Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм

жүктеу 1.06 Mb.



жүктеу 1.06 Mb.
бет7/7
Дата23.03.2017
өлшемі1.06 Mb.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм


1   2   3   4   5   6   7

6.1 Техникалық қызмет көрсету және өрт сөндіру қондырғысын күтіп ұстау
Жүйені қолдануға дайын күйінде ұстауға, приборлар мен элементтердің зақымдануының және уақытынан бұрын істен шығуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу сумен өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты болып табылады.

Өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсету және жөндеу құрылымы келесі жұмыс түрлерін қамтиды:



  • техникалық қызмет көрсету;

  • жоспарлы ағымдағы жөндеу;

  • жоспарлы күрделі жөндеу;

  • жоспардан тыс жөндеу.

Ағымдағы қызмет көрсетуге қондырғының жоспарлы жұмысын бақылау, анықталған ақауларды жою, баптау, реттеу, босату және тексеру жатады. Ағымдағы жөндеудің көлеміне ішінара бөлшектеу, жетектерін және кабельді имараттарды ауыстыру және жөндеу кіреді. Жабдықтарды өлшеу және сынау, сондай-ақ анықталған ақауарды жою жүргізіледі. Сонымен қатар, күрделі жөндеудің көлеміне ағымдағы жөндеумен қарастырылған жұмыстар, қондырғының ескірген элементтерін ауыстыру, жабдықтардың пайдалану мүмкіншіліктерін жақсарту кіреді. Жоспардан тыс жөндеу ағымдағы немесе күрделі жөндеу көлемінде жүзеге асырылады және өрттен, апаттан кейін жабдықтардың қанағаттанарлықсыз пайдалануынан соң немесе оның алдын алу үшін жүргізіледі.

Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүргізу барысында «Өрт сөндіру және күзет-өрт дабылы қондырғыларын регламенттелген техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу туралы нұсқаулықтың» және РД 25.964-90 «ӨСАҚ, түтін шығару, күзет, өрт және күзет-өрт дабылына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің» талаптары басшылыққа алынуы тиіс. Сумен өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмысты төртінші разрядтан төмен емес слесарь-сантехниктер жүргізеді.


6.2 Өрт дабылдағышын пайдалану және техникалық қызмет етуі
Жүйелерді, кешендерді техникалық қызмет көрсету орнатылған формада периодты түрде өткізу керек.

Техникалық қызмет ету үрдісінде төмендегілерді тексеру қажет:

- монтаж орталығы, бекітпесін және аппаратуралардың ішкі көрінісін;

- хабарлағыштардың жұмыс жасауын және қабылдау-бақылау аспаптарының және құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін;

- жұқа қосылыстар орталығын;

- негізгі және резервті электрмен қамтылу көздерінің жұмыс қабілеттілігін;

- жарық және дыбыс хабарлағыштарының жұмыс қабілеттілігін;

- жүйелердің, кешендердің жалпы жұмыс қабілеттілігін.

Осы аталған жұмыс түрлерін өткізу ережелерін қазіргі заңдылықтарға сәйкес ұйымдарға және физикалық тұлғаларға ұсынылады.
Техникалық қызмет көрсету.

Техникалық қызмет көрсетудің негізгі тапсырмалары болып:

- техникалық құрылғылар дабылдағышын тұрақты қамту;

- ТҚ техникалық орталығын бақылау;

- ТҚ пайда болған жағдайларды жою, климатикалық, технологиялық және басқа жағымсыз шарттарын;

- жұмыс орындалу қорытындысы нәтижелері бойынша мәліметтер жинау, шараларды өндеу және ТҚ әдістері табылады.

Техникалық қызмет ету жоспарлы (регламенттелген) немесе жоспарсыз (техникалық корталығы бойынша).

Жоспарлы ТҚ өткізу нәтижесінде орнатылған форма негізінде журнАлға тіркеу қажет.

Жоспарсыз ТҚ мынадай кездерде өткізеді:

- күзетілетін объекттен жалған дабыл түскен кезде;

- аппаратуралар жұмыс жасамағанда;

- жағымсыз климатикалық, технологиялық немесе басқа да жағдайларды жойғанда;

- қолданыстар арызы (күзетілетін объект негізінде).
Күзет-өрт дабылдағыш құралдарын техникалық жөндеу.

Күзет-өрт дабылдағышы құралдарының жұмыс жасамауы және зақымдалуы сипатына байланысты жөндеу жұмыстарының қиындылығы ретінде келесі жөндеу түрлері өткізіледі:

- ағынды және капиталды – шлейф дабылдағышы үшін;

- орташа және ағынды – аппаратуралар үшін.

Дабылдағыштар шлейфінің ағынды жөндеуі компоненттер қатарынан шығатын бөлек құрылғыларды ауыстыру ретінде қолданылады (хабарлағыштар, орнатылған элементтер, жалғағыш желілер аймақтарында).

Дабылдағыш шлейфтерінің капиталды жөнделуі оларды әрі қарай пайдалану мүмкіндігі болмағанда немесе күзетілген объекттердің капиталды жөндеулері жағдайларында өткізеді. Сонымен қоса демонтаж және хабарлағыштарды, қосылғыш желілерді, орнатылатын элементтерді толықтай ауыстырады.

Аппаратураны орташа жөндеу оны бөлек және толық бұзу, қалпына келтіру және құрастырмалы элементтерін ауыстыру нәтижесімен аяқталады. Аппаратураларды ағынды жөндеу жеңіл түсетін элементтерінің жұмыс жасамағанын ауыстырумен аяқталады.

Қорытынды

Мениң дипломдық жобамда Маңғыстау облысындағы «Интергаз орталық Азия КазТрансГаз Бейнеу желілік өндірістік басқармасы» Акционерлік қоғамында мүмкін болатын өрттен қорғау үшін көбікті өрт сөндіру қондырғыларын қарастырдым.

ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттар, имараттар және бөлмелерді автоматты өрт дабылдағышымен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарды хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары» 71-бет 10.10.2 пунктінде көрсетілген Газды кешенді дайындау қондырғыларымен жабдықтауға болады.

Бөлменің өрт қауіптілігі және микроклиматынан шығып, сөндіру әдісі және от сөндіру құралдары түрлерін таңдауда мен сумен өрт сөндірудің спринклерлі қондырғысын қолдануды ұсындым. Жүйенің толық гидравликалық есептері өткізілді. ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 «Ғимарат пен имараттың өрт автоматикасы» сәйкес Өндірістік ғимарат түтін және жылу өрт хабарлағыштарымен жабдықталады. Көрсетілген жобада көбікті өрт сөндіру қондырғысының жұмыс жасау принципіне қойылатын талаптар қарастырылды. Өндірістік ғимараттар ішіндегі технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртібін және ережелерін орындалуын қарастырдым.Қызмет ететін және кезекші қызыметкерлер үшін өрт сөндіру қондырғысының техникалық мазмұндары бойынша нұсқамаларды жасадым. Көбік араластырғыш қондырғысын пайдалану бойынша өрт сөндірудің кейбір сұрақтарды қарастырдым. Дипломдық жобаның соңында өрт сөндіру қондырғысының автоматты жұмыс жасау принципінің жаңа тәсілін ұсындым. Бул ұсынысым өндірістік ғимараттың экономикасына тиімді деп санаймын. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі мәселелерінің шешімдерінің бірі болып табылады.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР ҚНжЕ 2.02.-15-2003. Ғимарат пен имараттың өрт автоматикасы.

  2. ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі. Астана, 2002.

  3. Эксплуатация установки пожарной автоматики . Н.Ф. Бубырь, В. П. Бабуров и др. Москва: ВИПТШ МВД СССР 1986 г.

  4. Установки пожаротушения автоматические. Справочник С. В. Собурь. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 г.

  5. Установки пожаротушения автоматические. Учебно-справочное пособие. С. В. Собурь. Москва: «Пож.Книга» 2008 г.

7. ҚР ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудың жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары. Астана, 2002.

8. «Пожарная автоматика» 2007, Журнал-каталог.

9. Шурин Е.Т., Юн С.П., Пальцев В.П. Методические указания к курсовому проектированию по дисциплине Пожарная профилактика в строительстве.-М.: ВИПТШ, 1990 - 80 с.

10. Томин С.В., Токарев В.Н. Задачник по пожарной профилактике в строительстве, М 1995 г.

11. Ройтман М.Я. Противопожарное нормирование в строительстве, М/С 1998 г.

12. С.В. Собурь. Справочник «Установки пожаротушения автоматического М., Спецтехника 2001 г.-399 с.

13. Гидравлика и противопожарное водоснабжение. Кошмаров Ю.А. М. 1985 г.

14. Справочник. Пожаро-взрывоопасность веществ и материалов и средства их тушения. Под редакцией А.Н. Баратова и А.Я. Корольченко. М. «Химия», 1990 г.

15. С.В.Собурь, Установки пожаротушения автоматические. Учебное-справочные пособие.-5-е изд. (перераб.).-М., ПожКнига, 2008.-312с.

16. Пожарная техника. Часть II. Пожарное оборудование/Н.М.Дэнкас, К.И.Кравченко, Н.Д.Шебеко и др.-М.: ВНИИПО, 1997.-200с.

17. В.Г.Григорьев, В.И.Горячев, Т.П.Кузнецова. Инженерная графика. –Ростов н/Д: Феникс, 2004.-416с.

18. СНиП РК 04.01.02-2001 «Водоснабжение. Наружные сети и сооружения»

19. Бубырь Н.Ф. «Установки автоматической пожарной защиты» М.Стройиздать.1979г.

20. Будасов Б.В. «Строительное черчение», М.Стройиздать 2002г.



21. Грушевский Б.В. «Пожарная профилактика в строительстве»,

М. Стройиздать, 1989г.
1   2   3   4   5   6   7

  • 6.2 Өрт дабылдағышын пайдалану және техникалық қызмет етуі
  • Техникалық қызмет көрсету.
  • Күзет-өрт дабылдағыш құралдарын техникалық жөндеу .
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі

  • жүктеу 1.06 Mb.