Главная страница
Контакты

    Басты бет


Ақпараттық және бұлттық технологиялар

жүктеу 73.07 Kb.



жүктеу 73.07 Kb.
Дата21.03.2017
өлшемі73.07 Kb.

Ақпараттық және бұлттық технологиялар



УДК 004.738.1

Ақпараттық және бұлттық технологиялар
Раимбаева С.А., Қайыпжанқызы С.
Қазіргі заманды есептеуіш техникасыз көзге елестету мүмкін емес. Ал қазіргі кезде компьютерді әрбір қызметкердің алдынан көре аламыз. Экономикалық тұрақсыздыққа байланысты көптеген басшылар IT-бөлімшелерге шығынды қысқартудан бастайды.

Қызметкер, жұмыскер - жұмысты еңбек шарты (келісімшарт) негізінде орындаушы, кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің ішкі еңбек тәртібіне бағынушы адам. Еңбек заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық шарттардың кез келгені бойынша (мердігерлік шарт, тапсырма, авторлық шарт бойынша) жұмыс атқарушы адам қызметкер болып саналмайды.

Компьютер (ағылш. computer - «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.

Экономика (гр. Οικονομία - үй шаруашылығын жүргізу өнері) - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, осыны даусыз шешуге мүмкіндік беретін құрал бар екендігіне көз жеткізуге болады. Бұл бұлттық технологиялар. Берілген технологияның концепциясы - бұл пайдаланушылар веб-сервис түріндегі компьютерлік инфрақұрылымға жалға алынған қатынасты алады. «Бұлт» деп пайдаланушыға көрінбейтін алшақ серверді(немесе серверлер тобы) айтады.

Сервер (ағылш. server) - файлдар, қалталар және компьютерлердің деректері сияқты деректерге ортақ қатынасуды, сондай-ақ желі пайдаланушыларына электрондық пошта қызметтерін қамтамасыз ететін компьютер.

Мұнда клиент сұранысын қанағаттандыруға қабілетті программалық қамсыздандыру қосылады. Алдымен бұлттық технологияның екі түрін – ашық және жеке деп айтуға болады. Бұлттық технологияларды шығындарды азайту мен тиімділікті көтеруді қарастыру үшін ашық «бұлттарды» бөлшектеп қарастыру қажет, өйткені оларға қатысты кәсіпорын қымбат құралдар мен программалық қамсыздандыруға қаржы бөлмейді, сонымен қатар барлық қажеттіліктерді бұлттық технологияларды ұсынушыға жүктейді[1]. Ашық бұлттарға қатынас кәсіпорын бақылауынсыз, қызметтерді сырттай ұсынушы арқылы жүзеге асады.

Жетістіктері:

Қолжетімділік. Ресурстарға қажетті байланыс каналы бар кез келген жерден, веб-браузер қойылған кез келген компьютерден қатынас жасауға болады.

Бұлттық есептеулер кемшіліктері:



  • Пайдаланушы иемденуші болып табылмайды және ішкі бұлттық инфрақұрылымға қатынас болмайды. Пайдаланушы мәліметтерінің сақталуы провайдерлер компаниясына тығыз байланысты.

  • Сапалы қызмет алу үшін пайдаланушының Интернетпен сенімді және тез қатынасы болуы қажет.

  • Интернетте провайдерге барлық мәліметтерді сақтауға ғана емес, өңдеу үшін де сенімді етіп тапсыруға болмайды.

    Пайдаланушы (Пользователь; user, subscriber) - 1) асқа жүйенің ресурстарын пайдаланатын программа немесе жүйе; 2) терминал(пернетақта мен экран) арқылы электрондық машинамен бірлесіп әрекет жасайтын адам.

    Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б.



  • Барлық қосымшалар, мысалы ақпаратты өңдеудің аралық кезеңдерін, сонымен қатар соңғы жұмыс нәтижесін де флэшкаға сақтауға мүмкіндік бермейді, өйткені онлайндық нәтижелер әр кезде де ыңғайлы емес.

Интернет желісіне үнемі қосылып тұруы қажет. «Бұлтқа» қатынас байланыс каналдары арқылы әр кезде қолжетімді емес болуы мүмкін. Сонымен қатар кәсіпорын ресурстары алшақ бақылаусыз серверде сақталады, демек ақпаратты кез келген адам пайдалануы мүмкін[1].

Жоғарғы оқу орнындағы қазіргі заманғы ақпараттық-техникалық жүйелері қолданылатын технологиялар мен шешімдер көптілігімен ерекшеленеді. Олардың ішіндегі ең маңыздысы біртұтас ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе. Оны пайдалану және ендіру жылдан-жылға жаңарып жатқан ақпараттық техникалық саланың қажеттілігіне сәйкес келуі екіталай. Өйткені қолданылатын ақпараттық технологиялар және техникалық құралдар пайдаланбастан бұрын ескіріп кетіп жатыр.

Ресурстар (французша ressourse - құрал-жабдық, мүмкіндік), босалқы қорлар - табыс, ақшалай және басқа қаражат, құндылықтар мен олардың көздері.

Ақпарат технологиясы Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Сондықтан бүгін ең алдыңғы қатарлы ақпараттық-техникалық салаға бағдарлану маңызды. Қазіргі кездегі ақпараттық-техникалық бағыттардың маңыздысы болып бұлттық есептеуіш жүйелер технологиясы жатады. Бұл жүйелерді пайдалану біріктірілген есептеуіш ресурстарға талап бойынша ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етеді. Мұндай ресурстарға мысалы, мәліметтерді тасымалдау желілері, серверлер, мәліметтерді сақтау құрылғылары, қосымшалар мен сервистері жатады. «Бұлт» термині Интернеттің ұқсас суреттемелері, қандай да бір желілер, немесе барлық техникалық бөлшектері жасырынған күрделі инфрақұрылым бейнесі –«қара жәшік» аналогы негізіндегі метафора ретінде пайда болды.

Бағдарлану (орыс. ориентирование) - бағыныштыларға жағдайды дүрыс тусінуге және жауынгерлік міндеттерді орындауға уақытында дайындалуына көмек корсету мақсатында жоғарғы басшынық аркыны (штаб) берілетін, алда тұрған жауынгерлік міндеттер, ұрыстық жағдайда іс-қимылдарды жүргізуде жаңа құралдарды колдануды немесе әдіс-тәсілдерді колдану туралы ақпарат.

Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Бұлттық есептеуіш жүйелер ақпараттық технологиялар инфрақұрылымына шығынды қысқа мерзімді, сонымен қатар ұзақ мерзімді жоспарларда азайтуға мүмкіндік береді және де бұлттық қызметінің есептеуіш икемділігінің қасиеттерін қолдана отырып, есептеуіш қажеттіліктерінің өзгерістеріне икемді түрде әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде бұлттық есептеулер көбінесе шетелде дамуда. 2011 жылы АҚШ стандарттар және технологиялар ұлттық институты «he NIST DefinitionofCloudComputing» (NIST SpecialPublication 800 – 145) құжатын өңдеді. Мұнда бұлттық есептеулердің бес міндетті мінездемелері, оларды өрістетудің төрт моделі және оларды ұсынудың үш моделі көрсетілген.

Бұлттық есептеулер мінездемелері:

1.  Талабы бойынша өзіне-өзі қызмет ету – пайдаланушылар есептеуіш қажеттіліктерін, мысалы серверлік уақытты, қатынас жылдамдығы мен мәліметтерді өңдеу, ақпараттық орталықтар уәкілдерінің іс-әрекетінсіз сақталатын мәліметтер көлемін жеке анықтайды және өзгертеді.

2. Желі бойынша әмбебап қатынас – қолданылатын терминалды құрылғыға тәуелсіз, желі бойынша мәліметтерді тасымалдау пайдаланушыларға қолжетімді қызметтер(мысалы, ұялы телефоннан, планшеттен, ноутбук немесе дербес компьютерден).

Терминал (Terminal) - өзгертулер немесе операторлардың есептеуіш жүйелермен өзара әрекетін қамтамасыз ететін құрылғы; компьютер желілерінде - мәліметтерді жіберуші немесе қабылдаушы болып табылатын құрылғы; пернетақта мен дисплейден тұратын және компьютер (немесе есептеу жүйесімен) ақпарат алмастыру арнасының шетінде орналасқан, әдетте, көп пайдаланушылар жүйесінде қолданылатын енгізу-шығару құрылғысы. Мәлімет өңдеу жүйелерінде және автоматтандырылған басқару жүйелерінде мәлімет енгізу және шығару үшін қолданылады.

Ұялы телефон - радиожелі арқылы байланыс жасауға арналған құрал.

3. Ресурстарды біріктіру – көп пайдаланушыларға қызмет ету үшін ресурстарды біріктіретін ақпараттық орталықтар.

4. Икемділік – қызметтер ақпараттық орталықпен өзара әрекеттестігі автоматты түрде қосымша шығынсыз кез келген уақытта берілуі, кеңейтілуі, тарылуы мүмкін.

5. Тұтынуды есептеу - ақпараттық орталықтар автоматты түрде абстракцияның(мысалы, сақталатын мәліметтер көлемі, өткізгіштік қабілеті, транзакциялар саны) анықталған деңгейінде тұтынылған ресурстарды есептейді, және осы мәліметтер негізінде пайдаланушыларға көрсетілген қызметтер көлемін бағалайды[1].

ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,

Қорытындылай келгенде, егер кәсіпорын ақпараттық технологияларға тәуелді болып, оларды белсенді түрде пайдаланса, онда бұлттық технологияларды енгізу шығындарды азайтады, сөйтіп, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырады.

Бұлттық технологияларды беру модельдері: 1. Программалық жасақтама қызмет ретінде(SaaS) – бұл пайдаланушыларға бұлттық инфрақұрылымда жұмыс істейтін ақпараттық орталықтардың қолданбалы программалық жасақтамаларын пайдалануға мүмкіндік беретін және әртүрлі клиенттік құрылғылар немесе клиенттер арқылы қолжетімді модель, мысалы браузерден (веб-пошта және т.б.), немесе программа интерфейсі.

Интерфейс (Interface-inter-өзара, і face-бет жағы) - 1) программалаушылардың кәсіптік тілінде - өзара әрекеттесу "жазықтығы", пайдаланушы мен компьютердің қарым-қатынасы, яғни екі жүйенің немесе адам мен компьютердің өзара мәліметтер алмасуын жасақтайтын аппараттық-программалық құралдардың жиынтығы; 2) есептеуіш жүйе құрылғыларының не (немесе) программалардың өзара әсерлесуін жасақтайтын құралдар мен ережелер жиынтығы; есептеуіш жүйедегі құрылғыларды үйлестіру немесе жүйелер арасында үйлестіруге пайдаланылатын үйлестіргіш техникалық және программалық құралдар жиынтығы; жүйелердің, құрылғылардың немесе программалардың екі арасын бөлу шекарасы; екі қызметтік құрылғының және олардың қосылу, алмасу сигналдары және т.б. сипаттамаларымен анықталған шекарасы; 3) ішкі программаға басқаруды беру мен бастапқы программаға қайту процедурасы туралы сипаттамалар мен келісімдер жиынтығы.

Бұлттың негізгі физикалық және виртуалды инфрақұрылымын, соның ішінде желілерді, серверлерді, операциялық жүйелерді, қосымшаларды сақтау немесе жеке мүмкіндіктерін басқару бұлттық ақпараттық орталықтармен жүзеге асырылады.

2. Платформа қызмет ретінде (PaaS)  - пайдаланушыларға базалық программалық жасақтаманы оған жаңа немесе қолда бар қосымшаларды орналастыру үшін бұлттық инфрақұрылымды пайдалануға мүмкіндік беретін модель. Мұндай платформа құрамына бұлттық ақпараттық орталықтар ұсынатын, қолданбалы программалық жасақтаманы жасаудың, тестілеудің және орындаудың инструменталды құралдары кіреді. 3.

Физика (көне грекше: φύσις - табиғат) - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

Платформа Платформа (фр. plate – жайпақ, forme - форма) - геологияда қозғалмалығы біршама аз, жазық немесе үстірт тәрізді бедерлі, екі жікқабатты құрылымдық қабаттан – іргетастан және шөгінді тыстан тұратын жер қыртысының кең ауқымды атырабы.

 Инфрақұрылым қызмет ретінде (IaaS) бұлтты мәліметтерді сақтаудың және өңдеудің ресурстарын, желілік және басқа да есептеуіш ресурстарын өз бетінше басқару үшін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, пайдаланушылар кез келген программалық жасақтаманы қоюға және орындауға, операциялық жүйелерді, мәліметтерді сақтаудың виртуалды жүйелері мен қойылған қосымшаларды бақылауына, сонымен қатар қолжетімді сервистерді шектеуді бақылауына болады.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.

Бұлттық қызметтерді ұсынатын NIST SpecialPublication 800 – 145 модельдерінен басқа бүгінгі таңда аппараттық жасақтауды қызмет ретінде, жұмыс орнын қызмет ретінде, қауіпсіздікті сервис ретінде қамтамасыз ету қажет[3].

Бұлттық есептеулерді тарату модельдері:

1. Дербес бұлт – бұл бір ұйымдағы пайдаланушылармен, сонымен қатар берілген ұйымның клиентері де қолдануға арналған инфрақұрылым. Дербес бұлт ұйымның өз басқаруында да және басқа ұйым жекешелігінде бола алады.

2. Қоғамдық бұлт – бұл жалпы мақсаттары бір бірнеше ұйым пайдаланушылары қолдануға арналған инфрақұрылым түрі.

Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады.

Қоғамдық бұлт бір немесе бірнеше ұйым кооперативті жекешелігінде басқарылуында болуы мүмкін.

3. Көрермендік бұлт – бұл барлық қалаған пайдаланушыларға арналған инфрақұрылым. Көрермендік бұлт кез келген ұйым жекешелігінде басқарылуы мүмкін.

4. Гибридті бұлт – бұл айырықша объектілер болып қалатын, бірақ мәліметтер мен қосымшаларды берудің стандартты және дербес технологиялары арқылы байланысқан, бір немесе бірнеше әртүрлі бұлттық инфрақұрылым комбинациясы.

Жоғары оқу орнында және орта мектепте бұлттық технологияларды тиімді пайдалану үшін осы технологиялардың барлық ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұлттық инфрақұрылымдар жоғары оқу орнындағы және мектептегі қазіргі заманғы IT-жүйелері алдындағы мәселелерді оңай шешуге мүмкіндік береді.

Бұлттық есептеулерді қолданғанда, ақпараттық технологияларды пайдаланушылар – мәліметтерді өңдеу орталықтарын құру, серверлік және желілік құралдарды сатып алу, үздіксіздік пен жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету бойынша аппараттық және программалық шешім қабылдауда капиталдық шығындарды азайтады, өйткені бұл шығындар бұлттық қызметтер провайдерімен алынады. Бұлттық есептеулерді қолданғанда тұтынушы шығындары операциялық жағынан ығысады – осылай бұлттық провайдерлер қызметінің төлем шығындары жіктеледі. Қазіргі таңда жоғары оқу орындары мен мектептерде жеке ақпараттық техникалық қызметтермен үздіксіз жасақтау мәселесі тұр. Осы мәселені шешу үшін ұйымдастыру және техникалық есептер жиыны қажет[2].

Білім берудегі бұлттық технологияларды пайдалану мысалы ретінде электронды күнделіктер және журналдар, оқушылар мен оқытушылар үшін арналған кабинеттер, интерактивті қабылдаушылар және т.б. Бұл және де оқушылар ақпарат алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тематикалық форумдар. Бұл және де нақты мәселелерді шешуде оқушылар оқытушысыз немесе оның жетекшілігімен ақпаратты іздеуіне болады.



Ол үшін төмендегі құралдарды пайдалануға болады:

  • Электрондық оқулықтар;

  • Тренажерлер;

  • Болжамдық, тестілік және оқытушы жүйелер;

  • Қолданбалы және инструменталды программалық құралдар;

  • Зертханалық кешендер;

  • Мультимедия-технологиялар базасындағы жүйелер;

  • Телекоммуникациялық жүйелер(мысалы, электронды пошта, телеконференция, электронды кітапханалар және т.б.

    Телеконференция (ағылш. Теlеconference) - пайдаланушылардың сөздік, мәтіңдік және бейнеақпараттарын өндеу және тарату негізіндегі қарым-қатынас мақсатында қолданылатын желі қызметтерінің интегралдық жиынтығы.

    Кітапхана Кітапхана - мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

    )

Бұлттық технологиялардың арқасында үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және олармен басқа пайдаланушылармен бөлісуге болады. Қазіргі заманда бұлттық технологияларды пайдалану заман талабына сай болуды көздейді.
Әдебиеттер

        1. Клементьев, И.П., Устинов, В.А. Введение в облачные вычисления. [Электронный ресурс] / - Режим доступа: http://www.intuit.ru/department/se/incloudc/0//. Дата обращения: 16.04.2012.

        2. Облачные вычисления преобразуют сферу образования. [Электронный ресурс] / - Режим доступа: http://mobiledevice.ru/oblachnie-vichisleniia.aspx. Дата обращения: 16.04.2012.

        3. Что такое облачные вычисления. [Электронный ресурс] / - Режим доступа: http://www.thg.ru/technews/20111002_151200.html. Дата обращения: 18.04.2012.


жүктеу 73.07 Kb.