Главная страница
Контакты

    Басты бет


Астана қаласы білім басқармасы

жүктеу 133.14 Kb.



жүктеу 133.14 Kb.
бет1/2
Дата20.03.2017
өлшемі133.14 Kb.

Астана қаласы білім басқармасы


  1   2

АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МҚКҚ



БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Ақпараттық технологияны қолдануда компьютерлік графиканың рөлі »

Дайындаған: Иват Г

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдында бүкіл адамзаттың құндылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны  сұлу, өзіне-өзі сенімді, ғылыми – теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы,күрделі әлемдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

Басқарма - Мемлекеттік атқару және билік жүргізу органдарының құрамындағы әкімшілік бөлімше; Кәсіпорынның, ұйымның қызметіне алқа түрінде басшылық жасайтын, белгілі бір мерзімге сайланатын орган. Оны әдетте, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы сайлаған төраға басқарады; Ұжым басшысы.

Соның ішінді ғылыми зеріттеу жұмысы – қазіргі заман талабына сай «жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оңтайландыру» болып отыр.

Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.

Республикамыздың президенті Н.Назарбаев өзінің жолдауында әлемдегі ең озық елу елдің қатарына кірігу стратегиясын айқындаған болатын. Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі бағытындағы басты міндеттерінің бірі- ғылым мен білім, жаңа технологиялар бәсекелестіктің шешуші факторы екендігін атап көрсетті. ХХІ ғасыр адамзат дамуының жаңа сатысы – ақпаратты қоғамға өтумен сипатталады. Сондықтан да, таза қазақ тілінде сөйлеуге тиісті салалардың бірі – информатика және компьютерлік техника.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Компьютер Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: qazaq tili) - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.


Ақпараттардың құрылымы мен қасиеттерін білу, оны іздеп табу, ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, өңдеу, тарату және күнделікті тіршілікте керегінше пайдалана білу өркениет өріне бет бұрудың          негізі.
        Қазіргі уақытта адам іс - әрекеттің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік - ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді.

Құрал (Инструмент; лат. instrumentum - құрал, қару) - 1)адам еңбегінің құралы немесе өнеркөсіптік кәсіпорын жағдайындағы жұмысқа арналған машинаның атқарушы механизмі.

Компьютерлік технология (Компьютерная технология; computer technology) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Бұл салаға мемлекеттік тұрғыдан да барынша көңіл бөлінуде.

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.

Осы орайда жоғары және орта кәсіптік мамандар үшін информатика және компьютерлік техника пәнінің ана тілімізде оқытылуы, қазақ тілінде компьютер программаларының жасалуы бүгінгі өмірдің өзекті қажеттілігіне, сұранымына айналды.

       Демек, ғылыми зерттеу табандылықты, шыдамдылықты, көп ойлануды, сондай-ақ еңбекқорлықты талап етеді.

Табандылық - адамның ұнамды ерік-жігер сапаларының бірі. Табандылық - қиыншылықтар мен кедергілерге қарамастан мақсатқа қалайда жетуге бағытталған еріктік қасиет. Табандылық баланы мектепке дейінгі жастан бастап-ақ шамасы жететіндей тапсырмаларды аяғына дейін орындай білуге, өзінің мінез-құлқын алдағы нәтижеге бағындыру, кейде тікелей, сол сәттік ниеттілікке қарама-қарсы әрекет жасауға дайын болып мақсатты нәтижеге жетуге тәрбиелеу негізінде жетіледі. Табандылық қасиеттерін кемелдендіруде, бұл тұрғыдағы тәрбиеде мәнді мақсаттар және тапсырылған іс үшін жауапкершілік пен борыштылықты ұғынудың маңызды мәні бар. Табандылық - көптеген ішкі-сыртқы қиыншылық пен кедергілерге қарамастан алдына қойған мақсатына жетуден көрінетін ерекшелік. Мұндай кісі ылғи да қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда кездесетін небір ауыртпалыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп, мақсатына жетіп отырады. Осындай жағдайда оның ерік-жігері бұрынғыдан да бетер шыңдала, әкетіле түседі. Бұған екі аяғынан бірдей айырылса да, әскери ұшқыш қызметіне қайта оралған Совет Одағының батыры Алексей Маресьев пен кешегі азамат соғысында екі қолынан айырылған жас қазақ жауынгері Мыңбай Тұрсыновтың өмірі жақсы мысал бола алады. Соңғысы ауруханада жатқанда бақайымен жазу жазды, аузымен қыл қаламды тістеп сурет салды, елге келгесін шалғымен шөп те шапты, жеміс бағын да өсірді, мәшине жүргізуді үйренді, совхозда есепші болды. Кейін өз басынан кешкен осы қиыншылықтарын "Өліммен беттескенде" (1965) дейтін кітабында баяндады. Осы мысалда табандылық, тек тепсе темір үзетін, қол-аяғы балғадай, жеті мүшесі сау адамдарда ғана кездесетін қасиет емес, қандай қиын жағдайда да жан аямай тіршілік ете, еңбек етуді ерекше сүйе білетін адамдардың қасиеті екендігі байқалады. Табандылық кісі таңдамайды, тілесе кім болсын, айқын мақсаты бар, еңбексүйгіш, іске мейірлене, құлшына кіріскен адамның бойына даритын қасиет.

Ғылыми зерттеу әрбір оқушыда сапалы және терең білім іскерліктің пайда болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондай-ақ өз қызығушылығымнан туындаған «Компьютерлік графика» тақырыбын зерделеу, оның қыр – сырларын ашып, ғылым негізінің бір жолына шығару мақсатым болмақ.

«Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.

  Зерттеудің мақсаты: Информатикада компьютерлік графиканың  қолданылуы және компьютерлік графиканың қаншалықты пайдалы екендігін анықтау;информатика сабағында қолдану әдістерімен толық танысып, оның қазіргі кездегі қолданысын зеріттеу; компьютерлік графиканың негізгі тәсілдерін оқу, кеңістік ойлау мен елестетуде қисынды қабілеттілікті дамыту, кескіндерді жазықтықтарда тұрғызу білімін қалыптастыру.

Сабақ - бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.

Кеңістік - философия, математика және физика секілді салаларды пайдаланылатын күрделі ұғым. Күнделікті өмірде іс-қимыл алаңы, барлық нәрселерді қамтитын ортақ ыдыс, әлдебір жүйе жай-жапсары сезініп түсініледі.

       Зерттеудің міндеті: компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бейне жасауды, өңдеуді үйретуді дайын жобалар жасауды біліп шығуым         керек.
 

       Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан білім беру жүйесінде ақпараттандыру бүгінгі күннің негізгі талабына айналып отырғандықтан, оның қыры мен сыры толық меңгере отыра, бұл бағытта өз білімімді бейімдеп, өз үлесімді қосу болып табылады.

       Зерттеудің проблемасы: Компьютерлік графиканың қолданысын зерттеу;

       Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Информатика сабағында компьютерлік графиканың мүмкіндіктерін және қолданыстарын практикада іске асыру;

       Зерттеудің болжамы: Егер информатика пәнінің графика туралы қолданысы туралы мағлұматпен толық таныссам, онда алған білімімді өмірде қолдана аламын, интеллектілігім және тәжірибелік іскерлігім дамиды.

       Зерттеудің жұмысының жаңалығы: Өскелең ұрпақтың біліктілігін қалыптастыруға бағытталған жаңа зерттеулердің негізінде білімді жетілдіру талаптарын күрделендіруге негізделген.

       Зерттеудің әдістемесі: Қазіргі өмірде әлеуметтік жағдайдың барлық салаларын жан-жақты зерттеу нәтижесінде жасөспірім ұрпақтың жан – дүниесін сол негізде тәрбиелеп, оның бойындағы оянбай жатқан қасиеттерді жандандыру – өмір талабы.

Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.

Біліктілік, квалификация - адамның белгілі бір білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алу қабілеті. Адамның өзі таңдаған қызметінде өз білімін көтеріп, нені, қалай және не үшін үйренетінін алдын-ала айқындап, білікті маман болуға бағытталуы.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.

      Зерттеудің нәтижесі:



  • Білім алуды жалғастыруға қажетті компьютерлік графикалық  білімді меңгереді.

  • Интеллектіні дамытады.

  • Компьютерлік іс әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастырады.
  1   2

  • Зерттеудің мақсаты
  • Зерттеудің проблемасы
  • Зерттеудің жұмысының жаңалығы
  • Зерттеудің әдістемесі

  • жүктеу 133.14 Kb.