Главная страница
Контакты

    Басты бет



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.7 Mb.



жүктеу 0.7 Mb.
бет5/6
Дата20.03.2017
өлшемі0.7 Mb.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


1   2   3   4   5   6

Cұрақтар:

1. Adobe PhotoShop мүмкіндіктері қандай?

2. PhotoShop экранының негізгі бөліктерін және қызметтерін атаңыз?

Қолданылатын әдебиеттер:

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005

Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004

Тайц А.М., Тайц А.А., Петров М.Н. Эффективная работа: Photoshop7. -СПб.: Питер, 2003



12-дәріс. «PhotoShop жүйесінде қабаттармен, фильтрлермен, текстермен, түстермен жұмыс істеу формалары.»

Дәріс жоспары:

  1. Қабаттармен жұмыс.

  2. Мәтінмен жұмыс.

  3. Фильтрлермен жұмыс.

1. PhotoShop-та құрылатын әрбір құжат бастапқыда тек фоннан тұрады. Фондық қабат ақ, мөлдір немесе боялған болуы мүмкін. Бұл параметрлерді әрбір жаңа бейнелерді құруда беруге болады. Қабаттар қолданушыға бейненің жекелеме элементтерін бір-біріне тәуелсіз редактрлеуге мүмкіндік береді. Осылайша, әрбір қабаттың мазмұнын өзгертуге, жылжытуға болады. Фонның мөлдір бөліктері тор өрнектермен көрсетіледі. Қабаттардың параметрлерін редактрлеу Слои палитрасы арқылы жүзеге асады.

2. Текст құралының көмегімен биттік мәтін (көлденең және тік) құруға болады. Ол алдыңғы план түсіне боялады және бейнеге қабат ретінде қосылады. Баптау тақтасынан шрифт және шрифт түсі мен өлшемін беруге болады. Мәтін қабаттар палитрасында жеке қабат ретінде пайда болады. Қабат Т әрпімен белгіленеді. Мәтін қабатына сурет салудағы құралдарды қолдануға болмайды. Мәтінді күштеп тасымалдау үшін Enter пернесін басу қажет, ал негізінде 32000 нан астам символдар енгізуге болады.

3. PhotoShop филтрлері бейнені өзгертуге, сығуға, стильдеуге және модификациялауға мүмкіндік береді. PhotoShop-та өте көп фильтрлер жинағы бар. Оларды шақыру үшін Фильтр менюіне кіріп қажетті фильтр тобын шақырып, содан кейін фильтр таңдау куерек. Таңдағаннан кейін фильтр суретке немесе ерекшеленген бөлікке қолданылады. Көптеген фильтрлерде баптау сұхбаттары бар. Көбінесе фильтрді баптап, бірднен нәтижесін көруге болады. Фильтрлердің негізгі топтары:

1. Художественные – сурет салудың әртүрлі тәсілдерін имитациялау;

2. Затирание – жуу, жағу;

3. ШтрихиКисти – кисть жұмысын имитациялау;

4. Искажение – деформация.

5. Шум – шум және дефектлермен жұмыс. Қосу және жою.

6. пикселизация – пиксельдермен жұмыс. Әр түрлі заңдылықтармен пиксельдерді біріктіру. Стильдеу.

7. Рендер - Әртүрлі жасанды эффектлер.

8. Резкость – бейнені әлдеқайда ашық етеді.

9. Стиль - әртүрлі стильдер мен тәсілдерді имитациялау.

10. Эскиз – бұл да әртүрлі стильдер мен тәсілдерді имитациялау.

11. текстурные – текстуралар құру.



Cұрақтар:

  1. Қабаттармен жұмыс қалайша іске асады?

  2. Мәтінмен жұмыс қалайша іскеасады?

  3. Фильтрлермен жұмыс қалайша іске асады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005

Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004

Тайц А.М., Тайц А.А., Петров М.Н. Эффективная работа: Photoshop7. -СПб.: Питер, 2003


13-дәріс. «Математикалық есептеулерді автоматтандыратын MatCAD жүйесі»

Дәріс жоспары:

  1. MatCAD жүйесінің негізгі қызметі.

  2. MatCAD жүйесінің интерфейсі.




  1. MathSoft (США) фирмасы жасаған 80 жылдардың ортасында интегралды жүйелер, MathCAD класының, математикалық есептерін автоматты түрде шешу арқылы кең таралды. Қазіргі уақытқа дейін олар математикалық жүйелердің жақсыларының бірі, және математикалық есептердің шешімі қолайлы формулалармен белгілер арқылы берілген болып табылады. Есептеу нәтижесінде де осылай болып шығады. Сондықтан MathCAD жүйесі өте күрделі және автоматты жобалаудың ең күштісі деген, CAD абревиатурасын толығымен ақтайды. MathCAD математикада- ең күшті, қарқынды алға дамыған жүйе болып табылады. MathCAD тек ғана математикалық есептерді шығарып ғана қоймай, бұл сонымен қатар, өте жоғары деңгейде кез келген ғылым мен техникаға қатысты материалдарды (құжатарды, деректерді) құжаттама, ғылыми есептерді, кітаптар мен мақалаларды, диссертация, дипломдық және курстық жұмыстарды баспаға шығарғанға мүмкіндік беретін математикалық жүйе. Сонымен қатар, олардың ішінде тек мәтін ғана емес, және де әртүрлі функцияның графикалық кескіндері мен формулалар, иллюстрациялық суреттер беріліуі мүмкін. MathCAD сонымен қатар жоғары деңгейдегі гипермәтіндік сілтемелері бар электронды кітаптар жасауға мүмкіндік береді.

2. MathCAD пакеті Пуск батырмасындағы Прграмма және MathCAD Professional 2000 пунктері арқылы немесе жұмыс үстеліндегі белгісін екі рет тышқанмен шертсе жүктеледі. Сонда экранға келесі сурет шығады.
 

Жүйені жүктегеннен бастап ол жаңа құжатпен қолданушының әртүрлі есептерін шешуге әзір. Құрал-жабдықтар панеліндегі бірінші батырма «Жаңа», жаңа құжатты дайындауға мүмкіндік береді. Оған сәйкесінше редактрленген терезе Безимени: N, деген атқа сәйкес болады, N-1-ден басталатын, құжаттың реттік саны. Ең басында редактрлеу терезесі таза болады.

Қолданушы интерфейс жүйесі, Windows-қосымшасымен қарапайым жұмыс істей алатын қолданушы, MathCAD пен де жұмысты тез бастай алады. Жүйенің интерфейсі сыртқы бейнесі кең таралған Windows 95/98. операциялық жүйесінің Word6.0/97 мәтіндік прцессорларына ұқсас келеді.

Жүйе терезесінің екінші жолы- бас меню.  Әдетте бұл бас менюді көп қолданбайды, себебі оның міндеттерін қайталап, тез орындайтын батырмалар қолданылады. Панелдер (жолдар) олармен бас менюдің астында орналасады. Бас меню арқылы оларды экранға шығарып не алып тастауға болады. Әдетте ондай панелдің екі түрі бар: құрал-жабдықтар панелі (кең таралған командалар мен операцияларды қайталайтын ) және мәтіндік толықтыруларды түзеу әдістері мен қаріп өлшемі мен типтерін таңдуға арналған форматтау панелі бар. Қолайлы болу үшін математикалық символдармен операторларын шығарып қоюға болады (математика). Ол математикалық белгілердің дайын (сандар, арифметикалық операциялар белгісі, матрица, интегралдар белгісі, туындыларды, т.с.

Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).
с) шаблондармен жұмыс істегенге мүмкіндік береді.


Жүйе терезесінің үшінші жолын, пиктораммаларды басқаратын бірнеше батырмалар тобынан тұратын, әрқайсысы бас меню командаларын қайталайтын, құрал-жабдықтар панелі алып жатыр Осы пиктограммаларға қарап, олардың жұмыс істеу қызметтерін айқын көруге болады. Ол үшін тек, тышқан меңзерін осы пиктограммалардың бірінің жанына әкеліп қойса, оның қызметін түсіндіретін терезе шығады.



Cұрақтар:

  1. MatCAD жүйесінің негізгі қызметі қандай?

  2. MatCAD жүйесінің интерфейсі несімен ерекшеленеді?

Қолданылатын әдебиеттер:

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005



14-дәріс. «Сканер. Құжаттарды сканерлеу. Fine Reader программасы»

Дәріс жоспары:

1. Құжаттарды сканерлеу. Сканер.

2. Fine Reader программасының жұмыс істеу принципі.

3. Fine Reader программасының негізгі терезесі.

1. Мәтіндер, картиналар немесе фотосуреттерді сканерлеу үшін программалық жабдық – графикалық редактор жәнне аппараттық жабдық –сканер қажет, оларды программаларды жүктемес бұрын қосып қою қажет. Компьютерге әртүрлі карталар мен чертеждерді енгізу үшін де сканерді қолданады.

Сканер – бұл ақпаратты компьютерге енгізу үшін арналған құрылғы, ол әртүрлі бейнелердің «цифрлық» (электрондық) көшірмесін алуға мүмкіндік береді. Электрондық көшірмені құру үрдісі қағаз түріндегі құжатты фотографиялауды еске түсіреді. Қағаз түріндегі құжатты электрондық формаға түрлендіруге қажет барлық операцияларды сканерлеуге арналған программалар арқылы жүзеге асырылады. Сондай программалар қатарына Fine Reader, Cunei Form программалары жатады.

2. Fine Reader программасының жұмыс істеу принципі мынадай: кез келген мәтін сканерленеді, содан кейін мәтін картинкасы «кәдімгі электрондық мәтінге» түрленеді, яғни пернетақтадан терген мәтін сияқты болады. Қолданушы мәтінді дискіге сақтайды немесе алмасу буфері арқылы кез келген мәтіндік редакторға көшеді. Fine Reader программмасы мәтіндерді көп тілдерде тануға арналған, аралас екі тілдегі мәтінді де тани алады. Fine Reader программасы арқылы көп жолды құжаттарды пакеттік өңдеуге болады, сонымен қатар сәтсіз басылған мәтіндерді немесе күрделі шрифттердің сапасын арттыруға болады. Программа танылған мәтіндерді редактрлеуге, орфографиялық тексеруге және MS Word, MS Exsel программаларына сақтауға мүмкіндік береді. Программа сканерлеу және тануға бір операцияға біріктіре алады. Fine Reader автоматты түрде мәтіннің түрлі бөліктерін таниды: мәтінді, суретті, кестені т.с.с.

3. Fine Reader программасында барлық жұмыстар пакеттік режимде жүргізіледі. Пакет- бұл программаның жұмыс файлдары және бейнелерді сақталатын бума. Әрбір сканерленген бейне жеке парақ ретінде жазылады. Fine Reader программасының экраны мәзір қатарын, құралдар тақталарын, пакет, мәтін, бейне терезелерін қамтиды.

Пакет терезесі – пакеттің парағын бейнелейді.

Мәтін терезесі – пакет терезесінің екпінді бетіндегі танылған мәтін.

Бейне терезесі – пакет терезесінің екпінді бетінің графикалық бейнесі.

Облыстың сол жақ бөлігінде Пакет терезесі орналасқан, ол графикалыққұжаттардың тізімін қамтиды. Олар мәтінге түрленуі қажет. Бұл графикалық файлдар бір құжаттың бөліктері ретінде қарастырылады. Оларды өңдеулегі нәтиже келешекте мәтіндік файлға біріктіріледі. «Крупный план» терезесі графикалық құжат фрагментін үлкейтілген түрде көрсетеді.

Графикалық құжат (орыс. Графический документ) - құрамында сызбалар, сұлбалар, карталар, тағы басқа. Қағаздары бар құрылымдық құжаттардың бөлігі.
Оның көмегі арқылы танудың сапасын бағалауға болады. «Крупный план» терезесінде үнсіз келісім бойынша ақ-қара бейне көрсетіледі, ол қандай бейне ашқаныңызға тәуелсіз. Программаның жоғарғы бөлігінде мәзір қатары және құралдар тақталары орналасқан. «стандартгая» құралдар тақтасы құжатты ашуды және алмастыру буфері операцияларын қамтиды. Бұл тақтаның басқа батырмалары құжатты көрсетуді өзгерту үшін арналған. «Scan&Read» тақтасы қағаз түріндегі құжатты электрондық мәтінге аударудың барлық кезеңдерін сәйкес келетін батырмаларды қамтиды. «Распознавания» тақтасы құжат тілін және шрифт түрін көрсетуді іске асырады. «Құралдар тақтасы» бастапқы мәліметтермен жұмыста қолданылады. Көбінесе ол құжатты сегменттеуде басқарады. Осы тақтаның басқару элементтерініңкөмегімен текст фрагменттерін ретін соңғы құжатты көрсетеді. «Форматтау» тақтасының басқару элементтері дайын мәтіннің көрсетілуін өзгерту үшін немесе оны редактрлеу кезінде өзгерту үшін қолданады. Терезенің төменгі бөлігінде ақпараттық тақта орналасқан (қалып-күй қатары), ол арқылы жүйе қалып және ондағы жүріп жатқан операцияларжайында, сонымен қатар таңдалған меню пункті және батырмалар жайында анықтаманы алуға болады.



Cұрақтар:

1. Құжаттарды сканерлеуді қалайша түсінесіз?

2. Fine Reader программасының жұмыс істеу принципі қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005


15 дәріс. «Үш өлшемді графика түсінігі. Үш өлшемді графиканы өңдеудің программалық құралдары. »

Дәріс жоспары:

1.Үш өлшемді графиканың қолданылу облыстары.

1. Үш өлшемді графика мынадай облыстарда кеңініен қолданыла бастады: ғылыми есептеулерде, инженерлік проектілеу, физикалық объектілерді компьютерлік модельдеулерде.

Дербес компьютерлерде программалық құрал ретінде үш өлшемді графикамен жұмыс істеуде үш пакет қолданылады. Олар өте қуатты компьютерлерде жұмыс істейді.

Kinetix фирмасының 3D Studio Max үш өлшемді графиканы құру және өңдеу программасы «жартылай кәсіпқой» деп саналады. Алайда тірі емес табиғаттың кескіндерін жасауға оның құралдары жеткілікті болып саналады.

Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Пакеттің айрықша ерекшелігі болып, фирмаларда жасалған үш өлшемді графиканың аппараттық жылдамдатқыштарын, күшті жарық эффектлерді, толықтырулардың үлкен санын қолдануында. Модельдеу және аннимация тәсілдері бойынша 3D Studio Max жоғары дәрежедегі программаларға жол береді.

Microsoft компаниясының Softimage 3D программасы SGI жұмыс станциясына арналып жасалған, Windows NT жүйесінде де қолданылады. Программа физикалық және кинематографиялық параметрлерді модельдеуі арқылы ерекшеленеді. Рендериф үшін өте сапалы және жылдам MentalRay модулі қолданылады. Қазір бұл програма толықтырылған және кеңейтілген.

Интерфейс және мүмкіншілктері жағынан қолайлы болып Maya программасы саналады. Ол бірнеше белгілі компаниялардың бірігіп жасауынан туындаған (Alias, wavefront, TDI). Пакет әртүрлі операциялық жүйелерге әртүрлі вариантта жасалған. Сонымен қатар Windows NT. Ол модульдік құрылымға ие және мынадай блоктарды қамтиды.


  • Base – программа ядросын құрайды. Модельдеу, кинематика, дыбысты өңдеу, физикалық қатты денелерді имитациялау, құралдар және эффектлердің негізгі жиынтығын құрайды.
    Қатты дене - қалпы тұрақтылығымен, және затты құраушы атомдардың тепе-теңдік жағдайының маңайындағы аз тербелісі түріндегі жылулық қозғалысымен, сипатталатын заттың агрегат күйі.


  • Maya F/X – Қосымша модульдер жиынтығы. Олар бөлшек жүйелерін өңдеу эффектлерін және жұмсақ денелермен байланысатын физиканы модельдеуді қолдайды.

  • Maya Power Modeler - негізінен полигональдық және сплайндық объектлерді модельдеудің мықты тәсілдерін береді.

  • Maya Artisan – скульптор және суретшілердің нақты жұмысына арналған әдістер арқылы виртуальды модельдерді жасауға мүмкіндік беретін модульдер.

  • Maya Cloth – киімдерді модельдеуге арналған.

  • Maya Fur - шерсть және тері қапталған қабаттарды модельдеу.

Maya ортасы төрт топқа бөлінеді: Animation (анимация), Modeling (модельдеу), Dynamic (физикалық модельдеу), Rendering (визуализациялау)
Сұрақтар:

1. Үш өлшемді графикаға арналған программалар не үшін қолданылады?



Қолданылатын әдебиеттер:

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005



2. Машықтану сабақтары

    1. Машықтану сабақтарының жоспары


1-Тақырып. Графикалық бейнелердің кескінделуі. Графикалық файлдар форматтары.

Мақсаты:

Компьютерлік графика түрлері, олардың қолданыстарын білу. Файлдарды қандай форматта сақтағанда тиімді екенін меңгеру.

Сұрақтар:

1. Бейнелердің кескінделуіне байланысты компьютерлік графика қандай түрлерге бөлінеді?

2. Растрлық графиканы қалай түсінесіз?

3. Векторлық графиканы қалай түсінесіз?

4. Фрактальды графика немен ерекшеленеді?

5. Ғылыми графика?

6. Инженерлі графика?

7. Көркем графика?

8. Жарнамалық графика?

9. Иллюстративті графика?

10. Үш өлшемді графика?

2-тақырып: Шығармашылық баспа жүйесі PageMaker программасы.

Мақсаты:

PageMaker жүйесінің қызметін, оның негізгі элементтерін білу керек. Басқа баспалау жүйелерінен ерекшелігін айқындай білу.


Сұрақтар:

  1. Қандай баспалау жүйелері бар және олар бір-бірінен қалайша ерекшеленеді. Олардың ұқсасатықтары қандай?

  2. Электронды және баспаланған шығармалардың айырмашылығы неде?

  3. үстелдік баспалау жүйелері не үшін арналған?

  4. Мәтіндік процессорда қандай операцияларды орындаған тиімді?

  5. PageMaker жүйесінің негізгі артықшылықтары неде?

  6. PageMaker жүйесімен жұмыс кезінде қандай негізгі элементтер қолданылады?

  7. Мәтіндік редактор мен баспалау жүйелерінің қандай айырмашылықтарын білесіздер?


3-тақырып: PageMaker программасында мәтіндер және абзацтармен жұмыс.

Мақсаты:

Мәтіндер және абзацтармен жұмыс істеуде қолданылатын құралдардың және тақталардың қызметтерін білу.

Сұрақтар:


  1. Бұрын сақталған файл қалай ашылады?

  2. Мәтінді пернетақтадан публикацияға қатыссыз қалай енгізеді?

  3. Теру жолағында мәтінді редактрлеу қалай жүреді?

  4. шрифтердің негізгі сипаттамалары?

  5. мәтінді қалайша форматтайды?

  6. мәтіндік блокты қалай түсінесіз?

  7. PageMaker программасындағы абзац ұғымы?

  8. Абзацтың негізгі сипаттамалары қандай?


4-тақырып: PageMaker жүйесінде графикамен жұмыс. PageMaker жүйесіндегі фреймдер, стильдер, түстер.

Мақсаты: PageMaker программасындағы барлық графикалық объектілер түрлерін және олардың ерекшеліктерін, қандай амалдар қолданылатынын білу. Фрейм, стиль және түстерді қай уақытта қолдану қажеттігін жетік түсіну.

Сұрақтар:



  1. PageMaker жүйесінде қандай графикалық объектілер бар?

  2. Объектілер қалай салынады және форматтау жұмыстары қалайша жүргізіледі?

  3. Объектілерге қандай амалдар қолдануға болады?

  4. Фрейм ұғымын қалайша түсінуге болады? Ол қандай жағдайда қолданылады?

  5. Стильдер қолданушының қандай жұмысын жеңілджетеді?

  6. Стильдердің қандай түрлері бар?

  7. Қолданушы стилі қалайша құрылады?

  8. Қандай түстер палитралары осы жүйеде қолданылады?

  9. Түстер палитралары бір-бірінен қалайша ерекшеленеді?

  10. Фреймдердің қандай түрлері бар?

5-тақырып: PageMaker жүйесіндегі кестелік және текстік редакторлар.

Мақсаты:

PageMaker жүйесіндегі негізгі редакторларды және олардың қызметтерін жетік білу.

Сұрақтар:


  1. PageMaker жүйесі неше режимде жұмыс істей алады?

  2. Текстік редактордың қызметі қандай?

  3. Текстік редакторды қалай шақыруға болады? Негізгі терезесінің интерфейсі қандай?

  4. PageMaker жүйесіндегі текстік редактордың басқа текстік редакторларға ұқсастығы неде?

  5. текстік редактормен жұмыс қалайша аяқталады?

  6. PageMaker жүйесіндегі кестелік редактор қандай жеңілдіктер туғызады?
    Жеңілдіктер - қоғамдағы кейбір әлеуметтік топтардың, жеке азаматтардың көпшілікке арналған заңды міндеттердің кейбіреуінен ішінара босатылуы, не оларға мемлекет тарапынан түрлі артықшылықтардың берілуі.


  7. кестелік редакторды қалайша шақыруға болады?

  8. кесте параметрлері қалай беріледі?

  9. кестеге қандай форматтау жұмыстары жүргізіледі?

  10. кестені файлда қалай сақтайды?

6-тақырып: QuarkXpress үстелдік баспалық жүйесі.

Мақсаты:

Жүйенің негізгі басқару элемеенттерінің қызметтерін білу. Мәтінмен және графикамен жұмыс жасау ерекшеліктерін түсіну.

Сұрақтар:


  1. Программаны басқару элементтері нешеге бөлінеді?

  2. Меню қатарының қызметі?

  3. Құралдар тақтасының негізгі қызметі?

  4. Өлшемдер тақтасының негізгі қызметі?

  5. Құжат макеті тақтасының негізгі қызметі?

  6. Мәтінмен жұмыста қолданылатын тәсілдер?

  7. Графикалық бейнелерді қалай орналастырады?

  8. графика және мәтіннің өзара әсері қандай?

7-тақырып. QuarkXpress жүйесінде автоматтандыру тәсілдері. Кітапхананы қолдану. Түстермен жұмыс істеу тәсілдері?

Мақсаты:

Жұмыс істеудегі жүйенің негізгі артықшылықтарын түсіне білу.

Сұрақтар:


  1. Құжаттар шаблондары не үшін арналған?

  2. өңдеу стильдері ұғымына не енеді?

  3. Мөлдір түс деген не? Ол не үшін қолданылады?

  4. Объектілер кітапханасы деп нені түсінесіз?
    Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
    Ол қандай артықшылықтарды көрсетеді?

  5. Құжатты алдын ала неге көреді деп ойлайсыз және оны қалай іске асырады?

8-9 тақырып.
Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.
Графикалық редактор CorelDraw программасы.


Мақсаты: CorelDraw программасының негізгі ерекшеліктерін білу. Графиктер қалай салынады. Объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктерін білу. Группалармен жұмыс істеу кезіндегі негізгі логикалық операцияларды меңгеру.

Сұрақтар:



  1. Векторлық графиканың негізгі түсініктері?

  2. CorelDraw программасының интерфейсінің ерекшелігі.

  3. Басқару элементтерінің қандай түрлері бар?

  4. CorelDraw программасының қандай версияларын білесіз?

  5. Безье қисығы?

  6. Программада қолданылатын негізгі құралдар?

  7. CorelDraw программасында чертеждар салу үшін қандай құрал қолданылады.

  8. Программада қандай тақта үнемі өзгеріп отырады?

  9. Құрал белгіленбеген кезде қасиеттер тақтасында ненің қасиеті көрінеді?

  10. Векторлық графика объектілерінің негізгі қасиеті?

10-11 тақырып. Векторлық редактор Adobe Illustrator.

Мақсаты. Программаның негізгі қолданысын және оның басқа редакторлардан ерекшелігін білу.

Сұрақтар:

1. Программа тарихы?

2. Программа интерфейсі?

3. Жаңа құжат қалай құрылады?

4. Редактордың құралдары?

5. Құралдар палитралары және олардың негізгі қызметтері мен қасиеттері?

6. Бейнелерді құру тәсілдері?

7. Контурларды редактрлеу қалай жүргізіледі?

8. Күрделі контурлер қалайша құрылады?

9. Мәтіндік объектілермен жұмыс?

10. Векторлық бейнелерді растрлау?

12-тақырып. Графикалық редактор PhotoShop программасы. Программа қызметі, құралдары, қолданыстары, кескіндермен жұмыс істеу техникалары.

Мақсаты:

Графикалық редактор PhotoShop программасының негізгі қызметін білу. Тондық және түстік коррекция ұғымдарын толық меңгеру.

Сұрақтар:

1. PhotoShop экранының ерекшелігі неде?

2. Палитралар қызметі және түрлері?

3. Жылдам маска режимі не үшін қолданылады?

4. Тондық коррекция деген не және не үшін қолданылады?

5. Гамма коррекция дене не және не үшін қолданылады?

6. PhotoShop программасында қандай палитралар бар. Қызметтері?



13-Тақырып. PhotoShop жүйесінде күрделі композицияны құрудағы қолданылатын құралдар мен әрекеттер.

Мақсаты: Қабаттар, каналдар және мәтіндік бейнелермен жұмысістеудегі ережелерді түсіну.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.

Сұрақтар:

1. PhotoShop программасындағы қабат ұғымы?

2. Қабатты қалай құрады?

3. Қабаттарға эффектлер қалай құрады?

4. Жылдам маска рекжимі деген не? Ол не үшін қолданылады?

5. Масканы қалай редакторлейді?

6. Бейнеге мәтін қалай қосылады?

7. Мәтіннің қандай параметрлерін ауыстыруға болады?

8. Фильтрлер не үшін қолданылады?

9. Бейнені сақтау үшін арналған қандай файл форматтарын білесіздер?




жүктеу 0.7 Mb.
1   2   3   4   5   6



  • 12-дәріс. «PhotoShop жүйесінде қабаттармен, фильтрлермен, текстермен, түстермен жұмыс істеу формалары.» Дәріс жоспары
  • Қолданылатын әдебиеттер
  • 13-дәріс. «Математикалық есептеулерді автоматтандыратын MatCAD жүйесі» Дәріс жоспары
  • MathCAD Professional 2000
  • Cұрақтар: MatCAD жүйесінің негізгі қызметі қандай MatCAD жүйесінің интерфейсі несімен ерекшеленеді Қолданылатын әдебиеттер
  • 14-дәріс. «Сканер. Құжаттарды сканерлеу. Fine Reader программасы» Дәріс жоспары
  • Cұрақтар
  • 15 дәріс. «Үш өлшемді графика түсінігі. Үш өлшемді графиканы өңдеудің программалық құралдары. » Дәріс жоспары
  • Сұрақтар
  • 2. Машықтану сабақтары Машықтану сабақтарының жоспары
  • 2-тақырып: Шығармашылық баспа жүйесі PageMaker программасы. Мақсаты
  • 3-тақырып: PageMaker программасында мәтіндер және абзацтармен жұмыс . Мақсаты
  • 4-тақырып: PageMaker жүйесінде графикамен жұмыс. PageMaker жүйесіндегі фреймдер, стильдер, түстер. Мақсаты
  • 5-тақырып: PageMaker жүйесіндегі кестелік және текстік редакторлар. Мақсаты
  • 6-тақырып: QuarkXpress үстелдік баспалық жүйесі. Мақсаты
  • 7-тақырып. QuarkXpress жүйесінде автоматтандыру тәсілдері. Кітапхананы қолдану. Түстермен жұмыс істеу тәсілдері Мақс
  • 10-11 тақырып. Векторлық редактор Adobe Illustrator. Мақсаты.
  • 12-тақырып. Графикалық редактор PhotoShop программасы. Программа қызметі, құралдары, қолданыстары, кескіндермен жұмыс істеу техникалары.
  • 13-Тақырып. PhotoShop жүйесінде күрделі композицияны құрудағы қолданылатын құралдар мен әрекеттер.

  • жүктеу 0.7 Mb.