Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме, 040100

жүктеу 86.44 Kb.



жүктеу 86.44 Kb.
Дата03.06.2020
өлшемі86.44 Kb.

«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме, 040100




08.02.2017 ЭҚАБЖ МО (7.18.4 нұсқасы)


«Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекеме, 040100, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №5, анықтама телефоны/факс: 8(72832)  2-22-71, 2-13-21, факс 8(72832)  2-22-71 эл.адрес: aksu_maslihat@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

Мемлекеттік - құқықтық және кадрлармен жұмысы бөлімшесінің басшысы (Е-3 санаты, 1 бірлік, индекс №01-02). Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 102437 тенгеден 138248 тенгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысын ұйымдастыру, комиссиялар құзырына жататын мәселелер бойынша тиісті ұйымдар мен мекемелерден ақпараттар, анықтама - мағлұматтар алып, олармен комиссия отырыстарын қамтамасыз етіп отыру, мәслихат сессияларында, комиссиялар отырыстарында, семинар- кеңестерде құжаттарын қажетіне қарай стенографиялық сипатта хаттамаға дайындау, депутаттарға методикалық – практикалық көмек көрсету, сайлаушылармен кездесулерін ұйымдастырып, оларды аудандық мәслихаттың жұмысы туралы қажетті құжаттармен қамтамасыз етіп отыру, мәслихаттың аттестациялық, тәртіптік, еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия отырыстарының хаттамаларын және оған қатысты құжаттарын дайындау, мәслихат аппаратының істеріне номенклатура қалыптастырып, құжаттарды мұрағатқа өткізу, мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген баспа-бланк өнімдерін дайындауға ұсыныс енгізу, олардың есепке алуын қамтамасыз ету, «Ақсу ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі құжаттарды әзірлейді және аудандық мәслихат хатшысының Алғыс хаттарын дайындайды, сайлау комиссиясының құрамын қалыптастырады, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қалыптастырылғанда ұсыныс жасау, негізгі құралдарды есептен шығаруға құжаттарды дайындау, мәслихат хатшысының және аппарат жетекшісінің тапсырмаларын орындау және іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін заңнамада берілген мерзімі бойынша қарастыру.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:


Жоғары: экономикалық, заңгерлік, техникалық, ауылшаруашылық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:


      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) B-5, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының кіші басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың сержанттар құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші сержанттар құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейдегі, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес;*

      6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


      7) ғылыми дәрежесінің болуы

2. Мемлекеттік - құқықтық және кадрлармен жұмысы бөлімшесінің бас маманы (Е-4 санаты, 1 бірлік, индекс №01-05 ).

Лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 77453 тенгеден 104935 тенгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудандық мәслихаттың бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу, аппараттағы материалдық – техникалық құралдардың дұрыс есепке алынуына, олардың қызметкерлерге бекітілуіне, сақталуына және уақытылы есептен шығарылуына жауапты болу, ай сайын мемориалдық ордер жасау үшін бухгалтерлік құжаттарды өңдеуді жүзеге асыру, кредиторлық қарыздар туралы есеп, әлеуметтік салық туралы декларация, жеке табыс салығы, аппаратты ұстауға қажет қаржы жоспарының орындалуы, активтер саны туралы статистикалық есептерді жасап ұсыну, мәслихат аппараты қызметкерлерінің декларацияларының уақытында тапсырылуын қадағалау және қамтамасыз ету, ұйымдар мен мекемелерден алынған материалдық құндылықтар және көрсетілген қызмет жөнінде есептерді салыстырып тексеру актілерін дайындау, қызметкерлердің жұмыста болу уақытын және еңбекке жарамсыздығын айқындайтын құжаттардың есебін жүргізу, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары қалыптастырылғанда ұсыныс жасау, негізгі құралдарды есептен шығаруға құжаттарды дайындау, мәслихат хатшысының және аппарат жетекшісінің тапсырмаларын орындау, мемлекеттік тілді және компьютер құралдарымен жұмыс жасай білу. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, компьютерде Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламаларымен жұмыс істей білу

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:


Жоғары: экономикалық, заңгерлік, техникалық, ауылшаруашылық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:


      жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің интернет-ресурсында соңғы жарияланған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде 040100, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №5 қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурс комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күн ішінде әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары конкурс комиссиясы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде ««Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде 040100, Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі №5 өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.


  • Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар
  • Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс
  • 7) ғылыми дәрежесінің болуы
  • Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) нысанға сәйкес өтініш;

  • жүктеу 86.44 Kb.