Главная страница
Контакты

    Басты бет


Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары

жүктеу 0.81 Mb.



жүктеу 0.81 Mb.
бет2/6
Дата05.04.2017
өлшемі0.81 Mb.

Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


1   2   3   4   5   6

2- параграф. Жабдықтарды пайдаланудың тәртібі
28. Машиналар мен тетіктердің барлық қозғалмалы және айналмалы бөліктері, жетек пен жеткізу элементтері оларға жұмыс істеу уақытында қолжетімділікті шектейтін мықты бекітілген қоршаулардан тұруы қажет.

Жер деңгейінен 2,5 м дейін (қоса алғанда) биіктікте орналасқан жабдықтардың барлық ашық қалған қозғалғыш бөліктері немесе жұмыс алаңында кездейсоқ беттесіп кетуден қол жетімділікті оның функционалдық мақсатта қолданылатын қоршауларынан басқа бөліктері қоршалуы қажет.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
Қоршаулар тұтас және өлшемі 20х20 мм болатын тор тәрізді ұяшықтан тұрады.

Егер машинаның орындаушы органдары адамдарға қауіп төндіріп, қоршалмаған жағдайда болса, машинаның жұмысқа қосылғаны туралы ескертетін белгі беру және де энергия көздерінен тоқтату және сөндіру үшін құралдар көзделеді.

Көрсетілген құралдар технологиялық талаптарға сай болуы және қажет жағдайда машиналарды, тетіктерді және агрегаттарды авариялық сөндіруді қамтамасыз ету үшін, персонал және өзге адамдар үшін қолайлы орындарда орналасуы тиіс.

29. Тісті, белдікті және шынжырлы жеткізулер олардың орналасу биіктігі мен айналу жылдамдығына қарамастан тұтас қоршаулардан болуы тиіс. Қоршаулар алмалы-салмалы, тот басу мен механикалық әрекеттесулерге төтеп беретіндей мықты және орнықты болуы керек.

Қол жеткізуге қолайсыз жерлерде орналасқан агрегаттардың қозғалғыш бөліктерін бекітетін құрылғылары бар жалпы қоршаулармен қоршауға болады. Қоршаулар олардың қызмет көрсетуін қиындатпауы тиіс.

30. Жабдықтарды пайдалануға қабылдауды ұйым басшысы тағайындаған комиссия жүргізеді.

Монтаждау немесе жөндеуден кейін жабдықты іске қосуды қауіпті аймақта адамдардың болмауын тексергеннен кейін жауапты адам жүзеге асырады.

31. Жұмыста жабдықты іске қосу алдында ескертетін жарықты немесе дыбыстық белгі берілу қажет.

Көрінетін аймақтан тыс жатқан жабдықты жұмыста іске қосу алдында ұзақтығы 10 с кем емес, айналасында қосылуға тиісті тетіктерден есту арқылы ажыратылатын ескертуші дыбыстық белгі берілу қажет. Бірінші белгіден кейін кемінде 30 секунд уақыт ұстамын көздеу қажет, бұдан кейін жабдықты іске қосу алдында ұзақтығы 30 секунд екінші белгі беріледі. Тетіктер мен жабдықтарды іске қосу жоғарыда көрсетілген іске қосу алдындағы белгіні қамтамасыз ететін құрылғымен бекітілген.

Жабдықтарды іске қосу іске қосылатын жабдықтардың атауы мен технологиялық нөмірленуін көрсетумен дауыс зорайтқыш байланыспен хабарланады. Шу деңгейі жоғары орындарда қайталаушы жарықты белгі беру көзделеді. Белгі беру тәртібі қызмет көрсетумен айналысатын және іске қосылатын жабдықтарды пайдаланатын барлық қызметкерлердің назарына алдын ала жеткізіледі.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.
Берілетін шарттық белгілері жұмыс орындарында ілініп тұруы қажет.

32. Жабдықтарды пайдалану технологиялық регламентті сақтаумен жүргізілуі қажет.

33. Техникалық құрылғылардың дұрыс жұмыс істейтінін және жасақталуын ауысым сайын – машинист (оператор), апта сайын – учаске механигімен, энергетикпен және ай сайын – нысандағы бас механик, бас энергетик немесе тағайындалған адаммен тексерілуі қажет. Тексеру нәтижесі ауысымды қабылдау-тапсыру журналында тіркелуі тиіс. Бұзылған техникалық құрылғыларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

34. Қозғалғыш бөліктер мен қоршауларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге және қызмет көрсетуге, қолданыстағы машиналар мен тетіктерді қолмен жинақтау және қолмен тазалау жұмыстарын жүргізуге болмайды.

35. Техникалық құрылғыларды пайдалану, қызмет көрсету, сондай-ақ оларды монтаждау, бөлшектеу, дайындаушы зауыттардың пайдалану нұсқаулығын, техникалық паспорттары, нормативтік құжаттарын басшылыққа ала отырып жүргізілуі қажет.

Фабрика (лат. fabrіca - шеберхана) - машиналар жүйесін қолдануға негізделген өнеркәсіп орны. Фабрика мен зауыттың арасында экон. тұрғыдан айырма жоқ. Дегенмен, фабрика негізінен жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тауарларын дайындайтын кәсіпорын.

Дайындаушы зауыттар нормалайтын техникалық сипаттамаларды жабдықтарды пайдаланудың барлық кезеңі ішінде сақтау қажет.



3 -параграф. Сынамаларды сұрыптау, өндіріс өнімдерін орау тәртібі
36. Сынамаларды сұрыптау автоматты режимде немесе қашықтықтан басқарылатын механикалық сынаманы сұрыптаумен жүзеге асырылады.

Қолмен сұрыптау техникалық басшының өкімімен анықталатын технологиялық сызбаның тек белгіленген орындарында жүргізіледі. Сынамаларды сұрыптау үшін жарықтандыру мен қоршаулары бар қолайлы және қауіпсіз орындар (алаңдар) болуы қажет.

Режим (француз тілінде regіme, латын тілінде regіmen - басқару) - 1) мемлекеттік құрылыс, басқару тәсілі; 2) күнделікті өмір жұмыстың, демалыстың, тамақтанудың, ұйқының нақты белгіленген тәртібі; 3) белгілі мақсатқа жету үшін орнатылған ережелердің, шаралардың, нормалардың жиынтығы.
Жарықтандыру - бір жарықтандыру беті арқылы өтетін, люкспен өлшенетін сәуле ағыны. Бұрын фотон (1 фотон - Ю4 лк) бірлігі колданылған.
Сұрыптауды кез келген жабдықталмаған орындарда жүргізуге болмайды.

37. Дайын өнімдердің буып-түю-орау автоматтары машинисінің жұмыс орны аймағында және жасырып қоятын желілерде оралып пакеттерге, жәшіктерге немесе дорбаларға салыну технологиялық регламенттерге сәйкес жүргізіледі.

38. Орама жасайтын машиналарға арналған үй-жай конвейерлік таспалар өтетіндей ойықтармен тауар тұратын қойма қабырғасынан оқшауланады. Ойықтар өнімдердің конвейер арқылы өтуіне кедергі жасамайтын арнайы фартуктан немесе перделер түрінде қалың қабатпен жабылуы қажет.

39. Орама жасайтын машина машинисінің жұмыс орнына ыдыстарды жеткізу механизмделген әдіспен жүзеге асырылады.

Ыдыс , тара – тауарларды сақтауға‚ буып-түюге, орауға, тоғанақтауға және тасымалдауға арналған сыйымдылық. Оның құны тауардың құнына кіреді. Алайда көп айналымды (қайтарылма) ыдыс дейтін де болады. Құжаттарды және ыдыс айналымының телімін дұрыс ресімдеу кезінде мәміле жасасқанда төленген қосылған құн салығының бір бөлігін қайтаруға болады.

Престеуші-конвейерлер алдына дайын өнімдері бар дорбаларды бағыттау үшін арнайы бағыттаушылар белгіленіледі.

40. Қызмет көрсететін персоналдың еркін қолжетімділігімен үй-жайда орналасқан шнекті шамадан тыс тиеулер ойықтарды жабатын қозғалмалы құрылғымен жабдықталуы тиіс.

Шнекті асыра тиеулерде арбаның жүруін шектейтін тежегіштері болуы қажет.



2. Материалдарды уату және ұсақтау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1- параграф. Кенді жеткізу, қабылдау және аралық бункерлер.
41. Кенді қабылдау корпусының (бөлімшенің) алдында бункерлер алаңына құрамдардың (автосамосвалдар, скиптер, арқанды жолдар,тетіктер) кіріп-шығуына рұқсат ететін немесе тыйым салатын бағдаршам орнатылады.
Бункер(ағылш. Bunker) - әскери терминологияда баспана деген ұғымды білдіреді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде кеңінен қолданылды; кесек немесе сусымалы материалдарды қысқа мерзімге сақтауға және оларды өздігінен түсіруге арналған орын.
БАҒДАРШАМ - жарықпен белгі беру арқылы көшедегі, автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. Ол белгі беру тәсілдеріне қарай: түрлі түсті Бағдаршам (жарығы жасыл, сары және қызыл түсті, ал темір жолда бұларға қосымша көгілдір және ақ жарық), позициялық Бағдаршам (бір түсті жарық) және құрама Бағдаршам болып ажыратылады.
Кейбір жағдайларда жүк түсіру шлагбауммен жабылған және бункер алдында орнатылған жүруге рұқсат беретін бағдаршам белгілері бойынша жүзеге асырылады.

Қабылдау және жүк түсіру құрылғылары мен бункерлердің жұмыс алаңдары теміржол құрамдарының келуі туралы қызмет көрсететін персоналды хабарландыруға арналған дыбысты және жарықты белгі берумен жабдықталған. Белгі құрамдардың келуі және скиптік көтергіштер мен арқан жолдарының жұмысы басталғанға сәтіне дейін 1,5-2 мин. бұрын беріледі.

42. Қабылдау құрылғыларының жұмыс алаңдарында теміржол жолдары рельстерінің бастапқы деңгейінде қозғалыс құрамдарының қызмет көрсетуі үшін өткелдер қарастырылады. Рельстер арасында осындай мақсатта рельс басының деңгейіндегі беткі жағы төсемдермен жабдықталған.

Теміржол жолдарының габариттері шашылған кеннен және бөгде заттардан уақтылы босауы қажет.

43. Бункерлердің қабылдау түтігінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қабылдау құрылғыларына апаратын жолдар көліктік қызметкерлер құрамын хабарландыра отырып шлагбаумдармен жабылады. Пойыз құрамдары қабылдау құрылғылары ауданынан шығарылады. Екі немесе одан да көп қабылдау бункерлері болған кезде олардың бірінде жөндеу жұмыстарын қамтамасыз ету үшін басшымен бекітілген жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі әзірленуі қажет.

44. Бункердің қабылдау алаңы және қоректендіруші алаңының, ірі бөлгіштер арасында байланыс (телефон, дауыс зорайтқыш, жарықты) болуы қажет.

45. Қабылдау құрылғыларының бүйірінен және жан-жағынан, қарама-қарсы жүк түсіру жағынан тиеу саңылаулары берік қанаттармен қоршалады.

Саңылау - радиорелейлік байланыста көрші екі станция арасындағы антенналар биіктігінде горизонтальны тікелей көру сызығымен сол аралықтағы жер бедерінің ең биік нүктесі арасындағы биіктік(вертикаль қашықтық ).
Екіжақты жүк түсіру кезінде қоршаулар бүйір жақтарынан қойылады.

46. Бункерлердің қабылдау және өнімдерді түсіру алаңдарында шаң-тозаң қалыптасқан жағдайда оларды тиімді шаң-тозаңнан арылтатын (шаңұстағыш) құралдармен жарақтандырылады.

47. Бункерлерде айғыздарды, кеннің тұрып қалуын және оның шығарылуы арнайы тетіктер және құрылғылар көмегімен (электрлі дірілдеткіш, пневматикалық құрылғы, гидрожуу) жүргізіледі. Бункерлерге бұл мақсатпен адамдарды түсіруге жол берілмейді.

Ашық түсіру люктарында қабылдау бункерлерін тиеуге жол берілмейді.

48. Аралық бункерлер егер өздігінен түсіретін арбашалармен толтырылмаса, онда төсемдермен жабдықталуы тиіс. Өздігінен түсіретін арбашаларды немесе реверсивті конвейерлерді қолдану кезінде тиеу саңылауларының ені 200х200 мм аспайтын саңылауы бар торлармен жабылады немесе биіктігі 1 м кем емес қоршаулармен жабдықталуы қажет. Мұндай қоршаулар немесе торлар конвейерлік көліктің қайта жүктемесінің орындарында бункерлерде орнатылуы керек.

49. Қабылдау түтіктеріне (бункерлерге) адамдарды түсіруге байланысты жұмыстар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жөндеу жұмыстарын тексеру немесе орындау үшін мынандай талаптарды міндетті сақтай отырып жұмыстарды ұйымдастыру жобасы құрылады:

1) жұмыстар беру наряды бойынша орындалады;

2) осы учаскеде бункерді, оның құрылымдарын, бункер үстіндегі алаңдарды және теміржол жолдарын материалдан, желдетуден толығымен тазалау және бункердің қоршаған ортасының жағдайын бақылау.

3) қабылдау және көліктік құралдардың және бункерлік қақпақ тетіктерінің жұмыс алаңдарында бункер ішіндегі жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрсететін ескерту белгілерін орнату;

4) жұмысшыларды бункерге түсірмес бұрын тиеу және түсіру қоректендіргіштері тоқтатылып, өшіріледі, «Қосуға болмайды!», «Адамдар жұмыс істеп жатыр!» атты плакаттар ілінеді, электр сызбалар бөлінеді және алдыңғы және кейінгі технологиялық жабдықтың жетектері токтан ажыратылады;

5) жұмыстар жүргізіліп жатқан бункерлерге заттар түсуінің алдын алу мүмкін болмаған жағдайда, бункердегі жұмыс істейтін жұмысшылардың зақымдануына жол бермейтін сенімді аражабындылар орнатылады;

6) жұмыс кезінде бункерде бригада тобы үш адамнан кем болмауы тиіс, оның екеуі бункер үстіндегі бөлімде тұрады;

7) жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар сақтандырғыш белбеулерді киеді және мықты тірекке байланады. Жұмыс жүргізу кезінде бункер үстіндегі бөлімде тұрған бақылаушы сымарқан мен арқанды ұстап тұрады. Пайдалану кезінде сақтандырғыш белбеулер мен сақтандыру арқандары 5 минут ішінде 6 айда бір реттен кем емес 2250 кН статистикалық жүктемеге сынаудан өтеді және оған соңғы сынаудан өткен күні туралы белгі қойылады.

Сақтандыру - сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.

8) бункер ішін жарықтандыру үшін 12 В кернеуден артық емес тасымал шамдар қолданылады.

50. Кенді автокөлікпен жеткізу кезінде қабылдау бункерінің түсіру алаңына автомашиналардың бункерге сырғып кету қаупіне жол бермейтін тіректер орнатылады.

2- параграф. Уату
51. Ұсақтағыштардың жұмыс кеңістігінде кеннің ірі бөлшектері кептеліп қалғанда оларды ұсатқыштардан алуды көтергіш құралдармен немесе жара отырып жүзеге асыру қажет. Кеннің ұсақтағышта кептеліп қалған бөлшектерін қолмен алуға жол берілмейді. Ұсақтағыштың жұмыс кеңістігінде кептеліп тұрған кеннің ірі бөлшектерін балғамен немесе ауыр балғамен бұзуға болмайды.

52. Ұсақтағыштың жұмыс кеңістігіне адамдарды түсіру кезінде жұмыстарды ұйымдастыру жобасына сәйкес кездейсоқ құлап кететін бөгде заттардан адамдарды қорғайтын ұсақтағыштың тиегіш үстіндегі саңылауында орналасқан сақтандыру белбеулері мен уақытша тіректердің міндетті түрде қолданылуы қарастырылады, жұмыстар жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

53. Дірілді електер орналасатын тіреулер мен алаңдар дірілді және тез жүрісті електердің жұмысы кезінде туындайтын дірілдерді қабылдай және сіңіре алатындай етіп орындалады.

54. Електерді тиеу және түсіру түтіктерінің барлық енін бойлай қызмет көрсететін қызметкерлер құрамын кен бөлшектерінің кездейсоқ түсіп кетуінен сақтайтын қорғаныс тетіктері қарастырылады.

55. Електерді жұмысқа қосу алдында барлық бекітулер, әсіресе тең баланста тұрмаған бекітулерді мұқият қарау қажет.

56. Ұсақтағыштан кен бөлшектері шығуының алдын алу мақсатында тиеу саңылауларында мыналар орнатылады:

1) конус тәрізді ұсақтағыштар үшін – «опырылым» астында жұмыс істейтін І кезеңді ірі ұсақтау ұсақтағышынан басқа саңылаусыз алмалы-салмалы қоршаулар;

2) жақты ұсақтағыштар үшін – кен бөлшектерінің ұсақтағыштың жұмыс кеңістігінен үй-жайға шығарылуынаа кедергі келтіретін биіктігі 1 м кем емес маңдайшасы бар саңылаусыз бүйірлі қоршаулар.

57. Жұмыс істеп тұрған қоректендіргіштер мен електер кезінде тиеу және түсіру воронкаларында кенді елекке беретін қоректендіргіштердің шығару тесіктерін көсеуге арнайы көсеу тесіктерінің бар болуы кезінде ғана жол беріледі.

58. Електің түсіру түтіктерін қолмен тазалау және адамдарды түсіру түтігіне босату осы қағидаларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Електердің электрқозғалтқыштары бирка жүйесіне сәйкес сөндіріледі, іске қосу құрылғыларында «Қосуға болмайды!», «Адамдар жұмыс істеп жатыр!» атты ескерту плакаттары ілінеді.

59. Электрдірілді қоректендіргішінің науашаларын жұмыс істеп тұрған уақытында тазалауға, қорек бортына тұруға, жақындауға дірілді жетектердің саңылауларына тазалау жүргізуге жол берілмейді.

60. Жұдырықты, көлденең және тік балғалы ұсақтағыштар корпусының қақпағы ашық тұрған кезде ұсақтағыштарды іске қосу мүмкіндігіне жол бермейтін бұғаттау салынуы қажет. Салмағы 50 кг артық қақпағы бар жұдырықты, көлденең және тік балға тәрізді ұсақтағыш корпусының ашылуы және жабылуы механикаландырылған тәсілмен жүзеге асыру қажет.

Механикаландыру (Механизация) - қолмен істелетін жұмыстарды машиналармен, механизмдермен ауыстыру.

61. Ұнтақтау кезінде жарылысқауіпті шаңды қалыптастыратын кенді ұсақтауды шаңның жарылуына жол бермейтін іс-шараларды орындай отырып, жүргізу қажет.

3- параграф. Ұнтақтау және жіктеу
62. Жергілікті басқару кезінде диірмендер мен жіктегіштердің іске қосу құрылғылары жабдықты қосатын адам олардың жұмысын бақылай алатындай етіп орналасады.

63. Диірмен ішіндегі жұмысты жүктелім–рұқсатнама бойынша бақылаушы адамның қадағалауымен жүргізу қажет.

64. Диірменнің люкпен төмен жағдайында люк қақпағының тегірін бұрауға немесе босатуға, диірменнің жұмысы барысында ұлулы қоректендірігіш қаптамасының бұрандамаларын бекітуге жол берілмейді.

65. Контейнерлерге шарларды түсіру кезінде жүктеме орнын қоршап және «Қауіпті!

Контейнер - автомобиль, темір жол, теңіз, әуе көлігімен жүктерді тасымалдауға және бір көлік құралынан екінші көлік құралына механикаландырылған түсіріп-тиеу үшін икемдестірілген стандартты көп айналымды ыдыс (тара).
» сөзі жазылған плакатты ілу керек. Контейнерлерді көтеру кезінде адамдар одан қауіпсіз арақашықтықта болады. Контейнерлер борттан 100 м төмен деңгейге дейін шарлармен тиеледі.

66. Шарлы қоректендіргіштерді, өзектерді тиеу бойынша тетіктерді пайдалануды технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асыру қажет.

67. Жіктегіштерге қызмет көрсету үшін жұмыс алаңын жіктегіш астауының бортынан кемінде 600 мм төмен деңгейде орналастыру қажет. Жіктегіш астауына қарама-қарсы жақтағы жұмыс алаңдары биіктігі 1000 мм металл қанаттарымен жабдықталады.

Жіктегіште серіппелер мен білте тақтайшаларды көтеру және айналдыру механизмдеріне қауіпсіз қызмет көрсету үшін қанаттары бар көпіршелерді (алаңдарды) жабдықтау қажет, жетек элементтері қоршалады.

Механизм (гр. mehane - құрал, мәшине) - бір немесе бірнеше қатты денелерді басқа қатты денелер арқылы қажетті қозғалысқа келтіретін денелер жүйесі. Механизм құрылымдық белгілері бойынша топсалы (иінтіректі), бағдартқышты, тісті, сыналы, бұрамалы, ыңғайландырғыш, арнайы, шыбық қысқыш, иілгіш буынды, гидравликалық, пневматикалық және электрлі құрылғылары бар және т.б.

68. Металдың орта және ұсақ ұсақтау ұсақтағыштарына түсуінің алдын алу үшін оларды кенмен қоректендіретін таспалы конвейерлер металіздегіштермен, алғыштармен, магнитті шайбалармен және арнайы құрылғылармен жабдықталады.

Жұмыс аймағынан шығарылмаған конвейер таспасынан және магнитті алғыштан металды алу конвейер тоқтатылғаннан және магнитті жүйе өшірілгеннен кейін ғана жүргізіледі.

3. Флотация бөлімдерін, магнитті сепарация бөлімдерін, байытудың электрлік және радиометрлік әдістерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1- параграф. Флотация бөлімдері
69. Шығын алаңдарында аралық күбіршіктер мен қоректендіргіштерге сұйық реагенттер мен реагенттер ерітінділерін беруді сорғылар көмегімен құбырөткізгіштер бойынша жүргізу қажет. Цианидтер мен күкіртті натрийді құрғақ күйінде процестің тікелей қоректендіру нүктесіне беруге болмайды.

Флотация бөлімдері арқылы реагенттердің біраз бөлігін арнайы жабық ыдыстармен ғана тасымалдауға жол беріледі.

70. Реагенттердің сынамаларын сұрыптауды механикаландырылған құрылғылар көмегімен жүзеге асыру қажет. Реагенттердің сынамаларын қолмен сұрыптау кезінде жұмысшылар ұзындығы кемінде 200 мм тұтқасы бар сынамаалғыштарды пайдалану қажет.

Ұзындық (Длина) - егер тетік сызбада бірақ көрінісімен кескінделген болса, оның үзындығының сандық мәнінің алдына "L" деген таңба қойылады. Ұзындығы 200 мм бұрыштықтың сызбасы көрсетілген. Ұзындықтың Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі бірлігі - метр.

71. Цианидтердің шығын күбішіктерін реагентті алаңдарда жергілікті тартпа желдетумен жабдықталған және құлыпқа жабылатын оқшауланған үй-жайда орналастыру қажет.

72. Жеткізу нүктелеріне цианидтердің реагентөткізгіштерін енгізуді цианид ерітіндісіне еркін қол жеткізу мүмкіндігіне жол бермейтіндей етіп жүзеге асыру қажет. Реагенттер санын олардың жеткізу нүктелерінде өлшеуге жол берілмейді.

73. Реагенттердің аралық күбілерін, шығын күбішіктерін және олармен байланысты коммуникацияларды қажет болған жағдайда реагенттер толық төгілетін авариялық сыйымдылықтармен жабдықтау қажет.

74. Реагентті алаңдардың ағынды суларын флотация бөлімнің дренаж құрылғыларына жеткізбей-ақ арнайы құбыржолдар бойынша жою қажет.

75. Қышқылдарды цианидтер және ксантогенаттар, аэрофлоттар, күкіртті натрий мен гидросульфид ерітінділерімен араластыруға жол берілмейді.

Мыс, мырыш және темір купоростарының, хлорлы мырыш пен хлорлы кальций ерітінділерін күкіртті натрий, гидросульфид және цианид ерітінділерімен араластыруға жол берілмейді, өйткені бұл ретте улылығы жоғары газдардың (күкіртті сутегі және синил қышқылы) бөлінуі және құбырөткізгіштерді бітейтін, ерімейтін тұнбалардың қалыптасуы ықтимал.

Газ(фр. gas, гр. chaos – бей-берекет) - заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі.

76. Камералар шламданған кезде флотация машинасы импеллері блогының айналдырығын қолмен бұрауды бөлінетін ағаш тұғырынан тоқтатылған пеногон жағдайында жүргізу қажет. Қозғалтқышты қосу жұмысшыларды тұғырдан әкеткеннен кейін ғана жүргізіледі.

77. Флотация машиналарын авариялық түсіру және шайылған суларды жинау үшін сорғылары бар зумпфтар (жертөлелер) көзделеді.

78. Қойыртпақтың технологиялық сынамаларын жұмыс істеп тұрған флотокамералардан тікелей алу пеногон міндетті тоқтатылған кезде бұл мақсаттарға арнайы арналған сынамаалғыштармен жүргізіледі.

79. Ауаны пневмамеханикалық және пневматикалық флотамашиналардың камераларына беретін ауаүрлегіштерді дыбысты оқшаулау және шу жұту бойынша іс-шараларды орындай отырып жеке үй-жайларда орналастыру қажет.

80. Жұмысшылардың флотореагенттермен байланысы мүмкін бөлімдерде суық және ыстық су беретін қолжуғыштар орнатылады, теріге тиген заттарды ағынды сумен шая отырып, дереу алып тастайтын құрылғылар, көзді шаюға арналған фонтандар көзделеді.

81. Ауысымның техникалық басшысы реагентті алаңдардың қызмет көрсететін персоналда жеке қорғаныс құралдарының бар болуын және жарамдығын тексеруді технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырады.

82. Пневматикалық флотация машиналарында аэролифттік құбырларды ауыстыру және тазалау кезінде жұмысшылар қорғаныш көзілдірігін киюі қажет.


2- параграф. Магнитті сепарация бөлімі және байытудың

электрлік әдістері
83. Электрмагнитті және магнитті сепараторларды пайдалану кезінде магнитті жүйеге металдан жасалған заттарды жақындатуға жол берілмейді. Электрмагнитті сепараторларды тоқтатқан кезде магнитті жүйенің орамынан кернеу өшіріледі.
Кернеу бөлгіш - шығыс кернеуді (кіріс кернеумен салыстырғанда) төмендететін электрлік схема.

84. Құрғақ магнитті және электрмагнитті сепарация кезінде аппаратура тартпа желдету жүйесіне қосылу үшін арналған келте құбыры бар герметикалық қаптамаларға орналастырылады. Жарамсыз және өшірілген желдету кезінде сеператорларды пайдалануға жол берілмейді.

85. Науашалар мен сепараторлардың қарау және көсеу люктары жұмыс кезінде жабық тұруы қажет. Қоректендіргіш науасынан жаңқаны және заттарды қолмен алуға жол берілмейді.

Саңылауды және сепаратор таспасы жүрісінің дұрыстығын реттеуді оның астыңғы жағына бөгде заттарды төсеу арқылы жүргізуге жол берілмейді.

Аппаратура (ағылш. Hardware, equipment) - компьютердің техникалық құралдары мен физикалық жабдықтары; (механикалық, электрлік және электрондык құрылғылар) яғни компьютердің құрамындағы құрылғылар: мысалы, пернетақта, монитор және т.б.
Сепаратор (латынша separator - бөлгіш) - газдан сұйық немесе қатты бөлшектерді, сұйықтықтан қатты бөлшектерді бөлу және сұйық немесе қатты бөлшектер қоспасын құрамдас бөліктерге ажыратуға арналған аппарат.

86. Электрсепаратор үй-жайына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.

87. Электрсепараторы корпусының тозаң ылғалды өткізуіне болмайды. Корпус герметикасы және барлық люктар болмаған кезде (байқау саңылаулары) оның тігісінде және қалыңдауларда сепараторды қосуға болмайды.

88. Сепаратордың ішкі электрбөлшектеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін есіктер сепаратор жұмысы кезінде оның ашылу мүмкіндігіне жол бермейтін электр бұғаттауымен жабдықталады.

Жоғары кернеу желісінен өшірілген электрсепараторлардың ток жеткізетін бөлшектеріне оларды токтан ажыратуға және индикатормен тексеруге дейін жанасуға жол берілмейді.

Екінші адамның қатысуынсыз электрсепаратор қаптамасындағы есікті ашуға және жабдыққа, қорғағыштарды ауыстыру, кернеуі төмен аппаратурасы жағында байланыстарды тарту және сүрту сияқты жұмыстар түрлерін қоспағанда ағымдағы жөндеу жүргізуге жол берілмейді. Мұндай жағдайда алдын ала кернеу осы аппараттан алынып тасталады.

89. Электрсепаратор машинисі мен түзеткіш құрылғылар операторының жұмыс орындары арнайы диэлектрлі оқшаулаулағыштарды пайдалана отырып жабдықталады.


1   2   3   4   5   6

  • 3 -параграф. Сынамаларды сұрыптау, өндіріс өнімдерін орау тәртібі 36. Сынамаларды сұрыптау автоматты режимде
  • 2. Материалдарды уату және ұсақтау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі 1- параграф. Кенді жеткізу, қабылдау және аралық бункерлер .
  • 3- параграф. Ұнтақтау және жіктеу
  • 3. Флотация бөлімдерін, магнитті сепарация бөлімдерін, байытудың электрлік және радиометрлік әдістерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
  • 1- параграф. Флотация бөлімдері
  • 2- параграф. Магнитті сепарация бөлімі және байытудың электрлік әдістері

  • жүктеу 0.81 Mb.