Главная страница
Контакты

    Басты бет



«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»

жүктеу 47.89 Kb.



жүктеу 47.89 Kb.
Дата08.04.2017
өлшемі47.89 Kb.

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»



«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық
бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен
шығатын ресми құжаттарға апостиль қою»

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдары жүзеге асырады.


Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі болып табылады.
 Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді бастауға негіздеме болып көрсетілетін қызметті алушымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 200 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының көрсетілген құжаттарды тапсыруы табылады. Апостилді қояды және ресімдейді – 3 күн ішінде; апостил қоюға жатпайтын жағдайларда 5-тармағына сәйкес уәжделген бас тартуды ресімдейді – 10 жұмыс күні ішінде;
      Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1536 тіркелген, Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртібі мен шарттары туралы Бiрыңғай қағиданың  көрсетiлген жағдайларда жазбаша түрде апостильдi қоюдан негiзделген бас тартуды әзірлейді және құжат қабылданған күннен бастап 10 күннiң iшiнде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
Мемлекеттік тіркеу - тіркеуші органның заңи тұлғалардың немесе шетелдік кәсіпорындардың құрылу фактісін, меншік құқықтары мен басқа да құқықтарды, шарттарды, т. б. есепке алу рәсімі. Қазақстанда меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу құқығы, жедел басқару құқығы, жерді жылдан астам мерзімге пайдалану құқығы, кепілзаттар, ипотекалар, ренталар, жылжымайтын мүлікке құқықтар міндетті түрде тіркеуден өткізіледі. Тіркеу тәртібі, рәсімі, ақысы әрбір жағдайда заңдармен белгіленеді.
Нормативтік құқықтық акт (ағыл. standard / regulatory legal act; нем. Normativakt m, Rechtsakt m; Gesetzgebungsakt in; лат. normatio - қалпына келтіру; actus - іс) - нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
  құжаттарды,
бiрыңғай қағиданың қосымшасына сәйкес, апостильдi қоюға ұсынылатын құжаттарды тiркеу кiтабында тіркейді . Апостильдi қою ұсынылған құжатқа қол қойған адамның қолының үлгiсiн талап ету және қол қою құқығына өкiлеттiктерiн растау сондай-ақ құжат шығатын мемлекеттік орган (мекеме), лауазымды адам немесе нотариус мөрiнiң (мөртаңбасының) бедерiн талап ету қажеттiлiгi жағдайында кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Лауазымды адам (ағылш. official, functionary;)- мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қарулы Күштер жүйесінде арнайы құзыреттілікпен тұрақты немесе уақытша билік өкілі қызметін не болмаса (мекеме, кәсіпорындарда) ұйымдастыру-басқару, әкімшілік-шаруашылық қызметін атқаратын адам.


Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының тиімділігі

      «Connection Point» Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ХҚКО-ның жаңа үлгідегі қызмет көрсетуінің бірі. Бұл сектор интернет желісіне қосылған, барлық инфрақұрылымдармен жабдықталған және кеңесші қызметшілер бекітілген. ХҚКО қызметкері «Қазақстан Республикасының Электронды Үкімет веб-порталының және мобилді үкімет қосымшасының мүмкіндіктерін, ол арқылы төлем жүргізуін, сондай-ақ электронды санды қолтаңбаның колдануын түсіндіре отырып, жүгінген тұтынушыға өз бетімен қызмет алуға көмек береді. Қазіргі таңда  «Connection Point» Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы тұтынушылар көптеген мемлекеттік қызметтер алуға өтінім беруде, сонымен қатар баж салымдарын, айыппұлдарын және салықтарын төлеуде. Сектордың мақсаты тұтынушыларға электронды қызмет алуды үйрету, интернет торабы немесе ұйялы телефоны болған жағдайда өз бетімен мемлекеттік қызмет алуға  өтініш беру деңгейіне жеткізу.Олар әр адам өздігінен электрондық үкімет порталынан кез-келген электрондық мемлекеттік қызметті ала алатын компьютерлік пунктты құрайды.Өзіне -өзі қызмет көрсету секторында бұндай әрекеттерді тез және кезексіз жасау мүмкіншілігі берілген.Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында ең көп тараған қызметтер: мекен-жай анықтамасын алу, азаматтардың зейнеткерлік қаржысының түсуі және қозғалысы туралы ақпараттардың сұранысы , Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы ақпарат беру, Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру.Жеке қосалқы шаруашылығы болуы туралы анықтамалар беру т.б. Халық арасында қазіргі таңда ең көп сұранысқа ие болып келе жатқан қызмет, ол-некені онлайн түрінде тіркеу, баланы балабақша кезегіне қою және кезегін қарау.

Сонымен қатар салықтар, айыппұлдар және мемлекттік баждар төлемін төлеуге болады. Қосымша мәліметтер қажет болған жағдайда біріңғай байланыс орталығының «1414» номері немесе ХҚКО –ның номерлеріне хабарласуларыңызға болады.

Қазақстандағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру және мүмкіншілігін кеңейту мақсатында, «өзіне -өзі қызмет көрсету аумағы» деп аталатын сектор енгізілді.


"Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау"

Осы "Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:
ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау бойынша уәкілетті орган ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, тұтынушылар - жеке тұлғалар.

 "Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген "Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет  стандартқа сәйкес әзірленген.Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.   Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына көрсетіледі.

Әлеуметтік қорғау - мемлекеттің халықаралық және ұлттық нормалар негізінде адамның әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі аса маңызды міндеті. Неғұрлым тар мағынада алғанда - тұрмыс деңгейіне қатысты құқықтарды қамтамасыз ету.
Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.


     . Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады,мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.Мемлекеттік қызмет уәкілетті орган арқылы көрсетіледі. Тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi орган болмаған кезде тұтынушы мемлекеттiк қызмет алу үшiн кент, ауыл село, ауылдық селолық округтiң әкiмiне жүгiнедi.
      Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде "Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорыдарында жүгінуге болады.

Инспектор Бейсекеева Замира Алибековна

жүктеу 47.89 Kb.



  • Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
  • Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының тиімділігі
  • "Ауылдық жерде тұратын әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау"

  • жүктеу 47.89 Kb.