Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Астрономия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

жүктеу 1.46 Mb.



жүктеу 1.46 Mb.
бет6/9
Дата05.04.2017
өлшемі1.46 Mb.

«Астрономия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


1   2   3   4   5   6   7   8   9
кратерлер бар.

Кратер - (грек. κρατήρ - тостаған) - вулкан басындағы немесе беткейіндегі шұңқыр. Тостаған немесе шұңғыма тәрізді болады. Диаметрі бірнеше км-ге жетеді, тереңдігі жүздеген метрге жетеді. Кратер түбіндегі тесіктерден жер қойнауындағы магмалық жыныстар атқыланып шығады.

 Үлкен планеталардың - Юпитер, Сатурн, Уран мен Нептунның құрамы ең алғашқы тұмандықта болған құбылыстарды жақсы көрсетеді. Олардың құрамы жалпы Ғаламның құрамына өте жақын. Ішкі кішігірім, яғни Меркурий, Венера, Жер мен Марс секілді планеталарда ауыр элементтер көп, ал гелий, неон сияқты газдар аз мөлшерде, себебі планеталардың гравитациялық күші әлсіз болғандықтан газды ұстап тұра алмай, олар ұшып кеткен.Юпитердің диаметрі шамамен 144 000 км. Бұл Жердің диаметрінен 12 есе көп, ал массасы Жердің массасынан 300 есе көп. Бірақ Юпитердегі заттардың тығыздығы бөлек. Ол жеңіл заттардан – сутегі мен гелийдің қоспасынан, сондай – ақ метан, аммиак, күкіртті газдар мен басқа да химиялық элементтерден құралған басқа да қосылыстардан тұрады. Юпитердің бетіндегі тартылыс күші Жермен салыстырғанда екі жарым есе көп, сондықтан жоғарғы қабаттардағы қысым Юпитердің қабықшасын сығып, планетаның ішндегі заттардың тығыздығы жоғарылайды.  Жерді  Күн жүйесінің планетасы және аспан денесі ретінде қарастырсақ, ол диск тәрізді айналып тұрған газды - шаңды бұлттан 4,7 млрд жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде осы бұлттың температурасына деген көзқарас бойынша зерттеушілердің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олардың бір тобының ойы бойынша (В. Гольдшмидт, Г. Джеффрис, В.Г.Фесенков және т.б.) протопланеталық бұлт ыстық болған десе, ал зерттеушілердің екінші тобы (В.И.Вернадский, О.Ю.Шмидт, Р.Руби, А.П.Виноградов және т.б.) бұл бұлт суық болған деп есептейд

Жер Күнді 30 шақ/сек жылдамдықпен айналады. Протопланеталық газ-шаңды бұлттарда да заттардың осы айналу жылдамдығы сақталған. Центрге тартқыш күштердің әсерінен, бұлттағы қатты бөлшектер бір - бірімен соқтығысып, бір – біріне жабысып, қар түйіршіктері секілді жинақталып ірі ірі денелер түзген. Планетамыздың массасының “жинақталып” түзілу үрдісі басында аса үлкен жылдамдықпен жүреді. Сағат сайын Жерге орта есеппен алғанда 10-15 млрд тонна метеорит заттары түсіп отырды. Жер орбитасынан шаңның көтерілуі жер массасының өсуін бәсеңдетті. Көрсетілген үрдіс әлі күнге дейін өте баяу болса да орын алуда. Қазіргі кезде Жер массасының космостық шаң мен метеориттердің есебінен “өсуі” жылына 100 млн тоннаға жуық болып отыр.Жердің суық заттарының аз уақытта жинақталып, сығылуы және химиялық элементтердің радиактивті ыдырап кетуі бастапқы геосфераның еруіне әкеліп соқты. “Аймақтық еру” деген атқа ие болған бұл үрдістің нәтижесінде геосфераның орталығына ауыр элементтер шоғырланып, олар диаметрі 7000 км болатын ауыр ядроны түзді. Ядродағы температура мен қысымның жоғарылығы соншалық, ондағы кез келген зат металлдық күйге айналады. Атомдардың электрон қабаттары бұзылған кезде, экваторға параллель электрондардың алып сақиналары пайда болады. Электрондардың бұл шар тәрізді сақиналары ось бойымен айналуға перпендикулярлы болатын тұрақты магниттік өріс тудырады. Сол себепті Жер дегеніміз аса

      Жердің ішкі құрылысы ірі магнитті диполь, яғни – екі полюсті магнит. Бұл магниттік өріс Жердегі органикалық тіршілікті жойып жібере алатын космостық сәулелерді зарядталған бөлшектерінің ағынынан қорғайды. Күн белсенділігінің күшеюі кезінде зарядталған бөлшектер ағыны осы магнит өрісі арқылы кейде өтіп те кетеді, бұл кезде Жерде магнитті дауылдар көтеріліп, радиобайланыс бұзылып, полярлық жарқылдар пайда болады.

Радиобайланыс - радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады.

Жер затының тығыздығы бойынша бөлінуі  бұл аса күрделі үрдіс және ол қазіргі кезде де орын алып отыр. Бұл үрдіс ядро мен жер мантиясының шекарасында, яғни 3 мың шақырым тереңдікте жүріп жатуы мүмкін деген жорамал бар. Бұл жерде радиактивті ыдырау реакцияларының нәтижесінде бөлініп шыққан энергия әсерінен төменгі мантияның қатты заттары ядроға қарай батып қосылады, ал жеңіл заттары мантияның жоғарғы қабаттарына көтеріледі. Мантияның өзінің заты өте тығыз, жабысқақ, басым көпшілігінде метал емес, тастан құралған, себебі көбінесе силикатты материалдардан түзілген.Осының негізінде Жер темір-никельді ядро мен мантиядан тұрады деуге әбден болады. Жылуды нашар өткізетін силикаттардың қалың қабаты Жердің қызып тұрған ішкі бөлігінен бөлінетін жылудың, қазіргі кездегідей, сыртқа шығуына кедергі келтіреді. Мантияның жоғары бөлігінде қысым аз болғандықтан, сол бөлікте тау жыныстары көбірек балқиды. Бұл жерде балқу температурасы төмен жыныстар ғана балқиды, яғни балқу үрдісі жаппай емес аралық.

Силикаттар (лат. sіlex - шақпақ) - кремнийлі қышқылдардың тұздары. Силикаттардың құрамында [SіO]4 тетраэдрлік иондар немесе тетраэдрлардың бір-бірімен қосылуының нәтижесінде түзілген күрделі иондар болады.

Балқу температурасы - кристалдық күйден сұйык күйге фазалық өту болатын температура.

Балқу нәтижесінде астеносфера деп аталатын мантияның ең жоғарғы қабаты түзіледі.

      Жердің қозғалмалы қабаттары - атмосфера мен гидросфераның түзілуі оның қатты қабатын құрайтын тау жыныстарының бұзылу үрдістеріне әкеліп соқты. Мысалға, атмосферасы мен гидросферасы жоқ Ай мен Меркурийдің бетінде тау жыныстары осындай деңгейде бұзылмайды, сондай – ақ аталған планеталарда аспан денелерінің құлауынан қалған кратерлер көп уақытқа дейін сақталады.  Біздің планетамыздың формасы онда материктер мен мұхиттар орналасқандықтан аса күрделі.

Материк (континент). Жердің геологиялық даму барысында оның сыртқы қабаттарының физикалық-химиялық және гравитациялық жіктелу нәтижесінде қалыптасқан күрделі құрамды гетеротекті денелер жиынтығы. Материктер өңірінен көрініс беретін ірі-ірі геологиялық құрылымдар болмысы басты-басты екі түрге - геосинклинальдарға және платформаларға - жіктеледі.

Оның күрделілігі соншалық, жердің бір нақты геометриялық фигурамен теңестіру мүмкін де емес. Сондықтан Жердің бетін сипаттап, оның моделін жасау үшін “геоид” деген түсінік енгізілген. Бұл ойдан шығарылып отырған түсінік, яғни бейнелі түрдегі дүниежүзілік мұхит суларының кезкелген нүктесінен алғанда Жер «орталығына» перпендикуляр шама. Осындай геоидтің бетінен Жердің центрі 6370 км тереңдікте орналасқан. Соңғы жылдардағы Жердің бетін жасанды серіктер арқылы зерттеудің нәтижесінде оның жүрекке ұқсас екендігі анықталды. Осыған сәйкес Жерді – кардиоид деп атау ұсынылды. Оңтүстік полюсте планета сыртқа қарай шығыңқы болса, солтүстік полюсте ішке қарай сығылған. Жердің осындай нысанының себебі ғылымда әлі күнге дейін қанағаттандырарлық түсіндірме тапқан жоқ. 

      Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:

      1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.

       2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.

          3. Жердің терең қабатында орналасқан жыныстардың аса жоғары қысым және температура әсерінен әртүрлі өзгерістерге ұшырауы (бір түрден екінші түрге айналуы).

      Сыртқы үрдістер Жердің қозғалмалы екі қабаты - гидросфера мен атмосфераның әсерлерінен жүреді.

       Ауа мен судың әсерінен тау жыныстары мен судың арасында химиялық алмасу үрдістері жүріп, жыныстардың ішкі байланыстарына зақым келтіріп, олардың ыдырауына, бұзылуына әкеліп соғады. Бұл химиялық қарым - қатынас тау жыныстырында ауаның әсерінен үнемі жүріп отырады. Ауа мен су үздіксіз қозғалыста болады. Жердің бетімен қозғала отырып, олар бұзылған тау жыныстарын да қозғалысқа келтіреді. Тау жыныстарының бұзылу процестері ауырлық күшімен тікелей байланыста болғандықтан, ауа мен су оларды Жердің жоғары орналасқан аймақтарынан төмен орналасқан аймақтарына қарай тасымалдайды. Ерте ме, кеш пе, бұл бұзылу өнімдері бірінің үстіне бірі тұрған қабаттар түрінде қалыптасады.Жердің бетінде жыныстардың көрсетілген үш түрі – шөгінді, метаморфозданған және магмалық жыныстар кездеседі. Олар Жердің бетінде әртүрлі себептермен – вулкандардың атқылауы, таулардың түзілуі, сондай ақ балқыған магманың жердің терең қабаттарында орнал. Күннің бетінде көптеген қоңыр дақтар болатыны белгілі. Мікени, осы дақтардың өзара орналасуын бақылай отырып, ғалымдар олардың Күннің шығыс шетінен батыс шетіне қарай ығысатынын анықтаған бұдан шығатын қортынды: Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады

асқан жыныстарды сыртқа шығаруы нәтижесінде пайда болады.

Уақыт көші сағат, күн, апта, ай, жылдан тұрады. Бұл - өмір өлшемі. Оның таңғажайып сырға толылығы сол, әрбір мезгіл, кезеңінің өз атауы, ерекшелігі, адамға, жануарлар әлеміне, қоршаған ортаға өз әсері бар. Ол Жердің жаратылысы табиғатына, Айдың, Күннің, Жұлдыздардың ықпалына тығыз байланысты. Уақыт көші – бір орында тұрмайтын, қайтып оралмайтын табиғаттың таңғажайып құбылысы. Ол жөнінде ғалымдардың зерттеуі, жұлдызнамашылардың болжамдары, данагөйлердің айтқан маржан ойлары көп. Уақыт көші арнайы күнтізбелермен белгіленеді. Қазақтар уақытты қалай анықтаған? Таңғажайып «Тоғыс есебі»


Жердегі уақытты өлшеу-дің кілті аспанда. Ай, Күн, Жұлдыздар болмаса, Жердегі жыл мөлшерін анықтау мүм-кін болмас еді. Ғалымдардың пайымдауынша, Жерді 400 мың шақырым қашықтық-та Айдың айналып жүруіне байланысты – Ай күнтізбе- сі пайда болды. Ислам әле-мі қолданатын бұл уақыт жүйесінде 354-355 күннің бар екені мәлім. Ал енді 149 миллион шақырым қа- шықтықтағы Күнді Жердің айналып жүруіне байланыс-ты – Күн күнтізбесі пайда болса, онда 365-366 күн бар. Ай мен Күнге негізделген күнтізбелерден басқа да уа-қытты жұлдыздар бойын- ша есептеу болған. Оны біздің ата-бабаларымыз бен ежелгі үнділер қолданғанды. Қазақтар бұл уақыт есебін – Тоғыс есебі деп атайды.

Ата-баба - санатының қазақ этносының дәстүрлі құрылымдық-функционалдық төрт деңгейіне сәйкес төрт түрлі мағынасы бар. Бірінші мағынасы - жеті аталық ру-қауым деңгейінде жеті буын рулық-туыстық қатынастар жүйесіне кіретін барлық руластардың ортақ ата тегінің, яғни жетінші атаның атауы.

Тоғыс есебі - уақыт есебінің Үркер шоқжұлдызы бойынша жүргізілетін жүйесі, яғни Үркерге негізделген календарь.

Ол - әлемнің бірде-бір елінде кездеспейтін өте күрделі уақыт жүйесі. Мұнда жыл өлшемі – Күн қозғалысы бойынша, айлар есебі – Ай мен Үркер жұл-дыз шоғырының әрбір 27-28 күнде бір «тоғысып» отыруы бойынша анықталады. Тоғыс есебінің Қазақ жерінің табиғатымен керемет қабысатыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат. Тоғысқа Үркердің таңдап алынуы
Ата-бабаларымыздың Тоғыс есебіне Үркер шоқжұлдызын таңдап алуының себептері:

1. Үркер жұлдыз шоғыры түнгі аспанда шоқтай жанып, көзге айқын көрініп тұрады.


2. 14 мамыр мен 21 маусым аралығынан басқа уақыттарда Үркер жұлдыз шоғыры (Торпақ шоқжұл-дызының құрамында) түнгі аспанда көрініп тұрады.
3. Ай батыстан туып, шығысқа қарай қозғалғанын-да Үркер шығыстан туып, батысқа қарай қозғалады. «Осынау бір-біріне қарсы қозғалған екі аспан денесі-нің кездескен уақыты, яғни, «тоғысқан» мезгілі – уақытты дәл белгілеу үшін таптырмас белгі», - дейді ғарышты, уақыт көшіп зерттеушілер. Қазіргі ғылымда бұл уақыт мөлшері – Жұлдыздық (сидерлік) ай есебі. 27 күн, 7 сағат 43 минут – оның жуық мөлшері.
Бұрындары бабаларымыз дәл есептейтін сағаттың жоқтығынан, Жұлдыздық ай мөлшерін 28 күн етіп, сағат, минутсыз бөлшектемей, бүтіндей белгілеген. Өздеріңізге белгілі, бір жыл ішінде Ай мен Үркер 13 рет қана «тоғыса» алады. Мұны 28 күнге көбейтсек, Тоғыс есебінде 364 күн болады. Ертеде өркениетті деген елдердің өзі жыл есебін 360 күн деп белгілеген. Ал біздің ата-бабаларымыз болса, оны 364 күн деп дәл есеп-теп көрсеткен. Осыданақ қазақтардың астрономиялық білімінің ерте заманда-ақ басқа халықтарға қарағанда өте жоғары болғанын аңғаруға болады.
Тоғысудың 3 күні Ай мен Үркердің тоғысуы 3 күнге бөлінеді:
1. «Ауыл – үй қонды». Бұл – Ай мен Үркердің бір-бірімен жақын келген күні.
2. «Тоғандасты». Бұл – Үркердің Ай орағының немесе табағының тасасында көрінбей қалуы.
3. «Өріп шықты». Бұл – Айдың Үркерді басып өткен үшінші күні.
Бұл тоғыстың атауы – «Бес тоғыс». Осы тоғыстан соң қазақ даласында жер көктеп, ағаштар бүршік жара бастай-ды.

Табақ ішкі беті сфера тәрізді шұңғыл бұйым. (орыс. лист) - баспасөзде және полиграфияда өлшеу бірлігі. Түрлері мыналар: авторлық, қағаздық, баспа, есептік-баспалық. Авторлық табақ автор жазған әдеби шығармалардың көлемін анықтауға арналған.

Дала - Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз, бетеге, қоңырбас, т.б.) өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән.

Осыған дейінгі тоғыстың атауы «Жеті тоғыс» неме- се «Жаңа тоғыс». Негізінен, «Жаңа тоғыс» көктемнің кел-генін, басталғанын білдіреді.
Ұмыт қалған уақыт жүйелері
Халқымызда Тоғыс есебінен басқа да уақыт жүйелері бол- ған. Солардың кейбірі мынан-дай: 1. «Тоғыз шілде»: 40 күн х 9 шілде = 360 күн. 2. «Төрт тоқсан»: 90 күн х 4 маусым = 360 күн. 3. «Азаматтық ай»: 30 күн х 12 ай = 360 күн.
Қазіргі біздің күнтізбеміз-дегі қазақша ай атаулары - «Азаматтық ай» есімдері.
Киіз үйдегі күнтізбе
1. Киіз үйдің 1 қанат керегесі – 12 қанатты киіз үйде жылдың бір айын, 6 қанатты киіз үйде жылдың екі айын білдіреді. Яғни, киіз үйдің жарты шеңбе-рі 6 ай жазды, екінші жарты шеңбері 6 ай қысты бейнелеп тұр.
2. 12 айды керегенің 30 тор көзіне көбейтсек (оны 30 күн санап), 360 күн шығады. Жыл санына жетпейтін 5 неме-се 6 «қонақ» күндер – киіз үйдің есігіне тиесілі. Өйткені қонақтар киіз үйдің есігінен кіреді ғой.
3. Шеңбер түріндегі шаңы-рақтың қақ ортасы қосу бел-гісі ( ) тәрізді бір-бірімен ай- қасып тұр. Ол төрткүл дүние-ні 4 бөлікке теңдей бөлген көне түркі ұғымын білдіреді. Түнде шаңырақтың түндігін ашсаң, Темірқазықты айналып қозғалған жұлдыздар көріне-ді. Сол арқылы түнгі уақыт- ты анықтауға болады. Күндіз шаңырақтан ішке икс (х) бел-гісі тәрізді түскен көлеңкесі бойынша күндізгі уақытты ажы-рата аласың. Яғни, шаңырақ күн сағаты тәрізді.
4. Алты қанат керегеге әр-қайсысы он-оннан барлығы 60 уық байланады. Қай жағынан алып қарағанда да 60 саны 6 ай жаз немесе 6 ай қысқа, 1 сағаттың ішіндегі 60 минөтке, 360 күндік жылға, немесе 360 градустық шеңберге өте ыңғай-лы, ол қалдықсыз бөлінеді.
5. Астыңғы ұшы керегеге байланатын, жоғарғы ұшы ша-ңырақтың арнайы тесіктеріне шаншылатын уықтардың әр-қайсының арасы күнтізбелік көзбен қарағанда 6 күнге, астрономиялық шеңберлік көз- бен қарағанда тең болып шы-ғады: 60 уық х 6 күн немесе градус =360 күн немесе осын-шама градус. 6.

Уық - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан (сыр талынан) жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні дейді. Уықтың жоғарғы түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қырлы ұшын қаламы дейді.

Киіз үйдің сыртқы по-шымы – жарты шарға ұқсас. Жер шарының қай нүктесінде де адамдардың тас төбесінен тұтас шар емес, соның тең жартысы болып саналатын жарты шар төніп тұрады, дей-ді зерттеушілер. Қазақтардың ежелден-ақ соны біліп, оны киіз үй пішімінде бейнелеуі өте таң қаларлық іс.
7. Киіз үйде үш аяқты мо-сы дәл ортада тұрады. Бұл жарты шар болып көрінетін жерге сәулесін шашып, жылу-ын беріп тұрған жарық Күнді, шаңырақтан төмен салбырап тұрған Айды бейнелеп тұр. Түркілердің «Мүшел есебі» Мүшел – 12 жылдық айналым.
Жыл басы қазақша көктем-де күн мен түннің теңелуінен (22 наурыз) бастап есептеледі. Халықтық осынау жыл санау есебінде 12 жыл аты бар. Олардың бәрі де жан-жануар-лардың атауы. Айналым Тыш- қан жылынан басталып, до-ңызбен аяқталады да қайта жалғасады. Жыл санау мен жыл қайырудың алғашқы де- ректері VIII ғасырдағы «Күл-тегін» ескерткіштері мен ХІ ға- сыр ғұламасы Махмұт Қашқари-дың еңбектерінде кездеседі.

Ескерткіш– кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыстарды, ғимараттарды, т.б.)


Он екі жыл бір айналған-да мүшел болады. Алайда адамның алғашқы мүшелі – 13 жас. Содан бастап оған он екі жылды қосып отыру арқылы кейінгі мүшелдерін анықтап отырады. Яғни, бір мүшел 13, екі мүшел 25, үш мүшел 37, төрт мүшел 49, бес мүшел 61, алты мүшел 73, жеті мүшел 85 жас. Әркім өзінің қай жылы туғанын білгісі келсе, туған жылын он екіге бөлуі қажет. Қалдықсыз бөлінсе, ол мешін жылы болғаны, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан жылы бола-ды. Мұнан кейін қалдықтардың санына байланысты сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой жылы келеді.
Мүшел есебі қазақтарда ғана емес, Жапониядан Болгарияға, Сібірден Бирмаға дейін тарап, Қытай арқылы әлемге кеңінен танылып отыр. Қазір болжамнамада (гороскопта) да мүшел есебі жан-жақты пай- даланылады. Жалпы, әлемдік ғылымда ХХ ғасырдың ортасынан асқанша, мүшел есебін кім ойлап тапты деген сұрақ көп ғалымдарды қатты толған-дырды. Бұл салада француз лингвисі. Жозеф Галеви (1827-1917), неміс ғалымы Герман Хирт (1865-1939), Финляндия ғалымы И.А.Миколла (1866-1946), венгр зерттеушісі Армений Вамберн (1832-1913), орыс ғалымы, түрколог П.М.Мелиоранский (1868-1906) көп зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ресей академигі А.Н.Самайлович 1913 және 1927 жылдары «Түркі тілдес халықтардағы 12 жылдық хайуанаттар айналымы жайындағы мәселеге» деген тақырыпта мақала жазды.
Ал орыс профессоры Г.П.Сердюченко тұңғыш рет «Мүшел түркі халықтарынан шыққан» деп кесіп айтты. 1960 жылы Қазақ КСР ҒА тарих, архео-логия және этнография институтының ғылыми қызметкері И.В.Захарова осы институт еңбектерінің 8 томында «Орта Азия халықтарының он екі жылдық хайуанаттар мүшелі» деген мақала жазып, онда өз ойын былайша қортындылады: «Он екі жылдық мүшел есебі бұдан 2000 жылдай бұрын (б.з.д.1 ғасырда) Орта Азияда пайда болған».

Блок тақырыбы (Заголовок блока; block header) - блоктың басында орналасып, ол жайлы мәліметтер беретін және операциялық жүйеде қолданылатын арнайы жазба. Мысалы, блок тақырыбында оған кіретін логикалық жазбалар саны көрсетілуі мүмкін.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Орта Азия - Азия құрлығының Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан Республикалары мен Қазақстанның оңтүстік облыстарының жерлерін қамтитын аймақ. Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи еңбегінде: «.. .

Ғалымдардың пайымдауынша, астрономиялық және матема-тикалық теория тұрғысында 12 жылдық хайуанаттар мүшелі – басқа уақыт айналымдарынан әлдеқайда ұтымды.
«Ұзын сары» - «Бес қонақ» Қыстың басы желтоқсанда 31 күн, қаңтарда 31 күн, ақпанда 28 күн, барлығы: 31 31 28=90 күн бар. Төрт маусымдағы күн саны: 90 х 4 = 360. Бір жылда – 365 күн. 365-360 = 5 күн артық қалады. Ол ақпанның соңынан бастап 18 күн өткенде келеді: 90 18= 108. Бұл кү- ні «Ұзын сары», қазақ есепшілерінің айтуынша, «Бес қонақ» келеді. Ол күндер наурыздың 18, 19, 20, 21, 22 – і. Осы бес күнде аса абай болып, мал соймайды, көшпейді, маңызды шаруаларды атқармайды. Тәулік күн ұясына кіргенде ауысады да наурыздың 23-і күні «бес қонақ» шығып кетеді. «Ұзын сары» күннің ұзарғанын да білдіреді.
Мезгіл өлшемдері, атауы, сипаты Аймен өлшенетін уақыт Ай – уақыт өлшемі, бөлігі.
Ол үш түрге ажыратылады: 1. Синодтық Ай. Ол – Ай- дың бірдей екі фазасы аралы- ғындағы шамамен 23, 53 күн тәулігіне тең уақыт; 2. Сидерлік (жұлдыздық) Ай. Ол – Айдың жұлдызға қатысты Жерді толық бір рет айналып шығатын, шамамен 29, 53 күн тәулігіне тең уақыт; 3. Айдаһар айы. Ол – орбитаның белгілі бір нүк-тесінен үзіліссіз екі рет өткен 27, 21 күн тәулігіне тең уақыт. Мұның үшеуі де тұрмысқа қолдануға қолайсыз. Өйткені олар бөлшек сандармен өр- нектелген. Сол себепті жыл қазіргі күнтізбеде 28, 29, 30, 31 күн тәулігімен бітетін 12 Айға бөлінген. «Ай көрдім, аман көрдім»...
Халқымызда жылдың әр айы аяқталып, жаңа ай туғанында: «Ай көрдім, аман көрдім, ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа» деп өткен айдан аман шыққанына тәубе қылатын, жаңа айдан үміт күтетін ырым қалыптасқан.
Айдың алғашқы жеті тәулігін «бір жаңасы – жеті жаңасы» деп санамалап, сегізінші тәулігінен бастап алғашқы ширегі дейді. Ол жеті – тоғыз тәуліктік уақыт. Мұнан кейін толған Ай толық көрінеді, бұлтсыз түндер сүттей аппақ жарық болады. Бір жетіден соң ай кеми бастайды, бұл ай-дың соңғы ширегі. Айдың кеми туатын осы шағы – «Айдың қорғалуы». Айдың өліарасы – ескі айдың бітіп, жаңа айдың әлі көріне қоймаған кезі. Жаңа туған Ай шалқасынан жатса, қазақтар: «Өзіне жайлы, халыққа жайсыз», тіке тұрса «халыққа жайлы, өзіне жайсыз» деп ырымдаған.
Айдың үш жаңасында Ай толығырақ, өңі ақ, екі ұшы доғалдау, тік көрінсе сол айда жауын-шашын, жел-борасын аз болады деген халық болжамы бар.

Атмосфералық жауын-шашын - ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан бөлініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су.

Егерде Айдың екі ұшы үшкілдеу, сүйір, өзі ашық, шал-қақ туса, онда сол айда жауын-шашын, жел-борасын болады.
Жылмен өлшенетін уақыт Жердің Күнді бір айналып шығатын уақыт аралығы – Жыл деп аталады. Астрономияда мынандай Жыл есептері қабылданған:

1. Жұлдыздық жыл. Ол – Күннің зодиактағы бір белгілі жұлдыздың тұсынан өтіп, осы жұлдыздың тұсына қайта келгенше кететін уақыт аралығы, 365, 2564 орташа күн тәулігіне тең. 2. Тропиктік жыл. Ол – Күн центрінің күн мен түннің жазғытұрғы теңелу нүктесінен өтіп, сол нүктеге екінші рет келгеніне дейін өтетін уақыт аралығы (365, 2422 тәулік). 3. Аномалистикалық жыл.


Ол – Күн центрінің оның көрінерлік геоцентрлік орбитасының перигейі арқылы өтіп, соған қайта оралғанша кететін уақыт аралығы (365, 2596 тәулік).
4. Күнтізбелік жыл. Ол 365 тәуліктен тұратын – жай жылдар мен 366 тәуліктен тұратын кібісе жылдардан құралады. Күнтізбе осы жылдарға негізделген. Себебі күнделікті өмірде бөлшек 0, 2422 күнді пайдалану қолайсыз, сондықтан оны жуық түрде 0,25 күн деп есептейді. Төрт жылда 0,25 күннен бүтін (1) күн құралады. Соған сәйкес әрбір тетелес келетін 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 364 күннен есептеледі.
5. Ай жылы. Оның ұзақтығы 12 Айдың 12 синодтық айналымына тең (орташа ұзақтығы 354, 367 тәулік). Астрономияда жыл мезгілінің ұзақтығы бірдей емес. Көктем 92,8 күн, жаз 93,6 күн, күз 89,8 күн, қыс 89 күн (кібісе жылдары 90).
21 наурыз – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда жазғытұрғы теңелу күні (Ол Оңтүстік жарты шарда күзгі теңелу күні), 23 қыркүйек – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда күзгі (Оңт. Жарты шарда- жазғытұрғы) теңелу күні, Солтүстік жарты шар үшін 22 маусым – жазғы тоқырау күні, 22 желтоқсан – қысқы тоқырау күні.
Күнтізбелер тарихынан Күнтізбе, календарь (лат. сalendarivm – қарыз кітабы) – ұзақ уақыт мезгілін есеп-теудің аспан денелерінің көрінерлік қозғалысының ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым (ҚҰЭ, 5 том, 132 бет, 2003 ж.) Ежелгі Римде әрбір айдың бірі күні календы деп ата-лыпты.

Ежелгі Рим (лат. Roma antiqua) - ерте заманның бас өркениеттеренің бірі, өз атауын Ромулдың атымен аталған астанасының есімінен алды. Рим орталығы Капитоли мен Палатин, Квиринал қоршаған батпақты жазықтықта құрылды.

Сол күні қарыз алған- дар несиеқорларға өтем тө-леп отырыпты. Соған сәйкес календылары көрсетілген «Қарыз кітабы» болған көрінеді. Әр дәуірде әр халықтың күнтізбелері әрқилы болған. Қазақ даласындағы халықтар жыл есебін құстардың көктемде келіп, күзде қай-туы бойынша жүргізіп, уақыт көшін анықтаған.

Құстар (лат. Aves) - омыртқалы жануарлар тип тармағының бір класы. Құстардың эволюциялық даму сатысы 4 кезеңге бөлінеді: алғашқы құстар – археоптерикс; тісті құстар; қырсыз жалпақ төстілер – түйеқұстар, киви, пингвиндер; қырлы төсті құстар.

Жыл құстары атауының осы ертедегі күнтізбелер негізінде шық- қаны анық. Аспан құбылыстарына негізделген күнтізбе ең алғаш рет Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Аспан денелерінің қозғалысына негізделген күнтізбелер 3 топқа бөлінеді олар: 1. Күн күнтізбелері. 2. Ай күнтізбелері. 3. Аралас күнтізбелер.
Күн күнтізбесінің шыққан Отаны – Ежелгі Мысыр. Мысырлықтар жыл ұзақтығын дәл 365 тәулікке тең деп ойлап, оны әр қайсысы 30 күндік 12 айға бөлді, артық қалған 5 күнді еш бір айға қоспай, құдайға құл-шылық ететін күндерге жатқызды. Бұл күнтізбеде 5 са- ғат 48 минут 46 сикунд, жуықтап алғанда 6 сағат, яғни, 0,24 күн есепке алынбай қалғандықтан, мысыр жылының ұзақтығы тропиктік жылдан кем болды. Мұнан кейін Мысырда Эверит күнтізбесі пайда болып, б.з.б. 45 жыл бұрын Рим императоры Юлий Цезарь астроном Созигеннің жобасы бойынша ескі рим күнтізбесін өзгертті, жаңа күнтізбені жариялады.

Ежелгі Мысыр (көне грекше: Αἴγυπτος, лат. Aegyptus), Та-кемет, Та-мери, Та-уи т.б. ) - әлемдегі ең байырғы мәдениет ошақтарының бірі.

Гай Юлий Цезарь( лат. Gaius Iulius Caesar ; б.з.б. 102/100, Рим - 15.3.44, сонда) - Ежелгі Римнің саяси қайраткері, қолбасшы, жазушы. Цезарь - патрицийлік Юлийлер әулетінің өкілі. Билеуші Сулланың тұсында Римді тастап, Кіші Азияға кетуге мәжбүр болды.

Ол Юлий күнтізбесі деп аталды. Рим папасы Григорий ХІІІ 1582 жылы теңелу күнін әрдәйім 21 науырзға келе-тін етіп тұрақтандыру үшін уақыт есебін 10 күнге ілге-рі жылжытып, 5 қазанды 15 қазан деп есептеуге және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебіне алуға жарлық шығарды. Осы күні көп елде Григорий күнтізбесі қолданылады. Ол Ресейде Қазан төңкерісінен кейін ғана пайдаланылы бастады.

Уақыт өлшеу жалпы бірліктері

Бірлік

Өлшемі




наносекунд

0,000000001 секунд




микросекунд

0,000001 секунд




миллисекунд

0,001 секунд




секунд

SI іргелі бірлігі




минөт

60 секунд




сағат

60 минөт




күн

24 сағат




апта

7 күн




ай

28—31күн




тоқсан

3 ай




жыл

12 ай




жалпы жыл

365 күн

52 апта 1 күн

кібісе жыл

366 күн

52 апта 2 күн

тропиктік жыл

365,24219 күн

орта есеппен

Грегориус жылы

365,2425 күн

орта есеппен

олимпияда

4 жылдық оралым




бесжылдық (lustrum)

5 жыл




онжылдық

10 жыл




мүшел

12 жыл




индиктион (Indiction)

15 жылдық салық оралымы




жиырмажылдық (score)

20 жыл




ұлы мүшел

60 жыл




ғасыр

100 жыл




мыңжылдық

1000 жыл




Уақыт — өлшемдер жүйесінің оқиғаларды реттеу, олардың ұзақтығын және араларындағы интервалдарын сипаттауда, және нәрселердің қозғалысын сипаттауда пайдаланатын маңызды мүшесі. Уақыт мифология, философия және ғылымның әр салада пайдалану үшін қарама-қайшылысыз сипаттау, зерттеу нысаны болып, талай-талай ұлы ғалымдарды өмірге әкелген.

Физика мен басқа ғылымдарда уақыт іргелі өлшем болып табылады, яғни ол басқа өлшемдер арқылы өрнектелмейді, себебі басқалары — жылдамдық, күш, қуат сияқты өздері іргелі өлшемдермен өрнектеледі (атап айтқанда бұл жағдайда — уақыт, әрі кеңістік деп аталатын келесі іргелі өлшемдермен). Ғылымда керектігі, әрі мүмкіндігі — өлшем үшін пайдаланатын және таңдалынып алынған өлшем бірлігі бар уақыт — операциялық анықтамасы қолданылады. Философтар арасында екі түрлі уақытқа деген көзқарас бар. Біріншісіне сәйкес уақыт — ғалам құрылымының іргелі бөлігі, оқиғалардың қатар-қатар жүруінің өлшемі. Бұл сэр Исаак Ньютон жататын реалистік көзқарас, сондықтан бұны Ньютондық уақыт деп те атайды.

Исаак Ньютон, ағылш. Sir Isaac Newton ( 4 қаңтар 1643 жыл - 31 наурыз 1727) - ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы, Корольдік қоғамның мүшесі . Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады.

Бұған қарсы көзқарасқа сәйкес уақыт — адамзат соның көмегімен оқиғаларды реттеп, салыстыратын, интеллектуалды құрылымның (кеңістіктік пен сандармен қатар) іргелі мүшесі.

Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.

Готфрид Лейбниц пен Иммануел Кант дәстүрі болатын осы екінші көзқарасқа сәйкес уақыт «арқылы өтетін» «ағатын» затқа жатпайды, немесе оқиғаларға ыдыс бола алмайды, және өзі өлшене алмайды.Технологтар мен ғалымдар мезгілдік уақыт өлшеумен айналысқан, және астрономияның негізгі зерттеу нысаны болған. Периодты оқиғалар мен периодты қозғалыстар уақыт өлшем бірлік стандарты ретінде ұзақ уақыт пайдалылып келеді. Мысалы, күннің аспан бойымен қозғалысы, маятник тербелісі, айдың фазалары және жүрек дүрсілі. Уақыттың әлеуметік маңызы да зор (“уақыт – ақша”), ол адамның күнделікті уақыттың шектеулілігін сезінуі мен адам өмірінің шектеулілілігі.






Әлемдік уақыт

Бүгінгі қоғамдарда уақытты өлшеудің маңыздылығы сонша, ол халықаралық деңгейде қадағаланады. Ғылыми уақыт негізі ретінде Халықаралық Атомдық Уақыт (TAI) есіміммен белгілі, әлемдік атомдық сағатқа негізделген үзіліссіз секундтар есебі болып табылады. Бұл азаматтық уақыттар негізі - Ғаламдық Уақыт Бақылауды (UTC) қоса барлық басқа уақыт өлшемдердің іргелі нұсқасы болып табылады. Жер әлденеше уақыт аймақтарына бөлінеді. Бұлардың көбісінің бір-бірінен 1 сағат айырмасы бар, және шартты түрде жергілікті уақыттың ҒУБ-дан немесе Гринвич Орта Уақытынан айырмасын көрсетеді. Көп аймақтардың бұл айырмашылықтары жылына екі рет күндізгі уақыт үнемдеуге өтуінен себебінен өзгеріп тұрады.

Физики ғылымдарындағы уақыт

Ньютон дәуірінен Эйнштейдікіне дейін уақыт пен кеңістікке байланысты ұғымдар терең қарастырылған, уақыт барлығына бірдей “абсолютті” және “бірқалыпты” (Ньютон сөзі) ағады деп есептелді. Классикалық механика ғылымы Ньютонның осы ойына негізделеді.

Бүгінгі физика уақыт түсінігі

XIX ғасыр соңына қарай электризм мен магнетизмге байланысты физиктер классикалық уақыт мағынасынан қиындықтар көре бастады. Эйнштейн бұл мәселені сағаттарды тұрақты шама, белгінің ең үлкен жылдамдығы – жарық жылдамдығын, пайдаланып синхрондау тәсілімен шешеді.

Синхрондау (Синхронизация; synchronization, timing) - 1) процестерді іске қосу сәтінің жүйедегі белгілі бір оқиғалармен үйлесімділігін анықтау, параллель процестер әрекеттерінің уақытша реттілігін жасақтау; 2) теңестіру.

Классикалық механика - Ньютон заңдары мен Галилейдің салыстырмалық принципіне негізделген механиканың бөлімі. Осы себептен, классикалық механиканы кейде Ньютон механикасы деп атайды. Физикада классикалық механика кванттық механика екеуі физиканың екі ірі қосалқысы деп айтса да болады.

Жарық жылдамдығы, с - кез келген электрмагниттік толқынның (оның ішінде жарықтың да) бос кеңістіктегі (вакуумдағы) таралу жылдамдығы; іргелі физика тұрақтылардың бірі. Ол кез келген физика әсердің шектік таралу жылдамдығы әрі бір санақ жүйесінен екінші санақ жүйесіне көшкенде [инвариант|инвариантты болады.

Бұл тікелей уақытты, бір-бірімен салыстырғанда қозғалмалы әр-түрлі байқаушылар үшін, әр-түрлі жылдамдықпен жүреді дегенді қорытады.

Уақытты пайдалану

Уақытты пайдаланудың адамзаттың мінез-құлқын, білім алуын, саяхатты ұйымдастыруды түсінуде маңызы зор.

Мінез-құлық - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез-құлық тірі организмнің барлығына ортақ қасиет. Оның басты белгісі – тіршілік иесінің қимыл-қозғалысының түрлі деңгейдегі көріністері.

Уақытты пайдалануды зерттеу – жаңа дамып келе жатқан сала. Сұрақ әр-алуан іс-әрекетке (үйге уақыт бөлу, жұмысқа, саудаға, т.с.с.) қанша уақыт бөлінетіндігін қарастырады. Iс-әрекеттерге кететін уақыт мөлшері технология дамыған сайын (мысалы, теледидар немесе Интернет уақытты басқаша өткізу мүмкіндіктерін ашты) өзгеріп отырады. Уақыт менеджменті дегеніміз - тапсырмалар мен оқиғаларды біріншіден тапсырманың орындалуы қанша уақытты талап етеді, екіншіден, оқиғалар біткенде олардың нәтижелерін тапсырма дер кезінде бітетіндей ыңғайластыруды ұйымдастыру. Календарлар мен күнделіктер осыған мысал бола алады.

Лекция 7
Күн желі

Ғарыштық сәулелер– Жерге ұшып келегенге дейін, күрделі жұлдызаралық және планетааралық ортадан өтеді. Жерде бір секунд уақыт аралығында алынған Ғарыштық сәулелердің саны, және басқада қасиеттері, магнит өрісіне бөлшектермен соқтығысқанда әсерін тигізеді. Күннің айнымалы магнит өрісі, Күн желін тежеуші, гелиосфера арқылы өтерде, ғарыштық сәулелердің таралуын созады және уақыт масштабында өзгерістер енгізеді, бірнеше сағаттан бастап бірнеше мыңдаған жылдарға дейін құбылады.

Күн желі, ыстық плазма, өтпелі оқиғаларда, Күн тәжінен 300-1000 км/с жылдамдықпен, барлық бағытта кеңейеді. Үнемі (стандартты) Күн желінде: жылдам күн желі, тәж тесігінен 800 км/с жылдамдықпен шығатын, ал баяу күн желі тәждің басқа аймақтарынан (әсіресе үлкен құрылымдарда, тәжді стример деп аталады, тұтылу фотографиясынан белгілі) 400 км/с жылдамдықпен ұшып шығады. Күн тәжіндегідей жел зарядталған бөлшек: протон, электрон және шамалы (5 %) ионизацияланған гелий мен бірнеше ауыр элементердің иондарынан тұрады. Кейбір ерекшеліктерді схемалы бейнелеу көрсетеді, оны коронаграфтан немесе тұтылудың суретінен көруге болады: ірі масштабты (үлкен, жалпақ) стример (жолақ), баяу күн желін тудыратын, және тәж тесігі - жылдам жел шығаратын.

Масштаб (нем. Mastab. Ma - өлшеуіш, мөлшер және Stab - таяқ) - сызба, жоспардағы аэрофототүсірудегі немесе картадағы кесінді ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас сандық Масштаб деп аталады.

Сондай-ақ тәжде кіші масштабты динамикалық орта өмір сүреді, плазмалы ағысы бар, магнит өрісінің соққысы мен ұйытқу бар, оны – Альвен толқыны д.а. Бұл ұйытқудың құрылысы мен формасы планетааралық ортаның динамикасына өз үлесін қосады.

Күн желі Күннің магнит өрісінен Күн жүйісінде қарай қозғалады. Күн айналасында магнит өрісі әлдеқайда күшті болсада, плазманың және тәждің формасын сақтау үшін , үстінен біршама қашықтықта ыстық плазма магнит өрісінен басым болып, магнит өрісінің күш сызықтарын сыртқа қарай тасиды. SOHO 1996 жылғы тәжді бейнеленуінде келтірілген, үлгі сызбасы, мынадай күш сызықтарды көрсетеді, қандай да бір қашықтықтан бастап, күн желімен үйлеседі, мұнда ол қалыпты болып саналады. Экваторлы жазықтық магнит өрісінің күш сызықтарын қарама-қарсы бағытта ерекшелейді. Магнит өрісінің осылай, кенетен өзгеруі электр ағымын білдіреді. Қарама-қарсы бағытталған магнит полюстерінің арасындағы жіңішке қабатша – гелиосфералық ток қабаты д.а. Шындығында, бұл жазық бет қана емес, өйткені тәж симметриялы емес.



http://www.nmdb.eu/sites/default/files/parker.jpg

Күш сызықтары планетааралық кеңістікке кеңейеді (созылады), бірақ бәрібір күнде қалады, сонымен бірге бұрылады. Күн желінің соғу ағымы, бақшадағы шашыратқыштан шыққан су ағысының айналып шашырап тұрғаның елестетеді. Су тамшысының траекториясы шашыратқыштың айналуымен бүгілгендей. Күнді бақылаушы күн желінің дәл осындай екенің біледі. Ал магнит өрісі осы траекторияға дәл келеді. Сондықтанда магнит өрісінің сызықтары планетааралық ортада бүгілген болады. Оларға жоғарыдан қарағанда, Күннің солтүстік полюсіне , олар Архимед спиралы тәрізді формада, оны Паркер спиралі д.а. Юджина Паркер 1958 жылы Күн желінің магнит өрісімен біріктірілген гидродинамикалық моделін бірінші рет жасады.

Күнде үдетілген зарядталған бөлшектер, планетааралық кеңістікке жоғары энергиямен лақтырылады. Олар планетааралық магнит өрісін бойлай қозғалулары керек. Егер бұл Паркер спиралі бойымен болса, Күннің батысындағы жартышарында үдетілген болса, онда біз энергетикалық бөлшектердің Жерде табылуын (тіркеуді) күтеміз. Нейтронды мониторлардың бақылаулары бұл күтуді статистикалық мағынада құптайды: оң жақтағы гистограмма Күндегі жарқыраулардың бойлық бойынша таралуды көрсетеді (гелиографиялық бойлық). Оқиғалардың жарқыраулары бөлшектерге байланысты. 300–600 диапазондағы батыс бойлықтағы таралу, күткендегідей, егер энергетикалық бөлшектер (күш сызықтарын бұратын) Паркер сызығының бойымен таралса, максимал болады. Бірақ, осы жерде айта кету керек: Күннің шығыс жартышарынан немесе Күннің алыс жағындағы жарқыраулардан шығатын энергетикалық бөлшектер, орташа конфигурациялы магнит өрісінің Паркер спиралінің, қарапайым моделін береді. Әрбір жеке жағдайлар үшін.
Жер маңындағы, ғарыш кемесінде, өлшенген Күн желінің параметрлері


 

Шапшаң жел

Баяу жел

Жылдамдық

500-800 км/с

250-400 км/с

Тығыздық

3x10[sup]6[/sup] m[sup]-3[/sup]

10x10[sup]6[/sup] m[sup]-3[/sup]

Протон температурасы

2x10[sup]5[/sup] K

4x10[sup]4[/sup] K

Электрон температурасы

1.2x10[sup]5[/sup] K

1.5x10[sup]5[/sup] K

Магнит өрісі

2-10 nT

2-10 nT

Магнит өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі: 1 nT (nano Tesla) =10[sup]-9[/sup] Tesla

Протон мен электрон темперетурасы әртүрлі, сұйытылған газ қасиетіне сәйкес


.

Кернеулік (орыс. Напряженность) - дайындаманың қимасына әсер етуші ішкі күштің үдемелілігі (қарқындылығы).

Ғарыштық сәулелер Күн желімен әсерлесе отырып гелиосфераға енеді. Энергетикасы мықты зарядталған бөлшектерге, ештене болмағандай, Күн желінен өте шағады. Энергиясы шамалы ғарыштық сәулелер, айтайық бірнеше ондаған ГэВ, оның әсерін сезеді. Соқтығыпай, ғарыштық сәулелер бөлшегі мен Күн желінің бөлшектері бірден тура кездесулері үшін, газ өте сұйытылған. Магнит өрісінің өзгерісі, энергиясы шамалы ғарыштық сәулелердің траекториясының, түзу сызықтандын қатты ауытқығандығын көрсетеді.

Ғаламдық ғарыштық сәулелер, Күн желімен таралатын, магнитті бұзылуларда шашырайды. Мұндай бұзылулар Күн белсенділігінің 11 жылдық периодымен өзгереді. Күн белсенділігінің цикылы дақтардың санымен, нақты көрсетілуі керек (жасыл қисық). Бүкіләлемдік көп уақыт нейтронды мониторлардың бақылаулары, ғаламдық ғарыштық сәулелер ағымының өзгеруі ұқсас екендігін көрсетті (қызыл қисық): күн дақтарының саны жоғары болғанда, ғаламдлық ғарыштық сәулелер ағымы төмендейді, Радиация кезкелген электроника мен технологиялық қоңдырғыларға және тірі жанның жасушаларына әсер етеді. Радиация деп электромагниттік толқын (фотон), бейтарап нейтрон, электр зарядталған энергетикалық бөлшек (электрон, протон,гелий ионы, альфа бөлшек д.а., кез келген химиялық элемент ионыдарын (бұдан былай оларды ауыр иондар д.а.) түсінеміз. Радиацияның әсерінен атмосфера құрамы өзгеруі мүмкін. Әсіресе ионизация ұшақтарға қатты әсерін тигізеді, өйткені электромагниттік толқындардың таралу шарттарын анықтайды.

Электромагниттік толқындар - байланыс тізбегін құрайтын екі сымның арасындағы электрлік және магниттік өрістер бір-бірімен белгілі бір электромагниттік энергия мөлшерінде байланыста болатын толқын.

Күн жүйесінің басқа жағынан келетін ғарыштық сәлелердің үздіксіз ағымы және өтпелі ағымдар, сондай-ақ Күннен шыққан ағымдар, егер қалың атмосфера мен Жердің магнит өрісі болмаса, технологиялар мен адам өміріне үлкен қауіп төңер еді. Ғарыш райының құбылмалы шарттары, айнымалы радиоактивті қауіп тудырады.

Күн активтілігінің жердегі геологиялық және биологиялық әсері

Табиғи ғарыштық радияция аясын екі компонентаға бөлуге болады: планета магнитосферасындағы радиациялық үйекте ұсталып қалатын бөлшектер және экстра-планеталы бөлшектер ұясы, құрамында электрон, протон, және барлық периодты таблицадағы химиялық элементтердің ауыр иондары. Экстра-планеталы компонента ғаламдық ғарыштық сәлелердің бөлшектер ағымынан (ҒҒC) және Күннің энергетикалық бөлшектерінен (ЭБ), күннің жарқырауларынан пайда болатың, содай-ақ тәжден лақтырылған массалардан (ТЛМS )тұрады.
Бұдан былай олардың технологиялық қоңдырғыларға және тірі тіршілікпен әсерлесуін, сонымен қатар жалпы қолданылатын компьютер моделдері мен экстра-планеталы радиацияны бақылап, болжайтын нейтронды мониторлардың рөлін қарастырамыз
және керісінше.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Энергетикалық бөлшектер адам денсаулығына потенциалды қауіп әкеледі, өйткені олар организм жасушаларын бұзуы мүмкін: бөлшек жасушамен әсерлесіп, өзінің энергиясының бір бөлігін береді, жасушаны құрайтын молекула электрондарымен әсерлеседі.

Потенциал (потенциалдық функция) - физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын (электрлік, гравитациялық, т.б.) және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін (сұйықтық жылдамдығының өрісі, т.б.)

Бұл әрекет нәтижесі бөлшектер түрі мен энергиясына байланысты (протон, ион, электрон, нейтрон, фотон). Кез келген моллекуллаға тигізген зияндық, әсіресе ДНК, болашақ ұяшықтарға әсер етуі мүмкін. Ұяшықтың құрылымы мен даму бағытындағы бөлінулеріне де зиянды. Өз кезегінде жасушаның дұрыс функцияламауы мүшелер мен өзі құрайтың тканьдердің өзгеруіне әкелуі ғажап емес.

Зақымдалан жасуша өзін қалыпқа келтіре алады. Егер олай істей алмаса – ол өледі. Егер шамадан тыс жасуша өлетін болса, тірі организм мүшесі өзінің қалыпты жұмысын тоқтатады.

Егер жасуша толық қалыпқа келе алмаса, санаулы рет қана бөліне алса, онда өзі тудырған зақымдарды жасушаларға беріп жіберуі мүмкін. Тағыда осындай жасушалардын дұрыс жұмыс істемеуінен, ағзаға үлкен зиян келеді. Бұзылған жасушалар, қалайда тірі қалатын, рак жасушаларын көзі болуы әбден мүмкін.

Сондықтанда, ғарыштық радиация өмір сүретін тірі организмдер үшін, екі түрлі қауіп төңдіреді:

1 Жоғары радиациялық доза – денсаулық пен адам өміріне негізгі қауіп төндіруші. Бұл жер магнитосферасынан тыс, ғарыштық ұшудағы адам өмірінеде қауіпті. Сондықтан, Күн жарқыраулары Ай мен Марсқа ұшып барудағы ең үлкен қауіп. 1972 жылдын 4 тамызында, Аполлонның Айға ұшу периодында, үлкен күн оқиғасы болды. Егер ол ұшу іске асыруды дамыту кезенінде болмағанда, бұл оқиғаның қайғылы ақыры болар ма еді? Сондықтан астронавтын қауіпсіздігі, болашақ ғарыштық ұшулар үшін негізгі мәселе.

Төмен радиациялық доза мүмкін ешқандай жылдам нәтижелі қауіп төндірмеседе, ұзақ сәулеленуге ұшырау қауіпті. Ғарыштық топтар мен ұшақтар, Жердің атмосферасында, радияция аясы жоғары, бірнеше рет ұшып өтетін, осы жағдайда болады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9


жүктеу 1.46 Mb.