Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2010 жылғы 9 желтоқсан №325 Астана қаласы Бағалау стандарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»

жүктеу 108.41 Kb.



жүктеу 108.41 Kb.
бет2/2
Дата02.04.2017
өлшемі108.41 Kb.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы 2010 жылғы 9 желтоқсан №325 Астана қаласы Бағалау стандарттарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы»


1   2

3. Бағалау әдістері

6. Жылжымалы мүліктің нарықтық немесе өзге де құнын белгілеу кірістік, шығындық және салыстырмалы амалдарға топтастырылған баға­лау әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі.

7. Кірістік амал әдісі – оны болашақта пайдаланудан күтілетін кірісті айқындауға негізделген жылжымалы мүлік объектісінің құнын айқындау әдістері:

1) дисконттелген ақша ағыны әдісі – коммерциялық мақсатта жылжымалы мүлікті пайдалануға байланысты тәуекелдік дәрежесіне қарай ақша ағынының өзгеруі және бірдей түспеу жағдайы негізінде құнын айқындау;

2) тікелей капиталдандыру әдісі – шектеусіз уақыт кезеңінде кіріс шамасы тек болғанда бағалау объектісін тұрақты пайдалануды сақтау жағдайының негізінде құнын айқындау;

3) өсу модельдері бойынша капитал­дандыру әдісі – шектеусіз немесе шектеулі уақыт кезеңінде кіріс шамасын бірдей ұлғайту кезінде бағалау объектісін тұрақты пайдалануды сақтау жағдайының негізінде құнын айқындау. Тікелей капиталдандыру әдісіне ұқсайды, бірақ одан айырмашылығы капиталдандыру коэффи­циенті­нің мәні нарықтық деректерден салыс­тырма амалмен табылмайды, капиталдың талап етілген нормасының базасында есептеледі.

8. Шығындық амал әдісі – барлық тозу түрлерін шегергенде бағалау объектісін толық қайта жасау немесе алмастыру құнын айқындау әдістері. Шығындық амал әдісін 2 топқа бөлуге болады:

1-топ: Шығынды тікелей айқындау тәсіл­деріне негізделген әдістер өз күштерімен әзірлен­ген көлік құралдарының құнын бағалау үшін қолданылады.

Оларға мыналар жатады:

1) бағалау объектісінің жекелеген элемент­терінің құнын, пайданы ескеріп, оларды сатып алуға, тасымалдауға және жинауға шығындарды сомалаудан тұратын шығындық элемент бойын­ша есептеу әдісі;

2) калькуляцияға кіретін шығындар бабын (материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға, жұ­мыс­шылардың жалақыларына шығындар және жанама шығыстар) экономикалық элементтер бойынша индекстеу жолымен сол арқылы қазіргі баға деңгейіне әкеліп, құнын айқындау­дан тұратын қолда бар калькуляцияны талдау және индекстеу әдісі;

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

3) өндірістің өнімділігін ескеріп, өндіріс­тік шығындардың іріленген нормативтері бойын­ша әзірлеудің толық өзіндік құнын есептеу жолымен құнын айқындаудан тұратын өзіндік құнды ірілетіп есептеу әдісі.

2-топ: Шығындарды жанама айқындау тәсілдеріне негізделген әдістер жаңа көлік құ­ралдарының құнын бағалау үшін қолданылады.

Оларға мыналар жатады:

1) алмастыру принципіне негізделген және пайдалылығы мен функциялары бойынша ұқсас бағаланатын объектілерді іріктеуден тұратын алмастыру әдісі немесе ұқсас-параметрикалық әдіс. Осы әдіс ұқсас объектілердің белгілі құны мен техникалық-экономикалық сипаттамалары негізінде бағаланатын объектінің құнын есеп­теу­ге мүмкіндік береді;

2) тиісті индекстегі объектінің теңгерімдік құнын түзетуден тұратын индекстеу әдісі;

3) үлестік баға көрсеткіштерінің, яғни бас параметрдің бірлігіне (өнімділікке, қуаттылыққа және т.б.), массаға немесе көлемге келетін баға негізінде құнын есептеуден тұратын үлестік баға көрсеткішінің әдісі.

Мүліктің жалпы тозу шамасы физикалық, функционалдық тозу мен сыртқы ескіру (құнсыздануға) сомасына тең.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

Физика Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

Жойылмайтын және жойылатын физика­лық тозу болады. Жойылатын физикалық тозу жылжымалы мүліктің ағымдағы жөнделуіне жұмсалған шығын сомасына тең,

Жойылмайтын физикалық тозу тиімді жас әдісі бойынша есептеледі. Тиімді жас бағалау­шы сарапшылық жолмен айқындайтын эконо­ми­калық өмір сүрудің нормативтік мерзімінен қалған мерзімді шегеру арқылы айқындалады. Көлік құралдарының және жекелеген типтері өнеркәсіптік жабдықтардың жойылмайтын физи­калық тозуы тиісті стандарттарда жазылған формулалар бойынша айқындалады.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.

Формула (Formula) - электрондық кестедегі (Excel) математикалық өрнек, оның жұмыс нәтижесі торлардағы мәндерге байланысты болады. Мысалы, D5 торына енгізілген мынадай формула =а5+b5+с5 A5, В5, С5 торындағы сандардың қосындысын D5 торына орналастырады.

Функционалдық тозу (немесе функцио­нал­дық ескіру) – меншіктің өзіне тән факторлардан, дизайндағы, материалдардағы, әзірлеу технологияларындағы өзгерістерден, функцио­налдық пайдалылық кемшіліктерінен, көтеріңкі пайдалану шығыстарына туындаған актив құ­нының шығыны және т.б.

Меншік - жеке адамдарға немесе ұжымдарға тиесілі өндіріс құрал-жабдығы мен өнімдері, қаражат.

Жылжымалы мүліктің ескіруінің екі типі бар: технологиялық және функционалдық. Осы ескіру типтері ғылыми-техникалық прогрестің түрлі салаларының дамуынан туындап отыр.

Технологиялық ескіру технология, дизайн және техниканы өндіру үшін пайдаланылатын конструкциялық материалдар саласындағы ғы­лыми-технологиялық прогреспен байла­нысты. Технологиялық ескіру бірінші кезекте техни­каның дизайнында, көлемінде және салмағында байқалады.

Функционалдық ескіру қазіргі және баға­ланатын техниканың арасындағы өнімділік пен басқа да қуат сипаттамаларының айырмашы­лық­тарымен айқындалады. Кейде функционал­дық ескіру техниканы өз мақсаты бойынша пайдаланбаумен байланысты болады, яғни оны ең тиімді пайдалану принципі бұзылады.

Жалпы жағдайда функционалдық тозу функционалдық ескіруден туындаған мүліктің табыс әкелуін жоғалтуды бағалау арқылы кірістік амалмен айқындалады. Егер кірісті жоғалту мүліктің өндірістік қуатын жете пайдаланбаудан болатын болса, онда функционалдық тозу шама­сы тежеу (Чилтон) коэффициентін пайдаланып, жанама жолмен есептеледі.

Сыртқы (экономикалық) ескіру жылжы­малы мүлікке сыртқы факторлардың әсер етуімен байланысты болады. Мұндай тозу экономи­калық немесе басқа да сыртқы факторлардың әсері салдарынан, мысалы, меншік құқықтарын шектеу немесе акциздерді ұлғайту, осы типтегі техникаға сұраныс пен ұсыныстың ара-қатына­сының өзгеруі салдарынан мүліктің пайдалалық дәрежесінің төмендеуінен көрінеді. Осы фактор­лардың әсер ету дәрежесі абсолюттік немесе пайыздық көрініспен өлшенуі тиіс. Сыртқы ескіру (экономикалық тозу) сыртқы факторлардан туындайтын мүліктің кірісті жоғалтуын бағалау жолымен кірістік амалмен айқындалады.

9. Салыстырмалы амал әдісі – ұқсас объектілерді сату мәмілелерін талдауға және тиісті түзетулер жүргізу үшін бағалау объектісі­мен салыстыруға негізделген әдістер:

1) нарықтық ақпарат әдісі – әзірлеуші зауыттың, дилерлердің прайс-парақтарында жариялаған сату бағалары туралы ақпаратты немесе басқа көздердегі сату бағалары туралы ақпаратты пайдалану жолымен жылжымалы мүліктің құнын айқындау;

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.

2) сатуды салыстырмалы талдау әдісі – олардың арасындағы айрымашылықтарды ескеретін тиісті түзетулерді орындағаннан кейін бағаланатын объектімен жылжымалы мүліктің салыстырылатын объектілерінің жақындағы саты­лымдарын салыстыру жолымен құнын айқындау;

3) статистикалық модельдеу әдісі (массалық бағалау әдісі) – бағасы белгілі бір тектес объектілердің кейбір жиынтықтарының өкілі ретінде жылжымалы мүліктің бағаланатын объектісін қарау тәсілі;

4) корреляциялық модельдер әдісі – баға­ланатын объектінің техникалық-экономикалық қасиетін сипаттайтын және оның құнымен барабар тәуелділікпен байланысты шартты бірліктерде орташа салмақты параметрлерін айқын­дау­ға негізделген жылжымалы мүлік объектісін бағалау тәсілі.


1. Бағалау әдістеріне қойылатын талаптар

10. Бағалау әдістерін таңдау және қолдану кезінде бағалаушы мынадай негізгі талаптарды сақтайды:

1) бағалау нысанасы мен айқындалатын құн түрін сәйкестендіреді;

2) жылжымалы мүлікті бағалауды жүргізу кезінде пайдаланылатын ақпараттың шынайы­лығын қамтамасыз етеді;

3) құқықтық талдау жүргізеді, мүліктік құ­қықтар мен ауыртпалықтарды сәйкестен­діреді;

4) бағалау әдістерін таңдауды негіздейді;

5) бағалау туралы есепте оларды екіұшты түсіндіруге жол бермейтін шынайы деректерді, есептік көрсеткіштерді және негізделген нәти­же­лерді толық әрі түсінікті жазуды қамтамасыз етеді.

11. Жылжымалы мүлікті бағалаушылар көбінесе клиенттен немесе клиенттің өкілдері­нен алатын ақпаратқа сүйенеді. Кез келген осындай деректердің көзін бағалаушы ауызша немесе жазбаша хабарламаларды көрсетуі тиіс, ал деректер мүмкіндігінше дұрыс тексерілуі тиіс.

12. Жылжымалы мүліктің бағалау прин­циптерінің, әдістері мен тәсілдерінің көбісі басқа да бағалау жағдайларында қолданыла­тындармен ұқсас келеді. Жылжымалы мүлікті бағалау арнайы білімді, дайындықты, дағды мен тәжірибені талап етеді.
2. Бағалауды жүргізу тәртібі

13. Тапсырманы айқындау:

1) бағаланатын мүлікті сәйкестендіру (орынға барып тексеру);

2) мүліктік құқықтарды сәйкестендіру;

3) бағалау нысанасын (пайдалану саласын) нақтылау;

4) бағалау базасы мен құн түрін қалыптастыру;

5) бағалау күндерін келісу;

6) өзге де шектейтін жағдайларды айқындау;

7) бағалау туралы шарт жасау.

14. Алын ала дау, деректерді іріктеу және жинау:

1) құжаттарды, бағалау объектісі туралы өзге де мәліметтерді жинау, өңдеу және талдау;

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

2) осы мүлікке сұраныс пен ұсынысты талдау.

15. Бағалау амалдары мен әдістерін таңдау, бағалау объектісінің нарықтық немесе өзге де құнын анықтау бойынша есептеулерді орындау:

1) нарықтық амал;

2) кірістік амал;

3) шығындық амал.



16. Бағалау әдістерін қолдану негізінде алынған нәтижелерді келісу және бағалау объектісінің жиынтық құнын айқындау. Бағалау­шы бағалау процесінде алынған құнның әрбір есептеу шамасына мән беруі тиіс қатыстық салмағын айқындау кезінде өз ойын негізге алады. Мұндай талап болған кезде бағалаушы құны туралы қорытындыға келген кезде өзі сүйенгенде пайдаланған бағалау әдістері үшін, қолданылған әдістердің нәтижелерін салыстыру үшін негіздемесі мен ақтайтын дәлелін де ұсынады.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 20 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6694 болып енгізілді.
1   2

  • 1. Бағалау әдістеріне қойылатын талаптар
  • 2. Бағалауды жүргізу тәртібі

  • жүктеу 108.41 Kb.