Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Астрономия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

жүктеу 1.46 Mb.



жүктеу 1.46 Mb.
бет5/9
Дата05.04.2017
өлшемі1.46 Mb.

«Астрономия» пәнінің оқу-әдістемелік кешені


1   2   3   4   5   6   7   8   9

Лекция 6

Элиптика. Күн мен Жердің жылдық қозғалысы.

Күннің бақылай келе, ғалымдар ерте кезден-ақ оның жұлдыздар арасында қозғалып отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті ежелгі гректер элиптика деп атаған.

Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) - б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.

Ол әлі күнге дейін астрономияда осы атауын сақтап келеді. Элиптика зодиок шоқжұлдыздар(грекше зодиок куклос-жан-жануар дөңгелегі ) деп аталатын 12 шоқжұлдыз арқылы өтеді. Олардың саны бір жыл ішіндегі айлар санына сәйкес келеді, ал осы шоқ жұлдыздырдың жиыны зодиак белдеуі деп аталады. Зодиак шоқжұлдыздарының әрқайсысында Күн бір ай шамасында болады.

Сөйтіп, күннің аспан сферасы бойынша жылдық жолы эклиптка деп аталады дедік.Эклиптика бойымен жылжи отырып, Күн аспан экваторын 21наурыз және 23 қыркүйек болатын, күн мен теңелу деп аталатын нүктелер де екі рет қиып кетеді.Күн мен түннің көктемдегі теңелу нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі теңелу нүктесі Таразы шокжұлдызында болады. Бұл күндерде Күн аспан экваторын басып өтеді, ол аспан экваторын аспан көкжиегі қақ бөледі. Ендеше көкжиек үстіндегі және астындағы Күн жолдары тең, яғни күн мен түннің ұзақтығы бірдей.

22 шілдеде Күн экватордан солтүстікке қарай мейлінше қашық орлаласады. Бұл ең ұзақ күн –жазғы Күн тоқырау күні. 22 желтоқсанда. Күн экватордан оңтүстікке қарай ең алыс қашықтыққа болады. Бұл ең қысқа күн – қысқы Күн тоқырау күні. Мұндай құбылыстардың Жердегі климаттық белдеулермен және жыл мезгілдерінің ауысуымен қалай байланысты болатынын география курсынан білесіңдер.

Климат (гр. κλίμα (klimatos) - еңкейіс) - белгілі бір жердегі ауа райының көп жылдық режимі, яғни осы жерде болуға тиісті ауа райы жағдайларының жиынтығы мен оның бір ізбен өзгеріп отыруы.

Ерте кезде Күннің жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Күн бекітілген аспан сферасының жұлдыздар бекітілген сфераға қатысты қозғалысынан болады-мыс деп түсіндірілді. Алайда мұндай түсіндіру, сол кездегі кейбір философтарды қанағаттандырмады.Мәселен, атақты Пифагордың ( б.з. б.

Самостық Пифагор (еж.-грек. Πυθαγόρας ὁ Σάμιος, лат. Pythagoras; 570-490 жж. б.з.д) - ежелгі грек философы және математигі. «Философия» (пәлсапа) сөзін алғаш рет қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор болған.

VI-Vғғ.) оқушылары Күннің жұлдыздар арасындағы көзге түсерлік қозғалысы Жердің қозғалуы салдарынан болады деген болжам айтты. Бірақ бұл болжамды (Жердің өз осімен айналатыны сияқты) ғалымдар құптамады, ал шіркеу оған мүлдем қарсы болды. Сөйтіп мың жылдан астам уақыт бойы, Н.Коперникке дейін, ешкім Жердің қозғалатыныны жайында сөз етпеді.

Жер туралы түсінік.
Жер шары- Күн жүйесінің Күннен бастап санағандағы үшінші планетасы; адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер элипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29,765 км/с жылдамдықпен 149,6 млн.км орташа қашықтықта 365,24 орташа күн тәулігі ішінде күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі – Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66033’ 22”, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4,1 сек . Жердің өз осінен айналу себебінен жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен күнді айналуы салдарынан жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4,5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер күнді айналып жүрген 9 планета ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5-ші орында. Жердің массасы 5,975 1021 т, орташа тығыздығы 5,517 г/см3, ал көлемі 1,083 млрд км3, ауданы 510,2 млн км2, сыртқы пішіні 3 ості эллипсоидқа жақын. Осы күнгі космоногиялық түсінік бойынша жер осыдан -4,5 млрд жыл бұрын күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ –тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары күнге жақын орналасқан. Жер құрамына күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және жер оның ось бойымен айналуы салдарынан жер эллипсоидтық пішінге келген.

Жер құрылысын зерттеу


Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы жанама деректер. Осы деректерге байланысты жер негізгі үш геосферадан тұрады: жер қыртысы, мантия және ядро. Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегіз сейсмикалық қабатқа бөлінеді: А, В, С, D’, D”, E, F, G.

Мантия, Жер мантиясы (грекше mantіon - жамылғы), Жердің қыртысы мен ядросының аралығында орналасқан геосфера. Жер көлемінің 83%-ын, массасының 2/3-ін алып жатыр. Температурасы 2000 - 2500°С. Жоғарғы мантияның қалыңдығы 800 - 900 км, төменгі мантияның шекарасы 2900 км тереңдікте орналасқан.

Тереңдік - суқоймалардағы немесе ағын судағы су бетінен су түбіне дейінгі тік бағыттағы аралық (қашықтық). Суқоймадағы немесе ағын судағы терендікті өлшеу процесі - өлшеу деп аталады.

Сейсмикалық толқындар - жер сілкінудің немесе жарылулардың, желдің, теңіз соқпа толқындарының және кез келген машина мен транспорттың әсерлерінің нәтижесінде таралатын жер қабығындағы серпімді толқындар.

Сонымен қатар жерде жоғарғы қатты қабаты литосфера мен төменгі жұмсақ қабаты астеносфера бөлінеді. А – жер қыртысы. В, С, D’ және D” қабаттары – жер мантиясы. В – қабаты Мохоровичич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен жер қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар. Олардың тереңдігі құрлықта 100-220 км.

Астеносфера (көне грекше: asthees - осал және көне грекше: σφαῖρα - шар) - Жер шарының жоғары мантиясындағы қаттылық, беріктік және тұтқырлық қасиеттері төмен қабаты, литосфера төсеніші. Қатты заттан құралған астеносфераға кей жағдайда сұйықтық қасиеттер тән.

Жер шарын салыстырмалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан литосфера - географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний құрайды (2-кестені қараңдар).

Құрлық, материк, континент - жер қабығының дүниежүзілік мұхит деңгейінен көтеріңкі ірі бөлігі. Оның шеткі аймақтары мұхит деңгейінен төменде жатыр (қ. Құрлықтық беткей). Құрлықтың жалпы аумағы 149,1 млн.

Бұл белдемдердегі толқындардың жылдамдығының төмендеуі жоғарғы температурамен оған сәйкес қысымға байланысты. С қабаты 400-900 км тереңдікте қамтиды және бұл қабат минералдық зат тығыздығы артып басқа түрлерге алмасуына байланысты толқын жылдамдығының тез өсуімен сипатталады. D’ (900-2700 км) қабатында толқындардың жылдамдығы біртекті заттардың нығыздалуына байланысты өседі. D” қабатында (2700-2885 км ) заттардың құрамы әртекті және температураның жоғары болуына байланысты сейсмикалық толқындардың жылдамдығы тұрақсыз. E, F, G қабаттары жердің ядросын (радиусы 3486 км ) құрайды. Ол сыртқы ( Е қабаты) және ішкі (G қабаты ) ядроға (субядроға) бөлінеді. Бұл екеуінің арасында сыртқы ядро құрамына кіретін аралық белдем (F қабаты) бар. Ядро шекарасында бойлық сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы 13,6 км/с –тен 8,1 км/с –ке дейін кемиді., субядро шегіне таяу 11,2 км/с-ке дейін артады. Субядродағы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тұрақты. Жердің физикалық қасиеттері мен температурасы тереңдеген сайын өзгереді.

Физикалық қасиеттер - қорытпалардың құрамы мен құрылысына байланысты болады.

Жер қыртысының орташа тығыздығы 2,8т/м3. Жер қыртысының шөгінді қабатындағы орташа тығыздығы 2,4-2,5 т/м3 , “граниттік” қабатта 2,7 т/м3, “базальттық” қабатта 2,9 т/м3, мантияда 3,6-4,5 т/м3, ядро шекарасында 5,6т/м3, ядрода 10,0 т/м3, жер центрінде 12,5 т/м3. 2500 км- ге дейінгі тереңдікте ауырлық күші үдеуінің шамасы 10 м/с2-ке, ядро шекарасында 10,7 м/с2, жер центрінде нөлге тең. Тығыздық пен ауырлық күші үдеуінің мәндері бойынша есептелген қабаттардың қысымы құрлықтық жер қыртысына табынады 1 Гн/м2-ге, В қабаты табанында 14 Гн/м2-ге, С қабаты табанында 35 Гн/м2-ге ядро шекарасында 136 Гн/м2-ге, жер центрінде 361 Гн/м2-ге тең.

Жерді көптеген ғалымдар зерттейді. Геодезия жердің мөлшері мен пішінін зерттесе, астраномия оны аспан денесі ретінде зерттейді; геофизика жер геосферасындағы физикалық процесстерді және заттық күйін, геохимия – химиялық элементтердің жер қойнауында таралуын, геология – жердің даму тарихын, құрылымын, физикалық география мен биологиялық география – қабықтағы және биосферадағы табиғи процесстер мен құбылыстарды зерттейді.

Геология (гео... және logos - ілім) - Жердің қыртысын және ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешені.

Геофизика - Жердің ішкі құрылысын, физикалық қасиеттерін және оның қатты, сұйық, газ қабаттарында өтетін құбылыстарды зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Геофизиканың негізгі салалары соңғы төрт ғасыр ішінде дамып келеді.

Биосфера (гр. биос-тіршілік, өмір, гр. сфера - шар) - бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.

Физикалық география - жер сферасы, географиялық орта және жер типтері - географиялық ландшафтар туралы ғылым саласы. Кең мағынада айтқанда, ол басқа да жаратылыстану ғылымдарының негізгі салалары сияқты жеке ғылымдар мен физикалық географияның дәл өзінен, немесе жер тану ғылымынан тұратын ғылымдар жүйесі болып табылады.


Космоновтика
Космоновтика , ғарышқа үшу- ғарыш кеңістігіне ұшу; жерлен басқарылып ұшатын әр түрлі ғарыштық аппараттарды пайдаланып, ғарыштық кеңістікті игеруді қамтамасыз ететін ғылым мен техника салаларының жиынтығы. Космоновтика мәселелеріне: ұшу теориясы, траекторияны есептеу, т.б. ғылыми техникалық мәселелер- ракета тасығыштарды, ракеталық қозғалтқыштарды, т.б. құрастру; медицина биологиялық мәселелері; ғрыштық кеңістікті игерудің халықаралық құқықтық мәселелерін реттеу жатады.

Ғарыштық дәуірдің басы – 1957 жылдың 4 қазанынан басталады. Бұл күні бұрынғы КСРО-да дүниежүзіндегі ең тұңғыш жердің жасанды серігі (ЖЖС) ұшырылды.

Жиынтық - геологияда: жарылымдармен шектеле отырып, бірқалыпты қатпарланған қат-қабаттар тобының немесе қатпарлардың бір бағытта ғана еңістенген осьтік жазықтықтарының бірлестігі.

Ракета, зымыран (немісше Rakete, италианша rocchetta, rocca - ұршық) - өз массасын біртіндеп бөліп шығару нәтижесінде пайда болатын реактивті күш әсерінен қозғалатын ұшу аппараты. “Ракета” термині Еуропада 15 - 16 ғ-ларда пайда болды.

Ғарыштық ұшу аппараттары - жартылай болсада, ғарыш кеңістігінде, яғни тығыз атмосфераның сыртымен ұшатын ұшу аппараттары (100 километрден жоғары). Ғарыштық ұшу аппараттарының ұшуы белсенді (қозғалтқыштарымен жұмыс жасайтын) және енжар (тарткышсыз) болып бөлінеді.

Жердің жасанды серігі (ЖЖС ) - Жер төңірегіндегі орбитаға шығарылып, әр түрлі ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге арналған ғарыштық аппарат. Дүние жүзіндегі ең тұңғыш ЖЖС КСРО-да 1957 жылы 4 қазанда ұшырылды.

XIX ғасырдың соңында орыс ғалымы К.Э. Циолковскийдің еңбектерінде ғарыштық кеңістікке ұшудың алғашқы теориялық негізі жасалды. Ол 1903 жылы “Ғалам кеңістігін реактивті құралдармен зерттеу” деген мақаласында және одан басқа еңбектерінде ұшу кезінде ракета массасының өзгеретіндігін ескере отырып, ұшу теориясын және ғарышқа ұшудың техникалық мүмкіншіліктерін қарастырды.

Реактив, реагент (ре… және лат. agentіs - әсер етуші) - химиялық реакциялардағы бастапқы заттарды анықтайтын техникалық термин. Сондай-ақ қандай да бір мақсатқа қолданылатын құрамы күрделі ерітінділерді де Реактив деп атайды.

Циолковскийге дейін орыс ғалымдары Н.Е. Жуковский (1882), И.В.Мешерский (1897), одан кейін Ю.В.Кондратюк (1924-32), т.б. шетел ғалымдары Р.Эно-Пельтри (Франция 1913), Р.Годдард (АҚШ 1919), Г.Оберт (Румыния 1923), т.б. осы заманғы космоновтиканың негізіне алынған мәселелермен айналысып, реактивті техниканы дамытуда көптеген еңбектер жазды. XX ғасырдың 20 - жылдарынан бастап космоновтикаға байланысты КСРО-да (1924), Австрияда (1926), Германияда (1927), АҚШ-та (1930) және Англияда (1933) алғашқы қоғамдар құрыла бастады. КСРО-да 1921 жылы ракета техникасы саласындағы жұмыстар Газ динамикалық лабараториясында (ГДЛ) басталды. (Н.И.Тихомиров, В.П.Глушко). 1928 жылдан бастап Тихомировтың басшылығымен (ГДЛ-ның негізін қалаушы) түтінсіз оқдәрімен ұшатын ракеталар, ал Глушконың жетекшілігімен 1931 жылы сұйық отынды ракета қозғалтқыштары сынақтан өтті. 1932 жылы Мәскеуде Реактивті қозғалысты зерттеу тобы (РҚЗТ) құрылды (топ жетекшісі – С.П.Королев). 1933 жылы РҚЗТ М.К.Тихонравов пен Цандер конструкциясы бойынша жасалған сұйық отынды ракеталарды ұшырып сынады. 1933 жылдың соңында ГДЛ мен РҚЗТ негізінде КСРО Ракеталық ғылыми зерттеу институты (РҒЗИ) құрылды. Осы орталықтар КСРО-да реактивті техниканың негізін қалаушы және дамытушы мекемелерге айналды. АҚШ-та Р.Годдард жетекшілігімен сұйық отынды ракета қозғалтқышы жөніндегі тәжірибелер 1921 жылы басталып, 1926 ж сынақтан өтті, 1937 ж. Германияда фон Браунның басшылығымен Фау-2 ракетасын (ұшу қашықтығы 250-300 км) жасау қолға алынып, ол 1942 ж. 2-ші Дүниежүзілік соғыста қолданды. Соғыстан кейін ракеталарды бейбіт мақсатқа қолдану кеңінен өріс алды. Ғарыш дәуірінің басталуы – КСРО-да алғаш рет Жердің жасанды серігін ұшырылуымен (4.10.1957) байланысты болды. Екінші маңызды ғарыш дәуірі – 1961 ж. 12 көкекте адамның (Ю.А.Гагарин) тұңғыш рет ғарышқа ұшуы. Космоновтиканың үшінші тарихи оқиғасы 1969 ж. 16-24 шілдеде адамның Айға сапары (Н.Армстронг, Э.Олдрин, М.Коллинз) болды. Қазір ракета тасығыштар мен ғарыштық аппараттар бірсыпыра елдерде (КСРО-да 1957 жылдан, АҚШ-та 1958 жылдан, Францияда 1965 жылдан, Жапония мен Қтайда 1970 жылдан, Ұлыбританияда 1971 жылдан, Үндістанда 1980 жылдан) жасалып, пайдаланып келеді.

Жапония (жап. 日本) (“Күншығыс елі”) - Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 6852 аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю. Жер аумағы 372,2 мың км2.

1957 жылдың 4 қазаны мен 2000 жылдың 9 ақпаны аралығында Қазақстан аумағында орналасқан Байқоңыр ғарыш алаңынан 1147 ракета тасығыштар, 1186 ғарыштық аппараттар (оның ішінде 74 шетелдік) ұшырылды. Практикалық космоновтиканың негізін салған Королев болды. Ракеталық және ғарыштық техниканың КСРО-да дамуына М.К.Янгель, Г.Н.Бабакин, А.М.Исаев, С.А.Косберг, т.б., басқаратын конструкторлық бюролар елеулі үлес қосты. Қазіргі ғарышқа ұшу теориясы аспан механикасы мен ұшу аппараттарын басқару теориясына негізделген.

Аспан механикасы - астрономияның гравитациялық өрістегі Күн жүйесі денелерінің қозғалысын зерттейтін бөлімі. “Аспан механикасы” деген атауды ғылымға алғаш рет 1798 ж. француз ғалымы П.Лаплас енгізген. Құйрықты жұлдыз, жасанды жер серіктері т.б.

Кейін ғарышқа ұшу динамикасын зерттейтін астродинамика деп аталатын классикалық аспан механикасының жаңа тарауы пайда болды.

Космоновтика ұйытқушы күштің әсерінен ескере отырып, ғарыштық ұшу аппараттарының тиімді траекториясын есептеуді талап етті. Ракеталықғарыштық кешенді жасау – күрделі ғылыми-техникалық мәселе. Үлкен ракета тасығыштардың ұшу алдындағы массасы 3000 т-ға дейін, ұзындығы 100 м-ден астам болады. Оған қажетті отынды (толық массаның 90 %-і) орналастыру үшін ракета құрылымы өте жеңіл болуы тиіс. Сондықтан ғарышқа ұшыру кезінде көп сатылы ракета пайдаланылады (отыны жанып босаған бактар ажыратылады). Қазіргі ракета тасығыш күрделі құрылғылардың жиынтығынан тұрады. Ракета тасығыштың қозғалтқыш қондырғысының қуаты ондағы ГВт-қа дейін жетеді. Ол бір-бірімен үйлесе жұмыс істейтін бірнеше қозғалтқыштардан тұрады. Қозғалыст бақылау жүйесі, әдетте, автономды болып келеді. Ғарыштық аппаратты орбитаға шығару оған бірінші ғарыштық жылдамдықтан (шамасы 7,91 км/с) артық , ал Ай, Марс не Шолпанға ұшатын ғарыштық аппараттардың жылдамдығын екінші ғарыштық жылдамдыққа (11,19 км/с) жеткізгенде ғана мүмкіндік туыды. Орбитаға шығарылған ғарыштық аппарат ракета тасығыштан бөлінеді де, аспан механикасының инерция заңдылығы бойынша өзінің ұшуын одан әрі жалғастырады. Ғарышқа шығарылған аппараттар ғарыш кеңістігінің қатаң шартына сай ұзақ уақыт өздігінен ұшуға қабілетті болуы тиіс. Бұл үшін олардың борты бірнеше жүйелермен: те,мператураны тұрақты ұстайтын жүйе, энергия қоры, Күн сәулесін энергияға айналдыратын батареялар немесе ядро, энергия, жермен тұрақты байланыс, жерден басқару жүйелерімен жабдықталады.

Батарея - жұмыс тиімділігін арттыру мақсатымен бір жүйеге келтірілген бір типтес приборлар, аппараттар, құрылыстар, құрылғылар (мысалы, электр аккумуляторлары, кокс пештері, жылыту радиаторлары, т.б.).

Сонымен қатар ғарыш аппараты бортына әр түрлі бағыттағы ғылыми аппаратуралар - ғарыш кеңістігінің физикалық қасиеттерін зерттейтін аспаптардан бастап, алып телескоптарға дейін орналастырылады. Бұл аспаптар мен жүйелер борттық басқару кешені жүйесімен бірігіп, ортақ жұмысты қалыптастырады.

Космоновтиканың жақын келешектегі мақсаты әр түрлі ғарыштық аппараттар көмегімен Айды, Күн жүйесіндегі планеталарды толық зерттеу, Жерден тыс өркениетті іздеу. Қазақстан ғалымдары да бірінші қазақ ғарышкері Т.Әубәкіровтің (02.10.1991 ж.) ғарышқа сапарынан бастап, космостық биотехнологияны пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін шығаруда біршама тәжірибе жинады.

Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.

Оған үлкен үлес қосқан Қазақстан ҰҒА-ның академиктері Ө.Сұлтанғазин (бағдарламаның ғылыми жетекшісі), Т.Шарманов корреспондент мүшелері Н.Айтхожина, В.И.Дробжев, А.К.Курскеев, профессорлар Р.А.Гареев, Ю.А.Синявский, А.А.Пресняков және т.б. Бұл салаға Қазақстандық екі ғарышкер - Әубәкіров пен Т.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) - қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Мұсабаев Қазақстан ғылымына қажетті құнды деректер қорын жинады.

Қазіргі кезде Жер өз осін айнала тәуліктік қозғалыс жасап қана қоймай, сонымен қатар Күнді айнала, орбита бойымен бір жыл ішінде толық бір айналым жасап қозғалатыны туралы толықтай сенімді дәлелдемелер бар.Сонымен, шын мәнінде, Күннің эклиптика бойымен жылдық қозғалысы жалған көрініс болып табылады. Ол біз Күнді бақыланған кезде санақ денесі ретінде тіпті де тыныштықта болмайтын, яғни өзі де Күнді айнала қозғалатын, Жерді таңдап алғанымыздың салдарынан болады.

Күн – қатты қызған (беткі температурасы – 6000С), плазмалық шар (тығыздығы 1,4 г/м3). Оның лаулаған от пен протуберанецтер орналасқан тәжі бар. Күннің сәуле шығаруының – Күннің белсенділігінің – 11 жылдық циклі бар. Күннің белсенділігінің ең жоғарғы шегінде оның бетінде ерекше көп дақ байқалады. Сутегінің гелийге айналуы кезінде  

     Күннің ішкі құрылысы:  1–Гелийлік ядро; 2-конвекция зонасы; 3-хромосфера; 4-фотосфера; 5–кун дақтары; 6-протуберанецтер; 7-тәжірбиелік  термоядролық реакциялар күн энергиясының көзі болып табылады. Алғаш рет термоядролық реакциялардың жүріп өтуіне қажетті температураны теориялық түрде Артур Эддингтон есептеп шығарған. Неміс физигі Ганс Бете (1967 жылы Нобель сыйлығын алған) Күнде жүретін сутегімен гелийдің термоядролық синтезінің реакциясын есептеп шығарды.

Нобель сыйлықтары (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) - жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.

 Күн жүйесі мен жұлдыздардың пайда болуы жайлы кез-келген проблема немесе гипотезаның негізінде, Ғаламның үш фундаменталдық ерекшелігі бар: біріншіден Ғаламдағы заттардың басым көпшілігі сутегіден (75%), гелийден (25%) және басқа да химиялық элементтердің азғантай бөліктерінен құралған; екіншіден Ғаламның кезкелген нүктесінде жұлдызаралық газ және шаң бар; үшіншіден Ғаламда барлық заттар айналмалы және турбулентты қозғалыста (галактиканың формасы спираль тәріздес, жұлдыздар айналуда, планеталар күнді айналады және т.б.). Сондай ақ бізге Күн жүйесінің жасы 5 млрд жылға тең екендігін білеміз. Бұл мағлұмат бізге ғаламның өзіміз орналасқан бөлігінің тарихын елестетуге мүмкіндік береді. Күн жүйесінің пайда болуы жөнінде бірнеше гипотезалар бар. Өткен ғасырда осындай гипотезаны И.Кант ұсынды. Бұл гипотезаны П. Лаплас қолдады. Жақын арада ғана В.Фесенков пен О. Шмидтің жаңа гипотезалары пайда болды. Бұл гипотезалардың басқа гипотезалардаң айырмашылығы, оларға сәйкес планеталар бастапқы ыстық компоненттерден емес, суық күйдегі заттардан түзілген. Швед астрофизигі Х.Альвен ұсынып, кейін Ф.Хойл жетілдірген Күн жүйесінің пайда болуы гипотезасының электромагниттік варианты қазіргі таңда кең таралған. 

Күн системасы 9 планетадан тұрады: Меркурий, Венера, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.

Шолпан - Күн жүйесіндегі оған жақын екінші ғаламшар.Көлемі мен массасы жағынан Жерге жуық болғандықтан, ерте кезден-ақ ғалымдардың назарын өзіне аударған. Алайда, оны тұтасқан ақ бұлт қабаты қоршап жатқандықтан, бұл ғаламшардың табиғаты мен қозғалысын оптикалық бақылаулар арқылы анықтау қиындық келтіруде.

Аталған планеталардың барлығы бір бағытта, бір жазықтықта (Плутоннан басқасы), дөңгелек тәріздес орбиталары бойымен айнала қозғалады. Күн системасының орталық нүктесінен оның шетіне дейінгі қашықтық (Плутонға дейін) 5,5 жарық сағатына тең. Күннен Жерге дейінгі қашықтық 149 млн шақырымға тең, бұл қашықтық оның 107 диаметріне тең. Кішкене планеталарда планеталар серіктерінің басым көпшілігіндегідей атмосфера жоқ, өйткені оларда газдарды ұстап тұратын тартылыс күштері жеткіліксіз. Венераның атмосферасында көмірқышқыл газы басым, ал Юпитердің атмосферасында аммиак көп. Айда және Марста вулкандық жолмен пайда болған

1   2   3   4   5   6   7   8   9


жүктеу 1.46 Mb.