Главная страница
Контакты

    Басты бет


Алгоритм және оның қасиеттері

жүктеу 1.45 Mb.



жүктеу 1.45 Mb.
бет3/11
Дата20.03.2017
өлшемі1.45 Mb.

Алгоритм және оның қасиеттері


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Математикалық модельдер
Зерттелетін объект немесе процесс олардың сандық параметрлерін байланыстыратын формула түрінде берілетін жағдайлар жиі кездеседі. Бұған мына төмендегі формулаларды жатқызуға болады:

  • дененің геометриялық параметрлерін сипаттайтын формулалар;

  • физикалық процестерді сипаттайтын формулалар;

  • химиялық формулалар;

  • тауардың бағасын есептеп шығаруға арналған тұрмыстық формулалар т.с.с.

Математикалық модель деп- объектіні немесе процесті олардың сандық параметрлерімен байланыстыратын математикалық формуламен ипаттауды айтамыз.

Математикалық модельдерді жазуда әр түрлі ғылымдарда қабылданған түрлі таңбалау жүйелері пайдаланылады.

Математикалық модельді жасақтау көптеген есептерді компьютерде шығаруда маңызды рөл атқарады.

Математикалық модель адамның шығармашылық жұмысының өнімі болып табылады. Компьютер ойша жасалған модельді жаңа сапалық деңгейде таңбалық пішінге аударады.

Математикалық модельдің мысалы ретінде дененің түзу сызықты орын алмастыру формуласын алуға болады:
Vxt

мұнда, х- ағымдағы координата, х0- бастапқы координата, vx- бастапқы жылдамдықтың х осіне проекциясы, aх- үдеудің х осіне проекциясы, t- уақыт.

Сызықтау (Штриховка) - тетіктерді немесе ер түрлі материалдарды (металл, ағаш, бетон, т.б.) жазықтықпен ойша қиғанда қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі (қимасы) шартты түрде сызықталып көрсетіледі. Сызықтау 45°-қа тең бүрышпен көлбейтін және арақашықтығы 2-2,5 мм болатын, ал жуандығы шамамен S/3-ке тең сызықтармен жүргізіледі.
ДЕҢГЕЙ (Уровень; layer, level) - абстракциялы дерексіздік дәреже; иерархиялық құрылым қабаты; осы желімен орындалатын белгілі бір мәселелер кешенін сипаттайтын есептеуіш желі қүрылымының логикалық қабаты,
Алмастыру - белгілі бір n элементті қандай да бір ретте (тәртіпте) қайталамай орналастыру. Берілген n элементтен барлығы әр түрлі n! = 1*2...n Алмастыруы жасалады. Алмастыруға байланысты көптеген есептер ауыстыру терминдері арқылы тұжырымдалады.
Проекция (лат. projectio - алға лақтыру) - бұйымның бетке, көбінесе жазықтыққа белгілі бір әдіспен тұрғызылған кескіні.

Құбылысты сипаттау үшін оның ең маңызды қасиеттерін, заңдылықтарын, ішкі байланыстарын оның кейбір жеке сипаттамаларын бөліп көрсетіп, маңызды еместерін ескермеуге болады. Құбылыстың метематикалық моделін жасақтауда осы айтылғандарды ескеру қажет.

Метематикалық модельді ең ұтымды түрде есептеу эксперименті деп аталатын алгориттмдік модель түрінде компьютерде жүзеге асыруға болады.

Әрине есептеу экспериментінің нәтижесі егер модельде шындықтың маңызды жақтары ескерілмеген болса шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін.

Сонымен, есепті шешу үшін метематикалық моделін жасақтауда модель құра отырып, мыналарды ескеруіміз керек:



  • метематикалық модель құруда негізге алынатын болжамды бөліп көрсету;

  • алғашқы деректер және нәтижелер деп неніесептеу керектігін анықтау;

  • нәтижелерді алғашқы деректермен байланыстыратын метематикалық қатысты жазу.

Математикалық модельді құруда алғашқы деректер арқылы іздеп отырған шаманы өрнектейтін формуланы табу барлық уақытта мүмкін бола бермейді. Мұндай жағдайда белгілі бір немесе басқа дәрежелі дәлдікпен жауап беруге мүмкіндік беретін математикалық әдістер пайдаланады.

Ғылыми есептерді шығарғанда мүмкіндігінше шындыққа жақын келетін математикалық модель құру керек болады.

Әдіс , метод (гр. 'μέθοδος',methodes зерттеу не тану жолы, бір нәрсеге жетудің жолы) - көздеген мақсатқа жетудің тәсілі, тәртіпке келтірген қызмет жүйесі. Әдіс философияда зерттелетін нәрсенің ойша нұсқасын жасау үшін қажетті таным құралы болып табылады.
Дәлдік (Точность; precision) - жылжымалы нүктелі санның машинальгқ түрінің разрядтылық сипаттамасы; Дәлдік (Точность) - процестің, бұйымның және заттың қарастырылған параметрлерінің ақиқат мендерінің олардың теориялық номиналдық мәндеріне жақындық дәрежесі.
Математикалық модель (Математическая модель; matemathical simulation) - объектінің қызметі мен құрылымын сипаттайтын математикалық тәуелділіктер жүйесі, яғни математикалық формулалар мен тендеулер арқылы өрнектелетін объектілердің математикалық сипаттамалары.
Мұндай модель бойынша дәл есептеулер емес жуықтап есептеулер жасалады, бірақ осының арқасында басқа жолдармен алуға болмайтын деректерді алуға болады. Есеп математикалық модельге келтірілгеннен кейін оны шығарудың алгоритмін құруға болады. Алгоритмнің дайын болуының белгілі бір кезеңінде программалау басталады.

Есепті компьютерде шығаруға даярлауды мынадай схемамен беруге болады.

Өмірде күрделі есептерді шығаруда үлкен ұжымдар жұмыс істейді.

Есептің бірінші формальды түсінігін сол есеп пайда болған саланың маманы даярлайды.

Маман - ұйымның инженерлік-техникалық, экономикалық және басқа да жұмыстарымен айналысатын қызметкері. Маман, әдетте, жоғары немесе арнаулы орта білімді болады. Атап айтқанда, агроном, бухгалтер, геолог, инженер, математик, механик, техник, физиолог, суретші, экономист, энергетик, мұғалім, дәрігер, т.б.
Математикалық модельді басқа адамдар жасай алады, ал ондағы пайдаланылатын алгоритмдерді үшінші бір адамдар жасайды.

Ең соңында программалауды тағы бір мамандар тобы іс жүзіне асыра алады. Осылайша, есеп үлкен ұжымның бірлескен еңбегінің арқасында шығарылатын жағдайлар жиі кездеседі.



Программаны жасақтаудың негізгі кезеңдері

Программаны жасақтаудың процесін мынадай формуламен өрнектеуге болады:



Программаны жасақтау→даярлау тексеру және жөндеу.

Жаңадан ғана жасалған программа қателіктің болуы-бұл қалыпты және заңды құбылыс.

Мән және құбылыс - дүниедегі объектілер мен процестердің қажетті жақтарын, танымның сатыларын бейнелейтін философиялық категориялар.
Іс-жүзінде нақты және жеткілікті дәрежеде күрделі програманы қателіксіз құру мүмкін емес.

Программаны компьютердің қабылдауына және оның нәтижесін беруіне қарап оны дұрыс құрылған деген қорытынды жасауға болмайды. Өйткені берілген жағдайда дұрыс болмаса да қандай да бір нәтиже алуға қолымыз жетті. Осының өзінде программада көптеген логикалық қателіктердің болуы мүмкін. Кеткен қателіктерді анықтау үшін программаны компьютерге ендіріп, іске қосқанға дейін былай тексереміз.

Программа мәтінін «қолмен» қарап шығу, тексеру және айналдыру арқылы тексеруге болады.



Программа мәтінін қарап шығу. Программа мәтінін жазуда кеткен қателіктерді және программаның алгоритмнен алшақтығын анықтау үшін қарап шығады. Атап айтқанда итерация санын беуші операторлардың дұрыстығына көз жеткізу үшін барлық циклдердің ұйымдастырылуын қарап шығу өте маңызды. Шартты операторлардағы шарттарды, бағыныңқы программаларға қатынас жасаудағы аргументтерді тексеріп шығу пайдалы.

Программаны тексеру. Программалаушы программаны тексергенде оның мәтіні бойынша программа анықтайтын есептелу процесін ойша қалпына келтіруге тырысады, осыдан кейін оны талап етілетін процеспен салыстырады.

Тексеру кезінде программаның не істейтіндігін ұмыту және ол туралы тексерру барысында білу керек. Тек программаны тексеру аяқталғаннан кейін ғана оның не істейтіндігін еске түсіруге және программаның нақты әрекетін талап етілетін әрекеттермен салыстыруға болады.



Программаны айналдыру. Айналдырудың мәні программаның компьютерде орындалуын программалаушының ойша орындауы болып табылады.

Айналдыруды орындау үшін кейбір алғашқы деректерді беріп және олармен қажетті есептеулерді жүргізу қажет.

Айналдыру- бұл еңбекті көп талап ететін қиын процесс, сондықтан оны тек программаның логикалық күрделі бөліктеріне қолданған жөн.

Алғашқы деректерді программаны айналдыру кезінде программа-ның зерттелетін көптеген тармақтары қамтылатындай етіп таңдап алу керек.



Программаны жөндеу және тестілеу
Программаны жөндеу (debugging- жөндеу ағылшын сөзі сөзбе- сөз аударғанда қоңыздарды аулау деген мағына береді.) дегеніміз программаны компьютерден өткізудің нәтижесі бойынша ондағы қателіктерді іздну және жою процесі.

Тестілеу (test ағылшын сөзі сынау деген мағына береді) дегеніміз программаның немесе оның жеке бөліктерінің дұрыс жұмыс істейтіндігін сынау, тексеру.

Жөндеу және тестілеу бұлар бірінен бірі айқын ажыратылған және біріне- бірі ұқсамайтын екі кезең:



  • жөндеу кезінде синтаксистік қателіктердің және кодтаудың айқын қателіктерін төңіректеу және жою орындалады.

  • тестілеу процесі кезінде айқын қателіктері жоқ программаның жұмыс істеу қабілеттілігі тексеріледі.

Тестілеу қателіктің бар екендігін тағайындайды, ал жөндеу программаның дұрыс жұмыс істемеу себептерін анықтайды.

Қазіргі заманғы программалау жөндеу жұмысы жөндеуші деп аталатын арнай программалық құралды пайдалану жолыменр жүзеге асырылады. Бұл құралдар программаның ішкі жұмысын знрттеуге мүмкіндік береді.

Жөндеу программасы әдетте мына төмендегідей мүмкіндіктер береді:


  • әрбір командадан соң, тоқтай отырып, программаны қадамдап орындау;
    Әдет- адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. “Ауру қалса да әдет қалмайды” деу, әдеттің тұрақты қажеттілікке айналғанын көрсетеді. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады.


  • кез-келген айнымалының ағымдағы мәнәі қарау немесе кез-келген өрнектің, оның ішінде стандартты функцияларды пайдаланып мәнін табу қажеттілігіне қарай айнымалының жаңа мәнін пайдаланып орындау;

  • программада «тексеру нұктелерін» орнату, яғни аралық нәтижелерді бағалау үшін программа уақытша өз жұмысын тоқтататын нүктелерді тағайындау т.б.

Программаны жөндеуде мыналарды есте сақтау маңызды;
Аралық (лат. intervallum) - Cаптағы, ұрыс алдындағы, ұрыстық және жорықтық реттегі әскери қызметшілердің, қарулардың, машиналардың, ұшу апараттарының, кемелердің, сондай-ақ бөлімшелер мен бөлімдердің арасындағы майданшеп бойынша қашықтық; Көршілес қарулар снарядтарының көрші түсу нүктелері арасындағы майданшеп бойынша кашықтық; Зениттік басқарылатын ракеталарды жіберу, сондай-ақ торпедалар жіберу кезіндегі аралық үзіліс; Бірінен кейін бірі ұшқан ұшақтардың (тікұшақтардың) бір шектен не бір нүктеден кезектесе ұшып өтуге тиіс кауіпсіз уақыт аралығы.
Есте сақтау - жадында түту. Ес үрдістерінің бірі, жаңадан түсіп жатқан ақпаратты жадыға енгізуді белгілейді. Есте сақтау динамикасын психодиагностикалау әдістемесі - адамның есте сақтауының динамикалық сипаттарын анықтауға көмектесетін психодиагностикалық әдістемелер, көбіне бұл әдістемелер адам қаншалықты тез есте сақтайтынын және ақпаратты өндеуін анықтайды.


  • жөндеу процесінің басында қарапайым тестілік деректерді пайдалану;

  • пайда болатын қиындықтарды айқын ажыратып және қатаң түрде кезегімен жою;

  • қателіктің есебі компьютерде деп есептемеу керек.

Тест дегеніміз-алғашқы деректердің кейбір жиыны және осы деректерге сәйкес келетін программа жұмысы кезінде алынуға тиісіті барлық нәтижелерінің дәл сипаттамасы.

Программа қаншалықты өте мұқият жөнделсе де оның жұмысқа жарамдылығын тағайындаудың шешуші кезеңі программаның тестер жүйесінде тікелей орындалуын тексеру болып табылады.

Егер программа таңдалынып алынған тестілік деректер жүйесінен өткенде барлық жағдайда дұрыс нәтижелер беретін болса, онда программаны шартты түрде дұрыс деп есептеуге болады.

Тестілеу тәсілін жүзеге асыру үшін тестердің эталондық нәтижелері алдын-ала даярланған немесе белгілі болуы тиіс.

Эталондық нәтижелерді прогрмманың компьютерде орындалу нәтижесін алғаннан кейін емес, керісінше алғанға дейін есептеп шығарып қою керек.

Тестілік деректер қателіктердің пайда болуының барлық мүмкін болатын шарттарын тексеруді қамтамасыз ететін болуы тиіс, атап айтқанда:



  • алгоритмнің әрбір тармағының сыннан өтуі;

  • кезектегі тестіден өткізу алдыңғы өткізудегі тексерілмегендердің тексерілуі;

  • программаның жалпы жұмыс істейтіндігін тексеру үшін бірінші тестің мүмкіндігінше қарапайым болуы;

  • есептеу көлемін қысқарту үшін тестідегі арифметикалық операциялардың шегіне дейін ықшамдалуы;
    Арифметика (грек. arіthmētіkē, arіthmos – сан) - сандар (бүтін және бөлшек) және оларға қолданылатын амалдар туралы ғылым (грекше arіthmetіke, arіthmos – сан).


  • тізбектер элементі санының, итерациялық есептеулер үшін алынған дәлдіктің, тестілік мысалдар цикліндегі интерация санының есептеулер көлемін қысқарту тұрғысынан берілуі;

  • есептеулерді азайтудың тексеру сенімділігін төмендетпеуі;

  • тестілік деректер жиынын кездейсоқ таңдау күткен нәтижелерді қолмен орындау тәсілімен анықтауда қиындықтарға алып келетіндіктен және көптеген жағдайлар тексерілмей қалатындықтан тестілеудің белгілі мақсатқа бағытталған және жүйеленген болуы;
    Бағыттау (орыс. наведение) - күштерге (сүңгуір қайықтарға, авиациялык ұшу аппараттарына) немесе қаруға (ракеталарға) козғалыс параметрлері (бағыт, жылдамдық, биіктік жөне т.б.) арқылы берілетін басқару тәсілі.


  • тестілік деректерді күрделендіруде түсідің біртіндеп жүргізілуі.

Тестілеу процесінің кезеңдері
Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады.

1.Қалыпты жағдайда тексеру. Программалардың жұмыс істеуінің нақты жағдайына тән алғашқы деректер негізінде тестілеу болжанады.

2.Экстремальды жағдайда тексеру. Бұл жерде тестілік деректер дегеніміз алғашқы деректер жиынының шекаралық мәндері. Бұл жиын программа дұрыс жұмыс істеуге тиісті алғашқы деректерден тұрады. Өте кіші немесе өте үлкен сандар және деректердің болмауы мұндай деректердің типтік мысалдары болып табылады.

Барлық программалар қандайда бір шектеулі алғашқы деректер жиынын өңдеуде есептеліп жасақталатындығы белгілі. Сондықтан мына төмендегі сұрақтарға жауап алу маңызды:



    1. Айнымалының теріс және нолдік мәндерін өңдеуге арналмаған программаға қандай да бір кеткен қателіктің себептерінен дәл сол мәндерді өңдеуге тура келсе не болар еді?

    2. Егер массив элементтері оны хабарлауда көрсетілген саннан асып кетсе, онда массивтермен жұмыс істеп жатқан программа өзін қалай ұстар еді?

    3. Егер өңделіп жатқан сан өте кіші немесе өте үлкен болса, онда не болар еді?

Программа дұрыс емес деректерді дұрыс деректер ретінде қабылдап, дұрыс нәтижеге ұқсас, бірақ дұрыс емес нәтиже беретін жағдайлар ең жаман жағдайлар болып есептеледі.

Программа өзі дұрыс өңдей алмайтын кез келген деректерді теріске шығаратын болу тиіс.



Программалауда кездесетін қателіктер
Компьютерде есеп шығарудың барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, есептің қойылуына бастап, оның құжаттарын даярлағанға дейін қателіктің кетуі мүмкін.

Мысалы есенптің дұрыс қойылмауы, есепті шығару үшін құрылған алгоритмнің дұрыс болмауы, лолгикалық қателіктер кететін жағдайларды дұрыс есенпке алмау, семантикалық және синтаксистік қателер, операцияларды орындау кезінде кететін қателіктер, деректерді беруде жіберілетін қателіктер, ендіру-шығару кезінде кететін қателіктер.

Семантикалану ( орыс. семантизация, гр. ,σημαντικός - танбалаушы) - тіл бірлігі (единица) мағынасының айқындалуы, тіл бірлігінің мазмұны жайында қажетті мәліметтер беретін процесс пен нәтиже. Мысалы, лексикалық Семантикалану - мәтіндегі тіл брліктерінің мағынасын ашу арқылы анықталады.

Әдетте синтаксистік қателіктер трансляциялау кезінде байқалады. Көптеген басқа да қателіктерді программалаушының не ойлағандығын білмегендіктен транслятор таба алмайды.

Сондықтан компьютердің синткасистік қателіктер туралы хабарының жоқ болуы программаның дұрыстығының жеткілікті щарты болып табылмайды.

Синтаксистік қателіктердің мысалдары:


  • тыныс белгілерінің қалып кетуі;

  • жақшалардың сәйкес келмеуі;

  • оператордың дұрыс жазылмауы;

  • қызметші сөздің дұрыс жазылмауы;

  • айнымалы атының дұрыс жазылмауы;

  • цуиклдің аяқталу шартының жоқ болуы;

  • массив сипаттамасының жоқ болуы т.с.с.


Транслятор таба алмайтын қателіктер
Программада пайдаланылатын операторлар дұрыс жазылғанымен транслятор таба алмайтын көптеген қателіктер болады.

Осындай қателіктердің мысалдарын келтірейік.



Логикалық қателіктер:

  • кейбір шартты тексергенмен кейін алгоритмнің қай тармағын орындауға өтуді дұрыс көрсетпеу;

  • мүмкін болатын шарттарды толық есептемеу;

  • программада алгоритм блоктарын орындау үшін қажет болатын бір немесе бірнеше щамаларды қалдырып кету.

Циклдерде кездесетін қателіктер:

  • циклдің басын дұрыс көрсетпеу;

  • циклдің аяқталу шарттарын дұрыс көрсетпеу;

  • итерация санын дұрыс көрсетпеу;

  • шексіз цикл.

Ендіру-шығару қателіктері; деректермен жұмыс істеудегі қателіктер:

Айнымалыларды пайдалануда кететін қателіктер:

  • айнымалыларды олардың бастапқы мәндерін көрсетпей пайдалану;

  • бір айнымалыны басқа айнымалының орнына қате көрсету.

Массивтермен жұмыс істеуде кететін қателіктер:

  • алдын ала нолге келтірілмеген массивтер;

  • дұрыс сипатталмаған массивтер;

  • индекстерінің берілу реттілігі дұрыс емес массивтер.

Арифметикалық операцияларды орындауда кететін қателіктер:

  • айнымалының түрінр дұрыс көрсетпеу (мысалы, нақты айнымалының орнына бүтін айнымалыны көрсету);

  • әрекеттер ретін дұрыс анықтамау;

  • нөлге бөлу;

  • теріс санның квадрат түбірін табу;

  • санның мәнді разрядын жоғалту.

Осы қателіктердің бәрін тестілеудің көмегімен табуға болады.



Программалау жүйесі
Программалау жүйесі компьютердің программалық қамсыздандыруының құрамына жатады және ол программаларды жасау және оларды жөндеу жұмыстарын автоматтандыруды қамтамасыз ететін құралдардың жиыны болып табылады. Программалау жүйесінің құрамы мына төмендегі схемада бейнеленген:

Программалау процесі үш кезеңге бөлінеді:



  • есепті шешудің алгоритмін құру;

  • программа құру;

  • жасалған программаны тексеру.

Екінші кезеңдегі, яғни программа қрудағы қиындық адамның тек машина тілінде ғана программа жасауына байланысты болады. Компьютерді пайдаланудың алғашқы жылдарында әрқайсының әр түрлі компьютерлердің пайда болуы бұл қиындықты тереңдетіп жібереді. Сондықтан нәтижесінде бір компьютерге арнап жасаған программаны басқа компьютерге пайдалануға болмайтын болды. Бұл бір алгоритмнің өзін әр түрлі компьютерлерде орындау үшін әрқайсына жеке-жеке программа құруға мәжбүр етіпижұмысты қиындатып жіберді.

Әрбір компьютер үшін жасалған программаның дұрыс және ұтымды жасалғандығын тексеру қажет. Қателік кеткендігі және басқа да кемістіктері бар екендігі анықталса, онда ол программаға түзетулер мен өзгерістер ендіріледі. Программалаудың осы аталған кезеңдерінің арнайы ерекшеліктері және қиыншылықтары бар.

Барлық осы аталған қиыншылықтар программалар жасаудағы атқарылатын жұмыстарды мейлінше ықшамдап қысқарту мәселесін күн тәртібіне қояды. Бұл мәселені шешу программалау процесін автоматттандыруды, яғни компьютердің өзін программалар жасауға немесе программалауға байланысты таза техникалық жұмыстар атқаруға пайдалануды талап етеді. Автоматтандыру программа жасаушы мамандардың жұмысын жеңілдетуді, оны жасауда кететін қателіктердің санын азайтуды, ең соңында есептің қойылуынан бастап нәтиже алғанға дейін кететін уақытты қысқартуды көздейді. Программалауды автоматттандырудың ең көп тараған негізгі тәсілдеріне мыналар жатады:


  • қолмен программалауды жеке жұмыстарын автоматтандыру тәсілдері;

  • бағыныңқы программалар кітапханасын құру;

  • программалаудың әр түрлі тілдерін пайдалану.

Қолмен программалаудың жеке жұмыстарын автоматтандыру тәсілдері. Қолмен программалаудағы жұмыстарды автоматтандыруда жұмыс программаларын түзетуді негізгі назарда ұстау керек.

Қазіргі кезде программаның дұрыстығын тексеру үшін жоғарыда айтқандай тест тәсілі кеңінен қолданылады. Тест тәсілі бойынша жауаптарды алдын ала белгілі есептердің бірнеше нұсқасы компьютерде құрылған программаны пайдаланып шығарылады. Алынған нәтижелер алдын ала белгілі жауаптармен салыстырылады. Ол жауаптар біріне – бірі сәйкес келмесе, онда программада қателіка кеткен болып шығады.

Программаны жөндеу процесі бірнеше әмбебеп жөндеуші программаларды жасау және компьютердің өзін пайдалану арқылы автоматтандырылады. Бұл программалар командалардың қалай орындалып жатқандығы туралы информацияны баспаға бере отырып жөнделіп жатқан программаның кез келген бөлігінің жұмысын қадағалап бақылауға мүмкіндік береді. Программаны автоматты түрде жөндеуде программалаушыны қызықтыратын барлық информация құжатқа жазылады, соның арқасында ол компьютерді пайдаланбай-ақ есептің компьютерде шншілу процесінің дұрыстығын бақылай алады.

Бақылау - зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс.
Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.


Программалау тілдері
Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады.

Жалпы жағдайда тіл деп информацияның жазылыуын және оның түрленуін белгілі ережелер бойынша формальдыетіп беруші құралдарды түсінеміз.

Тілдің құрамында информацияның негізгі элементтерін құрудың құралдары және осы элементтерден әр түрлі мазмұнды құрылымдар құруға арналған ережелер жүйесі бар.

Ереже - дәстүрлі халық құқығының қайнар көзі, нормативтік-құқықтық қағидалар. Ежелгі дәуірде және орта ғасырларда жөн-жосық, ата-баба жолы деп аталған. Ережелер сырт пішімі жағынан мақал-мәтелге, қанатты сөзге ұқсас болғанымен, нақтылығымен, дәйектілігімен ерекшеленеді.
Құрылымдар, конструкциялар (лат. constructіo - құрастыру, жасау), техникада - машина мен ғимараттардың немесе тораптар құрылысы мен жұмысының сұлбасы, сондай-ақ, машинаның, ғимараттың, тораптың өзі және олардың бөлшектері.


Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді байланыстыратын формальды тілді айтамыз.

Програмалаудың әр түрлі тілдерін пайдалану.

Әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болатын бірнеше жүздеген программалау тілдері бар. Ең жалпысы тілдің машинаға жақындық дәрежесі бойынша жіктеу болып табылады.

Жіктеу (Классификация; classification) - объектілерді (заттарды, құбылыстарды, процестерді, мәліметтерді) нақты бір белгілеріне сәйкес, топтама бойынша үлестіру жүйесі.
Осы белгісі бойынша программалау тілдері екі үлкен топқа бөлінеді:



  • машинаға тәуелді тілдер;

  • машинаға тәуелсіз тілдер;

Машинаға тәуелді тілдер өз кезегінде былай бөлінеді:

Машинаға бағдарланған тілдер кейде автокодтар деп те аталады. Машинаға бағдарланған тілдердің екі деңгейі бар:

  • символдық кодтау тілдері, басқаша айтқанда мнемокодтар;
    Кодтау (кодирование; coding; кодировать; encode) - мәліметтерді олардың алдын ала тағайындадған кодтық комбинацияларымен бейнелеу немесе мәліметтер элементін (символдар жиынын) олардың кодтық комбинацияларымен сәйкес келтіру; программалау процесі; 2) ақпараттың 8 биттік (байттық) кодтауын 7 биттік кодтауға түрлендіру.


  • макротілдер.

Макротілдер машина тілінің командаларына тікелей ұқсастығы жоқ макрокомандаларды пайдалануға рұхсат етеді. Макрокомандаларды пайдалану программаны қысқартады әрі тілді жасау құралдарының жиынын кеңейте отырып программалаушының еңбегінің өнімділігін арттырады.

Машинаға тәуелсіз тілдер программаларды бөлшектеу дәрежесіне қарай екі топқа бөлінеді:

  • процедулалы- бағдарланған тілдер;

  • проблемалы – бағдарланған тілдер.

Процедулалы – бағдарланған тілдер есепті шешу алгоритмін сипаттауға арналған, сондықтан да оларды кейде алгоритмдік тілдер деп те атайды. Алгоритмдік тіл деген ұғым программалау тілі деген ұғыммен сәйкес елмейді. Егер алгоритмдік тілде жазылған алгоритмдік жазу компьютерге ендіруге тікелей жарамды және дайын жұмысшы программаға түрленетін болса, онда мұндай алгоритмдік тіл программалау тілі де бола алады. Кейбір алгоритмдік тілдер тек оларға кейбір құралдарды қосқаннан кейін ғана программалау тілі болады.

Проблемалы – бағдарланған тілдер есептерді сипаттау үшін қызмет атқарады.

Бірақ алгоритмдік тілдер өздігінен барлық проблеманы, тіптен программаны да шеше алмайды. Мұндай тілде жазылған программа компьютерде тікелей орындалмайды, ол орындалу үшін алдын ала сол компьютердің машина тіліне аудару жеткілікті қиын мәселе болып табылады.

Алгоритмдік тілден программаны машина тіліне аудару жұмысын компьютердің әмбебаптығын пайдаланып, оның өзіне жүктеуге болады. Бұл үшін әрбір алгоритмдік тілден машина тіліне формальды аударуға яғни аударудың ережесін алгоритм түрінде тұжырымдауға мүмкіндік беретіндей болуы керек. Егер, осы алгоритмді бір рет машиналық программа түріне келтіріп алсақ, онда одан кейін осы программаның көмегімен компьютердің өзі берілген алгоритмдік тілде жазылған кез келген программаны нақтылы компьютердің машина тіліне аударып бере алады. Мұндай арнайы аудармашы-программа жоғарыда айтқанымыздай транслятор деп аталады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

  • Математикалық модель деп
  • Программаны жасақтаудың негізгі кезеңдері
  • Программа мәтінін қарап шығу.
  • Программаны жөндеу және тестілеу Программаны жөндеу
  • Тестілеу
  • Тестілеу процесінің кезеңдері Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады. 1. Қалыпты жағдайда тексеру.
  • Экстремальды жағдайда тексеру.
  • Программалауда кездесетін қателіктер
  • Транслятор таба алмайтын қателіктер
  • Циклдерде кездесетін қателіктер
  • Ендіру-шығару қателіктері; деректермен жұмыс істеудегі қателіктер
  • Айнымалыларды пайдалануда кететін қателіктер
  • Массивтермен жұмыс істеуде кететін қателіктер
  • Арифметикалық операцияларды орындауда кететін қателіктер
  • Қолмен программалаудың жеке жұмыстарын автоматтандыру тәсілдері.
  • Программалау тілдері Программаларды жасауда қазіргі заманғы компьютерлерде әр түрлі деңгейдегі программалау тілдері пайдаланылады. Жалпы жағдайда тіл
  • Програмалаудың әр түрлі тілдерін пайдалану.
  • Машинаға тәуелсіз тілдер
  • Проблемалы – бағдарланған тілдер

  • жүктеу 1.45 Mb.