Главная страница
Контакты

    Басты бет


Автокөлік кәсіпорындарда жолаушыларды есепке алу ақпараттық жүйесі

жүктеу 342.67 Kb.



жүктеу 342.67 Kb.
бет1/3
Дата22.03.2017
өлшемі342.67 Kb.

Автокөлік кәсіпорындарда жолаушыларды есепке алу ақпараттық жүйесі


  1   2   3

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

«Математика және ақпараттық технологиялар» факультеті

«Қолданбалы математика және информатика» кафедрасы

Автокөлік кәсіпорындарда жолаушыларды

есепке алу ақпараттық жүйесі
УИС-111

Секция: Программалау

Автор: Төлеутаева Ұлболсын Қорғамбайқызы

Ғылыми жетекші: Султанова Гульбану Абжамиловна


Қарағанды 2017



Мазмұны


Кіріспе

3

1

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері

5

1.2

Жұмыс орнындарын автоматтандырудың құрылымы

6

2

Есептің қойылымы

7

2.1

Ақпараттық қамтамасыздандыру

8

2.2

Программалық қамтамасыздандыру

12

Қорытынды

16

Қолданылған әдебиеттер тізімі

18

Қосымша А. Программа листингі

19





Кіріспе
Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.

Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын бумалалар пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады – ол мәліметтер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен мәліметтер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер қорысыз қазіргі күні қаржы, өнеркәсіп, сауда т.б. мекемелердің жұмысын елестету мүмкін емес. Егер мәліметтер қоры болмаса, онда ол мекемелерді ақпарат ағыны басып кетер еді.

Қазіргі күні ақпараттық технологияларды бағдарламалаушылар алдында көп көлемді және әр түрлі ақпарат ағындарымен жұмысты ұйымдастыра алатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз ететін бағдарлама құру мақсатында көптеген жаңа мәселелер туындайды.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Осындай сұраныс бойынша ұйымдастырылған жүйелер кең қолданыста. Өз іс-әрекетінде жетістіктерге қол жеткізген кез келген мекеме қызмет ету үшін ақпаратты уақытында өңдеуі қажет.

Уақыт - өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.

Мәліметтер қоры әр түрлі мекемелер үшін құрастырылады. Бұл жерде басты мәселе мәліметтер тиімді қолдану үшін олар жүйеленіп, ұйымдастырылып және топталған болуы қажет. Бұнда мәліметтер қорына жету күрделі бағдарламалауды қажет етпейтін қарапайым сұраныстар арқылы жүзеге асады. Сол сияқты есеп алуда қиындық туғызбайды.

Бағдарламалаушының алдында келесі мәселелер тұрады: мәліметтер қорын басқаратын жан-жақты жүйені құру және жүйенің мүмкіндіктерін көрсету, олардың өңделуін ұйымдастыру болып табылады.

Біздің аймақтағы қазіргі мекемелердің көпшілігінде бухгалтерлік, қоймалық және жедел есепке көп көңіл бөлінуде. Бағдарламалаушылардың жұмыстары бухгалтерия қажеттіліктеріне бағытталған, ал кадрлар бөлімінің жұмысы ескерусіз қалуда.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Бухгалтерия (нем. Вuсh – кітап және нем. halten – ұстау) - заңды тұлғалардың күнделікті есеп-қисабын (оның ішінде жалақы есептеу де) жүргізетін арнайы құрылымдық бөлімі. Бухгалтерияны бас бухгалтер, ал штаттық кестеде мұндай лауазым қаралмаса аға бухгалтер басқарады.

Мекемеде жаңа компьютерлердің болуына қарамастан, мекеме кадрлар бөлімі барлық құжаттарды қағазда сақтайды, оны өңдеп жай есеп беру үшін көптеген ақпаратты әр жерден қарап, көп уақыт пен күндерін жұмсайды.

Осыған орай, жұмыстың басты мақсаты – кәсіпорындағы жолаушыларды есепке алу ақпараттық жүйесін құрастыру, барлық қызыметкерлер жайлы ақпаратты жинақталған және ұйымдастырылған электрондық күйде сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, қажет болған жағдайда сұраныс, сұрыптау ұйымдастыру арқылы қажет ақпаратты өңдеп есеп беруге болады.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

Осыған қоса келесілерді алуға болады:



  • бір немесе топ ойыншылардың ойыны жайлы ақпаратты алуға;

  • сұраныс ұйымдастыруға;

  • қандай да критерийлерге сай сұрыптау жұмыстарын жүргізуге;

  • кез-келген бағанға байланысты фильтр әдістерін қолдануға;

  • жаңа жазбаны (жаңа ойыншы) қосуға және т.с.с. операцияларға

мүмкіндік береді.

Осы мақсаттар Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмалармен тығыз байланысты. Елбасы ақпараттық инфрақұрылымды құрудың бірден-бір факторы - халықтың компьютерлік сауатынның деңгейін арттыру екендігін атап өтті.

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Жоғарыдағы мақсаттарға сай келесі міндеттер қойылады:


  • қазіргі ғылыми технологиялық прогрестің жетістіктері баяндау;

  • деректер қоры, оны басқару жүйелері және түсінігі, деректер

қорын басқарудағы бағдарламалық жүйелер мүмкiншiлiктерiн анықтау;

алу және оны жұмыс құру кезінде қолдану;

  • Delphi тілі мәліметтер қорын басқару жүйесі ретінде.

Жұмыстың алғашқы тарауында автокөліктік кәсіпорыны туралы қысқаша мағлұматтар және ақпараттың көрсетілімі көрсетілген.

Жұмыстың екінші тарауында ғылыми жұмыс тақырыбының негізгі обьектісі болып табылатын деректер қоры, оны басқару жүйелері және түсінігі, деректер қорын басқарудағы бағдарламалық жүйелер, оны құру кезінде қолданылатын бағдарламалық жасақтамалардың қысқаша сипаттамасы мен қазіргі кездегі деректер қорын басқару жүйелері негізіне жататын деректерді ұйымдастыру принциптері мен деректермен жұмыс істеуде қолданылатын қазіргі кездегі технологиялар туралы сипатталады.

Мағлұматты қорыту (Обобщение понятия; concept generalization) - тек қорытылған мағлұмат көлеміне кіретін объектілерге жататын нышандарды алып тастау жолымен аз көлемді мағлүматтан үлкен көлемді мағлүматқа өтуге мүмкіндік беретін логикалық операция.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.

Автокөлік кәсіпорыныңдағы жолаушыларды есепке алынғаның көрсетілді. Программаның тағайындалуын, программаның орындалу шарттары, программаны орнатумен тұрғызу және программаны орындау жұмысын орындалды.


  1. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері

Ақпараттық технологияға ақпараттық және бағдарламалық құрал қажет.

Қатынасу, тілдесу (communication) - қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.

Ақпараттық технологияның «шикі затына» тиісті өңделуге жататын ақпарат кіреді. Ақпараттық технологияның түпкілікті өнімдеріне мыналар жатады: мәтіндік және графикалық құжаттар, бір табиғи тілден екінші тілге аудармалар, шешімін табатын математикалық тапсырмалар, электрлі-техникалық және машина жасаушы сызбалар, қолайлы анықтамалар мен энциклопедиялар, электрондық кеңесшілердің кеңестері, қызметкерлер туралы толық мағлұмат, қаржылық есептер, презентация және т.б.

Графика - (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен) Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы. Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Мәліметтер қоры біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Жаңа есептеуіш жүйелерінің пайда болуы әрбір қосымшаға жеке өзіндік мәліметтер жиынтықтары анықталып, оларға қолдау жүргізілген мәліметтерді өңдеу тәсілдерінің орнына барлық мәліметтер орталықтан анықталып, қолдаудан өткен жаңа әдістердің пайда болуына әкелді. Ал соңғы кездері, Internet пен мобильді байланыс және сымсыз есептеуіш құралдары, сондай-ақ “интеллектуалды” құралдардың пайда болуынан желілік байланыс пен мәлімет алмасу технологияларының тез дамуы жүріп жатыр. Енді осы екі қарама-қайшы тенденциялардың әсерінен бөлшектелген мәліметтер қорының технологиясы қайтадан мәліметтерді орталықтан өңдеуден орталықтандырылмаған өңдеуге өтіп жатыр. МҚБЖ-ның пайда болуы мәліметтер қоры облысындағы ең маңызды жетістіктердің бірі болып табылады.

Мәліметтер қоры әр түрлі мекемелер үшін құрастырылады. Бұл жерде басты мәселе мәліметтер тиімді қолдану үшін олар жүйеленіп, ұйымдастырылып және топталған болуы қажет. Бұнда мәліметтер қорына жету күрделі бағдарламалауды қажет етпейтін қарапайым сұраныстар арқылы жүзеге асады. Сол сияқты есеп алуда қиындық туғызбайды[9].

Қоғамның қарқынды дамуы көптеген жаңа ақпараттың жинақталуына алып келеді, ол ақпаратты тез өңдеп, қолданып не болмаса сақтау қажеттілігі туады. Әлемдегі барлық ақпарат ағындары өте көп. Сол себепті әрбір мекемеде, ол шағын немесе үлкен болуына қарамастан, мәліметтер басқару мәселесі туындайды, өз кезегінде ол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді. Кейбір мекемелер ол үшін үлкен шкафтар, құжат салатын папкалар пайдаланса, ал басқа мекемелер өз жұмысының тиімділігін арттыру үшін компьютерлік әдістерді қолданады – ол мәліметтер қоры, ондай жұмысты ұйымдастыру үлкен мәліметтер көлемін оңтайлы сақтап жүйелеуге мүмкіндік береді. Мәліметтер қорысыз қазіргі күні қаржы, өнеркәсіп, сауда т.б. мекемелердің жұмысын елестету мүмкін емес. Егер мәліметтер қоры болмаса, онда ол мекемелерді ақпарат ағыны басып кетер еді.

Қазіргі заманға сай бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары мәліметтерді сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады.

Фирма (итал. firma - қойылған қол) - пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкер иеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы.

Сондықтан қазіргі кезде мәліметтер қорлары үлкен мәнге ие болып отыр. Ол көптеген мамандықтардың ажырамас компонентіне айналып келеді.

Бағдарламаны жобалаудың негізгі мақсаттары: жоғарыда келтірілген міндеттерді орындау үрдісінде бағдарламаны ендіру, бағдарламаның дұрыс жүзеге асырылуын қадағалау, қолданушылармен кері байланыс орнату, жұмыс істеу үрдісінде кемшіліктерді анықтау және жою, бағдарламаны толықтыру, жаңа функцияларды енгізу және жалпы орындалуын бақылау болып табылады.

Жұмыстың көкейкестілігі қазіргі заманғы көп қолданыушылық реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйелеріне әр түрлі дәрежедегі отандық қолданушылардың артуымен анықталады. Әсіресе, мемлекеттік ұйымдар мен университеттер бағасы жағынан да, сапасы жағынан да икемді жүйелерді қолдануға тырысады. Бұндағы зерттелген қазіргі заманғы тәсілдер мен технологиялар болашақ зерттеулер мен жасақтамаларда қолдануға мүмкіндік береді.


1.2 Жұмыс орнындарын автоматтандырудың құрылымы
Соңғы кезде халық шаруашылығын басқарудың кең таралған жүйелерінде жаңа концепция пайда болды.

Құрылым (лат. structura - түзіліс, орналасу, тәртіп) - объектінің тұтастығын, тепе-теңдігі мен негізгі қасиеттерінің сақталуын қамтамасыз ететін байланыстар мен қатынастар жиынтығы. Құрылым жүйе және элемент ұғымдарымен тығыз байланысты.

Онда иерархияның әртүрлі деңгейлерінде ақпаратты өңдеудің толық түрі қарастырылған. Бұл жүйелерде ақпараттың берілуі төменнен жоғары қарай, әрі жоғары деңгейлерге қажетті бөлігінде ғана ұйымдасады. Осының нәтижесінде ақпараттың өңделген нәтижесінің белгілі бір бөлігі мен бастапқы мәліметтер жергілікті мәліметтер банкісінде сақталуы тиіс.

Жан-жақты басқару идеясын жүзеге асыру үшін әрбір деңгейді басқару жүйесін құру қажет болды және әрбір пәндік аймаққа кәсіптік дербес компьютерлер негізінде автоматтандырылған жұмыс орны болуы тиіс еді.

Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.

Мысалы, экономика саласында мұндай АКТ-лармен жоспарлауды, үлгілеуді, процестерді тиімді ету және әртүрлі ақпараттық жүйелер мен әртүрлі есептердің байланысуы үшін шешімдерді қабылдауды іске асыру үшін қолданылады. Басқарудың әрбір объектісі үшін өз мәндеріне сәйкес келетін АЖО алдын ала қарастырған жөн. Алайда кез-келген АЖО (Автоматтандырылған жұмыс орны) құрудың жалпы принциптері болуы керек. Яғни, жүйелілік, икемділік, тұрақтылық, тиімділік қажет.

Жүйелілік принципі бойынша АЖО-ның функциональдық мақсатпен анықталатын құрылым, яғни жүйе ретінде қарастыру қажет. АЖО-ның тиімділігін жүйені құруға және пайдалануға (эксплуатация) кеткен шығынға жататын жоғарыда келтіріліген принциптерді іске асыру деңгейлерінің интегральды көрсеткіші ретінде қарастыру керек.

АЖО-ның жұмыс істеуі функцияларды және ақпаратты өңдеудегі адам мен машиналық құрал арасындағы тапсырмаларды дұрыс тарату шарты бойынша қажетті нәтижесін бере алады. Оның ядросы – компьютер. Қазіргі уақытта мұндай «гибридті» ойдың құрылуы үлкен мәселеге айналуда. Алайда бұл жолды іске асыру АЖО өңделуі және жұмыс істеу кезінде елеулі нәтижелер беруі мүмкін. Онда АЖО еңбек өнімділігі мен басқару тиімділігін арттыру құралы ғана емес, сонымен қатар мамандарды әлеуметтік жабдықтау құралы болып саналады.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Осыдан барып адам АЖО жүйесінде басқарушы бөлік болып қалуы тиіс.

АЖО-ның құрылымы – бұл оның ішкі жүйелері мен элементтерінің жиынтығы. Қамтамасыз ететін жүйелер қатарына бірінші кезекте мыналарды жатқызамыз: техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Бұдан басқа ішкі жүйелердің бірнеше түрлері бар. Жоғарыдағы АЖО-ның негізгі құрамын сызба түрінде көрсетсек

Сурет 1. Автоматтандырылған жұмыс орнының жалпы сызбасы
1-ші суретте көрсетілгендей, жалпы бағдарламалық қамтамасыз ету есептеу техникасының жұмыс істеуін, жаңа бағдарламаларды өңдеу мен қосуды қамтамасыз етеді. Оның құрамына операциялық жүйелер, бағдарламалау жүйелері және қызмет көрсетуші бағдарламалар кіреді.
2 Есептің қойылымы
АЖО-ның кәсіби бағыты бағдарламамен қамтамасыз етудің функциональды бөлігімен анықталады. Дәл осы жерде нақты маманға деген бағыт орнатылады, анықталған пәндік аймақтың тапсырмаларын орындау қамтамасыз етіледі. Ал бағдарламалау жүйелері немесе қызмет көрсетуші бағдарламалар арқылы АЖО жасалады. Ондағы негізгі ұғымдардың біріне қолданушыға ыңғайлы етіліп жасалынған интерфейс жатқызылады. Онда, қолданушыға әртүрлі әрекеттердің жиыны көрсетіледі. Оның ішінен қажеттісін таңдап алып, жоғарыда аталған талаптар бойынша әрекеттерді орындауы қажет.

Қазіргі кезде шығып жатқан АЖО кешендері шартты түрде бірнеше кластарға бөлінеді.

1) Бірінші кезеңдегі АЖО кешендері – бұл әмбебап типтегі комплекстер шағын ЭЕМ-ді қолдануға негізделеді, бұл қолданушыға ақпаратты дайындау және өңдеу кезінде әртүрлі процестерді автоматтандыру мүмкіндіктерін беретін перифериялық құрылғылар жиынынан тұрады.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.

Бірінші кезеңдегі АЖО кешендері қазіргі кезде екі түрде шығарылады:

- АЖО-Р (АРМ-Р)кешендері, бұл радиоэлектрондық аппаратураны

өңдеу процестерін автоматтандыру және ақпаратты өңдеу үшін қолданылған

- АЖО-М (АРМ-М) кешендері, машина жасау бұйымдарын өңдеу

процестерін автоматтандыру және ақпаратты өңдеу үшін құрылған.

Бұл кешендер атаулары бойынша бірдей болып келген перифериялық құрылғылар жиынынан тұрады. Бір ғана операциялық жүйені және тестомониторлық жүйені қолданады. Кешеннің үш құрылғысы (графикалық дисплей, график-тұрғызғыш, кодтаушы құрылғы) әртүрлі функционалдық мүмкіндіктерден тұрады.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.

Олар нақты ұғымдармен жұмыс істеу ерекшелігін есепке алу үшін қажет. Бірінші кезең кешенінің кемшілігі (олардың белгілерінің әмбебаптылығымен байланысты) болып перифериялық құрылғылардың көп болуы табылады.

2) Екінші кезеңдегі АЖО кешендері бірнеше интеллектуальды қолданушылардың бір уақытта жасалынатын жұмысын ұйымдастыра алуымен ерекшеленеді. Кешендердің функцияналдық түрде белгіленуі кешеннің құрамына кіретін мәселеге бағытталған техникалық құрылғылардың жиынтығымен анықталады


2.2 Ақпараттық қамтамасыздандыру
Ақпартпен қамтамасыз ету – бұл жергілікті деректер базасында сақталатын ақпараттар массивтері, көбінесе магниттік дискілерде ұйымдасып, сақталады.

ДИСК (Disk) - шығарып оку-жазу бастиегіне қатысты айналдырылатын диск формасындағы мәліметтер. тасуышы; ақпаратты сақтау және қайта шығару қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластинка түрінде жасалған мәлімет тасуыш құрылғы.

Оны басқару деректер базасын басқарудың бағдарламалық жүйесінің көмегімен іске асады. Ол ақпаратты жазуды, іздеуді, есептеуді, түзетуді және ақпараттық тапсырмаларды шешуді орындайды. АЖО-да бірнеше деректер базасы болуы мүмкін.

Ұйымдастыруды қамтамасыз ету АЖО - ны жетілдіруді, дамытуды ұйымдастыру құралдары мен әдістерінен тұрады. Сонымен қатар, кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды даярлау осыған кіреді.

Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.

Топтық және ұжымдық АЖО үшін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің ішкі жүйелеріне АЖО-ның әкімшілік ету қызметі енеді. Олар: жобалау, жоспарлау, тіркеу, бақылау, реттеу, инфражүйелермен ұйымдық байланысу және т.б. Ұйымдастыруды қамтамасыз ету құқықтарды құжаттық рәсімдеу мен анықтауды және АЖО қолданушылардың міндеттерін қарастырады.

Тіршілік әрекетінің жалпы экономикалық процестеріне қатысушылары ретінде барлық экономикалық субъектілер екі түрлі қызметпен шұғылдануы мүмкін: бір объектіні басқа объектіге айналдыру (өзгерту) және оларды өз қажеттіліктеріне пайдалану.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Бірінші жағдайда, олар өндірушілер, ал екінші жағдайда, тұтынушылар болып есептеледі. Тұтынушылар мен өндірушілердің экономикалық қызметтерінің объектісі игіліктер болып есептеледі. Игілік – кез-келген зат, материалдық сонымен қатар материалдық емес деп болады және тұтынушының белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандырады немесе өндірушінің көздеген мақсатына сәйкес қолдануы мүмкін. Нарықтық экономикада олар тауарлар мен қызметтер деп аталады.

Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Басқаша айтқанда, нарық - нақты тауар сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм.

Тауар - қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.

Осы аталған тауарлармен қызметтерді орналастыру мәселелерін талдау кезінде экономикалық субъектілерің өзара байланысын қарастырамыз. Нарықтық жүйеде экономикалық тәртіптің нормалары сатып алушылар мен сатушылардың өзара қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Экономикалық субъектілердің қызметтері мен игіліктерді орналастыруды үйлерстіру ролін экономикада нарық механизмі атқарады, соның ішінде баға жүйесінің маңызы зор.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

Нарық жағдайында үйлестіру мәселесі айналым моделі мен сұраныс ұсыныс моделдерінің көмегімен талданады. Айналым моделі экономиканы екі секторға бөледі: үй шаруашылығы және фирмалар.

Кәсіпкерлік сектор мен үй шаруашылығы секторының өзара байланысын сұраныс пен ұсыныс моделі түсіндіреді. Бұл екі сектор тауар нарығында сату және сатып алу жөнінде әрекет ететін болса, онда модель баға мен сатылатын тауардың санын анықтайды. Әрбір нарықта шешім қабылдайтын белгілі екі экономикалық субъектілер болады, олар: сатушы немесе тауарды ұсынушымен сатып алушылар немесе тауарды тұтынушылар. Нарықтағы шешім қабылдау теңдестік бағалармен, әр игіліктің теңдестік санымен үйлестіріледі[10].

Жоғарыда көрсетілген байланыстардан сұраныс және ұсыныс деген түсініктемелерге тоқталайық.

Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтамыз. Яғни тұтынушы белгілі бір өнімді өзінің кандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін және өзге мақсаттар үшін сатып алады. Ал ұсыныс дегеніміз тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланыс.

Нарықта осы екі категория арасындағы байланыс арқылы тепе-теңдік орнайды. Демек аталған екі категория өзара тығыз байланысты.

Қарастырылып отырған тақырып бойынша сұраныс - сатып алушылар қалайтын және ала алатын тауар бағасы мен оның көлемі арасындағы тәуелділік болып табылады.

Тәуелділік (Зависимость; dependence) функция мен оның аргументгері арасындағы қатынас; мәліметгер базасындағы мәліметтер ассоциациясы. Мәліметтер тәуелділігі (Зависимость данных (по данным); data dependence) - мәліметтер мен программаның өзара өсер етуі.

Бұдан түсінетініміз кез келген адамға тауарды тұтынуға деген қажеттілік тән, алайда экономикалық ғылым сұраныстың сатып алу қабілетімен қанағаттанған қажеттіліктермен ғана айналысады. Сатып алуға қабілеті бар сұраныс тұтынушылардың қалауы мен бір тауардың немесе өзге тауарлардың тұтыну кезіндегі сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді. Олардың бірнеше баламалы мүмкіндіктері бар және оларды кесте түрінде көрсетуге болады. Бұл кестені сұраныс кестесі деп атайды. Онда бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылардың қалауы мен сатып алу қабілетінің өзгерілуі көрсетіледі. Бұл жердегі тұтынушының таңдауы және сатып алу қабілеті деген тіркестерді ерекшелеп айтумыздың себебі, тұтынушы нарықта бір тауарды немесе өнімді қалап, таңдайды, бірақ оны сатып алатын ақшасы болмаса, онда ол ойы іске аспайды. Сондықтан тұтынушы тауардың бағасы өзгеруіне және өзінің сатып алу қабілетіне карай бірнеше мүмкіндіктерді қарастырады.

Көбіне сұраныс бағаның тиімділігі жағынан қарастырылады. Басқаша айтқанда, сұранысты тұтынушылардың әр түрлі мүмкін болатын бағада сатып алатын өнім көлемі деп атаймыз. Кей кездерде сұранысты өнім көлемі жағынын да қарастыруға болады. Әр түрлі бағамен қанша өнім көлемі сатылады деп сұрағанның орнына тұтынушылардың қандай бағада қанша өнім көлемін сатып алуға дайын екенін сұрауға болады. Жоғарыда айтылғандардан қорытып сұраныс кестесін сызып көрсетейік.

  1   2   3

  • Автокөлік кәсіпорындарда жолаушыларды есепке алу ақпараттық жүйесі
  • Ақпараттық – коммуникациялық
  • 1.2 Жұмыс орнындарын автоматтандырудың құрылымы
  • 2.2 Ақпараттық қамтамасыздандыру Ақпартпен қамтамасыз ету – бұл жергілікті деректер базасында сақталатын ақпараттар массивтері, көбінесе магниттік дискілерде
  • Нарықтық

  • жүктеу 342.67 Kb.