Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.7 Mb.



жүктеу 0.7 Mb.
бет4/6
Дата20.03.2017
өлшемі0.7 Mb.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


1   2   3   4   5   6

Инетерактивті ағыс құралымен жұмыс істеу үшін тексті объектіні есептемегенде кем дегенде екі объекті болу қажет. Құралды таңдағаннан кейін қасиеттер тақтасынан есептегіш арқылы аралық трансформация санын таңдау қажет. Құралды пайдалану негізі алғашқы объектіні таңдап екінші объектіге тышқанмен жылжуда. Аралық трансформациялар автоматты түрде құрылады. (7 сурет).


7-сурет. Бесбұрыштан тіктөртбұрышқа 5 қадаммен өту мысалы.

Интерактивті контур құралы таңдалған объект негізінде контур жасауға арналған (тексті объект қарастырылмайды). Құралды таңдаған кезде қасиеттер тақтасында контурды құру бағыты бар басқарушы элементтер (центрге, сыртқа, ішке қарай), контурдағы қадам саны, контур сызығының түстері, контур түстерінің сағат тіліне қарсы және сағат тілімен бағыттары, бояу түстері және т.б. болады (8-сурет).


8-сурет. Екі қадаммен үшбұрыш үшін сыртқа контур салу.

Интерактивті бұрмалау құралының көмегімен объектілерді еркін деформациялауға болады. Мұнда деформацияның үш түрі бар: бұртита және жаншыта бұрмалау, ілгекпен бұрмалау және шиыршықтата бұрмалау.

9-сурет. Интерактивті бұрмалау тақтасының қасиеті.



10-сурет. Тіктөртбұрышты интерактивті бұрмалау мысалдары (тіктөртбұрыш, жаншыта және бұртита бұрмалау, ілмегі бар бұрмалау және шиыршықтата бұрмалау)



Интерактивті қысу құралы контурларды қысу жолымен псевдоүшөлшемді кескін алады (ашық және жабық).

11-сурет. Бояусыз және бояумен тіктөртбұрышты қысу мысалдары.



Интерактивті көлеңке құралымен көлеңке эффектілерін таңдайды. Құралды таңдағаннан кейін көлеңке орналасатын орынға курсорды жылжыту қажет. Көлеңке эффектісі тек қана бояуы бар тұйық контурларда жасалынады.

12-сурет. Алтыбұрыштың көлеңкесі.
Интерактивті қабықша құралы таңдалған объектілердің контурларын модификациялау үшін қолданылады. Объект маңайында өзінің тірек нүктелері бар басқарушы объект орналасады.

13-сурет. Тіктөртбұрыш және түйін нүктелері арқылы оны модификациялау.

6. Мәтіндермен жұмыс

Мәтіндердің екі түрімен жұмыс істеу мүмкіндігі бар: фигуралы және қарапайым мәтін. Мәтінді енгізу үшін Құралдар тақтасынан "Мәтін" құралын таңдап жұмыс парағының үстіне апарып тышқанмен мәтіндік облыс салады. Содан кейін қажетті тіл, мәтін өлшемі және т.б. форматтау элементтері таңдалынады. Фигуралы мәтін рафикалық объектіні білдіреді, яғни басқа объектілерге ұқсас жұмыс істеуге болады. Көлемді емес мәтіндерді енгізу үшін қолданылады.


14-сурет. Фигуралы мәтін


Қарапайым мәтін жақтау ішіне жазылады. Ол көлемді текстік ақпарат енгізу үшін қажет.

15-сурет. Қарапайым мәтін.

Мәтін (Текст) менюі арқылы мәтінді қисық сызық маңайына орналастыруға болады.
1
6-сурет. Қисық сызық бойына мәтінді орналастыру.
Қасиет тақтасы арқылы қисық сызық бойындағы мәтін қасиетін өзгертуге болады (4-сурет).

17-сурет. Қасиет тақтасындағы басқару элементтері.


7. Объектілер тобымен жұмыс

Жұмыс парағына және бір-біріне қатысты объектілерді дұрыс орналастыру үшін Упорядочить -- Выравнивание и распределение командасы қолданылады (5- сурет).



17-сурет. Выравнивание и распределение сұхбат терезесі.


Cұрақтар:

  1. CorelDraw прогаммасындағы объект ұғымын қалай түсінесіз?

  2. Тіктөртбұрыштар, көпбұрыштар және элипстер қалай салынады?

  3. Объектілерді түрлендіру үшін қандай құралдар пайдаланылады?

  4. Объектілер формаларын модификациялау үшін қандай құралдар қолданылады?

  5. Объектілерді бояудың қандай түрлері бар?

  6. CorelDraw редакторында мәтіндердің неше түрімен жұмыс жасауға болады?

  7. Фигуралы мәтін қандай жағдайда қолданылады?

  8. Қарапайым мәтін қай кезде қолданылады?

  9. Мәтіндерді қандай құралмен енгізеді?

  10. Мәтіндерге өзгертулер енгізу үшін қолданылатын негізгі мәзір?

  11. Жұмыс парағына және бір-біріне объектілерді дұрыс орналастыру үшін қандай команда орындалады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Бэйн С. Эффективная работа: CorelDraw11, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003

Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005



9-дәріс. «Логикалық операциялармен жұмыс»

Дәріс жоспары:

  1. НЕМЕСЕ операциясы.

  2. АЛУ операциясы.

  3. ЖӘНЕ опеациясы.

Объектілерді логикалық операциялармен басқару Реттеу (Упорядочить) – Құру (Формирование) – Құру (Формирование) командасы арқылы орындалады.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Осы команданы орындау арқылы объектілерге келесі операцияларды жүргізуге болады.

1. НЕМЕСЕ операциясы.

"Біріктіру" операциясы логикалық "Немесе" операциясына сәйкес келеді. Таңдалынып алынған объетілер бір контурды құрады, нәтижелік объект қасиеті соңғы таңдалынған объетінің қасиетін алады (1-сурет). Егер таңдалынып алынған объектілер қиылыспаса, ортақ контурлері болмайтын бірлік объект құрады, бірақ та соңғы таңдалынған объектінің қасиетін алады (2-сурет). Егер объектілер қиылыспаған болса, онда кері операция мүмкін (Ажырату), бірақ объектілердің бастапқы қасиеттері сақталмайды. "Бастапқы объект" және "Соңғы объект" өрістеріне қанатбелгі қойылса, онда ол объектілер де сақталады. Егер қойылмаса сақталмайды.









1 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект эллипс. Соңғы объект тік төртбұрыш.




1 (ә) сурет.

Қолданылатын "Біріктіру" операциясы.



1 (б) сурет. Бастапқы объект пен соңғы объект және операцияны таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект. Объект қасиеті тік төртбұрыш қасиетін қамтиды.










2 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект төртбұрыш. Соңғы объект тік эллипс.




2 (ә) сурет.

Қолданылатын "Біріктіру" операциясы.



2 (б) сурет. Біріктіру амалын таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект. Объект қасиеті эллипс қасиетін қамтиды.

2. АЛУ операциясы.

"ШЫҒАРУ" операциясы логикалық "Алу" операциясына сәйкес келеді. Таңдалынып алынған объектілерде қиылысу зонасы болу керек, себебі соңғы объектіден бастапқы объект алынып тасталынады (3, 4 -суреттер). Бастапқы объектілер бірікпейді, олардың қасиеттері нәтижелік объектіге берілмейді. Бастапқы объект ешқандай өзгерісті мүлдем қабылдамайды. Кері операция мүмкін емес, және бастапқы қалыпты қалпына келтіру тек болдырмау командасымен орындалады. "Бастапқы объект" және "Соңғы объект" өрістеріне қанатбелгі қойылса, онда ол объектілер де сақталады. Егер қойылмаса сақталмайды.








3 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект эллипс. Соңғы объект тік төртбұрыш.




3 (ә) сурет.

Қолданылатын "Алу" операциясы.



3 (б) сурет. Бастапқы объект пен соңғы объект және операцияны таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект.










4 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект тік төртбұрыш. Соңғы объект эллипс.




4 (ә) сурет.

Қолданылатын "Алу" операциясы.



4 (б) сурет. Бастапқы объект пен соңғы объект және операцияны таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект.

Алу перациясының дербес жағдайлары болып "Алдыңғысы алу соңғысы" (Передние минус задние) және "Соңғысы алу алдыңғысы" командалары табылады (5, 6 - суреттер).









5 (а) сурет.

Екі объект бірге белгіленеді.




5 (ә) сурет.

Қолданылатын "Алу" операциясы.



5 (б) сурет. Бірден пайда болған нәтижелік объект.









6 (а) сурет.

Екі объект бірге белгіленеді.




6 (ә) сурет.

Қолданылатын "Алу" операциясы.



6 (б) сурет. Бірден пайда болған нәтижелік объект.

3. ЖӘНЕ опеациясы.

"Қиылысу" операциясы логикалық "Және" операциясына сәйкес келеді. Таңдалынып алынған объектілерде қиылысу зонасы болу керек, себебі осы зона нәтижелік объект ретінде қалады (7 -сурет). Нәтижелік объект соңғы таңдалынып алынған объект қасиетін қамтиды. Кері операция мүмкін емес, және бастапқы қалыпқа келтіру үшін Болдырмау командаларын орындайды. "Бастапқы объект" және "Соңғы объект" өрістеріне қанатбелгі қойылса, онда ол объектілер де сақталады. Егер қойылмаса сақталмайды.










7 (а) сурет.

Екі объект көрсетілген. Бастапқы объект эллипс. Соңғы объект тік төртбұрыш.




7 (ә) сурет.

Қолданылатын "Қиылысу" операциясы.



7 (б) сурет. Бастапқы объект пен соңғы объект және операцияны таңдағаннан кейін пайда болған нәтижелік объект. Объект қасиеті тік төртбұрыш қасиетін қамтиды.


Cұрақтар:

  1. CorelDraw программасында қандай логикалық операциялар қолданылады?

  2. Біріктіру операциясының қызметі?

  3. Шығару операциясының қызметі?

  4. Шығару операциясында неше дербес жағдайлар бар? Олар бір-бірінен қалайша ерекшеленеді?

  5. Қиылысу операциясының қызметі?

Қолданылатын әдебиеттер:

Бэйн С. Эффективная работа: CorelDraw11, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003

Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005



10-дәріс. «Графиктер салу. Чертеждар салу.»

Дәріс жоспары:



  1. Сызықтарды салу.

  2. Сызық қасиеттері.

  3. Тор

  4. Өлшемді сызықтар.

  5. Объектілерді штрихпен бояу

  6. Объект формасын модификациялау

CorelDraw программасы инженерлі және ғылыми құжатты дайындаудың тиімді құралы болып табылады. Оның көмегімен нақты архитектуралық және машина жасау чертеждарын, графиктерді салуға және оқу материалдарын иллюстрациялауға болады,



  1. Сызықтарды салу.

CorelDraw –ң негізгі объектілерінің бірі болып "сызық" табылады. "Қисық (Кривая)" құралы көмегімен әртүрлі сызықтар салынады: түзулер, қисықтар, тұйықтар, тұйық еместер.

Қисықты тышқанды жылжыту арқылы салады (қарындашпен салған сияқты), түзуді – алғашқы және соңғы нүктелерін шерту арқылы. Қатаң вертикаль немесе горизонталь сызықтарды салу үшін салу барысында CTRL пернесін басып тұрады. Сынық сызықтарды салу үшін, әрбір сынықтың соңғы нүктесін екі рет шерту қажет.

CorelDraw ақырын (плавно) иілген сызықтарды салуға көмектеседі. Оның көмегімен кез келген ерікті контур салуға болады. Оны Безъе қисығы деп атайды.Сызықтарда бірнеше нүктелер немесе түйіндер болуы мүмкін, олар түзулермен немесе қисықтармен жалғанады. Түйіндердің координаттарын және сегмент параметрлерін объектінің сыртқы түрі анықтайды. Қисық түрі бастапқы және соңғы нүктелерден басқа қисықтылығымен анықталады, яғни оның екі түйіннің арасындағы игілгіштікпен. Қисықтылық әрбір түйіндегі қисықтың екі параметрімен анықталады, олар түйіндерден шығатын пунктирлі кесінділермен көрсетілген. Бұл кесінділер қисықтылықтың манипуляторы деп аталады.

Кесінді - Түзудің екі нүктесі аралығында жатқан және әлгі екі нүктені де қамтитын бөлігі. Екі нүктенің арасын қосатын қысқа түзу. Кесінді тұйық аралық болып есептеледі. a ≤ x ≤ b теңсіздігінТеңсіздігін қанағаттандыратын x нақты сан сандар жиыны, [ a , b ] болып белгіленген. a және b сандары кесіндінің ұштары деп аталады. Кесіндінің ұштары кесіндіге тиісті болады.
Олар түйіндер арасындағы қисықтың өту бұрышын анықтайды.

1-сурет. Безье қисығы





  1. Сызық қасиеттері.

Салынған объект үстіне бақыттағыш құралын таңдау арқылы объект қасиеттерін редактрлеуге мүмкіндік алуға болады. Келесі қасиеттер тақтасы пайда болады.

2-сурет. Еркін салынған сызықтың қасиеті.

Егер объект "Фигура" құралымен таңдалынса, онда түйінді нүктелерді модификациялау мүмкіндігі ашылады. Ол үшін нүктелердің бірін таңдайды немесе оны қажетті жағдайға жылжытады, немесе басқарушы жанамаларға әсеріін тигізеді. Мүмкін операциялар қасиеттер тақтасында немесе жанама менюде көрінеді.

3-сурет. Түйіндер қасиеті.




  1. Тор

Графиктерді салу барысында торды құру қажет болады. Қағазды сызықтарға бөлу (Разлиновать бумагу) құралын таңдағаннан кейін, салуды бастамас бұрын, қасиеттер тақтасынан баған және қатар санын беруге болады. Алынған объект топталған тіктөртбұрштарды көрсетеді.

Чертеждар салу

CorelDraw программасы инженерлі және ғылыми құжатты дайындаудың тиімді құралы болып табылады. Оның көмегімен нақты архитектуралық және машина жасау чертеждарын, графиктерді салуға және оқу материалдарын иллюстрациялауға болады,




  1. Өлшемді сызықтар.

"Өлшемді сызықтар (Размерные линии)" құралдарын таңдау арқылы, салуды бастамай тұрып өлшемді сызықтардың типін көрсетуге болады: автоматты түрде қойылатын, вертикальды, горизантальды, еңкейтілген, түсіндірмелі, бұрыштық. Қасиеттер тақтасында өлшеу нәтижесін көрсету форматын, мәліметтерді көрсетудің дәлдігін, өлшем бірліктерін таңдауға болады. "Өлшемді сызықтарды динамикалық көрсету" батырмасы арқылы тірек нүктелерін таңдау кезіндегі динамикалық көрсетулерді қосуға немесе алып тастауға болады. "Мәтіннің орналасуы" батырмасы арқылы мәтінді қалай орналастыру керек екендігін таңдауға болады. Мәтінді белгілеп, тышқанның оң жағын шерткендегі Қасиет командасы арқылы абристі өзгертуге болады.

  1. Объектілерді штрихпен бояу

Штрихтау үшін Бояу—Post Script өрнегімен бояу құралын таңдау керек, мұнда Hatching стилі таңдалынады және Max distance (максималды арақашықтық), Min distance (Минималды арақашықтық), Line width (сызық ені), Angle (еңкею бұрышы), Random seed (кездейсоқ шығару)

  1. Объект формасын модификациялау

CorelDraw объект формасын автоматты түрде өзгертуге мүмкіндік береді. "Фигура" құралын таңдау арқылы перспектива эффектісі құрылады, оны Эффекты—добавить перспективы мәзірінен де шығаруға болады. Оны таңдағаннан кейін объектіге тіктөртбұрышты тор жалғанады, оның түйіндерінде түйінді нүктелері бар көмекші сызықтары болады. Тышқан арқылы түйінді нүктелерді қозғалтады, перспектива эффектісіне жеткенге дейін. CTRL пернесін басу арқылы көмекші сызықтардың тек бір ғана осінде орын ауыстыру жүреді.

Cұрақтар:

  1. Сызықтар мен қисықтарды салу үшін қолданылатын негізгі объект?

  2. Безье құралының негізгі қызметі?

  3. Объектілерді белгілеу үшін қандай құрал қолданылады?

  4. Торлау деген не, ол қалай жүзеге асады?

  5. сызықтың қасиететрін қалайша өзгертуге болады?

  6. Өлшемді сызықтар қалайша салынады?

  7. Өлшемді сызықтардың типтерін қалай таңдайды?

  8. Объектілерді штрихпен бояу қандай құрал көмегімен іске асады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Бэйн С. Эффективная работа: CorelDraw11, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003

Г. Тимофеев, Е. Тимофеева. Графический дизайн. -Ростов-на-Дону: Феникс, 2004

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005



11-дәріс. «Графикалық редактор PhotoShop программасы.»

Дәріс жоспары:

1. Adobe PhotoShop мүмкіндіктері.

2. PhotoShop экранының негізгі бөліктері және қызметтері.
1. Растрлық графиканы өңдеу программаларының ішінде Adobe компаниясының PhotoShop пакеті үлкен орын алады.қазіігі күнде бұл программа компьютерлік графиканың стандартты программмасы болып саналады. PhotoShop – бұл Macintosh және PC компьютерлерінде Windows 95, 98, NT және одан жоғары операциялық жүйелермен басқарылатын жұмыстарға арналған, профессионалдық деңгейдегі бейнелер редакторы. PhotoShop-тың бейнелермен жұмыс істеу үшін көрсетететін негізгі мүмкіндіктері:


  • Бейне режимдерінің өзгеруі;

  • Түстерді корректілеуі;

  • Бейнелерді деформациялауы, бұруы, жылжытуы;

  • Қабаттармен жұмыс істеуі; қабаттарды жеке-жеке редактрлеуі, олардың арасында әртүрлі эффектілер жасауы;

  • Ерекшелеудің тамаша мүмкіндіктерімен және фраграменттермен жұмыс;

  • Фильтрлердің бірнеше саны;

  • Сурет салуға арналған оте көп құралдар;

  • Текстерді орналастыру;

Әдетте PhotoShop редакторы сурет салуға, стильдеуге, фотомонтажбен жұмыс жасауға, нашар фотосуреттерді түзетуге және жеке өзіңнің бейнелеріңді құруға қолдануға арналған.Бірақ негізінен PhotoShop-тың негізгі қызметі – дайын суреттерді редактрлеу.

  1. PhotoShop экранының негізгі бөліктері:

Жұмыс облысында редактрленетін бейнелер орналасатын терезелер ашылады. Әдетте оң жаққа құралдар тақтасы орналасады. Экран бетінде палитралары бар панельдер бар. Палитралар редактрлеу, құралдарды баптау және т.с.с. режимдерді беруге көмектеседі. Әрбір тақтада бірнеше палитрлалар қамтылуы мүмкін,. оларды панельдер арасында жылжытуға, қосуға және алып тастауға болады, егер олар бөгет жасап тұрса. Экранның жоғарғы жағында меню орналасқан. Экранның төменгі жағында таңдалған құралдың аты және бейне параметрлері көрсетілген қалып-күй қатары бар. Қалып-күй қатарының сол жақ бұрышында арнайы екі өріс орналасқан: бейнесі бар екпінді терезенің салыстырмалы өлшемін көрсететін масштабтау өрісі, және бейненің жадыда алатын көлемін көрсететін ақпараттық өріс.

Қ
ұралдар тақтасы бейнелермен жұмыс істеудің негізгі тәсілдері болып табылады. Ол әрқайсысы белгілі құралға сәйкес келетін батырмалар жиынтығынан тұрады. Тышқан көмегі арқылы кез-келген құралды екпінді етуге болады. Егер батырманың төменгі жағында кішкене үшбұрыш бар болса, онда батырманың аржағында берілген құралдың әртүрлісі орналасқан дегенді білдіреді. Оларды көру үшін осы батырманың үстінен бірнеше уақыт жібермей басып тұрыңыз. Осыдан соң палитра ашылады. Негізгі құралдар төрт топқа бөлінген: 1) Бейнені ерекшелеуге арналған құралдар; 2) Сурет салуға арналған құралдар; 3) Жаңа объект құруға арналған құралдар; 4) Көруді басқаратын құралдар

Құралдар тақтасының төменгі жағында негізгі және фондық түстерді таңдауға арналған батырма бар.

Палитралар – бұл бейнелермен әртүрлі операциялар жасауға арналған көмекші терезелер. Көп жағдайда палитралар оң жақта төрт тақтада орналасады. Әрбір тақтада тек бір ғана палитра көрінеді. Егер қандай да бір тақта қажетсіз болса, онда сәйкес батырмалар арқылы немесе Окно менюі арқылы жауып немесе орап тастауға болады.


1   2   3   4   5   6

  • 7. Объектілер тобымен жұмыс
  • Қолданылатын әдебиеттер
  • 9-дәріс. «Логикалық операциялармен жұмыс» Дәріс жоспары
  • 10-дәріс. «Графиктер салу. Чертеждар салу.»
  • Қасиет
  • Объект формасын модификациялау
  • 11-дәріс. «Графикалық редактор PhotoShop программасы. » Дәріс жоспары

  • жүктеу 0.7 Mb.