. Сонда жазылуы «әлі-аќ» болғанмен, орындалғанда «әлағ» болып айтылады.

Ән сөзінің ашық, таза айтылуы да әншіліккке баулудың негізгі компоненті болып табылады. Орныдалатын шығарманың мазмұнының тыңдаушыға дұрыс жетуі үшін, баланың әрбір дыбысты айќын айта білуінің маңызы зор. Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ерін, тіл, көмекей, төмеңгі жақ сүйегінін жұмысын өзі өте жақсы меңгеріп, оны балаларға ұғымды тілде жеткізе білуі тиіс.

«Гәк», «гик», «гай» буындарында кездесетін «г», «к» дыбыстары таңдай дыбыстарына жатады. Сондықтан бұл дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку», «гу», рай», т.б. буындағы «у» дыбысы болса, ежелден дауысты көмекейден ќысын шығаратын адамдардың сол дауыс аппаратын босатуға ќолданылатыны белгілі.

«У» дыбысы ерін дыбыстары ќатарына жатќанмен, өзінің акустикалыќ формасы жағынан терең, көлемді естіледі.







Орфоэпия грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз. Сөзді дұрыс айта білу деген сөз. Алғашқы әншілікке баулу жайлы еңбектердің өзінде-ақ сөзді дұрыс айта білу мәселесіне назар аударылған.

Ю.Барсов өзінің «әншілікке тәрбиелеу тарихынан» деген еңбегінде, Ломакинның «ән айту методтары» (1837 жылы басыл-ған) деген еңбектерінде былай дейді: «ән айтудағы ең бір есте ұстайтын нәрсе – сөзді анық айту. Сәзді дұрыс айта білмеу әнді мүлде түсініксіз етіп жібереді». Бұл ескертулер ќазір де өзінің мәнін жойған жоќ. Көптеген ұстаздар ән айту барысында дыбыс-тың күшті де дұрыс шығуына ден қояды да, сөзі назардан тыс қалып қояды, бұл мүлде жіберуге болмайтын қателік.

«...Көптеген әншілер әдемі де қатесіз сөйлей алмайды», -дейді - Станиславский, - міне сондыќтан да олардың салған әні тартымды естілмейді, көп жағдайда сөздерін ұға алмайсың» (33).

Ќалай болғанда да, ән айтушыларға да халыќтың тіліндегі әріптердің айтылуына, олардың сөз құрау ерекшеліктеріне ден қоймауға болмайтындығын сезінуі хаќ. Мәселен, тілінде тамаќпен айтылатын ќатаң дауыссыз дыбыстар ән айтуда қиындыќтар келтіреді деп саналған.

Зерттеуші С.Татубаев жұмсак дауысты дыбыстардың көптеп кездесуі, (а, ә, е, о, ұ, ү, і, ы) қазақ әніндегі сөздің айтылу үнділігін арттыратынын жазған еді. Көптеген қазақ сөздерінде ќатаң дауыссыз дыбыстардың жұмсақ дауыссыз дыбыстарға ауысып айтылып жататын кездері болады. Мәселен «Ќ» және «К», жұмсак дауысссыз «Г» жэне «Є» дыбыстарын; мұның бәрі айтылған әріптердің мынадай әріптермен қатар келуіне байланысты өзгеріп отырады «а, е, ы, і, ж, з, и, л, м, н, ң, р, у» сияќты, немес керсінше «қ» жэне «к» дыбыстары «ғ» және «г» дыбыстарымен ауысады. Мысалы:

Вокал пәнінің мұғалімі мынадай ерекшеліктерді есте ұстағаны жөн, егер «б» әрпі дауысты «а, э, е, о, о, у, ү, ы, і», немесе «в» әрпіне жаќын болып айтылады. К. Ниеталиеваның Ќазаќтың орфоэпиялык сөздігінде бұл таңба былай белгіленеді: «б».



Жазылуы: Айтылуы:

Асыр сап ойнадық («Сүйікті мектебім») - асыр саб ойнадық

Жайнап өскен («Біз өмірдің гүліміз») - жайнап өскен

Келіп ем («Ќоңырау») - келіб ем

Біз баќытты - || - - біз бақытты

Мен бір билеп («Ортеке») - мен бір билеп

Шыбыќ («Жаңбыр») - шыбық

Гүл бақшада («бақытты балалык шаќ») - гүл баќшада

Егер алдыңғы сөз дауысты дыбысқа аяќталып, келесі сөз дауысты дыбысты сөзден басталса, онда алдыңғы сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіп қалады. Мысалы:

Жазылуы: Айтылуы:

Шилі өзен («Шилі өзен») - шил" өзен

Жерде отыр - || - - жерд" отыр

Бізді ойла - || - - бізд11 ойла

Тұра алмаймын («Ќарғаш») - тұр" алмаймын

Ќара орамал («Гауһартас») - қар" орамал

Шаќырса анаң - || - - шақырс" анаң

Сүйеді ел («батыр бала Болатбек») - сүйед" ел

Етікші ата («Етікші») - етікш" ата

Біз кейбір сөздердің «айтылу» және «жазылу» заңдылыќтарын мысалға келтірдік. Бұл заңдылықтарды саќтай отырып жұмыс істеу музыка маманының мектеп оқушыларын ән айту мәдениетіне баулу жолында жетістіктерге жетуіне көмектесетіні сөзсіз.

14-сабақ-Дауысты жаттыќтару үшін халық күйлерінің әуенін де ќолдануға болады. Бұл тек ырғаќты ғана дамытып ќоймай, дыбысты жеңіл, әсем, дауыс аппаратына күш түсірмей айтуына тәрбиелейді. Балалар әуенді айтқанда өздері домбыра мен қобызда ойнау ќимылын бейнелеп отыруына болады.

Күй әуенімен жаттығу жасау сонымен қатар музыканы тез есте сактауға, шығармашылық ќиялына козғау салып, балалардың музыкаға деген көркемдік талғамын арттыруға көмектеседі. Бұл жерде есте сақтайтын бір жай, музыкалық материалды тыңдағанда, балалардын музыкаға бейімділігін, олардың жас ерекшелігін ескеру ќажеттігі окушыларды әншілік мәдениетке баулуда, оларға халыќ әндерін үйрету үлкен роль атқарады...



Жеке сабақ № 14,15

Бақылау сабақ

Вокал пәнінің негізгі мақсаты - әншілік шеберліктің кейбір әдіс –тәсілдерін түсініп, игеріп, әнді дұрыс айта алмайтын балалармен жұмыс істеуде табандылық пен тапқырлықты алдымен өз басынан талап ететін болашақ музыка мұғалімін дайындауға септігін тигізетін методикалық нұсқауларды қарастыру. Әнді дұрыс айта алмаудың себебін анық білу үшін, біз сабақтан тыс уақытты пайдаланғанды жөн көрдік.

КУРС БОЙЫНША ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ.

  1. Өз бетінше тыныс алу жаттығуларын жасау

  2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйрену.

  3. Мектеп әнін нота арқылы жаттау.

  4. Халық әнін нота арқылы жаттау.

  5. Композитордың әнін нота арқылы жаттау.

  6. Әншілердің орындауында вокалдық шығармалар тыңдау.

  7. Өзінің әншілік репертуарын байыту.

  8. Өз бетінше вокализді нотаға қарап орындау..

  9. Өзі орындайтын вокалдық шығармаларды талдай білу.

10.Мектеп әнін өз сүйемелдеп айтуға жаттығу.

11.Ән айту өнерінің тарихы, әншілік мектептер.

12. Дауыс аппаратымен жұмыс істеу.

13.Тыныс алу жолдары, диапазон..

14.Артикуляция, дыбыстарды анық айтып үйрену, орфоэпиялық дыбыстарды айтып жаттығу

15.Бақылау сабағын дайындау.



ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ.

1. Әншілікті тыныс алу жаттығуларын жасау арқылы шыңдау.

2. Дауыс аппаратымен өз бетінше жұмыс істеу

3. Артикуляция, дикция техникаларын қалыптастыру

4. Вокализді нота арқылы үйрену

5. Мектеп әндерін өз бетінше үйрену

6. Таныс емес шығарманың әуенін аспапта орындай алу.

7. Халық әндерін орындау шеберлігін жетілдіру

8. Ария, романс жанрларын шебер орындауға қалыптасу

9. Вокалдық шығармаларды әр-түрлі штрихтарда орындау

10. Балалар әндерін өзі сүйемелдеп орындау

11. Дауыс диапазонын кеңейту жаттығулары

12. Әр-түрлі жанрда өз бетінше шығармалар үйрену

13. Өзі орындайтын шығармаларды теориялық талдау

14. Әншілік репертуарын байыту

15. Әншілер және әншілік мектептер жайлы реферат дайындау

16. Емтихан бағдарламасын дайындау

СЕМЕСТР БОЙЫНША ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

1. Мектеп әні.

2. Вокализ.

2. Қазақстан композиторларының әні.

3. Халық және халық композиторларының әні.

4. Әлем халықтарының әндері.

5. Романс немесе операдан ария.

КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ:

1.Вокализ.

2. Қазақстан композиторларының әні.

3. Халық және халық композиторларының әні.

4. Мектеп әндері өз сүйемелдеуімен.

5. Романс немесе операдан ария.



ҮЛГІ РЕПЕРТУАРЛАР:

Қазақстан композиторларының әндері

Б.Байқадамов: Айгөлек, Бөбегім, Алма ағаштар жайнайды, Сүйген сәулем, Домбыра, Ақ бидай.

Ә.Епсаев: Әлі есімде, Ақ сәуле ұстазым, Сағыныш саздары, Сағыныш екен бала кез, Барасың қайда, қайда.

А.Жұбанов, Л.Хаимди: Ария Ажар из оперы «Абай», Песня Айдара, Ақ көгершін, Қарлығаш.

Л.Хамиди: Смотрины невесты из оперы «Абай», Қазақ вальсі, Бұлбұл, Жайлауым бақша жайнаған.

Б.Жамақаев: Сен ғана, Махабат вальсі, Ертіс вальсі.

М.Мағытаев: Ақ маржан, Қалкам-ай, Мен үндемей жүремін көп, Іздедім сені.

Қ.Мусин: Почтальон, Алма бағында.

Н.Тлендиев: Құстар әні, Көз көрген қарындас-ай, Бақыт бар ма, сенен артық?, «Қыз Жібек» филімінен Алтыбақан әні, Жүрегім менің, Әке туралы жыр, Саржайлау, Куә бол.

М.Илиясов: Алтынай, Туған жер, Мерекем сен, Қазақтың дастарханы.

Ш.Қалдаяқов: Әнім сен едің, Қайықта, Арыс жағасында, Ана туралы жыр, Қаракөз, Ақ ерке – ақ жайық, Ақ бантик, Қуаныш вальсі, Қайдасың?, Бақыт құшағында, Сыр сұлуы, Ақ маңдайлым, Кешікпей келем деп ең.

Г.Хамитов: Сағындым жайық.

Е.Хасанғалиев: Ауылым-әнім, Гүл сезм, Келші, келші балашым, Елігім еркем, Асыл арман, Сағындым сені, Жан досым, Анаға сәлем, Атамекен, Бозторғай.

Т.Базарбаев: Тамаша, Аяулым, Қаздар қайтақанда.

С.Байтереков: Күнге табыну,

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Арии, романсы и песни из репертуара И.Обуховой. Для мецоо-сопрано в сопровождении фортепиано и инструментального трио. Составитель Ю.Обухов. Изд-во «Музыка» - Москва,1975

2. Әсеттің 500 әні. /1,2,3 кітаптар/. Құрастырғандар: Н.Нүсіпжанов, Д.Ә.Бейсеуов. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық министрлігінің «Өнер» баспасы. – Алматы, 1998.

3. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос-Казахстан коры).

4. Гәкку. Песни, романсы и песни из репертуара К.Байсейтовой. Составитель: К.И.Бобошко. – Алматы: «Өнер», 1991.

5. Ибрагим Нүсіпбаевтың әндері. Құрастырған: Рәбиға Нүсіпбаева – Алматы, «Рауан», 1996.

6. Қазақтың халық әндері. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. Алматы, 1960.

7. Қазақ вальсі. Қазақстан композиторларының әндері. Құрастырған Д.Мүсіров. – Алматы, «Өнер», 1982.

8. Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986.

9. Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990.

10. Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981.

11. Мыңжасар Маңғытаев. Ақ маржан /сборник песен/. Изд-во «Жалын» - Алматы, 1977.

12. Милькович Е.К. Систематизированный вокально-педагогический репертуар /часть/ для высоких и средних голосов. – Музгиз. 1962.

13. Программы педагогических институтов. «Музыка и пение» Сборник 25 – Просвещение, 1980.

14.Романса и свежее дыханье. /Для голоса в сопровождении фортепиано/. Составитель Г.АПортнов. Всесоюзное издательство «Советский композитор» - Ленинград, 1988.

15. Сейдолла Байтереков. Ақ жауын. Белые дожди. /сборник песен/. Изд-во «Өнер» - Алматы, 1980.

16. Сыдық Мұхамеджанов. Жазғы дала. Песни и романсы (на русскрм языке) – Алматы, «Өнер», 1988.

17. Сағыным менің. Ш.Қалдаяқов. Әндер жинағы. «Жалын» баспасы – Алматы, 1976.

18. Хрестоматия Вокально-педагогического репертуара. Для сопрано. Муз.училище 3-4 курсы, ачсть 2. «Музыка» - Москва, 1971.

19. Хрестоматия по курсу вокального ансамбля. Для пения в сопровождении фортепиано. Составитель А.Скульский. Изд-во «Музыка» - Москва, 1983.



  1. Э. Б. Абдуллин Методологический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования, - М., 1990.

21. Ф.Абт «Хрестоматия» М.; 1998

22. Музыкалық оқулықтар 1-6 сынып бойынша 1997 ж, Атамұра баспасы.

23. Абдуллин Э. Б. Теория и методика музыкального образования

24. Г.Зейдлер «Вокальные упражнение» М., 2000 г.

25. В.Дмитриев «Искусство пения» М., 1990 г.

26. Аравин П.В. Ахмет Жұбанов.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) - қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.

Алма- Ата, 1969.

27. Арчажникова Л.Г. Профессия – учитель музыки. М., 1984

28. А. Краснощеков “Хороведение”, Москва, 1975

29. М.М.Ахметова. Ән өнеріне кіріспе

30. Н.Б.Дмитриева “Основы вокальной методики”, Москва, 1982.

31. А.С.Соболев “Речевые упражнения на уроках пения”, Москва, 1985

32. Е.Малинина “Вокальное воспитание детей”, Ленинград, “Музыка”, 1967

.



















1   2   3

  • Жеке сабақ № 13. Әлем халықтарының әндері. Орфоэпия. Орфэпиялық дыбыстармен жұмыс. Жоспары
  • Ќазаќтың
  • Жеке сабақ № 14,15 Бақылау сабақ Вокал пәнінің негізгі мақсаты
  • КУРС БОЙЫНША ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ.
  • ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ.
  • СЕМЕСТР БОЙЫНША ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
  • КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ
  • ҮЛГІ РЕПЕРТУАРЛАР: Қазақстан композиторларының әндері Б.Байқадамов
  • Ә.Епсаев
  • Л.Хамиди
  • Қ.Мусин
  • М.Илиясов
  • Г.Хамитов
  • Т.Базарбаев

  • жүктеу 0.61 Mb.