Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм

жүктеу 1.06 Mb.



жүктеу 1.06 Mb.
бет6/7
Дата23.03.2017
өлшемі1.06 Mb.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм


1   2   3   4   5   6   7

4.5 Автоматтандырудың көлемі
- Компрессорлық:

Әрбір компрессор компрессорлық залда орнатылған «Murphy» бақылау және басқару шкафында орналастырылған «Centurion» контроллер базасында басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған.

- компрессорлардың апат алды көрсеткіштерінде компрессорларды ажыратуды және мониторингті қамтамасыз ететін «Murphy» басқару панелі;

- компрессордың апаттық жағдайда тоқтағаны кезінде газды автоматты түрде шамшыраққа шығару;

- компрессорларды іске қосу кезінде және бос жұмыс істеу режимінде шуылды төмендету мақсатында компрессорлық тапсырыс түрінде шығарылатын газды атмосфераға жергілікті ығыстыру;

- компрессорлық ғимаратта өрт сөндіру жүйесі;

- газталдау жүйесі, газдануды бақылау жүйесінің міндеттері болып табылады:

• технологиялық жүйелерден газдың шығуын автоматты түрде анықтау (20% және 50% НКПР);

• персоналға газ детекторлары арқылы ақпаратты шоғырландыру (сәулелі/дыбыстық дабыл);

• 50% НКПР кезінде барлық айналатын жабдықтарды автоматты түрде тоқтату.

Жүйе компрессорларды және қосалқы жабдықтарды басқару және қорғау үшін арналған.

Басқару шкафынан компрессорды локалды басқару жүргізіледі:

- жабдықтардың жұмысын басқару;

- жабдықтың ақауы туралы технологиялық дабылдау;

- басқарудың алгоритмін орындау және технологиялық бөлшектердің жетектеріне басқарушылық ықпал етуді шығару;

Келтірілген қызметтер келесі операциялардың негізінде жүзеге асырылады:

- датчиктерден және қайта құрылымдаулардан ақпарат алу;

- ақпаратты алғашқы өңдеу;

- өлшеуіш арналарының ахуалын бақылау;

- төменгі деңгейдің RS-485 «Modbus» желісі арқылы орталық процессормен ақпарат алмасуды қолдау;

RS-485 «Modbus» арнасы арқылы басқару шкафы операторлықтағы контроллермен және компрессорлық станциядағы АРМ операторымен байланысады.

- Операторлық:

Операторлық залда қоректену шкафы, контроллер шкафы, газталдау шкафы, өрт дабылының панелі, оператордың және қондырғы инженерінің жұмыс орны бар. Автоматтандырылған жұмыс орындары экрандарының орналасуы үдерісті көзбен бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

5. Өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
ҚР ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудын жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары 71-бет 10.10.2 пунктінде көрсетілген Газды кешенді дайындау қондырғылары.
Автоматты өрт сөндіру қондырғылары:
Динамикалық жабдықтары бар, ырықсыз жаққымай жүйесі бар А және Б санаттарының жабық блоктық құрылғылары және ашық отты бар блоктық құрылғылар (қазандықтарды қоспағанда), сауытының бірлік сыйымдылығы 5 м3-тан жоғары және еденнің ауданы 100м2-тан жоғары тұрақты емес газ конденсаты немесе сұйытылған көмірсутекті газдардың сорғы, сығымдағыш бөлмелерінің жабық блоктық құрылғылары – көбік, газ немесе ұнтақпен өрт сөндіру жуйесімен.
5.1 Көбікті өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану

Қазіргі кезде  газ орындарында өрт сөндіргіш құрал ретінде өрт сөндіруші көбік жүйелері (ӨКЖ) маңызды орынға ие. Бұл өрт сөндіруші берілген затының тиімділігіне байланысты болып келеді. Қазіргі уақытта барлық қолданылатын өрт сөндіруші құралдарының ішінде өрт сөндіруші көбіктер өндірістік – дамыған шетелдерде қолданылуы 80% құрайды, ал Қазақстанда болса бұл көрсеткіш 5 – 10% аспайды. Біздің елімізде көп жағдайда су қолдана береді. Ал КазТрансГаз Бейнеу желілік басқармасында көбікті өрт сөндіргіш құралдары қолданылады. Көбік - түрлі заттарды сөндіретін ең таралған және ең ыңғайлы құрал. Бұл, көбіктің бір уақытта салқындатқыш және оқшаулағыш болып табылатынын түсіндіреді. Көбіктің салқындатқыш әрекеті көбік қабатының бұзылуынан кейін де қайта тұтануын болдырмауға мүмкіндік береді. Көбіктің от сөндіргіш эффектілігі физико-химиялық параметрлердің жиынтығымен анықталады. Тағайындалу қасиеттеріне байланысты көбік оқшаулағыш қабілетті, термиялық тұрақты, сыбайлас, қысқалықты, өз бетімен ағатын және т.с.с. болуы мүмкін. Бұл қасиеттерді қамтамасыз ету көбік түзгіш ерітіндісінің құрамын және көбікті алу әдісін таңдаумен жүзеге асырылады.

Химиялық көбіктің жоғарғы от сондіргіш қасиетіне қарамастан, оның қолдануында біршама кемшіліктер болды:

-көбікті алуға қажетті көбікұнтақгенератордың үлкен шығыны ;

-көбік берген кезде үлкен қарқындылық және ұзақ сөндіру уақыты ;

-ұнтақтың көбікгенераторларға енгізу процесінің механизациялауының мүмкін еместігі;

-өрт техникасына қызмет етуге көп адамның жұмылдыруы;

-эжекторлардан көбікгенераторлық көбікке судың тиюы нәтижесінде жұмыстың жиі тоқтап қалуы;

-алынатын көбіктің төмен қысқалықтығы;

-су температурасының төмендеуінен көбіктүзгіш қасиеттерінің нашарлануы;


5.2 Бастапқы өрт сөндіру құралдары
Бастапқы кезеңде шамалы өрт ошақтарын жою үшін ықшамдалған өрт сөндіргіш пайдаланылады. Қызмет көрсететін персоналмен қолмен іске қосылатын мұндай өрт сөндіргіштер тұтану ошағын өрт қызметі келгенге дейін өшіреді. Ықшамдалған құрғақ ұнтақты АВС сыныпты өрт сөндіргіштері технологиялық жабдықтарда көмірқышқыл газы бар орындарда қойылады. Ықшамдалған СО2 өрт сөндіргіштері көбік және құрғақ ұнтақпен зақымдануы немесе ластануы мүмкін болатын жабдықтарымен алаңда қойылады. Өрт сөндіргіштердің үлгілері сөндіруге жататын материалдан жасалуына қарай таңдалады. Сонымен қатар, ұсақ өрт ошақтарын жою үшін кешеннің алаңына өрт инвентарі бар өрт қалқаны орнатылады. Әрбір өрт қалқаны келесідей өртке қарсы инвентармен жабдықталады:

Көмір қышқылды өрт сөндіргіш – 1 дана;

Құмы бар жәшік – 1 дана;

Тығыз төсем (киіз), көлемі: 2х2 метр -1 дана;

Күрек – 2 дана;

Багор – 2 дана;

Балта – 1 дана;

Өрт шелегі – дана.

ППБC РК-10-98 құжатына сәйкес, өнеркәсіп кешенінің аумағы 5000м² дейін ауданға бір қалқан есебінен өрт қалқанымен қамтамасыз етіледі.
5.3 Автоматты көбікті өрт сөндіру қондырғыларының әрекет ету принцпі
Машина залының газ айдау агрегатында өрт болған жағдайда дпс-038 дабылдағышы операторлық үй-жайында орналасқан қабылдау бақылау құрылғысына дабыс сигналын береді. Автоматты түрде көбікті өрт сөндіру насосы іске қосылады. насос станциясында орналастырылған көбіктүзгіш сыйымдылығы 4м3, көбікті өрт сөндіру насосы дазатор арқылы сыйымдылығы 50м 3, сумен араласып машина залында орналасқан көбік генераторына береді.

Бұл өндірістік ғимаратта көбік генераторы яғни КАГ-600 орналасқан. Барлық көлікте 2 дана КАГ-600 оқпаны орнатылған. Оны алу үшін құрамы 6 % «Рауан - 6 Ц» көбік араластырғышы қолданылады.




Көбік араластырғыш генераторы (КАГ) - 600


Көбік шығыны л/с

600

Көбік еселігі

80-100

Шашырату алдындағы қысым (мПа)

0,4-0,6

Суда көбік араластырғыш құрамының шығыны (л/с)

5-6

Көбік беру ұзақтығы (м)

10

Жалғағыш бастиегі (мм)

70

Габритті өлшемі (мм)

610х350

Салмағы (кг)

4,5


Көбік араластырғыш шығыны :

Көбіктүзгіш бойынша – 0,36

Су бойынша – 5,64

Көбік бойынша – 36

От сөндіргіш көбіктер химиялық және ауа-механикалық деп бөлінеді. Химиялық көбікті қышқылды сілтімен нейтрализациялау нәтижесінде алады. Осы көбіктің көпіршіктерінің сыртқы қабаты тұздардың сулы ерітіндісінен және көбік түзуші заттардан тұрады. Химиялық көбікті сирек қолданады.

Газ өнімдерін және кейбір қатты жанғыш заттарды сөндіру негізі ауа-механикалық көбік болып табылады (АМК). Көбік қабықшалы дисперсты жүйені құрайды, сұйықтың жұқа қабықшаларымен бөлінген газ немесе ауа көпіршіктерінің массасынан тұрады. Сол сияқты бұндай жүйе сұйықтықтағы концентрацияланған эмульсия деп аталады, құрамында кем дегенде 75% газ. Газдың көп мөлшерде енгізілуінен қабықшалар созылады және олардың қалыңдығы төмендейді. Газ көпіршік қабырғасын үзбеу үшін, ол өте төзімді болуы тиіс.

Көбік түзгіш ерітіндісін ауамен араластыру нәтижесінде АМК алынады.

Алынған от сөндіргіш көбік келесі негізгі көрсеткіштермен сипатталады:

-тұрақтылығы (белгілі уақыт аралығында көбіктің бұзылуға қарсы тұруы);

-қысқалықтылығы (көбіктің көлемі сұйықтың бастапқы көлемінің қатынасына);

-тұтқырлығы (беттік бойынша көбіктің таралу қабілеттілігі);

-дисперстілігімен (үгілу дәрежесі, яғни көпіршік өлшемдерімен).


5.4 Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі
Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын (жүйелерін) монтаждау-іске қосу жұмыстарының сапасы мен сәйкестігін өрт сөндіретін сорғыш станциясынан тексеру ұсынылады

Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексеру кезінде қызметкер:

1) өрт сөндіру станциясының көлемдік-жоспарлау шешімдерінің орналасуын, сондай-ақ жобалық құжаттамаға сәйкестігін;

2) өрт сөндіретін сорғыш станциясының үй-жайынан тікелей сыртқа немесе сыртқа шығатын жолы бар саты торына шығу жолының болуын;

3) сорғыш станциясы үй-жайларының өзге де үй-жайлардан отқа төзімділік шегі кемінде 0,75 сағат өртке қарсы қалқалармен және далдалармен бөлінуін;

4) өрт сөндіру бекетінің үй-жайымен телефон байланысының болуын;

5) сорғыш станциясының үй-жайына кіретін жерде «Сорғыш станциясы» деген жарықтандырылған таблоның болуын;

6) келтеқұбырлары сыртқа шығарылған және өрт сөндіру қондырғысын жылжымалы өрт техникасына қосу үшін қажетті қосқыш бастиектермен жабдықталған құбырлардың болуын;

7) құбырда резервуарды өрт сөндіргіш затпен толтыратын ысырмалардың болуын;

8) резервуарлардағы (сыйымдылықтардағы) өрт сөндіргіш заттардың деңгейін көзбен бақылау үшін өлшеуіш рейкасы бар бақылау-өлшеу жабдығының болуын;

9) сорғыштардың, технологиялық және электр техникалық жабдықтың жобаның жұмыс сызбаларына сәйкес орналасуын;

10) есептік шығын мен тегеурінді немесе импульстік құрылғыны қамтамасыз ететін автоматты су сіңіргіштің болуын;

11) тиісті қысымда құбырлардың қосқыштарының герметикалығын және олардың арматураға және аспаптарға дұрыс қосылуын;

12) сорғыштарды қолмен тоқтату құрылғыларының болуын;

13) мынадай:

а) негізгі және резервтік кіру жолдарында электрмен жабдықтау және фазалардың жерге (шақыру бойынша) тұйықталу кернеуінің болуы туралы;

б) сорғыштарды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;

в) резервуарда авариялық деңгей туралы;

г) дренаж құрылғысындағы авариялық деңгей туралы;

д) электр басқару желілерінің дренчерлік қондырғылардың қозғаушы құбыр желілерінде орнатылған электр жетегі бар тиек құрылғыларымен зақымдануы туралы жарықты дабылдың болуын және оның жұмыс қабілетін;

14) басқару тораптарында мыналар:

а) тораптың атауы мен оның нөмірі;

б) бағыт нөмірі;

в) қорғалатын үй-жайдың атауы;

г) суландырғыштардың типі мен саны;

д) өрт сөндіру қондырғысының принципті сызбасы мен байламның функционалдық сызбасы;

е) өрт сөндіргіш затты беру бағыттары,

ж) қондырғыны іске қосу тәсілі көрсетілген тақтайшалардың болуын;

15) қондырғыларды басқару тораптарының қызыл түске боялуын,

16) электр техникалық жабдығының ЭҚОЕ талаптарына сәйкестігін;

17) монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасын тексеруі қажет.

Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексерумен қатар қызметкер су сақтауға арналған резервуар (сыйымдылық)жобалық құжаттамада көрсетілген көлемге сәйкестігін тексеруі қажет.

Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексеруді аяқтағаннан кейін қызметкер егер жобалық құжаттамада үй-жай қарастырылса, қондырғылардың жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналмен үй-жайды тексереді.

Қызметкер қондырғылардың жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналмен тексеру барысында қызметкер мыналарды:

а) қондырғының іске қосылғаны туралы (бағыттары бойынша айқын жазылған);

б) сорғыштарды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;

в) қондырғының жарамсыздығы туралы (жалпы сигнал – автоматты су сіңіргіште немесе импульстік құрылғыда қысының түсуі туралы, резервуардағы немесе дренаж құрылғысындағы су деңгейінің авариялық деңгейі туралы, тиек құрылғыларымен электр басқару желілерінің зақымдануы туралы, электрмен қамтамасыз етудің негізгі бөлігінде кернеудің жоғалуы туралы);

г) электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы дабылды қамтамасыз ететін жарық және дыбыс дабылының болуын және оның жұмыс қабілетін тексеруі қажет.

Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау барысында қызметкер барлық үй-жайларға тексеріс жүргізуі қажет. Тексеру кезінде мыналарды:

1) үй-жайлардың жобалық құжаттамаға сәйкес жарақталуын;

2) құбырларды қосқыштардың герметикалығын;

3) құбырлардың бекітілуі және сенімділігін;

4) суландырғыштардың нормативтік құжаттардың талаптарына, жобалық құжаттамаға, дайындаушы зауыттың паспорттық деректеріне және суландыру картасына сәйкес орналасуын;

5) суландырғыштарда майысқан жерлерінің, сызаттардың және оның сенімді жұмыс істеуіне әсер ететін өзге де ақаулықтардың болмауын;

6) суландырғыштардың механикалық зақымдану қаупі бар жерлерін арнайы қорғағыш торлармен қорғалуын;

7) бір қорғалатын үй-жай шегінде бір диаметрлік шығыңқы тесігі бар суландырғыштардың орнатылуын қарауы қажет.

Ішкі өрт крандарын қоректендіретін спринклерлік су толтыратын қондырғыларға орналастыру кезінде:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, «Ішкі су құбыры және канализация» ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 сәйкес ғимарат үшін бір ағысқа ішкі өрт сөндіруге қажетті ағыс мөлшері мен су шығынын орнатып, тексеру;

2) өрт шкафтарының орнатылуын, олардың өрт жеңдерімен, қосқыш бастиектермен, оқпандармен, қол өрт сөндіргіштермен жарақталуын тексеруі қажет.

Өрт жеңінің ұзындығы, өрт оқпаны ұшының шашырату диаметрі жобалық құжаттамаға және нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.

Тексеріс барысында суландырғыш қорын тексеру қажет, ол қондырғының бөлу құбырларындағы жөнделген құбырлардан кемінде 10%, сондай-ақ көбікпен өрт сөндіру қондырғылары үшін екі есе көбік түзгіш қорын құрауы қажет.

Тексерісті аяқтағаннан кейін қондырғының электр басқару құралын тексеріп, оның:

1) жұмыс сорғышын автоматты іске қосуды;

2) белгіленген іске қосу уақыты аралығында жұмыс сорғышының өрт сөндіру режимін іске қосудан бас тартуының немесе шықпауының резервтік сорғышын автоматы іске қосуды;

3) тиек арматурасын электр жетектерімен автоматты басқаруды;

4) басқару тізбектерін жұмыс көзінен электр энергиясымен қоректендірудің резерв көзінен автоматты ауыстырып қосуды қамтамасыз ететініне көз жеткізу қажет.


5.5 Менің ұсынып отырған жұмысым «өрт сөндіру қондырғысының автоматты жұмыс жасау принципі»
Менің ұсынысымның мақсаты өндірістік ғимараттың газ айдау агрегатында өрт болған жағдайда тек сол өрт шыққан агрегатты ғана сөндіруге бағытталған жұмыс болып табылады.

Ол келесі принцип бойынша жізеге асырылады:

Автоматы көбікті өрт сөндіру қондырғысының жұмыс істеу принципі керсетілген. Мұнда автоматы су кабылдағышқа су кұйылып оның үштен бір бөлігіне компрессор аркылы ауа толтырылады, сондыктан бүкіл кұбыр бойымен КАГ - 600 ге дейін жоғары кысымда су тұрады. Өрт болған жағдайда сол жердегі температура 150 0 С көтерілгенде жылулық өрт хабарлағышы жұмыс істейді, белгілі бір уақыттан кейін автоматты су қабылдағыштағы қысым азаяды да, су қоректендіргіш автоматты басқару шкафына сигнал беріліп, одан басқару және бақылау шкафына сигнал беріледі.

Ол автоматты түрде негізгі қоректендіргіш сорғышты іске қосады, қоректендіргіш сорғыш негізгі құбыр арқылы резервуардан суды алып негізгі құбыр арқылы өрт ошағына береді.

Белгісіз бір себептермен негізгі сорғыш іске қосылмай қалған жағдайда бірнеше секунттан кейін сақтық қосымша сорғыш іске қосылады. Қосымша сорғыш негізгі құбыр көзі арқылы резервуардан суды алып шашыратқыш арқылы өрт ошағына береді. Резервуардағы су деңгейі төмендеген жағдайда қалытқы төмен түсіп орталық су құбыры арқылы резервуарға су үзіліссіз келіп тұрады.

Егер 10 минут ішінде өрт жойлымаған жағдайда қолмен басқару тетігі арқылы дистанционды жүйе қайтадан іске қосылады.

Өрт өшкен соң құбырды және автоматы су кабылдағышты сумен толтыруға арналған сорғыш көмегімен, қоректендіргіштің үштен бір бөлігін компрессор арқылы ауамен толтырамыз. Резервуарға негізгі құбыр арқылы белгілі деңгейге дейін су толтырылады да, қондырғы кезекші жағдайға койылады.
5.6 Ұсынылған жоба іс-шараның экономикалық тиімділігін бағалау
5.6.1 Жұмыстың қауіпсіздігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, пайдаланылғын шығындар
От тосқауылды қондыру, апаттық құйын алу, жеңіл түсірілетін құрылымның ұлғаюының пайдаланылған шығындары.

Пайдаланылған шығындарды мына формула арқылы анықтауға болады:


См – материалға кеткен шығындар және бір қалыпты пайдалануға керекті материалдар.

Сзп – қызмет еткен адамдардың төлем ақысына кеткен шығындар.

N – бөлек лауазымды топтың саны;

3 осн – негізгі төлем ақысы;

Здоп – төлем ақыға қосымша пайызды төлем;



Qcc – пайызда анықталған арнайы сақтандыру;

Са — амортизационалды алып тастау.

Өрттен болған экономикалық зиян.

Келесі жағдайға дейін анықталатын зиян:

а) егер салыстыру база ретінде еңгізілмей-ақ нысанның көшіру шарттары қабылданса, мұндай жағдайда өрт келтірген зиянның ауқымы өрттің 0,75 сағ. уақытында бос жануынан саналады;

б) еңгізілген нұсқа үшін от орта есеппен санағанда өрт сөндірудің қызметкерлері келгенше 10 мин уақыт бос жанады.

Экономикалық нәтижеліліктің қосымша көрсеткіштері негізгі көрсеткіштердің болмаған жағдайда не негізгі көрсеткіштердің салыстыру нұсқалары болар-болмас айырмашылықтар кезінде қолданылады.

Капитал салудың салыстырмалы экономикалық нәтижелілікті екі нұсқаны салыстырған кезде, яғни, көшіру жолдарына кеткен шығындарды үнемдеу мен капитал шығындарын үнемдеуді салыстыру жолдары арқылы анықталады.

Бұл мына формула арқылы анықталады:

Е - капитал салудың салыстырмалы нәтижелілігінің коэффиценті


1 жыл;


Ен — капитал салудың экономикалық нәтижеліліктің нормативті коэффиценті, 0,15;

С1, С2 - салыстыру нұсқалар негізіндегі тапсырыс берген адамның көшіру жолдарына кеткен шығыны;

У 1 У2 – салыстыру нұсқалар негізіндегі өрттен болған зиян.

Егер еңгізудің құрылуы қосымша капитал салумен байланысты болса, салыстырмалы экономикалық нәтижелілігінің қайтымды коэффицентінің көлемі болатын нәтижеліліктің бағасымен өтімділіктің мерзімімен сипатталады.

Т – жылдағы өтімділік мерзімі, Тн – салалық нормаларды қабылдайтын өнімділіктің нормативті мерзімі, олар болмаған жағдайда 8,3-ке тең.

Екі нұсқаны салыстырғанда өрт автоматикасын еңгізу құрылымы бір жылдың ішіндегі экономикалық нәтижеліліктің көлемі мына формула арқылы анықталады.


Өрт автоматикасының 2 үлгісін слыстырмалы түрде алғанда:

Эг— экономикалық нәтиже;

Вг - В=1 құрылымның обьектіде еңгізу жағдайына байланысты обьект немесе салаларда құрылымның еңгізуінің жылдық көлемі.



5.6.2 Нұсқаларды салыстыру және экономикалық нәтижені таңдау
Негізгі көрсеткіштердің көлемін анықтап болған соң, экономикалық нәтижеліліктің нұсқасын таңдау анализіне көшеміз. Қолданбалы типтік әдістеме бойынша бұл таңдау салыстырған екі нұсқаның бірінің келтірілген шығындардың ең кеміне негізделеді.

Экономикалық нәтижеліліктің нұсқаларын анықтауы Ен и Тн –нің нормативті мағыналармен салыстырған қорытындыға негізделеді.

Шешімнің экономикалық негізделген нұсқасын анықтағаннан кейін экономикалық нәтижеліліктің жылдық көлемін есептеуге болады.

С1 – бірінші нұсқасында 700 000 т. сәйкес келетін инженер-техникалық шешімнің жүзеге асу ортаның ағымдағы шығындары;



ЕН - 0,15 тең капитал салушының салыстырмалы экономикалық нәтижеліліктің коэффициенті;

К1 – 1400000 т. тең бірінші нұсқадағы капиталдық шығындар;

С2 - екінші нұсқадағы 300000 т. тең инженер-техникалық шешімнің жүзеге асу ортаның ағымдағы шығындары;

У12 - өрттен болған материалды зиян;

У1-100000 тн.

У2-182800 тн.

К2 - 198000 т. тең екінші нұсқа бойынша капиталдық шығындар;

Вг – 1-ге тең жаңа инженер-техникалық шешімнің тәжірибеге еңгізудің жылдық көлемі.


Э г = [( С1 Ен × К1 У1) – (С2 Ен × К2 У2 )] × В2 =
[(700 000 0,15 × 1400000 100000)] –
[(300000 0,15 × 198000 182800)] × 1= 497500 тг
Алынған көлем бойынша екінші нұсқаның өртке қарсы қорғаныста бірінші нұсқаға қарағанда анағұрлым үнемді әрі нәтижелі екенін байқаймыз.

6. Техникалық қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар

Осы жоба келесі құжаттарда баяндалған қауіпсіздік шараларының талаптарына сәйкес әзірленді:

Тұтынушылардың электрқондырғыларды техникалық пайдалану ережесі;

Тұтынушылардың электроқондырғыларды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесі;

Өрт сөндірудің автоматты жүйесіне қатысты бөлігінде белгіленген мерзімде бекітілген қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттама;

ӨСАҚ-ға пайдалану құжаттамасы.

Техника қауіпсіздігін сақтау қондырғыны пайдалану кезіндегі қауіпсіз жұмыстың қажетті талабы болып табылады. Техника қауіпсіздігін бұзу бақытсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Қызмет көрсететін персонал техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе жалпыламалы нұсқаулықтан және жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне арналған нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысын атқаруға жіберіледі. Кіріспе нұсқаулығы жұмысқа жаңадан қабылданғандардың барлығымен жүргізіледі. Нұсқаулық беру кезінде мамандығы бойынша сол жұмыс орнындағы міндеттерімен таныстырылады. Нұсқаулықтан өту техника қауіпсіздігінің журналында көрсетіледі.

Сумен өрт сөндіру қондырғысын пайдалану «Сумен өрт сөндіру қондырғысын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі. Сулы өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталған объектіде жұмыс атқаратын персонал көрсетілген қондырғының бар екендігі туралы хабардар етіледі, оның жұмыс істеу қағидасы мен қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулық беріледі. Қондырғыны пайдалану кезінде оның элементтерінің дұрыс жұмыс атқарып тұрғандығын қадағалау қажет. Ол үшін дабыл құралдарының дұрыстығын бақылау керек. Қондырғыны жөндеу қондырғыны пайдалануға жауапты тұлғаның ұдайы қатысуымен жүргізіледі.

Өрт орын алған жағдайда қорғалатын жайдан шығу жолдары көрсетілуі тиіс, шығу жолдары әрдайым бос болады.

Қондырғыны пайдалану кезінде келесі ережелерді орындау қажет:

Жабдықты құрылымдаумен/қайта құрылымдаумен байланысты болатын жөндеу жұмыстары жөнделетін бөлшекте қысымның жоқ кезінде жүргізілуі тиіс;

Тоқөткергіш элементтерге жақын орналасқан құбырларды тазалауға және сырлауға рұқсатнама рәсімдеумен қатар олардан қысымның алынуы кезінде ғана рұқсат етіледі;

Гидравликалық сынақ жүргізумен айналысатын тұлғалар сынақ барысында қауіпсіз жерлерде немесе арнайы қарастырылған экранның сыртында болуы тиіс;



  • құбырларды гидравликалық және пневматикалық сынау ережелеріне және талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс;

  • жұмыс істеп тұрған кезде қозғалтқышты майлауға және механизмдердің қозғалатын бөлшектерінің бұрандамаларын бұрауға рұқсат етілмейді;

  • басқару бөлшектері орналасқан жайда техника қауіпсіздігі туралы нұсқаулық және плакаттар ілініп тұруы тиіс;

  • электржабдықтарды жөндеу жөніндегі жұмыстар электрқоректенуден ажыратылғаннан кейін ғана жүргізіледі;

  • реттеу, жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде қондырғы тұтынушыларының қоректену сұлбасын мұқият зерделеу және қажетті қондырғыларды тоқтан ажырату қажет;

  • электржабдықтармен жұмыс атқару кезінде диэлектрлі төсемдер және қолқаптар болуы тиіс;

  • оқшаулаудың зақымдануынан орын алуы мүмкін болатын электржабдықтың барлық қажетті бөлшектері жерлендірілуі (нөлденуі) тиіс. Қорғаныс жерлендіру (нөлдендіру) ПУЭ-ға сәйкес жүргізіледі.


1   2   3   4   5   6   7

  • Автоматты өрт сөндіру қондырғылары
  • 5.1 Көбікті өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану
  • 5.2 Бастапқы өрт сөндіру құралдары
  • 5.3 Автоматты көбікті өрт сөндіру қондырғыларының әрекет ету принцпі
  • Көбік араластырғыш генераторы ( КАГ ) - 600
  • Көбік араластырғыш шығыны
  • 5.5 Менің ұсынып отырған жұмысым «өрт сөндіру қондырғысының автоматты жұмыс жасау принципі»
  • 5.6 Ұсынылған жоба іс-шараның экономикалық тиімділігін бағалау 5.6.1 Жұмыстың қауіпсіздігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, пайдаланылғын шығындар
  • 5.6.2 Нұсқаларды салыстыру және экономикалық нәтижені таңдау
  • 6. Техникалық қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар

  • жүктеу 1.06 Mb.