Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.96 Mb.



жүктеу 0.96 Mb.
бет3/3
Дата18.03.2017
өлшемі0.96 Mb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


1   2   3

Сөздік


өнімділік – производительность

құбылыс - явление

қуат – мощность

қадағалап байқау- отслеживать

түсіну - разобраться

қиын мәселе – сложные задачи

қаржы нарығы – финансовый рынок

апат - стихия

ғаламшар – планета

құтқару қызметтері – службы спасения



30. 1 Сан есім

Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады

Сан есімдер мағыналарына қарай алты топқа бөлінеді:

1) есептік сан есім – екі, он, бес, бір мың жүз елу тоғыз

2) реттік сан есім – екінші, бесінші, тоғызыншы, жиырма төртінші.

3) жинақтық сан есімдер – біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау,

жетеу.


4) болжалдық сан есімдер – мыңдап, ондап, отыздарда, қырық-отыз, мыңға жуық, жүз шақты.

5) топтау сан есімдер – он-оннан, бес-бестен, екіден.

6) бөлшектік сан есімдер - 5/10- оннан бес; 10, 2 - он бүтін оннан екі; 10, 5- он жарым, 2, 25– екі ширек
Тапсырмалары
1 Сан есімдерді оқыңыз

50, 437, 254, 318 586, 83 475, 10 584, 98, 111, 7 645 329, 4893, 689, 938, 347 586.


2 Бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңыз

4,8; 4/8; 10, 3/10; 2, 25; 1/1000; 2,4; 5, ½; 112, 03; 862,4.



3 Мақал мәтелдердерді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз

1 Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедеге келеді.

2 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.

3 Мың адамның түсін білгенше, бір адамның атын біл.

4 Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.
4 Сөз тіркестеріндегі көп нүкте орнына қажетті қосымшаларын жалғаңыз

35 жас... адам, 700 литр... ыдыс, 345 пәтер... үй, әрбір үш... адам, бес... екі... көбейту, 416... кабинет, ұзындығы 50 метр..., бес-бес... кірді, бес... сынып, тоғыз... аспайды, сексен... жылдар... соңында, мың... жуық адам.




5 Сөйлемдерді оқып, сан есімдерді тауып, олардың өзара қандай жалғаулармен байланысып тұрғандарын айтыңдар

1 Бір сәт глобусқа көз салып көріңізші. Жер шарының 2/3 бөлігін су алып жатыр. 2 Жыл сайын жердің түкпір-түкпірінен 20-30 миллионға жуық адамдар ауылдан қалаға көшеді. 3 Ресми статистика бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарында Астанада 318,2 мың адам тұрса, 2002 жылдың 1 желтоқсанында Астана халқының саны 507,1 мың адамға жеткен. 4 Астанаға көшкен адамдардың 43, 8% жұмыс іздегендіктен келген. 5 Астанаға ауылдан көбінесе 25-29, 30-39 жастағылар көшеді. Алматыға басқа қалалардан 30-39 бен 40-49 жастағы адамдар көшкен.

6 Статистикалық мәліметтер бойынша Алматы халқының саны жыл сайын 24 000 адамға көбейіп отырады екен. 7 2004 жылдың 1 қазанында қазақстандықтардың саны 14 926, 6 мың адамды құраған. 8 Республикамызда 2004 жылғы көрсеткіші бойынша ер адамдардың орташа өмір жасының ұзақтығы – 60, 6 жыл, ал әйел адамдардікі – 65, 8 жыл.

6 Синонимдерін табыңыз

Аң, көмектесу, болжау, мақсат, жетекші, айналысу, жануар, шұғылдану, мұрат, жәрдемдесу, жорамал, бастаушы.


7 Аударыңыз

Компьютерлік болжау, қиын мәселе, күрделі процесс, ауа-райының болжамы, жұмыс өнімділігі, апат, қаржы нарығы, ғаламшар, құтқару қызметтері, табиғи құбылыс, халық саны, жер сілкінісі, ядролық жарылыс, салдары, түрлі мақсатта пайдалану, кеңейту жоспары, қарсы тұру, дайындалуға көмектеу.



31 Компьютер және виртуалды шындық
Сіз Ви-Ар-пен (VR), яғни «виртуалды шындықпен» таныссыз ба?
Виртуалды шындық (лат. virtus - ақиқат) - компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты - қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі.
Онда сіз сол кезде арнайы креслода әдеттегіден тыс экран алдында басыңызға шлем, ал қолыңызға ерекше қолғап киіп отырған шығарсыз? Осы тетіктерде орналастырылған сезгіш датчиктер сіздің басыңыздың, қолыңыздың және тағы да басқа дене мүшелеріңіздің әрбір қозғалысын бақылап тұрады. Компьютерге қосылған бұндай датчиктер оған мәліметтерді енгізу құрылғысы болып келеді. Ал сізге естілген дыбыстар мен көрсетілген суреттердің бәрі – компьютер сигналдары.

Виртуалды шындық сізді басқа әлемге «апарады». «Виртуалды» деген сөздің өзі формасы мен адамға әсері бойынша шындыққа ұқсайтын, бірақ-та шын болып келмейтін құбылысты білдіреді. Себебі бұл тек қана бір программа бойынша кодпен хабарланатын компьютердің электронды сигналдары. Оларды «кибер кеңістік» деп атайды. Осындай кеңістікте компьютерден шығатын сигналдар суреттер мен дыбыстарға (кейбір нұсқамаларында иіске де, денеңізге бірдеңенің тиіп кетуіне де) айналады. Адам бұл сигналдарды өзінің сезу органдарымен қабылдайды, ал оның миы осы виртуалды әлемді жасап шығарады.

ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарында компьютерлер жоғары деңгейде дамып, виртуалды шындықты ойындар көпшілік қолды болды.

Сөздік

Шындық –реальность

әдеттегіден тыс –необычный

тетік – приспособление

сезгіш – чувствительные

әсер – воздействие

көпшілік қолды –широкодоступный
Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2 Сұрақтарға жауап беріңіз

1 Сезгіш датчиктер қайда орналастырылған?

2 «Виртуалды шындық» деген не?

3 Кибер кеңістікте компьютер сигналдары неге айналады?

4 Бұндай ойындар қашан көпшілік қолды болды?
31. 1 Үстеу

Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін білдіретін, өзгертуге грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздерді үстеу деп атайды

Үстеудің құрамдық түрлері:

1) негізгі үстеулер – жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жоғары, қазір т.б.

Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының жұрнақтары жалғана алады. Мысалы: жылдамдау, ілгерілек, тездеу т. б.

2) туынды үстеулер – - туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар:

а)–ша/-ше: балаша, көзінше, өзінше, қазақша т.б.

ә)–лай/-лей – шикілей, осылай,

- дай/-дей – гүлдей, тотыдай,

- тай/-тей – құстай, жіптей

б) –дайын/-дейін – сұңқардайын, жорғадайын

- тайын/-тейін – бұлақтайын

г) –шама/-шеме, -шалық/-шелік – осыншама, соншалық

д)–майынша/-мейінше, -байынша/-бейінше, пайынша/-пейінше –оқымайынша, тыңдамайынша, айтпайынша т. б.

Түбірге сіңісіп, көнеленіп үстеу тудыратын септік жалғаулар:


  1. барыс септік - бірге, кешке, босқа, зорғат.б.

  2. жатыс септік – баяғыда, аңдаусызда, қапыда т.б.

  3. шығыс септік – шалқасынан, кеңінен, шетінен, тосынан.

  4. көмектес септік – жөнімен, кезекпен, шынымен, ретімен.

Үстеулер білдіретін мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді.



Үстеу түрлері

Сұрақтары

Мысалдары

1. Мезгіл үстеуі

Қашан? Қашаннан?

Бүгін, былтыр, биыл, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, бұрын, күндіз, ертеден, бүрсігүні, қыстай, таң сәріде, баяғыдан, т.б.

2. Мекен үстеуі

Қайда? Қайдан?

Ілгері, кейін, әрмен, мұнда, осында, сонда, әрі, бері, жоғары, төмен, алға, тысқары, артта, арттан, т.б.

3 Сын –қимыл (бейне) үстеуі

Қалай? қайтіп? қалайша? Кімше?

әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, бұрынғыша, қолма-қол, осылай, сөйтіп, өйтіп-бүйтіп, келе сала, емін-еркін, лезде, т.б.

4 Мөлшер үстеуі

Қанша? Қаншалық? Қаншалап? Қалай?

Онша, сонша, соншалық, мұнша, неғұрлым, мұншама, соғұрлым, анағұрлым, әжептәуір, қыруар, талай, бірталай, т. б.

5 Күшейт-кіш үстеуі

Қалай? Қандай?

әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, әнтек, мүлдем, дәл, нағыз, керемет, орасан, ерен, аса, өте т. б.

6. Мақсат

Қалай? Неге?

әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана

7Себеп-сал-дар үстеу

Не себепті? Неге? қалай?

Босқа, бекерге, жоққа, құр босқа, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан

Тапсырмалары
1 Мына үстеулерді екі топқа (негізгі, туынды) бөліңіз

Төмен, кейін, дұрыс, әдейі, қазақша, орысша, меніңше, сеніңше, жылдам, алға, артқа, осында, жақында, күндей, адамша, жазда, қыста, бүгін, ертең, былтыр, тым, ас, қырынан, соншама.


2 Берілген сөздерден үстеу жасап, аударыңыз

1) қазақ, орыс, өзбек, сенің, өздерің, өзің, ағылшын, неміс, француз, ескі;

2) теңіз, құс, аспан, әке, біз, олар, үй, бастық, мақтаншақ, жас;

3) түн, күн, алыс, осы, жаны, қасы, арты, күз, қыс, жоғары, орта;

4) төмен, жоғары, жат, алыс, арты, күні, ал, жат;

5) қыры, жоғары, алды, арты, жаны, басы, қарсы, оң жақ, сол жақ, амалсыз.


3 Көп нүктенің орнына үстеулердің бірін қойыңыз

1 ... мен театрға барамын. 2 ... керемет концерт көремін. 3 Концертке досыммен ... барамын. 4 Эстрада әншісі ... ән айтады. 5 Джаз ... жақсы ойнайды. 6 Театрда кісі ... болады. 7 Біздің орындарымыз ... болады. 8 ... көру үшін біз ... жылжимыз. 9 Концерт бізге ұнайды. 10 ... тағы да театрға барғым келеді.



Керекті сөздер: бірге, артта, өте, жақсы, енді, көп, онда, кешке, ілгері, ағылшынша.
4 Сөйлемдерді көшіріп жазыңыз, үстеулердің астын сызыңыз, қандай үстеу екенін ажыратып, аударыңыз

1 Бүгін ұшаққа мініп жоғары көтерілеміз. 2 Ұшақ дереу жоғары, биікке көтеріледі. 3 Жер төменде қалады. 4 Баратын жеріміз ілгері де алыс. 5 Ұшақ екі сағаттан кейін Омбының әуежайына қонады. 6 Біраз уақыттан кейін төмен түсеміз. 7 Төменде қала шамдары көрінеді. 8 Бізді көп адамдар күтіп тұрады. 9 Біз Алматыдан Омбыға шапшаң жетеміз.


5 Сөйлемдерді салыстырып айырмашылығын айтыңыз

1 Мына кітап жақсы. – Ол жақсы оқиды.

2 Ол үстіне таза киім киді. – Ол таза жазады.

3 Мына тура жол институтқа апарады. – Мен оған тура айттым.

4 Мен ұзақ жолдан келдім. – Мұғалім ұзақ сөйледі.

5 Бүгін күн жылы болды.- Ол маған жылы қарады.

6 Менің ағам өте шапшаң адам. – Марат шапшаң оқиды.

7 Бүгін үйге жақын адамдар жиналады.- Кел, жақын отыр.

8 Мен өзіме тамаша кітап сатып алдым. – Тамаша сөйлейсің.
6 Сөйлемдерге берілген үстеулерді қатыстырып жазыңыз

Үлгі: Асан жауап берді.- Асан жылдам жауап берді.

1 Маржан ұзақ сақталмайды. 2 Мен бұл лекцияны тыңдауға келдім. 3 Досымбек жақсы ән шығарыпты. 4 Машина жолдан бұрылды. 5 Біз екі рет жиналыста болдық. 6 Амантай қуанды. 7 Бұл үйге Серік келді. 8 Мадина бүгін сәнденіп киінген. 9 Біз емтихан тапсырамыз. 10 Тұмар жақсы сөйледі. 11 Күндер аязды болды. Әсия жауап берді. 12 Қатты жел соқты. 13 Көктем кеш шықты. 14 Үй жұмысына көмектеседі. 15 Аспанды бұлт қаптап алды. 16 Ерлан есікті ашты. 17 Есен ағасының айтқанын қайталады.



Үстеулер: әдейілеп, бірталай, оңға қарай, балаша, айырықша, талай рет, аса, бүгін, қыста, жазда, асықпай, қазақша, кеше, лезде,биыл, әрең, сөзбе-сөз.
32 Компьютерлік ойындар
80-інші жылдары компьютерлік ойындар ойын-сауық индустриясының ең жедел дами бастаған бағыты болды.
Компьютерлік ойын - ойнауға арналған компьютерлік бағдарлама. Оларға сондай-ақ видеоойындар мен мобильді ойындар да жатады.

Компьютерлік ойындарды қалауы бойынша жеңілдетуге немесе күрделендіруге болады. Сонымен қатар ойын шартын өзгертетін тағы да басқа құрылғылары болады. Ойынды басқару үшін пернетақтаны, тышқанды немесе джойстикті таңдап, сіз бір адаммен немесе компьютердің өзін де бәсекелесіңіз ретінде алып ойнай аласыз. Ондай ойындарда көбінесе әр түрлі қиындық деңгейі болады. Кейбір ойындардың соңына дейін жетіп оны ұтып алу үшін бірнеше жыл уақыт кететін ойындары да бар.

Компьютерлік ойындар индустриясы өз мақсатына көптеген ойын түрлерін бейімедеді. Компьютерде баршаға мәлім карт, шахмат ойындарын да ойнауға болады. 1988 жылы IBM компьютерлік компаниясы спорт шебері деңгейінде шахмат ойнаған алғашқы машиналық бағдарламасын даярлаған. 1996 жылы осы компанияның «Дип Блю» бағдарламасы шахмат бойынша әлем чемпионынан бірнеше мәрте ойынды жеңіп алды. Машина жалпы бұл жарыста ұтылса да, екінші матчте сол бағдарламаның жетілдірілген ңұсқасы бойынша ойнап, жеңіске жетті.

Сонымен қатар компьютерде көптеген спорт ойындарын да ойнауға болады.

Спорт (фр. desport - жалқу) - белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты және мотор спортына қатысты айтылады.
Компьютерлік ойындар жылдан жылға күрделілеу және әр алуан болып келе жатыр.



33 Компьютерлік ойын түрлері



1 Рөлдік ойындар. Олар ойша сіздің басқа бір (шындағы немесе қиялдан шығарылған) тұлғаға айналып, таңдаған жолыңызда пайда болатын қиындықтарды қалай жеңіп шығатыныңызды көруге мүмкіндік береді.

2 «Атыстар». Бұл ойындарда міндетті түрде қару-жарақ, шайқас, қирату, өлім болады. Бұндай ойындарда семсер мен найза қолданатын серілер жарысынан бастап, ең жаңа автоматты қаруларды пайдаланатын шайқастар мен лазерлі қарулар мен фотондық торпедоларды қолданатын алыс болашақтағы ғарыш шабуылдарымен аяқталатын оқиғалар өріс алады.

3 Тренажерлар. Бұндай ойындар өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларды модельдейді. Осындай ойын арқылы сіз бір үлкен өнеркәсіптің корпорациясының қызметін немесе реактивті лайнердің ұшуын қаншалықты табысты басқара алатыныңызды біле аласыз.
Шайқас соғыс операциясының құрамдас бөлігі, ұрыс қимылдарының түрі. Жалпы мақсатпен бірлестірілген, белгілі бір әскер топтарымен (күштерімен) жүргізілетін және ортақ тапсырманы орындауға бағытталған неғұрлым маңызды және қауырт ұрыстық соққылардың жиынтығы.
Реактив, реагент (ре… және лат. agentіs - әсер етуші) - химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де Реактив деп атайды.
Корпорация (лат. corporatіo – бірлестік) - 1) бірлестік, қоғамдастық, одақ; 2) меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.


4 «Сиқыршылар мен айдаһарлар». Бұндай ойындарда міндетті түрде құпиялық пен сиқырлық, арбау мен дуа, ертегілердегідей қорғандар мен қазыналар, көне тас жазулары мен орта ғасырлық бұлама қағаздар және сиқыршылар мен айдаһарлар болады.
Сиқыр -сиқыршылық, магия. Сиқыр қараңда ең алдымен Мысырға қатысты айтылады Мұсаның Фираун сиқыршыларымен және Вавилонмен жекпе - жегі әлденеше рет қайталанады. Вавилонның сиқыршылықпен байланысы туралы түсінік Жерорта теңізі мен Алдыңғы Азия аудандары үшін дәстүрлі ұғым.

Сөздік

ойын-сауық – развлечение

бейімедеді – приспособил

бірнеше мәртенесколько партий

ұтылу – проиграть

жеңіске жету – одержать победу

«атыстар» – «стрелялки»

серілер жарысы – рыцарские турниры

өріс алады – разворачиваются

табысты – успешно

құпиялық – тайнство

сиқырлық – волшебство

арбау – чары

дуа – заклинание

қорғандар – замки

көне тас жазулары – древние каменные скрижали

бұлама қағаздар – свитки
Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2 Сұрақтарға жауап беріңіздер

1 Компьютерлік ойындар қашан жедел дами бастады?

2 Компьютерлік ойындардың қандай деңгейлері болады?

3 Қашан жане қандай компьютерлік корпорация шахмат ойнаған алғашқы машиналық бағдарламасын даярлаған?

4 Компьютерлік ойын түрлері қандай болып бөлінеді?

5 Олар туралы не айта аласыз?


33. 1 Көмекші сөздер

Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар.

Лексикалық мағына - зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұны. Лексикалық мағына сөздерді бір-бірінен ажыратып танытатын ең негізгі мағына, ол арқылы сөз жеке даралық (единицалық) сипатқа ие болады.



І Септеуліктер мынадай тұлғадағы сөздердің шылауында айтылады:

1 Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты, бойынша т.б.

2 Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, т.б.

3 Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі, астам, т. б.

4 Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге.
ІІ Жалғаулық шылаулар


ыңғайластық

Мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі

қарсылықты

Бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да

талғаулықты, кезектік

әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде

себеп-салдар

Себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті

шарттық

Егер, егер де



ІІІ Демеулік шылаулар


Демеулік шылаулар

1

сұраулық

Ма (ме, ба, бе, па, пе) ше

2

күшейткіш

-ақ, -ау, -ай, әсіресе, да (де, та, те)

2

шектік (тежеу)

Ғана (қана), тек, кейде, -ақ.

3

болжалдық

-мыс (-міс), кейде, -ау

4

болымсыздық, қарсы мәнді, салыстыру

Түгел, тұрсын, тұрмақ

5

нақтылау мәнді

Қой (ғой), ды (ді, ты, ті)

IV

Модаль сөздер

Керек, сияқты, екен, мүмкін, шығар, болар, рас, шамасы, әрине

V

Көмекші есімдер

Асты, арты, алды, арасы, жаны, қасы, қарсы, іші, үсті, асты



Тапсырмалары
1 Мәтіннен көмекші сөздерді теріп жазыңыз. Олардың түрін анықтаңыз, қай сөзбен қолданылып тұрғанын айтыңыз
2 Көп нүкте орнына қажетті септеулікті қойып көшіріңіз

1 Компьютерлік ойынды ойнау ... пернетақтаны немесе «тышқанды» пайдаланыңыз. 2 Ойын шарты ... бұлай істеуге болмайды. 3 Компьютерлік ойын ... кішкентай балаларға әріптерді үйретуге болады. 4 Қазақ халқының ұлттық ойындары ... кітап сатып алдым. 5 Осыдан ... ойынның шарты күрделенеді. 6 Бұл ойында жеңіске жету ... шыдамдылық керек.


3 Аударыңыз

1 Я хочу много знать о компьютерах. 2 Мы узнали о новых возможностях коомпьютера. 3 После занятий мы пойдем в библиотеку. 4 Конечно, для общего развития детей им необходимы не только компьютерные игры, но и подвижные. 5 Это же очень интересно! 6 Возле нашего дома есть компьютерный клуб. 7 Оказывается, дети любят привычные игрушки, вроде кукол и настольных игр. 8 Ты знаешь эту игру. 9 Мне не нравятся компьютерные игры, а тебе? 10 Бернар выиграл у Аскара несколько партии по шахматам.


4 Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесіз. Бір ойынның ережесін айтып беріңіз
5 Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз

6 Бір компьютерлік ойын туралы айтып беріңіз
7 Антонимдерін табыңыз

Күрделі жаңа

Оңай ұту

Жеңу жеңіл

Шындық ұту

Көне қиын


8 Синонимдерін табыңыз

Жеңу, жеңілу, жеңіс, деңгей, қиын, оңай, табысты, ұту, тиімді, ұтылу, ұтыс, күрделі, жеңіл, дәреже.


9 Аударыңыз

Бәсекелесіңіз, басқару үшін, қалауы бойынша, ойыннан соң, жеңіп алу, ұту, ұтылу, жеңілу, нұсқасы бойынша, қиындық деңгейі, соңына дейін, ойын-сауық, жеңілдету, күрделендіру, бірнеше мәрте, жарыс, жетілдірілген.


34 Фильмдер жасау
1982 жылы техникалық жағынан компьютерлік графикаға негізделген алғашқы толық метражды “ Тран” атты дисней фильмі шықты. Фильмде компьютерлік бағдарламалар бойынша жасалған бейнелеулер қолданылды.

Бірте-бірте компьютерлер фильм жасаудың маңызды құралына айналды. Олардың көмегімен бір көріністің көшірмесін жасап оны фильмнің шықпай қалған жеріне қосуға болады.

Фильм жасауда бір көрініс ішіндегі әр түрлі бөліктерінің арасындағы бос жерлерін табу - компьютердің ойдағыдай орындайтын негізі мәселелерінің бірі. Мысалы, сценарий бойынша бір мультипликациялық аң “тірі” әртістің алдында жылжып отырады. Компьютер көптеген бөлек кадрлардан тұратын көріністі толық қарап шығып, өз жадына жүктейді. Содан соң оператор оны қарап шығып, графикалық планшет арқылы түзетеді. Яғни, орынсыз бос кеңістіктерін қажетті түспен толтырады. Сонымен қатар, олар шындағыдай болып көріну үшін өзі фигуралардың шеттерінен көлеңкелер мен сызықтар салады. Осыдан кейін компьютер – бір дайын кадрдың үлгісі бойынша – (енгізілген бағдарлама арқылы) басқа кадрлармен де осындай жұмыс жасайды. Ал фильмде бір секунд ішінде олардың жиырмадан астамы өте шығады. Компьютер осы жұмысты жақсы орындайтындығы соншалықты - фильмді көрсеткенде оның ешқандай жіктері мен жапсырмалары көрінбейді.
Сөздік

Бейнеулер - изображения

Көрініс – сцена

Бос жерлері – пустоты

Ойдағыдай орындау – успешно выполнить

Түзетеді – выправляет

Шындағыдай – (здесь) натуральный

Жік – шов

Жапсырма – накладка

Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2 Сұрақтарға жауап беріңіз

1) 1982 жылы қандай фильм шықты?

2) Бұл фильмде қандай бейнелеулер қолданылды?

3) Фильм жасағанда компьютер көмегімен не істеуге болады?

4) Компьютер фильм жасаудағы өз жұмысын қалай орындайды?

3 «Кинотеатрда» тақырыбына диалог құрастырыңыз.

4 Жай сөйлем түрлерін еске түсіріңіз.

5 Жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
6 Берілген сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырыңыз

1 1995 жылы Дисней студиясы әлем кинематографындағы «Ойыншық тарихы» атты толық метражды мультипликациялық фильм шығарды. 2 Бұл фильм компьютер арқылы жасалды. 3 Жетпіс жеті минутқа созылған фильмде жүз мыңнан астам бөлек кадрлар бар. 4 Осындай жұмысты орындау үшін көптеген адамдардан тұратын команда көптеген компьютерлерде жұмыс жасады. 5 Жалпы осы жұмысқа соншалықты көп компьютерлік уақыт кетірілген. 6 Егер осы жұмысты әдеттегі компьютер істесе, осы жұмыстың барлығына тоқсан жылдан астам уақыт кететін болар еді.



35 Компьютердің болашағы
Әлемдік экономиканың компьютерлік модельдері есептеу саласының дамуында және компьютерлерді пайдалану қарқынында сәл төмендеу болады деп болжайды. Бірақ компьютердің ақпаратты өңдеу қуаттылығы екі есе артады, ал олардың құны бір жарым жыл сайын жартылай арзандап отырады. Жаңа технологиялар көлемі кішкентай және жұмыс өнімділігі үлкен «ақылды» компьютерлер жасауға мүмкіндік береді. Оларды өндірістің барлық салаларында жаңа қолданыстар күтуде.

Ақпараттық төңкеріліс. Болжаулар бойынша компьютерде жұмыс істейтін адамдар саны әр бес жыл сайын екі есеге артып отырады. Ғаламшарымыздың кез келген тұрғыны «Интернетке» кіріп кез келген деректен кез келген ақпаратты ала алады. Осындай электрондық «жарылыстың» негізгі құралы компьютер болады. Қазір осы кең және шиеленіскен электронды шытырманды басқару мәселесі адамдарды ойландыруда.

Жасанды ақыл. Компьютерлер күндердің күнінде адамдардан да ақылды бола алады ма екен? Ондай болғанда да ЖА (жасанды ақыл) – бұл компьютер саласындағы зерттеулердің кең өрісі. Қазіргі кезде осы салада адам миы қалай жұмыс істейтінін түсінуге және сол білімге сүйене отырып компьютерлік жүйелерді одан да тиімді және сенімді етіп жасауға көп көңіл бөлінуде. Бұнда адаммен бәсекелесуге қабілетті компьютерлік жоғарыжанды жасаудан аулақ.

Адам сөзін түсіне білу. Бұндағы зерттеулердің негізгі мақсаты – компьютерге әдеттегі адам дауысымен берілетін командаларды орындауды үйрету. Эволюцияның миллиондаған жылдарында адам миы сөзді оңай түсінетін болды. Бірақ-та компьютердің «электронды» миы үшін бұл міндет - қиын мәселе.

Болашақта компьютермен басқарылатын роботтар қажетті, олар іш пыстыратын үй шаруасындағы жұмыстарды тындырып адамдарға көмектесе алады. Алайда өзіміз осы машиналардың біз үшін сабақ оқығанын және біздің барлық проблемаларымызды шешуді өз қолдарына алғанын қалар ма едік?


Сөздік

пайдалану қарқыны – темпы использования

кез келген деректен – из любого источника

шиеленіскен электронды шытырман – запутанный электронный лабиринт

жасанды ақыл- искуственный интеллект

жоғарыжан – сверхсущество

адам сөзі – человеческая речь
Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып шығып, түсінгеніңізді айтыңыз

2 «Компьютердің болашағы» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз

Әдебиет
1 Балапанов Е. Жаңа информациялық технологиялар. - Алматы,

2003. – 403 б.

2 Қазақ тілі. Жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған. Бас редакторы А. Сейдимбек. - Алматы, 2003. – 134 б.

3 Рахимжанов К. Х., Акошева М. К. Практический курс казахского языка для энергетических специальностей. Павлодар, 2003. – 157 б.

4 Махмұдов Х., Мұсабаев Г. Қазақша –орысша сөздік. Алматы: Өнер, 1998. – 448 б.

5 Изобретения ХХ века. Компьютеры. М., 2000. – 50 б.

6 К. Аханов, Б. Кәтенбаева, Т. Әбдіғалиева. Қазақ тілі. – Алматы: Рауан, 1993. – 190 б.

7 С. Исаев, К. Назарғалиева. Қазақ тілі. – Алматы: Рауан, 1991. – 254 б.

8 С. Аманжолов, А. Әбілқаев, А. Аманжолов. Қазақ тілі. – Алматы: Рауан, 1993. – 158 б.

9 Ә. Хасенов, И. Ұйықбаев. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1990 – 157 б.

Мазмұны
Алғы сөз..................................................................................................3

1 Қазақстанды компьютерлендіру. Иелік формасы...............................4



  1. Ақпарат. Зат есім....................................................................................5

2.1 Зат есім жалғаулары..............................................................................6

  1. Компьютер тарихынан. Етістіктің өткен шағы...................................9

  2. Компьютерлік жүйелерді пайдалану. Ауыспалы осы шақ...............11

  3. Аппараттық жабдықтар. Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің орын

тәртібі.........................................................................................................12

5.2 Тұйық етістік........................................................................................13



  1. Дербес ЭЕМ-нің элементтік базасы. Жай сөйлем түрлері...............16

  2. ІВМ дербес компьютерінің негізгі блоктары...................................18

  3. Дербес компьютерді іске қосу және өшіру. Бұрынғы өткен шақ ...19

  4. Программалық құралдар. Сөйлем мүшелері.....................................20

  5. Windows жүйесі....................................................................................24

10.1 Хабарлы сөйлем.................................................................................25

  1. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары................................................26

  2. Компьютерлік вирустар.Бұйрықты сөйлем.......................................29

  3. Компьютерлік вирустардан сақтану. Лепті сөйлем..........................29

  4. МS WORD редакторы.Жай сөйлем....................................................31

14.1 Жақты сөйлем....................................................................................32

14.2 Жақсыз сөйлем..................................................................................32

14.3 Жалаң және жайылма сөйлемдер....................................................33

14.4 Толымды және толымсыз сөйлемдер..............................................34

14.5 Атаулы сөйлем...................................................................................36


  1. Windows жүйесіндегі Excel программасы..Құрмалас сөйлем

туралы жалпы түсінік................................................................................37

  1. Компьютерлік желілер. Салалас құрмалас сөйлем...........................38

16. 1 Ыңғайлас салалас.............................................................................39

16. 2 Қарсылықты салалас........................................................................40



  1. Интернет ұғымы. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем...............41

17. 1 Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем.........................................41

17. 2 Талғаулықты салалас құрмалас сөйлем.........................................42

17. 3 Кезектес салалас құрмалас сөйлем.................................................42


  1. Дүниежүзілік өрмек. Сабақтас құрмалас сөйлем..............................43

18. 1 Мақсат бағыныңқы сабақтас...........................................................44

18. 2 Мезгіл бағыныңқы сабақтас............................................................44



  1. Электронды почта. Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас

сөйлем.........................................................................................................46

19. 1 Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем......................47



  1. ЭЕМ операторы. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас

сөйлем.........................................................................................................49

20. 1 Қарсылықты Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем........50



  1. Компьютер және қоғам........................................................................51

  2. Компьютер көмегімен қашықтан оқыту. Зат есімді қайталау.........52

  3. Болашақта шығарылатын қағаздарға кітап керек жоқ. Сын есім....53

  4. Компьютер қызметші орнында. Есімдік............................................55

  5. Компьютермен басқарылатын техника. Жай сөйлем түрлерін

қайталау......................................................................................................57

  1. Компьютер саласындағы қылмыстар. Құрмалас сөйлем түрлерін

қайталау......................................................................................................57

  1. Өнер және дизайн.................................................................................59

  2. Компьютер арқылы сурет салу...........................................................59

28. 1 Сын есім шырайлары.......................................................................60

  1. Компьютерлік жобалау және құрастыру...........................................61

29. 1 Есімдік...............................................................................................63

  1. Компьютерлік модельдеу....................................................................64

30. 1 Сан есім.............................................................................................65

  1. Компьютер және виртуалды шындық................................................67

31. 1 Үстеу..................................................................................................68

  1. Компьютерлік ойындар.......................................................................71

  2. Компьютерлік ойын түрлері................................................................72

33. 1 Көмекші сөздер.................................................................................73

34 Фильмдер жасау...................................................................................75

35 Компьютердің болашағы.....................................................................77

Әдебиет..................................................................................................79




1   2   3

  • 33 Компьютерлік ойын түрлері

  • жүктеу 0.96 Mb.