Главная страница
Контакты

    Басты бет


Ұқарқызы Х. Ақпаратқа қолжетімділік арта түсті

жүктеу 27.47 Kb.



жүктеу 27.47 Kb.
Дата08.04.2017
өлшемі27.47 Kb.

Ұқарқызы Х. Ақпаратқа қолжетімділік арта түсті



Айқын. – 2012. - №189.-9 қазан

Бұқарқызы Х.

Ақпаратқа қолжетімділік арта түсті
Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері бұдан былай жоғары жылдамдықтағы ғаламтор желісімен жұмыс істейтін болды. Ал жатақханада тұратындары сабақтан тыс уақытта интернет үшін оқу корпусына барып әуре болмайды. Ғаламтор желісіне жатақханадағы бөлмесінен де «кіре алады». Олар республика аумағында тегін телефон байланысына да қол жеткізіп отыр.
Ғаламтор (ағылш. World Wide Web, WWW) - компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Аумақ - құрлық бетінің өзіне тән табиғи, сондай-ақ адамның карекеті нәтижесінде жасалған қасиетгері мен ресурстары бар бөлігі. Ресурстардың ерекше түрлерінің болуымен - орналасуымен (ауданымен), географиялық орнының ерекшелігімен, табиғи ландшафтының өзіндік типтерімен, шаруашылыққа игерілу дәрежесімен, "қоғам қарекетінің кеңістіктік базисі" рөлін атқару қабілеттілігімен сипатталады.
Студенттерге бұл сыйлықты жасаған - университет басшылығы мен «Астанателеком» қалалық телекоммуникациялар орталығы.
Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.

Айта кетейік, жуырда ғана С.Сей­фул­­лин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мен «Астанателеком» қала­лық телекоммуникациялар орталығы бір­­лесе отырып қолға алған кампустық желі құрылысы аяқталды. Бұл жоба за­манауи инфокоммуникациялық техно­ло­гиялардың оқу үдерісіне, ЖОО қыз­мет­керлерінің жұмысына, студенттер мен оқытушылар ұжымының өміріне кеңінен енгізілуіне мүмкіндік беріп отыр. Осылайша, «Астанателеком» ҚТО 50 Мбит/с жылдамдыққа дейін жететін кең жолақты интернет желісіне қаты­нау­ды қамтамасыз етіп, ҚазАТУ-дың төрт студенттік жатақханасында және екі оқу корпусында 500 iD TV және iD Phone қызмет нүктелерін қосты. 

Аталған технологиялар әмбебап­ты­ғымен және оқу процесінде қолданыла­тын әртүрлі ақпарат түрлерін - дауыс, бей­неақпарат, мультимедиа және теле­ме­триялық ақпаратты бір уақытта жет­кі­зу қабілетімен ерекшеленеді.

Мультимедиа (Multimedia) - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді - мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне-, аудио- және мультипликациялық түрде шығаруды - жүзеге асырады.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Тосын сыйға қатты қуанған студенттер бұл оқи­ғаны бөле-жара атап өтті. «Астанате­ле­ком» басшыларына алғыстарын шағын концерт ұйымдастыру арқылы білдіруді жөн көріпті.

«Астанателеком» ҚТО бас директоры Ермек Қуанышбековтiң айтуынша, ком­пания ұдайы қызмет ауқымын кең­ейту және технологиялық жаңалықтарды енгізу жұмыстарын жүргізіп келеді. Со­ның ішінде білім беру саласына инно­ва­циялық технологиялардың енгізілуі жаңа мүмкіндіктерді ашып, отандық бі­лім сапасын көтереді деген сенімде.

Білім беру Білім беру - тиісті оқу орны арқылы ғылыми мағлұмат беріп, адамның танымын, білімін, дағдысын, дүниеге көзқарасын жетілдіру процесі; қоғам мүшелерінің мәдениетін дамытудың негізгі шарты; мақсаты - қоғам мүшелерінің адамгершілік, интектуалды, мәдени дамуында және олардың денесінің дамуында, кәсіптік біліктілігінде жоғары деңгейге қол жеткізу болып табылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі; жүйеге келтірілген білім, іскерлік дағды және ойлау тәсілдері көлемін меңгеру процесі мен нәтижесі. Білімділіктің басты өлшемі - білімнің жүйелілігі, ойлаудың жүйелілігі мен логикалылығы.
«Бү­гінде компьютер қалам, қағаз сияқты кеңселік тауарға айналып келеді.
Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
Ал ин­тернет желісіне қосылған компьютер сту­денттің жұмысына пайдалы. Сол себепті интернет нүктелерін жатақ­ха­наларға да орнаттық. Бұл оқу орнында шалғайдан, республиканың өзге өңір­ле­рі­нен келіп оқитын студенттердің уақыт­та­рын тиімді пайдалануына мүмкіндік бе­реді. Сол балалар ата-аналарымен, бауыр­ларымен жиі хабарласып тұрсын деп iD Phone телефон желісін де ор­нат­тық» дейді Е.Қуанышбеков.

ҚазАТУ-дың экономика факуль­те­тінің 2-курс студенті Ақжол Мұстафин:

- Біз жылдамдығы жоғары интернеттің арқасында қажетті мәліметтерге қол жет­кіземіз. Жаңалықтарды біліп отыра­мыз. Уақытты да үнемдейміз. Телефонның да игілігін көре бастадық, - дейді ағы­нан жарылып. 


Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам студент білім алып жатқан агротехникалық уни­вер­ситеттің ректоры Ақылбек Күріш­баев­тың айтуынша, бұл жоба жаңа тех­но­логияларды қолдану тәжірибесі, ақ­паратқа қолжетімділік және білім алмасу есебінен болашақ мамандарды дайындау деңгейін көтеруге зор ықпалын тигізеді. «Заманауи техника студент­тері­міз­дің негізгі мақсаттарына жетуде, өз саласында білікті маман болу жолында белсенді қолданылуы тиіс. Бұрын ин­тернет жылдамдығы секундына 9 Мбит болса, қазір 50 Мбитке көтерілді, алдағы уақытта 100 Мбитке шығады. Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі таңда әлемдегі болып жатқан жаңалықтар бірінші кезекте ғаламторда ағылшын тілінде жарияла­на­ды.
Секунд - (лат. secunda dіvіsіo - екінші бөліну) (бастапқыда градустың, одан кейін сағаттың) - 1) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі. Белгіленуі - С; 1 с - Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі деңгейінің арасынан өткен сәуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.
Ағылшын тілі Ағылшын тілі (ағылш. English, English language) - Үндіеуропа тілдері жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелде басып алған Англосаксондардың тілі, бірақ жауланған кельттердің тілдері де әсерін тигізген.
Ал біздің оқу орнында үш тілде дәріс жүргізіледі. Сондықтын студенттеріміз интернет арқылы ағылшын тіліндегі мәліметтермен еркін танысатын болады» дейді ректор. 
Айта кетерлігі, «Астанателеком» ҚТО алғаш рет осыған ұқсас жобаны 2010 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті негізінде енгізгенді. «ENU.NET әлеуметтік студенттік желісі» жобасын жүзеге асыру барысында ЕҰУ студенттік үйлерінде 850 «iD Phone» «iD TV» қызметтер топтамасы қосы­лып, интернет желісіне жоғары жыл­дам­дықта қатынау қамтамасыз етілген болатын.


жүктеу 27.47 Kb.