Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ

жүктеу 0.93 Mb.



жүктеу 0.93 Mb.
бет5/7
Дата21.03.2017
өлшемі0.93 Mb.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ


1   2   3   4   5   6   7

Денсаулық сақтау және медициналық-биологиялық ғылымдар

Бағыттар:

-сыртқатты емдеу, болжау және ерте анықтау үшін медициналық сараптамалық жүйелер

-саламатты өмір салтын алға тартуға арналған әлеуметтік медиа кампаниялар және сырқаттар санаттары бойынша психологиялық және мамандандырылған топтар

-медициналық желілер мен қауіпсіздік желілеріне интеграцияланған қосарланған және тігілген жағдай мониторингінің датчиктері (қант деңгейі, қысым, температура, ЭКГ)

-жедел жәрдем машиналарын қоса алғандағы телемедицина және қашықтықта диагностика жасау

-кардио-стимулятор, жүйке жүйесі мен миды қоса алғандағы адамның қалыпты тіршілігін қолдауға арналған құрылғылар мен импланттар

-барлық деңгейдегі денсаулық ұйымдарын басқару және ұйымдастыру жүйелері және ауруханаларды кешенді басқару (ERP)

-компьютерлік технологияларды жаңа препараттарды тестілеуді жүргізу үшін пайдалану



Өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы

Өндірісті басқару

Ақпараттық технологиялар өндіріс иілгіштігі мен шешім қабылдау жеделдігін арттырады, жаһандық нарыққа шығу үшін және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі үшін негіз жасайды. Алайда бұл ретте отандық өнеркәсіп ақпараттандыруының салыстырмалы төмен деңгейінде оларға сұраныс тұрақты да күшті өсім көрсетіп тұрған жоқ. Кәсіпорындардың экономикалық базалары негізінен АКТ қарқынды тұтынуға жеткілікті дайын емес. Жоғары технологиялар пайданы қалыптастыруда қатыспайтын салалар бұл бапқа бір мәрте шығындануды таңдайды.

Қазіргі ақпараттық және жоғары технологиялық ғасырда отандық өнеркәсіп кәсіпорындары өздерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өздерінің АКТ өндірістік және әкімшілік-шаруашылық қызметте пайдалануға көзқарастарын қайта қарауы және барлық ішкі процестерді автоматтандыру мен оңтайландыруға баса назар аударуы қажет.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін өндірістік процестерді АКТ енгізу арқылы және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін АКТ саласындағы арнайы білімге оқыту жолымен тұрақты жетілдіру талап етіледі.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Кәсіпорындардың ақылды өндіріс (smart manufacturing) сияқты заманауи көзқарастарға назар аударып, олардың дамуын ынталандырған жөн. Ақылды өндіріс сериялы және жаппай өндіріске қолданыла алады және өндірістің циклдарын толық мониторингілеуді (Big Data технологиялар) және өндірістік процестерді параллельдеуді көздейді. Станоктар, жабдық, детальдар мен құрамдастар деректер мен ақпаратпен шынайы уақытта алмаса алады. Бұл өндіріс пен логистика үшін тиімділік, сенімділік мен ресурстарды үнемдеп шығындауды арттыруға итермелейді.

Сенімділік - компьютердегі белгілі бір қызмет атқаратын блоктың берілген уақыт кезеңі ішінде нақты жағдайда талап етілген жұмысты орындау қабілеті. Құрылғының тоқтаусыз жұмыс істеу мүмкіндігі, оның орташа тоқтамай жұмыс істеу уақыты, істен шыққан жағдайда қайта қалпына келтірудің орташа уақыты сенімділік көрсеткіштеріне жатады.

Өндірістік және өнеркәсіптік сектордың тарапынан жалпы үрдіс жаңа буынды басқарылатын АТ-орта, байланыстың сенімді арналары, мобильді басқару, деректердің үлкен көлемдерімен жұымс, сондай-ақ «Индустрия 4.0» тұжырымдамасына көшуді білдіреді

Осыған байланысты роботты техника жүйелерінің, өнеркәсіп автоматикасының зияткерлік жүйелерінің басымдылықты дамуы заманауи өзекті мәселелердің шешілуіне күшті әсер етеді.

Направления:

-энергия үнемдеу және тұтастай энергетика;



-«ақылды өндіріс» (Smart Manufacturing)

-«жасыл технологиялар»;

-«ақылды үй»;



-автомобиль жасау және тұтастай машина жасау;

-металлургия және өзге жоғары термиялық химиялық өндірістер;

-ауыл шаруашылығы;

-қалалық және коммуналдық технологиялар;

-темір жол және жалпы көлік автоматикасы



-3D принтерлер

-өндірістік процестерді автоматтандыру;

-датчиктер мен өлшеуіш құралдардың жаңа буыны;

-жетектер, сельсиндер, сервожетектер, гироскоптар және өзге атқарушы механизмдерді жетілдіру;



-өнеркәсіптегі деректерді өңдеу және беру жүйелерінің хаттамалары мен стандарттары;

-қауіпсіздік бейнежүйелері, өрт сөндіру жүйелері, шахталық вентиляция мен автоматты техникалық жүйелер пайдаланылатын көптеген басқа бағыттар;



-заманауи «ақылды» тренажерлар;

-сымсыз коммуникациялар және бұлтты технологиялар;

-өндірістік процестерді автоматтандыру.
Көлік жүйесі мен логистикадағы ақпарттық коммуникалық инфрақұрылым

Қазақстанның көлік саласының тиімділігі мен тартымдылығы міндеттерін шешу үшін басты құрал зияткерлік көлік жүйесін (бұдан әрі – ЗКЖ) – жол қозғалысы, көліктің барлық түрінің (жеке, қоғамдық, жүк) жұмысын монитронгілеу мен басқару, азаматтар мен кәсіпорындарды өңір, ел аумағында көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы хабардар ету міндеттерін шешетін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешенін енгізу болуы тиіс. ЗКЖ негізгі үш міндетті шешуге бағытталған: қауіпсіздік, мобильділік, қоршаған ортаны қорғау.

Өнеркәсіп пен электронды комерцияны дамыту үшін логистикалық сервистерге қолжетімді бағалардың болғаны маңызды. Бәсекенің болмауы және орта бизнестің болу проблемасы логистиканың мультимодалды нарығының дамуына негізгі кедергі болып отыр. Проблема кешенді тәсіл мен көлік алымдары, салықтар мен кеден құжаттарын ресімдеумен ашық электронды логистикалық платформа ұсыну арқылы шешілуі тиіс. Ашық логистикалық платформа шикізат, компонеттер мен өнімді мониторингілеу, жобалау, сату, бақылау, түгендеу және сақтау үшін сыртқы сервистер мен электронды сервистерді интеграциялауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның агроөнеркәсіп кешенінде дамуы

Агроөнеркәсіп кешені (бқдан әрі – АӨК) Қазақстан экономикасчының құрамдас бөлігі болып табылады, онда қоғамға аса маңызды өнім өндіріледі және орасан экономикалық әлеует жинақталған.

Аграрлық саласы дамыған жетекші елдердің тәжірибесі олардың барлығы «технологиялық революция» деуге болатын кезеңнен өткенін растайды. Классикалық қарқынды жер игеруді нақты (прецизиозды) ысыруда. Геоақпараттық технологиялар, көп операциялы энергия үнемдеуші ауыл шаруашылығы агрегаттары, жоғары өнімді өсімдіктер сұрыптарын селекциялау, жоғары өнімді жануарлар тектерін шығару кеңінен пайдаланылады.

Жануарлар (лат. Animalia) - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер.

Ауыл шаруашылығы өндірушілерін ауа райы болжамы және ауы шаруашылығы өнімінің бағалары сынды пайдалы ақпаратпен жабдықтауда, сондай-ақ оларды жаңа технологиялар туралы хабардар етуде АКТ рөлі аса маңызды.

Әлемдегі тұщы судың сапасы төмендей бермек. Әлемдік қауымдастықтың алдына су ресурстарын консервациялау, ауыл шаруашылығы технологияларының жаңасын және топырақты нөлдік өңдеу технологияларын қолдану проблемасы қойылады.

Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады.

Бағыттар:

-Агроөнеркәсіп кешенін басқарудың автоматтандырылған жүйелері (оңтайлы егу айналымдары, оңтайлы рациондар, салаларды біріктірудің кешенді модельдері, үйір құрылымы мен айналамын оңтайлы есептеу, селекциялық жұмыс модельдері, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімділігін арттыру модельдері)

-егіндіктер мен жайылымдарды аэроғарыштық мониторингке арналған ГИС жүйелері



-кең деректер банкінің негізінде шығымдылықты болжау модельдері

-Бұлтты технологиялар арқылы отандық және әлімдік деректер базаларына (агроөнеркәсіп біліміне) қосылу арқылы аграрлық секторға зияткерлік қызмет көрсету

-Селекциялық жұмыс жүргізу кезінде ақпараттың кең ауқымын жылдам өңдеу

-Деректерді бұлтты сақтау
Халықтың мобильділігі, көлік пен туризмді дамыту

Өскелең жаһандық сауда және туристік ағындар

Ақпараттық технологиялардың халықтың көші-қоны мен туризмді жақсартуда әрдайым зор маңызы болды.

Қазірдің өзінде барлық қатысушылар (авиакомпаниялар, темір жолдар, автобустар, кемелер), туроператорлар, банктер, бөлшек сауда қызметтері арасында ауқымды ақпараттық өзара байланыс бар.

Автобус (француздың autos – өзі және латынша (omnі)bus, яғни баршаға арналған деген сөзінен шыққан) - жүргізушімен қоса есептегенде 9 және одан да көп адамды алып жүруге арналған, қорабы вагон түріндегі автомобиль.

Бағыттар

Әлеуметтік желілер мен бағалар негізінде ұсынылған сайттар, арзан маршруттар, қымбат тұрмайтын мейрамханалар, туристік пакеттер арасындағы пайдаланушыларды таңдауға арналған іздеу технологиялары.

Мейрамхана - қызмет көрсету деңгейі бойынша люкс, симпозиум қатысушыларына, банк және офис қызметкерлеріне арналады. Егер де бизнес-ланч үш тағамнан құралса, тұтынушылар төрт курстан тұратын жинақты тандайды: бірінші курс - салқын және ыстық басытқылардың бірнеше варианттары; екінші курс - көжелер; үшінші курс - негізгі ыстық тағамдар және төртінші - десерт.

Биометриялық сәйкестендіру (биометриялық паспорттар, сканерлер)


Зияткерлік көлік жүйелері (ITS)

Жол қозғалысы мониторингінің бейнежүйелері



Коммуналдық көліктің жаңа ұйымдастыру-техникалық шешімдері

Көліктің, соның ішінде қоғамдық көліктің орналасқан жерінің мониторингі

Автоматтандырылған ақылы тұрақ пен қала орталықтарына кіру жүйелері

Жол төлемдерін автоматтандырылған және қашықтан жинау жүйесі

Иммитациялық және стратегиялық кеңістікті жоспарлау модельдерінің ортақ жүйеге біріктірілген көлік ағындарының математикалық модельдері



Көліктік процессингтік орталықтар

Жол жүйелерін және жол бойындағы инфрақұрылымды автоматтандыру

Адаптивтік табло

Бейнебақылау, хабарландыру және қауіпсіздік жүйелері

Смарт-карталар және өзге де электрондық құрылғылар негізіндегі электронды билеттер

Жолаушылардың неғұрлым шоғырлануы және күтуі басым бағыттағы қоғамдық көлік бағдарларының адаптивтік өзгеруі
Қалалық технологиялар

Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған зияткерлік жүйелер

Қазіргі уақытта бірінші бетке энергия тұтынуды төмендету барлық өмір сүру қызметі салаларында энергетикалық тиімділікті арттыру проблемасы шықты. Заманауи АКТ жоғары деңгейлерін және шетелдік тәжірибені ескере отырып, оларды халықтың тіршілігін қамтамасыз етуші тұрғын үй-коммуналдық жүйелерінде және энергиямен жабдықтауда пайдаланудың тиімділігін атап өткен жөн.

Қазіргі тиімді тұрғын үй-коммуналдық жүйелерін және энергиямен жабдықтау жүйелерін құрудағы басты бағыт коммуналдық ресурстарды тұтыну деректерін өлшеу және беру зияткерлік жүйелерін құру болуы тиіс.

ТҮКШ объектілерінде объектілерді диспетчерлеу деңгейлері едәуір төмен, инженерлік желілерді бақылау мен басқару жоқ, сондай-ақ әртүрлі әдеттен тыс жағдай туындаған жағдайда жедел әсер ету проблемасы да бар.

Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.

Қолданыстағы коммуналдық төлемдерді жинау, өңдеу және сақтау жүйесі айқын емес, бұл қызмет көрсетушілерге сенімсіздікті туындатады, ал ең бастысы энергия және ресурс үнемдеуге ынталандыру жоқ.

Еліміздің өнеркәсіп және тұрғын үй секторы бүгінде энергия көлемі бойынша Еуропалық Кеңестің осындай көрсеткішінен есе артық. Мемлекеттік мекемелердің (мектептер, ауруханалар және т.б.) басым үлесі, сонымен қатар тұрғын үйлер тиімсіз энергия жүйелерімен жабдықталған және жаңартуды талап етеді.

Көптеген елдердегі үіметтер мен муниципалды органдар «ақылды» қолданбаларды қолданысқа енгізуде. Ол «ақылды» желілер, «ақылды» ғимараттар және «ақылды» көлік.

ТҮКШ «ақылды» желілермен жабдықтау – өндірістік-шығарылым тізбегінің шығындарын қысқарту бойынша стратегияның негізгі компонеті.

Зияткерлік желі – технологиялық деңгейде электр желілері, тұтынушылар мен электр энергиясын өндірушілері бір автоматтандырылған жүйеге біріктіруді көздейтін электр желісінің сапалы түрде жаңа күйі. Ол қазіргі уақытта электр энергиясын өндіру, беру мен тұтыну процессінің барлық қатысушыларын өз беиһтімен қадағалайтын болады.

Датчиктармен мен құрылғылармен толтыру деректердің орасан көлемі мен қаланы басқарудың жаңа қолданбаларын туындатады, олар үшін осы уақыттағы деректер ауқымын талдау және болжау талап етіледі.

Бағыттар:


  • Қала активтері мен ресурстарын басқарудың автоматтандырылған жүйелері;

    Актив, активтер (латынша actіvus) - заңды тұлға меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік, игілік, дәулет, ақшалы қаржы, құнды қағаздар, патенттер, банктегі салымдар, авторлық құқықтар, негізгі және өндірістік қорлар, яғни экономикалық қызметте пайданың көзі ретінде табысқа иелік ететін субъектіні пайдаланатын не пайдалануға жарайтын қоғамдық байлықтың барлық түрлері.



– Тәуекелдерді басқару, алдын алу, жоспардан тыс жөндеу және апаттарды жою

– Қоқыстарды жинау және кәдеге жарату

– Ресурс үнемдеудің кешенді жүйесі

– Коммуналдық есептеулер процессингі, биллингтік жүйелер

– Деректер берілетін зияткерлік өлшеу құралдарын пайдалау

– Халыққа олардың энергияны шығындауы туралы толық жедел ақпаратты ұсыну

– Мобильді қолданбалар мен алып жүретін құрылғыларды пайдаланып, бөлшектеп өзіне-өзі қызмет көрсету жүйелері


  • Қаланың зияткерлік сандық телекоммунициялар желісін интеграциялау

– Электр энергиясын үнемдеу және энергия үнемдеу бойынша әлеуметтік желілер арқылы бағытталған кампаниялар

–Мобильді құрылғылары мен әлеуметтік топтары арқылы жоспарланған жұмыстар мен дағдарысты жағдайлар туралы халықты хабардар ету жүйесі


Қоршаған орта

Экология мен гидрометеорологиядағы АКТ

Экология мен гидрометеорология саласында АКТ үш бағыт бойынша пайдаланылуы мүмкін: АКТ секторының өзінде АКТ жабдықтарын өндіру технологияларын жетілдіру арқылы энергия тұтыну мен зиянды тастандыларды қысқарту, экономиканың басқа секторларындағы тастандылар мен энергиялық тиімділікті өндірістік процестер мен компьютерлік жүйелерді жедел басқару бағдарламалық-техникалық кешен енгізу арқылы бақылауды қамтамасыз ету және қошаған орта мониторингіне АКТ-жүйелер қолдану.

Гидрометеорология (гр. һуdor - су, meteora - атмосфералық құбылыстар, logos - ілім) - атмосферадағы су айналымын зерттейтін ғылым.

Осы үш фактордың барлығы тіршілік ету және әлеуметтік өмір негіздерін қамтамасыз етуде негізгі болып табылады. Олар өзара көптеген қатынаста байланысады. Олардың әрқайсысы бойынша және біріккенде олардың дамуының әртүрлі нұсқалы сценарийлері бар.

Осы факторлардың өмірге және қоғамның дамуына ықпалы абсолютті.

Осыған байланысты нақты ақпараттық технологиялар ең елеулі дәрежеде және технологиялардың ең сан түрлі нұсқаларында осы шешуші факторлардың дамуына жағдай жасайды.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Экономиканың, оның ішінде өнеркәсіп өндірісінің жаһандануы

Азық-түлік пен жемге қажеттіліктің өсіміне жағдай туындатады. Бұл егіндік жерлердің өнімділігін арттыру ауыл шаруашылықтық емес алқапты ору қажеттілігіне әкеп соғады

БҰҰ деректері бойынша 2040 жылға қарай Жер халқының саны 8,9 млрд. адамға жетеді, бұл ретте өсімнің 90% дамушы елдердің үлесіне келеді.

Өздерінің жақсартылған экологиялық көрсеткіштерін экологиялық процестерді басқару тиімділігімен біріктіретін «жасыл» АКТ әзірлеу және пайдалану.

-Экологиялық мониторингтің автоматтандырылған посттарының зияткерлік желісі

-Өрттерді ерте болжауға арналған, судың деңгейі мен сапасының, ауа сапасының, сейсмикалық белсенділіктің қашықтықтағы сенсорлары

-Электр және жылу желілерін оңтайлы басқару

-Желілердегі реактивтілікті төмендету

-Бөлу электр желісінің қысқа мерзімді шекті жүктемелері мен шекті қосынды жүктемені қысқарту



-Ғимараттар мен имараттар энергиялық тиімділігінің электрондық паспорттары

-Жеке қосылатын және жеке құрылғылардың реттеуімен (димминг) көшені жарықтандыру зияткерлік жүйелері



-Солтүстік өңірлердегі жарықтадырумен электр тұтынуды оңтайландыру

-Энергияның баламалы арзан көздерін басқару (күн контроллерлері)


Құқықтық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, техногендік апаттар мен төтенше жағдайлардың тәуекелдерін төмендетуді қамтамасыз етуге арналған АКТ

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы басты міндет құқық қорғау органдары мен жедел қызметтердің Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өмірінің қауіпсіздігін табиғи немесе техногендік сипатты төтенше жағдайда қамтамасыз ету бойынша ескерту, болдырмау және қажетті шараларды қабылдау бойынша жылдам өзара іс-қимыл жасауға жоғары дайындығы болып табылады.

Құқық қорғау органдары мен төтенше жағдай қызметінің өзара іс-қимылы, бірінші кезекте өзіне халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда үйлесімді жұмысы мен ақпараттық алмасуды қосады. Мұнда жағдайларда деректермен жедел алмасуға мүмкіндік беретін және халықты ықтимал қауіп-қатер туралы хабардар етуге және уақытылы хабарлау құралы бола алатын АКТ ерекше рөлін атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта текетірестер тек әскери интервенциямен ғана шектеліп қоймайды, қоғамда ақпаратты тереңдету ауқымымен де жүргізіледі.

Бағыттар:

-Төтенше жағдайларды басқару мен қалалық инфрақұрылым тұрақтылығын басқарудың автоматтандырылған жүйесі

-Қалалық және көлік инфрақұрылымында апаттардың тәуекелдері бмен ықтиалдығын анықтаудың зияткерлік жүйелері

-Талдау болжамы, қауіпті жағдайларды модельдеу және ескерту, бұзылу мен апаттапдың алдын алуға бағытталған болжамды техникалық қызмет көрсету

-Өртке қарсы жүйелер, кәріз, жылумен жабдықтау жүйелері, лифттер мен өзге де инфрақұрылымның маңызды компонентерінің ақаусыз жұмыс жасауын автоматтандырылған басқару, оның ішінде қауіпсіздік паспорттарының автоматтандырылған базасы

-Геоақпараттық жүйелерде көрінетін білім базасын құру және жинау және олардың төтенше жағдай және құқық қорғау органдары үшін мобильді қолданбалар арқылы қолжетімділігі

-Жаппай іс-шаралар өткізу орындарындағы адамдардың мінез-құлқын автоматты талдау

-Жаһандық бейнемониторинг

-Сәйкестендіру деректерін басқару

-Қауіпсіздік батырмалары, қауіпсіздік аймақтары, хабарлау пульттары

-Жекелей тұлғалар – сотталғандар, күдіктілердің орын ауытыруын бақылаудың электронды датчиктері



-Тобырдың жаппай ағынын модельдеу, талдау және ескерту

-Өрт қауіпсіздігін басқару

-Төтенше жағдайда жаппай хабарлау және жүйелері және коммуникациялары
Қаржылық қызметтер, сақтандыру, жылжыматын мүлік, бөлшек бизнес

Тарихи жағынан қаржылық сектор ақпараттық технологиялар олардың ішкі технологияларының негізгі бөлігі әрі инвестиция саласы болған салалардың бірі болып табылады.

Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.

Ақпараттық технологиялар - 2011 жылы Астана қаласы «Фолиант» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы - Н. Ермеков. Беттер саны - 208.

Банк, инвестициялық, сақтандыру қызметтері және жылжымайтын мүлікті жоспарлау, басқару және ұсыну, әсіресе жаһанданудың қарқынын ескерсек, АКТ саласының дамуына ең күшті ықпал етеді.

-есептеулер мен жоспарлау



-жылжымайтын мүлік және құрылыс жоспарларының онлайн тізілімі

-тәуекелдерді басқару

-қаржылық операциялардың және сақтандыру жағдайларының қауіпсіздігі және алаяқтықпен күрес



-бөлшек есептеулердегі мобильді құрылғыларды қолдану

-онлайн және мобильді банкинг
Мәдениет және мұра

Қоғам ресурстарының ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі білімді сақтау және пайдалану, сондай-ақ заманауи ақпараттық технологиялардың маңызды аспекті болып танылады.

Ақпараттық технологиялар мәдени алуандық, халықтардың тілдерін, байырғы халықтардың ерекшелігі мен дәстүрлі білімдерін, ұлыстар мен тайпаларды сақтау және дамытуды қолдау және көтермелеу үшін жиірек қолданылып келеді. Бұл жерде негізгі рөлді мәдениет пен этностарды танымалдандыруда мемлекеттік қолдау атқарады. Әлеуметтік желілерде этникалық топтар мен тарих туралы ақпарат, мәдениет пен краудсорсинг туралы білімдерді тарату үшін қауымдастық құру.
Мәдениет саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфақұрылымды дамыту

Ақпараттық қоғамды қалыптастыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Кітапханаларда, мұражайларда, мұрағаттар мен өзге мәдени мекемелерде шоғырланған ақпараттық материалдар осы процесте негізгі рөл атқарады.

Халықаралық тәжірибе соңғы уақытта мәдениет саласын ақпараттандыруға, АКТ негізіндегі жаңа қызмет мекемелерінің дамуына, мәдени және ғылыми мұраны сандау және оған ашық қолжетімділік ұсынуға, электрондық кітапханалар құруға назар аударылып келе жатқандығын көрсетіп отыр.

Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

Сандық контентті таратудың тиісті әсері үшін әлеуметтік теледидарды (social TV) қоса алғандағы, әлеуметтік медиамен толық интеграция орнауы тиіс. Осыған байланысты таяу перспективада мемлекет мәдениет саласындағы АКТ дамыту бойынша белсенді шаралар қабылдауы тиіс.

1   2   3   4   5   6   7

  • Өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы Өндірісті басқару
  • Көлік жүйесі мен логистикадағы ақпарттық коммуникалық инфрақұрылым
  • Ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның агроөнеркәсіп кешенінде дамуы
  • Халықтың мобильділігі, көлік пен туризмді дамыту
  • Қалалық технологиялар Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған зияткерлік жүйелер
  • Қоршаған орта Экология мен гидрометеорологиядағы АКТ
  • Құқықтық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, техногендік апаттар мен төтенше жағдайлардың тәуекелдерін төмендетуді қамтамасыз етуге арналған АКТ
  • Қаржылық қызметтер, сақтандыру
  • Мәдениет саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфақұрылымды дамыту

  • жүктеу 0.93 Mb.