Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Автоматтандырылған басқару жүйесі»

жүктеу 1.21 Mb.



жүктеу 1.21 Mb.
бет2/5
Дата06.04.2017
өлшемі1.21 Mb.

«Автоматтандырылған басқару жүйесі»


1   2   3   4   5
функционалды немесе басқа қасиеттерімен жиынға кіретін элементтер құрамы бойынша басқарылады.
Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.


Жиынды функционалді белгілері бойынша бөлу жүйенің орналастырылған және бар сәйкестіктері арқылы жүргізіледі.

Жиынды элемент құрамы бойынша бөлу анықталған функцияларды орындау барысында элементтердің өзінің құрылымын есепке алу арқылы жүргізіледі. Жүйе элементі ретінде ерекшеленген берілгендендер, ақпараттар, құжаттар, техникалық құралдар және т.б бола алады. Мысал ретінде өндірістік кәсіпорынды қарастырайық. Егер кәсіпорындағы жұмыс орынын М жиыны деп алсақ, онда ішкіжиын анықтамасына сәйкес қарапайым административті жолды алуға болады: өндіріс—цех—бөлімше—жұмыс орны. Егер М жиынын кәсіпорындағы функциональді қызметтер жиыны (өнім шығарылымы, шикізатты қолдану,жұмыс күшін пайдалану, құралдар паркінің жағдайы) деп алсақ, онда басқарудың мынадай ішкіжиындары бар болады: кадрларды және өтімдерді, бас энергетикті, бас технологты қамтамасыз ету бөлімі және т.б.

Демек, практикада кәсіпорынды басқару жүйесін құру М жиынын берудің әртүрлі әдісінен шығатын екі немесе одан да көп иерархиялық құрылым синтезімен жүзеге асырылады. Алайда М таңдау нұсқасы альтернативті болуы да мүмкін.

Ары қарай барлық жүйелерді емес, тек жүйелердің белгілі бір класын ғана қарастырамыз. Өндірісті ұйымдастыру жүйесін басқару жүйесі.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.БАЖ құрылымы

2. БАЖ-дың мәні және оның тасымалдаудың логикалық тізбегіндегі орны.


Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Николаев А.Б., Алексахин С.В., Кузнецов И.А., Строганов В.Ю. Автоматизированные системы обработки информации и управления на автомобильном транспорте. Учебник. М.: Академия, 2003, -224 с.

2.Информационная система для управления перевозочным процессом./ Под ред. Г.С. Ратина. - М.: Транспорт, 1989 г. - 239 с.
Лекция 3.

Ұйымдастырылған басқарудың мәселелері мен мақсаттары.


Лекция сабағының мазмұны:

Басқару жүйесі

Басқару процесі.

Басқару жүйесі. Басқару жүйесі мен басқарушы жүйелердің құрылымын қарастырайық.

Б а с қ а р у — бұл қандай да бір физикалық процестің жүруін қамтамасыз ететін, мақсатқа бағытталған әсер ету және сол берілген мақсатқа жету. Мысалға, өндіріс процесі.

Өндірістік жүйенің негізгі мақсаты — бұл әртүрлі ресурстардың (артериалдар, энергия, жұмыс күшінің және т.б) тиімді түрде өнімге айналуы. (2-сурет ). Физикалық (өндірістік) процестің жүруін қамтамасыз ету үшін оның моделін құру керек.



2-сурет. Өндірістік процестің жалпы сызбасы.
Басқару объектісі басқару жүйесіне басқарушы орган (зауыты басқару, министрлік), жинақтау жүйесі және жүйенің барлық элементтері туралы ақпаратты өңдеу құрылымдық компоненті ретінде кіреді (мысалы,бөлімшедегі, цехтағы, кәсіпорындағы өндірістік процесс).

Өндірістік кәсіпорын басқарудың күрделі жүйесі болып табылады.Мұнда өндірістік процесс өндірістік -техникалық, ұйымдастырылған және экономикалық бірлік ретінде сипатталады. Кәсіпорын келесі функциялардың орындалуын қамтамасыз етуі керек: өнім өндіру жоспар мен келісім шартқа сәйкес болуы, өнімнің сапасының жақсаруы, өнімге деген сұранысты зерттеу, кәсіпорын процесін зерттеу және проектілеу, нормативтерді өңдеу, өнімнің өзіндік құнын есептеу және т.б. Бұл жұмыстарды орындауға арналған әрекеттер жиыны және барлық техникалық-экономикалық көрсеткіштер бойынша мемлекеттік жоспарды орындау кәсіпорынды басқарудың маңыздылығын анықтайды.



3- сурет 3. Кәсіпорынды басқару моделінің сызбасы


Өндірістік кәсіпорынды басқару жүйесін қарастырайық. (3-сурет). 1 контур сырттан жоспарлау және басқару тапсырмалары негізінде кәсіпорынның ішкі басқаруын бейнелейді, 2 контурда (министрлік және басқа жоғарыдағы ұйымдар) «а» байланысымен берілген ақпараттар: кәсіпорынның қазіргі жағдайы туралы, материалдардың түсуі, өнімді шығару туралы, аяқталмаған өнімдер туралы.

Қызметі бойынша кез келген басқару жүйесі келесі негізгі тапсырмаларды шешеді:

Басқарылатын объект туралы ақпаратты жинау және жіберу;

Ақпаратты қайта өңдеу;

Басқару объектісіне басқару әрекеттерін жіберу.


БАЖ бұл есептердің шешімін комплексте автоматтандыруды қамтамасыз етеді.

Басқару процесі. БАЖ-н ұйымдастыру, яғни оның құрылымын, жүзеге асырудың қызметін және әдістерін, басқару процесінің сипатымен және мазмұнымен анықталады.

Бірінші басқару мәселесінің өзін қисынға келтіреміз. Бір немесе бірнеше басқару обьектісінен тұратын жүйе бар болсын. Жүйе жүйенің қызметінің сапасын жақсартатын қарсы әрекет ететін әсерлердің ықпалында болады (мысалы, техникалық құралдардың аяқ астынан істен шығуы немесе оның жұмыс режимінің өзгеруі, өндірісте жұмысшылардың жоқ болуы, материалдарды бұрынғы жүйемен тасымалдау және т.б), жүйені және басқару әсерін қалыпты жұмыс режимінен шығару (мысалы, техникалық режимнің өзгеруі,өндірістің жұмысшыларын қолданудағы админстративтік шаралар, материалдарды жеткізуді жеделдету үшін қолданылатын шаралар, және т.б).

Қарсы әрекет ететін әсерлерді f1(t), f2(t),... fn(t) арқылы, ал басқарушы әсерлерді y1 (t),y2 (t),...,ym (t) арқылы анықтайық. Қарсы әрекет ететін әсерлердің жиынын және басқарушы әсерлердің жиынын f (t) векторы түрінде және сәйкесінше y (t) түрінде көрсетейік.

Бағытталған кесінді A B → }} деп A - “бас нүктесінен” бастап екінші B - “соңғы”нүктесіне дейінгі түзу бойындағы нүктелер жиыны.
Кез келген уақытта басқару жүйесінің жағдайын анықтау х(t), векторы жағдай шартында, сондықтан х(t)=Х{ х(t0), f (t0,t), y(t0, t)}, (1.1), мұндағы, t0бақылау интервалының бастапқы моменті. (1.
Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
1) теңдеуі — бұл б а й л а н ы с т е ң д е у і .

Практикалық есептерде Xi(t), сияқты yj(t) оқиғаларының көбі шектелген, яғни х(t ) және у(t) A(t) жағдайы кеңістігі облысы мен B(t) басқару кеңістігі облысымен шектелген;

(1.2)
Егер процесте бастапқы берілген мақсат (мысалы, өнімділік максимумға , кәсіпорын шығыны минимумға ал, түсім максимумға жетсе және т.б )шегіне жетсе, онда б а с қ а р у сапалы болады. Мұны математикалық түрде (1.

Математика (гр. μάθημα - ғылым, білім, оқу; μαθηματικός - білуге құштарлық) - әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формаларын, пішіндерін өлшейтін, оның ішінде - структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым.
1) байланыс теңдеуі мен (1.2) шектеуінің бар болуынан қандай да бір функцияның экстремумы түрінде формулалауға болады: E=E{x(t),t} (1.3)
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Басқарудың автоматталған жүйесі: мақсаты, функционалдану критерилері мен принциптері 2.Техникалық- ұйымдастырушылық және функционалды құрылым


Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Кобдиков М.А., Мустапаева А.Д. Работа в автоматизированной системе оперативного управления перевозочным процессом. - Алматы.: КазАТК, 1998 г. - 140 с.Мустапаева А.Д.

2.Основы расчетов автоматизированных систем управления на железнодорожном транспорте: Уч. пос. -Алматы: КазАТК, 1999. - 38 с.
Лекция 4.

Басқару процесінің математикалық моделі



Лекция сабағының мазмұны:

Басқару процесінің математикалық моделі.

Басқару процесінің құрылымдық сызбасы.

Басқару процесінің математикалық моделі. Модельді сипаттайтын терминдерде шектер берілген жағдайда, басқарудың мақсатқа жетуін қамтамасыз ететін, басқару проблемасы басқаруға әсер ететін векторды (немесе басқару алгоритімін) тауып оны жүзеге асырудан тұрады. Басқару есебін жүзеге асыру жалпы түрде мүмкін емес. Сондықтан мөлшері ол төмендегі түрдегідей шешіледі:

1. (1.1) нақты байланыс теңдеуі қарапайым жағдайда белгісіз сондықтан басқарылатын жүйенің м а т е м а т и к а л ы қ м о д е л і теңдеуімен алмастырылады:

Х*( t) = Х*{х*( t 0). f*(to,t), y*{to,t)}. (1.4)

2. Екі себеп бойынша туындайтын х(t) және f(t), векторлары туралы ақпараттың жетіспеушілігін еске алу керек::

а) (1.4) ке х(t) және f(t),векторларының барлық элементтері кірмейді, тек басқару процесінде өзгерілетін немесе өлшенетін элементтер кіреді.

б) х*( t) жағдайының зерттелетін векторы ақпаратты түрлендіру мен жіберу процесінде туындайтын өлшеу қателіктері және қателіктерден тұрады.

3. Басқару мақсаты басқару функциясы теңдеуінің математикалық қойылымына ұқсас түрде болуы мүмкін: E = E*{x*(t),t}; (1.5)

4. (1.5) экстремумды табу есебінің (1.2) әсер етпейтін шектеуін есепке алудан қателіктер туындайды, ал жақын шектеу түрі: (1.6)

5. у (t) (және y*{t)). басқарушы әсер етудің нақты жүзеге асуына байланысты басқару орны мен қателері бар.


x(f) жағдайының оның күтілетін x(t) p нақты вектордан кейін қалуынан тәуелді болатын Q өлшемін тиімділік көрсеткіші (басқару сапасы) ретінде таңдап алайық.

р(t)=х*(t)):



Q=Q{Ep -E) (1.7)

Мұндағы Ep— басқару мақсатының есептелетін көрсеткіші , ал Е— басқару мақсатының нақты мәні.

Сонда басқару есебінің формулануы төмендегідей болады: хр(t) жағдайының (басқару алгоритмі) идеалды векторын таңдап, берілген шектеулері бар (1.7) функциясының экстремумдары ретінде басқарудың ең жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін y*(t) әсер етінің басқарушы векторын тауып жүзеге асыру қажет.

Басқару жүйесінің құрылымдық сызбасы. Нақты басқару объектісі мен модельдің байланысы, есептеу техникасы мен басқарушы блоктардың көмегімен басқару есебін шешу төмендегі 4- суретте көрсетілген.



4-сурет. Күрделі объектіні басқарудың құрылымдық сызбасы.


Есептеу режиміндегі есептеуші yp*(t)=y*(t) и Eр = E*. мәндерін анықтау арқылы басқару объектісінің идеалды немесе жеңілдетілген моделі болып табылатын (1.5) функциясының экстремумін табу есебін шешеді.

Е есептеушісі Е басқару мақсатының объектісінің нақты жағдайы туралы нақты мәнін анықтайды Е және Eр. сигналдары теңеседі де, ∆E қате туралы сигналы J қосымша ақпаратымен бірге оптимизаторға түседі.Бұл әрекеттер әрекетті реттеуші арқылы басқарылатын объектіге (жүйеге) беріледі.

Егер тіпті басқару процесінің тексерілген моделі берілген және ол дифференциялдық сызықты теңдеулер жүйесінен тұрады деп алсақ та, объектіні басқару жүйесін проектілеуде және есептеуде үлкен қателіктермен кездесуге болады. Мұны қазіргі уақытта x(t) жағдайының көпөлшемді векторларымен және у(t) басқаруымен сипатталатын көпөлшемді басқару жүйелерін проектілеу мен есептеуге жүйелі жақын келулер мен әдістердің жоқтығымен түсіндіруге болады. Көпконтурлы басқару жүйесін құрғанда одан да көп қиындықтар кездеседі.

Сөйтіп, басқару объектісіне сәйкес моделдерді өңдеу мақсатты нақты түрлендіру, басқаруды функционалдау, басқару есебінің көпөлшемділігін есепке алу БАЖ-н енгізу және құру процесінде міндетті түрде шешу керек негізгі проблема болып табылады .

Басқару жүйесінің ерекшелігін сипаттайтындардың бірі - бұл белгілі бір мақсатқа жету үшін өзінің бағыты мен күйін өзгерте алуы, яғни түрлі ішкі факторлар мен басқаруға әсер ету салдарынан өзінің қозғалу траекториясын өзгерте алуы.

Фактор, экологияда - 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі.

Сөйтіп, БАЖ-н өңдеудегі қажетті негізгі жағдайлар төмендегідей:

әр басқару жүйелері үшін ол жетуге талпынатын нақты бір мақсат, және ол жету керек шекті жағдай болуы керек;

әр басқару жүйесінің соңғы мақсатқа жету үшін қозғалу траекториясын таңдай алатындай бостандығы болуы керек;

мүмкін қозғалу траекторияларының арасынан тиімдісін таңдай алу үшін оларды салыстыру әдісі болу керек;

басқару жүйесінде жүйені қажет траекторияда жүргізетін, басқаруға әсер етуді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін , анықталған ресурстар бар болуы керек;

басқаруға әсер етуші терілімдердің арасынан мақсатқа жақынын таңдап алу үшін, осы әсер етулердің салдарынан жүйенің өзгерулері туралы ақпарат болу керек (ол үшін жүйенің моделі болу керек, себебі моделдің жоқтығынан сынау мен қателер әдісін қолдануға тура келеді, ал ол басқару сапасын төмендетеді ).

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.БАЖ-н ақпаратпен қамтамасыз етудің ішкі құрамы.

2.Берілгендерді кодтау.

Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Кобдиков М.А., Мустапаева А.Д. Работа в автоматизированной системе оперативного управления перевозочным процессом. - Алматы.: КазАТК, 1998 г. - 140 с.Мустапаева А.Д.

2.Основы расчетов автоматизированных систем управления на железнодорожном транспорте: Уч. пос. -Алматы: КазАТК, 1999. - 38 с.


Лекция 5.

КБАЖ –н құру принциптері

Лекция сабағының мазмұны:

КБАЖ ұғымы

ПКБАЖ-ды енгізу тәжірибелері

Басқару кәсіпорындарында реттеу принципін қолдану.

КБАЖ –ды құру принциптері

КБАЖ ұғымы. Арасында түрлі байланыстары бар көптеген бөлімдерден тұратын қазіргі заманның кәсіпорындары кибернетика моделінің тілінде үлкен ж ү й е деп аталатын үлкен адам - машина комплексіне айналып келеді.

Казіргі бар әдістерде кәсіпорынның өзінің сапасы мен басқару сапасының жоғарылауындағы негізгі кедергі келтіріп тұрған – басқару мен жоспарлаудың үлкен көлемділігі( тетіктердің, технологиялық маршруттардың, нормативтердің мыңдаған түрлері ) .

Тетік (ор. деталь) - құрастыру операцияларын қолданбай жасалған бұйымның бөлшегі.

Есептеу жұмыстарының үлкен еңбекті қажет етуі салдарынан уақытқа қатысты қажетті ресурстар мен қолда бар ресурстардың сәйкес келмеу проблемасы туындайды. Оның салдарынан өндіріс жүрісін қамтамасыз ету есебін жедел, әрі нақты емес түрде шешуге тура келеді. Сонымен қатар, басқару процесінде шешім қабылдауда толық емес ақпаратты пайдалануға, басқаруды көптеген басқару қызметкерлерінің қызметтерін күрделендіретін қарама-қайшылықты критерийлермен жүргізуге тура келеді.

Пайда болған жағдайдан жаңа әдістерді және кәсіпорын күрделендірген құралдарды, ең бірінші есептеу техника құралдарын, БАЖ өнімдерін кеңінен пайдаланып шығуға болады. Басқаша айтқанда, БАЖ деп басқару сферасымен айланысатын маман өкілдерін сәйкесінше пайдаланудан оптималды экономикалық шешімдерді практикалық жүзеге асыратын жетілген әдістер мен қазіргі заманғы басқару құралдарының жиынын түсінеміз.

Сонымен, БАЖ тек техникалық құралдарды таңдау мен өндіріс жағдайы туралы берілгендерді өңдеу, сақтау, жинау процестерін ұйымдастырумен шектелмейді, өзінің сәтті жүзеге асуы үшін басқару аппараттарына сәйкес маман кадрларын қажет ететін, өндірісті басқару құралдары, әдістері, қалыптарының жаңа принципиальді дамуы болып табылады. БАЖ – бұл адамның қабілеті мен машинаның мүмкіндіктерін біріктіретін адам –машина жүйесі және техникалық құралдар мен басқару қызметкерлерінің жиыны болғандықтан, БАЖ-н өңдеудің мақсаты адамды басқару сферасынан толықтай шығарып тастау болып табылмайды. Жүйе ерекшелігіне сай күрделі объектілерді басқару толықтай автоматтандырылған бола алмайды. Мұндай жүйелерде адамдар төмендегідей маңызды есептерді шешеді:

Басқару критерийлері мен мақсаттардың қойылымын табу және түзету;

Кейде басқару құрылымы мен әдісіне маңызды өзгертулер әкелетін, қойылған мақсатқа жету үшін эвристикалық алгоритмдерді қолдану, шығармашылық элементтер енгізу;

Алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Әл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.)

Соңғы шешімді қабылдау және оған заңды күш беру ;

Басқару жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету;

ПБАЖ- н енгізу тәжірибелері. БАЖ-н енгізу мен құрудың практикалық тәжірибелерін талдау оның еленбейтін комплексті сипаттауының жүйені проектілеуге шектелген жақын келуі төмендегі қателерге әкеп соғатын көрсетеді:

1) өндірістегі БАЖ- ды құрудағы барлық проблемаларды есептеу ортасы мен ЭЕМ қолдануды ұйымдастыруға ғана қосу әрекеті жасалады;

2) бірден бірінші осы есепте қолданылатын берілгендерді өңдеудің қарапайым процедураларын автоматтауды қамтамасыз етпей, басқарудың жылдам оптималды есебін жүзеге асыру әрекеті жасалады;

3) БАЖ-н құру проблемасы өндірісті басқаруды ұйымдастыру теңдеуімен байланыссыз қарастырылады.

Басқарудың жетілдіруі дегеніміз басқарушы функциялардың орындалу шарттары, әдістері мен басқару формаларының жетілуі:

Басқару құрылымының жетілуі;

Басқару функцияларының бөлінуі;

Механизациялау мен автоматтау жүйелерін ақпараттық процестерде қолдану;

Өндірістік істер мен есепке алудың жаңа әдістерін енгізу және жеңілдету;

Жоспарлау және т.б жаңа әдістердің енуі.

Жоғарыда түрленген қосымшалар мен КБАЖ-н проектілеуді оптималды басқару қалай жүзеге асырылатынын қарастырайық. Практикалық проектілеуде кездесетін қиындықтар төменде келтірілген әдістердің біреуімен немесе олардың комбинациясымен шешілуі мүмкін.

Өндірісті басқаруда реттеу принципін қолдану. Кез келген динамикалық жүйе оның кейбір сипаттамалары алдын - ала берілген шектен шықпаса, өзінің міндетін сапалы түрде атқарады.

Бұл принцип бойынша жұмыс істейтін басқару принципі 5 -суреттегі сызбамен көрсетіледі. Мұндай сызба р е т т е у с ы з б а с ы болып табылады. Реттеуші(басқару органы) объектіден оның жағдайы туралы ақпаратты ала отырып, келіспеушілік өлшемін бағалап, басқарушы әрекеттерді шығарады.

5- сурет. Тұйық контурлы басқару моделі.

Бұл принцип бойынша құрылған БАЖ нақты технологияларды басқару үшін қолданылады, себебі бұл процестер үшін түрлену сапасы параметрлер санымен анықталады. Мұндай жүйелер т е х н о л о г и я л ы қ п р о ц е с т і б а с қ а р у д ы ң а в т о м а т а л ғ а н ж ү й е с і деп аталады.(ТПБАЖ)

ТПБАЖ технологиялық процестің нақты бір түрін басқаруға арналғандықтан, мұндай жүйелер тоқтаусыз өнім (химиялық, металлургиялық) өндіретін кәсіпорындарда кеңінен дамыды.

Мұнай мен газ қорларын көлемдік есептеу параметрлері. Мұнай кенорнының қорын есептеу параметрлері: Ғ - мұнайлы алаптың ауданы, M2; һ - қойнауқаттың тиімді қалыңдығы, м; j - тиімді кеуектілік; m - мұнаймен қанығу; b - қайтарым коэффиценті; a - мұнайдың меншікті салмағы; һ - қойнауқаттық мұнайдың есептеу коэффиценті.
Металлургия (грек. metallurgeo – руда өндіремін, металл өңдеймін, metallon - рудник, металл және ergon - жұмыс) - ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы.
Ондай кәсіпорындарда басқару есептері аз өлшемді, жүйе қызметі уақытында алгоритм тұрақты, &{t), кідірісінің автоматты өлшенуі, адам - оператордың көмегінсіз қажет басқару әрекеттерінің оптималды нұсқасын таңдау және есептеу мүмкіндігі. ТКБАЖ-да адам –оператор қадағалаушы қызметінде жүйенің жұмыс жасауын бақылау арқылы ғана объектіні басқара алады.

5 - суреттегі сызба реттеуші мен объект арасындағы өзара ақпарат алмасатын тұйық контурдағы реттеуді басқаратын жүйемен сәйкес келеді.

Тұйық басқару контурын басқару жүйесі 6- суретте көрсетілген. Мұнда орындаушы құрылғы объектінің ағымдағы жағдайын ескермеген алдын – ала берілген нұсқауларға сәйкес жүреді. Егер өте жоғарғы дәрежеде басқару контурларының тұйықталуы орындалмаса, яғни құралдың (нұсқаудың) бапталуы объектіден алынған ақпаратқа сәйкес өзгермесе, онда тұйық басқару контуры жүйесі өзінің тиімділігін жоғалтады.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.БАЖ классификациясы АСУ.

2. БАЖ-дың функционалдану принципі.
Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Кобдиков М.А., Мустапаева А.Д. Работа в автоматизированной системе оперативного управления перевозочным процессом. - Алматы.: КазАТК, 1998 г. - 140 с.Мустапаева А.Д.

2.Основы расчетов автоматизированных систем управления на железнодорожном транспорте: Уч. пос. -Алматы: КазАТК, 1999. - 38 с.
Лекция 6.

Өндірісті басқарудың иерархиялық принципі


Лекция сабағының мазмұны:

БАЖ-ң дәреже және рангсі бойынша бөлінуі.

БАЖ-ң территориялық белгісі бойынша бөлінуі.

Өндірісті басқаруда иерархиялық принципі қолдану. Өндірістік процесінің сипаттамасы бойынша кәсіпорын массалық, сериялық және жекеленген өндіріс типіне бөлінеді. Массалық типті өнім кәсіпорыны үшін жоспарлау және басқару есептері көптеп өңделеген, ал жекеленген өнім кәсіпорыны үшін есептерді шешуде ерекше қиындықтар кездесіп жатады.

Жекеленген, сериялы және массалық типтердегі өнімдерді бір шаруашылық комплексіне біріктіріп, аралас типті өндіріс кәсіпорынын құру , жоспарлау мен басқару проблемаларын қиындата түседі.

Дайындық және жартылайфабрикаттар цехтары өндірістік ұйымдар процесінде енгізілетін (бастапқы) цехтар болып табылады. Өңдеуші цехтар (слесарлы – құраушы, торап құрастырушы және типтік өнімдерді құраушы) материалдық ағындар қозғалысы жүйесінде аралық түрде орналасады.

Аралық (лат. intervallum) - Cаптағы, ұрыс алдындағы, ұрыстық және жорықтық реттегі әскери қызметшілердің, қарулардың, машиналардың, ұшу апараттарының, кемелердің, сондай-ақ бөлімшелер мен бөлімдердің арасындағы майданшеп бойынша қашықтық; Көршілес қарулар снарядтарының көрші түсу нүктелері арасындағы майданшеп бойынша кашықтық; Зениттік басқарылатын ракеталарды жіберу, сондай-ақ торпедалар жіберу кезіндегі аралық үзіліс; Бірінен кейін бірі ұшқан ұшақтардың (тікұшақтардың) бір шектен не бір нүктеден кезектесе ұшып өтуге тиіс кауіпсіз уақыт аралығы.
Соңы өнімді өндіру құрау және жөндеу цехында орындалады. Цехтар тобы материалды ағынында ілмектер мен торларды құрайды. Кәсіпорынның сапалы жұмыс істеуі үшін нақты жоспарлау және цехтың жұмысын жылдам басқару және басқарудың күрделі құрылымы қажет. КБАЖ құрудың маңызды принципі кәсіпорынды көпдәрежелі(иерархиялық) құрылым ретінде қарау болып табылады. (7-сурет )




7-сурет. Кәсіпорынды басқарудың иерархиялық құрылымы


8-сурет. Кәсіпорынды басқару «Ағашы»

Сызбадан көретініміз, жоғарыда орналасқан буындардан басқаруға әсер ететін ағындар келеді, ал басқару объектісінің ағымдағы жағдайы туралы ақпарат одан жоғары тұрған буындарға беріледі. Өзіне тән басқару ағашын қарастыра отырып (8-сурет ) байқайтынымыз, басқарудың иерархиялық құрылымының басымдылығы, басқару есебі иерархиялық құрылымның сәйкес дәрежесінде қабылданатын локальді шешім базасында шешілуі мүмкін. Шешімі табылатын есептердің күрделілігі басқару процесінің әр дәрежесінде басқару дәрежесінің іріленуімен өседі, алайда кәсіпорынды интегралданған басқаруға қарағанда, мұнда есептің өлшемі кішірек. Төменгі дәрежедегі басқарулар жоғарғы дәрежедегілер үшін басқарушылық шешім қабылдаудың ақпарат көзі болып табылады . Егер бір дәрежеден екінші дәрежеге берілетін ақпарат ағымын қарастыратын болсақ, онда алфавиттік - сандық символдармен өрнектелген ақпарат саны дәреже жоғарылаған сайын төмендейді, бірақ оның мағыналық (семантикалық) мазмұны көбейеді. Расында да, кәсіпорын басқарушысына әр нақты бөлшектердің сандық берілгендерін, оның қай станоктан шыққанын білудің аса қажеті жоқ, бірақ ол цех бойынша, кәсіпорын бойынша өнімдер мен бөліктердің шығу интегралын білуі керек.

Кәсіпорынды басқаруды ұйымдастырудың рациональді принциптері әр басқару дәрежесінде басқаруды өзбеттерінше толық максималды қамтамассыз ету екенін соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткен. Сонымен бірге басқару функцияларының қатары орталықтандырылған болуы да әбден мүмкін. Әр түрлі басқару дәрежелері үшін оптималдылық критерийлерінің принципиальді орнатылымдары ортақ болғанда ғана иерархиялық құрылым бойынша басқару мүмкін .



БАЖ-нің дәреже және рангі бойынша бөлінуі (құрылым иерархиясы) төмендегідей:

1) Кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі (КБАЖ);

2) Біріккен кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ;

3) Кәсіпорынның салаларын басқаруды қамтамасыз ететін, басқарудың салалық автоматтандырылған жүйесі (БСАЖ)



БАЖ-нің территориялық белгісі бойынша бөлінуі төмендегідей:

Қаладағы БАЖ;

Аудандағы БАЖ;

Республикадағы БАЖ және т.б

Ортақ иерархиялық жүйедегі әр басқару объектісінің орналасуы сәйкесінше. Сөйтіп, 7-8 суреттерде кәсіпорын иерархиялық құрылымның ең жоғарғы дәрежесінде орналасса, 9 суретте ең төменгі дәрежесінде орналасқан .


9-сурет. Әр дәрежедегі БАЖ-н құрудың құрылымдық сызбасы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Жүк пен жолаушы тасымалдауымен байланысты функционалды ішкіжүйелердің болашақта дамуы, мазмұнына қысқаша сипаттама.
Ұсынылатын әдебиеттер :

1.Смехов А.А. Математические модели процесса грузовой работы. — М.: Транспорт, 1982 г. — 168 с.

2.Петров А.П.,Буянов В.А., УгрюмоеГ.А. Автоматизация, вычислительная к микропроцессорная и эксплуатационной работе железных дорог: Учебник для техн. ж.-д.трансп. - М.: Транспорт, 1987 г.-245 с.
Лекция 7.

Кәсіпорынды басқарудағы функционалдылық принциптер



Лекция сабағының мазмұны:

БАЖ-нің функционалды ішкіжиыны

Басқару функцияларының БАЖ-нің техникалық құралдары мен басқарушы қызметкерлері арасында рационалды бөлінуі

БАЖ-нің басқару сызбасы.

Кәсіпорынды басқару үшін басқарудың функционалдық принципін қолдану.Кәсіпорынды басқару есебінің күрделілігі оның өлшемін азайту мен түрлі иерархиялық дәрежеге бөлінуіне қарамастан, барлық басқару жүйесін дәрежесіне, типіне , ішкіжүйелеріне қарамастан функционалды белгілері бойынша бөлуді қажет етеді. Төмендегі басқарудың негізгі функцияларын орындау үшін, БАЖ- нің құрамында арнайы ішкіжүйе қарастырылады:

а) кәсіпорынның оптималды өндірістік программасын құру және өндірістік программаны жоспарлау этаптары бойынша бөлу;

б) өнім шығарудың, жұмысты жоспарлаудың, құрылғыларды жүктеудің, өндірістік тапсырмаларды рәсімдеудің күнтізбелік жоспарын құру;

в) шикізатты жеткізудің және дайын өнімді әкетудің оптималды графигін таңдау, үнемдеуге негізделген қор дәрежесін анықтау ;

г) құрылғыларды жөндеудің оптималды нұсқасын таңдау;

д) өндірілген өнімге деген сұранысты болжау және т.б.

Осы өндірістік функцияларды жүзеге асыратын ішкіжүйелердің жиыны кез келген дәрежедегі БАЖ-нің ф у н к ц и о н а л д ы бөлігін құрайды. Өндірістік - шаруашылық қызметтегі кәсіпорынның күрделілігі, оған әсер ететін, басқару операторларымен шешім қабылдауда түрленбеген процедуралардың бар болу факторларының көптүрлілігінде, кері әсер ететін немесе кейінге қалдыру кездейсоқ сипаттамалары – мұның бәрі кәсіпорынды басқару жүйесінің бірыңғай моделін құруда біршама қиындықтарға әкеп соғады. Мұндай қиындықтарды БАЖ функционалды ішкіжүйелерінің өзара байланысқан моделдер комплексін құру арқылы жеңуге болады. Кез келген ішкіжүйе тек нақты бір объектіні ғана басқарады. Басқару объектісі мен моделінің жағдайы туралы жиналған ақпараттан ішкіжүйенің басқарушы бөлігі басқаруға әсер етулерді өндіреді.

БАЖ-нің функционалды типтік ішкіжүйелері болып:

а) кәсіпорынның техникалық дайындығын басқару ;

б) техникалық-экономикалық жоспарлау ;

в) негізгі және көмекші кәсіпорындарды жылдам басқару;

г) басқаруды материалды-техникалық қамсыздандыру;

д) кәсіпорынды қаржылық - өтімдік қызметтері бойынша басқару және т.б .

БАЖ-н құрудың көпдәрежелі және көпфункционалды принципінің өз жетістіктері мен өз кемшіліктері бар: дәрежесі және функционалды белгілері бойынша басқарудың жетістігі, басқару есебі өлшемінің жылдам азаюы; бір дәреженің, бір функционалды тағайындаудың жүйесі басқару қызметкері (басқарушы) үшін «көз жетерлік» болып табылады, кемшілігі шешім қабылдау үшін келіп түскен ақпарат ағыны көп болғанда басқару құрылымы қарама-қайшылықтар тудырады (ішкіжүйелердің локальді мақсаттары кәсіпорынды басқару мақсаттарының барлығына қарсы келеді немесе бір ішкіжүйенің және дәреженің мақсаттары басқа дәрежелер мен ішкіжүйелердің мақсаттарына қарсы келеді).

Басқару функцияларының БАЖ техникалық құралдары мен басқарушы қызметкерлер арасында рационалды бөлінуі. Кез келген ішкіжүйедегі оперативті басқару этаптарын басқару процесінің кибернетикалық моделінде қарастыруға болады(10-сурет )


10-сурет. Басқару процесінің кибернетикалық моделі

Нақты орындаушыға қатыссыз, басқару процесінде орындалатын келесі қажетті жұмыс этаптары (операторлар) сызбада сандармен көрсетілген

1— басқару объектісінің жағдайы және оның шешім қабылдайтын органға берілуі туралы ағымдағы ақпараттар (берілгендер ) жиыны;

2— берілгендерді алғашқы өңдеу, сорттау, топтау және талдау ( берілгендер модификациясы);

3 — бұл этаптың орындалуы екі түрде болуы мүмкін: За — өндірістік процестің оперативті сипаттамасының есеп - қисаптары; 36 — өндірістік процестің соңғы (фактілі) көрсеткіштерінің. За жағдайындағыдай 36 жағдайында да есептеу жүргізу үшін сызбада 10 блокпен берілген нормативті білу қажет.

4— жүйенің материалды ағымындағы енгізу (шикізат) және шығару (өндірілетін өнім немесе қызмет көрсету) элементтерінің шығындарының фактілі, нормативті және жоспарлы дәрежелерін бар кідірістердің пайда болуымен салыстыру.

Бұл этаптан соң шешім шығаруға дайындық этабы бітеді. Бұл этапта реттеудің «тіреу» дәрежесі ретінде жоспарлы есептер туралы білу қажет (блок 11);

— Кідірістің маңыздылығын бағалау. Кідірісті бағалау әрдайым бірдей бола бермейді. Ол көп жағдайда шешім қабылдаушы басқару қызметкерлерінің мамандануына, тәжірибесіне байланысты болады. Бұрынғы тәжірибелерді есепке алу қажеттілігі сызбада 12 блокпен көрсетілген;

— объектіні функционалдаудың құрылған моделі негізінде шешімді немесе шешімдер нұсқасын есептеу;

— шешім қабылдау (бірнеше ұсынылған нұсқалардың арасынан оптималдысын таңдау);

8— шешімдерді құжаттау яғни, берілген кәсіпорында формасы енгізілген құжат түрінде рәсімдеу;

9 — шешімді орындаушыға жеткізу және шешімді орындау, яғни, басқару объектісіне әсер ету. Мұндай әсер ету салдарынан объектінің жағдайы өзгереді, сонымен қатар объект туралы ағымдағы ақпарат та өзгереді, сол себептен объектіге қайта жаңадан әсер ету қажет болады.

Сөйтіп, объектіге тек басқарушы әсер етулер ғана емес, сонымен қатар ішкі кері әсер ететін факторлар әсер ететін болғандықтан, сондай - ақ объектінің өзі

1   2   3   4   5


жүктеу 1.21 Mb.