Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Автоматтандырылған басқару жүйесі»

жүктеу 1.21 Mb.



жүктеу 1.21 Mb.
бет1/5
Дата06.04.2017
өлшемі1.21 Mb.

«Автоматтандырылған басқару жүйесі»


  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті


3 деңгейлі СМК құжаты

ОӘК

ОӘК 042-14-2-02-1-20-5/03-2012

«Автоматтандырылған басқару жүйесі»

пәнінен оқу-әдістемелік материалдар



Баспа №2



«Автоматтандырылған басқару жүйесі»
ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану»

мамандығына арналған

оқу-әдістемелік материалдар

Семей

2012


Мазмұны

1. Глоссарий


2. Лекциялар

3. Практикалық сабақ.

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

4.Студенттің өздік жұмысы


1. глоссарий

Бұл ОӘМ-да келесі терминдер, сәйкес анықтамаларымен қолданылған.:


1.1.Басқарудың автоматталған жүйесі (БАЖ) – бұл адамның түрлі қызметі саласындағы басқаруды оптимизациялауға арналған, ақпаратты автоматты түрде жинауға және сақтауға арналған адам – машиналық жүйе

1.2. Элементтердің өзара байланыстылығы – деп өзара байланысқан элементтер жиынын айтады , яғни, басқа элементтермен байланысы жоқ жиын элементіоның құрамына кірмейдіу.

1.3. Ақпараттық жүйе — қойылған мақсатқа жету үшін ақпаратты өңдеу, жіберу және сақтауға арналған қызметкерлер, құралдар мен әдістердің өзара байланысқан жиыны.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.
Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

1.4. Жүйені жергіліктендіру процесі — бұл оның шекарасын анықтау, оның элементтер жиынын, маңызды және маңызсыз байланыстарын ерекшелеу.


1.5. Реляциялық (ағылшыннан relation — қатынас)- модель бөліктерін құрайтын байланыстармен құралған берілгендерді сақтау моделі.ОНы екіөлшемді кесте түрінде елестету ыңғайлы.


1.6. Берілгендердің реляцииялық моделі – реляция немесе қатынас деп аталынатын, байланысқан кестелер жиыны түріндегі ақпарат.

1.7. Басқару — бұл қандай да бір физикалық процестің (мысалы, өндіріс процесі) жүруін қамтамасыз ететін және берілген бір мақсатқа(немесе бірнеше мақсатқа) жетуге талпынатын мақсатқа бағытталған әсер ету .

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.
Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

1.8. Жүйе— байланыстың ортақ мақсатқа бағытталған ережелер мен бір мақсатқа біріктірілген өзара байланысқан элементтер жиыны.

1.9. Құрылым – ішкі кеңістік - уақыттық байланыстың және оның жекеленген элементтерінің үнемі реттеліміне қатысты және олардың ішкі ортамен өзара байланысы.

1.10. БАЖ-нің функционалды бөлігі – бұл кәсіпорындық функцияларды жүзеге асыратын ішкіжүйелер жиыны.

1.11. Өндіріс жүйесінің мақсаты— бұл әртүрлі түрдегі шикізаттарды тиімді әдіспен өнімге айландыру .

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.
Шикізат бұрын еңбек әрекетіне түскен және одан әрі өнделуге тиіс еңбек заттары (мысалы, қазылған кеніш, қырқылған жүн); әдетте, шикізат қайсыбір өнеркәсіп саласына: жеңіл, тамақ, т.б. арналған деп ұғынылады; табиғи ресурстардың, негізінен, пайдалы қазбалардың өндірісте пайдаланылатын бөлігі.


2. лекциялар

Лекция 1.

Автомобильді транспорттағы ақпаратты өңдеу және басқарудың автоматталған жүйесі.Кіріспе.

Лекция сабағының мазмұны:

Автомобильді транспорттағы басқарудың автоматтандырылған жүйесі(БАЖ).

БАЖ терминологиясы .

БАЖ есептерінің қойылымы.

Автомобильді транспорттағы БАЖ-дың қазіргі жағдайы .
Басқарудың автоматтандырылған жүйесі(БАЖ) экономиканың барлық салаларында кеңінен қолданылады.

Мазмұн (Оглавление; table of Contents) - 1) мәтіндік құжаттың құрылымдық элементі. Беттердің нөмірі көрсетілген тақырыптардың тізімінен тұрады; 2) объектілердің атауы мен адресінен тұратын кесте.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Әр түрлі кластардағы және тағайындауларда БАЖ құрылған және жұмыс істейді.

БАЖ- нің құрылуы басқару объектісін талдаумен және басқару критерийлерін таңдаумен, жүйенің құрылымымен функциясын анықтаумен теңестіріледі.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.
Функциялардың параметрлері объектінің ерекшеліктерімен анықталады. Басқарудың жекеленген функциялары техникалық құралдар комплексі(ТҚК) базасының автоматизациясына жатады. ТҚК-нің қасиеттері мен топологиясын анықтау бірінші кезекте функциональді- ақпаратты талаптардың орындалуын байланысты. Сөйтіп, мехнизмнің жалпы логикасы басқару жүйесінің параметрлерлеріне ,басқару объектілерінің параметрлеріне тәуелділігімен сипатталынады. Қазіргі уақытта БАЖ-н терминологиялық түсіндірулердің көптеген түрлері бар. Кейбір әдебиеттерде БАЖ терминінің орнына, автомобильді транспорттағы БАЖ- нің жеке есебінен тұратын, тауар қозғалысын ұйымдастыруға комплексті жақын келетін, «логистика» терминін қолданады.
Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.
Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Автомобиль (гр. αὐτο - өздігінен және лат. mobilis - қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі.
Әдебиет (араб.: асыл сөз‎) - сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы.
Навигационды жүйелерді қолданып, автотранспортты басқаруды білдіретін, БАЖ терминін алмастыртын тағы бір термин ол - "телематика".

Ақпаратты өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АӨБАЖ), уақытпен тексерілген БАЖ-нің интеграцияланған анықтамасын сақтай отырып, кез келген сала облысындағы, соның ішінде автомобильді транспорт саласындағы ақпаратты өңдеу процесі жататын басқарудың түрлі процестерінің бар екенін білдіреді.

АӨБАЖ нақты қолданушыны ақпаратпен қамтамасыз ету үшін құрылған және ол оның жұмысына қатысады. АӨБАЖ –н түрлендіру дегеніміз –проектілеу этабында және ақпаратты түрлендіруге енген автоматтандыру процесіндегі проектілеушілер мен проектілеу этаптарының басқа да мамандарының көмегімен құрылған ақпаратты, программалық қамсыздандырулардың көмегін қолданып қолданушының есептерді шешуі.

БАЖ-нің бірінші өңдеулерінде принципильді жаңа әдістемелер болған жоқ, тек басқару есептерін дәстүрлі технологиялармен шешетін, операциялардың орындалуына кететін еңбекті азайту үшін, үлкен арифмометр ретінде қолданылатын, қымбат тұратын есептеу техникасын қолданылды. Ұйымдардағы басқаруды автоматтандыруды құрудағы ең таралған кемшілік болып, есептің қойылымының деңгейінің төмен болуы есептелінді.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Мұның басты себебінің бірі - ақпарат ағынын зерттеуде, есептің экономикалық тасымалдау маңыздылығын сипаттауда, шығарылатын ақпаратты проектілеуде басқару қызметін және мамандарды қолданбау. Сонымен қатар, автоматтандырылған режимде есептің барлық комплексі өңделмеген, сондықтан қолданушыда жаңа технология ойлап табуға деген қызығушылық аз болады.
Режим (француз тілінде regіme, латын тілінде regіmen - басқару) - 1) мемлекеттік құрылыс, басқару тәсілі; 2) күнделікті өмір жұмыстың, демалыстың, тамақтанудың, ұйқының нақты белгіленген тәртібі; 3) белгілі мақсатқа жету үшін орнатылған ережелердің, шаралардың, нормалардың жиынтығы.
АӨБАЖ –н құру тәжірибесі көрсеткендей, тек нағыз маман ғана орындалған жұмысқа толық және мамандыққа баға беретіндей сипаттай алады. Қолданушының қатысуы есептің қойылымын қоюмен ғана шектелмейді, ол жүйенің сынақ тасымалдауын да жүргізуі тиіс.

Компьютерде отырып қолданушы есептің қойылымының жетіспеушіліктерін анықтап, қажет жағдайда енгізілетін және шығарылатын ақпаратты, нәтиже шығатын форманы түзетуі, және оларды құжат түріне рәсімдеуді орындауы қажет. Сынақ тасымалдауға қатысу – бұл қолданушының компьютерде жұмыс істеп үйренуі және программалық құрылғылармен танысуы ғана емес, сонымен қатар қолданушылардың жұмыстың жаңа шарттарына, жаңа технологияларға, жаңа күрделенген технологияларға бейімделу процесі.

Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Қолданушының АӨБАЖ-н құруға қатысуы перспективада есептің шешілуінің оперативтілігін және сапалылығын, сондай- ақ жаңа технологияның енуіндегі уақытты үнемдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қолданушыны оқыту белсенді түрде жүреді, өңдеуші ретінде де, қоюшы ретінде де мамандану дәрежесін көтереді. Жаңа технология ортасында жұмыс істеуге қажетті барлық дағдылар АӨБАЖ-нің тәжірбиелі тасымалдау процесі және ары қарай жұмыс істеу нәтижесінде жетіледі және бекітіледі. Бірақ,ол үшін қолданушы объектіні зерттеу әдісімен және оның нәтижесін жалпылаумен алдын ала таныс болу керек.Бұл қолданушыға автоматты өңдеуге жататын есептерді, функцияларды айқындауға және анықтауға көмектеседі және олардың қойылымдарын маманданған түрде қоюға көмектеседі. Есептің қойылымы- бұл есепті белгілі бір ережелерге қатысты сипаттау. Есептің қойылымын анықтау негізінде программист оны шешу логикасын тауып, оны жүзеге асыратын стандартты программалық құралдарды ұсынуы қажет.

Есептің қойылымы арқылы, оның мазмұн мазмұндамасын регламентациялау арқылы “қолданушы-қолданбалы программист” арақатынасының қиындықтары жойылады, ол бұл арақтынасты көбірек логикалы және жүйелі етеді. Есептің қойылымын анықтау үшін, логикалық және ақпараттық маңыздылығын толықтай елестету үшін қажетті және жеткілікті ақпарат қолданылады. Ондай ақпаратты ескі технологияда есептің шешімін жүзеге асырған сәйкес орган қызметкерлері орналастырады.

Есептің қойылымын анықтау үшін қолданушы тек сол пән облысындағы кәсіпқой білімді ғана емес, сондай-ақ, компьютерді, ақпаратты технологияны да меңгерген болуы керек. Ереже бойынша, қолданушы функциялары бойынша оның қажеттілігін қамтамасыз ететін, белгілі бір қызмет түріне (бухгалтерлік, қаржылық, және т.б) бағытталған дайын программалық пакеттерді қолданады. Мұндай бағыт бүгінгі күні қолданушыларға қызмет көрсету саласын компьютерлендіру және ақпараттандыруда басты болып табылады. Көптеген жағдайда олар түпнұсқа қолданбалы программалармен толықтырылады. Бірақ кез келген жағдайда есептің қойылымын анықтау қажет. Есептің қойылымын сипаттағанда оның көлем –уақыттық жағдайына көңіл аударылады. Олар енгізілетін және шығарылатын ақпараттың көлемін ( бірлік уақытта өңделетін жол, белгі, құжаттың көлемі), түскен уақыттың ерекшелігін, ақпараттың берілуі мен өңделуін бейнелейді.

Есептің қойылымын сипаттау процесінде дәлділікті салыстыра тексеру және барлық ақпарат бірлігі мен олардың жиынының аттарының толықтығы маңызды болып табылады.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар қазіргі қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Оларсыз өмірді елестету мүмкін емес. Өндірістік процестің жетілуі пайдаланылатын ресурстар (өндірістік жүйе кірістері) саны мен алынған тауар мен қызмет көрсетулер (жүйе шығыстары) санының нәтижелі нұсқаларын іздеусіз мүмкін емес.
Сан - мөлшерді сипаттайтын, санауда пайдаланылатын абстракт нәрсе.
Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.
Сөйтіп, өндірістік жүйенің жұмыс интенсификациясы туралы айтып, жүйе жағдайы туралы ақпаратты өңдеу негізінде түзілген басқару күштерін бағаламауға болмайды. Кез келген өндірістік жүйенің өміршеңдігі мен тиімділігі қазіргі жаңа технологиялар қамтамасыз ететін есептердің уақтылы және дәл мәнді орындалуына тікелей байланысты.

Персональді компьютердің пайда болуы ақпараттық революцияға әкеп соқты. Ақпарат ресурсы материалмен, энергиямен, капиталмен тең дәрежелі болды. Жаңа экономикалық категория пайда болды. Ол - ұлттық ақпараттық ресурстар. Табиғи ресурстардың жетіспеушілігі ғылыми білімді қолдануға негізделіп өндірілетін ресурстарды пайдалануға әкеп соқты. Персональді компьютер базасында, ғылымды қажет ететін өнім өндіруде қажет кәсіптік білім беру шығындары өзіндік құнның 70%-ын құрайды, ал индустриальді дамыған елдердегі тұрғындардың ақпаратты өңдеудегі экономикалық белсендігі - 60—90%.

Революция (лат. revolutіc - бетбұрыс, төңкеріс) - табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер. Білім мен танымдағы өзгерістер қатарына ғыл.-тех., мәдени, т.б. Революцияларды немесе бетбұрыстық мәні бар адамзат қол жеткізген табыстарды жатқызуға болады.
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
Дамыған елдер - индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.

Жолаушылар мен жүк тасымалдауда, жылжымалы құраманы өндіру мен жөндеуге сәйкес күштердің жиынында автомобильді транспорттың рөлі жоғары. Қазіргі күні автоматталған және автоматизацияланған жүйелерді қолдануға байланысты басқару қызметін автоматтау екі бағыттан тұрады. Олар басқару объектілеріне қарай ерекшеленеді: Егер бірінші жағдайда басқару объектісі технологиялық процестер болып табылса, дербес жағдайда құрылғы - жұмысшы, ал басқаруда адам жанама рөл атқарса, екінші жағдайда қызмет көрсету және материалды өндіруде адамдар тобы анық бір рөл атқарады .

Технологиялық процесс - бастапқы мәліметтен талап етілген нәтижеге жетудің реттелген, өзара байланысқан әрекеттер. Технологиялық процесс еңбек бұйымы күйінің өзгеруі мен анықталуына бағытталған әрекеттерді құрайтын, өндірістік процесстің бір бөлігі.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.БАЖ-нің анықтамасы мен негізгі ұғымдары.

2.БАЖ-нің типтік құрылымы мен оның функциялану принципі ее функционирования
Ұсынылатын әдебиеттер :

1.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.
Николаев А.Б., Алексахин С.В., Кузнецов И.А., Строганов В.Ю. Автоматизированные системы обработки информации и управления на автомобильном транспорте. Учебник. М.: Академия, 2003, -224 с.

2.Информационная система для управления перевозочным процессом./ Под ред. Г.С. Ратина. - М.: Транспорт, 1989 г. - 239 с.

Лекция 2.

Басқару жүйесі ұғымы.

Лекция сабғының мазмұны:

Жүйе ұғымы.

Жүйе құрылымы

Жүйе ұғымы. Соңғы кездері «жүйе» ұғымы өте жиі және кең мағынада қолданылып жүр.

Мағына - сөздердің ұғыммен байланысты мәні, мазмұны. Сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да жәйттер себеп болады, ол адамның дүниеге көзқарасын, көңіл-күйін білдіреді. Сөз ұғымы тұтас, дербес болғанымен, мағынасы әлдеқайда кең әрі бірнешеу болуы мүмкін.
(білім жүйесі, материалды-техникалық қамтамасыз ету жүйесі, күн жүйесі, есептеу жүйесі және т.б.). «Жүйе» сөзінің әртүрлі қолданылуына қарамастан, олардың көбі келесі мағынаға жақын:



Жүйе — бұл бір мақсатқа біріктірілген және ортақ арақатынас ережелеріне бағытталған әрекеттесетін элементтер жиыны. Э л е м е н т т е р ж и ы н ы деп бұл жерде ортақ қасиеттері бар элементтер терілімі ғана емес, сондай - ақ жиындағы әр элементке қатысты ортақ сипаты бар жиынды айтуға болады.

Элементтердің ө з а р а б а й л а н ы с ы деген жүйенің басқа элементтеріне байланысы жоқ жүйе элементі жүйе құрамына кірмейді. Жүйе ортақ сипатталымымен ғана анықталмайды, сонымен қатар нақты берілген күйге жетуге деген талпынысы бар элементтер арасындағы мақсатқа бағыталған ережелердің арақатынасымен анықталады.

Элементтер арасындағы өзара қатынастың болуы ұйымдастырылған күрделілікті анықтайды. Элементтер арасындағы өзара байланыстың немесе параметрлердің біреуінің өзгеруі басқа параметрлердің өзгеруіне әкеп соғады. Жиынға бір немесе бірнеше элементті қоссақ, қосымша байланыстар қосылады және ескі байланыстар өзгереді. Күрделілік ұғымының өзі жүйе қасиеті болып табылады.

Ұйымдастырылған жүйе ұғымын енгізуден жүйеге кіретін элемент саны шектеледі. Берілген жүйе үшін ішкі сфераны құрайтын, оны қоршаған элементтермен байланысатын, ішкі жүйеге кірмейтін элементтер жиыны да бар болады.

Ж ү й е н і ж е р г і л і к т е н д і р у процесі — бұл жүйенің шекарасын анықтау, оның элементтерінің жиынын, маңызды және маңызды емес байланыстарын ерекшелеу. Практикада біршама қиындау болып табылады. Мұнда екі түрлі қателер жіберілуі мүмкін:

1) маңызды байланыстарды алып тастау ;

2) жүйе жұмысына әсер етпейтін байланыстарды есепке алу.

Егер мақсатты функция және жүйенің жұмыс істеу алгоритмі белгілі болса, жүйені жергіліктендірудің шешімі оңайлатылады. Шекараны анықтауда кеткен қателік өңдеудің бірінші этабында болады бірақ, жүйені зерттеу әдістері оған кепілдік бермейді. Сондықтан жүйе туралы білімнің нақтылануы мен кеңеюінен , оның нақты моделінен зерттеуші жүйенің шекарасына қайта оралып, оның ішкі ортамен байланысын анықтап, бастапқы кеткен қателікті түзетуі керек.

Жүйенің құрылымы. Жүйені зерттеудің итеративті жолы берілгеніне ұқсас, жүйенің өзін анықтауда жоғарыда берілген маңызды және конструктивті сипаттамалардың бірі қолданылды. Ол— құрылым, яғни оның жеке элементтерінің арасындағы ішкі кеңістікті—уақыттық байланыстарға қатысты үнемі реттелім мен жүйенің функционалді мәнін анықтайтын олардың ішкі ортамен байланысы.

Басқару жиынының құрылымының сипаттамасын меңгере келе оларды кез келгенін жүйе құратын өзара байланысқан элементтер жиыны(процестер, объектілер) ретінде қарастыру практикада ыңғайлы болып табылады.

Мұндай Sj жүйесінің әрқайсысы ерекше болып табылады және S: Sj S жоғарғы дәрежелі жүйенің қандай да бір бөлігі (ішкіжүйесі) ретінде қарастырылады.

Sj және S жүйелері арасындағы өзара байланыстар құрылымдық орналасуына және басқару функцияларын орналастыруына қатысты жоғағы дәрежелі S жүйесіне бағынатын Sj ішкіжүйесі қарастыратын иерархиалық принцип бойынша құрылады.

Егер бөліну процесі анықталған белгілер бойынша элементарлы құрамдарды алу мақсатында орындалған болса, онда кез келген жүйені әртүрлі рангті, дәрежелі ішкіжүйе ретінде қарастыруға болады. Жүйені бөлу процесі түрлі әдістер бойынша орындалады, сонымен қатар әр ішкіжүйенің элементтерінің саны әртүрлі болды. Жүйені бөлу нәтижесінде пайда болған барлық ішкіжүйенің жиыны S жүйесінің М жиынын құрайды.

Сөйтіп, бөлу әдісі қанша болса, жүйеде сонша М жиын болады.


1-сурет. Метажүйе «Ағашы»

Бөлу операциясының әрқайсысынан жеке ішкіжиын шығады. Олардың әрқайсысы әрдеңгейге жататын S метажүйе «Ағашын» құрайды .

Ішкіжүйелер мен оларды байланыстырып тұрған өзара байланыстар жүйенің құрылымын құрайды. Нақты әрекет ететін ерекшелеуді басқару жүйелерінде және ішкіжиын ұйымдарында

  1   2   3   4   5

  • Мазмұны 1. Глоссарий
  • 1. глоссарий

  • жүктеу 1.21 Mb.