Главная страница
Контакты

    Басты бет


«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының (жаңа редакция) ТҰжырымдамасы

жүктеу 353.02 Kb.



жүктеу 353.02 Kb.
бет2/3
Дата21.03.2017
өлшемі353.02 Kb.

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының (жаңа редакция) ТҰжырымдамасы


1   2   3

3. Заң жобасын қабылдау мақсаты

Заң жобасын қабылдау мақсаты оны ұйымдастырудың заманауи халықаралық стандарттарға жауап беретін тиімді жүйесін заңнамалық енгізу арқылы қазақстандық қоғам ақпараттандыруының әрі қарай дамуын қамтамасыз ету болып табылады, оның ішінде келесі мақсаттарды шешуге бағытталады:

- ІТ-аутсоринг пен бұлттық есептеулерді қоса алғанда, мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың жаңа үлгісін заңнамалық тұрғыдан бекіту;

- ақпараттандыру саласындағы дамытуды мемлекеттік қолдау институтын заңнамалық тұрғыдан бекіту;

- ақпараттандыру саласындағы халықаралық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты заңнамалық тұрғыдан реттеу;

- «электрондық үкімет» құрылысының құқықтық базасын қалыптастыру;

- мемлекет қызметі салаларын ақпарттандыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын регламенттеу;

- ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді регламенттеу бөлігінде одан әрі жетілдіру және өзекті ету болып табылады.


4. Заң жобасының реттеу нысанасы

Ақпараттандыру объектілерін құру, пайдалану және қорғау, сондай-ақ ақпараттандыру саласын дамытуды мемлекеттік реттеу кезінде субъектілер арасында туындайтын қоғамдық қатынастар заң жобасының реттеу нысанасы болып табылады.


5. Заң жобасының құрылымы

Тақырыбы – «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Кіріспе

1-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу негіздері

1-тарау. Жалпы ережелер

Тарау ҚР-ның ақпараттандыру саласындағы заңының, заңнамасының терминологиясына, ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу қағидаттарына қатысты жалпы нормалар мен ережелерді қамтиды.

Қағида немесе принцип (лат. principim – принцип; негіз, алғы бастама) - белгілі білім жүйесінің түп-негізі, алғы бастамасы, абстрактылы түрдегі ең қысқа жалпылама мазмұны. Ғылыми танымда идея, теория, әдіс сияқты таным түрлерімен өзара байланыста тұжырымдалады.



2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқару

Тарауда:


  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, уәкілетті органның, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыреті;

  2. ақпараттандыру саласындағы негізгі субъектілердің: «Зерде» ҰАКХ АҚ-ның, ақпараттандыру саясаты бағыттары операторларының өкілеттіктері.

3-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат

Тарауда мемлекеттің қызметтің білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, мәдениет жіне басқа да салаларында ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын белгілейтін ережелер қамтылады.



4-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтары мен міндеттері және оларды іске асыру тәртібі

Тарау:


1) ақпаратқа қол жеткізу құқығы мен оны іске асыруға;

2) жеке деректер мен олардың қорғалуына;

3) жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы құқықтары мен міндеттеріне қатысты нормалар қамтиды.
2-бөлім. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым

5-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар

Тарау электрондық ақпараттық ресурстардың құқықтық режимін және түрлерін; оларды әзірлеуге, пайдалануға, өңдеуге, сақтауға және резервтік көшірмелерді дайындауға қойылатын талаптарды;

Резерв (лат. reservo - сақтаймын, жинаймын), Сақтық қор - тауарлардың, ақшалай қаражаттың, шетелдік валютаның, т.б. қажет бола қалған жағдайға арналған қосалқы қоры; пайдалануға аса қажеттілік туған жағдайда жұмсау үшін сақталатын ресурстар алынатын бастау көз, қор.

электрондық ақпараттық ресурстардың өзара іс-қимылы негіздерін айқындайды.



6-тарау. Ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары

Тарау ақпараттық жүйелердің құқықтық режимін және түрлерін; ақпараттық жүйелерді құру, оларға қолжетімділік, оларды пайдалану және олардың өзара іс-қимылы мәселелерін; ақпараттық жүйелерді қамтамасыз етудің тех нологиялары мен құралдарына, сақтауға және резервтік көшірме жасауға қойылатын талаптарды регламенттейді.



7-тарау, «Электрондық үкімет» және «электрондық әкімдік»

Тарауда электрондық үкіметтің құқықтық мәртебесі мен құрылысы, электрондық үкіметті қалыптастыру кезінде бұлттық есептеулерді пайдалану бекітілген.



8-тарау. Электрондық қызмет көрсетулер

Тарау электрондық қызмет көрсетулер түрлерін, мемлекеттік емес электрондық қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды, электрондық қызметтер көрсету, өтеулі электрондық қызметтерге ақы төлеу, электрондық қызметтер көрсетуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қағидаларын, сондай-ақ мемлекет қатысатын компаниялардың қызметтер көрсетуін электрондық нысанға көшіру жөніндегі талапты айқындайды.



9-тарау. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Тарауда ақпараттық технологиялар саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мақсаттар, субъектілер, қорғау шаралары, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қойылатын талаптар көзделеді.


3-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу

10-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тіркеу, реттеу және бақылау

Тарауда мынадай мәселелер реттеледі:

1) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімді қалыптастыру және жүргізу;

2) депозиттеу және депозитарийді жүргізу;

3) ақпараттандыру саласындағы стандарттау, сертификаттау, аудит, аттестаттау;

4) ақпараттандыру саласындағы жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің сараптамасы.



11-тарау. Ақпараттандыру саласындағы дамытуды мемлекеттік қолдау

Тарауда ақпараттық технологиялар саласындағы ұлттық даму институтының мәселелері, ақпараттандыру саласындағы дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ ақпараттандыру саласындағы дамытуды ғылыми, кадрлық және өзге де қамтамасыз ету регламенттеледі.



12-тарау. Ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық

Тарау Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының негіздерін қалыптастыруға, ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жоспарлауға, ұйымдастыру мен іске асыруға, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру мәселелері бойынша шет мемлекеттермен өзара іс-қимылды үйлестірудегі рөліне арналған.



13-тарау. Қорытынды ережелер

Тарау Қазақстан Респубикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық мәселелерін қамтиды, сондай-ақ заңды қолданысқа енгізу тәртібін белгілейді.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң тараулары реттелетін қатынастардың біртектестік белгілері бойынша бөлімдерге біріктірілді.
6. Заң жобасы қабыланған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасын қабылдаудың салдарлары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қыркүйектегі № 983 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілген.

Стратегия гр. strategia - әскер кіргізу - қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам (кәсіпорын, партия) дамуының нақты кезеңінің нақты жағдайларынан туындайтын жалпы жоспары, белгілі бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қаражат пен ресурстарды пайдалану тәсілі.

Осы заң жобасын қабылдау ақпараттандыру саласындағы заңнамалық базаны жетілдіру түрінде оң құқықтық саллдарға алып келеді, ол ақпараттандыру объектілері мәртебесінің, оларды қалыптастырудың, қорғаудың және дамытуды қолдаудың, ақпараттандыру субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың және қамтамасыз етудің, осы саладағы өздерінің өкілеттіктерін іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың, әлеуметтік институттар мен пайдаланушылардың өзара іс-қимылының жекелеген заңдық мәселелерін нақтылаудан көрінеді, мемлекеттік органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді.

Заң жобасын қабылдаудың оң әлеуметтік-экономикалық салдарлары бюджет қаражатн үнемдеу, ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалану, ақпараттандыру саласындағы қызмет көрсетулер мен тауарлардағы қазақстан қамту үлесін ұлғайту, бәсекелестікті арттыру және ақпараттандыру нарығын дамыту, ақпараттандыру саласында және экономиканың сабақтас салаларында ғылыми-техникалық прогресті одан әрі дамыту, мемлекеттік органдардың уақыттық және әкімшілік шығыстарын қысқарту, Қазақстанда ІТ-саласын дамыту түрінде көрінеді.


7. Басқа да заңнамалық актілерді әзірленіп отырған заң жобасымен бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі

Заң жобасын қабылдау Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерін оның ережелеріне сәйкес келтіру қажеттігіне алып келеді:

1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;

Қылмыстық кодекс (ағылш. criminal code, нем. Strafgesetzbuch it, орыс. уголовный кодекс) - бірыңғай, жүйеленген заңнамалық акт, қылмыстық заң.

3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;

4. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім);

5. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;

6. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

7. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

9. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы;

10. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

11. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

Таңба (знак; character, symbol) - есептеуіш техникасында қолданылатын алфавиттің жеке символы. Арифметикалық амалдар таңбасы (знак арифметической операции; arithmetic operation character) - арифметикалық амалдарды анықтайтын алфавит белгісі (әдетте, +,-,*,/ ).

12. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

13. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы;

14. «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

15. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

16. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы;

17. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы;

18. Лицензиялау туралы 2007 жылғы 11 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

Лицензия (лат. licentia - рұқсат, құқық), рұқсатнама – экспортты‚ импортты және валюта қозғалысын бақылау мақсатымен экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыруға мемлекет беретін рұқсат. Мемлекеттік органдар әлдебір саладағы қызметпен аиналысу құқығын беретін рұқсат.

19. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

20. «Ұлттық қауіпсіздік туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

21. «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
8. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді пайдаланудың және қорғаудың қағидалары мен тәртібін қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.

Қазіргі кезде заң жобасы мәселелері көбінесе «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен мынадай жекелеген заңнамалық актілермен регламенттеледі:

«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.


9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

9.1. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу

ТМД елдерінде де Қазақстан Республикасындағы сияқты ақпараттандыру саласындағы қатынастарды реттеу мәселесі кешенді болып табылады, бірнеше құқық саласына жатады және заңға қосымша бірталай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Ресейде азаматтардың ақпаратқа құқығын заңнамалық тұрғыдан реттеу міндеті көптеген жағдайда «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» 2006 жылғы 27 шілдедегі Ресей Федерациясының Федеральдық Заңымен шешіледі.

«Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» РФ Федеральдық Заңы ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен оларды қамтамасыз ету құралдарын жасау және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпаратты және ақпараттық процестер мен ақпараттандыруға қатысатын субъектілердің құқықтарын қорғау кезінде туындайтын нақты ақпараттық қатынастарды регламенттейді.

«Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» РФ Федеральдық Заңы жеке деректерді (азаматтар туралы ақпаратты) құпия ақпарат санатына жатқызды.

Заң азаматтардың мен ұйымдардың олардың өздеріне қатысты ақпаратқа қол жеткізуін регламенттейді: олар мұндай ақпаратқа қол жеткізіп қана қоймай, бұл ақпаратты кім және қандай мақсатты пайдаланатынын немесе пайдаланғанын білуге құқылы, оны нақтылап, тегін пайдалана алады.

Заңда ақпаратты қорғауға, сондай-ақ ақпараттық процестер мен ақпараттандыру саласындағы субъектілердің құқықтары мен міндеттеріне көңіл бөлінген.

2011 жылдың аяғында Ресей Федерациясында «Ашық үкімет» атты жаңа интернет-портал іске қосылды, онда шенеуніктер, сарапшылар мен қарапайым азаматтар әртүрлі заң жобаларын талқылап, редакциялай алады, бұл, өз кезегінде, мемлекеттік органдар жұмысының нақты ашықтығы мен айқындығын көрсетеді, сондай-ақ демократиялық мемлекеттің негізгі идеясы – халықтың ел өміріне қатысуын орындайды.

«Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» 2008 жылғы 10 қарашадағы Беларусь Республикасының Заңы тұжырымдалық және құрылымдық жағынан Ресей заңнамасына сәйкес келеді.

Осы Заң, «Ақпарат, ақпараттық технологиялар және ақпаратты қорғау туралы» РФ Федеральдық Заңы сияқты үш объектіге - ақпаратқа, ақпараттандыруға (ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер мен желілер) және ақпаратты қорғауға байланысты қатынастарды реттейді. Құқық қатынастарының субъектілері ақпарат иеленушілер, ақпаратты, ақпараттық жүйелер мен желілерді пайдаланушылар, бағдарламалық техникалық құралдардың, ақпараттық ресурстардың, желілер мен жүйелердің меншік иелері, иелері, ақпараттық желілердің операторлары, ақпараттық делдалдар ретінде әрекет ете алады.

БР Заңы ережелерінің ішінде:

- Ұлттық ғылым академиясының өкілеттіктерін бекітуді;

Ғылымдар академиясы - ғылыми-зерттеу мекемесі немесе ғылыми-зерттеу мекемелерін біріктіретін қоғамдық ұйым. Ғылым академиясына ұқсас мекемелер б.з.б. болған (қ. Академия). Ал Еуропада 15–16 ғасырларда көптеген ғылыми қоғамдарға академия атауы берілген.

- ақпарат иеленушінің, ақпараттық делдалдың, ақпараттық желі иесінің ол орынсыз деп есептейтін ақпаратты нақты пайдаланушының алуын болдырмау жөнінде шаралар қолдану міндетін атап өту керек.

ТМД елдері кеңістігінде құқықтық ақпараттандыру дамуының жалпы үрдісі ақпаратты ұсыну нысандары мен тәсілдерін жетілдіру, барлық мүдделі адамдардың құқықтық сипаттағы да, әлеуметтік бағыттағы да ақпаратқа қолжетімділігін кеңейту болып табылады.

Қазіргі кезде әлемде ақпаратты ұсыну технологиясы мен үдерісін ұйымдастырудағы өзгерістер байқалуда. Пайдаланушылардың құқықтық ақпаратқа да, билік және мемлекеттік басқару органдарының қызметі туралы ресми ақпаратқа да қол жеткізу ұсыну кезінде берілетін мүмкіндіктерді ұлғайту жалпы үрдіс болып табылады.

Ақпараттық сұрауларды тез өңдеуді және ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бұлттық есептеу технологияларын қолдану саласы да ұлғаюда.

Тұтастай алғанда, заң жобасының ұсынылып отырған құрылымы пост кеңестік кеңістіктегі ұқсас заңнан ауқымды екенін және қоғам мен мемлекетті ақпараттандырудың барлығына дерлік аспектілерін қамтиды.

9.2 Электрондық үкіметті дамыту (e-government)

Әлемнің әртүрлі өңірлері мен елдеріндегі электрондық үкіметтерді құру тәжірибесін талдай отырып, Америкада, Еуропа мен Азияда іс жүзінде іске асырылған негізгі үш құрылыстық моделді бөліп алу қабылданған. Оларды шартты түрде: оның АҚШ-тағы қалыптасу ерекшелігін көрсететін американдық модел; оның шеңберінде батыс, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігінде электрондық-мемлекеттік құрылымды дамыту жүзеге асырылатын еуропалық модел және Сингапур мен Оңтүстік Кореяда мейілінше табысты іске асырылып жатқан азия моделі деп атауға болады.

Америка (ис. América, порт. América, фр. Amérique, кеч. Amirika, айм. Amërika, нидер. Amerika) - Америка-батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі ең үлкен арал-Гренландия және тағыда басқа жағалауға жақын аралдар кіреді.

Еуропа (гр. Ευρώπη, семит тілінің “эреб” - “батыс” сөзінен шыққан, Ежелгі Грекияда Эгей теңізінің батысындағы жерлер осылай аталған) - Еуразия құрлығының батысын алып жатқан дүние бөлігі. Азиямен бірге Еуразия құрылығын құрайтын әлем бөлшегі.

Еуропа моделі мемлекеттік институттар – Еуропарламент; Еурокомиссия, Еуропа сотының болуымен сипатталады, олардың ұсынымдары Еуропалық Одаққа барлық мүше елдердің орындауы үшін міндетті.

Еуропа одағы (Еуроодақ, ЕО) - Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі.

Электрондық үкіметтің америкалық моделі АҚШ-та және Канадада дамыған. Оны АҚШ-та құру бағдарламасы, бірінші кезекте азаматтар мен бизнес өкілдерінің мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимылын оңайлату және арзандату, сондай-ақ олар арқылы азаматтармен тікелей қатынасу мүмкіндігін жасау мақсаттарын ұстанады. Америка үкіметі бірте-бірте елдегі ақпараттық технологиялардың, бағдарламалық құралдардың аса ірі тұтынушысы болып келеді. Оның жоғары технологиялық шешімдерге арналған шығыстары жылына 40–50 млрд. АҚШ долларына бағаланып отыр.

Доллар (ағылш. dollar) - Америка Құрама Штаттарының, Канаданың (Канада доллары), Аустралияның (Аустралия доллары) мемлекеттік қазыналық билеті. Басқа елдерде де (Жаңа Зеландия, Либерия, Эфиопия, Малайзия, Сингапур, Гайана, Ямайка, Тобаго және Гондурас, Гонконг) қолданылады.

Қазіргі уақытта АҚШ-тың федеральдық үкіметі мыналарға:

1) мемлекеттік мұқтажды қанағаттандыру үшін тауарлар жеткізу мен көрсетілетін қызметтердің конкурстық электрондық сауда-саттығына;

2) халықтың үкіметтік және өзге де әкімшілік ақпаратына қол жеткізуіне;

3) смарт-карталарды, оның ішінде оларды федеральдық үкіметте пайдалануға;

4) әртүрлі міндеттерді шешуге, атап айтқанда үкіметтік интернет-ресурстар арқылы ресми құжаттарды алуға; салықтарды төлеуге, халыққа мемлекеттік аппараттың жұмысы туралы статистикалық ақпаратты т.б. ұсынуға;

5) медицина мен денсаулық сақтауда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қолдануына айрықша назар аударып отыр.

Үкіметтік стратегия сервистің барлық электрондық түрлерін дамыту мен пайдалануды көздейді, ол Интернет, ұтқыр байланыс, цифрлық телевидение, шақырушыларға қызмет көрсету орталықтары арқылы қызметтер ұсыну мүмкіндігін білдіреді.

Телевидение (τήλε - грек тілінен аударғанда "алыс", ал video - латын тілінен аударғанда "көремін" дегенді білдіреді; жаңа латын тілінде televisio - алыстан көру дегенді білдіреді), телекөрініс – қозғалмалы бейнелерді радиоэлектронды құрылғылардың көмегімен тарататын техника саласы.

Әзірленген электрондық үкіметті дамыту стратегияға сәйкес е-government дамытудың басты мақсаттарының бірі азаматтардың әртүрлі үкіметтік агенттіктердің функцияларына қол жеткізуі және артық қызметтер мен ведомстволарды ұстауға кететін шығыстарды азайту үшін олардың бір функцияларының қайталануы ауқымын азайту, ал келешекте толықтай түбірімен жою болып табылады.

Азия моделі басқарудың ерекше мәнеріне, корпоративтік мәдениеттің азиялық үлгісіне және сатылық пирамида қағидаты бойынша ұйымдастырылған мемлекеттік басқарудың көпқабатты жүйесіне сүйенеді.

Сингапурдағы үкіметтік қызметтердің бүгінде айтарлықтай көлемі онлайн жүйесі арқылы қол жетерлік, олардың кейбіреулері Сингапур ОДИН бағдарламасы арқылы ұсынылады. Үкімет азаматтардың үйдегі немесе жұмыстағы компьютерлерінен өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта электрондық үкімет қызметтеріне қол жеткізуін көтермелеп отырады. Электрондық үкіметтің басты бағдарламаларының бірі «Электрондық азамат» (e-Citizen) болып табылады, ол бұрын әртүрлі үкіметтік ведомстволар беріп келген ықпалдасқан қызметтер пакетін ұсынады. Сингапурдың негізгі басымдығы бытыраңқы үкіметтік жүйелерді үкіметтік қызметтерді ұсынудың бірыңғай порталына біріктіру болып табылады. Сингапур үкіметінің бұрын әртүрлі министрліктері мен ведомстволары ұсынған қызметтері енді «электрондық үкімет» бағдарламасы шеңберінде үкіметтің бірыңғай интернет-ресурсында беріледі.

Сингапурдің электрондық үкіметін дамыту мақсаттарын іске асыру үшін Үкіметтің Іс-қимылдар жоспары әзірленді, ол электрондық үкіметтің стратегиялық мақсаттары мен стратегиялық бағдарламаларын қамтыды. Қазіргі кезде Сингапурдың жоғарыда аталған стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудің барлығы алты стратегиялық бағдарламасы айқындалған:

1) ілімдерге негізделген жұмыс ортасы; барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер ақпараттық-техникалық тұрғыдан сауатты және жұмыс үдерістерін жақсарту, қызметтер көрсету және командада жұмыс істеу үшін АКТ басымдықтарын пайдалануы тиіс;

Команда (command, instruction) - 1) программалау тілдерінде - кез келген операцияны орындауды және оған керекті мәліметтерді (операндыны) бейнелейтін өрнек; компьютер атқаруға тиіс операция сипаты; 2) ақпаратты өңдеу процесіне байланысты атқару құрылғысында жүйенің белгілі бір операцияны орындауын талап ететін басқару сигналы; 3) программа орындау процесінің адымын анықтайтын ұйғарым.

2) электрондық қызметтер көрсету: техникалық жағынан электрондық нысанда көрсетілуі мүмкін немесе ықтимал сапаны жақсарту үшін электрондық арналар пайдаланылуы, барлық үкіметтік қызметтер электрондық нысанда көрсетілуі тиіс;

3) технологиялық эксперименттер: олар мемлекеттік органдардың барынша тез өзгеріп жатқан техникалық жағдайларға ықпал етіп, дұрыс емес шешімдерге ірі инвестициялар салудың ықтималдығын төмендететін болады;

4) шұғыл тиімділікті жақсарту: компьютерлік жабдық қазіргі заманғы болуы тиіс;

5) бейімделетін, бірақ мықты IT-инфрақұрылымы: телекоммуникациялардың, радиотехнологиялар мен ақпараттық технологиялардың тез конвергенциясы барынша төмен шығындары бар желілік үкімет үшін мүмкіндіктерге жол ашты. Ойластырылған, жақсы әзірленген, сенімді және ұлғаймалы инфрақұрылым электрондық үкімет бастамаларын қолдаудың қажетті элементі болып табылады;

6) АКТ саласындағы білім беру: АКТ саласындағы білім беру бағдарламалары компьютерлік жүйелер мен қосымшаларды зерделеуде ғана емес жұмыс үдерістері мен мемлекеттік қызметтер көрсетуді жақсарту үшін АКТ-ны пайдалану ілімін береді. Дегенмен, Сингапурдың Электрондық үкіметін дамыту жоспары мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде елеулі түрде үйлестіруді талап етеді.

Электрондық үкіметті дамыту шеңберінде Сингапур The Government Cloud (G-cloud) атты мемлекеттік бұлтты жабық сервисін іске қосу үстінде, ол жаңа бағдарламаларды қолдауға, мемлекеттік құрылымның түрленуін жеделдетуге бағытталған. Бұдан өзге үкіметтік ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы шығындарды оңтайландыру және азайту үшін барлық мемлекеттік органдардың құрылысының бірыңғай тұжырымын дамыту жүріп жатыр.

Жаңа даму бағдарламасы әлеуметтік желілерді пайдалануды да көздейді, өйткені тұрғындардың жартысынан астамы танымал әлеуметтік желілерде тіркелген, оның үстіне олар мемлекеттік органдардың жұмысында да қолданылады.

Ұсынылған бағдарлама тұтастай алғанда Сингапур мемлекеттік секторымен өзара іс-қимыл жасайтын агенттердің үш негізгі тобы – азаматтарды, бизнес пен шетел құрылымдарын белсенді қатыстыруды болжайды.

Дамыған елдердің (атап айтқанда, АҚШ және Сингапур) электрондық үкіметті қалыптастыру жөніндегі қарастырылып отырған негізгі әдістемелік тәсілдері мен практикалық тәжірибесі барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары тарапынан қолдау және электрондық бизнес субъектілерінің бұл жобаларды іске асыруға мүдделігі болған жағдайда электрондық үкіметті табысты түрде құруға болатыны туралы тұжырымды растайды.

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді.

Алайда, қазірдің өзінде өз бағдарламаларын іске асырған батыс елдерінің тәжірибесін зерделеу Қазақстанның сол бағытта алға жылжуына маңызды әсер етеді.

9.3 Мемлекеттік секторда бұлттық есептеулерді қолдану

Бұлттық технологияларды қолданудағы тәжірибе онша көп жинақталмағанымен оларды ойдағыдай іске асыру мысалдары жеткілікті.

Бұлттық есептеулер саласындағы мемлекеттік бастамалар ішінде АҚШ үкіметінің стратегиясы – барынша ауқымды және өршіл.

Барак Обама әкімшілігі түбегейлі IT-реформаны бастап кетті, оның мақсаты шығындарды азайту, мемлекеттік ІТ-шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру болып табылады, ал федеральдық бұлттық стратегия – оны іске асырудың мейлінше маңызды құраларының бірі.

Бұлттық технологиялар бойынша 2009 жылғы қыркүйекте Apps.gov мемлекеттік секторы үшін SaaS-қосымшалар сервисі ұсынылған Әкімшілік мәселелер мен бюджет жөніндегі басқармада федеральдық CIO (Chief Information Officer – ақпараттық технологиялар директоры) Вивек Кундра бастама білдірді. Алайда, бұлттық есептеулер желісі бойынша мейілінше ширақ әрекеттерді федеральды СІО 2010 жылдың аяғында 2011 жылдың басында жасай бастады. Бұлттық есептеулер - мемлекеттік ІТ-шығыстардың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған реформалардың барынша ауқымды бағдарламалардағы бір ғана элемент екенін атап кету керек.

ІТ-реформасы бағдарламасының мейілінше толық түрі 2010жылғы желтоқсанда жарияланған, «Федеральдық ақпараттық технологияларды басқару реформасын іске асыру жоспарының 25 тармақ» (25 Point Implementation Plan to Reform Federal Information Technology Management — бұдан әрі «25 тармақ») деп аталатын құжатта баяндалған.

«25 тармақтың» негізгі элементтерінің бірі – «Бұлт бірінші кезекте» (Cloud First policy) саясаты, оған сәйкес мемлекеттік мекемелер жаңа ІТ-жобаларды іске асыру кезінде «баға қатынасында қауіпсіз, сенімді және тиімді ұсыныстар болған кез келген жағдайларда» бұлттық шешімдерді сөзсіз пайдалануы тиіс. Қойылған міндеттерді іске асыру үшін Жалпы мақсаттағы қызметтер басқармасы (General Services Administration, GSA) 12 вендормен келісім жасасады, оларға мемлекетке IaaS (Infrastructure as a Service - «инфрақұрылым сервис ретінде»): деректерді сақтау, виртуалды машиналарды жалға беру және хостинг сыныбы шешімін ұсыну құқығы беріледі.

Басқарма - Мемлекеттік атқару және билік жүргізу органдарының құрамындағы әкімшілік бөлімше; Кәсіпорынның, ұйымның қызметіне алқа түрінде басшылық жасайтын, белгілі бір мерзімге сайланатын орган. Оны әдетте, ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы сайлаған төраға басқарады; Ұжым басшысы.

Бұлтты жеткізушілердің ұсыныстары мемлекеттік мекемелердің талаптарына қаншалықты сәйкес келетінін бағалау үшін тәуекелдерді және авторландыруды басқарудың федеральды бағдарламасына (Federal Risk and Authorization Management Programme) бастама білдірілді. Бұл бағдарлама мемлекеттегі бұлтты шешімдерді өрістетудің мерзімдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді: егер кейбір бұлтты вендор федеральды мемлекеттік мекемеден авторландыру алса, онда басқа мемлекеттік мекеме қатерлер мен авторландыруды бағалаудың барлық рәсімін басынан бастап жүргізуге тура келеді.





Бұлтты есептеулер

Қолда бар жүйелер

Тиімділігі

Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру (серверлік қуаттарды пайдалану > 60-70%)

Ресурстарды пайдалану тиімділігінің төмендігі (әдетте, серверлік қуаттарды пайдалану, < 30%)

Ресурстарды пайдалануды агрегирлеу және жүйелерді жеделдетіп шоғырландыру

Жүйені аракідік пайдалану және бір бірін қайталау

Қосымшаларды әзірлеу мен басқару кезінде, желілік ресурстарды пайдалануда және түпкілікті пайдалану деңгейінде өнімділікті арттыру

Басқарылуы қиын жүйелер

Шұғылдық

Сенімгер жеткізушілерден «қызмет ретінде» бір-бір модел сатып алу

Дата-орталықтарда жаңа сервистер құруға елеулі уақыт жұмсалатыны (жылдар)

Жұмыс істеп тұрған ресурстар көлемін қас-қағым сәтте көбейту және азайту мүмкіндігі

Қолда бар сервистердің қуаттылығын ұлғайту үшін айлар қажет болады

Пайдаланушының жедел сұрауларына барынша шұғыл жауап беру

Инновациялар

Ресурстарды иеленуден сервисті басқару бағытын қайта ауыстыру

Меншікті ресурстарды иелену ауыртпалығы

Жария сектор инновациясы

Жеке сектордың инновациялық тетіктен аластауы

Кәсіпкерлік мәдениетті ынталандыру

Қатерге қырғи-қабақ мәдениеті
1   2   3

  • 4. Заң жобасының реттеу нысанасы
  • 5. Заң жобасының құрылымы
  • 1-тарау. Жалпы ережелер
  • 2-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік басқару
  • 3-тарау. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясат
  • 4-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқықтары мен міндеттері және оларды іске асыру тәртібі
  • 2-бөлім. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым 5-тарау. Электрондық ақпараттық ресурстар
  • 6-тарау. Ақпараттық жүйелер, ақпараттық технологиялар және оларды қамтамасыз ету құралдары
  • 7-тарау, «Электрондық үкімет» және «электрондық әкімдік»
  • 8-тарау. Электрондық қызмет көрсетулер
  • 9-тарау. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • 3-бөлім. Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеу 10-тарау. Ақпараттандыру саласындағы тіркеу, реттеу және бақылау
  • 11-тарау. Ақпараттандыру саласындағы дамытуды мемлекеттік қолдау
  • 12-тарау. Ақпараттандыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
  • 13-тарау. Қорытынды ережелер
  • 6. Заң жобасы қабыланған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар
  • 7. Басқа да заңнамалық актілерді әзірленіп отырған заң жобасымен бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттігі
  • 8. Заң жобасы мәнінің өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі
  • 9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы 9.1. Ақпараттандыру саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу
  • 9.2 Электрондық үкіметті дамыту (e-government)
  • 9.3 Мемлекеттік секторда бұлттық есептеулерді қолдану
  • Бұлтты есептеулер Қолда бар жүйелер Тиімділігі

  • жүктеу 353.02 Kb.