Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.7 Mb.



жүктеу 0.7 Mb.
бет2/6
Дата20.03.2017
өлшемі0.7 Mb.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


1   2   3   4   5   6

BMP (Windows Device Independent Bitmap) ВМР форматы Windows-тың өзінің форматы болып табылады. Ол оның басқаруымен болатын барлық графикалық редакторлармен қолданылады. Windows-та арналған астрлық бейнелерді сақтау үшін қолданылады. . Индекстелген (256 түске дейін), сол сияқты RGB-түстер (16.700.000 реңдер) сақтау мүмкіндігі бар.

WMF (Windows Metafile) Windows –тың тағы бір форматы. Векторларды алмастыру буфері арқылы өткізуге қызмет етеді (Clipboard).
Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.
Windows тың барлық прпограммаларымен және векторлық графикамен байланысқан программалармен де түсіндіріледі. Алайда, ол қаншалықты жан-жақты болса да WMF форматпен тек өте шеткері жағдайда, яғни «жалаңаш» векторларды көшіруде ғана қолданған дұрыс. WMF түстерді қысады, әртүрлі векторлық редакторларда объектіге меншіктелуі мүмкін параметрледі сақтай алмайды.

PICT (Macintosh QuickDraw Picture Format) Macintosh алмастыру буфері үшін стандарт. Растрлық және векторлық графиканы алып жүре алады Mac’e барлық программалармен қолданылады, РС де .pic немесе .pct кеңейтілулерінде болады

TIFF (Tagged Image File Format) Аппаратты тәуелсіз TIFF форматы қазіргі күнде ең қолайлы және көп таралған болып табылады. Оны практикалық түрде РС және Macintosh барлық графикамен байланысты программалары қолдайды. TIFF растрлық графиканы векторлыққа және шығармашылық жүйелерге импорттағанда өте жақсы таңдау болып табылады. Оған барлық түстер модельдері монохромнан бастап RGB, CMYK және Pantone қосымша түстеріне дейін жеткілікті.

Scitex CT (РС - .sct) Scitex фирмасының Scitex CT форматы ся от TIFF’ тен айырмашылығы аз ғана, тек бір ерекшелігі бар. Scitex фирмасының фотожинақ автоматтарында осы формат файлдарын жылдам шығарылады.

PS (Adobe PostScript) PostScript – Adobe фирмасының парақты сипаттау тілі. .ps немесе .prn кеңейтілулерімен болатын бұл формат файлдары Print to file графикалық программалары PostScript-принтерлер драйверлері арқылы алынады.
Драйвер - (ағылш. drіver - жүргізуші) - компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.)
Мұндай файлдар өзіне барлық байланысқан файлдарды, шрифтерді, сонымен қатар басқа да ақпараттарды: түстербөлу, қосымша платалар, растр лианурасы және т.с.с. қамтиды.

EPS (Encapsulated PostScript) EPS – қысқартылған PostScript. Бір файлда бір беттен артық беттен қамти алмайды. Принтер үшін орнатуларды сақтай алмайды. Оны шығару PostScript-құрылғыларында жүргізілсе пайдалануға болады. EPS баспалауға қажетті барлық түстер модельдерін қамтамасыз етеді. Файлмен бірге эскизін де сақтауға болады.

PSD (Adobe Photoshop Document) PSD – Photoshop редакторының форматы. Ол бейнені бірнеше қабаттармен, маскілермен, қосымша каналдармен, контурлермен және т.с.с. жазуға мүмкіндік .

AI (Adobe Illustrator Document) Adobe Illustrator бір құжатта тек бір ғана бетті қамти алады. AI векторлық графикамен байланысты барлық файлдарды қолдайды.

FH8 (FreeHand Document, соңғы цифр программа версиясын көрсетеді). Бұл формат ешқандай ерекшелігімен көзге түспейді, FreeHand және Macintosh үшін Illustrator 7 және Macromedia–ның екі пргораммасы ғана түсінеді

CDR (CorelDRAW Document) CorelDRAW құжаты форматы. CorelDRAW тың соңғы версияларын ешқандай ойланбастан танымал деп айтуға болады. Бұл версиялар файлдарында шрифтер енгізілуі мүмкін, CDR файлдары үлкен 45х45 метр болатын жұмыс облысына ие.
Cұрақтар:

  1. Компьютерлік графиканың қазіргі заманғы қолданыстағы түрлері қандай?

  2. ИМГ қолдану жабдықтарын атаңыз?

  3. Графикалық файлдар фолрматтары қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005

Петров М.Н., Молочков В.П. Компьютерная графика: Учебник для вузов. -СПб.: Питер, 2003

Рейнбоу В. Компьютерная графика. Энциклопедия, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003



3-дәріс. «Интерактивті машиналық графиканың техникалық жабдықтары»

Дәріс жоспары:



  1. Ақпаратты енгізу құрылғылары;

  2. Ақпаратты шығару құрылғылары.

ДИСПЛЕЙЛЕР (МОНИТОРЛАР)

ДК маңызды құрама бөліктерінің бірі оның видеожүйесі, ол монитор мен видеоадаптердан тұрады.. Монитор экранда қолданушы визуальды түрде қабылдайтын мәтіндік және графикалық ақпараттарды бейнелеуге арналған. Қазіргі уақытта мониторлардың өте көп алуан түрлі типтері бар. Оларды келесі ерекшеліктерімен сипаттауға болады:



  • Бейнелеу режимі (растрлы дисплейлер, векторлы дисплейлер);

  • Экран типі (ЭСТ негізіндегі дисплейлер, сұйықкристаллды, плазмалық);
    Плазма - оң және теріс зарядтарының тығыздықтары бір-бірімен шамалас, толық немесе ішінара иондалған газ. Плазмада зарядталған бөлшектер қатарына электрондар мен иондар жатады. Олар газды иондау (қыздыру, эл.-магн. толқынмен әсерлесу, зарядталған бөлшектермен соққылау, т.б.)


  • Диагоналі бойынша өлшемі (әдетте 14 тен 21 дюйм);

  • Түстілігі (түрлі-түсті, монохромды);

  • Кадрлар жиілігі (әдетте 50 ден 100 Гц).

МАНИПУЛЯТОР «ТЫШҚАН»

Пернетақтана мен бірге тышқан ақпаратты енгізудің маңызды құрылғысы болып табылады. Күрделі графикалық қабықшасы бар қазіргі заманғы программалық өнімдерде тышқан программаны басқаратын негізгі құрылғы болып табылады.

Қызметі бойынша тышқан былайша бөлінеді:


  • механикалық;

  • оптика-механикалық;

  • оптикалық.

Ақпаратты жіберу қағидасы бойынша бөлінеді:

  • тізбектелген;

  • параллельді.

ЖАРЫҚ ПЕРОСЫ

Бұл жарықтысезгіш құрылғы экран нүктесінің координатасын алуға арналған.

Формасы бойынша жазба қаламсабын еске түсіретін, жарық перосы, монитор экранымен қарым қатынас үшін арналған. Пероның ұшында фотоэлемент орнатылған, ол жарық сигналына әсер етеді.

джойстиктер

Джойстик ақпаратты енгізудің координаттық құрылғысы болып табылады және өте жиі компьютерлік ойындарда және тренажерлерде қолданылады. Джойстики болады:


  • аналогты;

  • цифрлы.

ТРЕКБОЛ

Трекбол – бұл үлкен көлемдегі шаригі бар тышқан құрылғысының төңкерілген түрі ретінде болатын, ақпаратты енгізу құрылғысы. Әрекет принциптері мен ақпаратты беру тәсілдері тышқанмен бірдей.

Фотоэлемент - электрондар ағыны немесе электр тогы жарық арқылы басқарылатын электрондық прибор.
Сигнал (лат. signum - белгі) - берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Тышқаннан негізгі ерекшелігі:


  • Қозғалмайтын корпуска байланысты бірқалыпты орын;

  • Жылжу үшін кішкене аудан қажет жоқ.

Тачпад и трекпоинт

Трекпоинт – Ноутбуктарды алғаш пайда болған, координаттық құрылғы. Ол саусақтың басылуымен басқарылады.

Тачпад саусақ қозғалысы арқылы курсорды жылжытады. Көптеген ноутбуктарда осы құрылғы қолданады, себебі мұнда қозғалатын бөлшектер жоқ..

принтерлер

Принтерлер ақпаратты қағаз бетіне шығарудың танымал құрылғысы. Баспалау технологиясына байланысты бөлінеді:


  • матрицалық;

  • сия бүріккіш;

  • лазерлік.

плоттерлер

Плоттер – графикалық түрдегі ақпаратты қағаз бетіне шығаруға арналған құрылғы. Плоттер (графиксызғыш) – бұл диаграммаларды немесе сызықтар арқлылы салынатын басқа да бейнелерді автоматты түрде салуға арналған құрылғы.

Түрлері:


  • планшетті;

  • барабанды;

  • рулонды немесе роликті.

Бейнені құру принципі бюойынша:

  • векторлы;

  • растрлы.

сканерлер

Сканер – қағаздан немесе пленкадан ақ-қара немесе түрлі-түсті ақпараттарды енгізуге арналған құрылғы.

Сканеры бөлінеді::


  • ақ-қара;

  • түрлі-түсті.

Сонымен қатар бөлінеді:

  • қолымен басқарылатын;

  • барабанды;

  • планшетті.

Дигитайзерлер

Дигитайзер кәсіпқой графикалық жұмыстарға арналған. Арнайы программалық жабдық бойынша ол оператордың қолының қозғалысын векторлық графика форматына түрлендіреді.

Дигитайзер жұмы беті болып табылатын арнайы планшеттен, ол сәйкес программалық жабдыққа байланысты әртүрлі қызметтер атқарады, және жарық перосынан тұрады.
Cұрақтар:


  1. Ақпаратты енгізу құрылғыларына қандай құрылғылар жатады?

  2. Ақпаратты шығару құрылғыларына қандай құрылғылар жатады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005

Петров М.Н., Молочков В.П. Компьютерная графика: Учебник для вузов. -СПб.: Питер, 2003

Рейнбоу В. Компьютерная графика. Энциклопедия, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003


4-дәріс «Шығармашылық баспа жүйесі PageMaker программасы. Программа қызметі, интерфейсі, құрамы. MSWord текстік редакторымен ұқсастығы және айырмашылықтары.»

Дәріс жоспары:

  1. Баспа жүйесінің қажеттігі.

  2. Баспа жүйесі – РageMaker және мәтіндік процессор қызметтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары.
    Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.
    Мәтіндік процессор (мәтіндер даярлау жүйесі) (текстовый процессор (система подготовки текстов); word processor) - мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.


  3. Adobe PageMaker программасының интерфейсі.




  1. Өте жоғары сападағы баспа макетін жасау үшін беттеу (верстка) жүйесін пайдалану қажет. Баспа жүйелері құжаттарды типографиялық тұрғыдан өңдеу үшін қолданылады. Баспа жүйелерінің қакзіргі қолданыстағы түрлері: QuarkXPress, РageMaker. РageMaker кез келген түрдегі публикациялардың түпнұсқа-макеттерін құруға арналған мүмкіндіктердің барлығын қамтиды: газет, журналдар, жарнамалық өнім, кітаптар. Әсіресе күрделі әсемдеулермен болатын көппарақты шығаруларды – көптеген мысалдары, иллюстрациялары, белгілеулері бар оқулықтар, өлеңдер жинағы.




  1. Баспа жүйесі – РageMaker және текстік процессор қызметтерін салыстырайық.

    Қызметі

    Adobe PageMaker

    MS Word

    Мәтін енгізу

    Қарапайым мәтіндік редактор және макет режимінде енгізіледі

    Макет режимінде және құжат құрылымын көрсететін мүмкіндігі бар өте күшті редактор.

    Орфаграфияны тексеру

    Бар

    Бар

    Грамматиканы тексеру

    Жоқ

    Бар

    Кернинг

    Мәтін бөлігін баптауға арналған және жеке символдарға арналған кернингтерді баптау.

    Автоматты түрде берілетін кернинг

    Трекинг

    Трекингті жайлап баптау

    Жоқ

    Сөз аралық интервал

    Максимальды, минимальды және қажетті интервалды баптау.

    Жоқ

    Символдар арасындағы интервал

    Максимальды, минимальды және қажетті интервалды баптау

    Жоқ

    Ажыратқыш

    Сөз аралық, символдық интервалдарға байланысты жіңішке ажыратқыш қою.

    Сөздер акрасындағы интервалға байланысты автоматты өте өлкен ажыратқыш.

    Сұйық қатарларды қадағалау

    Бар

    Жоқ

    Интерлигьяж

    Бар

    Бар

    Абзац стильдері

    Бар

    Бар

    Абзацтар шегінісі

    Бар

    Бар

    Табуляциялар

    Бар

    Бар

    Сызғыштар

    Бар

    Бар

    Монтажды стол

    Бар

    Жоқ

    Мәтін блоктарын еркін орналастыру

    Бар

    Жоқ

    Бағаналар

    Бар

    Бар

    Мәтін блоктарының еңкеюі, айналуы

    Бар

    Жоқ

    Кестелер

    Кестелердің сыртқы редакторы бір беттен артық болмайды

    Бар, кез келген бет саны болуы мүмкін

    Сурет салу құралдары

    Бар

    Бар

    әртүрлі түстер модельдері арқылы түсті анықтау

    Бар

    Жоқ

    Графика импорты

    Бар

    Бар

    Импортталған графикамен байланыс

    Бар

    Бар

    Графиканы ендіру

    Бар

    бар

  2. РageMaker интерфейсіне келесілер жатады:

А) Программаның негізгі терезесі және меню жүйесі;

Ә) Құжаттар терезесі. Құжатты көрсету режимдері және масштабтау;

Б) Сызғыштар және бағыттауыштар;

В) РageMaker құралдары.;

Г) палитраларды ұйымдастыру және олармен жұмыс;

Д) Пернетақта және жанама менюмен жұмысты жылдамдату.



Программаның негізгі терезесі:

  • Жүйелік меню;

  • Тақырып қатары;

  • Терезені басқару батырмалары;

  • Меню қатары (программаның барлық функцияларына жол сілтейді);

  • Палитралар (программа құралдарына немесе олардың функцияларына жол сілтейді);

  • Терезенің негізгі жұмыс аймағы.

Құжат параметрлері терезесінде келесілерді баптауға болады:

  • Парақ параметрлері және оның өлшемдерін;

  • Парақтың ориентациясын (альбом немесе кітап түрінде);

  • Опциялар (екі жақта баспалау, титульдық парақ ашу, номерлеуді қою);

  • Барлық бет санын және нешіншіден бастау қажеттігін;

  • өрістерді (поля);

  • баспаға жіберетін принтер атын көрсетуге.

Құжаттарды көрсету режимдері және масштабтау. Вид (Түр) менюінен парақтарды көрсету масштабын таңдауға болады.

  • Вид (Түр) – реальный размер (нақты өлшем);

  • Вид (Түр) – целая станица (толық бет);

  • Вид (Түр) – монтажный стол (монтаждық үстел);

  • Вид (Түр) – масштаб – 25%, 50%, 75%, 100%, 200%, 400%.
    Масштаб (нем. Mastab. Ma - өлшеуіш, мөлшер және Stab - таяқ) - сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады.


Алғашқы үш варианттарды бағыттауыш құралын таңдағандағы жанама менюден көрсетуге болады. Сонымен қатар кез келген жанама менюде «Тапсырма масштаб (заказной масштаб)» командасы бар, одан 14% дан 731% ға дейін кез келген масштабты алуға болады.
Бағыттауыш (орыс. Навигатор; ағылш. browser) - гипермедиалық Құжаттар ортасындағы бағыттау құралдары.
Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.


Пернетақта арқылы:

  • Ctrl 5 - 50%;

  • Ctrl 2 – 200%;

  • Ctrl 7 – 75%;

  • Ctrl 4 – 400%;

  • Ctrl 1 – 100%;

  • Ctrl - үлкейту;

  • Ctrl - - кішірейту.

Палитралар

  • Құралдар палитрсасы. Орындалатын жұмыс типін анықтайды;

  • Түстер палитрасы. Макет элементтеріне түс таағайындайды және түстерді анықтайды;

  • Стильдер палитрасы. Стильдер арқылы абзац форматтауды жеңілдетеді;

  • Қабаттар палитрасы. Көп қабатты макет құруды іске асырады және қабаттарды басқарады;

  • Гиперсілтемелер палитрасы. Публикациялар ішінде және олардың арасында элементтердің қиылысу сілтемелерін, сонымен қатар жергілікті және желілік құжаттарға сілтемелер құруға мүмкіндік береді;

  • Сценарилер палитрасы. РageMaker сценариіне жылдам қатынас құруды қамтамасыз етеді және олардың орындалуын басқарады;

  • Парақ шаблоны палитрасы. Парақ шаблондарын құруды ұйымдастырады.

  • Басқарушы палитрасы. Абзацтар және символдарды форматтау функцияларына жылдам қатынас жасайды.
    Сілтеме (Ссылка; the reference, link) - 1) қандай да бір объектіге арналған нұсқағыш; 2) тілдің сипатталган элементін белгілеуге пайдаланылатын тілдік құрылма; 3) хабарланған объектіні ұқсастыру.
    Символ (грекше symbolon - танымдық белгі, таңба, рәміз, пернелеу) лингвистика, логика, математика ғылымдарында таңба ұғымын береді; өнерде, философияда нәрсенің, құбылыстың қасиетін, сыр-сипатын бейнелеп, астарлап білдіретін әмбебап эстетикалық категория.



Cұрақтар:

    1. Баспа жүйесінің қажеттігі дегендіқалай ұғасыз?

    2. Баспа жүйесі – РageMaker және мәтіндік процессор қызметтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарынатаңыз.

    3. Adobe PageMaker программасының интерфейсіне нелер жатады?.

Қолданылатын әдебиеттер:

Вовк Е.Т. PageMaker 6.5.- Москва. Диалог мифи. 2001.


5дәріс «PageMaker программасында мәтіндер және абзацтармен жұмыс.»

Дәріс жоспары:

  1. Форматтау атрибуттарын беру тәсілдері;

  2. Абзацтарды форматтау

Құралдар тақтасындағы Т- текст батырмасын шерткенде курсор мәтіндік режимге көшеді. Содан кейін символдарды теруге, ерекшелеуге және форматтауға болады. PageMaker программасында мәтінді форматтау атрибуттарын үш тәсілмен беруге болады:

    • «Шрифт параметры» сұхбат терезесі арқылы;

    • Мәтін менюіндегі ішкі менюлер арқылы;

    • Басқарушы палитрадағы командалар арқылы.

«Шрифт параметрлері» сұхбат терезесі арқылы біруақытта бірнеше форматтау атрибуттарын беруге болады. Ал кейбір форматтау атрибуттарын тек осы сұхбат терезеде ғана өзгерте аламыз, мысалы қатардың үстіңгі жағындағы, қатардың төменгі жағындағы индекстердің өлшемі, капители өлшемі. Бұл сұхбат терезені Мәтін—Шрифт командасы немесе <Сtrl T> пернелер комбинациясы арқылы ашамыз. Шрифт параметрлері сұхбат терезесі арқылы атрибуттар қою өте баяу әдіс болғандықтан, мәтін менюі және оның ішкі менюлер жүйесі арқылы бірнеше форматтау атрибуттарына тікелей қатынас құруға болады. Бұл мәтін өңдеу жұмысын жылдамдатады. Басқарушы палитра арқылы PageMaker-дің барлық командаларына өте жылдам қатынас жасауға болады. Басқарушы палитраны шақыру: Терезе – басқарушы палиитраны көрсету командасы немесе комбинациясы.

Форматтау атрибуттары:



  • Гарнитура – шрифт түрлерін таңдау (мысалы: KzArial, Batica т.с.с.);

  • Кегль – шрифт өлшемі (4-60 пункт). Пика және пункт полиграфияда қолданылатын шрифт өлшемдері. Бағаналардың және сызықтардың ені мен ұзындығы пикамен көрсетіледі. Пика═4,236 мм немесе 1/6 дюйм. Интерлиньяж және шрифт литері пунктпен өлшенеді. Пункт ═0,353 см.

  • Интерлиньяж – жол аралық интервал;

  • Символдар ені – символдың горизонталь өлшемі;

  • Түсі – символ түсін таңдауға болады;

  • Мәтін позициясы - жекелеме символдарды негізгі мәтіннен сәл төмен немесе сәл жоғары орналастыруға болады;

  • Регистр - мәтінді форматтау барысында бас әрітерді кіші әріптерге немесе керісінше ауыстыруға тура келеді, осы жағдайда қолданылады;
    Горизонтальдар - жер бетіндегі абсолюттік биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын және жинақталғанда бедер нысанын беретін картадағы сызықтар. Қима биіктігін тандау бедердің, масштабтың сипатына және картаның арналу мақсатына байланысты.
    Позиция (лат. posіtіo - орны, жағдайы, орналасқан жері) - Қандай да бір нәрсенің орны, орналасуы (мысалы, шахмат тақтасындағы фигуралардың позициясы); Шекті музыкалық аспаптың мойнындағы сол қолдың бір жерде тұрып, дыбыстардың белгілі бір кезектігін орындайтын орны; Классикалық бидегі қолды ұстап тұру мен аяқтарды қоюдың бұлжымас ережелері.
    Әріп-дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп - шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді.


  • Трекинг – символдардың тығыздығы;

  • Символдар – белгіленген сөзді екі жолға тасымалдау керек пе, әлде керегі жоө па екенін қоюға болады;

  • Жазылуы – алты түрін таңдауға болады: қалыпты, жартылай қарайтылған, курсив, асты сызылған, сызылып тасталған, инверсті.

  1. Абзац – мәтіндік материалдан тұратын публикацияның ең кіші элементтері. РageMaker жүйесінде абзац деп «Enter» пернесін басқаннан кейін пайда болған маркермен аяқталатын кез келген мәтінді ұғады.

Форматтау элементтерін белгіленіп тұрған абзацқа немесе курсор қойылған абзацқа жүргізуге болады. Форматтау үшін «Абзац параметрі» немесе мәтін менюі немесе басқарушы палитра қолданылады. «Абзац параметрі» сұхбат терезесін Мәтін—абзац командасы немесе пернелер комбинациясы немесе мәтіннің кез келген жерінен жанама менюдегі Абзац бөлімінен шақыра аламыз.

Абзацтарға қойылатын шегігністер түрлері:



  • Сол жағынан;

  • Оң жағынан;

  • Абзацтық.

Аралық түсінігіне абзацтардың аралығы қолданылады. Олардың екі түрі бар:

  • Дейін – жоғарыда орналасқан мәттінен ағымдағы абзацқа дейінгі шегініс;

  • Кейін – Ағымдағы абзацтан төмен орналасқан мәтінге дейінгі шегініс.

Туралау – мәтіннің тік шекараларға қатысты қатар бойынша орналасуы. Олардың түрлері:

  • Сол жаққа;

  • Ортаға;

  • Оң жаққа;

  • Формат бойынша;

  • Толық.

Абзацты көлденең сызықтармен әсемдеу үшін «Параметры абзаца» терезесінде «Линии» батырмасын шертсе «Линии абзаца»резесі ашылады. Осы терезенің параметрлері арқылы абзацтың үстінен және соңынан көлденең сызықтар қоюға болады және оған стиль, түс, ұзындығын, шегініс шамасын беруге болады.

Абзацты жаңа параққа көшіру үшін «Параметры абзаца» терезесіндегі «Варианты» бөлімі арқылы абзацты парақтан параққа тасымалдауға болады.


1   2   3   4   5   6

  • WMF (Windows Metafile)
  • PICT (Macintosh QuickDraw Picture Format)
  • TIFF (Tagged Image File Format)
  • Scitex CT ( РС - .sct)
  • EPS (Encapsulated PostScript)
  • PSD (Adobe Photoshop Document)
  • AI (Adobe Illustrator Document)
  • CDR (CorelDRAW Document)
  • Қолданылатын әдебиеттер
  • 3-дәріс. « Интерактивті машиналық графиканың техникалық жабдықтары »
  • 4-дәріс «Шығармашылық баспа жүйесі PageMaker программасы. Программа қызметі, интерфейсі
  • Қызметі Adobe PageMaker MS Word
  • РageMaker интерфейсіне келесілер жатады
  • Программаның негізгі терезесі
  • Құжат параметрлері терезесінде келесілерді баптауға болады
  • Құжаттарды көрсету режимдері және масштабтау.

  • жүктеу 0.7 Mb.