Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм

жүктеу 1.06 Mb.



жүктеу 1.06 Mb.
бет3/7
Дата23.03.2017
өлшемі1.06 Mb.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар камитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм


1   2   3   4   5   6   7

1.5 Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жылыту және желдету жүйелерiн күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

     Жылыту және желдету жүйелерi дұрыс жұмыстық күйiнде болуға тиiс. 


Жылу өндiретiн аппараттардың жану өнiмдерi өндірістік ғимараттар мен құрылымдар шетiне осы мақсаттар үшiн арнайы тағайындалған түтiн арналары арқылы жойылуы қажет. Түтiн арналары ретiнде желдету жүйесiнiң ауа арналарын пайдалануға тыйым салынады.  
     Түтiн арнасының құрастырылымында оларды күйеден кезеңдiк тазартуға арналған технологиялық тесiктер қарастырылуға тиiс. 
      Жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн еден астындағы алшақтық кеңiстiгiмен қосуға тыйым салынады. 
      Жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн жертөлелiк және цокольдық үй-жайлармен қосуға жанбайтын материалдардан жасалған арналар көмегi кезiнде ғана рұқсат етiледi.  
      Қатты отынмен жұмыс iстейтiн жылу өндiргiш аппараттардың от жағатын есiгi астындағы жанғыш материалдардан жасалған еден пеш жанындағы оның ұзындығында орналасқан тесiктерсiз 0,5 х 0,7 м кем болмайтын өлшемдегi оттық алдындағы металл табақпен қорғалған болуға тиiс.  
      Қаңқалы пештер астындағы жанғыш едендер балшық ерiтiндiсiне көлденең төселген кiрпiштердiң бiр қатарымен немесе үстiнде төбе жабатын болаттан жасалған қаптамасы болатын, қалыңдығы 12 мм кем болмайтын таскендiр картонмен оқшаулануға тиiс, мұндайда пеш түбiнен еденге дейiнгi арақашықтық 100 мм кем болмауы керек. 
      Сұйық отынмен жұмыс iстейтiн аппараттар апаттық төгiлу кезiнде отын бәгiнде болатын отынның барлық мөлшерiн араластыратын металл тұғырыққа орнатылуы керек. Аталған тұғырық құммен немесе басқа жанбайтын аптағышпен толтырылуға тиiс.  
      Сұйық, қатты және газ тәрiздi отынмен жұмыс iстейтiн жылу өндiргiш аппараттардың бұзылмаған есiктерi және жанғыш құрастырылымдардан нормалармен белгiленген өртке қарсы өңдеулерi болуы (жылжулар) қажет. 
    Жылыту қазандықтары мен жылу өндiргiш қондырғылардың әрбiр бүрiккiшiне арналған отын жетегiнде екеуден кем болмайтын шұрасы болуы керек: бiреуi — пештiң оттығы жанында, екiншiсi - отын салынған сыйымдылық жанында. 
      Қандай да бiр бұзылуы немесе бүлiнуi (оның iшiнде жылу беретiн беттердегi күюлер және жарылулар) болатын жылу өндiргiш аппараттарды пайдалануға тыйым салынады.  
      Жылыту пештерi мен жүйелерiнiң түтiн құбырлары, түтiндiктерi және басқа элементтерi тiкелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ көлемiнде: 
      1) үш айда бiр реттен кем болмай - жылыту пештерi үшiн; 
     2) екi айда бiр реттен кем болмай - үздiксiз әрекеттегi пештер мен ошақтар үшiн тазартылуға тиiс. 
      3) жабдықты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрiздi) отын ретiнде қолдануға
      4) отынның берiлу жүйелерiнен сұйық отын аққан немесе газдың кемуi кезiнде жылу өндiргiш қондырғыларды пайдалануға;  
    5) жанбайтын бүрiккiштер немесе газды жанарғылар кезiнде оттықтарды алдын ала үрлеусiз қондырғыны жағуға және отын беруге;  
  6) бақылау және реттеу аспаптарының құрастырылымында қарастырылған жылу өндiргiш қондырғылар болмаған, бұзылған немесе сөндiрiлген кезде жұмыс iстеуге;   
      7) жанғыш материалдарды от қазандықтарында немесе бу өткiзгiштерде кептiруге тыйым салынады. 
      Жылыту жүйесін пайдалану кезiнде: 
     1) жылыту жүйесін қараусыз қалдыруға;  
     2) жағу үшiн дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды жылыту жүйесінің алдындағы табаққа орналастыруға;  
    3) қатты жағылатын жылыту жүйесін жағу үшiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға
     4) жылыту жүйесін пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрiздi) отын ретiнде қолдануға; 
     5) пештi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта белгiленген уақыттан артық жағуға; 
   6) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киiм, жұмыс киiмдерін) жылыту жүйесінің үстерінен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептiруге тыйым салынады.  
      Жылыту жүйесінің оттығынан алып шыққаннан кейiнгi қыздырылған және бықсыған материалдар болатын күл және қож өрттiң туындау мүмкiндiгiн болдырмайтын, олар үшiн арнайы қашықтатылған жерге әкетiлiп, су құйылуы керек.  
      Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды жылыту жүйесі оттығының саңылауларына дейiн 1,25 м болатын және жылыту жүйесінің басқа қыздырылатын бөлiктерiне дейiн 0,7 м кем болатын арақашықтықта орналастыруға тыйым салынады.  
      Қатты отынмен жұмыс iстейтiн от қазандығы қондырғыларының түтiндiк құбырлары осы мақаланың талаптарына сәйкес ұшқын сөндiргiштермен жабдықталуға және күйеден тазартылуға тиiс.  
      Ауаарналардағы автоматты от тұтқыш құрылғылар (қалқалағыштар, сұқпажапқыштар, клапандар), автоматты өрт сигналын беретiн немесе өрт сөндiру құрылғылары болатын желдету жүйелерiнiң бұғаттау құрылғылары, өрт кезiнде желдетудi автоматты сөндiру құрылғылары дұрыс күйiнде ұсталуға тиiс. 
      Автоматты от тұтқыш құрылғылар жетегiнiң сезiмтал элементтерi (тез балқитын құлыптар, тез жанатын өндiрмелер, жылу сезгiш элементтер) ластанудан тазартылған болуы керек.  
      Отын (өздiгiнен лапылдап жанатын көмiр, газ) осы үшiн арнайы бейiмделген өндірістік ғимараттарда немесе жанатын құрылыстардан 8 м жақын болмай орналасқан, арнайы бөлiнген алаңдарда сақталуға тиiс.  
      Зауытта дайындалған пештердi кәсiпорынның жатақхана, әкiмшiлiк, қоғамдық және қосалқы ғимараттарының үй-жайларында, тұрғын үйлерде орнатқан кезде, дайындаушы-кәсiпорынның өнiмнiң осы түрлерiне арналған нұсқаулық талаптары, сондай-ақ жылыту жүйелерiне қойылатын жобалау нормаларының талаптары орындалуға тиiс.  
      Уақытша жылыту жүйесін жүргізу кезінде, мынадай өрт қауiпсiздiгi талаптары сақталуы керек:  
      1) Жылыту жүйесінің жанғыш материялдардан биiктiгi 0,2 м кем болмауы керек; 
   2) Жылыту жүйелері мыналардан кем болмайтын арақашықтықта орнатылуға тиiс: 
      0,7 м - лапылдап жанудан қорғалған құрастырылымдардан; 
      1,25 м - оттық саңылауларынан бастап ағаш құрастырылымдары мен басқа жабдықтарға дейiн. 
      Металл түтiндiк құбырларды терезе арқылы шығарған кезде, оған өңдеудi ауыстыратын өлшемi түтiндiк құбырдың үш диаметрiнен кем болмайтын төбе жабатын темiрден жасалған жайма қоса салынуға тиiс. 
     Құбырдың ұшы ғимараттың қабырғасына 0,7 м кем болмай орнатылып, биiктiгi 0,5 м қысқа құбырдан жоғары бағытталуы қажет.  
      Жоғарғы қабаттан шығарылған қысқа құбыр ернеуден 1 м кем болмай шығып тұруға тиiс. Қысқа құбырға қақпақ орнатылуы керек.  
      Ауаны желдету және баптау жүйелерiн пайдалану кезiнде: 
      1) желдету камераларының есiктерiн ашық қалдыруға; 
      2) сору арналарын, саңылаулар мен торларды жабуға; 
      3) ауаарналарға газбен жылытылатын аспаптарды қосуға; 
      4) ауаарналарда жиналып қалған майлы тұнбаларды, шаң немесе басқа жанғыш заттарды жағып жiберуге тыйым салынады. 
      Желдету камералары, циклондар, сүзгiлер, ауаарналар жанғыш шаңдардан және өндiрiс қалдықтарынан тазартылуға тиiс.  
      Жарылыс қауiптi және өрт қауiптi өндiрiсi (қондырғылары) болатын үй-жайлардағы технологиялық жабдық жұмысына бұзылған және сөндiрiлген гидравликалық, құрғақ сүзгiлер, шаң ұстайтын және желдету (шаң-тозаң соратын) жүйелерiнiң басқа құрылғыларында тыйым салынады. 
      Жанатын шаңды, талшық және қатты қоспалары болатын басқа қалдықтарды кетiретiн желдеткiштерге қатты денелер түсiп кетуiн болдырмау үшiн, олардың алдына тас ұстағыштар, ал металл заттарды алып тастау үшiн - магниттi айырғыштар орнатылуға тиiс. 
      Пневматикалық көлiктiң құбыр желiлерiнде және жергiлiктi сору жүйелерiнiң ауаарналарында кезеңдiк қарау, тексеру және өрт туындаған жағдайда, оны сөндiру үшiн, тығыз жабылатын люктер қарастырылуы керек.
      Байқау люктерi бiр-бiрiнен, сондай-ақ үштiктерден, бұрылыстарда, құбыр желiлерiнiң қабырғалар мен аражабындар арқылы өтетiн жерлерiнде 15 м-ден артық болмай орналастырылуы керек.  
         Жабдықтан бөлiнетiн шаң болған ауаны қайта айналдыру кезiнде сүзгiлердiң көмегiмен екi сатылы тазартуға түсуi керек.

1.6 Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың инженерлiк жабдығын күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

Өндірістік ғимараттар мен құрылымдардағы сыпырынды тастайтын жерлерде жобада қарастырылған клапандар болуы керек. Клапандар үнемi жабық, ақаусыз күйiнде және жабылғанда нығыздауы болуы керек. 


      Қоқыс жинағыштардың камераларының есiктерi үнемi құлыппен жабылуы қажет.
      Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар жобада қарастырылған найзағайдан қорғайтын ақаусыз құрылғылармен жабдықталуы керек.  
      Найзағайдан қорғау құрылғыларының жерге қосатын құрылғысының электрлiк кедергiсiн өлшеу жылына бiр реттен кем болмай өткiзiлуге және тиiстi актiмен ресiмделуге тиiс. Жерге қосатын құрылғысының электрлiк кедергiсiн өлшеудi бiлiктi мамандар немесе мамандандырылған ұйым жүргiзуге тиiс.  
      Тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш газдар айналатын, сақталатын немесе қайта өңделетiн ғимараттардың iшiнде және ашық кеңiстiкте орналасқан технологиялық аппараттардың барлық металл құрастырылымдарын, сұйыққоймаларды, газ құбырларын, және басқа құрылғыларды қайта пайда болатын найзағайдан және статикалық электр зарядтарынан қорғау үшiн қорғанышты жерге қосуы болуы керек.
      Қызметкерлер құрамын электр тоғынан қорғау немесе найзағайдан қорғау үшiн тағайындалған жерге қосатын құрылғыларды статикалық электр тоғын бұру үшiн пайдалануға рұқсат етiледi. 
      Өндірістік ғимараттарда, құрылымдарда орналастырылған технологиялық жабдықтар мен құбыр желiлерiнiң, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар мен эстакадаларының "Қазақстан Республикасының электрлiк қондырғыларын орнату ережелерiнiң" талаптарына сәйкес қорғанышты жерге қосуы болуға тиiс.  
      Ғимараттар мен құрылымдардың технологиялық құбыр желiлерiн жерге қосатын (нөлдеу) өткiзгiштер ретiнде пайдалануға тыйым салынады.  
      Металл эстакадалар және соларға салынған металл құбыр желiлерi эстакаданың басында және соңында, сондай-ақ олардың ұзындығы бойынша 300 м сайын өзара және қорғанышты жерге қосу құрылғыларымен жалғануы керек. 
      Ток бұрғыштарды өзара, жерге қосатын құрылғылармен және технологиялық аппараттармен қосу пiсiру көмегiмен орындалуға тиiс. Кейбiр жағдайларда, оларды бұрандамалармен қосуға рұқсат етiледi, мұндайда жерге қосушы құрылғылардың түйiсу бетi металл жылтырақтардан тазартылған және қорғасынмен қапталған қалайы қорытпасы болуы керек.  
      Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың технологиялық процесiнде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш булар мен газдар айналатын кәрiз желiсi гидравликалық ысырмалармен қамтамасыз етiлген болуы қажет. Әрбiр гидравликалық ысырмадағы сұйықтық қабаты 0,25 м кем болмайтын биiктiкте болуы керек. Гидравликалық ысырмалар құрастырылымы олардың кезеңдiк тазартылу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс. 
      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қолданылатын ғимараттар мен имараттардың жаңбыр ағатын құбыр желiлерi, өндiрiстiк және бiрiктiрiлген кәрiздiк жүйелер бойымен ұшқын таралуын болдырмайтын гидравликалық ысырмалар (сифондар) үнемi ақаусыз күйiнде болуға тиiс. 
      Ақауы және дұрыс орындалмаған гидравликалық ысырмалары болатын кәрiздiк жүйелердi пайдалануға тыйым салынады.  
      Технологиялық процестерiнде тез тұтанатын және жанғыш 
сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш булар мен газдар айналатын кәсiпорындардың өндiрiстiк және бiрiктiрiлген кәрiздiк жүйелерi ұзына бойына жабық болуы керек. 
      Кәрiздердiң байқау құдықтары үнемi қақпақтармен жабылған және 0,1 м қабат құм төгiлген болуы қажет. 
      Аумағында ғимараттар, құрылымдар және (немесе) А н , Б н және В н санатты сыртқы технологиялық қондырғылар орналастырылған кәсiпорындардың өндiрiстiк және бiрiктiрiлген кәрiздiк жүйелерi жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша 40 о С аспауға тиiс. 
      Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәрiз жүйелерiне ағызуға тыйым салынады (оның iшiнде апат кездерiнде). 
      Газ баллон қондырғыларын орналастыру және пайдалану, оның iшiнде адамдар тұруға арналған ғимарат iшiнде орналастыру газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес iске асырылуы керек.  
      Тұрмыстық газ аспаптарын пайдаланған кезде, жиһазды және басқа жанғыш материалдарды орналастыру жақындау вертикаль бетке дейiнгi көлденеңiнен 0,2 м кем болмайтын және осы бұйымдарға жақындау iлiнген көлденең бетiнiң үстiне дейiнгi вертикаль бойынша 0,7 м кем болмайтын арақашықтықта iске асырылуға тиiс.  
      Өндірістік ғимараттарда құрылыс, күрделi жөндеу, қайта жаңарту және (немесе) техникалық қайта жабдықтау аяқталғаннан кейiн, пайдалануға енгiзiлетiн тұрмыстық және өнеркәсiптiк аспаптарға оны жағу үшiн газ келтiретiн құбыр желiлерi өрт кезiнде үй-жайда 100 о С орта температурасына жеткен кезде, газ құбырын автоматты түрде жабатын жылу сезгiш iлгектi құрылғылармен (клапандармен) жабдықталуы қажет. Аталған құрылғылар (клапандар) газ құбырындағы сөндiру құрылғыларының, газ есептегiштiң және басқа құбыр желiсiнiң арқауы алдында тiкелей үй-жайда барынша ықтимал биiктiкте орнатылуға тиiс. 
      Жылу сезгiш iлгектi құрылғыларды (клапандарды) орнатпауға рұқсат етiледi: 
      1) отқа төзiмдiлiк деңгейi V ғимараттарда, сондай-ақ ғимараттың шетiнде орналасқан газ құбырлары электр магниттi және газ талдағыш немесе автоматты өрт сигнал бергiшi iске қосылған кезде, газ құбырын жабатын клапанмен жабдықталған ғимараттарда; 
      2) газ құбырлары электрмагниттiк клапанмен жабдықталған, ал газ жағуға арналған қондырғылары болатын техникалық үй-жайларда автоматты өрт сөндiру қондырғыларымен қорғалған қауiптi өндiрiстiк объектiлер ғимараттарында.  
Газ сақталу бөшкелерінде немесе "От қауiптi. Газ толтырылған баллон" деген сақтандыру жазбалары болуы қажет.  
     Өндірістік ғимараттарда немесе құрылымның газ өту құбыры немесе газ баллондар сақталатын және пайдаланылатын өрт сөндiру бөлiгiне кiре берiсте "От қауiптi" деген жазу болатын сақтандырғыш өрт қауiпсiздiгi белгiлерi орналастырылуға тиiс. 
     Тыйым салынады:     
          Салқындату камераларының өртке қарсы белдiктерiнде тесiктер салуға, түтiктер өткiзуге, бекiтулер орнатуға, сондай-ақ газ құбырларын жанғыш материалдармен қаптауға тыйым салынады. 

1.7 Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiн күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары

      Өртке қарсы табиғи және жасанды сумен жабдықтау көздерi (оның iшiнде өртке қарсы су құбыры, өрт сөндiру су қоймалары, өрт сөндiру мақсатына арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай-ақ суды жинау үшiн оларға кiре берiстер үнемi ақаусыз күйде ұсталуға тиiс. 


      Өртке қарсы су құбыры желiлерiнiң, өрт сөндiру гидранттары мен өрт сөндiру крандарының, тиiсiнше, жылына екi реттен кем болмай су жiбергiштiгi мен жұмыс қабiлеттiлiгi тексерiлуге тиiс (көктемде және күзде). 
      Өрт сөндiру гидранттары ақаусыз күйiнде болуға, ал қысқы уақытта жылытылған және қар мен мұздан тазартылуға тиiс.  
      Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiне апаратын жолдар және кiре берiстер оларға өрт сөндiру техникасының жылдың кез келген мезгiлiнде өтуiн қамтамасыз етуге тиiс.  
     Өрт сөндiру гидранттарының құдықтарының қақпақтарында автокөлiк тұрағына тыйым салынады.  
      Су құбыры желiсi учаскелерi сөнiп қалған, гидранттар бұзылған немесе желiде қысым қажеттiден темен болып азайған кезде, су арнасының (елдi мекендердiң су құбыры желiлерi бойынша) диспетчерi немесе өртке қарсы сумен жабдықтау үшiн жауапты тиiстi ұйымның (ұйымның немесе кәсiпорынның су құбыры желiлерi бойынша) жауапты тұлғасы бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аумақтық органына хабарлауға тиiс. 
    Өндірістік ғимараттарда өртке қарсы сумен қамту көздерiнiң (оның iшiнде өрт сөндiру гидранттарын, өрт сөндiру су қоймаларын), өрт сөндiру машиналарын орнатуға арналған пирстардың болу орындарын, өрт сөндiру машиналарын ғимараттар мен құрылымдардың өрт сөндiретiн құрғақ құбырларына қосу орындары, сондай-ақ қозғалысты олардың болатын жерлерiне бағыттау "Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, қауiпсiздiк таңбалары мен белгiлерiне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес өрт қауiпсiздiгi белгiлерiмен белгiленген болуға тиiс. 
      Өрт сөндiру гидрантын орналастыру орнында нұсқағыштан бастап гидрантқа дейiн метрмен және құбыр желiсiнiң iшкi диаметрiне дейiн миллиметрмен арақашықтықты цифрлық мәндермен әрiптiк "ӨГ" индексi салынған жарық түсiретiн немесе флуоресценттi нұсқағыш орнатылған болуы керек. 
      Өрт сөндiру су қоймасында шаршы метрлерде су қорының цифрлық мәндерiмен, әрiптiк "ӨС" индексi және бiр мезгiлде су қоймасы алаңында қойылуы мүмкiн өрт сөндiру автомобильдерiнiң саны салынған ұқсас нұсқағыш орнатылуға тиiс.  
      Өртке қарсы iшкi су құбырының өрт сөндiру крандары 1,35 м биiктiкте орнатылып, түтiк құбырлар мен ұңғымалар жиынтықталып және пломбаланатын өрт сөндiру шкафтарына жабылып қойылуы керек. 
      Шкафтың есiгiнде әрiптiк "ӨК" индексi, жақын өрт сөндiру бөлiмiнiң телефон нөмiрi көрсетiледi. 
    Өрт сөндiретiн түтiк құбырларды құрғақ, жақсы шиыршықталған  және крандар мен ұңғымаларға жалғанған күйiнде күтiп ұстау қажет.  
      Өрт сөндiру крандарының жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында, 6 айда бiр реттен кем болмай оларды тексеру жүргiзiлуге, су жiберу және түтiк құбырларды жаңадан ширату iске асырылуға тиiс. 
      Сорғы стансасының өндірістік ғимараттарында өртке қарсы сумен 
жабдықтаудың жалпы сұлбасы және сорғыларды байлау сұлбасы iлiнуi керек. 
   Әрбiр ысырмада және өрт сөндiргiш сорғы-көтергiште олардың тағайындалымы көрсетiлуге тиiс. 
     Сорғы-көтергiштердi қосу тәртiбi техникалық нұсқаулықтарда анықталуға тиiс. 
    Өндірістік ғимараттарда өртке қарсы су құбырларының сорғы стансаларының аппараттар орналасқан үй-жайларында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аумақтық органымен тiкелей телефон байланысы болуы керек.  
      Кәсiпорынның электрмен жабдықтауы өрт сөндiру сорғыларының электр қозғалтқыштарының үздiксiз қоректенуiн қамтамасыз етуге тиiс. 
      Су өлшегiш құрылғылардың суландыру желiлерiнде орнатылған электржетек болатын ысырмалар жылына екi реттен кем болмай, ал өрт сөндiру сорғылары - ай сайын тексерiлуi қажет.  
      Өндірістік ғимараттар аумағында немесе оған жақын жерде (200 м радиуста) табиғи немесе жасанды су көздерi (өзендер, көлдер, бассейндер, градирнялар) болған жағдайда, оларға жылдың кез келген уақытында өрт сөндiру автомобильдерiн қою және су жинау үшiн, өлшемi 12 х 12 м кем болмайтын қатты төсемi болатын алаңдары (пирстары) болатын кiре берiстер салынуға тиiс. 
      Жасанды су қоймаларды, су көздерiне кiре берiстер мен су жинағыш құрылғыларды үнемi дайындықта ұстау тиiстi кәсiпорындарға жүктеледi. 
      Су қыспақты мұнаралар жылдың кез келген уақытында өрт сөндiру техникасының су жинауына бейiм болуы керек. 
Шаруашылық және өндiрiстiк қажеттiктер үшiн, өрт сөндiру мақсаттары үшiн қолданылатын су қорын пайдалануға тыйым салынады.

1.8 Өрт сөндiру техникасын орналастыруға және қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

     Объектiлердi өрттен қорғауға арналған өрт сөндiру техникасын орналастыру, күтiп ұстау және қызмет көрсету "Объектiлердi қорғауға арналған өрт сөндiру техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар" атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуға тиiс.  


    Өрт сигналын беретiн және өрт сөндiру қондырғыларын жобалау, құрастыру және пайдалану, өрт кезiнде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, сондай-ақ олардың техникалық жағдайын бақылау "Ғимараттарды, имараттар мен құрылыстарды өрт кезiнде автоматты өрт сөндiру және автоматты өрт белгiсi беру, адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау бойынша талаптар" атты техникалық регламенттiң және белгiленген тәртiппен бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес iске асырылуға тиiс.

2 Өндірістік ғимараттар ішіндегі технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртібі
Өндірістік ғимараттарда, газ өткізу және айдап қотару станцияларының құбыр жолдарына технологиялық сызбалар жасалуы тиіс, олардың құбыр жолдарының әр қайсысында айқын белгісі, ал тиек арматурасында нөмірлеуі болады. Қызмет көрсетуші персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды білу үшін құбыр жолдарының технологиялық сызбасымен танысады.

Технологиялық құбыр жолдары оларға орнатылған барлық арматураларымен бірге пайдалануға тапсыру алдында біріктіру мықтылығы мен тығыздығына гидравликалық сынақтан өтеді.

Жер үстіндегі құбыр жолдарының бекітпелері мен тіреуіштерінің жағдайына, олардың қауіпті салбырап бұзылуына тұрақты бақылау белгіленуі тиіс. Құбыр жолдарының, асқыштар мен тіреуіштердің ақаулықтары дереу жойылады.

Құбыр жолдарының ішінде пайда болған шөгінділерді құрыштан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, бұл құбыр жолына қажалып немесе соғылудан ұшқынның пайда болуы мүмкін.

Құбыр жолдары мен жапқыштардың тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Ол үшін тек бу, ыстық су немесе қызған құмды, сондай-ақ зауытта шығарылған электр құралдарын ғана пайдалануға болады.

Құбыр жолдары мен тиек қондырғылары кәсіпорынның бас инженерімен бекітлген кестеге сәйкес профилактикалық қызмет көрсетуге тартылады.

Құбыр жолдарында тұйыққа тірелген жолдар болмауы тиіс. Ал бұндай жерлердің болуы қажет болған жағдайларда оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

Газ өткізу құбыр жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Тек газ шығу жағдайында ғана тұрақты құбырлардын қосылу жерінен айыратын газ өткізбейтін бекітпе болуға тиіс.


2.1 Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі
Компрессор жұмыс істеп тұрғанда тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргізіледі.

Соңғы сатының шығарып тастау желісінде компрессордың қысылғаны (компрессор ғимаратынан тыс) жұмыс қысымын 10% асатын, қысымның әсерінен іске қосылатын сақтандырғыш құрылғысы құрастырылады.

Компрессордың қалыпты жұмыстан параметрлердің ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерілгенде, салқын судың келуі тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесіндегі қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет.

Компрессордың қажалатын бөлшектерін үнемі майлап тұру, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы қадағаланады.

Қысудың әр сатысынан кейін сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай, компрессорды жұмысқа қосуға жол берілмейді.

Әуе қоспасы компоненттері құрамының жұмыстың әр режиміне арналған регламентте және техникалық паспортта көрсетілгеннен асуына жол берілмейді.

Газды қысып отырған компрессорлардың ауаны сорып алуын болдырмау мақсатында сорып алу желілері шамалы артық газ қысымымен ұсталады.

Компрессор жұмысының жағдайы бойынша сорып алушы желі сиректетуде болуы тиіс болса, газды қысылғаннан кейін құрамында оттегі болуына жүйелі түрде талдау жасалады.

Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосуларын жүйелі герметикалықтығына тексеріледі. Газ шығып тұрғаны табылған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулықтары жойылады.

Жарық беру құралдарын жөндеу кезінде немесе авариялық жағдайда электр энергиясы ажыратылғанда, газ компрессорлық станцияларында тек жарылыс қаупі жоқ жағдайда орындалғанда ғана аккумуляторлы шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.

Газ компрессорлық үй-жайларында компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берілмейді.

Резервтегі компрессорлар газ қабылдау желілерінен және айдағыштардан герметикалық түрде ажыратылады.

Әуе компрессорлары үшін ауа ғимараттың сыртында жиналады.

Жанғыш бу немесе газдар бөлінетін жерлерде, сондай-ақ тұтану көздері пайда болуы мүмкін жерлерде ауа жинауға жол берілмейді.

Компрессорларға жанғыш булар мен газдардың түскені байқалғанда ол дереу тоқтатылады.

Компрессорларды, әуе компрессорлық станцияларының коммуникацияларының май шөгінділері кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерітіндісімен шайып тазартылады.

1   2   3   4   5   6   7

  • 1.6 Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың инженерлiк жабдығын күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары
  • 1.7 Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiн күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары
  • 1.8 Өрт сөндiру техникасын орналастыруға және қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
  • 2.1 Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі

  • жүктеу 1.06 Mb.