Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені

жүктеу 1.22 Mb.



жүктеу 1.22 Mb.
бет3/7
Дата18.03.2017
өлшемі1.22 Mb.

«Ақпараттық технологиялар» пәнінен оқу-әдістемелік кешені


1   2   3   4   5   6   7

Ақпараттық жүйе туралы түсінік

Жетекшінің ұйымның мақсаттары қандай болу керектігі, өнімді қалай жақсарту, басқару бөлімінің құрылымын қалай шыңдау жайындағы сұрақтарына тек басқарылушы объект туралы бар ақпаратты толық пайдалану арқылы ғана жауап беруге болады. Мысалы, өндірістің күнтізбелік жоспарлары бар тапсырыстар, олардың материалдық ресурстармен қамтамасыз етілуі, өндірістік қуаттардың жүктелу дәрежесі мен олардың әрбір тапсырыстың орындалуының келісімді мерзіміне байланысты пайдаланылуы туралы мәліметтер негізінде құрылады. Өндірістің күнтізбелік жоспарларында қолда бар қуаттардың реконструкциясының, жабдықтарды ауыстыру мен жаңа кәсіпорындарды құру, жұмыс күшін оқыту шығындары қарастырылады.

Жабдық - бір нәрсеге керек механизмдер, тетіктер, әр түрлі құралғылар жинағы.
Олар өнімді өткізу, шетелдік лицензиялау, техникалық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету және тағы басқа жоспарлардан тұрады.
Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.
Егер бұл мәліметтердің күнделікті жаңарып отыру керектігін, ал бүкіл өндіріс процесін зерттеуде жиналатындығын ескерсе, онда ақпаратпен жұмыс істеуді автоматандыру қажеттілігі айқын көрінеді.

Объект туралы мәліметтер бақылаулардан, құжаттардан, тәжірибелерден, статистикалық есеп берулерден, архивтерден, кітапханалардан және басқа ақпарат көздерінен күделікті түсіп отырады. Басқару процесінде әрбір нақты уақыт моменті кезіндегі объекттің күйі жайлы ақпарат бар болуы қажет. Бұл ақпаратты барынша толық, рационалды және сауатты пайдалану үшін, берілгендерді оперативті тіркеу, оларды берік және қауіпсіз қорғау, керекті көрсеткіштерді тез іздеп табу, математикалық және статистикалық анализ әдістерін пайдаланала отырып ақпаратты жан-жақты өңдеу және ақпарат пен оны өңдеу нәтижелерін уақтылы беру қажет. Сол үшін ақпараттық жүйелер енгізіледі және әрдайым пайдаланылады. Олар қолданушыға зерттелуші объектті сауатты басқару мен басқару процессінде максималды жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Компьютерлік технологияларды пайдалану ақпаратты жинау мен өңдеуді, жоспарлардың әртүрлі варианттарын жасау және экономиканы басқару процесінде мамандар стратегиясы мен тактикасының оптималды жоспарларын табуды жеңілдетеді және тездетеді.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.
Кез-келген рангылы қолданушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экономика және басқару саласының барлық облыстарында ақпараттық жүйелер мен комплексткер интенсивті дамытыла және енгізіле бастады.

Ақпараттық автоматандырылған жүйе деп бөлек алынған компьютерді немесе бірнеше аппараттық компьютерлік құралдар бірлестігін, программалық қамтамасыз етуді, қосымша жабдық және белгілі бір мақсаттар мен қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін адамдарды түсінеміз.

Ақпараттық жүйе – өздерінің есептеу техникасы мен байланыс құралдарының көмегімен пайдалану үшін құрылған ұйымдаса реттелген құжаттар мен ақпараттық технологиялар бірлестігі.

Ақпараттық ресурстар деп бөлек құжат немесе ақпараттық жүйелердегі құжаттар массиві түсіндіріледі: кітапханалар, архивтер, деректер банкілері, білімдер базасы, деректер базасы.
Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.
Ақпараттық ресурстарды пайдалану мен олармен жұмыс істеу үшін пәндік облыс объектісі ақпаратық рксурстар болып табылатын ақпараттық технологиялар және қолданушыға ақпараттық ресурстар негізінде берілетін ақпараттық өнім мен қызмет ету қолданылады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мен технологияларды қамтамасыз ету құралдары – ақпараттық жүйелерді жобалауда құрылатын немесе қолданылатын және олардың эксплуатациясын қамтамасыз ететін программалық, техникалық, лингвистикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық құралдар.
Лингвистика (глоттология, тіл білімі; лат. lingua - тіл) - предлингвистикадан, микролингвистикадан және металингвистикадан құралатын тіл туралы ғылым. Әлем тілдерінің құрылымын, әлеуметтік қызметін, тарихи дамуын және оның жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.

Ақпараттық жүйелерді құру мен функциялану процесіне субъектілердің 2 категориясы қатысады:



  • Ақпараттық жүйелерді кұрушылар, олармен қамтамасыз ету құралдары мен технологияларын жасаушылар (интегралдық микросхемаларды жобалаушы-инженерлер, программисттер, информацияны жеткізушілер және т.б.)

  • Ақпараттық жүйелерді эксплуатациялайтын қолданушылар немесе тапсырыс жасаушылар (кәсіпорындар, фирмалар, ұйымдар, заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік билік органдары)

Қазіргі таңдағы ақпараттық орта жағдайында экономикалық объектілерді оперативті басқаруға тек компьютерлік техниканы қолдану арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерінің жиынтығы, қоғамның даму жемісі және белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Жағдай - адам әрекетінің , жан-жануарлар тіршілігінің, табиғат пен қоғамдағы өзгерістің, оқиғаның, т.б. айналадағы ортаның ықпалына тәуелділігін білдіретін философиялық ұғым. Табиғаттағы, қоғамдағы белгілі бір өзгерісті тудырушы алғышарт есебінде де қарастырылады.
Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы.
Адам жұмысының барлық сферасының компьютеризациясы әрбір сауатты маманның ақпаратты қолдана алуына әкелді. Бүгінгі таңда жұмыс есептерін шешу үшін есептеуіш техникасын пайдалануды қажет ететін әр түрлі саладағы мамандар саны артып келеді. Қазіргі кезде өздерінің күнделікті жұмыстарында бухгалтерлік есепті жүргізуде, тапсырыстар мен келісімшарт орындалуын бақылауда, іскерлік құжаттарды дайындауда есептеу техникасын қолданбайтын кәсіпорын, фирма немесе акционерлік қоғам кемде кем.
Бухгалтерлік есеп - кәсіпорынның қызметі туралы расталған деректер алу мақсатымен оның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қорытындылау және бейнелеу әдістемесі мен жүйесі; кәсіпорынның ресурстарын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу жүйесі.
Акционерлік қоғам - капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді.
Нарықтық экономикалық қатынастар орнығуының барысында, негізінен орта және кіші кәсіпорындардың қосылу есебінен, есептеу техниксының және программмалық құралдардың қолданылу аясы айтарлықтай кеңейді.

Экономист жұмысының әр алуан сфераларындағы есептерді шешуге арналған ақпараттық жүйелер жасалған және ендірілген. Оларды жүзеге асыру барысында мәліметтерді компьютерлік өңдеудің келесі әдістері қолданылады:



  • Мәліметтерді сақтау, іздеу және өңдеу

  • өндірісті басқару және бақылау

  • экономикадағы процестер анализі және диагностикасы

  • мәліметтерді жинау және статистикалық өңдеу

  • банкілік есеп айырысу

  • қоғам құрылымының талдауы

  • әртүрлі деңгейлер байланысының және ұйымдардың зерттелуі

  • шешім қабылдаудың автоматтандырылған жүйелері

  • ғылыми жұмысты басшылық ету

  • стохастикалық (ықтимал) болжам модельдері

  • жасанды интеллект жүйелері

  • автоматандырылған бухгалтерия

  • складтау және сауда

Жаңа ақпараттық жүйелерге көшу тек қана ой еңбегінің қиындаған операцияларын автоматтандырып қоймай, сонымен қатар толықтай шығармашылық процесті кешенді автоматтандыруға әкелді.
Интеллект (лат. іntellectus - таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Білімдерді өңдеудің компьютерлік жүйелері мәліметтерді логикалық өңдеуді жүзеге асырады, қолданушыға қорытындылар жасауға, ақпаратты ойлап түсінуге, нақты мақсаттар мен олардың қолданылу аясына қатысты фактілер арасындағы логикалық байланыстар орнатуға көмектеседі.
3, 4 дәрістер. Ақпаратттық технолгияларды жобалау негіздері

Жаңа ақпараттық технологиялар

Компьютерлік жүйелерді құру үшін қазіргі заманғы (жаңа) ақпараттық технрлогиялар жасалуда және ендірілуде. Бұл технологиялар басқару процесінің автоматтандырылуымен тығыз байланысты.



Жаңа ақпараттық технология - ақпараттық жүйелер мен есептеу техникасының құралдарын пайдалану арқылы ақпаратты жинау, жинақтау, іздеу және өңдейдің әдістер мен тәсілдер жиыны.

ЮНЕСКО-ның қабылдаған анықтамасы бойынша, ақпараттық технология – ақпаратты өңдеу және сақтаумен айналысатын адамдар еңбегін ұйымдастырудың эффективті әдістерін зерттейтін өзара байланысты ғылыми, технологиялық, инженерлік дисциплиналар кешені; есептеу техникасын, ұйымдастыру әдістерін, адамдармен және өндірістік жабдықпен өзара әрекеттесуін, олрадың практикалық қосымшасын, сонымен қатар осылардың барлығымен байланысты әлеуметтік, экономикалық және мәдени проблемалар.

Жиын - математиканың маңызды ұғымдарының бірі. Жиын немесе жиынтық ұғымы қарапайым математикалық ұғымға жатады. Сондықтан Жиын ұғымының анықтамасы берілмейді. Ол аксиомалық жолмен енгізіледі. Дегенмен Жиынды мысалдар арқылы түсіндіруге болады.
Инженер - инженерлік іспен айналысатын, ғылыми білімін, математиканы және өнертапқыштығын қолданып, техникалық, қоғамдық және коммерциялық проблемалардың шешімін табумен айналысатын маман. Инженерлер материалдарды (заттар), құрылымдарды және жүйелерді олардың тиімділігі, заңға сәйкестігі, қауіпсіздік мәселесі және бағасы себепті туындайтын шектеулерді ескере отырып жобалайды.
Әлеуметтану - қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы ғылым. Әлеуметтану фактілерді, үдерістерді, қатынастарды, жеке тұлғалардың, әлеуметтану топтардың қызметін, олардың рөлін, мәртебесі мен әлеуметтану мінез-құлқын, олардың ұйымдарының институты.
Жаңа ақпараттық технологиялар компьютерлер мен телекоммуникациялық техниканы қолдануға негізделген.
Телекоммуникациялар (ағылш. Telecommunications) - негізі ақпарат тарату құралдары мен әдістері болып табылатын әрекет аймағы. Телекоммуникациялар немесе коммуникациялар мемлекетгің инфрақұрылымның маңызды белігіне жатады.



Жаңа ақпараттық технология жоғарғы деңгейдегі достық қолданушылық интерфейстің ақпараттық поцесіне қолданушылардың активті қатысуымен жүретін техникалық құралдарды қолдануға негізделген. Ол ортақ және проблемалық қолдануға арналған қолданбалы программалар пакетін, қолданушыға жойылған мәліметтер базасына және ЭЕМ желілері көмегімен программаларға кіру мүмкіндіктерін кеңінен қолданады.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі қасиеттерін бөліп көрсетуге болады:

  • Бұл қағазсыз технология, ол бойынша ақпаратты негізгі тасушы компьютер жадында немесе дискіде құрылатын және монитор экранында көрсетілетін электронды документ болып табылады.
    Компьютерлік жады (сыртқы немесе қосалқы жады, ақпараттарды сақтауға арналған құрал, сақтағыш құрал) - белгілі бір уақытта есептеуде қолданылатын, ақпарат сақтауға арналған физикалық құрылғы немесе орта болатын, есептегіш машина бөлігі.


  • Жоғарғы мүмкіндікті интерактивті (диалогты) режим арқылы колданушы кез келген жұмыс шешілуінің барысын оперативті басқара алады.

  • Қолданушының компьютермен сұхбаттасу әдісі (достық интерфейс) дайындығы әр түрлі деңгейдегі қолданушыға жүйелік меню, көмектесулерді және анықтамаларды пайдалана отырып, ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

  • Ақпарат беру формаларының сәйкестілігі оның өңделуінің барлық кезеңдерінде ақпараттық көмек беруді жүзеге асыруға көмектеседі.
    Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.
    Форма (Қалып; form) - 1) мәліметтерді ұсыну тәсілі; 2) мәліметтер базасын басқару жүйелеріңде (мысалы, Access-Te) - мәліметтер базасындағы ақпаратты (мәліметтерді) енгізу мен редакциялауға пайдаланылатын дисплей экранына көрнекі түрде ұсыну тәсілі.


  • Барлық қолданушыларға жүйенің кез келген техникалық, программалық және ақпараттық ресурстарына оперативті кіруді қамтамасыз ететін ақпараттық желілер мен коммуникациялық желілер негізінде есептерді ұжымдық шешу әдістерін пайдалану.

Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері

Бөлудің әртүрлі белгілері бойынша анықталатын компьютерлерді пайдаланатын ақпарттық технологиялар дамуына байланысты бірнеше көзқарас түрлері бар.

Төменде көрсетілгендердің барлығына ортақ болып табылатыны – дербес компьютердің пайда болуымен ақпарттық технология дамуының жаңа кезеңі басталды.

Кезең - тау жотасы қырқаларының биік бөліктері мен кейбір төбелердің аралығында орналасқая ояң бөліктер. Олардың едәуір белігі тау жоталарының бір жағынан екінші жағына өтуге мүмкіндік туғызады. Кезең - тектоникалық немесе эрозиялық-денудациялық генезисті тау жотасы төбелерінің аралығындағы қырқалар; бар өрісіндегі жоғары қысымды екі атырап пен төмен кысымды екі атыраптың арасындағы кеңістік.
Дербес компьютер (қысқаша ДК) - компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер.
Профессионалдық және тұрмыстық сфераның басты мақсаты адамдардың дербес ақпараттық қажеттіліктерін камтамасыз ету болып келеді.

Бөлу белгісі – ақпаратты өңдеу процесі мен есептерінің түрі.

1-кезең (60-70 жж.) – деректерді ұжымдық қолдану режимінде есептеу орталықтарында өңдеу. Ақпараттық технология дамуының негізгі бағыты адамдардың қиындаған лперациялық іс әрекеттерін автоматтандыру болды.

2-кезең (80 жылдардан бастап) – стртегиялық есептерді шешуге бағытталған ақпарттық технологияларды құру.

Бөлу белгісі – қоғамды ақпарттандыру жолындағы проблемалар.

1-кезең (60 жылдардың аяғына дейін) ақпараттық құралдар мүмкіндіктерінің шектігі жағдайында деректкрдің үлкен көлемін өңдеудің қиындығымен сипатталады.

2-кезең (70 жылдардың аяғына дейін) 1ВМ/360 сериялы ЭЕМ-дердің таралуы. Бұл кезең проблемаы – программалық қамтамасыз етудің аппараттық құралдардың даму деңгейінен қалып қоюы.

3-кезең (80 жылдардың басынан бастып) – компьютер профессионалды емес қолданушының құралына, ал ақпататтық жүйелер оның шешім қабылдауын қолдайтын құралға айналды. Проблемалар - қолданушының қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру және компьютерлік ортада сәйкес жұмыс интерфейсін құру.

4-кезең (90 жылдардың басынан бастап) – ұйымаралық байланыстар мен ақпараттық жүйелердің қазіргі уақыттағы технологияларын құрылуы. Бұл кезеңнің проблемалары айтарлықтай көп. Солардың тоқталарлықтайлары:


  • Келісімдерді қалыптастыру және компьютерлік желілерге арналған стандарттар мен протоколдарды бекіту.
    Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) - барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.


  • Стратегиялық ақпаратқа кіруді ұйымдастыру

  • Ақпаратты қорғау мен қауіпсіздігін ұйымдастыру

1-кезең (60 жылдардың басынан бастап) есептеу орталықтарының ресурстарын орталықтандырылған ұжымдық пайдалануға бағытталған қиындаған операцияларды орындаудағы ақпаратты айтарлықтай эффективті өңдеумен сипатталады. Құрылып жатқан ақпараттық жүйелердің эффективтілігі бағасының негізгі критериі жасалуға кеткен шығындар мен өндірлу нәтижесінде үнемделген қаражаттар арасындағы айырма болды. Осы кезеңдегі негізгі проблема психологиялық болды: көзқарастары мен шешіліп жатқан поблемаларды ұғынуларының сәйкессіздігінен туындаған қолданушыларға арнап ақпараттық жүйелерді жасаған құрастырушылар мен қолданушылар арасындағы өзара әрекеттесудің нашарлығы.
Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады.

Осы проблемалар салдарынан, қолданушылар жаман қабылдаған және өздерінің үлкен мүмкіндіктеріне қарамастан қуаты толық пайдаланылмаған ақпараттық жүйелер құрылып жатты.

2-кезең (70 жылдардың ортасынан бастап) дербес компьютерлердің пайда болуымен байланысты. Ақпараттық жүйелерді құруға басқа қырынан келдік, бағыт дербес қолданушының қабылдайтын шешімдерін қолдау үшін соның жағына ауысады. Қолданушы құрастырылып жатқан жұмыстарына қызуғышылық танытады, құрастырушылармен қарым-қатынас жөнделеді, мамандардардың екі тобының арасында өзара түсіністік пайда болады. Бұл кезеңде бірінші кезеңге тән мәліметтерді орталықтандырылған және локальдық есептерді шешу мен қолданушының жұмыс орнындағы локальдық мәліметтер қорымен жұмыс істеуіне негізделген деорталықтандырылған өңдеу колданылады.

3-кезең (90 жылдардың басынан бастап) бизнестегі стратегиялық артықшылықтардың анализі түсінігімен байланысты және ақпаратты таратушылық өңдеудің телекоммуникациялық жетістіктеріне негізделген.

Ақпараттық жүйелердің мақсаты тек деректерді өңдеудің эффективтілігін арттыру мен басқарушыға көмектесу ғана емес. Сәйкесінше ақпараттық технологиялар ұйымға бәсекелестік қүреске шыдай алып, артықшылықты иемденуге көмектесу керек.

Бөлу белгісі – технологияның құрал-жабдықтар түрі

1-кезең (XIX ғасырдың екінші жартысына дейін) - «қолмен жасалған» ақпараттық технология, құрал-жабдығын қауырсын, сия, кітап құраған.

Коммуникация почта арқылы хаттарды, пакеттерді қолмен өткізу жолымен іске асырылды. Технологияның негізгі мақсаты – ақпаратты қажетті формада жеткізу.

2-кезең (XIX ғасырдың басынан бастап) - «механикалық технология», құрал-жабдығын жазу машинасы, телефон, диктофон, жеткізудің әлдеқайда жетілдірілген құралдарымен жабдықталған почта құраған. Технологияның басты мақсаты – ақпаратты қажетті формада бұрынғыдан ыңғвйлырақ құралдармен жеткізу.

3-кезең (ХХ ғасырдың 40-60 жылдары) - «электрлік» технология, құрал-жабдықтарын үлкен ЭЕМ мен сәйкес программалық қамтамасыз ету, электрлік жазу машиналары, ксерокстар, портативті телефондар құраған.

Технология мақсаты өзгерді. Ақпараттық технологиядағы екпін ақпараттың берілу формасынан оның мазмұнының қалыптасуына аударылады.

4-кезең (70 жылдардың басынан бастап) – «электронды» технология, негізгі құрал-жабдықтары үлкен ЭЕМ мен олардың негізінде құрылатын базалық және мамандандырылған программалық комплекстердің кең спектрімен жабдықталған автоматтандырылған басқару жүйелері (АБЖ) мен ақпараттық-іздеу жүйелері (АІЖ) болды. Қоғамдық өмірдің әртүрлі сферасының басқару ортасы, әсірісе аналитикалық жұмысты ұйымдастыру үшін ақпараттың мазмұндық жағын қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді. Көптеген объективті және субъективті факторлар ақпараттық жүйелердің жаңа концепциясының алдына қойылған есептерді шешуіне мүмкіндік бермеді. Бірақ басқару ақпаратының мазмұндық жағын қалыптастыру тәжірибесі пайда болды және технология дамуының жаңа кезеңіне өтуге кәсіптік, психологиялықәлеуметтік база дайындалды.

5-кезең (80 жылдардың ортасынан бастап) – «компьютерлік» («жаңа») технология, құрал-жабдығы қызметі әртүрлі стандартты программалық өнімдімдердің кең спектрін қамтитын дербес компьютер болып табылады. Бұл кезеңде белгілі бір мамандардың шешім қабылдауды қолдау жүйелерін жасауынан көрінетін АБЖ-рін дербестеу жүзеге асады. Бұндай жүйелер анализ бен басқарудың әртүрлі деңгейлеріне арналған интеллекттің әржақты элементтеріне ие, дербес компьютерде жүзеге асады және телекоммуникацияларды пайдаланады. Микропроцессорлық базаға көшуге байланысты тұрмыстық, мәдени және басқа да қызметтегі техникалық құралдар да айтарлықтай өзгеріске ұшырады.

Әр түрлі сфераларда глобальды және локальды компьютерлік желілер кеңінен қолданыла бастады.



Қазіргі технологиялық процестің ерекшеліктері

Материалдық өндірістің технологиялық процесін жүзеге асыру әртүрлі техникалық құралдар көмегімен іске асады; олардың құрамына: жабдықталу, станоктар, құралдар, конвейерлік түзулер және т.б.

Аналогия бойынша, ақпараттық процеске де арналған осындай бірнәрсе болу керек. Ақпарат өндірісінің бұндай техникалық құралдары осы процестің аппараттық, программалық және математикалық қамтамасыз етуі болып табылады. Олардың көмегімен алғашқы информацияның сапасы жаңа информацияға өңделуі жүреді.

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Осы құралдар ішінен программалық өнімдерді бөлек белгілеп алып, оларды құрал-жабдық деп, ал одан да анық болу үшін нақтылып, ақпараттық технологияның программалық құрал-жабдығы деп атаймыз.

Ақпараттық технологияның құрал - жабдығы – жұмыс істеу технологиясы қолданушы қойған мақсатқа жеткізе алатын компьютердің белгілі бір типіне арналған бір немесе бірнеше өзара байланысты программадық өнімдер.

Құрал-жабдық ретінде келесілерді пайдалануға болады: дербес компьютерге арналған программалық өнімдердің кең таралған түрлері; тексттік процессор (редактор), үстелдік баспалық жүйелер, электронды таблицалар, деректер базасын басқару жүйелері, электронды жазба кітаптары, электронды күнтізбелер, функционалдық қызметтегі ақпараттық жүйелер (қаржылық, бухгалтерлік, маркетингіге арналған және т.б.

Функционал - бір не бірнеше функцияға тәуелді болатын айнымалы шаманы білдіретін математикалық ұғым. Ол алғаш рет вариациялық есептеуде пайда болған. Берілген тұйық қисық сызықпен шектелген аудан, белгілі бір жол бойындағы күш өрісінің жұмысы, т.б.
), эксперттік жүйелер және т.б.

Ақпараттық технология ақпараттық процеспен сипатталады және жүзеге асырылады.

Технологиялық процесс – ақпаратты алғаннан сол ақапаратты өңдеудің нәтижесін алған уақытқа дейінгі орындалатын өзара байланысты іс-әрекеттердің реттелген тізбегі. Қазіргі ақпараттық технологиялық процесс есептеу техникасы мен мәліметтерді желілік өңдеудің коммуникациялық құралдарын енгізуге байланысты барлық негізгі кезеңдерді автоматтандыру әдістеріне негізделген.

Технологиялық процесс - бастапқы мәліметтен талап етілген нәтижеге жетудің реттелген, өзара байланысқан әрекеттер. Технологиялық процесс еңбек бұйымы күйінің өзгеруі мен анықталуына бағытталған әрекеттерді құрайтын, өндірістік процесстің бір бөлігі.

Технологиялық процесс келесі негізгі кезеңдерден тұруы мүмкін:



  • Ақпаратты енгізу

  • Деректерді бақылау және қателерді табу

  • Ақпараттық технологияның мүмкіндіктеріне сәйкес мәліметттерді түзету және форматтау

  • Мәліметтерді қолданушы сұранысы бойынша іздеу

  • Шешіліп жатқан есеппен сәйкес мәліметтерді өңдеу

  • Телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы ақпаратты жіберу

  • Қолданушылар сұраныстары бойынша ақпаратты беру

Ақпараттық технология сапасы үш негізгі құрамдас бөлік мінездемелерімен анықталады:

  • Аппараттық құралдар (компьютерлер, переферилі құрылғылар, арнайы жабдықтау, желі және басқа коммуникация құралдарының техникалық мінездемелері)

  • Программалық жабдықтау (желілік жәнелокальдық операциондық жүйелер, құрал-саймандық программалық құралдар, қолданбалы программалар)

  • Ақпараттың ерекшелігі (алу көздері және құралдары, көлеидері, берілу формалары т.б.).

Экономиканы басқаруда мақсаттарға жету үшін ақпараттық технологияны пайдалана отырып, техникалық, программалық және ақпараттық құрауыштардың мінездемелік ерекшеліктеріне көңіл аудару керек. Ақпараттық технологияны жүзеге асыратын техникалық құралдарды оқып зерттеу ерекшелігі - әрбір есептеу жүйесінің қайталанбайтындығы. Қолданушылар қажеттіліктерінің артуына және көлемі күрт өсіп келе жатқан ақпаратық фондыларды өңдеудің жаңа әдіс-тәсілдеренің пайда болуына сәйкес аппараттық құралдардың негізгі техникалық параметрлері, орташа алғанда, бір жарым-екі жылда екі есе артады. Осы себептер бойынша программалық қамтамасыз ету екі-үш жылда, ал стандарттар, интерфейстер, протоколдар базасы бес-жеті жылда бір рет ауысады.
1   2   3   4   5   6   7

  • Ақпаратттық технолгияларды жобалау негіздері Жаңа ақпараттық технологиялар
  • Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері
  • Қазіргі технологиялық процестің ерекшеліктері

  • жүктеу 1.22 Mb.